Жаһандану процесінің Қазақстанға жағымды әсері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

\\10.24.29.221\Desktops\Ibrayeva_a.hbsh\Desktop\44618_html_m5bd2ed93.jpg

Нұр-Сұлтан қаласы

физика-математика бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Қазіргі әлемдегі Қазақстан

Курстық жұмыс

Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты: ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ

Тақырып: «ЖАҺАНДАНУ ПРОЦЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА ЫҚПАЛЫ»

(2500 сөз)

Орындаған: 12 «Ф» сыныбының оқушысы

Кан Алина

(аты-жөні, қолы)

Жетекші: Суйесинов Н. А.

(аты-жөні, қолы)

Ішкі модератор:

(аты-жөні, қолы)

Нүр-Сұлтан 2020

Мазмұны

КІРІСПЕ2

НЕГІЗГІ БӨЛІМ3

2. 1. Зерттеу сұрақтары3

2. 1. 1. Жаһандану процесінің Қазақстанға жағымды әсері3

2. 1. 2. Жаһандану процесінің Қазақстанға жағымсыз әсері4

2. 1. 3. Зерттеу сұрақтарының нәтижесі4

2. 2. Жеке зерттеулер4

2. 2. 1. Зерттеу әдісі4

2. 2. 2 Сауалнама5

2. 3. Зерттеулерінің нәтижелері9

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда, жаһандық мәселелерді шешу үшін немесе тәжірибемен бөлісу үшін көптеген елдер біріктіріп, бір біріне көмектеседі. Осы процессімен байланысты жаһандану деген термині пайда болған. Қазақстанда да жаһандану процесі бар және ол бүкіл салаларға түрлі деңгейде мен бағытта әсер етеді. Жаһандану дегеніміз - ол жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық түгелдік құрылуының беталысы. 1 Жаһандану процесінің басты мақсаты - жалпыға ортақ бейбітшілік пен қауіпсіздікке қол жеткізу, бірақ осы процессімен бірге салдары көрініп тұр. Кейбір адамдар жаһандану идеясын қолдайды, ал басқа адамдар жаһандану процессінде тек кемшіліктер байқайды.

Жаһандану Қазақстанның экономикасы мен саясатына елеулі әсер етеді және осы ықпалы жағымды немесе жағымсыз болып табылады. Мәселенің өзектілігі ол оның күрделілігі және бір қорытындының болмауы. Артықшылықтар пен кемшіліктер бар, сондықтан бір қорытындыға келу қиын. Зерттеуімде барлық көзқарасын талдаймын және Қазақстанның прогрессі үшін жаһандану рөлін зерттеймін.

Зерттеу жұмысының басты мақсаты - жаһанданудың Қазақстанға ықпалын талдау, салдар туралы ақпаратты іздеу. Жағымды мен жағымсыз салдарын салыстырып, бір идеяға келу. Мақсаттарды жету үшін бірінші қадам - ол ақпаратты жинау, түрлі мақалаларды оқу. Екінші қадам - ол жеке зерттеу жүргізу және жаһандану туралы түрлі адамдардың ойларды білу, анализ жасау. Соңғы қадамы - ол мақалалардан мен жеке зерттеуден ақпаратты салыстырып, қорытындыға келу және оны сол ақпаратпен дәлелдеу.

Зерттеу жұмысының басты сұрақтары:

  • Жаһандану процесінің Қазақстанға зияны қандай?
  • Жаһандану процесі Қазақстан үшін неге тиімді?
  • Жаһандану процесімен байланысты қандай қауіп-қатерлер пайда болуға мүмкін?
  • Сыртқы экономикасына жаһандану қалай әсер етеді?

Бір идеясына келу үшін, түрлі ойларды жинау, статистика жасау қажет, сондықтан Қазақстанға әкелетін артықшылықтары мен зияндарын анықтау үшін сандық социологиялық зерттеулер әдісін қолдаймын. Әлеуметтік сұрау - ең тиімді әдісі, өйткені ол түрлі адамдардың көзқарасын білуге мүмкіндік беріледі. Түрлі көзқарасын жинап, анализ жасау оңайрақ болады, және нәтижелерін жас немесе жыныс бойынша бөлініп, дәл қорытындыға келуге болады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 2. 1. Зерттеу сұрақтары 2. 1. 1. Жаһандану процесінің Қазақстанға жағымды әсері

Жаһандану процесі Қазақстанның экономикасына және технологиялық прогрессіне әсер етеді. Басқа елдермен тауарлармен немесе тәжірибемен ауыстыру мүмкіндіктер бар және Қазақстан осы мүмкіндіктерді өз мақсаттарға жету үшін қолданылады.

Қазақстан үшін ең маңызды ол ақпараттық ағындарға, жаңа технологияларға еркін қол жеткізу, шектеусіз заманауи тәжірибе мен білім алу болып табылады. Бұл әсіресе аумақтың Батыс Еуропаның, АҚШ-тың, Шығыс Азияның негізгі ақпараттық, ғылыми, экономикалық орталықтарынан алыс орналасуы жағдайында өзекті. Жаһанданудың ақпараттық және технологиялық мүмкіндіктері республика халқына, Орталық Азияның басқа елдеріне әлемдегі негізгі даму үдерістерінен қалмауға мүмкіндік береді.

Концептуалды түрде жаһандану адамдардың экономикалық әл-ауқатының деңгейін арттыруға оң әсер етуі, қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етуі және адамдардың зияткерлік, әлеуметтік, мәдени дамуына ықпал етуі керек екендігі белгілі. Қазақстанның тұрақты дамуын нығайту үшін жаһанданудың өзекті элементтерінің бірі оның трансұлттық қылмысқа, әсіресе қоғам мен мемлекеттегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі рөлі мен мүмкіндіктері болып табылады. 2

Халықаралық экономиканың ашықтығы әл-ауқаттың, бейбітшіліктің, инновацияның, әртүрліліктің, мәдени алмасудың және қауіпсіздіктің жоғары деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. 3

2. 1. 2. Жаһандану процесінің Қазақстанға жағымсыз әсері

Жаһандану процесі Қазақстанның мәдени мен рухани деңгейіне әсер етеді. Құндылықтар, салт-дәстүрлер жойылу бастайды және ол үлкен мәселе. Осы құндылықтар болмаса, өз ерекшелігін ұмытуымыз мүмкін.

Жаһандану дамуының шарттар мен заңдарының түсінбеуі халықтар мен мәдениеттерге жаңа қауіп-қатерлер әкеледі. Ақпараттың еркін қозғалысы әртүрлі мәдениеттердің құндылықтарын дамыту мен таратуға тең емес жағдай жасайды. Батыс мәдениеті мен тілдерінің қысымы мен сәні ең әлсірегендердің жойылу қаупін, шағын халықтардың мәдениеттерінің таралуын шектейді.

Тұрақты және қатаң экономикалық бәсекелестік мемлекеттердің әлемдік теңсіздігін күшейтеді. Әлемнің Солтүстік пен оңтүстікке айқын экономикалық, әлеуметтік бөлінуі әлемнің көптеген елдері мен халықтарында прогрестің дамуын шектейді.

Адамзат игіліктерінің әлем өңірлері арасында әділетсіз бөлінуі халықтар арасында объективті наразылық туғызады, бұл қақтығыстардың, терроризмнің, этникалық, әлеуметтік, экономикалық негіздегі қарулы қақтығыстардың өсуінен көрінеді. 4

Барлық елдер бірдей идеясына келіп, бірдей мәдениет пайда болады. Тарихымызды және қазақ тілін ұмыту қауіп бар. Егер жаһандану басқарылмайтын болса мәдениетіміз жойылады және бүкіл әлемде тек бір тіл мен мәдениет болады.

2. 1. 3. Зерттеу сұрақтарының нәтижесі

Жаһандану процесі Қазақстанның прогрессіне елеулі әсер етеді. Деректер бойынша жаһандану жағымды және жағымсыз салдарын әкеледі. Дереккөздер зерттеу сұрақтарына жауап берді, бірақ аргументтерді дәлелдеу үшін практика керек, сондықтан жеке зерттеу өткізу керек. Зерттеу сұрақтарына дәл жауап беру үшін және бір қорытындыға келу үшін сауалнама өткізу керек. Нәтижелерін салыстырып, жаһандану процесінің Қазақстанға ықпалын анықтауға болады. Бір зерттеу әдісі бойынша нәтижелері бар, тек сандық зерттеу әдісі қалды және осы жерде зерттеу сұрақтар осындай да болады.

2. 2. Жеке зерттеулер 2. 2. 1. Зерттеу әдісі

Жаһандану процесінің ықпалын зерттеу мен талдау үшін дереккөздерінен ақпаратты және өз білімді біріктірдім. Зерттеу тиімділігі үшін сауалнамада тоқтадым. Сауалнама адамдарды жас бойынша топтарына, және жыныс бойынша топтарына бөлінуге мүмкіндік береді. Топтарына бөлініп, түрлі статистиканы құрылуына жол ашылады. Ұсыну формасы диаграмма немесе сурет ретінде көрсетүге болады. Нақты нәтижелерін алу және салыстыру үшін сауалнама әдісін таңдадым.

Зерттеу арқылы мен жаһандану қатысты ойын бағалай алдым, ал сандық зерттеу әдісі түрлі адамдардан ақпаратты талдап, анализ жасауға мүмкіндік береді. Мен Қазақстан мен жаһандану туралы ақпаратты ғаламторда таптым, себебі менің тақырыбым онда көп талқыланған болатын, бұл мәселені екі түрлі жақтан қарастыруға мүмкіндік берді. Мен өзім таңдаған дереккөздердің анықтығына сенімдемін, өйткені олар танымал эксперттермен мен журналисттермен және де академиялық дәрежелі бар ғалымдармен жазылған. Дереккөз авторларының беделі және олар жазған ақпараттың нейтрал болуы менің ақпарат көздерің таңдаудағы басты критерийлерім болды, осы себепті де мен дереккөздерден жиналған мағлұматтың дұрыстығына сенімдімін. Негізгі бөлімдегі ақпаратты қолдана отырып, мен сандық зерттеу әдісін жүргізуді жоспарладым, ол - сауалнама және SWOT анализ. SWOT әдісін таңдадым, себебі ақпаратты талдаудың осы әдісі арқылы мен жаһанданудың әсерін бірнеше тұстардан қарастыра аламын және бұл анализ әсерін бағалауға мүмкіндік береді. Осының арқасында жаһандану процесінің Қазақстанға ықпалының жалпы суреті қалыптасады.

2. 2. 2 Сауалнама

Сауалнаманы Google Forms сайт арқылы жасадым, өйткені ол нақты статистикасын көрсетеді және түрлі стильдегі сұрақтарды қоюға мүмкіндік беріледі. Нәтижелері дәл болу үшін сауалнаманы жас пен жыныс туралы сұрақтармен бастадым. Содан кейін, сұрақтарда бірнеше жауаптарын жаздым, өйткені ол адамдар үшін оңайрақ және адамдар көп уақыт жоғалтпайды және нақты статистикасын құруға жол беріледі.

Сауалнама арқылы адамдардың ойларын білдім және олардың жаһандану әсері деген тақырып туралы хабардарлық білдім. Сауалнамада алты сұрақ қойылған, 70 адам қатысқан және осындай статистика диаграмма ретінде шықты:

Сурет 1.

Сурет 2.

Сурет 1 және сурет 2 бойынша, адамдардың жасы мен жынысы көріп аламыз. Жастардың саны ең көбісі және осы саны 54, 3 пайызын құрайды. Еркек пен әйелдердің саны жартысына жуық, сондықтан жыныс бойынша бөлу сондай мағынасы жоқ. Осы статистикасы жалпы пайыздарды көрсетті және болашақта адамдарды жас бойынша топтарға бөлінуге мумкіндік берілді.

Сурет 3.

Сурет 3 бойынша адамдардың хабардарлық деңгейі көрсетті. Жетпіс адамнан тек екі адам жаһандану процесінің ықпалы туралы білмейді. Осы диаграммадан бір қорытындыға келуге болады: адамдар жаһандану процесі туралы біледі және олар Қазақстанның экономикалық пен саяси жағдацы туралы біледі.

Сурет 4.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаһандану процесі және оның Қазақстанға ықпалы
Жаһанданудың Қазақстан мәдениетіне тигізер әсері қандай?
Мәдени жаһанданудың қазақ халқының ұлттық кодына әсері
Мәдени жаһандану ұғымымен танысу
Жаһандану процесінің Қазақстандағы саяси мәдениетке тигізетін әсері
Жаһанданудың Қазақстан мәдениетіне жағымды әсері
Жаһандану
Жаһанданудың Қазақстан мәдениетіне әсері
Жаһандану үрдісінің Қазақстан мәдениетіне әсері
Сауалнаманың нәтижесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz