Қазақ ұлтты киімінің тарихы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Ұлттық көйлекті тігу технологиясы.

Орындаған: Азтаева Аида Ермекқызы
Тобы:47
Мамандығы: 0107000 Негізгі мектептің технология пәні
Біліктілігі: 0107000 Технология пәніні мұғалімі
Ғылыми жетекшісі: Болғанбаева.Г. Б.
технология пәнінің оқытушысы

Семей 2021

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ ...
Зерттеу тақырыбының өзектілігі Зерттеу жұмысының мақсаты. Зерттеу жұмысының міндеттері.. Киім туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І -БӨЛІМ. Қазақ әйелдердің ұлттық көйлектерінің теориялық негіздері ... ... ... ... ... 5

1.1 Қазақ ұлтты киімінің тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Әйелдердің ұлттық көйлектері сән үлгілерінің конструктивті ерекшеліктері
1.3. Қазақ әйелдерінің ұлттық көйлектері ерекшіліктері, олардың түрлері, пайдалану және тұтыну ерекшіліктері туралы ... ... ... ...

II -бөлім. Көйлекті құрастыру және тігу технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13

2.1.Қазақ қыздарының ұлттық бас киім сән үлгілерінің конструктивті ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

2.2 Көйлектің нобайы (эскизі) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15

2.3 Көйлектің құрастыру сызбасын сызу

2.4 Көйлектің тігу технологиясы

IIІ - бөлім. Мектепте сабақ барысында көйлекті құрастыру және тігу технологиясы үйретудің әдіс-тәсілдері

3.1 Көйлекті құрастыру және тігу технологиясы үйретудің әдіс-тәсілдері

3.2 Сабақ жоспарының үлгісі

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 1

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі:Қазіргі кезде сәукеле, бүрмелі көйлек, камзол, шапан, бөрік сияқты қазақ халқының ұлттық киімдері тек мереке-мейрамдарда, той-думандарда киетін ерекше киім үлгілеріне айналған. Оларды күнделікті өмірде ешкім кимейді. Әйткенмен қазіргі уақытта ұлттық нақышы бар, заманға бейімделген киім түрлері шығып жатыр,яғни қарапайым күнделікті тұрмыстық киімге ою-өрнектер қосып немесежеңіне желбірлер қосылып тігілген киімдер және тағыда басқа киім түрлерібар.
Қазіргі таңда қыздар тойда ұлттық көйлекті киюді сәнге айналдыруда. Той өнеркәсібі ұзату тойына киетін көйлектердің түр-түрін ұсынады.Ұлттық киімдер де, көйлектерде,камзол,шапандардың түстері жарқын етіп таңдалады. Міндетті түрде жиегіне ою-өрнек салынады. Інжу тастармен нәзік етіп тігіліп, алтын түсті жіптермен безендіріледі.
Үйлену тойларда қалыңдық басына тек ғана сәукеле киюі тиіс. Қыз ұзатудағы ырым-тыйымдардың көбісі сәукелемен байланысты болғандықтан, оның орнын бағалы тастары бар тәж де, шетелден келген жаулық та (фата) алмастыра алмайды. Сәукеле биік болған сайын қалыңдық жарының үйінде бақытты болады деген ырым бар. Ұзату тойда бас киімсіз қалыңдықтар да кездесіп жатады. Бұл сырт көзге жағымсыз көрінеді.
Сәукелені де тігіншілер қалың негізді той көйлегі тігілген матамен қаптап отырып жасайды. Үстінен маржан тастармен көмкеріп безендіреді. Сәукеленің төменгі бөлігін бұлыңғыр, түлкі, шиншилла терісімен ажарлайды. Жоғарғы бөлігінде үкі орналасады. Ол көз тиюден сақтайды деген ырым бар. Барлығы дайын болған соң жібек матадан жасалған желекпен көмкеріледі. Желекті шет елдің үлгісіндегі фатаның бір түрі деп айтуға болады.
Той көйлегінің тағы бір бөлігі - камзол. Ол да маржан тастармен көмкеріліп, жиегіне ою-өрнек тігіліп, тиындармен безендіріледі.
Той көйлегінің түсі маңызды. Әдетте қызыл немесе көк түстер таңдалады. Егер той жаз мезгілінде болатын болса, ақ, күлгін түстер пайдаланылады. Қызыл түс - жастық шақ пен белсенділіктің белгісі.
Сонымен қатар қазіргі таңда ұлттық киімдер,көйлектер,бас киімдерге өзгерістер енгізіп,қазіргі стильге,заманауи стильге өзгертіпжатыр.
Жалпы ертеден келе жатқан ұлттық киімдеріміздің саны шектеулі,яғни өте аз десемде болады. Кез-келген дүкенге кіріп сатушыдан ұлттық киімдерді сұрасаң,олар қазіргі таңдағы өзгерістерге енген ұлттық киімдерді алып келеді, немесе ертеден келе жатқан ұлттық киімдерімізді көрсетеді,бірақ олар өте аз.
Жалпы киім дегеніміз - адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Оның тұтыну мәнімен бірге ғұрыптық және белгілі бір мақсатқа қызмет ететін маңызы бар.
Киім сонау көне заманда пайда болған. Қазір киімнің неше түрлі үлгілері бар, бұлардың жалпы саны шексіз десек те болады. Киім үлгілері бірнеше топқа бөлінеді. Адамның жыныстық, жастық айырмашылығына, пайдалану мақсатына.Әйелдер киімі, ерлер киімі, балалар киімі, спорттық киім, жұмыс киімі, ресми киім дегендей.

Зерттеу жұмысының мақсаты:Келешек ұрпаққа ертеден келе жатқан ұлттық нақыштағы киімдерімізді үлгілеу арқылы осы киелі өнерді әрі қарай дамыта отырып,көздің қарашығындай сақтап қалу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:Ұлттық көйлектін теориялық және практикалық жұмыстың сәйкес келуі.
Зерттеу жұмысының пәні:Мәдени мұраны қалыптастыру мазмұны, ұйымдастыру формалары мен шарттары,әдістері,құралдары немесе мазмұны ұлттық көйлекті орындау процесінде эстетикалық қабылдауды ұйымдастыру нысаны мен жолдарын,тәсілдерін,құралдарын жобалау әдісі болып табылады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері:Қазақ ұлттық киімі негізгі Әсем-ай заманауи ұлттық киім топтамасын жобалау болып табылады.
Зерттеу кезеңдері:
-Тақырыпты, курстық жұмыс құрылымын анықтау. Әдебиеттерді таңдау және зерттеу. Жетекшімен бірлесіп жоспар құру және келісу
-Курстық жұмыстың жекелеген бөлімдері мен тақырыптарымен жұмыс, оларды жетекшілерімен талқылау. Әдебиеттер тізімін даярлау
- Жетекшіге курстық жұмыстың алғашқы нұсқасын тапсыру. Курстық жұмысты жетекшінің зерттеуі
- Жетекшінің ескетулерін жою. Курстық жұмысты безендіру
-Жетекшіге курстық жұмыстың соңғы нұсқасын тапсыру
- Курстық жұмысты қорғау.
Зерттеу жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Қазақ әйелдердің ұлттық көйлектерінің өздік ерекшеліктері бар. Олардың көбі бұрынғы заманнан сақталып тек қана кішігірім өзгерістерге ұшыраған, ал кейбіреулері, өкінішке қарай, мүлде сақталмаған.
Кішкентай қыздың ұлттық киімінін тағы біреуі- желетке. Желеткені де әдемі көрінсін деп неше түрлі оюлармен, немесе моншақтармен тігіп қоятын. Желетке көбінесе қыз баланын жылы жүрсін деп кигізіп қоятын, соңдықтан оны жылы, қалын маталардан тігетін.
Бұрынғы кезде казақтың қызы 12-13 жасынан бастап бойжеткен деп есептелетін. Бойжеткеннің көйлектеріне көшсек, олар аса бос емес, керісінше өзіңе шақ, тіпті кеудесінен тарлау, ыңғайлы, қыз баланың кеудесін жауып тұратын болған, ал етегі ұзын және қос етекті болған. Қос етек көйлек әдетте ақ түсті қымбат жібектен, торғын не шәйі сияқты асыл матадан тігілетін. Мұндай көйлектің етегі кең, жеңінің ұшы мен жағасы, белі бүрмеленіп қатпарлы желбір салынады екен. Тіпті көйлектің жағасы тік шығарылып түрлі кестелермен әрлендірілген, ол артынан не бір жақ иық үстінен түймеленеді. Үстіндегі желетке не камзол барқыт, пүліш, мақпал сияқты аса қымбат және де сапалы матадан тігіледі, ал астары үшін көбінесе атлас, шағи, торғын пайдаланылатын, киімнің өзі де әдемі тастармен әрленетін еді.
Қыз ұзатуда киілетін көйлек жайлы айтсақ, ол басқа көйлектерден аса ерекшеленеді, себебі ұзату күнінде қыздың бұрынғыдан да әсіресе сымбатты және сұлу болуы керек. Киген көйлегі сәукелесі сияқты қымбат матадан тігіліп, бас киімі не түсі сай не бірдей болуы керек. Қыз ұзату көйлегі неше түрлі ою-өрнектермен, маржан және басқа да асыл тастармен безендірілген болуы керек. Бұл деген қалындықтың қаншалықты көркем екенін, сұлулығының мөлшерін көрсететін
әйел әлі де жас болса, оның киімі өзгеріссіз қалады. Әйтсе де өңірі бүрмеге дейін ашық, оның асты-үсті әдіптеліп сырып өрнектелетін көйлектер де бар, киімнің мұндай ашықтығын қақпа деп атайтын. Ана болған әйел осы қақпа арқылы бала емізетін. Егер де әйел орта жасқа келіп қалса, ол біраз бостау киім-кешек киетін, белі мен жеңі кең болып бүріледі және де бұрынғыдай қос етек емес, тек қана бір етегі бар көйлек. Бала туған келіншектер көйлектерінің жақтарын жас қыздар сияқты оқаламайды, жай ғана кестелейді.
Егер қарт әйелдердің киімі жайлы айтсақ, олар неғұрлым етекті және де мол қаусырмалы, үлкен қалталы болатын. Осы қалталар керекті заттарды салып қою үшін әдейі тігілетін. Көйлектері жас келіншектердің киімдерімен салыстырғанда бос, қос етекті емес болған, соңымен қатар аса ашық түсті, яғни сары, қызыл, жасыл сияқты болмаған. Ою-өрнек, не моншақ пен асыл тастар көйлекке қадалмаса да, басқа әйелдердің көйлектеріне тән оқалы жақ болған. Қарт әйелдердің үстіндегі камзол болса аса бай оқалы өңірмен безендірілген. Камзолдары қымбат, сапалы матадан тігілетін, көбінесе көк не жасыл түсті болатын.

Қазақ ұлтты киімінің тарихы.Қазақ халқының қол өнері көне заман тарихымен бірге дамып,бірге қайнасып келе жатқан бай қазына.Қазақ халқының қол өнерінің бір саласы - киім тігу.
Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес.
Еуразия даласын қоныс еткен көшпелі ел қазақтардың басқа халықтарға ұқсамайтын киім ұлгілерін табиғи ерекшеліктер мен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасты. Қазақы киімнің барша сымбаты мен ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол - біздің ұлттық мәдениетіміз.
Қазақ халқының ұлттық киімдеріп ерлер киімдері және әйелдер киімдері деп екіге бөлсек; ерлер киімдеріне: айыр қалпақ, зерленген тақия, шапан, шалбар, тымақ, ішік, саптама, етік жатады. Ал әйелдер киімдеріне: қос етік, койлек, сәукеле, кимешек, кебіс-мәсі, тақия, бөрік, көкірекше жатады.
Айыр қалпақ - ерлердің киізден тігілген жеңіл бас киімі. Айыр қалпақ жұқа етіп басылған ақ киізден тігіледі. Ол негізгі екі бөліктен құралады. Олар - қалпақтың төбесі төрт сайдан (бөліктен) тұрады. Шебер тігілген төрт қиынды киізді арасына қара барқыттан сыздық салып, қайып тігеді.

Сонда қалпақтың төбесі күмбез тәріздес болып шығады. Қалпақтың етегі жалпақтығы төрт елідей етіп, дөңгелектеп қиып алынған ақ киізден жасалады да, оны жоғарғы бөліктің (төбе) етегіне сыздық салып қондырады. Сәнді болу үшін, қалпақтың қайырмасының астыңғы жағы кейде қара түсті барқытпен көмкеріледі. Қалпақтың төбесіне қара не басқа түсті шашақ тағып, төбесін төрт сайы әр түрлі жібек жіптермен кестеленеді. Ақ киізден тігілген айыр қалпақ әрі жеңіл, әрі салқын, әрі сәнді болып келеді. Соңғы кезде жергілікті өнеркәсіп орындары айыр қалпақты әр түсті киізден жасап шығарып жүр.
Тақия - ерлердің жеңіл бас киімі. Тақияның түрлері көп. Биік төбелі, тегіс төбелі және үшкір төбелі тақия. Ерлер киетін тақияда теңге, моншақ, тана болмайды. Оның есесіне олар мүйіз ат ерін, шырмауық сияқты өрнектермен кестеленеді, машинамен, қолмен таңдай, ирек, қабырға тігістермен әдеміленіп сырылады. Тақияны пүліштен, қыжымнан ал астарын жібек, сәтеннен тігеді. Биік төбелі тақия мен тегіс төбелі тақияны тіккенде оның етегін жалпақтығын үш елідей етіп тік төрт бұрыш етіп қиып алады. Оның төбесі үш бұрышы формалы төрт не алты сайдан құралады. Алдымен оларды тігісін ішіне қаратып құрайды да, одан соң сайлардың етегін тақияның етегіне қондырады.
Тақия мыжылмай өз формасын сақтап тұру үшін оның астары мен қос астарын беттестеріп жиі етіп сыриды. Одан кейін тысын жауып, шетін басқа түсті матамен әдіптен көмкереді. Сайлардың және тақияның төбесі мен етегін қоспа тігістері бастыра жібек жіппен әдемілеп шалып тігеді.
Қазіргі кезде жергілікті кәсіпорындар әр түрлі тақия жасап шығарады.
Шапан - Қазақстан мен Орта Азия халықтарының ұлттық киімі. Оны қалың матадан арасына жүн, мақта салып, астарлап немесе қос астарлап сырып тігеді. Ол негізінен тік жағалы да болады. Шапан: сырмалы шапан, қаптал шапан, қималы шапан деп бөлінеді. Қыз-келіншектерге арналған қималы шапанды түрлі-түсті масатыдан тігіп, жаға-жеңіне, етегі мен екі өңіріне зер ұстайды. Түйме орнына асыл тастар орнатылған күміс қапсырма (ілгек) тағады.
Қазіргі кезде түрлі-түсті мастыдан екі өңірі мен жеңі кестеленген немесе зер ұсталынған жадағай (арасына жүн, мақта салмай) шапандар тігіліп сатылады. Қазақ халқының арасында сыйлы адамдарға сыйлық ретінде шапан кигізу дәстүрі кең тараған.
Жарғақ шалбар. Иленіп, әбден өңделген жұқа теріні қазақтар жарғақ шалбар дейді. Қызғылт түске боялып, түрлі-түсті өрнек салынған жарғақ терінен тігілген шалбарды жарғақ шалбар деп атаған. Бұл сәнді киімді кезінде батырлар, бектер мен билер, сал-серілер салтанатқа киген.
Тымақ. Қазақта тымақтың түрлері көп, соның ең бағалысы - түлкі тымақ. Оның маңдайы мен құлақтарының ішкі жағына түлкі терісі тігіледі де, сырты мақпалмен, пүлішпен немесе басқа асыл маталармен сырылып тысталады. Үш бұрышты киізден құралып, шошақ болып келеді.
Ішік - қазақтың ұлттық киімдерінің бірі, оны елтіреден, сеңсеңнен, әр түрлі аң терлерінен тігеді, сырты матамен тысталады. Ішік тігілетін терінің түріне қарай: елтірі ішік, сең сең ішік, қасқыр ішік, түлкі ішік, пұшпақ ішік, орман ішік, жанат ішік, бұлғын ішік т.б. деп аталады. Ішік тігетін теріні шел майынан, көк етінен арылтып алған соң ашыған айран жағып илейді. Тері әбден иі қанғанда ирек ағашпен тарап, қолмен ұқалап, керіп - созып жұмсартылады.
Ішікті жөрмеп тігеді және тігістерінің бәрі терінің тақыр жағына қарайды. Жұқа терлерді мақта жіппен тіксе, ал дайын болған соң, оның тақыр бетін бидай шүберек көктейді де барқыт, шұға, пүліш сияқты қалың тыстық маталармен тыстайды, қасқыр ішікке қасқыр не түлкі терісінен, сеңсең ішікке елтіріден, басқа түрлеріне құндыз не қиюға арналған жылы киім. Мысалы: қасқыр ішік, түлкі ішік, бөкебай ішік, қарсақ ішік, бұлғын ішіктер қыста, пұшпақ ішік, зорман ішік, жанат ішік, елтірі ішіктер қара күзде, көктем айларында киюге арналған.
Сеңсең ішік қасқыр ішіктерді ерлер, қалған түрлерін көбінесе әйелдер киген. Әйелдер мен бойжеткендер киетін ішіктер өте сәнді етіп тігіледі. Олардың өңіріне, жеңінің ауызына, етегіне айналдыра құндыздан, сусардан жұрын ұстайды. Тысына жібектн кесте тігеді. Елтірі ішік аса марқаймаған қозының бұйра елтірісінен тігіледі. Сеңсең ішік - марқа қозының сеңсеңінен түлкінің пұшпақ терісінен тігіледі. Ішіктің қайсы түрі болса да, әрі жылы, әрі киюге сәнді тамаша киім.
Саптама етік - ішіне киізден астар салып, былғарыдан тігілетін жылы аяқ киім. Ол негізінен, қыс бойы далада қызметте болатын малшыларға, механизаторларға, аңшыларға қолайлы. Саптама етік жылқының, сиырдың терісінен иленген былғарыда, көннен тігіледі. Ол түзу табан және қисық табан болып келеді. Оның өкшесі аласа, қонышы тізені жауып тұрарлықтай ұтым болады. Ал басының айындысын қонышының айындысына дәл келтіріп, тігісін ішіне қаратып қос тарамыспен тігеді. Басын қондырған соң оның қонышын қусырады. Етіктің қонышын қусырғанда етік жылы әрі берік болу үшыін тігістің арасына жіңішке былғары таспадан сыздық салып, қос тарамыспен жиі етіп тігеді.
Етіктің басы қондырылып, қонышы қусырылып болғаннан кейін етікті қалыпқа тартады. Ол үшін ең алдымен қалыпқа өлшеп жұқа былғарыдан іштік немесе ішкі қлтан қиып алып, оны ағаш шегемен қалыптың табанына бірнеше жерден шегелеп бекітеді. Етік басының сүрі өкше деп аталатын бөлігіне жұқа былғарыдан астар салып, екі арасына қайынның тозынан не қатты сіріден қос астар салып, қабаттап қайып тігеді. Бұдан соң етіктің басын қалыпқа кигізіп, жіңішке тарамыспен оның шетін іштікке айналдыра көктейді. Етіктің табанына суық (ызғар) өтпеу үшін ішкі ұлтан мен сыртқы ұлтанның арасына бірнеше қабат көн салады. Қос ұлтан салынып болған соң сыртқы ұлтанды шегелейді. Ұлтан қопарылмау үшін етіктің үзеңгілігіне дейінгі бөлігіне шеге екі қатар қағылады да, үзеңгілігінің тұсынан бастап өкшесіне дейін бір-ақ қатар қағылады. Саптама етіктің өкшесі аласа болады. Өкше тозбау үшін оған нәл қағады. Саптама етікті кең етіп тігеді.
Күннің райына қарай етікті бір байпақпен де, қос байпақпен де киеді. Саптама етікті малшылар қауымының талаптарына қарай қазіргі кезде фабрикалық тәсілмен көптеп өндіру қолға алынуда. Мұны Семей аяқ киім фабрикасы қолға алып, оның бірінші тобын тұтынушыларға жөнелтті. Болашақта саптама етік шығару ісі дұрыстап жолға қойылып, оның өндірістік қуаты арттырылмақ.
Қос етек көйлек - жібек, торғын, шәйі сияқты асыл матадан тік жаға, кең етек етіп тігілетін көйлек. Етегіне өрнектеліп, бүрмеленген қос желбіршек салынады, сондықтан оны қос етек көйлек деп аталады.
Шапан - қалындықтың сырт киімі. Ол да асыл матадан алтын жіппен зер салынып, өрнектеліп тігіледі. Шапанның өңіріне оюлы өрнек салынса, етегіне өсімдік тектес өрнектер кестеленеді. Бұл - өсіп-өңсін, өркенді болсын деген тілек белгісі.
Камзол - әйелдердің ұлттық киімінің бір түрі, оны көйлек сыртынан киеді. Ол барқыт, пүліш, мақпал сияқты асыл, сапалы кездемелерден тігіледі. Камзолды кей жерлерде жеңсіз бешпент немесе көзекей деп атайды. Камзолда жең де, жаға да болмайды және де екі өңірі тек тыс пен астардан тұрады. Камзолдың астары үшін көбінесе атлас, шағи, торғын пайдалынады. Оның екі өңірі біріне бірі сәл жетпей тұратындай етіп тігеді. Сондықтан, түйме орнына камзолдың алдына зергерлер әшекейлеп жасаған, алтын, күміс жалатып, асыл тастан көз орнатқан қаусырма қадалады. Камзолдың желкесінен бастап екі өңіріне және етегіне айналдыра алтын оқа басады не зер тігеді. Кейде құндыз бен түлкінің қара пұшпағымен әдіптейді.

Қыздар мен жас келіншектер киетін өте сәнді болады. Оның екі омырауына алтын, күміс жалатқан қозалар, шарбақ түймелер, меруерт, маржандар тағылады. Кейбір жерлерде күміс теңгелерді тесіп тағып қояды. Қазіргі кезде жергілікті өнеркәсіп орындары барқыт пен пүлішпен сәндеп тіккен камзол шығаратын болды.
Көк сауыр етік. Қазақтың етігі де басқа киімдермен қатар арнайы тігіледі. Қазақ етігінің өкшесі биік, табаны түрлі өрнектер салынып, көкшіл болуға боялып әсемделеді. Мұндай етікті көк сауыр етік дейді.
Сәукеле - әйелдің бас киімі, оны ұзатылған қыздар және оның еріп жүретін құрбылар киген. Сәукеленің негізгі бөліктері тәж, төбе, құлақ бау және артқы бойы. Сәукеленің төбесі қиық конус тәрізді болып келеді. Оның төбесінде тәж деп аталатын жартылай дөңгелек айдары болады. Оны асыл тас, алтын, күміс, меруерт, маржанмен өрнектеп алтын жіппен әшекелейді.
Сәукеленің төбесінің биіктігі екі сүйем, кейде оданда биік болады. Сәукелені өлшеп пішіп алып, ішіне астар, сырт жағына бидай шүберек ұстап жиі етіп сыриды. Одан соң оның сыртын қамқа, дүрия, торғын сияқты асыл матамен тыстайды. Сәукелені әшекейлеу үшін оның тысының сыртыны зер жіптен тоқылған оқаларды белдеулеп басады. Оның етегін мақпалмен не қара барқытпен әдіптеп көмкереді. Ал маңдай тұсына зер не жібек шашақтың шоқтарын тағады. Шашақтың сәукелеге жалғасқан тұсын асыл тастан көз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балаларға арналған көктемгі киім колекциясы
Қыз балалардың ұлттық киімі
ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
Қазақ костюм тарихы
Қос етекті көйлек
Ұлттық киімдердің түрлері
Балаларға арналған киімдер
Қазақ ұлттық киімінің негізгі қалпын жоғалтпай, киімініңконструкциясы негізінде ұлттық киімдердің дизайынын жасау
Ою ойған сызу да сызады
Пәндер