Сән үлгілерінің түйіндік өңдеулері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КОЛЛЕДЖІ
« Ақпараттық технологиялар » мамандықтар бөлімі
« Жеңіл және тамақ өнеркәсібі » кафедрасы
дипломдық жобалауға
ЕСЕПТЕУ - Түсіндірме ЖАЗБА
Жобаның тақырыбы: «Сырғалым» тақырыбында заманауи киім үлгісін тігу» _
Кеңес берушілер:
(Бөлім бойынша)
___ Магистр Н. Е. Мейірман __ __
(Ғылыми дәрежесі, атағы А. Ж. Т. )
(мерзімі, қолы)
Жобаның (жұмыстың) жетекшісі:
___ Магистр А. О. Сабденова
(Ғылыми дәрежесі, атағы А. Ж. Т. )
(мерзімі, қолы)
Экономика бөлімі:
__ С. А. Сандыбаева
(Ғылыми дәрежесі, атағы А. Ж. Т. )
(мерзімі, қолы)
Орындаған оқушы:
_ Қуаныш Айдана Ерғалиқызы
(А. Ж. Т., қолы)
Норма бақылаушы:
_ Г. Е. Садуакасова
(Ғылыми дәрежесі, атағы А. Ж. Т. )
(мерзімі, қолы)
Шымкент-2021ж.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КОЛЛЕДЖІ
« Ақпараттық технологиялар » мамандықтар бөлімі
« Жеңіл және тамақ өнеркәсібі » кафедрасы
Мамандығы: _ 1211000 - «Тігін өндірісі және киімдерді моделдеу» __
БЕКІТЕМІН Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г. Е. Садуакасова«30» 11 2020 ж.
Дипломдық жұмысты (жобаны) орындауға
ТАПСЫРМА Оқушы:___ Қуаныш Айдана ЕрғалиқызыЖобаның тақырыбы: «Сырғалым» тақырыбында заманауи киім үлгісін тігу»
Колледж бойынша жарлықпен бекітілген №___ «» 2021 ж. Аяқталған жобаны қорғау мерзімі «24» 02 2021 ж. ЕСЕПТЕУ - ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫКеңес
беруші
Тапрысманың берілген мерзімі «11» 01 2021ж.
Кафедра меңгерушісі Жамбылбай А. Б
(қолы) /аты-жөні /
Дипломдық жоба жетекшісі Сабденова А. О
(қолы) /аты-жөні /
Тапсырманы орындауға алған оқушы Қуаныш Айдана Ерғалиқызы
(қолы)
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
І. Негізгі бөлім
1. 1 «Сырғалым» этно стиліндегі сән үлгілерінің шығу тарихына сипаттама
1. 2 Сән үлгілерінің қызметі және дизайн обьектісі. Қазақстандағы сән әлемінің даму бағыты
ІІ. Конструкциялық бөлім
2. 1 «Сырғалым» сән үлгілерінің конструкциялау әдістемесін таңдау негіздеу
2. 2 Сызбасын құрастыру үшін бастапқы мәліметтерді, қосымшаларды таңдап негіздеу
2. 3 Конструкциялық сызбасын құрастыру, модельдік ерекшелікетерін енгізу
ІІІ. Технологиялық бөлім
3. 1 Құрал - жабдықпен өңдеу режимін таңдау
3. 2 Тігудің технологиялық бірізділігі
3. 3 Сән үлгілерінің түйіндік өңдеулері
ІV. Экономикалық бөлім
4. 1 Жобаның экономикалық негіздемесі.
4. 2 Бұйымға кеткен шығындар есебі
V. Еңбек қорғау бөлімі
5. 1 Еңбек қорғау және өнеркәсіптік экология негіздері
5. 2 Техника қауіпсіздігі
Қорытынды (тұжырым)
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
КІРІСПЕ
Зерттеудің көйкестілігі . Өз ұлтыңа, өз ұлтының дәстүріне, ұлттың қол өнеріне деген сүйіспеншілік, - ол ұлттық үлкен қоғамдық әлеуметтік мүдде.
Киім дизайны өнерінің жаңа тәсілдерін ойластырып, олардан жаңадан киім үлгілерін жасап шығару кезеңі келіп жеткен сияқты. Бұдан шығатын тұжырым жас ұрпақты өз халқының салт дәстүрін, ұлттық өнерін, өнер сүйер өнерлі жастардың жүрегіне ұялатып, жаңа деконструкциялық, инновациялық, авангард киім жиынтықтарын ұлттық бағытта жасап шығару болып табылады.
Киім үлгісін жасауда халықтың әдеп- ғұрпына үлкен мағына беріледі және ата-бабаларымыздан ғасырлар бойы мұра етіп келген өнерін көрсете білу. Дипломдық жобадағы “Ғажайып аяш” киім жиынтығы эксклюзив стильде таңдалынып алынды, сонымен қатар тасқа қашап жазу мәдениеті арқылы қазіргі заман талабына сай өзгере келе қайта жанданып иновациялық тәсіл мен орындалып дүниеге келген киім жиынтығы. Әрине терең зерттеулері қажет ететін “Ғажайып аяш” тақырыбын таңдау өте үлкен талғампаздық пен ізденімпаздықты талап етеді. Өнердің қарапайым тіршіліктен бастау алып, кейін мүлде бөлек жалпы тіршіліктен жоғарғы ұғымға айналуының өзі адамзат ұрпағының алғашқы бастамаларынан бері қаншалықты дамып, жетілгенін қапысыз байқатса керек. Алғашқы сұлулық туралы ұғым оны түсініп қажет еткен адам баласы қоршаған ортадан мағынасы сызықтар, алғашқы тірішілікті, аң аулау сәттерін мистикалық қоршаған ортаға еліктеп, образды даму арқасында костюмдегі дизайн өзінше бір өнер саласы ретінде қалыптасты. Киім мистикалық мағынаға ие болғаннан бастап әдеп-ғұрыптық жоралғылар арқасында дизайндық бастау алады.
Архитектоникалық салада стильдік бағытқа байланысты костюмде образдық шешім пайда болады. Осылайша дамып саладағы ең озық ойлау мен қиял құдіреті киім дизайнын қазіргі заман талабына сай қайта жаңарту дипломдық жобаның негізгі мақсаты.
Киім дизайны адамдардың ойлау және шығармашылық әрекетінің ең негізгі және теориялық тұрғыдан негіздендірілген саласы. Оның нәтижесі адамдар ойлауы мен қиялдап туындаған әдеміліктер әлемі. Дизайнердің қияли ойлауы мен іс-әрекеті нәтижесінде адамзаттың материалдық және рухани қажеттілігі дамиды. Ұлттық киім үлгісі - өзіне тән ерекшеліктерін сақтап бізге жеткен заттық-тұрмыстық мәдениеттің бірден бір көрінісі және көненің көзі. Оны ескерткіш ретінде сақтап болашақ ұрпаққа жеткізу және киім дизайнындағы жобалау әдістері арқылы жаңа үлгілерін жасап шығарып одан әрі дамыту дипломдық жобаның басты мақсаты мен міндеті. Ерте заманда тасқа адам және жануар бейнелерін сюжет немесе көрініс ретінде салған.
Осындай тастар тек Қазақстан жерінде ғана емес дүние жүзі бойынша көптеген мемлекеттерден табылған мысалы: Италия, Англия, Германия, Францияның Фон де Гом үнгірлерінен табылған. Тарихи деректерге сүйене отырып ертедегі мезолит және неолит заманындағы дүниеге келген тасқа шегіп жазу мәдениеті арқылы дипломдық жұмыстың тақырыбы «Ғажайып аяш» деп аталды. Дипломдық зерттеу жұмысының негізгі міндеті ұлттық киім үлгілерін ерекшелігін ескере отырып ұлттық киімдерге дәстүрді ұштастырып, қазіргі заман талабына сай ұлттық киім үлгісін жасап көпшілік назарына ұсыну.
Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді. Осыны бек түсінгендіктен, біз білімге бөлінетін бюджет шығыстарының үлесі жөнінен әлемдегі ең алдыңғы қатарлы елдердің санатына қосылып отырмыз. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.
Бұл - білім саласындағы жаһандық бәсекеге неғұрлым бейімделген мамандарды даярлау деген сөз. Оған қоса, жаңа мамандар ашықтық, прагматизм мен бәсекелік қабілет сияқты сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларын қоғамда орнықтыратын басты күшке айналады. Осылайша, болашақтың негізі білім ордаларының аудиторияларында қаланады [2] .
Елбасы "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында жиырма бірінші ғасырда ұлттық танымымызды сақтап қалуға қатысты ой айтты. Елдің бұдан ары қарайғы дамуы ұлттық мүддемен, ұлттық мәдениетпен ұштасуы тиіс.
Әлемдегі әр түрлі елдердің дәстүрлі халықтық костюм үлгілері қазір де сән жасаушылар үшін шығармашылық жаңалықтардың негізгі бастауы болып отыр және де қандай жағдайда болмасын арналып тігілген киімдердің бәрінен де өзінің нақты көрінісін табуда.
Бір сәт тарихқа көз салсақ, әрбір дәуірдің және әрбір халықтың өзіндік көркем стилі қалыптасқан. Белгілі бір стильдің өзінде киімнің жеке бөліктерінде өзгерістер болады және бұл киім тарихында сән ағымы деп аталады. Сән ағымына байланысты киім жаңарып, жетіліп отырады.
Дизайн стиль қалыптастыру процесінде көркемдік пішін қалыптастырудың әр түрлі аспектілеріне тікелей қатысты бола отырып, ұлттық дәстүрді де есепке алады [3] .
Диплом жобасының мақсаты:
Ұлттық киім үлгілерін - жаңа сән әлемінде өзіндік ерекшеліктерімен енгізу.
Диплом жобасының міндеті:
- Жастарды өнерге деген құштарлығын, шығармашылық қабілеттерін, көркемдік шеберлігін дамыту.
- Жастарды ұқыптылыққа, үнемділікке, талғампаздыққа, іскерлікке, тәрбиелеу.
- Сән үлгілерінде ою-өрнектерді әсемдеп безендіруді.
Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі: кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден, сызбалар, зскиздер мен портфолиядан тұрады.
І. Негізгі бөлім
- «Сырғалым» этно стиліндегі сән үлгілерінің шығу тарихына сипаттама
Қазақ халқы-кең байтақ елімізде қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы, ұлттық қолөнердің үздік үлгілерін атадан балаға мұра етуші. Қасиетті қазақ халқының, соның ішінде әйел адамдардың қолдарынан шыққан қолөнер туындыларының тарихы тым тереңде жатыр. Ол кең байтақ жерімізді мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн тәрізді көне түрік тайпаларының мәдениетінен арқау алады. Және де оған Оңтүстік-Сібір, Орта Азия мен Ресей халықтарының да мәдениеті өз әсерін тигізген. Осындай үнемі жаңғыру үстінде болған қазақ халқының дәстүрлі қолөнерінің даму биігіне көтерілген кезеңі ХІХ ғасырдың 2-жартысы мен ХХ ғасырдың басы. Археологиялық қазбалар мен жазба ескерткіштерге арқа сүйенсек, Қазақстан аймағын мекендеген тайпалар жүздеген жылдар бойы металл, тас, сүйек, саз балшық, ағаш, жүн, тағы басқа да шикізаттарды шаруашылық кәсіптері мен күнделікті тұрмыс қажетіне жарап, қол өнердің өз ұлтына тән ерекше көркем түрлерін қалыптастырған. Қазақстан жеріндегі қолөнердің көне заманнан келе жатқанына Павлодар өңіріндегі Досыбай жартасынан табылған бейнелер, Өскемендегі жазбалар мен Ұлытау жартасындағы суреттер, өзіміздің облыс көлеміндегі Лебедевка, Қырықоба обаларында жүргізілген архелогиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған керамикалық қазындылардың беттеріне салынған геометриялық өрнектер нақты айғақ бола алады. Өзге де ғылыми деректерде қазақ даласында болған саяхатшылар қазақ топырағын мекендеген сақтар мен массағаттардың барлық заттардың әшекейленіп, киімдердің өзіне тән үлгісі барын айтады. Ұлттық қолөнеріміздің баға жетпес байлығы-киіз үй-қолдануға ыңғайлы, тасымалдауға жеңіл, ұлан-байтақ даланың табиғаты мен тұрмысына бейімделген ерекше баспана. Киіз үйдің қаңқасы ағаштан жасалса, ал жабындысы, бау-басқұры, жасау-жабдығы мал шикізатынан, яғни жүннен дайындалған. Демек киіз үйдің ішкі сән-салтанатын келтіретін бұйымдардың барлығы дерлік әйелдердің қолынан шыққан туындылар болып табылады. Киіз үйдің киізіне қарай ақ үй, боз үй, қара үй деп бөлінген. Киіздер ақ, боз қойдың жүнінен басылып, ешкінің қылынан есілген жіппен жиектелген.
Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан қазақ халқының қолөнері туралы Ресей ғалымдары да өз жазбаларында тоқталып кеткен. . Мысалы М. А. Леваневский: «қазақтың қандай кәсіпке болмасын, табиғаттан қабілеттігіне сүйсінесің, қарапайым құралдармен тамаша ер қапталдарын жасап, алтын, күмістен әсем бұйымдар шығаратындығына таңданбасқа болмайды. Қазақтың тіккен аяқ киімдері өте берік, киюге ыңғайлы» - деп жазады. Қазақтың ою және өрнек деген сөзі біріге келіп, латынша «орнамент » деген ұғымды білдіреді. Орнамент көп елдің тіліне сіңген интернационалдық термин. Мағынасы-сәндеу, әсемдеу. Осы сәндеу, әсемдеудің бір түрі, яғни өсімдік немесе геометриялық фигуралар іспеттес элементтердің симметриялы орналасқан көркем өрісі мен құрылымын ою деп атаймыз. Оюдың әрбір элементінде терең мағына, үлкен мән бар. Әр ою композициясы белгілі бір мақсатқа, мағына, мазмұнға құрылады. Оюлардың ежелден келе жатқан нұсқаларындағы элементтер- құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратыны белгілі. Мәселен, көне дәуірдегі қолөнершілер «егіз» өрнегін егіз анды жануарды бейнелегенде өмірде бейбітшілік пен тепе-тендікті сақтау ұғымын білдірген. Ертеде ұзатылған қыз өзінің үйіне сәлемдеме ретінде текемет немесе сырмақ жіберетін болған. Ондағы ою-өрнек түрі мен түсіне қарап ата-анасы қызының жай күйіне қанық болған. Мысалы қошқар мүйіз бен өсімдік стилі көбірек салынса қызының бай, дәулетті отбасына барғанын, бақытты екенін білген. Ал егер олардың ортасында жапалақ бейнесі берілсе ол қызының бақытсыз халде екенін сездірген. Демек қазақтың әрбір ою бояуларының да өзіндік сырының болғаны. Мысалы ол ашық, анық емес бояумен жазылса онда ол құпия жазу болып саналған. Ежелгі адамдар геометриялық ою-өрнектердің магиялық және символдық мәні бар деп сенген. Қазақта қоржын өзімен бірге алып жүретін ең қажетті бұйымның бірі болып саналған. Қоржын бетіндегі бедерленген ою-өрнектер жолаушыға қатысты күн ашық болсын, береке болсын деген ниетпен тілек ұғымын білдірген [4] .
Қазақ ою-өрнегінің тарихы терең, түрі көп, өресі биік, өрісі кең әрі көрікті, өміршең, халықтық сипаты мол жасампаздық. Шеберлер ою-өрнектің түрлі нұсқаларары арқылы қазақ сахарасының көшпелі тұрмысын, әдет-салтын, көркем табиғатын, сол уақыттағы болып жатқан түрліше жағдайларды өз келбетімен алдыңызға жайып салады.
Қазақтың ұлттық ою-өрнектері мен оның атаулары көп. Ғалымдар әзірше екі жүздей түрін ғана анықтады. Көшпенділерді қоршаған тарихи орта, мал өсіру, егімшілік кәсібі, сондай-ақ көктемнің алғашқы күндерінен бастап гүлдейтін бәйшешектер, қызғалдақтар мен қазақтың кең жаласында өсетін мыңдаған өсімдік түрлері бейнелеу өнерінде шеберлердің дүниетанымын байытты. Ғасырлар бойы табиғат қас шеберлерге небір тамаша туындылар силады.
Сурет-1 Ою-өрнектің жіктелінуі
Қазақ оюларының мазмұны мал өсіру мен аңшылықты, жер-су, көшіп-қону көріністерін, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін аңғартады. Әрбір оюшы ою-өрнек жасап, оған ат қойып, оны тұрмыста қолданған. Сондықтан, қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің ең басты мәнері, ең көп түрі және әр түрлі мәнер жасауға жиі қолданылатын түрі «мүйіз» тектес ою-өрнектер. Ою-өрнектің бұл тобын қазақ халқының ою-өрнектерінің төркіні деуге болады. Өйткені барлық жаңа буындар осының негізінде жасалып, тек атаулары ғана өзгеріп отырған. Осы ою-өрнектердің көп қолданылатындарына, сондықтан да халық шеберлерінің көпшілігіне белгілі атауларының кейбір түрлеріне әдейі тоқтап өтейік.
1. «Мүйіз» - қазақ оюының ең көне мәнері. Ою-өрнектің бұл элементі мүйізді мегзеуден шыққан. «Мұйіз» ою-өрнек кейде ұсақ, кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында қолданады. Ірі түрлері сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет өнерінде сан түрлі мәнерде қолданылады. Мүйіз элементтері «аймүйіз», «қосмүйіз», «сыңармүйіз», «сынықмүйіз», «қырықмүйіз», «маралмүйіз», «еркешмүйіз», «қошқармүйіз» т. б. түрлерге бөлінеді. «Мүйіз» өрнегі үй жиһаздарында (кілем, сырмақ, текемет, алаша, көрпе, түскиіз, шымши), тұрмыстық заттарда (саба, шанаш, күбі, оқшантай, торсық, сандық т. б. ), сондай-ақ қару-жарақтарда (қынап, оқшантай, торсық, садақ), киім-кешек, ат әбзелдерінде (ертоқым, айыл) қолданылады, жалпы бұл элементтің қолданбайтын жері жоқ десе де болады.
2. «Қосмүйіз» ою-өрнегі қойдың, ешкінің, сиырдың екі мүйізін ғана бейнелейді және кейде «ырғақ», кейде «ілмек» деп аталатын оюларды «қосмүйіз» дейді. Үй жиһаздары мен тұрмыстық заттарды, киім-кешек, қару-жарақтарды безендіру үшін пайдаланатын қой, ешкі, сиыр, бұғы, марал сияқты жануарлардың қос мүйізін бейнелейтін ою-өрнек. Қазіргі кезде «қосмүйіз» ою-өрнегін сәукелеге, айыр қалпақтың төбесіне, шетіне, қамзолдың алдыңғы жағына, етіктің қонышына салады.
3. «Арқармүйіх» деп аталатын ою-өрнек қойдың мүйізін бейнелейтін оюдың түрі. Бұл элемент «қошқармүйізге» өте ұқсас, бірақ, оған қарағанда шиыршықтанып, тармағы одан көбірек болып келеді (кілем, тұскиіз, сыр- мақ, кесте, киім-кешек пен үй жиһаздарында кездеседі) .
4. «Қошқармүйіз» ою-өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қоидың құлағын долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып тұрады. Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады. Текемет, сырмак, басқұр, алаша, кілем, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық түрлерінде кездеседі. Киізден жасалған бұйымдарда бұл ою түсті шүберектермен ойылып, құрақ, яғни аппликациялық өрнек түрінде де тігіледі.
5. «Қырықмүйіз» ою-өрнегі біріне-бірі жалғаса, тармақтала қосылған, кеп мүйізден құралған ою-өрнектің бір түрі. Ол көбінесе дөңгелек не төртбұрыш ішінде бейнеленеді, кейде бұтақтың ағашы тәрізді тармақталып, жайылып бейнеленеді. Бір-бірімен қосылған бірнеше тармақты көп мүйізді оюлардан құралады. (Тұскиіз, тон, кежім, сырмақ, текемет, архитектура сәулет өнерінде молырақ кездеседі) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz