Шығарманың жанры мен құрылымы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
СӨЖ
Тақырыбы : Көркем әдебиет жанрлары және олардың даралық ерекшеліктерін таныту амалдары.
Орындаған:
Кәдірбек Динара
Тексерген:
Үмбетаев М.
Алматы, 2021жыл
Көркем әдебиет жанрлары және олардың даралық ерекшеліктерін таныту амалдары.
Жоспар:
- Жанр және жанртану негіздері
- Әдеби жанрлар
- М. М. Бахтиннің жанрлық тұжырымдамасы
- Шығарманың жанры және ішкі диалогтылығы
- Пайдаланылған әдебиеттер
Жанр жане жанртану негіздері
Жанр (француз сөзі-genre, латынша-generis) тек, түр деген ұғымды беретіні белгілі. Жанр - тарихи категория , Жанрдың тарихи тамырлары әріде жаткандығы көркем әдеби дамудың үздіксіздігін айкындайды. Көркемсөз туындыларының ерте кезден эпос, драма және лирика деп аталатын ірі үш текке бөлінгендігі белгілі болды. Бұл Сократ, Платон пайымдарынан айқындалады. Аристотель Гомердің өз атынан сөйлеуінің мәнін айқындайды.
Сөйтіп, Қайта Өрлеу дәуірінде Аристотель триадасы нақтыланады.
Жанр мәселесі ұлттық әдебиетіміз ауқымында кенінен талданады. Қазақ әдебиеттануының негізін калаушы А. Байтұрсынұлы шығарма мазмұнының төрт түрін көрсетеді:
- 1. Жай сөйлеу түрде.
- 2. Сөйлестірген түрде.
- 3. Хат түрінде
- 4. Аралас түрде.
Тарихи-сабақтастық принципінің, жанрлық жіктелу дәстүрінің ұлттық әдебиетіміздегі көрінісі Қ. Жұмалиев, 3. Қабдолов, P. Нұрғалиев, Р. Бердібаев, Е. Лизунова, М. Дүйсенов, Ы. Дүйсенов, 3. Ахметов, М. Атымов, Ә. Нарымбетов, Уахатов т. б. зерттеушілер көзқарастары негізінде айқындалады. Мәселен,
- Қ. Жұмалиевәдебиеттің тегі мен жанрын бір ұғым деп түсіндіріп, эпостық жанр, лирикалық жанр, драмалық жанр деп атау ұғынықты екенін атаса,
- 3. Қабдоловтек пен түрді «жанр» ұғымымен мәндес деп түсіндіреді, ал
- Р. Нұрғалиевжанр тудыратын элементтер қатарына сюжет түзілісін, композиция, тақырып, поэтиканы, шығарма идеясы мен мазмұнын ашатын көркемдік құралдарды жатқызуға болатынын аңғартады.
Сондай-ақ, әр алуан поэзия, проза, драма жанрларының поэтикасын талдайтын ұжымдық еңбектер 1968, 1971 жылдарда жазылды. Әдебиет теоретигі В. Е. Хализев лирикада (дифирамба) ақын өз атынан сөйлеуі және шығарманы кейіпкерлердің пікір алмасуына құруы, ақын сөздерінің кейіпкерлер сөзіне араласпауы трагедия мен комедияға тән болуы жөніндегі, өз сөзін кейіпкерлер сөзімен біріктіруі әрі арасында өз атынан сөйлеуі эпоска тән екендігі жөніндегі Сократ пайымдары Платонның «Мемлекет» деген еңбегінде тұжырымдалғанын пайымдайды, Аристотельдің «Поэтика» еңбегіндегі пайымдарының осыған ұксастығы танылады. Л. И. Тимофеев текті композициялық ерекшеліктеріне қарай ажыратады Жанрды тек деп түсіндіреді, ал жанрлық формаларды «вид» деп атайды . Ол үш түрлі тек (жанр) бар деп:
- лиро-эпикалық жанр
- көркем-тарихи жанр
- сатира.
Эльсберг те сатираны өзінше текке жатқызады. Н. П. Утехин - түрше (вид) дегенді айтқан. Б. В. Томашевский «Поэтика литературы» (М, 1989) деген енбегінде композиция құраушы тәсілді доминант (басты) ретінде қарастырады. Доминанттар жиынтығы жанрдың құрылуының айқындау сәті деп санайды . Бұл да үшке бөледі: 3-шісі баяндау жанрлары. М. Н. Эпштейннің пікірі Хализевке жуық болса, Днепров сияқты ғалымдар романды әдеби тек деп санайды. Б. В. Томашевский де текті үшке бөліп, үшіншісіне баяндау жанрларын жатқызады. Зерттеушілердің пікірінше, қазіргі әдебиеттануда жанр текке бөлудің екі принципін жүйелеуге болады.
Әдеби жанрлар
Әдебиеттануда көркем шығармаларға қатысты қолданылатын "жанр" деген де үғым бар. Көркем шығарманың тарихи қалыптасып, даму үстінде болатын типі жанр деп аталады да, әр жанр өзіндік пішіндер (формалар) арқылы ерекшеленеді.
Мәселен, адамдардың рухани-шығармашылық әрекеті, жазу мәдениеті тұрақты жанрлық формалар арқылы көрінеді. Біздің жазғандарымыздың бәрі: күнделік, хат, оқушы шығармасы, баяндама, қабырға газетіндегі хабар, т. с. с. - белгілі бір заңдылықтар мен талаптарға сай нақты жанрлар. Себебі қандай да бір мәтінді жанрдан тыс жазу мүмкін емес. Мәселен, әлдебір құбылысқа қатысты ойыңызды, яки сезіміңізді ақ қағазға түсірдіңіз делік. Дәл сол сәтте әдеби түрғыдан нақты бір мақсат қоймауыңыз да мүмкін. Десек те, сол үзінді сіздің ырқыңыздан тыс қандай да бір жанрдың үлгісі болып шығары сөзсіз. Әрине, бүл мысалға қарап, сіздің әлгі жазбаңыз көркем шығарма деуге де болмайды. Үзіндіде көркемдік жанр ретінде қабылдану үшін ой-пікірдің еркіндігі мен тереңдігі ойды жеткізудің шеберлікпен ұшталған дәлдігіне үштасуы қажет .
Ойымызды нақтылай түселік . Қалыптасқан жанрлық дәстүрлер қалам ұстағандардың бәріне дүниеге озіндік көзқараспен қарауға мүмкіндік беретіні де анық, сонымен бірге олар әр авторға өзінің алдындағы көрнекті үлгілерді ескерте отырып, қатаң талап та қояды. Демек, жанр қаламгер ойына еркіндік беру отырып, сол жанрға тән дәстүрлі талаптарды сақтауды да міндеттейді .
Жанрлардың өмір сүруінің ең басты екі шарты ретінде оның әдеби жадының беріктігі мен тарихи эволюциялық тұрғыдан үздіксіз дамуға бейімділігін атауға болады.
Әдеби жанрлар - ауызша және жазбаша шығармалардың көркем даму процесінде қалыптасады.
Шығарма жанры дәстүрлі түрде былайша анықталады - бір жанрдағы шығармаларды біріктіретін және айтарлықтай тұрақты, әрі тарихи қайталанатын сипаттағы мазмұнына, құрылысы мен түріне қарай ажыратады.
Көркем шығарманы кеңінен танып білу жанрлар сериясын тудырады. Мәселен,
- тарихи,
- отбасылық-тұрмыстық,
- детективтік,
- ғылыми-фантастикалық және т. б. келтіруге болады.
Мұның барлығы көркем шығарманы кеңінен таңып білудің жемісі.
Шығарманың танымдық мазмұны көбінесе романның, повестің және әңгіменің немесе пьеса мен көріністің, өлеңнің жеке немесе топтық портреттің жанрлық ерекшеліктерін айқындайды. Суреткердің идеялық-психологиялық бағалау ұстанымы апологиялық және сырттай объективті, ирониялық болуы мүмкін болғандықтан, бірқатар жанр түрлері туындайды. Атап айтар болсақ, әдебиеттегі ода - баллада - эпиграмма - памфлет осының нәтижесі. Сондай-ақ, олардың әрқайсысында өнердің басқа түрлеріне қарағанда жанрлық мүшелену қатынасында өзгешелік бар, яғни өнердің түрі (мысалы, фольклорлық поэзия және әдебиет, поэзия және проза) мен тегіне ( мысалы, әдебиеттегі эпос, лирика, драма) қарай бөлінісінде. Көркем шығарма дифференциясындағы олардың қарым-қатынасын зерделеу тұйыққа тірелуде. Себебі, «Жанр», «Түр», «Тек», «Әр түрлілік» терминдері осыған байланысты нақты анықтамасын тапқан жоқ. Осының салдарынан, оларды қолданыста бірінің орнына бірін пайдалану жалғасуда.
Әр автор жанр түрлерін әр түрлі жүйелендірді.
Әдебиеттану ғылымында біз әдетте, әр автордың қаламының ұшқырлығы, жазу шеберлігі өзінше дара, өркештеніп тұрады, бір-біріне ұқсамайтын өзіндік жазу ерекшелігі болады дейміз. Себебі, әдебиеттану сөз өнері болғандықтан «сөз - алтын жіп, жыр - кесте» демекші, сөздің құдыреттілігімен түрліше өріледі. Алайда, көп ғасырлық даму тарихы бар әдебиеттану ғылымы типологиялық ұқсастықтар бар. Осылайша, типологиялық ұқсастығы мен негізгі қырлары бойынша олар нақты бірнеше топтар мен тектерге бөлінеді. Бұл тектік бөлініс әдебиеттану ғылымы дүниеге келген кезден бастап туындады. Бұл көне гректер мен римдіктерге белгілі болды. Әдебиеттегі тек пен жанр түрлерінің теориясының негізін тұңғыш рет Аристотель қалады . Аристотель өзінің «Поэтика» еңбегінде әдебиетті «сөзбен өрілген өмір» дейді. Солай деп айта келе ұлы философ оның үш түріне тоқталады.
- «Оқиғаға автордың өзі қатыспай сырттай бейнелеуі» эпикалық тәсіл деп айта келе ол бұған мысал ретінде Гомер шығармаларын келтіреді.
- Екінші тәсіл - бұл әдеби тәсіл. Яғни, шығарманың негізі нысанасы - автордың жан толғанысы, ішкі сезімі, лирикалық көңіл-күйі.
- Енді ең соңғысына келер болсақ, ол - драмалық, ал тектің өзімі драма деп аталады. Драмада жазушының бейнелеген кейіпкерлері айтайын деген ойын өзінің іс қимылы, дауыс ырғағы, интонациясы арқылы сахнада береді.
М. М. Бахтиннің жанрлық тұжырымдамасы
М. М. Бахтиннің жанр теориясына қосқан үлесі мол. М. М. Бахтиннің концепциясының конструктивтілігі және де қайшылығы отандық және батыстық әдебиеттану ғылымында үлкен қолдауға ие болды. Жанрлық типологияны қарастыратын болсақ, концепция даралығымен ерекшеленеді. Ғалымның теориялық ережелері кеңінен танымал.
Бахтиннің жанрлық тұжырымдамасынан мынадай үш мәселені атап айтуға борлады:
- Шығарманың жанры және ішкі диалогтылығы;
- Шығарманың жанры мен құрылымы;
- Әдебиеттану ғылымының тарихындағы жанрлар, олардың генезисі мен дәстүрі.
Осы проблемалардың барлығы жанр типологиясына байланысты.
Шығарманың жанры және ішкі диалогтылығы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz