Орман шаруашылығының орналасқан жері


Мазмұны
Орман шаруашылығының іс-әрекеттерінің қысқаша
сипаттамасы . . .
Аудан өңірінің гидрогеологиялық
жағдайы . . .
1. 2. 5
1. 2. 6
Өсімдіктер жамылғысы мен жануарлар
дүниесі . . .
Ауа-райына сипаттама. . …
14-15
15-16
Кіріспе
« Орман - халықтың тіршілік көзі һәм байлығы. »
Мұхамбетқазы Меңдібаев
Өсімдік ресурстарының бастысы - орман. Ол жер шарындағы биологиялық активті оттегінің 60 процентін береді. Оның көмегімен (т. б. экологиялық жүйелердің қатысуымен) атмосферада оттегі тұрақты болады, осының арқасында 2 млрд. жылдай біздің планетамызда өмір жалғасып келе жатыр. Орта дәрежеде бір ағаш 24 сағат ішінде үш адамның бір тәулікте демалуына жететін оттегі бөліп шығарады. Орман адамға керекті шикізат - ағаш береді. Ол үй тұрғызуда, кеме, ауыл шаруашылығында, машина жасау өнеркәсібінде, темір жол транспортында (шпал, вагон), ағаш ыдыстар жасауда пайдаланылады.
Ағашты басқа синтетикалық материалдармен ешқашан алмастыруға болмайды. Орманда өсетін ағаштар қағаз, спирт, скипидар, канифоли, глицерин, кір жуғыш нәрселер, смола, жидек ашытқыштар, эфирлы майлар алатын шикізат болып табылады. Ағаштан 20 мыңнан аса әр түрлі бағалы нәрселер өндіруге болады. Ормандарда ауыл шаруашылғы аңшылық ұйымдастырылады, көптеген бағалы шипалы өптер жиналады, жеміс-жидектер дайындалады.
Орманның ауасында адам денсаулығына қажетті жеңіл иондар болады. Соның арқасында орманда демалған адам салқынға көп берілмейді, олардың қан құрамы жақсарады, қанның қысымы төмендейді, шаршағаны басылады, дәлірек айтқанда орманда демалғаннан кейін еңбек өнімділігі артады. Орманның төбесінен өткен су сүзіліп, тазарып шығады, ол лабораторияда сүзгіштен өткен судан артық болады. Орманның далада қар ұстау үшін де маңызы зор. Орманның көмегімен жел және су эрозиясының орын алуына жол берілмейді, осының аркасында топырақтың тұзданып кетуіне тойтарыс беріледі. Ормандарда қар еру процесі ақырын және біркелкі жүретіндіктен қар суымен тасқынның болуына мүмкіндік жоқ, еріген су жерге ақырын сіңіп үлгереді, оның құнарлылығын көтереді, одан асқан су өзендер мен көлдердің деңгейін толтырады. Осыдан көріп отырғанымыздай, орман адам өмірінде, экономикада сан қилы роль атқарады.
Орман түсінігі көп қырлы. Орман биосфераның құрамдарының бір бөлігі болып есептелінеді, жер шары өмірінің белсенді орны болып құралады, өйткені құрамы, құрылымдары тірі ағзалардың тіршілігімен байланысты; географиялық ландшафттың элементі ретінде оны орман ауқымы және орман қоры және т. б. құрастырады.
Орман шаруашылығының негізін қалаушы Г. Ф. Морозов орманға жан-жақтық түсінік берген, яғни орман тек ағаш өсімдіктерінің бір-біріне әсер етумен емес, ал топырақтың және ауаныңқұбылыстарымен жаңа өзгерістер әкеледі. В. Н. Сукачев орманды ормандық биогеоценоз (грек. Био-өмір, гео-жер, ценоз-жалпы) ретінде қарастырған, яғни барлық тіршіліктің, топырақтың, жалпы дамудың әсерімен болатын өзгерістер ретінде.
Қазақстан Республикасының Орман кодексінде орманға келесі түсінік берілген. «Орман - ағаш пен бұта өсімдіктерінің және жанды табиғаттың басқа да компоненттерінің жиынтығы негізінде белгілі бір аумақта қалыптасқан, қоршаған ортамен өзара байланыстағы және маңызды экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәні бар табиғи кешен» [1] .
Орманның адам мен биосфера үшiн маңызы зор. Орман топырақтағы ылғалды сақтай отырып, су балансын тұрақтандырады. Ылғалды жер өсiмдiк жамылғысы мен жан-жануарлардың көбейе түсуiне ықпал етедi. Орманды алқаптардағы жер асты сулары өзен мен көлдердi қоректендiредi. Орман аң мен құстың мекенi, дәрi дәрмектiң өсiмдiктер мен жемiс-жидектердiң панасы әр қолайлы тiршiлiк ортасы болып табылады.
Ормандардың егiстiк алқаптарын қорғаудағы да рөлi зор. Орманды жерде топырақтың, су және жел эрозиясы болмайды. Ал, ормансыз жердiң топырағы кеуiп, шөлге айналады. Ағаштарды қар тоқтату үшiн де отырғызады. Орманның ауаны тазартатын да қасиетi бар. Мысалы: бiр гектар орман бiр күнде 220-280 кг. көмiр қышқыл газын сiңiрiп, 180-200 кг оттек бөлiп шығарады. Яғни ауаның құрамын толықтырып отырады.
Орман сонымен қатар денсаулық сақтау ортасы. Сондықтан курорт пен сауықтыру кешендерi, т. б. демалыс орындарының тек қана орманды жерде салынуы тектен-тек емес. Сирек өсiмдiктердiң қатарына ағаштар да жатады. Оларды кесiп, отап, құрылыс материалы үшiн пайдалануды азайту керек. Қазiрдiң өзiнде Iле шыршасы, самырсын, шетен, ырғау, торанғыл, долана, шырғанақ, емен, т. б. ағаштары қорғауды қажет етiп отыр. Әсiресе орман ағаштарын кесу етек алуда. Орманды қорғаудың ең маңызды бағыты - жасанды жолмен орман қорын көбейту.
Орманды жерге саяхат жасағандағы ең қауiптi нәрсе - өрт. Орманның өрттен басқа да жаулары бар. Олар - орман зиянкестерi, кемiрушiлер, ұсақ жәндiктер, өсiмдiк аурулар паразиттер, санырауқұлақтар мен вирустар. Зиянкестердiң кесiрiнен құрылыс материалдары үшiн дайындалатын ағаштардың 45 пайызы сапасыз болып шығады. Кей жылдары жүздеген гектар ормандағы зиянкестермен үзбей күресуге тура келедi. Олар химиялық және биологиялық күрес жолдарымен жүзеге асады. Химиялық күресте қоршаған орта мен барлық тiрi ағзалар үшiн ұқыптылықты қажет етедi.
Қазақстандағы ормандардың экологиялық ахуалы
Қазақстан бойынша орман қоры республика жерiнiң 9, 7 пайызын құрайды. 1989-2000 жылдардағы цифрларға жүгiнсек, бұл аралықта жылына орта есеппен кем дегенде, 647 орман өртi болып, әрбiр өрттiң зардап шектiрген жерiнiң ауқымы 18, 9 гектар болып келедi. Осы екi жыл iшiнде болған орман өртiнен кем дегенде үш жүз мың гектар орман алқаптары бүлiнген. Бүгiнгi күнге Қазақстан бойынша сексеуiл орман қорының көлемi 5, 4 млн гектар болып отыр. Кейiнгi он жылда сексеуiл өспе ағаштарының жалпы ауданы 591, 2 мың гектарға көбейдi. Бұл негiзiнен сексеуiл ормандары аумағында ағашы кесiлген жерлерде, сексеуiлдiң табиғи ұрықтануына көмектесу шаралары мен табиғи өздiгiнен жетiлу барысында тұрақты тексеру, бақылау. Ормандану дәрежесiнiң төмендеуiне жол бермеу мақсатында, орман қоры жерлерiне сексеуiл тұқымдарын себу арқылы оның көлемiн арттыру iске асады. Сексеуiл ормандарының молаюына Қазақстан Үкiметiнiң 1999 жылғы 29-шы сәуiрдегi «сексеуiл ормандарын сақтау» туралы қаулысы да әсер етуде, қаулы бойынша 1999-2000 жылдары сексеуiл ормандарын кесуге тыйым салынған және осы қаулыға сәйкес Оңтүстiк Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы облыстарында орман орналастыру жұмыстары жүргiзiлген [2] .
1997-1999 жылдардағы Семей өңiрi мен Павлодардағы, Ертiс жағасындағы болған орман өрттерi салдарынан Ертiс жағасындағы қарағайлы ормандардың 230 мыңнан астам гектары құрып кеттi.
Ғарыштық және жер бетi зерттеулерiнiң нәтижесiнде, бұл ормандардың 40-50 пайызы өрттен, орман зиянкестерiмен аурулары және заңсыз ағаш кесу салдарынан зиян шеккен.
Ендi осы аймақтарда ағаштарды ерекше бағалы ормандар қатарына жатқызуға Үкiмет қаулысы дайындалып жатыр, ол жағдайда орман күзету ерекше режим бойынша жүргiзiледi. Оған қоса 2001-2005 жылдары Семей өңiрi мен Павлодар облыстарында толық түрде орналастыру жұмыстары жүргiзiлдi. Жоғарыда атап өткендей орман өрттерiнің көбеюiне байланысты ағашты рұқсатсыз кесу де белең алды.
Ормандардың экологиялық жүйе ретіндегі өзіне тән ерекшеліктері бар:
Біріншіден, адамның әсерінен көп өзгеріске ұшырамаған, табиғи күйде сақталған экожүйелердің бірі;
Екіншіден, бұл жоғары өнімділікпен сипатталатын ағаш, детрит, гумус түрінде зат шоғырланған ең қуатты жүйе;
Үшіншіден, ормандар тірі затқа тән функцияларды ашық көрсететін күшті орта түзуші және ортаны тұрақтандырушы фактор;
Төртіншіден, көптеген жануарлардың мекен ету ортасы;
Бесіншіден, орман - шаруашылықтың көптеген салалары үшін бағалы органикалық өнім мен шикізат көзі болып табылады. Сонымен қатар, орманның санитарлық-гигеналық тынығу, стресс жағдайынан құтылуда, эстетикалық және экологиялық тәрбие берудегі маңызы зор.
Орманды ел арасында тоғай деп те атайды. Орман биологиялық тұрғыдан қарағанда өте күрделі организм. Онда өздерінің өсу заңдылықтары мен ерекшеліктері бар - ағаштар, бұталар, шөптер, аңдар мен құстар, жәндіктер мен микроорганизмдер тіршілік етеді. Орманның негізі - ағаштар мен бұталардан құралады. Бірақ кез келген ағаштар мен бұталар орман бола бермейді. Тек бір-біріне жақын орналасқан, бір-біріне әсер етіп, өсіп тұрған ортасына ықпал жасайтын, соның арқасында өздері де өзгеріп тұратын ағаштар мен бұталар тобы орман болып есептеледі.
Орман пайда болған жерлерде шөптің құрамы өзгеріп, сирейді. Далалық шөптер орман ішінде өсуге бейімделген шөптерге орын береді. Ағаш ішінде түскен жапырақтар, сынған бұтақтар, қабықтар, өсімдік дәндері, өлген жәндіктер мен басқа қалдықтар бірте-бірте көбейе келе қордаға айналып, орман топырағының құнарлуына әсерін тигізеді.
Орман көлеңкелі, көбіне, тымық, жазда салқын, қыста салқын болады. Ағаш ішінің жарықтығы да өзгеше. Оның құрамына, тығыздығына, биіктігіне байланысты жерге жететін жарық мөлшері 5-10 пайыздан 50 пайызға дейін өзгереді. Ағаш жапырақтары көмір қышқылын жұтып, оттегін бөліп шығарады. 1 гектар жердегі орман сағатына 2 кг. дейін көмір қышқылын жұтады. Бұл 200 адамның 1 сағатына бөліп шығаратын көмір қышқыл газына тең.
Денсаулық үшін қарағайлы орманның пайдасы ерекше. Қарағайдың қылқанды жапырақтары мен діңі нерв, тыныс жолы мен өкпе, жүрек пен қантамырларының аурулары сияқты көптеген науқастарға шипалы заттар бөліп шығарады.
Орман шаруашылық мекемесі туралы қысқаша шолу
Еліміздегі бүкіл жер қоры белгілі бір мақсатқа пайдалануына қарай алты топқа бөлінеді: ауыл шаруашылығы қажеттерінің жерлері; елді мекендердің жерлері: өнеркәсіптің, транспорттың, рекреациялық жерлердің, қорықтардың және ауыл шаруашылығынан басқа мақсаттарға пайдаланылатын жерлер; мемлекеттік орман қорының жерлері; мемлекеттік су қорының жерлері; мемлекеттік запастағы жерлер. Осы топқа бөлінген жерлердің ішінен ауыл шаруашылығынан басқа мақсаттарға пайдаланатын жерлер-өнімділігі төмен шөлді аймақтардың экологиялық жағдайы көп қарастырыла бермейді. [3]
Облысымыздың Ойыл ауданы территориясындағы Барқын құмы жоғарыда айтылған өнімділігі төмен-шөлді ландшафт болып табылады, дегенмен осы аймақта жерасты суы деңгейінің жоғары жатуынан болуы керек өсімдіктер және жануарлар түрлеріне бай болып келеді. Ойыл мен Қуырдақты өзендерінің аралығында шөккен түйелердей тізбектеле 18 километрге созылып, ені 7 километрді, 17232 гектардан астам алқапты алып жатқан Барқынның табиғатын, экологиялық жағдайын еліміз түгілі, облыс тұрғындары да біле бермейді.
Барқын құмы-аудан өңірінде ерекше қорғауға алынған жер болып табылады. Барқын құмында 100 жылдан асатын алып қарағайлы орман бар. Барқын құмы көшпелі құм санатына жатады. Құмды тоқтату мақсатында Барқын құмына 1896 жылы полковник Иванов. Н. П. Орынбор қаласынан түйе керуеніне артып, қарағай, қайын, көктерек, қараағаш қөшеттерін отырғызған. Осы Барқын құмының табиғат кешенінің ерешелігі туралы көп жазыла бермейді.
І. Жалпы бөлім
- Орман шаруашылығының орналасқан жері
Ақтөбе облысы - республикамыздың солтүстік-батысындағы көлемді аймақты алып жатыр. Облыс ауданы - 301, 6 мың шаршы км-ге жетеді, бұл Қазақстан аумағының 11, 6%-ын қамтиды. Аумағының көлемділігі жөнінен еліміздің облыстарының арасынан алдыңғы орындардың бірін иемденеді. Ақтөбе облысының аймағы солтүстігіндегі Орал маңы үстірттерінен оңтүстіктегі Асмантай-Матай сорлары, Матай құмдарына дейін созылады. Ал батысында Ақтолағай қырқасы, Ақшатау, Доңызтаудан Торғай қолатына дейінгі алапты алып жатыр. Ойыл селосы Ақтөбе облысының батыс бөлігінің солтүстік кеңдігін 49º пен 50º аралығында шығыс ұзындығының 51º пен 55º аралығында орналасқан [3, 4] .
1. 2 Физико-географиялық жағдайы
Ойыл ауданының территориясына физикалық- географиялық сипаттама
Физикалық-географиялық жағдайы жағынан ауданның мынандай ерекшеліктерін атап көрсетуге болады:
- жер бедерінің басым бөлігі жазықты болып келеді;
- аудандар дала табиғат белдеуінде орналасқан;
- климат жағдайы қатаң, шұғыл континентті;
- гидрографиялық желісі басқа аудандарға қарағанда жақсы дамыған, қолайлы;
Ойыл ауданы облыстың батысында орналасқан. Ойыл өзенінің оң жағасы. Облыс орталығынан 270 км қашықтықта орналасқан. Жер көлемі 150024 га, егістік жері 10862 га.
Бүкіл аудан жерінде ұзындығы 800км болатын Ойыл өзені ағып өтеді. Күн нұрына шомыла, баяулы ғана толқи ағып жатқан өзен осы өңір сұлулығының ажарын аша түскендей. Бейне бір уақыттың өзі тоқтап қалғандай әсер қалдырады. Осы жерден ілгері қарай бірнеше шақырым жол жүрсең болды осы өзен айналып алдыңнан тағы шыға келеді. Бірақ бұл жерде айнала табиғатта өзеннің де өз көрінісі мүлдем өзгеше. Өзен атауымен аудан орталығы да «Ойыл»деп аталған. Бұл өлкенің табиғаты ерекше.
Ерте замандардан-ақ Азияны, Ресейдің және Европаны жалғастырған өзенді қуалай жүрген керуен жолында жәрменке болған.
Мақта өткен «Мақта жол» атаулары сол кездерден қалып әлгі күнге дейін сақталған. Бұл жер жәрменкеге кездейсоқ таңдалмаса керек. Өйткені Ойыл жағасында бой көтерген Қарауылтөбе. Осы төбе басына көтерілген жолаушылар айнала тегіс алақандай болып көрінеді. Төменде ирелеңдей аққан Ойыл, солтүстік батысында Ақшатау көзге шалынса шығыс жақта естіліп жатқан Барқын төбе бауырайында өзеннің көкорай шалғынға оранған жағалауындағы өрісте толы мал жайылады. Жәрмеңкеде жолдан шаршаған жолаушыларда тыныс алуға таптырмайтын жер.
Жолдың бір беті жасыл шалғынға оралған өзеннің қары болса, екінші беті күн шуағы мен қызып толқын-толқын болып жол жиелігіне құлаған шағын құмдар. Ал осы құмдар арасында қарағайлар, топ-топ болып кей жерлерде жеке дара болып бой түзеген осы әсемдік әлемінен неғұрлым тереңде енген сай соғұрлым олардың бойға шипа болып дарыңқырақ күшін қайғынқырақ сезінесін. Сонау 19 ғасырдың өзінде осы жерге көшпелі «Барқын» құмдарын тоқтату мақсатымен ағаштар мен бұталар, алғашқы қарағайлар ұлғайы өсіп ақыры құмдарды тоқтатты. Құмдар астынан 1 метрден астам тереңдікте үлкен тұщы су пайда болды.
Құмдары мен қарағайлар бұл шөлейт ауданда ең таза ауыз суы қорғанына айналып айнала ауылдарды қамтамасыз етіп отыр. Ойыл өзені ауыл шаруашылықта көктемде арнасын тасып жайылып, айналасын ауқымды шабындықтарға айналдырып өзен адам мүктесіне қызмет етеледі. Бөгеттер тұрғызылып жағалауы қалың бұтамен ағаштар өскен. Шағын су қоймалары айнала жарқырап жатыр.
Аудан өңірінде Ақшатау, яғни Борлы тау атты тау орналасқан. Бұл өте әріден келе жатыр. Бұл өлкенің қанша тарихы кұм астында қалды десеңізші. Қырқопа, Мәулен берді сияқты қалалардың аттары тек халықтың жадында ғана сақталған. Бұнда қорғандар қандай тылсым дүниені бауырына басып жасырып жатыр екен. Төбеден асып түссең болды алдыңнан шыға келген «Ойыл» өзені қоштасар сәтте өзінің тағы да бір ғажайып табиғатын алға тартады.
1. 2. 1 Орман шаруашылығының іс-әрекеттерінің қысқаша сипаттамасы
Ойыл орман шаруашылығы 1950 жылға дейін Темір орман шаруашылығының Ойыл орман шаруашылығы бөлімшесі болған. 1950 жылы Темір орман шаруашылығынан бөлініп, өз алдына Ойыл орман шаруашылығы мекемесі болып бекітілген. Екпетал-Ойыл-Орман шаруашылығының әкімшілік орталығы. Ойыл селосының шығысынан-3 км қашықтықта орналасқан. Жалпы шаруашылыққа қарасты жер көлемі 23254 га, соның ішінде орман алқабы -7291 га. Соңғы санақ бойынша халық саны 281 адам. Екпетал мекенінде орман шаруашылығы, мектеп балабақшасы, монша, фельдшерлік-акушерлік пункт, ауылдық кітапхана жұмыс жасайды. 1964-1969 жылдары жеміс ағаштары (алма, шие, өрік) егіле бастады. Жалпы көлемі - 45 га. 1950 жылдан бастап табиғатты қорғау және тұрмыстық шаруашылық міндеттерді толығымен атқарып келді. Алғашқы директоры- Антон Нота. Екпетал елді-мекенінде алғаш рет типтік жобамен мәдениет ошақтары, мектеп балабақшасы, монша, фельдшерлік-акушерлік пункт, ауылдық кітапхана, кеңсе үйі және дүкендер салынды. Кеңсе үйінің ішіндегі үлкен залда кино көрсетілген. Сол кездері әр совхозда жол жиегінде егілген көшеттер қазір жайқалып орман алқабы болып өсіп тұр [4, 5] .
І. 2. 2 Аудан өңірінің гидрогеологиялық жағдайы
Ақтөбе облыслысының өзендері ішкі тұйық алапқа жатады. Тұрақты су ағысы бар өзендер өте аз. Суы жазда тартылып қалатын маусымдық өзендер саны басым, кішігірім көлдерде бар.
Аудан өзендері Каспий теңізінің және тұйық әрі шағын көлдердің алабына жатады. Өзендер, негізінен, қар, атмосфералық жауын-шашынмен, жер асты сулармен қоректенеді.
Өзендердің су деңгейі тек көктемде қар еріген кезде ғана көтеріледі. Сондықтан өзен қоректенуінде атмосфералық жауын - шашын мен жер асты сулары орын алады.
Каспий теңізі алабына жататын өзендерге: Жем (Ембі), Сағыз, Ойыл, Елек өзендері (салаларымен қоса) жатса. Олардың ең ірісі Ойыл өзені. Көп өзендері жазда қара суға айналады немесе құрғап қалады. Ойыл өзені - ұзындығы 800 км, су жиналатын алқабы 31500 км . Бастауын Жем үстіртінен алады. Өзеннің Ақтөбе облыс аумағымен жоғары және ортаңғы ағыстары ағып өтеді. Ірі салалары: Қиыл, Ащыойыл, Кенжалы, Қайынды. Қар суымен, жаңбыр суымен қоректенеді. Жылдық су шығыны - 10, 8 м/сек. Арнасының кеңдігі 20-40м. Жазықтық жер бедерімен ағады. Өзен ағатын тұстармен облыстың мал шаруашылығымен айналысатын аудандары орналасқан. Сондықтан өзен ауыл шаруашылығы үшін қолданылады.
Облыстың материк ішінде орналасуы және кенет құрылықты болуы аймақтың және грунт сулардың кедейшілігі себеп болды. Өзеннің шығу тегі Мұғалджар тауы және Орал-Ембі жазығы. Көп үлкен өзендердің кең жазығы 4-тен 8 км-ге дейін барады. Көлшік ереже бойынша 2 жақты, өзеннің орташа ағысы 0, 7 ден 1 км - ге дейін және 3 - 4 км.
Көлшіктердің сумен толуы көбінесе көктемде, толу ұзақтығы 10 - 15 күн арасында 2 - 6 метрге дейін көтеріледі.
Грунт суымен жамбырдың қызметі маңызды емес. Өзенге құнар беретін қар.
Тайыз сулармен бірге грунттық суларда белгілі бір орын алады. Тайыз грунт сулары көп жерде болмаса да ішуге жарамды.
Ауыл шаруашылық аумағында батпақ жер болмағандықтан гидромелиоративтік мерекелер керек емес [5] .
І. 2. 3 Ауданның топырақ жамылғысы және олардың таралуы, геоморфологиялық құрылымы
Ақтөбе облысының жер бедері туралы мәләметтер 18-19 ғасырларда Орынбор қаласы соның ішінде біз көңіл бөліп отырған, Қырғыз - Қайсақ жазбаларында пайда бола бастады. Ол кезде геоморфологиялық тұрғыда зерттелмегені мен біз көп мағлұматтар ала аламыз. Ауданның негізгі жер бедері үстіртті жазық болып келеді. Облыс аумағының 3\1 бөлігін алап жатқан Жем үстіртінің бір бөлігі осы аудан жер көлеміне енеді. Ойыл өзені басын осы Жем үстіртінен алады. Жем үстіртінің оңтүстік-батысын Құмжарған құм массиві алып жатыр. Аудан орталығының солтүстік батысында Ақшатау - бор түзінділерінен қалыптасқан тау орналасқан.
Геоморфологиялық жағдайына байланысты орман шаруашылық аумағы Орал - Ембі жазығына жатады. Жер бедері біртекті емес болу салдарынан әр түрлілік болып сипатталады. Ойыл өзенінің бір жиегі саздақты орман түрлік жоғары терасса болып келеді. «Барқын» құмы теңіз деңгейінен 85-100 м төмпешіктері өзен көлшіктері кіші және үлкен Қобда, Теріссоққан және Илек аллювиалды - көгалды топырақ болып келеді.
Топырақтың сулы айырықша учаскелері ең көп аумағын алады және олар қою қызғылт - қоңыр, қызғылт - қоңыр, ашық қызғылт - қоңыр топырақ және басқа да түрлерлі бар. Осы топырақтар орманға шегіршін және басқа учаскелерде шыршамен теректер отырғызуға жарамды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz