Ауыл шаруашылығының экономикадағы ролі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе . . .

I. Мәтіндік бөлім.

1. 1. Ауылшаруашылық өндірісінің дамуы . . .

1. 2. Қазақстандағы өнеркәсіп кешені . . .

1. 3. Ауылшаруашылық кәсіпорны . . .

Кіріспе

Біздің кең байтақ қазақ жеріміз қандай жерлерге бай екенің әр қазақ білетін шығар. Ол әрине ауыл шаруашылығы жерлері . Ата заманнан бері осы ауылшаруашылық жерлері қолданылып келе жатыр. Яғни осы жерлеріміз өз пайдасын әр ұрпаққа, және қазақ елінің дамуына біршама себебін тигізіп жатыр деуге болады. Осы ауылшаруашылық жерлерінде ежелден бері мал асырап, содан алынған азықты тамақ ретінде пайдаланып отырды. Яғни, біліп тұрғандай біздің жеріміз ауылшаруашылық жерлеріне өте қолайлы.

Қазақстандағы ауыл шаруашылығын осылайша сипаттауға болады:

  • мал шаруашылығы мен жүн, тері өндірісінің жоғары даму белгілері;
  • өсірілетін дақылдар көбінесе мақта, майлы, жеміс-жидек және дәнді дақылдар болып келеді;
  • Қазақстан ұн және бидайдың әлемдегі 10 ірі жеткізушілерінің бірі болып табылады;

Ауыл шаруашылығының экономикадағы ролі:

Ауыл шаруашылығы экономикамыздағы ең жетекші роль болып саналады. Жыл сайын елдің бюджетіне өзінің 38 пайызын беріп отырады. Елдегі жұмыстың 16 пайызы осы ауыл шаруашылығына негізделген. Айта кетсек, Қазақстанда ауыл шаруашылығы 1 адамға шақ келгенде 967 кг көрсеткішпен астық өнімі бойынша әлемде 2 - ші орында жайғасып тұр, бірақ дегенмен мал шаруашығының өте төмен болып келеді, және еліміздің бұл саладағы көрсеткіші әлем бойынша - 142 орын.

Қазақстанда негізгі ауыл шаруалығы бойынша екі сала бар:

  1. Өсімдік шаруашылығы- ауыл шаруашылығының негізгі түбірі болып табылады. Ел аумағында жүгері, сұлы, арпа, қарақұмық, жаздық бидай және т. б. өсіріледі. Майлы дақылдар және де қант қызылшасы айтарлықтай жерді алып жатыр. Сонымен қатар, жүзім, қауын, алма, картоп және мақтаны атауға болады.
  2. Елдегі мал шаруашылығы. Елімізде көбінесе ірі қара, сонымен қатар ешкі, шошқа, түйе, жылқы және қой өсіру басым дамыған.

Қазақстандағы ауыл шаруашылығы биліктің демеуімен дамуда. Олар жүргізетін негізгі реформаларға келсек:

  • ауылдық жерлердегі халық жағдайының деңгейін арттыру;
  • аграрлық елді-мекендегі халықты сумен, газбен және электрмен қамтамасыз ету;
  • ауыл жолдарын жөңдеу және салу.

Ауыл шаруашылы саласын дамытудағы негізгі мәселелерге келсек:

  • Ауыл шаруашылығына қаржыны жеткіліксіз бөлуі;
  • етті басқа елдерге жіберу үшін мал басын көбейту қажеттілігі;
  • егінді сақтауға арнайы қоймалардың жетіспеушілігі;
  • көне техникалық және материалдық базаның болуы.

Осы айтылғандардың бәріне қарап отырсақ, әлі де Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына көп көңіл бөлінуі қажет екендегі байқалады. Бұл жағдайға қарасақ табиғи және адами ресурс тапшылығы байқалады. Негізгі мәселе - бұл осы заманғы фермерлік нысанға көшу соңына дейін барған жоқ, және де бұл салық аударымдарын бақылауды айтарлықтай қиындатады.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласына бюджеттің жеткілікті бөлінбейтінін де атап өткен жөн.

Осы ауылшаруашылық мәселелерін шешу үшін, және де еліміздегі ауылшаруашылығымыздың дамуы үшін ауылшаруашылық кәсіпорындарының көбірек ашылуына көңіл бөлінуі тиіс. Осындай ауыл шаруашылығына қолайлы көп жерімізді неге пайдаланбасқа? Сондықтан да осы дипломдық жұмыс ауыл шаруашылығы кәсіпорнының жобасын құруға бағытталған.

I. Мәтіндік бөлім.

1. 1. Ауылшаруашылық өндірісінің дамуы

Ауыл шаруашылығы - кез-келген елдің экономикасының ең маңызды бөлігі, оның экономикалық - әлеуметтік дамуының көрсеткіші, азық-түлікпен қамтамасыздандыруының кепілі және халықтың әл-ауқатының көрсеткіші болып табылады. Елдің дамыған ауыл шаруашылығы саласы оның экономикасының жоғары және сапалы екенін дәлелдейді. Кез келген мемлекеттің міндеті - елді - мекенді, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету. Егер мемлекет халықты азық-түлікпен қамтамасыз етпесе, онда басқа компонеттер мүлде маңызды емес.

Қазақстан Республикасы елдің азық - түлігін қамтамасыз етуге, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібін дамытуға, өнімдер өндірісінің көлемінің өсуін және осы өнімді әлемнің аса ірі 10 экспорттаушысының қатарына кіруді қамтамасыз ету міндетін іске асыруға қабілетті және орасан мүмкіндікке ие.

Елді азық-түлікпен қамтамасыз ету елдегі экономоикалық қауіпсіздікті ұстауға көмектеседі және ел өз тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз етуге тиісті. Ауыл шаруашылығы елдің экономикасында өте маңызды орын алады және де экономиканың дамуы ішкі саясатқа, экономикаға байланысты. Сондықтан азық-түлік қауіпсіздігі қазіргі уақытта аграрлық бақылауда жүргізіледі, және де ауыл шаруалығы осыған байланысты жіті бақылауды талап етеді. Қазақстанда аграрлық бағыт Қазақстан экономикасының державасы болып саналады. Бұл таңқаларлық емес, себебі көп елдерге қарағанда ауыл шаруашылығын одан әрі қарай дамытуға Қазақстанда мүмкіндік зор. Сонымен қатар, еліміздегі көп аймақтың климаты осы ауыл шаруашылығындағы мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығының әр түрлеріне қарай өсуіне, дамуына қолайлы жағдай жасайды. Өкінішке орай, қазіргі уақытта аграрлық бағытқа қойылған міндеттер өз ісін жүзеге асыра алмай жатыр. Атап айтқанда, еліміздегі импорт пайызы экспорт пайызынан жоғары болып табылады, қысқаша айтқанда ауыл шаруашылығы өнімдері көбінесе елдің ішінде қана қолданылады, яғни сырт елдерге көп жіберіле бермейді. Көбінесе басқа шикізат заттары көп экспортталады.

Қазақстандағы ауыл шаруашылығын дамыту - бұл ұзақ, көп еңбекті қажет ететін және де өте қажетті процесс. Экономика салаларын шикізатпен және халықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету үшін жаңа бағытқа қарай көшіп, мемлекет және халық жақтан үлкен қолдауды қажет етеді. Яғни, мемлекет тарапынан бюджеттің бөлінуі және осы ауыл шаруашылығын алдыға кою мәселесі, ал халық жағынан осы бағытқа еңбек күші қажет етіледі.

Н. Ә. Назарбаевтың "Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Қазақстан еліне Жолдауында: "Қазақстанның аграрлық секторы үлкен экспорттық мүмкіндіктерге және инвестицияларды енгізу үшін жоғары әлеуетке ие. Әлемде азық-түлікке деген қажеттілік жыл сайын артып келеді. Бұл мүмкіндікті біз жіберіп алмаймыз " деген сөзінде үлкен мағына бар.

Әрине, мемлекет агроөнеркәсіп секторының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған проблемаларды шешу үшін шараларды қабылдауда - қаржыландыру бөлімі ұлғаюда, жаңа бағдарламалар дайындалуда, мемлекеттік қолдаудың бағыттары қабылдануда. Тәуелсіздік алғаннан бері, еліміз аяққа тұрғаннан бері осы ауыл шаруалығы статистикасы оң деңгейде келе жатыр, яғни осы салаға көп көңіл бөлініп жатыр, және әр түрлі ауылшаруалышылық объектілері салынып жатыр. Бірақ бұған қарамастан, ауыл шаруашылық өндірісінде үлкен мәселелер көп. Оның ішінде: қажетті ауыл шаруашылық техникаларының көнелігі, білікті мамандардың аздығы, ауыл шаруашылығына бюджеттің оңтайлы бөлінбеуі, техникаларың тозуы, т. б. секілді. Яғни осы ауыл шаруашылығының дамуына кері әсерін тигізіп отырған, осы ауыл шаруашылығының ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілетсіздігінен. Яғни біздің қоғамда, елде іштегі материалдан сырттағы материалдар сапалы қолайлы және арзан деген стеретотип қалыптасқан. Алайда, тәжірибе көрсетіп отырғандай, отандық нарыққа келетін импорттық өнім әрқалай қойылатын талаптарға сәйкес келе бермейді. Біздің алдымызда өте маңызды міндет тұр яғни ауыл шаруашылық экономикасын дамыту және одан әрі жетілдіріп, нарықты орын алатындай деңгейге жеткізу.

Қазақстанның аграрлық бағыты мынадай сипаттамаларға ие:

- ауыл шаруашылығы жерлерінің жалпы ауданы-222, 6 млн. га, оның ішінде егістіктегі көлемі 24 млн. га (10, 8%), шабындықтар көлемі 5 млн. га (2, 2%), жайылымдар көлемі 189 млн. га (85%) құрайды;

- ауыл елід мекенінің халқының саны - 7, 3 млн. адам немесе ел халқының жалпы санының 47, 2% ;

- топырақ пен өсімдік жамылғысының көлденең және тік зоналылығы анық көрінеді. Орманды дала және дала аймақтарында барлық жерлердің 10% - ын алып жатыр, шөлейт және шөлді аймақтарда - шамамен 60%, таулы аймақтарда-шамамен 5% алып жатыр;

- елдегі түгелдей барлық егіншілік аймақтары жылдық жауын-шашынның төмен мөлшерінде сипатталады, яғни - 150-320 мм;

- теңізге шығуға мүмкіндіктің болмауы, бұл сыртқа нарыққа шығу үшін айтарлықтай қиындық тудыртады;

- маусымаралық кезеңінде қант, өсімдік майы, көкөністер мен жемістер сияқты өнім түрлерін алмағанда, көптеген азық-түлік өнімдері бойынша өзін-өзі қамтамасыз ете алады;

- солтүстік өңірлердің астық дақылдарын өсіруге және мал шаруашылығына қарай бағыт бұрып, дамуы; оңтүстік өңірлерде арнайы суарылатын дақылдардың (дәнді, жеміс-жидек дақылдары, көкөністер, мақта) үлкен әртараптандырылуы бар) ;

- ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 1990 жылы 50, 8 млн. теңгені құраса, 2014 жылы 2509906, 8 млн. теңгені құрады, яғни біршама өсті деген сөз;

- бидай мен ұнның ірі экспорттаушысы болып табылады (әлемдік экспортта 10 орын алады), сонымен қатар мақта (15%), былғары және жүн (25%) елдегі ауыл шаруашылығының өнімдерінің жалпы экспортында үлкен маңызға ие) ;

- мал шаруашылығы саласы Қазақстан үшін өте маңызды роль атқарады, бұл кезекте малдардың 90% - ға жуығы халықтың үй шаруашылықтарында орналасқан;

- ауыл шаруашылығы техникасы орталығының орташа жасы шамамен 13-14 жылды құрайды, пайдаланудың нормалық мерзімі 7-10 жылды құрайды; қолданыстағы ауыл шаруашылығы техникасы орталығының 70% - ы-1991 жылға дейін өндірілген;

- ауыл шаруашылығы бағытына қаржылық жағынан бюджеттің дұрыс бөлінбеуінде.

Ауыл шаруашылығын көтеру мақсатында соңғы он жылда үлкен қаржы ресурстарымен нығайтылған Ауыл шаруашылығын дамыту және қолдау жөніндегі мемлекеттік және салалық бағдарламалар қабылданды.

Статистика комитетінің мәліметтеріне келсек экономиканың ауыл шаруашылығы саласы 2015 жылғы қаңтар-сәуір кезеңіне 2014 жылғы қаңтар - сәуірге қарағанда % арақатынаста 2, 9% - ға көтерілгенін көрсетті.

Үкімет пен ауыл шаруашылығы министрлігінің міндеті - соңғы жылдары қалыптасқан аграрлық сектордың даму қарқынын тоқтатпау, халықаралық дағдыларға сәйкес қазіргі заманғы технологиялар базасында ауыл шаруашылығы өнімдерін барынша импорт алмастыру үшін жағдай жасау.

  1. 2. Қазақстандағы өнеркәсіп кешені

Біздің Қазақ жеріміз 18, 5 миллион адамнан тұратын Орталық Азияның ішіндегі ірі елдің бірі болып табылады, ол өзінің көлемі жағынан елдер бойынша сегізінші орын алады. Көмір және түсті металл, мұнай, газ өндіру жағынан дамыған өнеркәсібі, металлургия және металл шығаруы, машина жасау, химия және жеңіл өнеркәсібінен бөлек Қазақстанның агроөнеркәсіп жағынан маңызды орын алады. Ауыл шаруашылық жерлері бойынша негізгі көлемін 222, 3 миллион га құрайды, оның ішінде егістік жерлері 36 миллион га құраса, жайылымдық жерлері 182 миллионнан көп га және шабындық жерлері 5 миллион шамасындағы га құрайды. Әрбір адам басына келгенде 2, 2 га жерден келеді. Бұл дүние жүзіндегі мыңдаған елдерге қарағанда ауыл шаруашылығының дамыған көрсеткішін көрсетеді. Соңғы жылдардың айналасында жыл сайын орташа есеппен алған кезде 24 миллион тоннаға жақын астық өнімдері, 1, 5 миллион тоннаға дейін жететін ет, 3, 5 миллион тоннадан көп сүт және 100 мың тонна шамасында жүн өндірілді. Қазақстанда ауыл шаруашылығы дақылдарының көптеген түрлері өсіріледі, оның ішінде көбінесе сүтті ірі қара, жүнді, майлы және қаракөл қойлар, жылқы, түйе, шошқа, құстар, балық, және аң шаруашылығы бар. Республиканың агроөнеркәсіп кешеніндегі негізгі сфералар олар машина шығару, микробиологиялық және химиялық сфералармен айналысады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономика пәнінен дәрістер
Әлемдік шаруашылықтың даму кезеңдері
Нарықтық жүйенің сипаттамасы мен дамуы
Аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі (Моңғолия Республикасының Баян-Өлгий аймағының мысалында)
Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа кезеңі
Қазақстандық коммерциялық банктерінің банктік несилерінің ел экономикасының негізігі салаларын несиелеу
Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық мәні мен оның обьектілері
ҚР сыртқы сауда саясаты
Қазақстан жағдайына шетелдік тәжірибені пайдаланудың мүмкіндіктері
Экономикалық өсу жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz