Тары өздігінен тозаңданатын өсімдік



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КеАҚ

Егіншілік және өсімдік шаруашылығы кафедрасы

Ғылыми-зерттеу іс-сана бойынша
ЕСЕП

Тақырыбы: Ақмола облысы жағдайында тарының (Panicum) отандық және шет елдік коллекциясы сорттарының өсіп-дамуының алғашқы кезеңінде тұзға төзімділігін бағалау

Ғылыми жетекшісі: б .ғ.к., Бегалина А.А.
Магистрант: А. Молдабаева

Нұр-Сұлтан 2020

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
3
1
Әдебиетке шолу
4

1.1
Тарының халықшаруашылық және малазықтық маңызы
4

1.2
Тарының морфологиялық және биологиялық белгілеріне сипаттама
7
2
А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы ЖШС-нің осы заманғы жағдайы
8

2.1
А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы ЖШС-нің өндірістік сипаттамасы
9

2.2
Шаруашылықтың климаттық және метеорологиялық жағдайлары
11
3
Зерттеу жүргізудің бағдарламасы және әдістемесі
13

3.1
Зерттеу жүргізудің бағдарламасы және әдістемесі
13

3.2
Зерттеу тәжірибесінің агротехникасы
16
4
Зерттеу нәтижелері
18
Қорытынды
26
Қолданылған әдебиеттер тізімі
27

КІРІСПЕ

Тұздану сияқты абиотикалық фактор дүние жүзінде көптеген дақылдардың өнімділігінің қатты төмендеуіне алып келеді. Жер шары топырақтарының 25%-ның құрамында тұз қалдықтары бар. Топырпақтартың тұздануы ауылшаруашылығына үлкен шығын алып келеді [1].
Тұзданған жерлердің аудандары екінші реттік тұздану процестерінің нәтижесінде тұрақты және едәуір ұлғаюда, бұл жыл сайын өсімдік шаруашылығының көптеген салаларына үлкен зиян келтіреді және климаты құрғақ аудандарда әртүрлі ауылшаруашылық дақылдарының алқаптарын кеңейтуді шектеп отыр [2, 3].
И. Сабольчевтің болжамы бойынша дүниежүзіндегі тұзданған жерлердің жалпы ауданы 950 млн гектарды құрайды [4]. Қазақстан Республикасында 35,3 млн. гектар жердің топырағы тұзды және бұл көрсеткіш ауылшаруашылық алқаптың 16,4%-ын құрайды. Топырақтың тұздануы ауылшаруашылық дақылдарының құрамы мен қасиетіне кері әсер етіп, нәтиежесінде өнімділігінің төмендеуіне алып келеді. Топырақтың әлсіз тұздануы әсерінен жылына өнімділіктің 20%-ы, ал күшті тұзданған жағдайда 70-80% -ға дейін төмендеуіне ықпал етеді [5].
Бұл іс жүзінде белгілі бір өсімдік түрінің тұзға төзімділігі мен оның құрамындағы ергіген тұздың сандық мөлшері. Агрономиялық тұзға төзімділік , топырақ тұздануының өсімдік өнімділігінің төмендеу деңгейі мен аталған сорттың тұзданбаған жердегі өнімділік мөлшерімен сипатталады.
Өсімдіктің тұзға төзімділігін анықтауда биологиялық және агрономиялық тұзға төзімділік көрсеткіштері қолданылады. Биологиялық тұзға төзімділігі, өсімдіктің өзінің дамуының онтогенетикалық кезеңін толықтай аяқтап, пісіп жетілген тұқымдар шығара алу қабілетімен сипатталады [6].
Өсімдіктің тұзға төзімділік қасиеті оның өсіп жетілу фазасына, онтогенездік кезеңінің өзгерісіне байланысты болады. Белгілі болғандай, өсімдіктің тұзға сезімталдығы өсімдіктің өсіп жетілуінің ювенильдік кезеңіне сәйкес келеді. Бұл кезеңде егін көгі пайда бола бастайды, егер бұл кезеңде тұздану орын алса, онда өсімдіктің қарқынды өсуіне әсер ететін метаболизм процесі бұзылады.
Тұқымдардың қалыптасу фазасында өсімдіктің өсуіне тұзданудың әсерін байқауға болады [7]. Одан бөлек, топырақтардың әркелкі тұздануының салдарынан, өсімдіктердің тұзға төзімділігін далалық жағдайда анықтау тиімсіз әрі мүмкін емес болып саналады. Сондықтан да, мұндай зерттеу жұмыстарын зертханалық жағдайда бақылай отыра, жүргізген тиімдірек. Осыған орай, әртүрлі ауылшаруашылық дақылдарының тұзға төзімділік қасиеті, тұқымдарының пісіп жетілу кезеңіне сәйкес жүргізілді [8-14].
Жұмыстың мақсаты - Ақмола облысы жағдайында тарының (Panicum Milliaceum L.) отандық және шет елдік коллекция сорттарының морфометриялық белгілері арқылы тұзға төзімді үлгілерді іріктеп алып, оларды селекция процесінде будандастыру жұмыстарына қолдану.
Міндеттер:
- зертханалық жағдайда әр түрлі концентрация қолдану арқылы тары сорттары және сорт үлгілерінің тұзға төзімділігіне скрининг жүргізу;
- тұқымдардың өнуін, өскіндердің биомассасын, тамыр мен өскіндердің ұзындығын тұздану жағдайында анықтау;
- тары коллекциясын Ақмола облысы жағдайында егу және оларға фенологиялық бақылау жүргізу;
- скрининг нәтижесінде іріктеліп алынған тұзға төзімді үлгілерге будандастыру жүргізу;
- тары коллекциясына құрылымдық элементтері бойынша талдау жасау.

1 Әдебиетке шолу
0.1 Тарының халықшаруашылығы және малазығындағы маңызы

Кәдімгі тары (Panicum miliaceum L) 400-ге жуық түрі бар құнды ауылшаруашылық дақылы болып саналады [15].Кәдімгі тарының малазықтық, өндірістік, қолданбалы саяси маңызды дақыл ретінде әлемнің 30, соның ішінде Еуропаның 18 елінде өсіріледі. Қазіргі таңда егістік тарыны негізгі өсіруші 5 мемлекет бар: Ресей, Үнді, Қытай, Украина және АҚШ [16, 17]. Өсімдіктердің тұзға төзімділік классификациясына жүгінсек, тары тұзға төзімділігі төмендердің қатарына жатады. Өсімдіктің тұзға төзімділігін анықтайтын көрсеткіштер ретінде: өскіндердің биомассасы, тұқымдардың өнгіштігі, тұзданудың белгілі бір көлемінде өсіп жетілу және т.б. қарастыруға болады [18]. Өсімдіктің тұзға төзімділік мәселелерін шешудегі негізгі бағыт - көрсетілген талаптарға сәйкес тиімді, тұзға төзімді сорттарды шығару болып табылады. Сондықтан да, өсімдіктің тұзға төзімділік қасиетін онтогенезінің ерте сатысында анықтаған өте маңызды [19]. Бұл зерттеу жұмыстары генотиптердің тұзға реакциясын болжау үшін морфометриялық көрсеткіштердің өзгеруі негізінде, онтогенездің ерте кезеңінде тары үлгілерінің коллекциясын скрининг арқылы тұзға төзімділікті бағалауға және кейіннен оларды селекциялық үдерістерде қолдана отырып, тұрақты формаларын анықтауға негізделген.
Тарының мал азықтық құндылығы да жоғары. Тары астығы мен мекені де құстар үшін теңдесі жоқ азық. Олармен құстарды азықтандырғанда жұмыртқа өнімі мен оның қабығының беріктігі жақсарады. Астыққа өсіргенде тарының сабаны мен мекенінің өнімі астығынан 1,5-2,5 есе артық болады. 1 кг тары сабанында 0,41 кг а.ө. және 25 г протеин болады[20].
Тарының құрамында крахмалдың көп болуы, шошқалар мен құстарды семіртуге пайдалануға мүмкіндік береді. Тары мен онан жасалған ботқа тауық пен үйрек балапандарын өсірудегі еш нәрсемен алмастырмайтын азық. Тауықты тарымен азықтандыру - олардың жұмыртқа туғыштығын көтереді және жұмыртқа қабығының беріктігін жақсартады. Қаздарды бордақылау үшін тары ұнын қайнатуға карттоппен немесе тамақ қалдықтарымен араластырып пайдаланады. Бұл азықты шошқаға да беруге болады, олар сүйсіне жеп, жақсы ет жинайды.
Тары бірнеше дақылдарға жақсы алғы дақыл. Өзінің биологиялық мүмкіндіктеріне байланысты тары жоғары өнімді дақыл және дұрыс өсіру технологиясын қолданғанда өте жоғары өнім бере алады. Қостанай, Павлодар ж.б. облыстардың озат шаруашылықтары кезінде үлкен егістік алқаптардан қолайлы жылдары әр гектардан 17,1-22,5 ц және одан да жоғары астық өнімін жинаған. Қазақстан тары өнімі бойынша дүниежүзілік рекорд елі болып табылады. Ондай өнім ұлы Отан соғысы жылдары Социалистік Еңбек Ері Ш.Берсиевпен өсірілді. 1943 ж. Ақтөбе облысының Құрманов атындағы ұжымшарында суармалы жағдайда 4 га егістіктің әр гектарынан 201 ц тары астығы жиналды. Бұл дегеніңіз тары дақылының әлеуетті (потенциалды) мүмкіндігі зор екенін көрсетеді.
Астық дақылдарымен салыстырғанда, тарының жапырағы жалпақтау, ол жапырақ тақтасынан және буынаралығын жауып тұратын қынаптан тұрады. Өзінің негізімен сабақ буынына жабысып тұрады. Жапырағы жасыл, әртүрлі, жапырақ шеттері үшкірленген, жалпақтығы 4,5 см-ге дейін және ұзындығы 80 см-ге дейін жетеді. Жапырақтар тік және әртүрлі деңгейде еңкейген болады.
Өсімдіктің жапырақтарының ауданын дамудың әр кезеңінде зерттеу тары тәріздес дақылдардың жапырақ ауданының ең үлкен көрсеткіші гүлдену
кезеңінде болатынын көрсетті.
Тары тек жазғы түрінде ғана өсіріледі. Тары сорттары вегетациялық кезеңінің ұзақтығына қарай көптүрлілігімен ажыратылады: 50-70 тәулікте пісетін ерте сорттарымен қатар, 100-120 тәулікте кеш пісетін сорттары да бар. Қазақстанда өсірілетін сорттарының вегетациялық кезең ұзақтығы 75-85 тәулік.
Тарыда, басқа да дәнді астық дақылдары сияқты, алты өсу және даму кезеңдері бар: көктеу, түптену, түтікке шығу, шашақтану, гүлдену және пісу. Себуден егін көгіне және көктеуден түптенуге дейінгі кезеңаралық ұзақтығы барлық экологиялық - географиялық топтарында шамамен бірдей және топырақ температурасы мен ылғалдылығына байланысты өзгереді. Егін көгі сепкеннен 3-20 - тәулікте пайда болады, ал түптенуі көктеуден кейін 10-30 - тәулікте жүреді. Көктеуден шашақтануға және шашақтанудан пісуге дейінгі кезеңаралық ұзақтық тиісінше 25-80 және 25-30 тәулікті құрайды, ол ауа-райына және сорттың пісу мерзіміне байланысты [20].
Тарының тамыр жүйесі үлкен тереңдікке бойлауымен ерекшеленеді (2-3 м-ге дейін) және едәуір топырақ қабатын қамтиды. Бұл өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігін және күшті жел соққанда жатпауын қамтамасыз етеді. Тамыр шашақты болып келеді, жан-жағына жақсы тараған (1-1,2 м-ге дейін).
Топырақ температурасы 6-100С тамыршалардың өсуі мүлде ақырындайды, 180С дейін жылынғанда түп және түйін тамырларының өсуі мен бұтақтануы күшейе түседі. Жоғары температурада және топырақтың беткі қабаты шапшаң кебе бастағанда түйін тамырлардың қалыптасуы тоқтап қалуы да мүмкін. Тары өсімдігіне тән сипат - алғашында тамыршалардың өсуі өскіндерге қарағанда тезірек. Тамыр жүйесінің негізгі массасы шашақтануға дейін түзіледі. Гүлдегеннен кейін тамыр жүйесінің массасы шамалы ғана артады [21].
Тары өздігінен тозаңданатын өсімдік. Гүлденуі шашақтанудан 2-8 тәулік соң басталады және ол таңғы 08-ден 1500-сағ. аралығында шашақтың жоғары бөлігінен бастап жүреді. Бір гүлдің гүлдену ұзақтығы 15-40 мин., ал бір өсімдіктегі шашақтың гүлденуі сорт пен ауа-райына байланысты 6-20 тәулікке созылады. Тарының маңызды биологиялық ерекшелігіне оның жоғары өнімділігі жатады. Сіпсебас жалпы массасы 8-10 г болатын 600-1200 дән қалыптастырады.
Басқа дәнді дақылдардан тарының ерекшелігі, оның жапырақтары мен сабақтары жинағанша жасыл болып тұрады. Бұл тамыр жүйесінің жапырақ түзілуден соң ұзақ уақыт қызмет атқарып, жер бетіндегі органдарды қажетті қорек элементтерімен қамтамасыз етіп тұратынын көрсетеді. Бұл қасиеттің жақсы жері - қуаңшылық болған жағдайда дәннің толысуы сабақтар мен жапырақтардың қоректік заттары есебінен жалғасуы мүмкін [22].
Тары тұқымы айқын байқалатын егін жинағаннан кейінгі пісіп жетілу кезеңімен ерекшеленеді, сақтауда 20 жылға дейін өнгіштік қабілетін сақтайды және өз массасының 25-34 % ылғалды сіңіргеннен кейін өне бастайды.
Тары өсу жағдайларын жақсартуға өте жоғары талап қояды. Ол - жылусүйгіш өсімдік. Оның тұқымдары 5-100 С жылылықта ақырындап өне бастайды, ал 15-200С-да - шапшаң көктейді (3-4 тәулікте). Вегетациясының бас кезіндегі төменгі температура тарының баяу өсуін одан сайын төмендетеді, ал ұзақ мерзімді орташа температура 6-100С және бұлыңғыр ауа-райы фотосинтезді әлсіретеді де егін көгінің опат болуына ұрындырады. Төменгі температура шашақтану мен пісу кезеңдерін ұзартып жібереді. Тары бозқырауды нашар көтереді, алғашқы 1-2 жапырақ кезеңінде төзімдірек болғанымен - 2-30С - жарақаттанады және - 3,5-40С - да опат болады; 3-жапырақ кезеңінде өсімдіктері тіпті - 1,50С-да жарақаттанады, гүлдену кезеңінде - 1,20С бозқырауға сезімтал; пісу кезеңіндегі егістік ондай бозқырауда сирек жарақаттанады. Өсіп-жетілу кезеңінде сорттарына байланысты тарының белсенді температура жиынтығы 1800-20000С аралығында өзгереді.
Тары - негізінен ыстық және құрғақшылықты климат өсімдігі. Оның өнуіне тұқым массасының 25% ылғал жеткілікті, транспирациялық коэффициенті - 200-250. Бүкіл қажетті ылғалдың 90%-ын тары түптену кезеңінен кейін шығындайды. Тары өсу және даму кезеңдерінде ылғалды әркелкі шығындай отырып тіршілігінің алғашқы үштен бірінде барлық ылғалдың 27%, екіншісінде - 41%-ын, соңғысында - 33%-ын пайдаланады. Ылғалды барынша көп қажетсінуі оның шашақтану кезеңіне сәйкес келеді [23].
Тары дақылы ұзақ мерзімде ылғал тапшылығын көтеруі мен тамыр жүйесінің айтарлықтай бөлігінің топырақ бетіне таяу орналасуы оның құрғақшылықты жылдары кеш түсетін аздаған жауын-шашынның өзінде тез өсіп, жоғары өнім беру қабілетімен ерекшеленеді, ал мұндай жағдайда басқа астық дақылдары анағұрлым төмен астық өнімін береді. Ылғалға қажетсінуі шамалы болғанымен тары астықтан мол өнім қалыптастыру үшін топырақ ылғалдылығын суару немесе басқа да тәсілдермен молайтуды қалайды.
Тары - қысқа күннің өсімдігі, жарық күннің ұзақтығы оның вегетация кезеңін ұзартып жібереді. Алайда сібірлік сорттар жарық факторына онша әсер ете қоймайды және ұзақ жарық күннің өзінде жақсы пісіп жетіледі. Дегенмен тары дақылы пісу кезеңінде басқа астық дақылдарымен салыстырғанда жарық сүйгіштігімен ерекшеленеді. Тары - кұрғақшылыққа төзімді дақыл. Суды үнемдеп пайдалануы ыстықта жапырақ устьицаларының жабылуымен түсіндіріледі. Тамырдан жапыраққа суды тасымалдайтын тканьдар, тарыда басқа дақылдарға қарағанда жақсы дамыған, сондықтан оның тамырлары құрғақ топырақтанда ылғалды сорып алатындықтан, құрғақ уақытта да ол сумен жақсы қамтамасыз етіледі.Әсіресе тұтас шашақты тары сорттары толысудан дәннің пісу кезеңіне дейінгі аралықта жарыққа жоғары талап қояды - жаздың екінші жартысындағы бұлтты, бұлыңғыр ауа-райы дәннің қалыптасу кезеңін кешеуілдетіп, тары вегетациясын ұзартып жібереді [24].

0.2 Тарының морфологиялық және биологиялық белгілеріне сипаттама

Тары - біржылдық мәдени дақыл, тары тәріздес астықтардың ерекше тобына кіреді. Бұл астықтар нағыз астықтардан (бидай, арпа, қарабидай, сұлы) дәнінде ұзын сызығы жоқтығымен ерекшеленеді және бір алғашқы тамыршамен өседі.
Кәдімгі тарының гүл шоғыры - кәдімгі шашақ немесе сіпсебас деп аталады. Оның бас бөлігі түзу немесе әртүрлі дәрежеде сынған, ұзындығы да әртүрлі. Одан екінші дәрежелі бұтақтары өсіп шығады, кейінгісінен үшінші дәрежелі т.б. Әрбір бұтақ көп жүйелі жарғақты үш масақ қабықшалары бар масақшамен аяқталады. Гүл қабықшалары (қауыздары) көп жүйкелі, тегіс, нәзік, жылтыр, ақ немесе ақшыл түсті, дәнмен жабыспайды.
Сабағы - 5-7 түйін аралықты сабан, іші қуыс, түкті, жер үсті бұтақтануы да мүмкін. Тарының бұтақты және бұтақшасыз сабақтары цилиндрге, іші астаушаға ұқсайды. Әр сабақ бірінен соң бірі рет-ретімен орналасқан буындардан тұрады. Өсімдіктің өсу жағдайына орай оның буын сандары төрттен онға дейін болады. Түптену кезеңінде тары өсімдігі түбі иіліп немесе қисайып немесе жартылай қисайып тұрғандай құлап жатқандай формада болады. Тары жиі себілген және ылғал жеткілікті болған жағдайда өсімдік түбі тік болып жетіледі. Тары өсімдігінің алғашқы өсіп-жетілу кезеңінде ауа райы қолайлы келіп, ылғал мен қоректік заты жеткілікті болса, оның сабақ буындарынан бұтақтар және бүйір жанама бұтақтары шығып, олардың көбі шашақ тастап, дән алады. Әдетте, тары шашағы қалыптаса бастаған кезден кейін ғана жанама бұтақшалары пайда бола бастайды. Сол қосымша шашақтар ұсақ әрі дәнсіз келеді.
Кәдімгі тарының тамыр жүйесі шашақты. Екінші топтың барлық дақылдары сияқты тары да бір тамыршамен өнеді және кейіннен түптену буынынан екінші, немесе түптену тамырларын түзеді, олар 1 м тереңдікке дейін бойлайды. Алайда, тамырлардың негізгі массасы топырақтың 0-20 см қабатында шоғарланады, ауа-тірек тамырларын қалыптастыруы мүмкін. Тамырының негізгі массасы шашақтанғанға дейін пайда болады. Содан түптенгенге дейін тамыры тәулігіне 2 см, түптенуден бас жарғанға дейін тәулігіне 3 см өсіп отырады. Ал гүлденген кезден бастап тарының тамыр массасы онша өспейді. Әрине, тарының жер нәрімен жақсы қоректеніп, тез өсіп-жетілуіне негізгі тамыр басты рөл атқарады. Дегенмен, ол жүгерінікі сияқты, сабақ буындары арқылы пайда болатын тірек тамырлары арқылы да еркін қоректене алады. Жоғарғы топырақ қабаты құрғап қалған жағдайда негізгі тамыр жүйелері нашар дамиды, сондықтан қатты желдің әсеріне төтеп бере алмайды [25].

2 А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы ЖШС-ніңтопырағы мен климат жағдайы

Зерттеу жұмыстары А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығының жемазықтық селекциясы бөлімінің тәжірибелік учаскесінде жүргізілді.
Тәжірибелік учаскенің топырағы - жыртылып өңделетін қабатында қарашірік мөлшері 3,6- 4,1%, жалпы азот - 0,31%, фосфордың жалпы жинағы - 0,12-0,15% көлемді құрайтын оңтүстік карбонатты қара топырақтар, ал механикалық құрамы бойынша жеңіл саздақ топырақ. Қарашірік қабатының қалыңдығы 50-55 см құрайды. Фосфордың жылжымалы формаларының көлемі өте көп емес - 1,2-1,3 мг, жылжымалы калийдің мөлшері 100 г топыраққа - 62-65,7 мг сондықтан, топырақтар фосфор тыңайтқыштарын енгізуді қажет етеді. Топырақ азотпен жақсы қамтамасыз етілген; тнапты парлау жылдары жоғары нитрификациялану қасиетінің арқасында 100 г топырақта - 20 мг азот түзіледі. Топырақ ертіндісінің реакциясы - аз мөлшерде сілтілі.
Аталған топырақтардың басты ерекшеліктері болып: олардың көлемі 1,45-3,29% жететін топырақтың жоғарғы қабатындағы карбонаттардың жоғары мөлшері. Тереңдеген сайын карбонаттар мөлшері жоғарылайды және олардың ең жоғарғы көлемі топырақ тереңдігінің 84-88 см қабатында байқалады [26].
ҚР АШМ А.И. Бараев ат. АШҒӨО ЖШС-і климаты жағынан қысы ұзақ, жазы қысқа шұғыл континентті аймақта орналасқан.
Солтүстік Қазақстанның жыл ішінде орта есеппен тек 100-125 аязсыз күндер және +1000С -тан жоғары орташа тәуліктік температурамен 130-140 күндер болады. +100 -тан жоғары белсенді орташа тәуліктік температуралар жиынтығы 1900-24000С құрайды, әрі ол жаздық сұлының өсіп-өнуіне толықтай жеткілікті.
Жазы құрғақ әрі ыстық. Кей жылдары дымқыл және суық та болады. Ауаның орташа температурасы маусым айында +180С, ауаның ең жоғарғы температурасы +400С дейін жетіп, шілде айында ауа температурасы сәйкесінше +200С және +440С болады. Жаз кезеңінде кейбір ыстық күндері (күн сәулесінің молдығы) топырақтың беті +600С дейін қызады және де ауаның жоғарғы температуралары қатты булануға жағдай жасайды. Топырақты құрғататын қатты желдер, ауаның өте төмен салыстырмалы ылғалдылығы, ауа райының шұғыл ауысуы топырақ қабаты эрозиясының пайда болуына әкелeді. Өсіп-өну кезеңінің өтуі барысында және айрықша маусым мен шілде айларында қатты желдер мен ыстық желдер болуы да мүмкін.
Қыстың ең суық айы - қаңтарда - ауаның орташа температурасы территорияның солтүстік бөлігінде -18-19,50С, ал оңтүстігінде -15-160С аралықтарында ауытқып отырады. Қыстың ең төменгі температурасы -45-480С аязға тең.
Жыл ішінде түсетін атмосфералық жауын-шашын мөлшері 250-320 мм арасында ауытқиды. Оның 40% жуығы маусым айының аяғы мен шілденің бірінші онкүндігінде түседі.
Орта Азияның шөлейт жерлерінің жақындығы да Қазақстанның солтүстігіндегі құрғақшылықты күшейтеді. Ол жақтан келетін ауа құрғақшылығы мен жоғары температурасымен белгілі. Жазғы мерзімде олар күшті құрғақшылықтың дамуына әсер етеді. Солтүстік Қазақстанның территориясына келетін, көбінесе дымқылы аз арктикалық ауаның және континенттік негізі қоңыржай ендіктің ауасы да маңызды жағдай [27].


2.1 Шаруашылықтың зерттеу жүргізілген жылдағы метеорологиялық жағдайлары

Шортанды ауданының климаты шұғыл континентальді, ауа райы жылдам өзгереді, қысы ұзақ ал жазы қысқа. Жыл ішінде орта есеппен тек 100-125 аязсыз күндер болады және +100-тан жоғары орташа тәуліктік температурамен 130-140 күндер болады. +100-тан жоғары белсенді орташа тәуліктік температуралар жиынтығы 1900-24000С құрайды. Жылдық орташа ауа температурасы 0,6-1,8°С. Қыс мезгілі орта есеппен 5,5 айға созылады. Жекелеген жылдары аязды кезеңнің ұзақтығы 0,5 айға көп немесе 0,5 айға төмен болуы мүмкін. Ең суық ай - қаңтар, орташа температура -17,6°С. Минимальді температура 30°С-қа дейін төмендейді, жекелеген күндері олар -45°С-50°С-қа жетеді. Ауаның орташа жылы кезеңі шілде айында 19,5 °С-ты құрайды, жекелеген күндері +24 °С, +26 °С-ты құрайды, өте сирек +40 °С-қа жетеді. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы орталық бөлігінде мамыр мен қыркүйек айлары аралығында 55-70% құрайды. Күннің ыстық болуы, ауаның салыстырмалы ылғалдығының төмендігі және күшті желдің жиілігі жауған жаңбырды буландырып, жиі түрде құрғақшылықтан өсімдіктер зардап шегеді.
Облыс аумағының климатына тән жағдай - жыл бойы соғатын күшті жел, ол көктем мен қыс айларына қарағанда жазда шамалы болады. Жылдың суық кезеңінің көп бөлігін батыс азиялық антициклон айқындайды. Көктемдегі ауа-райы тұрақсыз ережесімен сипатталады. Жаз айларында ауаның пәрменді жылуынан бұлтсыз, құрғақ, ыстық ауа-райы қалыптасады. Желі жиі соғатын айлар - ақпан мен наурыз, ал жаз айларында құмды болып тұрады [27].
Танаптық дақылдардың өсіп-дамуына жауын-шашын негізгі фактор болып табылады. Және осы аймақтың климатын айқындайтын да осы фактор.
2019 ж тарының вегетация кезеңіндегі метеорологиялық жағдайлары.
Орташа көпжылдық көрсеткіштер бойынша ауа температурасының ең жоғарғы шегі маусым, шілде және тамыз айларына келеді және +14,1 мен +22,1°С аралығында ауытқиды. Ең суық кезеңдер желтоқсан, қаңтар және ақпан айларына сәйкес келеді (кесте 1).

Кесте 1 - Көпжылдық орташа көрсеткіштермен салыстырғандағы 2020 ж. жылы кезеңіндегі орташа тәуліктік ауа температурасы, °С (Шортанды-1 метеопунктінің деректері)
Жыл
Айлар
Температура
жиынтығы

IV
V
VI
VII
VIII
IX
сәуір- қыркүйек
мамыр-қыркүйек
2019
4,1
11,7
14,1
22,1
18,1
13,2
2460,9
2337,9
Орташа көпжылдық
3,4
12,5
18,3
19,9
17,4
11,2
2530,8
2428,8
Көпжылдық орташадан ауытқуы
0,7
-0,8
-4,2
2,2
0,7
2,0
-69,9
-90,0

Орташа тәуліктік температура 00С өтуі сәуірдің алғашқы онкүндігінде басталады, ал жылы кезеңнің ұзақтығы 75-90 күнді құрайды. Солтүстік Қазақстанның көктемгі қысқа орташа тәуліктік температурасы тез көтеріледі.
Алғашқы бозқырау тамыз айының соңында басталып, соңғы бозқыраулар мамыр айының соңына дейін жалғасады. Бір жылда орта есеппен 100-125 аязсыз күндер болады. Кейбір жылдары олардың ұзақтығы 146 күнге дейін өсуі мүмкін немесе 73 күнге дейін қысқаруы мүмкін. Ауаның температурасы +10°С жоғары кезеңдегі орташа тәуліктік температурасының жиынтығы 1800-3200°С-ты құрайды, осы температура жиынтығы дәнді дақылдардың пісіп жетілуі үшін жеткілікті болады [28].
Жауын-шашын көктемге қарағанда күзгі кезеңде мол жауады. Күшті желдерге байланысты егістіктегі қар қабатының біраз бөлігі ұшып кетеді. Сәуір айында ери бастайды. Көктемде жауын-шашын аз түсетіндіктен еріген қардың суы топырақтағы ылғалдың негізгі көзі болып табылады. Қар қабаты тұрақты, 5 айға дейін жатады. Орташа қалыңдығы 20-35 см құрайды.
2019 жылдың қыс айлары мен наурыз айында атмосфералық жауын-шашын мөлшері көпжылдық орташа көрсеткіштен 31,4мм-ге көп түсті, ылғал қорының мол жинақталуына және алдыңғы жылы себілген көпжылдық өсімдіктердің қыстап шығуына оң әсер етті. 1м қабатындағы өнімді ылғал қоры түскен жауын-шашын есебінен толығып, маусым айында 40,5 мм, тамыз айында 26,0 мм құрады (кесте 2).

Кесте 2 - Көпжылдық орташа көрсеткіштермен салыстырғандағы 2020 ж. түскен жауын-шашынның орташа мөлшері, мм (Шортанды-1 метеопунктің деректері)
Жыл
Айлар
Бар-лығы
сәуір- қыркүйек айларында

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

IX

2019
10,6
27,3
36,6
28,7
10,1
40,5
15,5
26,0
18,1
200,4
138,9
Орташа көпжылдық
16,7
13,5
12,9
20,2
32,4
39,5
57,0
39,8
24,4
256,4
213,3
Көпжылдық орташадан ауытқуы
-6,1
13,8
23,7
8,5
-22,3
1,0
-41,5
-13,8
-6,3
-56
-74,4
Жаз айларында жауын-шашынның түсуі біркелкі болмады: маусым айында 40,5 мм түскен болса (көпжылдық орташа көрсеткіштен 1,0 мм артық), шілде айында бұл көрсеткіш көпжылдық орташа көрсеткіштен 41,5 мм-ге, ал тамыз айында 13,8 мм-ге төмендеді.
Жалпы алғанда, 2019 жылы тәжірибелік зерттеу жер телімдері аумағында астық, бұршақ тұқымдас және майлы дақылдардың өсіп-дамуы мен өнімнің жақсы қалыптасуына ауа райы жағдайлары қолайсыз болды.

2.2 Шаруашылықтың топырағы

Аймақ бойынша қара топырақтың екі түрі кеңінен таралған: кәдімгі қара топырақ және оңтүстік қара топырақ.
Облыстың солтүстігінде алуан шөпті-қызыл селеулі өсімдіктерімен және қайыңды - қылқанды орманды алқаптарымен (Бурабай, Зеренді және т.б.) кәдімгі оңтүстік карбонаттық қара топырақтар басым болып келеді
Облыстың оңтүстік басым бөлігінде алуан шөпті - бетеге өсімдіктерімен, ұсақ шоқыларда қарағайлы-қайыңды ормандардың аралдарымен, Ерейментау тауларындағы қайыңды-теректі ормандарымен қошқыл-сарғылт, ақшыл-сарғылт топырақтар жетілген.
Топырағы негізінен қарашіріндісі аз оңтүстік карбонатты қара топырақ, ал топырақ түзуші жыныстар - саздақтар. Қарашірінді құнарлығының қалыңдығы орташа есеппен 37 см, кейде 32-43см аралығында ауытқиды [29]. А қабатының қалыңдығы 18-23 см тереңдікте, түсі қара-сұр. В қабаты 62 см тереңдікте аяқталады, түсі біртекті емес, тығыз, саңылаулар көрінеді. Қарашірінді қабаты 80-85 см тереңдікке дейін шайылады. С қабатында топырақ құрылымы төмендейді.

3 Зерттеу жүргізудің бағдарламасы және әдістемесі
3.1 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Астық тұқымдастарының сипаттамасы, негізгі өкілдері және оның маңызы
Мемелекеттік сорт сынау әдістері мен түрлері
Одан басқа ерте орылып - жиналатын күздік арпа бірқатар дақылдарға кұнды алғы дақыл
Күздік бидай және қара бидай
Астық дақылдарының бірінші және екінші топтарының морфологиялық және биологиялық ажырату белгілері
Бидайдың жұмсақ және қатты түрлерінің айырмашылық белгілері
Өсімдіктердің айналадағы ортамен байланысы
Вегетативтік көбею
Жүгері генетикасы
Асбұршақ дақылы
Пәндер