Тірек аралық станциялар


Маңғыстау облысының білім басқармасы
Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің
оқу әдістемелік кабинеті
«Жол және станция құрылымы» пәнінен
курстық жобаны орындауға
арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
Ақтау - 2021 ж
Тақырыбы: «Жол және станция құрылымы» пәнінен курстық жобаны орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық
Құрастырған: Абдреймова Жадыра Картбаевна - Жаңаөзен политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы
Пікір жазған: Муқатаев О. О. - «Өркениет» ғылыми-әдістемелік орталығының аға ғылыми қызметкері
Буркутова Ж. Ж. - Жаңаөзен политехникалық колледжінің оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары
Бекмембетова К. У. - Жаңаөзен политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы
1203000 - «Теміржол көлігіндегі тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығының студенттеріне бағытталған «Жол және станция құрылымы» пәнінен 2 - курс студенттері үшін 7 бөлімнен тұратын «Аралық станцияның жол дамуының жоспарын құрастыру» тақырыбындағы курстық жобаны жазуға арналған нұсқаулық. Курстық жобалаудың мақсаты: студенттер 1520 мм жолтабанының темір жолдарда тораптар мен станциялардың техникалық жобалау ережелеріне сәйкес, аралық станция құрылысы мен негізгі құрылғыларды жобалау білімдерін көрсетуге тиіс, станция тораптары мен элементтерінің есептерін жүргізе білуі, пойыз қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету негіздерін, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы ережелерін білуі тиіс.
Түсінік хат
Осы әдістемелік нұсқаулық станцияның жол дамуын жобалау, салу және пайдалану және қолданыстағы жалпы пайдаланылатын 1520 мм-лік жолтабандық желілерді реконструкциялау бойынша тиімді шешімдерді ұсынады. Станциялар мен тораптардың дамуына арналған күрделі салымның техника-экономикалық тиімділігі белгілі мөлшерде темір жол көлігінің дамуына кеткен шығындардың тиімділігіне әсерін тигізеді, осыған байланысты олардың жобалануына үлкен көңіл бөлінуі керек.
Жобада шешілуі тиіс негізгі міндет, белгіленген уақытқа жолаушы және жүк тасымалының, жергілікті және сұрыптау жұмыстарының, өткізу және өңдеу қабілетінің қажетті мөлшерін, сонымен қатар жолаушылар мен тұрғындарға қолайлы болатын және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа станцияны (торапты) салудың немесе жұмыс істеп тұрған станцияны (торапты) дамытудың экономикалық жағынан неғұрлым тиімді нұсқасын таңдау болып табылады.
Аралық станцияы жобалауда келесі негізгі талаптарды басшылыққа алу керек:
- пойыздар жүрісінің қауіпсіздігін және станция жұмысшылары мен жолаушылардың тіршілік қарекетін және жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- қажетті өткізу қабілетін, жүктердің сақтығын, станцияның ең жақсы эксплуатациялық жұмысын қамтамасыз ету;
- темір жол станциялары мен тораптарын жобалау және салу кезінде талаптарды сақтау;
- станцияның ары қарай дамуына кедергі келмейтіндей мүмкіндікті қамтамасыз ету.
Станция мен тораптарды жобалауда, жұмыс істеп тұрған ғимараттарды, құрылыстарды және кәсіпорындарды техникалық қайта жабдықтау, қайта құру, дамыту, олардың жаңаларын салу жұмыстары жүзеге асырылатын, жобалар мен сметаларды келісуді және бекітуді анықтайтын, олардың құрамын, мазмұнын, өңдеу ретін белгілейтін жобаларды және сметаларды өңдеу бойынша қолданыстағы нұсқауларды, сонымен қатар темір жол уставындағы ережелерді, темір жолдардың техникалық пайдаланылу ережелерінің лауазымдық нұсқауларын, темір жол станциялары мен тораптарын жобалау бойынша нұсқауларды, техникалық нұсқауларды және т. б. басшылыққа алу қажет.
Курстық жобаны орындау алдында студент, оқулықтағы материалдарды және ұсынылған әдебиеттерді оқып білуі керек. Курстық жобаны орындаудың мақсаты аралық станцияны жобалау бойынша теориялық білімді бекіту және тәжірибелік машықтану болып табылады.
I Кіріспе
Темiржол көлiгi өндiрiстiк қызметiнiң сипаты, ұйымдастырылуы және басқарылуы жөнiнен басқа салаларға ұқсамайтын бiрқатар өзiндiк ерекшелiктерi бар үлкен әрi күрделi шаруашылық болып саналады. Мұндай ерекшелiктерге мыналар жатады:
1. Темiржол көлiгi бөлiмшелерiнiң көптiгi және олардың аумақтарға шашыраңқы орналасуы.
2. Темiржол көлiгi бөлiмшелерi жұмысының өзара тығыз байланыстылығы мен өзара тәуелдiлiгi. Бұл тасымалдау процесiне қатысатын барлық бөлімшелер жұмысының технологиялық үйлесiмдiлiгiн талап етедi.
3. Темiр жол жұмысының толассыздығы мен ырғақтылығы. Бұл, станциялардың, деполар мен телiмдердiң барлық элементтерiнiң барынша өткiзу және өңдеу қабiлетiн жүзеге асыру үшiн көлiк техникалық құралдарын толығымен пайдалану үшiн қажет болады.
Темiржол көлiгiнiң аталған ерекшелiктерi темiр жол жұмысын ұйымдастыруға және пойыздар жүрiсiн басқаруға мынадай айрықша талаптар қояды:
• төменгi бөлiмшелерге алда тұрған мiндеттердi орындауда барынша мол дербестiк бере отырып, пайдалану жұмысына басшылық етудi орталықтандыру және пойыздар жүрiсiне жоғарыдан төменге дейiн басшылық жасаудың бiртұтастығы принципiн қатаң сақтау;
• тасымалдау процесiн қамтамасыз етуде технологиялық жағынан байланысқан барлық қызметкерлердiң қатаң тәртiп сақтауы мен жұмыстағы дәлдiгi.
Тасымалдауды ұйымдастыру және техникалық құралдар мен жылжымалы құрамды күтiп-баптау жөнiндегi бiрыңғай талаптарды мыналар реттейдi:
1. Темiр жолды техникалық пайдалану ережелерi (ТПЕ) ;
2. Темiр жолдағы пойыздар жүрiсi мен маневр жұмысы жөнiндегi нұсқама (ПЖН) ;
3. Темiржолдағы сигнализация жөнiндегi нұсқама (СН) . Республикадағы жүк тасымалы айналымының 70%, жолаушы тасымалының 60% темір жол көлігі құрап отыр. "Қазақстан темір жолы Ұлттық Компаниясы" жабық акционерлік қоғамының мемлекеттік бюджетке қосатын үлесі 16-18% төңірегінде. "Қазақстан темір жолы Ұлттық Компания" болып жаңадан құрылуы негізінен алғанда:
- Жүк және жолаушылар тасымалы секторында ел бойынша жетекші сипатқа ие болуын қамтамасыз етеді;
- Табыс көздері, мемлекеттік қаржы көрсеткіштері түгелдей алғанда бір қазына қорына түсүін көздейді. Оның талан таражға түспеуін қадағалайды;
- Үкімет алдында жауапкершілік қызмет қатынасы жақсарады;
- Техникалық мүмкіндіктерін арттырып, тарифтік шаралардың аясын зандастырады;
- Қазақ темір жолы дербестігін қамтамасыз етеді, және т. б.
Теміржол көлігі инфрақұрылымының негізгі элементі ретінде теміржолдар кешенді қызмет көрсетілетін табиғи-техникалық жүйелер сияқты жобаланады, салынады және пайдаланылады, олардың функционалдық сенімділігі жол шаруашылықтарының қажетті пайдаланушы базасы мен Қазақстен Республикасының «Теміржол көлігі туралы» Заңында анықталған теміржол құрылысымен бір уақытта салынатын теміржол көлігі инфрақұрылымының басқа элементтерінің болуымен қамтамасыз етіледі. Теміржол шаруашылығы объектілерінің құрылыс бөлігі, олардың инженерлік жабдықтары тиісті ережелер жинақтары мен мемлекеттік стандарттардың ережелерін қанағаттандыруы тиіс.
Жаңа теміржолдардың қисық учаскелері мүмкіндігінше үлкен радиуста болуы тиіс. Метрмен алынған қисықтардың радиустарын 4000, 3000, 2500, 2000, 1800, 1500, 1200, 1000, 800, 700, 600, 500, 400, 350, 300, 250, 200, 180-ге тең етіп алу керек. Радиусы 300 м-ден кем қисықтарды тиісті техникалық-экономикалық негіздемесі болып, трассаның нақты учаскесі үшін максималды жылдамдықпен пойыздардың қауіпсіз қозғалысы қамтамасыз етілгенде қолдануға жол беріледі. Сол учаскеде есептік жылдамдықпен жүріп келе жатқан пойыздар үшін сыртқы рельсті қажетті көтерумен және баяулатылмаған жылдамдатудың жол берілетін мәнімен анықталатын қозғалыстың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуді ескеріп, жолдың тік және қисық учаскелерін, сондай-ақ радиустары әртүрлі шектес дөңгелек қисықтардың ұзындығын есеп бойынша тағайындалатын өтпелі қисықтар арқылы түйістіру керек.
Жылжымалы құрамдарды пайдалану ісі вагон, локомотивтерден өзге, өздігінен журетін техникалар да өз мамандарын күтуде. Электротехникаларды тиімді пайдалануда да сауатты инженерлер мен техниктер керек. Тасымалдау процесін ұйымдастыру жүйесі білікті де алымды оперативті мамандарды қажет етіп отырғандығы аян. Жүк тасымалдауды жақсы игерген әрі жолаушылармен айналысатын маркетингтік білімі бар білікті инженерлер кажет. Жастар шоғырын тәрбиелеп өсіріп шығару шарт болмақ. Жаңаша ойлап, жаңа дәуір талабын ұққан жас қауым өсіп жетіліп келеді. Бұл өмір заңы дей тұрсақ та, болашақ үшін тартымды жеткіншектерді даярлау жоғарғы оқу орындарының, институттар мен колледждердің, кәсіптік мектептердің қасиетті міндеті болуы тиіс.
Салынып жатқан теміржол инфрақұрылымының ғимараттары мен құрылыстарын, теміржолмен өзара әсер ету аймағына - бұру жолағы мен қорғау аумағына жататын қолданыстағы құрылыстарды жобалау, салу, реконструкциялау және пайдалану техникалық регламенттердің, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, теміржол көлігінің өрт қауіпсіздігі саласындағы қолданыстағы заңнамасының талаптарына, Қазақстан Республикасының өзге заңнамалық және нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
II Курстық жобаны орындаудың тәртібі мен мазмұны
Курстық жобаны орындау үшін әрбір студентке өзіндік жұмыс орындау үшін негіз болып табылатын тапсырма беріледі. Берілген тапсырмада жобаланатын станцияның сипаттамасы мен жұмыс көлемі, пойыздардың қос жүрісінің өлшемдері, жолаушы құрылғыларының өлшемдері, пойыз жүрісінің жылдамдығы, сонымен қатар тартым қызметі мен кірме жолдар туралы мәліметтер бар.
Тапсырмаға және жобаны орындау шарттарына сәйкес мыналар қажет:
- бастапқы мәліметтерді талдау, жобаланатын станцияның маңызын және ары қарай даму бағытын анықтау;
- берілген шарттар үшін станцияның түрін анықтау және сұлбасын таңдау;
- ординаталарымен және өлшемдерімен станция сұлбасын масштабсыз сызу;
- барлық негізгі құрылғыларды орналастыру нұсқасы бойынша жобаланатын станцияның масштабты (1:2000 масштабта ) жоспарын салуды жүргізу;
- жер төсемінің 1:200 масштабта тік арақашықтықтарына бойлық пішінін сызу.
Курстық жоба түсіндірме жазбадан және графикалық бөлімнен тұрады. Түсіндірме жазбаның мазмұны келесідей: кіріспе, технологиялық-есептік бөлім, станцияда еңбекті қорғау және пойыз жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімі.
Кіріспеде курстық жобаның мақсаты және міндеті, оның қысқаша сипаттамасы, темір жол көлігінің алға қойған жалпы міндеттері негізіндегі мәні баяндалады.
Технологиялық-есептік бөлімінде қажетті құрылғылардың есептеулері, станция жұмысының технологиясы беріледі.
«Станциядағы пойыз қозғалысының қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету» бөлімінде темір жол көлігінің берілген объектісінде жұмыс орындарында жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету сұрақтарына тоқталу керек.
Түсіндірме жазба қысқаша болуы керек. Ең бастысы, ол есептеулерге, қабылданатын шешімдерді негіздеуге, дәлелдеуге және экономикалық тиімділікті анықтауға арналған. Түсіндірме жазбаның жалпы көлемі 25 - 30 беттен кем болмауы керек. Оны жеке беттерге, міндетті түрде жол қалдырып жазған жөн. Түсіндірме жазба беттері және түсіндірме жазба бөлімі мазмұнындағы барлық графикалық материалдар міндетті түрде нөмірленуі керек. Жолдардың пайдалы және толық ұзындығының, бағыттама бұрмалардың ведомостері түсіндірме жазбада орындалады, станцияның масштабты жоспарына шығарылмайды. Cтанса сұлбасы ординаталау масштабсыз сұлбада орындалады, координаталары масштабты жоспарға сызылмайды.
Графикалық бөлімі келесілерден тұрады:
1-ші БЕТ. Аралық станцияның 1:2000 масштабтағы жоспары.
2-ші БЕТ. Жер төсемінің 1:1000 масштабта көлденең және 1:200 масштабта тік арақашықтықтарына бойлық пішіні.
III Курстық жобаның ұсынымды тақырыптары
- Аралық станцияның жол дамуының жоспарын құрастыру, вариант 01
- Аралық станцияның жол дамуының жоспарын құрастыру, вариант 02
- Аралық станцияның жол дамуының жоспарын құрастыру, вариант 03
- Аралық станцияның жол дамуының жоспарын құрастыру, вариант 04
- Аралық станцияның жол дамуының жоспарын құрастыру, вариант 05
- Аралық станцияның жол дамуының жоспарын құрастыру, вариант 06
- Аралық станцияның жол дамуының жоспарын құрастыру, вариант 07
- Аралық станцияның жол дамуының жоспарын құрастыру, вариант 08
- Аралық станцияның жол дамуының жоспарын құрастыру, вариант 09
- Аралық станцияның жол дамуының жоспарын құрастыру, вариант 10
- Аралық станцияның жол дамуының жоспарын құрастыру, вариант 11
- Аралық станцияның жол дамуының жоспарын құрастыру, вариант 12
- Аралық станцияның жол дамуының жоспарын құрастыру, вариант 13
- Аралық станцияның жол дамуының жоспарын құрастыру, вариант 14
- Аралық станцияның жол дамуының жоспарын құрастыру, вариант 15
IV Курстық жобаның түсіндірмелік жазбасының мазмұны
Кіріспе.
- Станция мен оның қасындағы телімдердің техникалық-пайдалану сипаттамалары
- Аралық станциялар. Мақсаты және негізгі сұлбалары
- Көп жолды учаскелердің аралық станциялары
- Аралық станцияда орындалатын негізгі операциялар
- Тірек аралық станциялар
- Кірме жолдардың аралық станцияға жанасуы
- Аралық станцияны қайта құрастыру
- Аралық станцияның сұлбасын таңдау
2. 1 Аралық станцияның түрін таңдау
2. 2 Қабылдау-жөнелту жолдарының санын анықтау
2. 3 Жолаушы ғимаратының орналасатын орнын таңдау
2. 4 Жүк ауласының орналасатын орнын таңдау
2. 5 Станция сұлбасының үйлесімді нұсқасын таңдау
- Аралық станция құрылғыларының өлшемдерін анықтау
3. 1 Жолдардың саны мен ұзындығы. Жолдардың пайдалы ұзындықтарының ведомосі. Жолдың үстіңгі құрылысы
3. 2 Жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған құрылғылар
3. 3 Жүк құрылғылары
- Станцияда пойыздық және маневрлік жұмысты ұйымдастыру
- Жер төсемінің бойлық сұлбасы
- Жер жұмыстарының көлемі
- Станциядағы пойыз қозғалысының қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету.
7. 1 Станцияның масштабты жоспарын дайындау
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
V Курстық жобаның түсіндірмелік жазбасына қойылатын талаптар
Кіріспе
Кіріспе қысқа ғана болуы керек (1-2 бет) . Темір жол көлігінің ары қарай дамуының негізгі міндеттері және темір жол тармағындағы аралық станцияның маңызы қарастырылады.
1 Станция мен оның қасындағы телімдердің техникалық-пайдалану сипаттамалары
Берілген бөлімді орындау үшін, студент барлық бастапқы мәліметтермен және берілген жер жоспарының көлденең пішінімен толық танысып, мәтіндік сипаттама беруі керек. Бұл жерде станция алаңының орналасатын шегінде жер сипаты, станцияға тоғысулардың, кенттің орналасатын орнының, жүктерді тасудың негізгі бағыттарының сипаттамалары, станцияның орындайтын жұмысының сипаты және көлемі туралы жазылады.
1. 1 Аралық станциялар. Мақсаты және негізгі сұлбалары
Аралық станциялардың негізгі сұлбаларына сипаттама беру керек. Бұл жерде аралық станцияларды жабдықтау бойынша мағлұмат жазуы қажет. Аралық станцияларда техникалық, жолаушылар, жүк және коммерциялық операцияларды орындау үшін тиісті құрылғылар көзделеді. Сол құрылғылар туралы жазылуы керек.
1. 2 Көп жолды учаскелердің аралық станциялары
Көп жолды станция жолдарының мақсатына сипаттама беру керек. Жолдардың орналасуының негізгі схемаларының сұлбасын келтіруі тиіс. Көп жолды учаскенің аралық станциясының жұмысын ұйымдастыру бойынша жазу қажет.
- Аралық станцияда орындалатын негізгі операциялар
Аралық станцияда орындалатын негізгі операцияларға мәтіндік сипаттама беруі қажет. Станция жұмысын басқару туралы ақпарат жазуы тиіс. Поездарды қабылдау және жөнелту тәртібіне тоқталуы қажет.
- Тірек аралық станциялар
Тірек станциялардың тағайындалуы бойынша мәліметтер жазылуы керек. Жүк жұмысының шоғырлануы туралы сипаттама беруі тиіс.
- Кірме жолдардың аралық станцияға жанасуы
Кірме жолдардың мақсаты туралы ақпарат келтірілуі керек. Кірме жолдың жанасу нұсқасын таңдауды көрсетуі қажет.
- Аралық станцияны қайта құрастыру
Станцияны қайта құру туралы ақпарат жазылады. Станция схемасын таңдау бойынша мәліметтер келтіреді. Кірме жолдардың жанасу орнын және жолаушылар ғимаратының орналасуын таңдау туралы мәтіндік-сипаттама береді.
2 Аралық станцияның сұлбасын таңдау
Станция сұлбасын таңдаудағы шешімнің дұрыстығы аралық станцияның принципті сұлбаларын, олардың қолданылу шарттарын, сонымен қатар жобалауда аралық станцияларға қойылатын жалпы талаптарды білушілікке байланысты.
2. 1 Аралық станцияның түрін таңдау
Аралық станцияның түрі станция алаңының нақты ұзындығына
, қабылдау-жөнелту жолдарының берілген пайдалы ұзындығына
l
п
, станцияға тоғысулардың пішініне (профиля) және желінің дәрежесіне байланысты анықталады. Аралық станцияларды көлденең алаңға орналастырады, ал кейбір жағдайларда оларды 1, 5‰ құламадан аспайтын еңісте орналастыруға болады. Станция алаңының ұзындығы
тапсырмадан алынады. . Бірақ, берілген станция алаңы толығымен пайдаланылмайды. Бойлық пішіннің сынған жерлері, еңіс көрсеткіштерімен белгіленеді, осы шекте бас жолдарда бағыттама бұрмалады орналастыруға болмайтындықтан, тік қисықтар салынады.
2. 2 Қабылдау-жөнелту жолдарының санын анықтау
Қабылдау-жөнелту жолдарының саны қозғалыстың сипатына және өлшемдеріне байланысты анықталады және станциялар мен тораптарды жобалау нұсқауында ұсынылған мөлшерден кем болмауы тиіс.
2. 3 Жолаушы ғимаратының орналасатын орнын таңдау
Жолаушылар ғимаратының орналасатын орнын таңдау кезінде, жобаға қойылатын талаптардың, станцияда жолаушыларға қызмет көрсетуді жақсартуғы қатысты бөлімін ескеру қажет. Бұл кезде кенттің орналасқан орны шешуші фактор болып табылады, ал ол жоқ болған жағдайда, таудың орналасқан жағына қарайды.
2. 4 Жүк ауласының орналасатын орнын таңдау
Аралық станцияда жүк құрылғылары жолаушы ғимараты жағынан да, қарама-қарсы жағында да орналасуы мүмкін. Бұл тапсырмамен анықталады. Бірақ, жүк ауласын шығыстан немесе батыстан да орналастыруға болады. Бұл сұрақты шешу кезінде өткелдің және кірме жолдың орналасатын орнын ескеру керек.
2. 5 Станция сұлбасының үйлесімді нұсқасын таңдау
Станция сұлбаларын салыстыру үшін берілген типтік сұлбаларды қолдануға болады. Станция сұлбасының екі нұсқасын сызғаннан кейін, қарастырылып отырған сұлбалардың қайсысы тиімді екенін анықтау керек.
3 Аралық станция құрылғыларының өлшемдерін анықтау
3. 1 Жолдардың саны мен ұзындығы. Жолдардың пайдалы ұзындықтарының ведомосі. Жолдың үстіңгі құрылысы
Пайдалы жол ұзындықтарын анықтау үшін көрсеткіштердің ординаталарын, шектер мен бағдаршамдарды анықтау қажет. Ординаталарды есептеу кезінде сіз бастапқы мәліметтер мен кестелердің мәндерін басшылыққа алуыңыз қажет.
3. 2 Жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған құрылғылар
Жолаушы құрылғыларына жолаушы ғимараты, жолаушы платформасы, перрондық құрылғылар және өтпе жолдар, вокзал маңындағы алаңдар жатады. Жолаушылар ғимараттарын және басқа іргелі ғимраттар мен құрылыстарды жақын жатқан бас жол өсінен 20 м-ден кем емес арақашықтықта орналастыру керек, ал жолаушы пойыздарының жоғары жыламдықты қозғалысында 25 м-ден кем емес болуы керек.
3. 3 Жүк құрылғылары
Жүк аулаларының негізгі құрылымдарына жабық қоймалар, жабық және ашық платформалар, ақтара тиелген жүктерге арналған алаңдар, механизацияланған тиеу -түсіру құрылғыларымен жабдықталынған. Соларға сәйкес сипаттама беру керек.
4 Станцияда пойыздық және маневрлік жұмысты ұйымдастыру
Түсіндірме жазбаның бұл бөлімінде, станцияның қабылау, жөнелту және маршрутқа кіретін бағыттама бұрмалардың нөмірлерін көрсете отырып, жолаушы және жүк пойыздарының тоқтаусыз жүрісін ұйымдастыру бойынша жұмысын сипаттау қажет. Пойыздарды бір-бірінен басып оздыру және оларды қиылыстыру операцияларын ұйымдастыруды сипаттау кезінде, берілген станцияда пойыздарды тоқтаусыз қиылыстыру мүмкіндігіне назар аудару қажет.
5 Жер төсемінің бойлық сұлбасы
Бойлық пішін жаңа салынып жатқан құрылыстарды және құрылғыларды тиімді орналастыру үшін және жер жұмыстарының көлемін анықтау үшін қажет.
Ол 1:1 масштабта көлденең арақашықтықтар үшін және 1:200 масштабта тік арақашықтықтар үшін сызылады және тор сызықтан және графикалық бөлімнен тұрады.
Бас жолдың бойлық пішіні миллиметрлік қағазға (биіктігі 30 см, ұзындығы станцияға жақындаулар мен станция ұзындығына байланысты) сызылады. Пішін станция алаңы және оған берілген жақындаулар шегінде, Х өсі деп қабыланған бас жол өсі бойынша құралады.
6 Жер жұмыстарының көлемі
Жер жұмыстарының түрлеріне сипаттама беру қажет. Жер төсемдеріне тоқталу керек. Жер төсемі - өте күрделі жағдайларда жұмыс атқарады. Оған ауа райының қолайсыздығы, поездардың ауыр жүктемесі және табиғаттың әртүрлі ауыр факторлары жатады. Осы кедергілерге жақсы тойтарыс беру үшін жер төсемі қандай қасиеттерге ие болуы керектігін жазуы тиіс.
7 Станциядағы пойыз қозғалысының қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету
Түсіндірме жазбада, станция жұмысшыларының еңбегін қорғау бойынша және пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды сипатау қажет.
7. 1 Станцияның масштабты жоспарын дайындау
Масштабсыз сызбада барлық қажетті өлшемдерді қойғаннан кейін, 1:2000 масштабты станция жоспарын жасауға кірісуге болады. Станцияның жоспарын құруды жоспарда қалпын өзгертпейтін (түзу) бас жолды түсіруден бастаған дұрыс. Бұл жол Х өсі болып қабылданады. Сонымен, беттің жоғарғы жиегінен 10-15 см, ал тіректі станциялар үшін - 30 см қалдыру керек (егер жүк ауласы жоғарғы жағында орналасатын болса) . Бас жолдың өсіне пикеттер, километрлік белгілер, еңіс көрсеткіштер және горизонтальдар белгіленеді. Егер жердің жоспары 1:2000 масштабта берілсе, пикеттер мен горизонтальдар арасындағы арақашықтық 10 есеге ұлғайтылады. Беттің сол жағынан рамкаға 30 мм қалдырылады.
VI Курстық жобаның сызбаларына қойылатын талаптар
Сызбалардағы шартты белгілер, оның форматы және масштабы бойынша қолданыстағы стандарттар талаптарына сәйкес болуы шарт. Сызба қарынлашпен орындалады. Түсті қарындаш, фломастер қолдануға қатаң тыйым салынады.
Әр сызбаның оң жағының төменгі тұсына штамп орналастырылады. Сызбадағы барлық жазу стандартты қаріппен орындалады.
VII Ұсынылатын әдебиеттер
1. Бройтман Э. З, «Железнодорожные станции и узлы», «Маршрут», М., 2004.
2. Бекжанов О. М., Монастырский В. Н. Общий курс работы транспорта. Алматы, КазАТК, 2001.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz