Сөйлемнің тқрлаусыз мүшелері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ-ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

Тақырыбы: Қ.Басымов, Ш.Сарыбаев, С.Жиенбаевтың әдістемелік мұралары

Орындаған: Қапан Г.
Тексерген:Кусманова Г.Б
Топ:132

Тақырыбы: Қ.Басымов, Ш.Сарыбаев, С.Жиенбаевтың әдістемелік мұралары

Жоспар:
1. С.Жиенбаевтың әдістемелік мұралары
2. Қ.Басымов әдңстемелік мұралары туралы түсінік
3. Ш.Сарыбаев туралы әдістемелік мұрасы

С. Жиенбаев қазақ тілін оқыту әдістемесіне байланысты Бастауыш мектептегі қазақ тілінің әдісі, Үлкендерге хат таныту методикасы, Үлкендерге ана тілін оқыту методикасы, Бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы,Қазақ тілінің методикасы, Грамматикалық таблицалар т.б. сияқты еңбекер жазған.
Пәнді оқыту әдістемесіне байланысты еңбектерінің негізгі ойтолғамдары автордың 1946 жылы жарық көрген Қазақ тілі методикасы атты еңбегінде баяндалады. Грамматиканы оқытудың жалпы әдістерін талдауды мақсат еткен бұл еңбек қазақ тілінің грамматикалық жүйесін оқытуды ғылыми негізде талдаған алғашқы еңбектердің бірі еді. Оқытудың жалпы әдістерін, негізгі ұстанымдарын көрсете отырып, оны нақты матриалдар негізінде түсіндіреді. Сабақта мазмұндап шығу бар да, сол мазмұндаған нәрсені оқушы миына тоқытып, меңгерту бар екенін айта келіп, мынандай мысалдар арқылы ойын сабақтайды. Кезекті тақырыптардың бірі ретінде септік жалғауын алып, оның жеті түрлі септіктен тұратынын, олардың грамматикалық тұлғаларын айтып өтумен іс бітпейді дейді ғалым-әдіскер. Сабақты бұлайша мазмұндау автордың пікірінше, тек догматикалық әдіс қолданғандық. Оқушы септік жалғаудың мәнін терең түсіну үшін, ең алдымен, оның қызметін дұрыс бағамдағаны дұрыс. Септік жалғауының негізгі атаратын қызметі - синтаксистік қызмет. Екі сөзді бір-бірімен жалғастырып айту кезінде ғана жалғау керек болады, ал сөздердің басын қосып, құрастыру сөйлем жасау болып табылады дей келіп, септік жалғауының осындай синтаксистік мәнін түсіндіру арқылы, мағынасын айқындауға болар еді деген елеле ой айтады. Тек септік жалғауды оқытудың жайын баяндауының өзінде автор көптеген теориялық мәселелердің байыбына баланың ойын қалай жетелеу қажеттігін алға тартады. Бұл мәселенің өзі (септеу жалғаулардың синтаксистік қызметі жөніндегі мәселе) соншалық жалаң мәселе емес. Алдымен морфология құбылысының синтаксистік мәні бар дегеннің өзін толық ұғу үшін адамның грамматикалық ой-өрісі белгілі бір дәрежеге жеткен болу керек. Сондықтан жалғаулардың мұндай қызметін мысалмен көрсетіп, тек қысқаша ұғым беріп алу керек , - ойын түйіндейді (1946,9-бет) . Жалғаулардың да өзіндік мағынасы бар екені балаға түсіндіру үшін, оларды алып тастап немесе орнын өзге жалғаумен алмастырып қарауға болар еді. Онда мүлде сөйлем шықпайды, яки мағынасы өзгереді. С.Жиенбаев еңбегінде кез келген тілдік деректі талдау барысында, оған қандай әдісті, қандай ұстанымды қолдану қажеттігін талдап көрсетеді. Жаңа сабақы өту барысында, оны бекіту үстінде байқау, тексеру тәсілін пайдалануды ұсынады. Тексеру жұмысын оқытушы бір өзі ғана жүргізбейді, оқушылар да белсене қатысып, олар да бірге ойланып отырады деп бағамдайды. Өздері бірге тексерісіп, бірге талдаған соң, сабақты ұғыну деңгейі де жоғары болатыны сөзсіз. Байқау әдісін қолданғанда негізгі басқарушы мұғалімнің өзі болуы шарт. Жаңа сабақтың басты ғылыми-теориялық мәселелерін баланың мойнына салуға болмайды. Тиісті тілдік деректерді талдау тек мұғалімнің басшылығымен орындалғаны дұрыс. Егер осы талдау барысында шағын қорытынды мұғалімнің өзі айтпай-ақ байқалып тұратын болса, онда сабақ өзінің мақсатына жеткені санадады.
Автор пәнді оқытудың әдістемелік ұстанымдары тек сабақ жүргізгенде ғана емес, грамматикалық оқулықтар мен оқу құралдарының да құрылысына әсерін, ықпалын тигізіп, оның жалпы барсында сақталып отырылуы қажет деген ой айтады.
Грамматика кітабының құрылу принциптері атты бөлімінде мектеп оқулықтарын жазуда бірыңғай ғылыми ұстанымдарды ғана сақтамай, әдістемелік ұстанымдарды да жүйелі түрде басшылыққа алып отыру қажеттігін анықтап айтады. Қазақ мектебінің тарихында ана тілінің әдістемесінен жаңадан жол алып, жүйе түзеген теорияшыл педагогтар бола қойған жоқ дей келіп, ғалым алғашқы грамматиканың өзі ХХ ғасырда шықты деп, Тіл құралды көрсетеді. Авторын атап айтпаса да, бұл Ахмет Байтұрсынұлының еңбегі екенін көзі қарақты азамат танитыны түсінікті. Әңгіме - С.Жиенбаев 1946 жылдары, соғыстан соңғы қиын кезеңдерде, екінші зоболаңның ( репрессия) алдында, қорықпай Ахмет Байтұрсынұлының еңбегіне сілтеме жасай алу ерлігі. Зерттеу еңбегіне сілтеме жасамақ түгілі, атын атау мүмкін болмай қалған тұста,С.Жиенбаев былай деп жазады: Тіл құрал кітабының сол кездегі ойлау принципінің де, онымен қатар тұлғалық бағыттың да элементтері барлығын көреміз. Осылайша зерттеуші Ахмет Байтұрсынұлы жасаған кей анықтамалар мен ұстанымдарға талдау жасайды. Оның негізгі сүйенгені логикалық принцип деген тоқтамаға келеді. Еңбектегі талдаулардан С.Жиенбаевтң Ахмет Байтұрсынұлы еңбегімен жақсы таныстығы, одан мүмкіндігінше мол мағлұмат бере кетуді мақсат еткені анық байқалады.
Грамматикалық категорияның жай - мәнісін түгел меңгеріп алу үшін дағды керек деп есептейді әдіскер-ғалым. Ал дағды алу үшін оған көп жаттығулар қажет, категорияның түрлі-түрлі тұлғаларын ажыратып көру керек.Бірақ терең білім құр жаттығумен де келмейді деген пайымдаулар жасап отырады. С.Жиенбаев еңбегінде оқушыларға грамматикалық категорияны танытудың маңыздылығын атап көрсетеді. Әрине адам баласы өзінің ана тілін грамматиканы оқымаса да біледі, бірақ тілдердің құбылыстарын, оның ішкі даму заңдылықтарын терең түсіну үшін тілдегі негізгі категориялармен таныс болу қажеттігін жақсы атап өтеді. Еуропа оқымыстысы О.Еспересеннің зертеулеріне сүйене отырып, жасаған талдаулары терең де мазмұнды. Тіпті кейігі зерттеулерде кездесе бермейтін терең теориялық толғамдар бар. Айталық, сөздің мәнісін барлағанда, автор оны тек дыбыстан тұратын бірлік ретінде ғана қарастырмай, ұғымды таңбалаушы ретінде бағалайды. Балаларға анықтама үйретіп, жаттатып шаршаудың қажетсіздігін мұғалімдерге жете түсіндіру шарт деген тұжырым айтады. Тұлғашыл бағыттағы оқымыстылар категорияның сыртқы тұлға жағына айрықша көңіл бөліп, мағына мен мазмұн жағын көп елемеген. Шынында, грамматиканы оқытқанда сөздің сементикалық белгісі зор мән беруіміз керек. Әрі тұлғасын, әрі мазмұнын айырғанда ғана мәселе ұғымды болмақ - деген көрген ойды С.Жиенбаев еңбегінен табамыз. Тілдегі құбылыстың тұлғасын көрсетіп, мағынасын ұқтыру - үйретудің негізгі әдісі. Оқытушының айтып тұрғанының барлығын бірдей бала түсінбеуі мүмкін. Бұдан шығар жол - әртүрлі жеңіл мысалдар мен көрнкілікті дұрыс қолдана білу, - деп жазады ғалым әдіскер. Грамматикалық категорияны түсіндірудің қалыпты жолы - сұрақ қою арқылы ұғындыру екені де талданып жазылған.
Оқыту тәжірибесінде құбылыстарды өзара салыстырып, сол арқылы олардың ұқсастығы мен айырмашылығын айқынырақ көрсетуге болатыны белгілі. С.Жиенбаев салыстыру әдісін қазақ тілін зерттеуге, оқытуға қолдануға болатынын айтып нақты мысалдарментүсіндіре дәлелдейді. Бұл әдістің пайдасы белгілі бір деректерді салыстырып, оның айырмасын не ұқсастығынайыру баланы ынталандырады. Екіншіден, бала себеп пен тұлға, мағына дегендерді көп тексереді. Соның арқасында талданылып отырған екі категорияның өзін меңгеріп алады деп ойын түйіндейді ғалым.
С.Жиенбаев еңбегінің маңызды қыры сөздің ұғымдық, мағыналық жағынан тексерілуі болса керек. Өзінің көп замандастарынан ерекше, зерттеуші тілдің құрылысын ғана емес, оның мағыналық құрылымын, ұғымдық сипатын айқындауға талаптанған. Батыстық семантикалық үлгіде жазылған ғылыми зерттеулерді көп оқып, зерделегені байқалады. Автордың О.Есперсенге,Н.Я.маррға сілтеме жасауы - оның зерттеулерінің негізі бағыты мағыналық жүйе, функционалдық құрылым екенін аңғартады. Қазақ тілінде сөз таптарын ажырату орыс тілінен анағұрлым қиын дейді ғалым. Олай болуының себебі қазақ тілінде тұлғасы бірдей, тек мағынасына қарап айырылатын сөздер бар. Шығу тегі жағынан тектес түбірлер болып саналатын есім-етістік жұптарының көп мағыналықтан жіктеліп шығатыны белгілі жағдай. Қазіргі тілдің синхрондық сипатында бұл сөздер әр түрлі мағыналарға ие. Сөздердің арнайы мағынасы мен олардың қай сөз табына жататындығын, қызметін айқындайтын - контекст, мәтін. Зерттеуші осындай мағынасы сөйлем ішінде айқындалатын лексикалық бірліктердің мағынасын салыстыру әдісі арқылыкөрсету дұрыс деп пайымдайды. Тек қана түбір сөздердің мағыналары емес, кейде негіздердің мағыналарын айқындауда да қиыншылық болатыны зерттеуде аталып өтіледі. Олардың ішкі семантикалық мәнінің тек контексте ашылатыны нақты мысалдар салыстырып беру арқылы олардың, мағыналық ерекшелігіне оқушының көзін жеткізу.
Қазақ тілі оқыту әдістемесінің негізгі көкейтесті мәселелеріне үн қосып, оның дамуына үлкен үлес қосқан ғалым С.Жиенбаев еңбектері өзінің өзектілігін күні бүгін де жоғалтқан жоқ. Оның семантикалық бағыттағы ойлары мен тұжырымдары, оқушыны ойлантуға жетелейтін сабақ үлгілері, ұғымдық, мәндік талдаулары болашақ оқытушылар мен зерттеушілерге бағыт көрсете берері сөзсіз.
1936 жылы орта мектептің V - VI сыныптарына раналған С.Жиенбаевтің Грамматика талдауыш, Қазақ тілі әдістемесі, Грамматикалық таблицалар тағы басқа еңбектері жарық көрді. Бұл аталған еңбектердің қазақ тілін оқыту әдістемесінде алатын орны ерекше. Онда қазақ тілі әдістемесінің педагогикалық негіздері, жазу жұмыстары, талдау үлгілері, грамматиканы оқыту, кітап оқыту әдістемесі сияқты мәселелерге тоқтаумен бірге, мұғалім сабақты беруді көрсетіп бергенінен айнытпай орындауға міндетті емес, өз білгенінше түрлі әдіс қолдануға ерікті әдістеме рецепт емес, әкімшілік нұсқау да емес, тек педагогикалық кеңес, жол-жоба , - деп әдістеменің көптеген мәселелеріне тоқталады, ол қазір де мәнін жойған жоқ .
С.Жиенбаев туралы, оның әдістеме ғылымын дамытудағы орны мен өзіндік қолтаңбасы туралы кезінде И.Қ.Ұйқбаев Қазақ тілі методикасының библиографиялық көрсеткіші атты шағын жұмысында көптеген құнды мәліметтер келтірген. Осы жұмыста С.Жиенбаевтың қаламынан шыққан 95 еңбектің аты аталады. Мұның ішінде таза педагогика мен әдістемеге арналған еңбегінің саны - 29. Бұлардың ішінде Лекции по педагогике для заочников вуза и педучилища(1930), Методика родного языка в НШ(1934), Методические материалы для учителей НШ(1935), Грамматика талдауы Ауыл мұғалімі(1939), Грамматикалық атегорияларды таныту Халық мұғалімі ( 1950,№5 ), Үлкендерге хат таныту методикасы (1936), Қазақ тілі методикасы(1941) сияқты еңбектерінің мәні үлкен.
Шамғали Сарыбаев - ХХ ғасырдың 20 жылдарында А.Байтұрсынұлы бастаған қазақ тіл білімі корифейлерінің ізін баса келген ғалымдардың бірі.
Ш.Х: Сарыбаев 1893 жылы, наурыз айының 11-күні Батыс Қазақстан облысының Орда ауданына қарасты Қарашағыл деген мекенде дүниеге келген. Жастайынан еңбекке араласады. 1913 жылы Шамғали Орынборда мұғалімдер даярлайтын құсайния татар мектебіне оқуға қабылданады. Сонда өздігінен орыс тілін үйреніп, татар әдебиетін біліп шығады. Мектепті 1916 жылы бітіріп, Қазалы қаласына келіп бала оқытумен айналысады.
1918 жылы Шымкентте уездік халық ағарту мекемесіне басшылық жасайды. Кеңес өкіметі орнаған жылдары Ташкенттегі Педагогика институтында қазақ тілі пәнінен оқытушылық қызметте болады. Өз заманының зиялы азаматы ретінде Ш.Х. Сарыбаев өзінің мұғалімдік тәжірибелерінен түйген келелі ойларын сол кездегі Жаңамектеп, Еңбекші қазақ , Еңбек т.б. сияқты баспасөз беттерінде жариялап отырады. Оның Сауатсыздықпен күресу жолдары, Тіл құралды оқытудағы тәжірибелер, Қазақ мектептеріндегі орыс тілін оқыту жайы тәрізді мақалалары жарияланады.
Ұстаз-ғалым елді сауаттандыру үшін қазақ тілінің қадірін арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударады. Шамғали Сарыбаев 1923-34 жылдары Ташкентте Орта Азия коммунистік университетінде ұстаздық қызмет атқарады. Ал 1934 жылы Қазақстанға қайтыр оралып, Алматыдағы сол кездегі Журналистика институтында 1937 жылға дейін дәріс береді. Жоғары оқу орындарында қызмет еткен жылдары оның қаламынан қазақ тілі мен оның оқыту әдістемесінің әртүрлі мәселелеріне байланысты ғылыми мақалалары жазылып, жарияланады. Ғалым кейін 1954 жылға дейін Абай атындағы КазПИ-де қызмет істейді.
Ш. Сарыбаевтың алғашқы еңбектерінің бірі Е.Қожантаев пен Ғ.Табынбаевпен бірігіп жазған Үлкендер үшін әліппе 1921 жылы Ташкент қаласында жарыққа шығады. ХХ ғасырдың 20 жылдарындағы сауат ашу науқаны басталған тұста бұл әліппенің қазақ жастарының сауатын ашудағы маңызы ерекше болған. Кейін 1931 жылы Ташкент қаласында қазақтың мақал-мәтелдерін жинап бастыруда үлкен еңбек еткен ақын Ө. Тұрманжановпен бірге Бірінші басқыш мектепке арналған әліппе кітабы , 1932 жылы Қ.Оспанұлымен бірге Екпінді күш 1 - класс үшін әліппе кітабы, 1933 жылы А.Әлібайұлы, М.Долайұлымен бірге жазған Ана тілі бастауыш политехника мектептерінің 3-4 кластары үшін атты оқу құралдары басылады.
Осылайша мектепке оқулық жазу сияқты жауапты да күрделі істерді істеу қажеттілігі туып тұрған заманда, соның үдесінен шығуды көздеп , ғылымдағы негізгі тырнақ алды туындыларын арнаған ғалым кейін іргелі ғылыми мәселелермен де айналысады.
Қазақстанға келгеннен кейін ғалым қаламынан туған Түоліше жазылатын бір мәнді сөздер туралы, Емле жүйелері, Сызықшаның бастауыш пен басқа мүшелер арасында жазылатын орындары, Грамматикалық мағына деген не?, Табыс жалғауының тасалануы, т.б. сияқты тіл білімінің өз кезеңіндегі өзекті мәселелеріне арналған ғылыми мақалалары жарыққа шыға бастайды. 1956 жылы Ш.Сарыбаевтың Қазақ тілі әдістемесінің кейбір мәселелері деген кітабы шықты. Бұл еңбектің қазақ тілінің әдістемесін дамытуда өзіндік үлесі болғаны анық.
Профессор Қ.Басымов қазақ тілімен туыстас тілдермен қатар орыс, араб тілдерін білген. Оның бізге белгілі елуден аса еңбегі жалпы тіл білімі, орфография, грамматика, пунктуация және әдебиет мәселелеріне арналған.
Қажым әсіресе орфография жөнінде көп жазды. Отыз шақты еңбегі орфография туралы жазылған. Ол орфография мәселелері жайында 1932 жылы Жаңа әріп пен жаңа емле және дыбыстарымыздың жіктері деген кітапшаны да бастырып шығады.
Профессор Қ.Басымов - қазақ тілі орфографиясын жазуға белсене қатынасқан ғалымдардың бірі. Оның орфография жөнінде жазған Емле сөздігінде негізгі тиянақ керек, Қысқарған сөздерді дұрыс жаза білейік , Түрлі-түсті сөздерді жазылуы туралы деген мақалаларының қазіргі кезде зор маңызы бар.
Қажым Емле сөздігіне негізді тиянақ керек деген 1930 жылы жазған мақаласында Жазудың тезі - емле сөздігі екенін айта келіп, қазақ тілінде диалектіні бар екені нақты мысалдармен дәлелдейді. Мысалы: Мәстемір - шымшуыр, сым - шалбар, дәндеу - үлкен, сырғауыл, пешене - тағдыр тағы басқа осы диелектілерге байланысты профессор Қажым Басымов былай деп жазды:Бір ұғымды сөздердің бұдан да көп бірнеше түрлерін талай жүзеге толтыруға болады. Әр ауданда әртүрлі айтылатын нәрсе аттары өте жиі ұшырайды. Тергеп, теріп отырсақ аяғыңды басқан сайын кездесе береді. Мұндай кең өріс алған бір ұғымды әртүрлі сөздің өзгелерін сылып тастап, біреуін ғана аламыз десек, тіліміздің жанды тамырына балта шапқанмен тең түсер еді. Бұлар жазу тілін шұбарламайды. Ұғымға өрнекті түр кіргізгеннен басқа зияны жоқ. Басымов этимология мен стилистика мәселелерімен де шұғылданады. Ол Түрлі-түсті сздердің жазылуы туралы деген мақаласында күн аттарының парсы тілінен алғанын айтады. Мысалы: шәнбә - сенбі, иак-шәнбә- жексенбі, ду-шәнбә-дүйсенбі, сей-шәнбә- сейсенбі, шаһар- шәнбә- сәрсенбі. Осы мақаласында Мана, бағана, деген сздерді салыстыра келіп, ол былай дейді:Мана - бағана екеуінің қайсысын жазу мәселесіне келгенде, әрине қысқасы мана сөзі қолайлы болады. Бағана сөзі, бірден ұзын, екіншіден басқа заттың аты.
Қажым грамматика мен пунктуация мәселелеріне де көп көңіл бөлген. Қазақ тілінің педтехникумдар мен институттарға арналған бағдарламаларын жазды. Қажымның Грамматиканы оқыту жөнінде, Қазақ тілінің жалғау - жұрнақтары, Сөйлем мүшелері туралы, Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері деген еңбектерінің , бұлардан басқа да мақалаларының грамматикамен пунктуацияны терең түсінуге көп көмегі тиеді.
Қазақ тілінің жалғау - жұрнақтарыдеп аталатын мақаласында Басымов былай дейді : Жалғау - жұрнақтар тіліміздің өрнекші ұстасы. Түбір сөздеріміздің жанды тамыры. Тіліміздің заңына толық бағынып жүретін әуеншісі. Жұрнақтар тілімізде өте көп. Әзірге тексеріп тапқанымыз, өзгеріс түрлерімен қоса санағанда барлығы екі жүз алпыс төрт болып отыр. Жұрнақтарды түбірдің мағынасын өзгертеді, өзгертпейді деп екіге бөлу қате. Жұрнақтың бәрі мағынаны өзгертеді. Ныкы-нікі-дыкы-дікі жұрнақтары басқа сөз таптарын сын есімге аударады делінген. Бұл қате пікір. Әр сөз табын сын есімге айналдырмайды, сол сөз табында қалып, меншіктеуді білдіреді. Мысалы: менікі, үлкендікі, баланікі, тағы басқа.
Белгісіздік есімдігіне жатқызылған ешқандай,ешқашан сөздері затты кесіп білдіреді. Бұлар белгісіз емес, белгілі. Сондықтан бұларды өзіне бөлек атау керек. Белгісіздік есімдікке кейбір, қайсібір, әлдекім сияқты сөздер жатады.
Сілтеу есімдігі ана сөзі көмектес жалғауда анамен түрінде өзгереді деу қате. Анаумен түрінде айтылады.
Сілтеу есімдігінің бұл сөзі септелгенде ылғи б дыбысымен басталатындары көрсетілген. Мысалы: бұны - мұны, бұны-мұны, бұнда-мұнда болуы керек.
Есімдік Ол сөзінің табыс жалғауының үстіне тәуелдік жалғау сы жалғанады деп айту қате. І,ІІ жақ мен, сен сөздері де осылай. Мысалы: менің,сенің, оның, оным, , онысы, тағы басқа ң,сы тәуелдіктерінің алдындағы і,ы табыс жалғаулы деп тануға болмайды. Ал,мені, сені, оны дегенде табыс жалғау болатыны дұрыс, бұл өзіне басқа.
Мен колхоздан келдім, - бұл сөйлемдегі колхоздан сөзінің аяғына шығыс септік жалғауы жалғанғанмен, неден? сұрауына жауап болып тұрған жоқ, қайдан? сұрауына жауап болып, баяндауышты пысықтап тұр. Сондықтан колхоздан сөзі - толықтауыш емес, пысықтауыш болып тұр - деген ойлар айтады ғалым.
Қ.Басымов 1938 жылы Ауыл мұғалімі журналында басылған мақаласы Сөйлем мүшелері туралы еді.
Бұл мақалада қазақ тіліндегі сөйлем мүшелеріне, оның түрлеріне тоқталады. Осы күнге шейін қазақ грамматикасындағы аяғы жерег тимей келген мәселенің бірі осы сөйлем мүшелері болып келеді.Мұғалімдеріміздің көбі сөйлем мүшелерінің соңғы кездегі дұрыс топтастырылуын бір-бірінен айырмашылықтарын ұғына алмай жүр. Сондықтан осы мәселе жөнінен біраз тоқталып өтуіміз өте керекті болып отыр - дей келе төмендегідей талдау береді.
Осы күнге шейін сөйлем мүшелері не? Дегенде, беріліп келген жауаптын түрлері мынандай болып келді:
а) Сөйлемдегі сөзді сөйлем мүшесі дейміз.
б) Сөйлемде қанша сөз болса, соларды бәрін сөйлем мүшесі дейміз.
в) Сөйлемдегі әр түрлі сұрауға жауап болған сөзді сөйлем мүшесі дейміз.
д) сөйлемдегі әр түрлі сұрауға жауап болған сөзді сөйлем мүшесі жейміз.
Міне, сөйлем мүшесін сөзді анықтауда берілген бұл жауаптардың бірден-бір дұрыс деуге болмайды.
Бірінші жауапта: Сөйлемдегі сөзді сөйлем мүшесі дейді екенбіз, бұған ұарағанда ұандай сөздер болса да сөйлем мүшесі бола береді. өйткені сөйлемдегі сөздердің барлығы бірдей сөйлем мүшесі бола бермейді. Сөйлем ішінде келгенәмен сөйлем мүшесі болмайтын сөздер де болады.
Енді, сөйлемдегі әртүрлі сұрауға жауап болған сөзді сөйлем мүшесі жейтін төртінші жауаптың қаталдығына келейік.
Бұл жауаптың қаталдығы, біріншіден әр түрлі сұрауға жауап болатын сөздердің барлығы бірдей сөйлем м,шесі бола бермейді.
Екіншіден, әр түрлі сұрауға жауап бермей-ақ, бірыңғай сұрауға жауап беретін сөздер сөйлем мүшесі бола береді.
Енді қандай жеке сөздер сөйлем мүшесі болатындығын, қандай жеке сөздер сөйлем мүшесі болмайтындығын қорытсақ.
1) Сөйлемдегі айтайын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі әдістемесінің қалыптасу кезеңдері
Қысқарған сөзді сөйлем мүшелері
БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛЕРДІҢ ЖАСАЛУЫ
Бірыңғай мүшелердің байланысы
Сөйлем мушелерінің зерттелуі
Сөйлем және оған тән басты белгілер
Қазақ тіл біліміндегі сөйлем мүшелерін оқыту
Сөйлем мүшелері - сөйлемнің ішкі бөліктері
Көсемшелердің күрделі етістік жасауы
Жай сөйлемді оқыту
Пәндер