Ғылымдагы дәстурлер мен жаңалықтар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Реферат.
Тақырыбы: Ғылым құндылықтары.

Орындаған: Ақынтаев Ғ.

Жоспар:

Кіріспе.
1. Ғылымның пайда болуы, негізгі даму кезеңдері. Ғылымды зерттеу аспектілері.
2. Ғылым динамикасы. Ғылымдагы дәстурлер мен жаңалықтар.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.

Адамзат қоғамының қалыптасуы, одан əрі өсіп-өркендеуінде, тарихи
сатылармен ілгерілеуінде ғылымның атқаратын рөлі ерекше екені белгілі.
Екінші жағынан, ғылым - қоғамның өзін дүниеге келтірген, оның өркендеуіне
жағдай туғызған құбылыс. Біз ғылымның дүниесін танып, игерудің,
данышпандық пен зерделіліктің қайнар көзі екенін жақсы білеміз.
Ғылым дегеніміз не? Ғылым мен білім деген түсініктерін синоним ретінде
қарастыруға болады ма?
Адамның айналасындағы дүниені танып-білуі күрделі қайшылыққа,
ұзаққа созылатыны жəне де оның адамның жаңа əрі тың білімді игерумен
байланысты екені алғашқыдан мəлім.
Білім дегеніміз - материалдық жəне рухани құбылыстар туралы шынайы
əрі нақты мəліметтер жиынтығы, олардың адам санасында дұрыс, объективті
бейнелеуі.
Жалпы білім қорын ғылымға дейінгі, яғни күнделікті өмірде туындаған
қарапайым білім жəне ғылыми білім деп екіге ажыратуға болады. Ғылымға
дейінгі қарапайым білім тіршілік барысында, іс-əрекет үстінде, тəжірибе
ауқымында жинақталады. Ол бар болған құбылысты сипаттайды, оқиғаның
қалай өтіп жатқанын пайымдайды.
Ал ғылыми білім терең де мазмұнды. Ол құбылысты, оқиғаны жай
сипаттаумен ғана шектелмейді. Құбылысты неге мұндай, оқиға неліктен
басқаша емес, дəл осылайша өтіп жатыр, себебі бар ма, алда не күтіп тұр деген
сұрақтарға дəйекті жауап қайтарады. Басқаша айтқанда, ғылыми білім
оқиғаларды, құбылыстар мен фактілерді бейнелеп, сырттай сипаттап қана
қоймайды сонымен қатар оларды түсіндіреді, ішкі табиғаттың, мəнді жақтары
мен маңызды байланыстарын ашып көрсетеді, яғни даму заңдылықтарын
айқындап түйіндейді. Осы негізде ғылыми білім оқиғалардың, құбылыстардың
бұдан былай даму бағдарына болжам жасайды.
Ғылыми білім рухани дүниенің құрамдас бөлігі есебінде қашанда
жүйелілігімен, логикалық тұрғыдан ұйымдасқандығымен жəне теориялық
сипатымен ерекшеленеді. Ғылыми білім ғылыми қиындықтар мен
қайшылықтары мол ізденістің, шығармашылық іс-əрекеттің барысында
туындап, жинақталып жүйеленеді. Ол таным процесінің əрі күрделі нəтижесі
болып табылады.

1. Ғылымның пайда болуы, негізгі даму кезеңдері. Ғылымды зерттеу аспектілері.

Ғылым дегеніміз не? Бұл сұраққа жауап берудің оңай еместігінің дәлелі ретінде оның қашан пайда болғандығы туралы пікірталастың әлі күнге толастамай отырғанын айтуға болады. Ғалымдардың бір тобы ғылым ежелгі дүниенің антикалық кезеңінде, яғни, осыдан 2,5 мың жыл бұрын пайда болды десе, енді бір ғалымдар нағыз ғылым тек Жаңа Дәуір кезеңінде, шамамен ХVІІІ-ғасырда қалыптасты деген пікірді үстанады. Мұндай пікірталастың себебі ғылымның күрделі және санқырлы құбылыс екендігінде. Ол бір жағынан алғанда білімдердің, теориялық қағидалар мен методтардың жүйесі, сонымен бірге қоғамдық сананың формасы, қоғамды дамудың рухани жемісі, қоғам дамуын басқару құралы, өндіргіш күш күрделі информациялық жүйе және т.б. Осы әр түрлі салалардың мамандары ғылымға әр түрлі анықтамалар береді және олардың ешқайсысын да теріске шығаруға болмайды. Әртүрлі анықтамаларды қорыта келіп, ғылымның жалпы анықтамасын беретін болсақ, ғылым -- табигат, қогам және адам туралы білімдер өндіруге багытталган зерттеу қызметі саласы.
Бұл анықтамадан ғылымның зерттеу пәні туралы түсінік алуға болады. Ғылым ең әуелі адамды қоршаған орта -- табиғатты зерттеуге бағыталған қызметтің жемісі ретінде дүниеге келді. Бірте-бірте қоғам турал ғылыми
түсініктер жинақтау қажеттігі туындады. Бірақ ғылым процесіндегі басты тұлға, ғылымның басты субьектісі де, объектісі де -- адамның өзі. Адамның қатысуынсыз ғылымның қалыптасуы мүмкін емес, сонымен бірге, адам өзін түсінуге, өз мүмкіндіктерін анықтауға, табиғат пен қоғамның ғана емес, өз болашағын болжауға көне заманнан бастап осы күнге дейін талпынып келеді және бұл процесс адам жерт бетінде қанша өмір сүрсе, сонша жалғаса бермек.
Ғылымның функциялары. Ғылым күрделі әлеуметтік функциялар атқарады. Бұл функциялар ғылымның өзінің дамуымен бірге үнемі өзгеріп, толықтырылып және ғылымның дамуына өзіндік осерін тигізіп отырады. Қазіргі ғылымның үш әлеуметтік функциясын атап көрсетуге болады:
1) мәдени-көзқарастық;
2) өндіргіш күштер функциясы;
3) әлеуметтік күштер функциясы. Ғылымның генезисі және негізгі даму кезеңдері.
Ғылымның генезисі, қоғамдағы қызметі және дамуының қозғаушы күштері мәселесі бойынша интерналистік, экстерналистік және позитивистік концепциялар бар. Интернализм ғылымның пайда болуы мен дамуына философиялық ой тікелей әсер етті деп есептейді және қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси құрылымы мен сол қоғамның ғылымының арасында ешқандай байланыс болуы мүмкін емес деген пікірді ұстанып, ғылымның ішкі факторларын абсолютке айналдырады. Экстернализм бұл концепцияға қарсы. Оның өкілдерінің пікірі бойынша, ғылымға сыртқы факторлардың әсері мықты. Позитивизм; ғылым нақты, тәжірибеден өткен, дәлеледенген фактілерге сүйене отырып дами алады, абстрактылық ойлау мен метафизикалық түсініктер ғылым үшін пайдасыз. Біздің ойымызша, ғылымның пайда болуына, эволюциясына, қоғамда атқаратын қызметіне жоғарыда аталған факторлардың бәрі де белгілі бір дәрежеде ықпалын тигізеді және ол әр дәуірде әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан оларды бір-біріне қарсы қойып, немесе бір-бірінен бөліп алып, белгілі бір факторларды абсолютке айналдыру дұрыс емес.
Зерттеуші ғалымдар ғылымның даму кезеңдері туралы әр түрлі пікірлер айтады. Олардың бір тобы ғылым көне заманда қалыптасты десе, енді бір ғалымдар ғылым қоғамның ерекше саласы ретінде Жаңа Дәуірде пайда болды деп тұжырымдайды. Біздің пікірімізше, ғылымның даму кезеңдері туралы мейлінше дұрыс пікірді ұсынған қазіргі заманғы Ресей ғалымы В.В.Ильин. Ол ғылымның дамуын классикалық, классикалық емес және неоклассикалық емес деп жіктейді. Бұл жіктеуді ғылымның классикалыққа Дейінгі кезеңімен толықтырған дүрыс секілді деп ойлаймыз. Себебі, классикалық ғылым кезеңіне дейін ғылым ұзақ уақытқа созылған нағыз ғы- лымға дейінгі қалыптасу кезеңінен өтті.
Алғашқы қауымдық қоғам дамуының мыңжылдық практикасы ғылым ды қалыптастыра алған жоқ. Білім күнделікті өмірдің қажеттіліктері қанағаттандыруға ғана бағытталып, одан жоғары кетеріле алмады. Алғашқы қауымдық қоғамда өмір сүрген адамдар дүние туралы білім жинамады деуге болмайды, бірақ заттар туралы объективтік білім оларды субъективтік қабылдаумен тығыз байланысты еді, яғни, объективтік білім элементтері мен субъективтік сана арасында шекара болмады, табиғат құбылыстары адам және оның өмірімен байланысты түсіндірілді.
Адам ойы таза теориялық білім деңгейіне көтерілуі үшін оның дәстүрлі практикалық бағытталғандығын бұзу қажет еді. Ескі сананы күйрету санаға тікелей әсер ету арқылы емес, сана бейнелеп отырған дүниені түбірімен қайта түсіну арқылы жүрді. Дүниеге деген жаңа көзқараста заттар адамға байланысты емес, объективті, заттар мен адам жеке-жеке, бір-біріне қатысты, бірақ тәуелсіз, нәрселер ретінде пайымдалды. Осындай ерекшелік көне гректерге тән еді. Ғылымды зерттеуші ғалымдардың бәрі дерлік ғылымның отаны көне Греция деп мойындайды. Гректер Египет пен Вавилон империяларында бірнеше жүзжылдықтарға созылған соғыстардан аман қалған, ұзақ уақыт ескерілмеген білімдерді қабылдап алды және жәй қабылдап қана қоймай, өздерінің ақыл-ойының, ойлау қабілетінің күштілігі арқасында өздерінің білімдерін қоса отырып жаңа дәрежеге көтерген, оларға абстрактылық және рациональдік сипат берген халық болды.
Ғылым дамуының классикалық кезеңі ХVІ-ғасырдан басталды деуге болады. ХVІ-ғасыр -- адам рухының қайта өркендеген кезеңі. Қалалардың көбеюі адамның сезімдері мен өмірлік құндылықтарының жаңа деңгейде дамуына оң әсерін тигізді. Университеттер пайда бола бастады, олар әлі күнге дейін ғылым ордасы болып есептеледі. Өркендеу дәуірінде елеулі ғылыми жаңалықтар дүниеге келді, осы кезеңде ғылым мен өнерді біріктірген ғұламалар өмір сүрді. Олардың бәрінің есімдерін және олар ашқан жаңалықтардың бәрін бірдей атап шығу мүмкін емес. Ең басты тұлғаларды ғана атасақ: Леонардо да Винчи (1452-1519) -- ұлы суретші және қазіргі жаратылыстану ғылымының пионері; Николай Коперник (1473-1543) поляк астрономы, дүниенің гелиоцентристік жүйесін ашты; Джордано Бруно (1548-1600) -- әлем біртұтас, шексіз, үнемі өзгеріп отыратын монадолардан тұрады деп тұжырымдады; Галилео Галилей (1564-1642) -- Жер айналып отырады, дүниені математика, механика ғылымдарының, ақыл-ойдың көмегімен тануға болады деп пайымдады.
Одан бергі ғылымдағы негізгі революциялық жаңалықтар -- атом бөлшек-терінің ашылуы, атом бомбасының жасалуы, космосты игеру, ғылым же-тістіктерінің өндіріс саласына көптеп енгізілуі немесе ғылымның өндіргіш күш ретінде қарқынды дамуы, электроника және кибернетика салалары жетістіктерінің адамның өмір сүруін жеңілдету үшін қолданылуы, яғни, ғылымның адамның күнделікті тұрмысында кең орын алуы.
Бұл классикалық кезең Галилей мен Пуанкареге дейінгі ХVІ-ХХ ғасыр-ларды қамтиды.
Неоклассикалық емес қазіргі кезеңде ғылым жеке салаларға бөлініп кетті. Бұл құбылыс ғылымның дағдарысына әкеліп соқты деуге болады. Оның басты себебі -- ғылымның басты мақсаты -- жалпы дүние туралы білім жинау екендігі ұмыт болды және дүниені тұтас нәрсе деп қарастыру принципі естен шығарылды, әрбір ғылым өзімен-өзі болып кетті.
Ғылымды зерттеу аспектілері
Ғылым философиясы. Ғылымды философиялық тұрғыдан зерттеу аса маңызды және ол ғылым мен ғылыми қызметті зерттейтін басқа пәндердің арасында ерекше, басты орын алады. Ғылымды зерттеудің әр түрлі жеке методтары мен арнайы ғылымтану пәндері қаншалықты профессивті және өзекті болғанымен, олар ғылымды философиялық тұрғыдан зерттеудің орнын баса алмайды. Философия ғылымды қоғамдық сананың белгілі бір формасы және адамның дүниеге көзқарасын анықтаушы теориялық сана ретінде, қоршаған ортаға қатынастың типі ретінде сараптайды.
Ғылым социологиясы. Ғылымды идеяның дамуы, танымдық жүйе деп қарастырумен шектелмей, оны қоғамдық өндірістің түрі, әлеуметтік жүйе ретінде түсіну ғылым социологиясының пәнін анықтайды. Ғылым со-циологиясы ғылымдағы қоғамдық қатынастар және ғылым мен қоғам
арасындағы қатынастар жүйесін зерттейді. Ғылымды социологиялық танып-білу үш саланы қамтиды: 1) ғылыми қызметтің ішкі құрылымы, немесе әлеуметтік институт ретіндегі ғылыми қызмет шеңберіндегі қоғамдық қатынастар; 2) ғылым және қоғам, ғылым мен қоғамның басқа компоненттері арасындағы өзара қатынас және өзара байланыс; 3) ғылымдағы адам.
Ғылым психологиясы ХХ-гасырда қарқындап дамыды. Бұл құбылыс кіші ғылымдардан үлкен ғылымдарга көшумен, ғылыми-ізденіс жұмысында ұжымдық принципінің басым бола бастауымен, гылыми іс-қызметті күшейтудің факторларын ашуга ұмтылумен тыгыз байланысты. Қазіргі ғылым ерекше шыгармашылық және әлеуметтік жүйе, сондықтан психо-логиялық факторлардың гылыми процестің дамуын жеңілдетуге немесе бәсеңдетуге тигізетін әсері мол. Ғылым психологиясы галымның білім өндірісінде маңызды рөл атқаратын елестету, шабыттану, интуицим негіздеу және басқа психологиялық қасиеттерін-объектілерін зерттейді. Сонымен қатар, гылым психологиясы индивидуальдік-шыгармашылық құбылыстармен шектелмей, ғылыми ұжымдагы тұлғааралық қатынас- тардың гылым процесіне, галымдардың интеллектуалъдік қызметіне әсері. зерттеу объектісіретінде қарастырады. Ғылым психологиясы қазіргі ке- зеңде гылымды зерттеудің маңызды саласына айналып отыр.
Ғылым этикасы ғылым дамуының заңдылықтарын, практиканы және ғылымның сапасын көтеруге бағытталған ғылымды басқаруды қажеттіліктерінен туындайды. Моральдық -этикалық факторлар ғалымның ізденістік қызметінің маңызды жағы. Ғылымның өмір сүруінің өзі
ғылыми тазалық, әділдік, принципшілдік, ақиқат үшін күрес секілді моральдік қасиеттерсіз мүмкін емес. Ғылымдағы этикалық аспектілер санқырлы және олар әр түрлі деңгейлерде әр түрлі көрінеді. Мысалға ғалымның өзіне дейінгі ғалымдарға, олардың шығармашылығына, өзінің әріптестеріне, өзініңі жолын қуушы шәкірттеріне деген этикалық-моральдық қатынасы. Тұлғааралық қатынастардың этикалық аспектілері ұжымдық шығармашылық жағдайында айқындала түседі. Бұл қатынастар шынайы, адал, әділетті, үлкенге құрмет, кішіге ізет принциптері негізінде құрылған болса, көреалмаушылық, дөрекілік, мансапқорлық сияқты жағымсыз қасиеттерге жол берілмесе -- ғылыми ұжымдағы хал-ахуал да жақсы болып, ғылыми ізденісте жаңа табыстарға қол жеткізу мүмкіндіктері көбейе түспек. Ғалымға қажетті моральдық қасиеттердің негізгілері туралы айтатын болсақ, олар: ғылыми ақиқатты қорғау жолында аянбау, азаматтық батылдық, адамгершіліктік тазалық, адалдық, шыншылдық, жауапкершілік және тағы басқалары.

2. Ғылым динамикасы. Ғылымдагы дәстурлер мен жаңалықтар.

Ғылым тарихы ғылым тарихын оның пайда болған уақытынан бастап қазіргі заманға дейін зерттейді. Ол ғылыми дамудың заңдылығын негізінен тарих ғылымының деректеріне сүйеніп, ғылымның дамуындағы жекелеген құбылыстар мен оқиғаларды сараптап, сондай-ақ ғылымды зерттейтін басқа пәндердің -- ғылым логикасы, ғылым психологиясы, ғылым этикасы, ғылым социологиясы, ғылым экономикасы жөне тағы басқалардың жетістіктерін пайдалана отырып ашады. Ғылым тарихы бойынша жазылған Джон Берналдың Қоғам тарихындағы ғылым еңбегі осы ойымыздың жақсы мысалы бола алады және бұл еңбектің жазылғанына жарты ғасыр уақыт өтсе де, әлі күнге дейін құндылығын жойған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылымның функциялары
Ғылымның негізгі даму кезеңдері
Ғылымдағы дағдарыс
Қазақ халқының мифологиясы мен оның өзіндік табиғаты
Ғылым және философия
Ғылым білім ретінде және қоғамның, өркениеттің, мәдениеттің дамуына орай ғылыми білімнің күрделенуі
А. Шопенгауердің әлемдік еркі туралы
Этнопедагогика және фальклорық зерттеу әдісі
Жаңа заман философиясы мен мәдениетiнiң дамуы
Философия ғылымдар негізі
Пәндер