Проектор және компьютер

Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қарағанды техникалық университеті
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ақпараттық-есептеуіш жүйелер кафедрасы

ТӘЖІРИБЕ
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
БОЙЫНША ЕСЕП
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
"Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия базасындағы тірек мектебі" КММ
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
(тәжірибе орны)

Жетекшісі
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
________________________ , Садибекова А.М. ,
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
(бағасы) (кәсіпорыннан қолы, аты-жөні)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
_____________________________
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Комиссия мүшелері (факультеттен қолы, аты-жөні)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
________________________ Білім алушы Жумабаев Қ.Б.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
(қолы) (аты-жөні) (аты-жөні)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
ИС 17-1 ,
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
________________________ (группасы)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
(қолы) (аты-жөні) __________________________________
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
(қолы) (күні)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
________________________
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
(қолы) (аты-жөні)

2021 ж.

Мазмұны

Кіріспе
3
1. Мекемемен танысу
4
1.1. Мекеменің қызметі мен құрылымы
4
1.2. Қауіпсіздік техникасы және мекеменің жұмысын ұйымдастыру
6
2. Мекеменің аппаратық және бағдарламалық қамтамасыздандырылуы
8
2.1. Қазіргі заманғы операциялық жүйенің принципі және құрылу тәсілдері

8
2.2. Компьютерлік вирустар және олардан қорғану
11
3. Білім беру мекемесінің Web-сайты: түсінігі, жіктелуі, құрылымы
16
3.1. Типтік веб-сайттың сипаттамасы, оның білім беру мекемесінің жұмысындағы рөлі

16
3.2. Білім беру мекемесінің web-сайтының типтік құрылымы
18
Қорытынды
20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
21

Кіріспепро
граммное обеспечение
Диплом алды іс-тәжірибе өтудің негізгі мақсаты- алынған дәрістерімізді кәсіпорындарда немесе мекемелерде тәжірибе жүзінде шыңдап көру, дағдылар мен іскерлікті бекіту.
Іс-тәжірибенің тәрбиелік мақсаты қазіргі мекемелердегі жұмыс мәдениетін қалыптастыру, алған білімдерін нақты мекеме жағдайында өз бетінше шығармашылық тұрғыдан қолдану қабілетін дамыту болып табылады.
Мекемеде іс-тәжірибеден өту барысында мекеменің қызметімен, лауазымдық нұсқаулықтармен және жұмыс орнындағы қауіпсіздік техникасымен, аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етумен танысу, бағдарламаға сәйкес жеке тапсырманы орындау және есептік құжаттаманы ұсыну қажет.
Диплом алды іс-тәжірибе өткен мекемем Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия базасындағы тірек мектебі КММ, техник-программист болып жұмыс атқардым. Мектепте информатика және IT дәрісханалары бар.
Мақсатым: Әрбір студент компьютерлік жұмыстарды міндетті түрде орындау, еңбекті қорғау және ішкі тәртіп ережелерін сақтау, қауіпсіздік ережелерін, жетекшінің тапсырмаларын орындау керек. Студенттер тәжірибе кезінде теориялық алған білімдерін тәжірибе жүзінде шыңдап, қосымша материалдар жинау және жаңа технологияларды игеріп қана қоймай, олармен жұмыс барысында қолдану. Жасалған программаларды жүргізу және қолдану, есеп нәтижесі мен мағлұматты өңдеу. Бағдарлама құру, бағдарламаларды орнату, әртүрлі қосымша ақпараттық жүйелерге байланысты мәселерді шеше алу.
Диплом алды тәжірибені өтуде, ең алдымен жұмысты бастамас бұрын жұмыс орынымен және де мекемемен танысып алу қажет. Менің бірінші басты жұмысым осы мекемемен танысу, әрі қарай жұмыс атқару болды.
1. Мекемеменмен танысу
1.1. Мекеменің қызметі және құрылымы

Дипломалды практика өту орны Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия базасындағы тірек мектебі КММ.
Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия базасындағы тірек мектебі 1930-31 жылдары құрылған. 1930 жылдың 1ші қаңтарынан бастап жұмыс атқаруда. Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия базасындағы тірек мектебі Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай жырау көшесі 41 мекен-жайы бойынша орналасқан. Гимназияның негізгі бағыты - жаратылыстану және гуманитарлық бағытты тереңдетіп оқыту. Байланыс үшін жұмыс телефоны + 7(71031)2-15-39. Жұмыс кестесі Дс-Сб 08:00-20:00.
Телефондар: + 7(71031)2-15-39

Сурет 1.1- КММ Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия базасындағы тірек мектебі

Мектептің даму жолдары:
1928 жылы - Ы.Алтынсарин атындағы мектептің ірге тасы бастауыш негізінде қаланды.
1932 жылы - жеті жылдық мектеп
1938 жылы - Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі
1948 жылы- алғашқы орта мектеп түлектерін ұшырды
1963 жылы - жаңа типтегі мектеп салынды.
1980 жылы - ауданның "Үздік мектебі" атағына ие болды.
1985 жылы - аудандағы "Сенімді мектеп" дәрежесіне ие болды.
1993 жылы - алғашқы гимназиялық сыныптар ашылды.
2000 жылы - мұғалімдерді ҚДИ базалық мектебі
2002 жылы - Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-эксперименталдық алаң
2003 жылы - мектеп-гимназияның алғашқы түлектерін ұшырды
2004 жылы - ҚР Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы қазақ білім академиясының базалық мекемесі.
2005 жылы - "Мектеп - гимназия" статусы берілді.
2006 жылы - құрамында 3 магниттік мектебі бар ресурстық орталық құрылды, бүгінде құрамында 16 магниттік мектебі бар ресурстық орталықтың тірек мектебі.
2007,2008 жылы - " Жаңашылдар шеберханасы" атанды.
2009,2010 жылы - "Сапалы білім ордасы" атанды
2010-2011 жылы - "Сапалы білім ордасы" атанды
2011-2012 жылы - "Жаңашылдар шеберханасы" атанды
2012-2013 жылы - "Сапалы білім ордасы" атанды
2013-2016 жылы - "Жаңашылдар шеберханасы" атанды
2018-2019 жылы - "Табысты ұйым" номинациясына
Ресурстық орталық тірек мектебінде заманауи ақпараттық технологиялар кеңінен пайдаланылады:
Интернет-конференциялар, олимпиадалар, конкурстар мен жобаларға қатысу;
Интерактивтік құрал-жабдықтар мен қондырғыларды белсенді түрде пайдалана білу;
Педагогикалық үдерісте заманауи технологияларды (қашықтан оқыту, модулдық, жобалау-зерттеу) кеңінен қолдану.
Мектептің материалдық-техникалық базасы:
Интерактивті тақта - 5
Подиум - 2
Проектор және компьютер - 16
Жаңа модификациялы физика дәрісханасы - 1
Химия зертханасы - 1
Қыздар шеберханасы - 1
Лингафон дәрісханасы - 1
Жиын залы - 1
IT сынып - 1
Автотренажер - 1
Оқушыларға арналған компьютер саны - 93
Мұғалімдерге арналған моноблоктар - 30
Мультимедия дәрісханасы - 1
Робототехника шеберханасы - 1

1.2 сурет - IT дәрісханасы

Жұмыс процесі үшін басқарма мынадай бағдарламалармен жабдықталған: Windows XP-7-8-10, Total Comander, Adobe Reader, Denwer, Deamon Tools, Nero, Microsoft Office, Corel Draw X5, Adobe Photoshop, Web Builder, Lego Mindstorm, TheKMPlayer, Kaspersky Lab Antivirus (антивирус), Eset Nod32 (антивирус), Dr Web (антивирус), Opera, Google Chrome, Mozilla Firefox.

1.2. Қауіпсіздік техникасы және мекеменің жұмысын ұйымдастыру

І. Жалпы қауіпсіздік талаптары:
- Басқарма басшысының рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарды, розеткаларға, штекерге тиісуге тыйым салынады.
- Басқарма басшысының рұқсатынсыз кабинетке кіруге және кабинеттен шығуға болмайды.
- ДК-де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.
- Пернетақтаның үстіне ештеңе қоюға болмайды.
- Компьютер кабинетінде жүгіруге, ойнауға, қызметкерлердің көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.
ІІ. ДК-де жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары:
- ДК электр тоғына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.
- Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.
ІІІ. ДК-мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
ЭЕМ-да жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-70см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық-50см.
Келушілер келгенде қызметкерлер орнынан тұруының қажеті жоқ.
Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді дем алдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.
- Қызметкерлер электр тоғымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білу керек.
Кернеуді тексеру. Разеткада 220В кернеу болуы қажет. Дербес компьютердің қоректендіру блогында 220В кернеу бекітілгеніне көз жеткізу қажет.

2. Мекеменің аппаратық және бағдарламалық қамтамасыздандырылуы

2.1Қазіргі заманғы операциялық жүйенің принципі және құрылу тәсілдері

Мектептегі келесі тәжірибе күндері компьютерлердің қалыпты жағдайын реттеумен және де операциялық жүйенің жұмысын оңтайландыруға септігін тигізетін сервистік бағдарламалармен, сонымен бірге жалпы жүйенің қорғанысын қарастырдым.
Компьютерлік кабинет жалпы 15 компьютер орналасқан. Оларда Windows 10 Home операциялық жүйесі орнатылған.

Сурет 2.1-Windows 10 Home операциялық жүйесі

Windows жүйесіндегі жұмыс істеу негіздерінің басталу уақыты 1981 жылы MS(PC)-DOS операциялық жүйесі IBM дербес компьютерлермен бір мезгілде пайда болып, әрбір компьютерге орналастырылған болатын. MS-DOS операциялық жүйесі тек бір адамның жұмыс істеуіне арналған болатын және бір мезетте тек бір мақсатты ғана шешетін, оның үстіне MS-DOS операциялық жүйесі компьютердің тек 640 кб жедел жадын ғана (RAM) пайдалана алатын еді.
Адам мен компьютер арасындағы байланысты ұйымдастырушы қызметін, яғни пайдаланатын негізгі интерфэйс рөлін MS-DOS жүйесінде командалық жол атқарды. Бұл жол арқылы MS-DOS жүйесі мен адам арасындағы сұхбат ыңғайсыз жүргізіледі, ЭЕМ-ді басқаруға арналған қажет жүзден астам командалар пернелерден енгізіліп барып орындалады. Командаларды жазу тәртібі өте күрделі деуге болады, кейде бір команданы орындау үшін ондаған символдарды теруге тура келеді. Осы операциялық жүйемен негізінен тек маман программалаушылар ғана тікелей жұмыс істейді де, көптеген адамдар ондай дәрежеге көтеріле алмайды. Жүйелік программалық қоршаулар негізінен компьютердің файлдық жүйесімен жұмыс істеуді жеңілдетті, яғни қажет информацияны жылдам әрі жеңіл тауып, оның мазмұнын қарауға және жұмыс істеуге өз септігін тигізді.
Негізгі функциялары:
Кез келген операциялық жүйе сияқты Windows ортасының негізгі ядросы, жедел жадты басқаратын ішкі жүйесі, файлдық жүйесі, енгізу-шығару құрылғыларымен жұмыс істейтін драйверлері, т.б. жүйелері бар.
Ол жұмыс кезінде мынадай мәселелердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
1. компьютердің барлық аппараттық құрал-жабдықтарын басқару;
2. файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;
3. қолданбалы программаларды іске қосу.
Бұған қоса WINDOWS жүйесі:
1. бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істеуін;
2. әр түрлі программалар арасында мәліметтер алмасуын;
3. масштабталатын шрифтерді сүймелдеуді;
4. мультимедия мүмкіндіктерін пайдалануды;
5. бірыңғай анықтамалық жүйе жұмысын қамтамасыз ете алады.
Операциялық жүйенің орындайтын негізгі функциялары.
1. Пайдаланушыдан қабылдайтын командалар және олардың өңдеуі.
2. Басқа программаларды іске қосу, тоқтату, кідіру үшін қабылданатын және орындалатын программалық сұраныс.
3. Орындалатын программаларды оперативті жадыға жүктеу.
4. Программаның инициациясы барлық программалар мен деректердің идентификациясы.
5. Деректер базасын басқару жуйесінің жұмысын жасау, программалық жасаудың тиімділігін көтереді.
6. Мультипрограммалау режимін жасау (екі және одан да көп программалардың бір процессорда орындалуы).
7. Барлық енгізу-шығару операцияларын ұйымдастыру және басқару функцияларын жасау.
8. Жадыны үлестіру.
9. Берілген стратегиялар және қызмет көрсету пән бойынша есептердің жоспарлауы мен диспетчерлеуі.
10.Орындалатын программалар арасындағы деректер мен хабарлардың алмасу кетігін ұйымдастыру.
11.Деректердің сақтауын жасау; бір программаны баска программаның қатерінен сақтау.
12.Жүйенің бөліктік жаңылысу кезінде берілетін қызмет.
13.Программалау жүйесінің жұмысын жасау арқылы пайдаланушылар өз программаларын дайындайды.
14.Операциялық жүйенің міндеттері:дербес компьютерлердің аппараттық бөлігінің қосымшасы. Ол мәселелік программаларды сыртқы құрылғылармен байланыстыруды қамтамасыз етеді. Ал пайдаланушыға команда арқылы дербес компьютерлердің жұмысын басқаруға мүмкіндік береді.
Типтік есептеу жүйесінің логикалық құрылымында ОЖ микроархитектурасы бар құрылғылар, машина тілі және бір жағынан өзінің (кіріктірілген) микробағдарламалары, екінші жағынан қолданбалы бағдарламалар арасында орналасады.
Көптеген есептеу жүйелерінде ОЖ жүйелік бағдарламалық жасақтаманың негізгі, маңызды (және кейде жалғыз) бөлігі болып табылады. 1990-шы жылдардан бастап ең көп таралған операциялық жүйелер Microsoft Windows ОЖ және UNIX класты жүйелер (әсіресе Linux және Mac OS) болып табылады.
ОЖ функциясы-бұл ресурстарға бәсекелес процестер арасында процессорларды, жадты, құрылғыларды және деректерді бөлу.
Бағдарламалардың сұранысы бойынша көптеген бағдарламаларға ортақ және барлық дерлік бағдарламаларда жиі кездесетін қарапайым (төмен деңгейлі) әрекеттерді орындау (деректерді енгізу және шығару, басқа бағдарламаларды іске қосу және тоқтату, қосымша жадты бөлу және босату және т.б.).
Бағдарламаларды жедел жадқа жүктеу және оларды орындау.
Перифериялық құрылғыларға стандартталған қол жетімділік.
Жедел жадты басқару (процестер арасында бөлу, виртуалды жадты ұйымдастыру).
Белгілі бір файлдық жүйеде ұйымдастырылған ұшпайтын медиадағы деректерге қол жеткізуді басқару (қатты диск, оптикалық дискілер және т.б.).
Пайдаланушы интерфейсін қамтамасыз ету.
Желілік операциялар, желілік протоколдар стегін қолдау.
Қосымша функциялар:
Параллель немесе жалған параллель тапсырмаларды орындау (көп функциялы).
Процестер арасында есептеу жүйесінің ресурстарын тиімді бөлу.
Ресурстарға әртүрлі процестердің қол жетімділігін ажырату.
Сенімді есептеулерді ұйымдастыру (бір есептеу процесінің басқа процестегі есептеулерге әдейі немесе қате әсер ете алмауы) ресурстарға қол жетімділікті бөлуге негізделген.
Процестер арасындағы өзара әрекеттесу: мәліметтер алмасу, өзара синхрондау.
Жүйенің өзін, сондай-ақ пайдаланушы деректері мен бағдарламаларын пайдаланушылардың әрекеттерінен (зиянды немесе білместен) немесе қосымшалардан қорғау.
Көп пайдаланушының жұмыс режимі және қол жеткізу құқығын бөлу (аутентификация, авторизация бөлімін қараңыз).
Операциялық жүйенің қабығы (ағылш. shell-қабық) - пайдаланушының жүйе функцияларымен өзара әрекеттесуі үшін интерфейсті қамтамасыз ететін Операциялық жүйе (ОЖ) командаларының аудармашысы.
Жалпы жағдайда, пайдаланушының өзара әрекеттесуіне арналған интерфейстің екі түрі бар: мәтіндік пайдаланушы интерфейсі (CUI) және графикалық пайдаланушы интерфейсі (GUI).
OC Windows үшін графикалық қабықшалар
Windows ОЖ-нің соңғы нұсқалары біріктірілген Windows Explorer ортасын қабық ретінде пайдаланады. Windows Explorer-бұл жұмыс үстелін, Бастау мәзірін, тапсырмалар тақтасын және файлдарды басқару функцияларын қамтитын визуалды басқару ортасы.
Көптеген үшінші тарап әзірлеушілері Windows жүйесіне Microsoft әдепкі бойынша қосылған Explorer қабығының орнына қолдануға болатын балама ортаны ұсынады.

2.2. Компьютерлік вирустар және олардан қорғану

Компьютерлік вирустарға қарсы тексеру жүргіздік. Ол дегеніміз-өзінен өзі көбейіп, компьютерлік жүйедегі және желідегі әртүрлі объектілерге залалын тигізуге бейім программалар.
Компьютерлік вирус - шағын көлемді, өзінен-өзі көбейетін, компьютерлік жүйедегі және желідегі әртүрлі объектілерге залалын тигізуге бейім, өлшемі бойынша 200 ден 5000 дейінгі арнайы компьютерлік программа. Олар өзінің бірнеше кодын көшіреді және оны басқа басқа программалар кодына біріктіреді, компьютерде тағы да басқа келеңсіз, түсініксіз әректтер жасауы мүмкін. Вирус компьютерге қолданушының бақылауынсыз зақымдалған дискета немесе файл арқылы кіруі мүмкін. Ішінде вирусы бар программа зақымдалған немесе ауру жұққан деп аталады. Зақымдалған программа жұмыс атқарған кезде ең алдымен вирус жұмысқа кіріседі. Вирус басқа программаларды тауып, зақымдайды және тағы басқа зиянды іс-әрекеттер жасай бастайды. Компьютердің қалыпты жұмыс істеуіне көлденең тұрады, дискідегі файлды бұзады, компьютерде сақталған ақпараттарды бүлдіреді, жедел жады ластайды. Вирус бір компьютерге кірсе, басқа компьютерге тарауы мүмкін.
Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды бүлдіру және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді. Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады Вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекеттерін орындаған соң,жұмысты басқаруды негізгі программаға береді, ал ол программа алғашында әдеттегідей жұмыс істей береді. Сөйтіп ол программа бұрынғы қалпынша жұмысын жалғастырып, сырт көзге вирус жұққандығы бастапқы кезде байқалмай қалады.
Осы программалардың саны мен түрі көбеюде. Сондықтан біз вирустардың табиғатын, жұғу әдістерін және олардан қорғана білуіміз қажет. Компьютерге вирус негізінде дискеттер және лазерлі диск арқылы, сонымен қатар компьютерлік желілер арқылы кіріп, дискіні қатты зақымдайды. Қазіргі уақытта 40000-нан астам компьютерлік вирустар бар.
Вирустарға тән сипаттама беру өте қиын, өйткені вирустардың түрлері өте көп, осыған қоса әрбіреуінің тек өзіне ғана тән ерекше қасиеті болады. Кейбіреуі жасырын түрде бүлдіру іс-әрекетін бастайды, кейбіреуі тек көбейе береді, бірақ негізгісі - операциялық жүйенің түрлі объектілерге ену мүмкіндігі, өзінің дубликаттарын көбейтіп, желіге, файлдарға, компьютердің жүйелік бөліктеріне тасымалдау.
Вирустардың жұғу белгілері
Компьютерде вирус жұққан программалар саны көбеймей тұрғанда, онда вирустың бар екені сырт көзге ешбір байқалмайды. Бірақ біраз уақыт өткен соң,компьютерде әдеттегіден тыс, келеңсіз құбылыстар басталғаны білінеді.
Компьютерде вирус болған жағдайда оны табу өте маңызды. Ол үшін вирустың пайда болуының негізгі белгілерін білу қажет. Негізгі белгілерге келесі жағдайларды жатқызуға болады:
жұмыстың тоқтап қалуы немесе бұрын жұмыс істеп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепте өзгеріс еңгізу үшін көшбасшының іс-әрекеті
Информатикaны оқытудa мультимедиялық технoлoгиялар негізінде қолданбалы бағдаpламаларды құру және пайдалану әдістeмeсі
Мультимедиялық технологиялардың мүмкіндіктері
Жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану жолдары
Интерактивті тақтаны орнату
Бастауыш мектепте электронды оқыту жүйесін қолдану ерекшелігі
ИНТЕРАКТИВТІ ТАҚТА туралы
Ақпаратты шығару перифериялық құрылғылары
Мультимедиалық технологиялар
Өндірістік оқыту әдістері
Пәндер