Қытайбұршақ дақылдарының сорттары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Семестрлік жұмыс
Тақырыбы: Қытайбұршақ (соя) дақылдарынан сынама сұрыптау

Орындаған: ЗР-316. Алгазина М.
Қабылдаған: Тайжанова М.

Алматы - 2020

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Қытайбұршақ дақылдарының сорттары
Қытайбұршақтың отандық және шетелдік селекциялық тұқымдарының өнімділігі.
Қазақстанда негізгі көп тараған қытайбұршақ сорттарынан сынама сұрыптау
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Қытайбұршақ (лат. Ghycine мах) - ірі бұршақ тұқымдас, шыққан жері Шығыс Азия. Қытайбұршақ тұкымдары, немесе ірі бүршақ тұқымдастары деп те аталады, біздің эрамызға дейін үшінші ғасырдан бері тамақ өнімі ретінде белгілі. Қытайбұршақты жаксы өнім ретінде айтуға толық себеп бар. Тұқым салмағының 40 пайызын орта жоғары өсімдік ақуызы құрайды, ал қалған 48 -50 % - ті басқа, яғни малазықтық ретінде қолданылады.
Қытайбұршақ (соя) - ірі бұршақ тұқымдас мәдениетінде кеңінен тараған. ББҰ-ның мәліметіне қарағанда 80 жылдардың аяғында 52 млн га аймақта егілген. Соңғы 20 жылдың ішінде сояның себілуі екі есе көлемінде өскен. Дүние жүзінде АҚШ, Бразилия, Аргентина мемлекеттерінде қытайбұршақтың сыртқа шығару жөнінен алдыңғы катарлы мемлекеттер ретінде саналады. Қытайбұршақтын мәдениетіне арналған сұраныс жақсы дамуда. Қытайбұршақтың ақуыз құрамындағы жоғары дәрежелі аминоқышқылдың азықтык шөптен және тамақ өндірісіндегі мақсаттың негізгілеріне кіреді. Ғылыми- зерттеушілер көзқарастарында қытайбұршақ мәдениетінің көптеген түрлерін Жалпыресейлік ҒЗИ (Ғылыми Зерттеу Институты) қытайбұршактың өсіп-өнуін зерттей отырып, ондаған жыл аралығында дақылдың мәдениетінің жоғары бөлігін, сорттарының, кешенді механикаландырылуын, өндірістік экономикалық сұрақтарына тұжырымдар жасаған.
Қытайбұршақтың селекциясының жұмыстары мен оның дамуы ұзақ уақыттан бері Жалпы одақтық ҒЗИ B.C.Пустовайте атындағы және Украина топырақ ҒЗИ, Молдавия ғылыми-зерттеуші институты, Грузия мемлекетінде Ю.И.Ланаури, Зицкая жане Кировоград ауылшаруашылық тәжірбиелі стансаларында өз қызметтерін көрсетті. Орта Азия аймағында қытайбұршақты асылдандыру жұмысын Қазақстан топырақ ҒЗИ-ы жұмыстар жүргізді. Алматы облысынын Талғар ауданындағы 1980ж. Алматы кеңшарында егістік жерінде эрбір 440га-ден 25,4 центнер қытай бұршақ түқымын өндріді. Дақылды өсіруге кең тараған, Азия, Оңтүстік Европа, Орта және Оңтүстік Африка, Австралия, Тынық, Үнді мұхиттарынын жағалауында 55-60 экваторға дейінгі аймақтағы аралдарында өсіріледі.

Қытайбұршақ ертедегі мәдени өсімдіктердің бірі ретінде біздің заманымызға дейін бес мың жылдай бұрын шыққан. Қытайбұршактың суреттерін тас қалыптарында, тасбақа сүйектерінде тапқан. Дакылдың шығу тарихында біздің эрамызға дейін 3-4 ғасырларда ескі Қытай әдебиеттерінде көрсетілген. Белгілі ертедегі қытай ғалымы Мин - Гиз мынадай деп жазады: Қытайдың негізін қалаушы император Ха-Ди халыққа бес мәдени өсімдікті өсірсуді үйреткен: күріш, бидайық, чумиза, тары, қытайбұршақты. KCPO - дің үлкен бір егіншілік маман ретінде де В.Б.Епкеннің пікірінше, мәдени өсімдіктің шығу тариқына осыдан 6-7 мың жылдар көлемінде болған. Осы танабта Қытай аймағынан күріш пен чумиз өсімдіктерінің қалдықтары табылмағандықтан, атақты император Ха-Дидің қытайбұршақтың шығуына берген уақытына басқа ғалымдар тарабынан күдікті ұсыныстар түсті. Атап өте келе, қытай зерттеушілерінің жұмысына қарап бұл дақылды Қытайда біздің эрамызға дейінгі 11 ғасырларда шыққан деген ұсыныс бар.
Келесі ел қытайбұршақты мәдениетке енгізу және тамақ өсімдігі ретінде статус алған елдің бірі - Корея. Қытайбұршак Жапония аралдарыңа біздің эрамызға дейінгі 400-500 жылдан бұрын келді. Деректерге сүйенсек, Жапонияға қытайбұршақ Корея мемлекетінен келсе, ескі Корей мемлекеті ұзақ уақытқа дейін Жапонияның аралдарында отарлаған. Яғни дакылдың таралуынын ұқсастығын толық растайды. Неміс табиғат зерттеушісі Э. Кемпфер 1961ж. Европа ғалымдарына қытайбұршақты анықтап берген соң белгілі болған. Шығыс және қытайбұршакты суреттеу деп аталатын 1712ж. шыққан кітабында Amoentitatum Exoticarum Politico-Physico-Medicarum қытайбұршақ өсімдігінің өсу тарихын толығымен анықтаған. Алғашқы мәрте дақылды АҚШ-та зерттеген. Айта келе АҚШ - қа Азия мен Еуропадан әр түрлі сорттарының әкелінуі басталған.
Қиыр шығыстық белгілі селекционері Н.И. Вавилов алғашқы мәрте KCPO - да қытайбұршақты ғылыми түрде селекциалауды, жабайы және мәдени тұрлерін орыстын ғалымдарының зерттеуіне ұсынды. Мұнда алғаш рет отандық саяхаттанушылар қөытайбұршақты Амур ағысының Маньчжұро -тунгус аймағында кездестірді. В.Поярковтың жазбасында Голландия мемлекетінде жарық көріп Кэмферд зерттеуінен 100ж. бұрын жазбасын қалдырған. Келесі ресейліктердің қытайбұршақ мәдениетіне арналған көзқарастары Вена қаласында өткен Дүниежүзілік көрмеде 20-дан аса қытайбұршақ түрлерін көрсетуде практика жүзінде іске асырылған.
Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда Оңтүстік Казақстанның суармалы жер жағдайында қытайбұршақтың орта мерзімдік немесе кеш пісетін сұрыптары өнімді болады. Аудандастырылған қытайбұршақ сорттарының шаруашылық-құнды және биологиялык қасиеттеріне тоқталатын болсақ:
Гибридный 670. Бұл сортты ҚазЕжӨШҒЗИ (Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зертеу интитуты) шығарған. Ортамерзімдік пісетін сорт. Даму кезеңінің үзақтығы 130-125 күн. Дәні- ірі, 1000дән массасы 176-200г. Дән құрамында 37,2-38 процент протийн бар. Төменгі бұршақ шанақшасының жер бетінен биіктігі -13-14см. Шанақша толық пісіп жетілгенде өздігінен екіге жарылмайды, ал бұтағы сынып, құламайды. Гектарына шаққандағы өнімнің шығымдылығы 35,6ц-ге дейін. Алматы не Жамбыл облыстарына аудандастырылған.
Казахстанская 200. Мұны да жоғарыда аталған ҒЗИ шығарған. Аталған сорт кештеу пісетіндерге жатқызылады. Өсу кезенінің ұзақтығы - 148 - 150 күн. Дәні - біршама үлкен. 1000 дәнінін салмағы - 145-165 г. Дән құрамдылығы қорытылатын протеин мөлшері - 37,2-38%. Өсімдік биіктігі - 149 - 151 см. Төменгі бұршақ шанақтарының орналасу биіктігі 21см-ге деін. Шанақтары онша ажырасып кетпейді. Мол өнімді. Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында аудандастырылған.
ВНИИМК 9186. Бүкілодақтық майлы дакылдар ғылыми-зерттеу институты шығарған. Орта мерзімде піседі. Дәні - орташа , Бірақ мол өнімді. Тек Жамбыл облысына аудандастырылған.
Высокостебельная 2. Бұл сортты Қазақ Еңбек Қызыл Ту орденді АШИ шығарған. Пісу мерзімі орта, өсу-дамуы - 127 -133 күн. Өсімдік сабағының биіктігі - 133 - 157 см. Сабағы тік жығылмайды. Жапырағы үлкен. Жасыл түсті. Төменгі бұршақ шарнақтарының орналасқандағы биіктігі 25 сантиметрге дейін. Дәні домалақ. Сары түсті. Мың дән массасы 210 г. Дән құрамында 41,4% гүлдену кезіндегі көк балаусасында - 19-20 процент дәнінің толысу кезінде - 22-24% протеин бар. Мол өнімді. Алматы және Талдықорған облыстарында аудандастырылған.
Қазақстанда негізгі көп тараған қытайбұршақ сорттарына Мутантная 359, Казахстанская 688, Высокостебельная 2, Скынтея, Букурия, Эврика, Аврора, Гибридная 670, Мерит жатады .
Қытайбұршақ тұрақты түрде дамитын және өнімділігі жоғары майлы дақылға жатады. Дәнінде, жасыл өнімінде құрамындағы ақуыз үлесінің жоғарылылығымен, жақсы ауыспалылығымен ерекшеленеді, өйткені топырақты азотпен байытады.
Түсімділігі: Ғылыми -зерттеу мекемелерінің зерттеулерінің нәтижелерімен, Қазақстанның оңтүстікі, оңтүстік- шығысының суармалы алқаптарынан бір гектардан 30-35 ц кей кездерде 50ц түсім берген. Түсетін таза пайдасы - да басқа дәнді дақылдарға қараганда жоғары. Қазақстандық жер өңдеу ҒЗИ-ы қытайбұршақ еккен 1 гектар суармалы алқаптан, он жылда орташа есеппен протейн түсімі 10,7ц, ал арпадан -2,5ц. Гибридная670, Казахстанская-4 сорттарынан гектарына 32,9ц өнім алса, кей кездері 40-45ц-ге депйін жеткен. Шығыс Қазақстан МАСС-ы суарылмайтын тәлім жерде ерте пісетін Хабаровская 4, Амурская 42 сорттарынан 7,3-21 ц өнімділік құраған.
Нәрлілігі: Қытайбұршақтың дәнінде 36-48% ақуыз, 17-26 % май және минералтұздар мен дәрумендер болады. Өсіп-өну кезеңде құрамына ақуыз және май қорын жинауда қытайбұршаққа бірде-бір дақыл теңеспейді, өйткені аминқышқылы құрамымен жетік қамтылған. Жалпы ақуыз қүрамымен қытай бұршақ мал өнімі өнімдерінен жоғары. 1кг қытайбұршақтың үнының құрамындағы ақуыз 2,3кг ет , 2,3кг ірімшікке тең. Құнарлығы жағынан бұл дақылдың ұны басты орынды иемденеді. Егер 100 г бидай ұнында- 360 кг каллория, арпа - 350, сұлы - 385, бүршақ - 320 болса, қытайбұршақтың ұнында - 450 кг каллория болады. Қытайбұршақ ұнының сіңімділігі мен қорытылуы жоғары. Ақуыздың қорытылуы 77-92%, майының 94 -100, көміртектілерінің79-100, ал жалпы сіңімділігі84-90%. Қытай бұршақ шроты жоғары қүнарлы, бағалы концентратталған азық. Бір кг мұндай азықта -387г қорыттылатын протеин кездеседі. Қытайбұршақтың 1ц дәнінен 75-80кг шрот (үгілген сығынды) шығады, одан 29-30 кг қорытылатын протеин алуға болады (салыстырмалы түрде; күнбағыс дәнінен 30-35кг шрот немесе 11-13кг протейн) Қытай бұршақ шроты күнбағыс шротынан жеңіл сіңімділігімен, құрамындағы құнды амин қышқылдары және дәрумендерімен ерекшеленеді. Мысалы, 1кг қытай бұршак шротында 27,8г лизин, ал күнбағыс шротында 12,8 г құрайды. Қытайбұршақтын өзіндік құны өте төмен, өйткені қытайбұршақ майының өзі бапталуына жұмсалған шығынды толығымен жабады. Қытайбұршақтың шротындағы 1т қорытпалы протейнге жұмсалған шығын, топталған азықтың өзіндік құнын 7,1-24 есе төмендетеді. Жасыл балаусасы жоғары нәрлі, 1кг-да 0,21 азықтық бірлік, 35г қорытпалы протеин және 75мг каротин болады.
Пайдаланылуы: Әрі азық-түлік, техникалык не малазықтық болып пайдаланатын қытайбұршақ әмбебаптығымен, көп салалығымен өзіне теңдесі жоқ дақыл. Оның дәнінен 300-ден астам өнімдер - авиациялық май және пластмасса, қытайбұршақ сүті және конфетке дейін өндіріледі. Әлемдік өсімдік майлары өнімдерінің арасында бірінші орында. Қытайбұршақтын майынан маргарин өндіру, технологиялық барысында нәрлілігі кілегей майынан да асып түседі. Дақылды кондитерлік, нан пісіру, ет өнімдері, басқада тағамдық өндірісте пайдаланады. Мысалы, ет өнімдеріне қытайбұршақ күшейткіштерін қосып дәмді және нәрлі тағамдар өндірілсе, үлкен сұранысқа ие болады. Қытайбұршақты фармакалогиялық өндірісте дәрі-дәрмектер дайындайтын шикізат ретінде пайдаланады, олар мидың жұмыс істеу қабілетін жақсартады, және диабетті емдеуде қолданады. Қытайбұршақ майын тағам ретінде қолдану гипертония және атеросклероздың болдырмауын реттейді. Қытайбұршақ майынан көп мөлшерде адам өміріне қажеттілігі сәйкес гармондар алынады. Қытайбұршақ құрама ақуыздық және дәнді азықтық сүрлемдік дақылдардың құрамына енетін таптырмайтын қоспа. Ауылшаруашылық малдарды қытайбұршақ қосылған азықпен берсе өнімділігі өсіп, мал өнімдерінің сапасы жақсарады. Мысалы, А. Байракымов екі айлық бұзауларды іріктеп, оларды екі топқа бөлген, бірінші топтың құрамының 25 пайызы қытайбұршақ дәні бар кешендік, ал екінші топты ақуыз қоспасыз концентраттармен жемдеген, алты айлық жасында бірінші топтағылардың тірілей салмағы 199,6кг құрап, орташа тәуліктегі салмақ қосуы 940-1081 г болған, ал екінші топтағылар 728г.
Жыл сайын ауылшаруашылық өнімдермен, егістік алқаптардың көлеміне сәйкес, түсіммен топырактан азот алшақтанады. Егер дәнді дақылдардың 25цга түсіміне қажетті азотты есептесек; 14млн га-1,4млн т. азот қажет болады. Ол дегеніміз топыракты толтыруға қосымша көздерін табуға әкеледі. Біздің планетамызда азоттың бірінші бастауы -ауа, әр гектардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұннан жасалған кондитер өнімдері
Өсiмдiктер
Дәнді бұршақ дақылдары зиянкестерінің энтомофагтары
Мәдени өсiмдiктердiң шығу тегi
Мәдени өсімдіктердің шаруашылық дақылдары
Қарақұмықтың ұнды кондитер өнімдеріне тигізетін әсерін зерттеу
Дәндi дақылдар
Ауыл шаруашылығы
Муниципалды құрылымдарда кластерлік жүйенің теориялық негіздері
Ауыл шаруашылықты химияландыру
Пәндер