Қазақ ойшылдарының адам мен әлем мәселесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

XV-XVIIIғғ Орта Азиядағы діни философиялық ахуал және рухани мұрасы .

Ойшылдар дүниетанымындағы адам мен әлем феномені.

1. 1. Әбдірахман Жәми дүниетанымындағы адам өмірінің мәнділігі және кемел адам бейнесі.

  1. Әлішер Науаи философиясындағы адам болмысы мен оның рухани

жетілуі.

1. 3. Бұхари философиясындағы жан мен тән байланысы1563

1. 4. Сопы Аллаяр әлем мен адам жаратылуы 45-48б 54б 58б 1616.

1. 5. Махтумкули

3 Қазақ философиясының дүниетанымдық ерекшеліктері.

Қазақ ойшылдарының адам мен әлем мәселесі.

3. 1. Қазақ ақын жырауларының дүниетанымындағы рухани құндылықтар

3. 2. М. Х. Дулатидің ұлттық философиядағы орны

3. 3. Қ. Қ. Жалаири шығармашылығындағы философиялық ерекшеліктер

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысына жалпы сипаттама. Диссертациялық жұмыста Орта Азия мұсылман ойшылдарының кейінгі орта ғасырда адам-әлем мәселесіндегі ұстанымдары мен тұжырымдамалары қарастырылады. Ойшылдар дүниетанымындағы сопылық ілімі және адамның сараланбақ.

Тақырыптың өзектілігі. Адам-әлем мәселесі, адамның бұл дүниедегі мәні сан ғасырдан бері ойшылдарды толғандырып келген өзекті тақырыптардың бірі. Бұл мәселе әрдайым ойшылдардың назарында болып, әлемнің пайда болуы, әлемдегі адамның орны, оның этикалық, эстетикалық мәселелерін шешу ізденістері жайлы көптеген мұра қалдырған. Әсіресе мұсылман ойшылдары философиялық ілімдердің тарихына және адамзаттың рухани мәдениетіне көптеген қызықты және ерекше ойлар қалдырды. Дәлірек айтсақ Орта Азия мұсылман ойшылдарының батыс философиясына, адамның рухани болмысына, ғылымның дамуына қосқан үлесі ұшан теңіздей. Адамның кемел бейнесі, оның рухани дамуы ислам дінінде, сопылық мәдениетінде анық көрініс табады. Қазіргі заманда адам әрдайым өзгеруде, және оған деген көзқарас та үнемі өзгеріп отыруда, яғни заманға, қоғамның сұраныстарына оның өмірлік ойларына жауап беретін жаңа қағидалар пайда болады. Біз қарастырып отырған кезеңнің ерекшелігі, егер алдыңғы дәуірдің көптеген прогрессивті тұлғалары үшін жүйеге біршама пассивті көзқарас тән болса, және қоғамның тек кейбір жағымсыз жақтарына ғана наразылық білдірсе, XIV-XVғғ көптеген Орта Азия ойшылдары қоғамдағы теріс құбылыстарға ашық түрде наразылық білдіріп отырды. Сол кезеңде көтерілген мәселелер атап айтсақ қоғамның өзгеруіндегі ғылымның рөлі, ғалымның әлеуметтік өмірдегі орны, адамдардың өмірін жақсарту, қоғамға пайдалы тұлға қалыптастыру, бейбітшілік орнату, тәжірибе, білім мен тәрбие бірлігі және басқа да идеялары бүгінгі күнге дейін өз өзектілігін жоғалтқан жоқ Адамның этикалық өзін-өзі жетілдіру жолдарын негіздеуге, ал ол арқылы қоғамды жаңарту және сауықтыру тәсілдерін негізге ала отырып, ойшылдар адам жанының адамгершілік қасиеттерін түзеуге және рухани қасиеттерін жетілдіруге қатысты өз идеялары мен ілімдерін ұсынды. Қоғамдағы өзгерістердің шешуші факторы - адам. Біз өмір сүріп отырған қоғамның дамуына жаңа концепциясының жүзеге асуын қамтамасыз ететін де адамдардың нақты қызметі. Қазіргі қоғамның даму саясатының жетістіктері де, қиындықтары да, сəтсіздіктері де жеке адамның бойынан көрініс табады. Сондықтан да адам мəселесін, жалпы адам мен қоғам жүйесіндегі адамды маңыздылығы жағынан екінші орынға ығыстыра беретін көзқарастан арылып, оның болмысының рухани адамгершілік негіздерін зерттеу аса маңызды жəне өзекті.

Гумилев айтқандай өз тарихы мен философиясын білмеген

Өткен ойшылдардың еңбектері мен дүниетанымын терең және жан-жақты зерделеу арқылы біз адамгершілік пен адами құндылықтарды қалыптастыру мен дамытудың бейнесін жасауға мүмкіндік аламыз. Осы тұрғыдан алғанда Орта Азия ойшылдарының философиясы, сонымен қатар адам-әлем мәселесіне қатысты өзіміздің төл философиямызға тоқталып кетуді жөн санадық. Себебі қазақ ойшылдары қалдырған мұрасы ізгілік, адамгершілік, мейірімділік, əділдік, отансүйгіштік, жақсылыққа баулу, жамандықтан қайтару секілді жалпы адамзаттық қағидаларға негізделгенін ұмытпауымыз қажет. Қазақ ойшылдарының қалдырған мұрасы өзіндік ерекшеліктері мен дәстүрлі құндылықтарымен біз үшін маңызды. Егер біз өз өткенімізді терең зерттемейтін болсақ, қазіргі үдерістерді нақты бағалай алмай, одан әрі дамудың дұрыс жолын анықтай алмаймыз. Қазіргі ғылым мен техниканың дамуы адам өмірін жеңілдетті, дегенмен адам бақытты деп айта аламыз ба? Адам басқаларға қамқор болу, мейірімділік таныту, жақындарына көмек қолын созу секілді кісілікті ұмытты. Яғни қоғамның дамуы ең алдымен рухани дамуды жолға қою арқылы ғана жүзеге аспақ. Адамның руханияты әлсіреген мына заманда өткен ойшылдар мұрасына ой жүгірту арқылы қоғамның рухани иммунитетін қалыптастыруға болатынына сенеміз.

Зерттеудің нысаны: XV-XVIIIғғ Орта Азия және қазақ жерінде өмір сүрген мұсылман ойшылдары.

Зерттеу пәні: ойшылдардың туындыларындағы адам әлем мәселесі мен өзара байланысы.

Зерттеудің мақсаты. философиялық дінтанулық негізінде мұсылман ойшылдарының дүниетанымындағы адам-әлем мәселесіне жүйелі талдау жасау.

Зерттеу мақсатына сай туындайтын негізгі міндеттері:

  • Ойшылдар дүниетанымындағы әлем мен адамның арақатынасын талдау.
  • Адам болмысының мәні мен мына әлемдегі орнын анықтау.
  • Ислам антропологиясындағы адам концепциясын саралау.
  • Алла мен адам мәселесіне, адам мен адам, адам мен қоғам қатынасына талдау жасау.
  • Адам өмірінің мәнділігі неде екенін анықтау

Диссертация тақырыбының зерттелу деңгейі. Орта Азия ойшылдар дүниетанымына зерттеу жүргізген шығыстанушы ғалымдар Е. Э. Бертельс, В. В. Бартольд, А. Н. Болдырев, А. М. Богоутдинов, С. Вахидов, А. Гулиев, Б. Г. Гафуров, А. Е. Крымский, И. М. Муминов, А. Мирзоев, М. Р. Раджабов, Э. Р. Рустамов, А. Сатторов, Ш. Шомухамедов, М. М. Хайруллаев т. б. ғалымдардың еңбектері құнды. Сонымен қатар Орта Азия тарихы жайлы А. Ю. Якубовский, П. П. Иванов қалдырған еңбектер қарастырылады. Өзіміздің отандық

Қазақ философиясын талдау барысында Ғ. Есім, А. Қасабеков, Т. Ғабитов, Ж. Алтаев, Нысанбаев А.

Зерттеудің ғылыми әдістері мен тәсілдері. Зерттеу жұмысы барысында тарихи салыстырмалы, компаративистикалық, герменевтикалық әдіс, талдау, саралау секілді әдіс-тәсілдер қолданылды.

Диссертациялық жұмыстың құрылымы. Диссертациялық жұмыстың құрылымы зерттеу жұмысының мақсатына сай кiрiспеден, негiзгi 3 тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады

XV-XVIIIғғ Орта Азиядағы дін мен философияның ахуалы.

Ойшылдар дүниетанымындағы адам мен әлем феномені.

Адамды мына дүниеге келгеннен кейін, сан түрлі ойлар мазалайды. Мейлі ол ғалым болсын, мейлі ғылымға мән бермеген адам болсын ол өмірінде бір рет болса да, мына қоршаған әлемді тану мүмкін бе?, адамның болмысы қандай?, өмірдің мәні не?, адамның шығу тегі?, әлем мен адам қатынасы қандай? деген сынды сауалдар туындайтыны анық. Философия осы сұрақтарға жауап іздейтін дүниетаным, яғни жалпы әлемге және адамның осы әлемге қатынасына көзқарастар жиынтығын құрайды. Әрине, философия пайда болмас бұрын бұл сұрақтар адам ойының төрінен орын алып отырды. Философия тарихына үңілсек Ежелгі Үнді, Қытай, Грек, араб-мұсылман ойшылдары, батыстың философтары осы мәселеге түрлі көзқарастар білдірді. Соның нәтижесінде онтология, гносеология, антропология, этика сынды ұғымдар қалыптасты. «Онтология» термині ontos - болмыс, logos - ілім деген екі сөз тіркесінен құралған. Яғни онтология болмыс туралы ілім, «болу» деген қасиетке ие болып, заттардың мәнін бейнелейді. Мағынасы жағынан жақын келетін «космос», «әлем», «табиғат» ұғымдарын алуға болады. Дегенмен, болмыс өте кең мағынаны қамтиды. Бұл ұғымның философияда қолданылуы XVII ғасырдан бастау алады және неміс философтары Р. Гоклениус пен Х. Вольф есімдерімен байланысты. Алайда, бұл кезеңге дейінгі болмыстың тарихы бар екені даусыз. Ежелгі Үнді, Қытай философиясында болмыс пен бейболмыс, мәні, арақатынасы және арасындағы байланыспен қатар, айырмашылықтар да бар екені айтылған. Антик заманының ойшылдары көптеген уақыт бойы адам әлеммен ажырамас және терең байланыста туралы ойлар айтып келді. Қазіргі заманның батыс философы Хайдеггер өзінің «Болмыс және уақыт» деген басты еңбегінде болмысты философияның мәңгі, әрі маңызды тақырыбы деп анықтайды. Ал адам болса, сол болмыстың бақташысы әрі сақтаушысы ретінде қарайды. Батыс философиясында адам мен болмыс арасында байланыс үзілсе, Шығыс дәстүрінде бұл бірлік ешқашан үзілмеген. Хайдеггер Шығыс философиясына мән бере отырып, болмыс туралы мәселені қайтадан және басқа қырынан қою қажеттілігін алға тартады. Бұрын болмыс ең кең әрі тұлғадан дерексіз категория ретінде пайымдалатын. Ал енді адамның өмірі арқылы ғана болмыс мәселе ретінде пайымдалуы мүмкіндігін айтады. Демек, батыс философиясында дәстүрге айналған субъектіні объектіге қарсы қоюды жоққа шығарып, адам мен әлем деген тұтас контексті қайта қалпына келтіруге талпыныс жасайды. 258-259батысфилос

. Мұсылмандық философияның ерекшелікттері ойшылдар ислам дінінің шеңберінде, Құран мен грек ойшылдарының арасындағы ұқсастықтарды бірлестіруге тырысты. Гректің атақты ойшылы Аристотельдің ілімі бойынша Құдайдың міндеті - материяға алғашқы қозғалыс беруші ғана, ал мұсылман ойшылдары Алла транцендентті және ол тек жаратып қана қоймай, оған өз қалауымен әсер етіп отырады және ол әрдайым жарату үстінде. Батыстық философияда гносеология онтологиядан ажыратылған болса, мұсылман философиясында онтология мен гносеология бір бірімен араласып, қиылысады. Тағы бір айта кететін жайт мұсылман философиясында этика мәселесі айрықша көп көңіл бөлінетін тақырыптардың бірі. Адамның рухани-тәрбиелік, моральдық жағы маңызды. Мұны ислам дініндегі ахлақи міндеттердің ерекше рөліне байланысты туындаған деп түсінеміз.

Орта Азия өңірінен шыққан мұсылман ойшылдары Әл Фараби, Беруни, Хорезми, Ибн Сина, Бақырғани, Тафтазани, Науаи рухани дүниетанымға көп көңіл бөлді. Осы ойшылдар Таяу Шығыс мәдениетін, батыс әлемінің философиясына әсер ете отырып, маңызды рөл атқарды деп айтуға толықтай негіз бар. Себебі батыстық ойшылдар гректің философиясымен мұсылман ойшылдарының аудармасы арқылы танысты.

Орта Азия өркениеттің көне ошақтарының бірі. Ежелден әдебиет, ғылым, философия, дін, өнер дамыған бай тарихы бар өлке. Орта ғасырларда көршілес жатқан елдермен экономикалық, мәдени байланыста болып, Орта Азия рухани өмірде салыстырмалы түрде жоғары дәрежеде болған. Мұны сол кезеңдерде өмір сүрген ғалым, ойшылдар, ақын - жазушылар еңбектерінен анық көре аламыз. Бұқара, Мәуреннахр, Самарқан, Үргенш, Мерв, Ферғана қалалары ғылым мен мәдениеттің ордасы болып, әлемдік ғылымға өзіндік үлесін қосты. Орта Азия мәдениеті дүниежүзілік өркениет тарихында маңызды орын алады. Әсіресе, IX-XII және XIV-XV ғғ Орта Азия тарихында қайта өрлеу дәуірі немесе соның көрінісі бар дей келе ғалымдар, Орта Азия мен Хорасан жеріндегі мәдениеттің дамуын екі сатыға бөліп қарастырады:

1. IX - XII ғғ. ежелгі грек философиялық дәстүріне негізделген Таяу Шығыстағы қайта өрлеу мәдениеті, ішінара Орта Азияда дербес феодалдық мемлекеттердің пайда болу процесінде жаңа сипатта жалғасын тапты. Бұл кезең әл Хорезми, Ибн Сина, Беруни, Махмуд Қашқари, Ахмет Игінүки, Жүсіп Баласағұн, Рудаки сынды ойшыл, ақын, ғалымдардың есімдерімен тығыз байланысты.

2. XIV - XVғғ. кезең Орта Азияның өзіндік мәдениеті. Бұл дәуірде мәдениеттің дамуы, ойлау еркіндігінің ерекше түрде қалыптасуы жоғары деңгейде дамыды. Оның көрінісі сол заманда өмір сүрген Руми, Ұлықбек, Қоши, Али Кушчи, Лутфи, Жәми, Әлішер Науаи, Камалетдин Бехзад және тағы да басқа ақын, ойшылдар, суретшілер мен қоғам қайраткерлерінің қалдырған мұраларынан көрініс табады . [15, 61]

Екінші кезеңде ежелгі грек философиясына, ерте орта ғасырлық Орта Азия, Қытай, Үндістан, араб елдерінің философиялық ой еркіндігіне деген қызығушылық артып, зайырлы және діни ғылымдарға үндеу, табиғатты зерттеуге ұмтылу, адамның ақыл-ойы мен қабілеттерін, адамгершілік қасиеттер, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды уағыздау тән еді. [12, 126]

Орта Азия ойшылдары онтологиялық мәселелер, болмыс мәселелері бойынша Шығыс перипатетизм принциптеріне негізделді, яғни барлық құбылыстар Бірінші Тіршілік Иесінен бастау алады.

XIVғ аяғы және XV ғ бірінші жартысында Орта Азияда уақытша тыныштық орнап, бұл негізінен Герат пен Самарқан қалаларының экономикалық және мәдени өмірінің айтарлықтай өсуіне ықпал етті. Ғалымдар, ойшылдар және ақындардың дүниетанымына әл Фараби, Ибн Сина, Беруни және Ұлықбектің ілімдері әсерін тигізді. Көптеген мәдени ғылыми орталықтар, мектеп медреселер, бой көтерумен ерекшеленгені мәлім. Соның бірі әлемге танымал болған Самарқандағы Ұлықбек медресесі мен обсерваториясы ғылымның дамуына өте көп үлесін қосты. Ұлықбек дәуірінде нақты ғылымдар күшті қарқын алды: математика, астрономия, сонымен қатар теология, медицина, тарихқа және басқа ғылымдарға назар аударылды. Яғни ежелгі грек ойшылдарының еңбектеріне Орта Азия ойшылдары тек IX - XII ғғ ғана емес сонымен қатар XIV - XVғғ өз назарларын аударып отырған. Мысал ретінде Ұлықбек астрономиялық мектебінің көрнекті өкілдері атанған Қоши, Әли Қосши Қазы заде Руми сынды ғалымдар өздерінің еңбектерінде Евклид, Птоломей сынды ежелгі грек математиктерін негізге алған.

XIV-XVғғ Ислам дінін уағыздау мен тарату ісінде Бұқара мен Хорезмнен келген рухани тұрлғалардың орны ерекше. XIV ғасырда мұсылман діни насихатының кең дамуы туралы куәландыратын ескерткіштердің бірі Алтын Ордада жасалған түркі тіліндегі "Тәпсір" (Құранның түсіндірмесі) кітабы. Иванов 44б

Медреселерде тек діни білім ғана емес сонымен қатар жаратылыстану ғылымдарына, этика, философия сынды ғылымдардан сабақ жүргізіліп, өнерге деген құлшыныс артып, әдебиет, бейнелеу өнері дамыды. Дегенмен Ұлықбек билік құрған заманда әдебиет пен ғылым алға жылжумен ерекшеленсе, ол қайтыс болғаннан кейін көп ұзамай ғылымның жағдайы артта қала бастады. Әсіресе сұлтан Әбу Саидтің билігі кезінде күшейе түскен еді. Тағы бір айта кететін жайт феодалдық құрылым мен рухани ұстанымдарды нығайту ісінде қуатты құрал ретінде ислам діні орнығып, сопылық ағым жақсы дамыған кезең және сопылық Орта Азияның көптеген ойшылдарының философиялық және этикалық көзқарастарына әсер етті .

Мәуренахрадағы суфизмнің ең көп таралған бағыты XII ғасырдың ойшылы Жүсіп Хамадани мектебінен бастау алды. Бұл мектеп біртекті емес. Онда әртүрлі ағымдар болды. Олардың ішіндегі ең ірісі Юсуф Хамаданидің шәкірттері қожа Абдухалиқ Гиждуани мен Қожа Ахмет Яссауидің есімдерімен байланысты болды. бартольд история культ жизни туркестана нашла муминов «изб произ 149ст»

Көптеген ақындар, ойшылдар көзқарастарынан сопылық элементтерін байқаймыз. Жүсіп хас хаджиб, Ахмет Үйгініки, Әлішер Науаи, Әбдірахман Жәми, Машраб секілді ойшылдар өздерінің шығармаларының арқауы сопылық болған. Ғалым И. П. Петрушевскийдің айтуы бойынша Орта Азияда XII - XVғғ сопылықтың кубравийа, қадирийа, жалалийа, нақшбандийа ағымдары таралып, саяси және әлеуметтік өмірге көптеген өзгерістер еңгізген. [22] Нақшбандиа тариқатының әсері сонау XVI - XIXғғ дейін созылды. Бұл ағым Баха адин Нақшбанд есімімен тығыз байланысты болғанымен, ілімнің негізін қалаушы, рухани бағыт бағдар берген XI - XIIғғ өмір сүрген Жүсіп Хамадани есімді сопы. Нақшбандий өзінің ілімінің негізінде фақр (ерікті кедейлік) талабын қояды. Бірақ оның түсінігіндегі кедейлік басқа біреудің қайырымдылығының, қайыршылық арқасында өмір сүру мағынасында емес. Ол тек адамның өз адал еңбегімен тапқан табысын рұқсат етілген деп санады Бұл тариқаттың иассауи, қадарийа секілді тариқаттан өзгешелігі зікір салуда жария түрін емес, құпия зікір салу тәсілін дұрыс деп санаған. Осы кезеңдерде Орта Азияда нақшбандийа тариқатының белгілі өкілдері Магдуми-Аазам, Шейх Азиз, джуйбар шейхтері және тағы басқа сопылыр көрнекті қоғамдық-саяси рөл атқарды. Ресми исламға қарсылық білдіретін Иран сопылығынан айырмашылығы, нақшбандийа ордені ислам ұстанымында тұрған себепті, саяси биліктің қамқорлығына ие болған еді. [иванов81]

Адамның моральдық-этикалық принциптері адам философиясының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Араб ойшылдарының назарын адам проблемасының онтологиялық, эпистемологиялық және этикалық аспектілері қызықтырды. Мінсіз адамның моделін құруға және осындай кемелдікке жетудің жолдарын іздеуге талпыныс жасалды. Адам философиясына байланысты тұжырымдамаларды түсіндіруде, моральдық жауапкершілік ісінде мұсылман ойшылдары антика философиясының категориалдық аппаратына жүгінді Ақыл ой адамға өзге жаратылыстар секілді инстинктер деңгейінде өмір сүру үшін емес, жоғары адами мақсаттарды орындау үшін, рухани кемелдену үшін берілгенін ұмытпауымыз қажет. Пайғамбарымыз (с. а. у) былай деген: “Мен адамзатқа мінезді кемелдендіру үшін жіберілдім”, “Сіздердің маған ең сүйкімділерің және қиямет күнінде маған ең жақындарыңыз - ахлағы көркем болғандарыңыз” және тағы бір хадисінде Пайғамбардан: “Алла жанында ең сүйікті құлдар кімдер болады?” деп сұрғанда: “Ең көркем ахлаққа ие болғандары”, - деп жауап берген екен. Көріп отырғанымыздай дінімізде ғибадаттар қалай әмір етілген болса, ахлақи міндеттерді орындау да әмір екендігі тайға таңба басқандай.

Орта Азия халықтарының этикалық ойы көркем және философиялық-публицистикалық әдебиеттермен тығыз байланыста дамыды. Бұл XIV-XV ғғ ойшылдарға қатысты, олардың шығармаларында мораль мен этика мәселелері ең негізгі проблемалердың бірі еді. Этикалық ойының маңызды белгілерінің бірі - тәлімдеме сипатында болуы.

XIX ғ. зерттеушілерінің бірі Вамбери Орта Азияның XVI-XVII ғғ. мәдениеттің толық құлдырауы туралы пікір білдірген, алайда оны дұрыс деп тану екіталай. Шындығында, ескі мәдени дәстүр жалғасын тапты сонымен қатар, үстемдік еткен өзбек класы бұрынғы мәдени дәстүрлерге дұшпандық танытқан жоқ, тіпті оларды жалғастыруға және дамытуға тырысты. Иванов79б Ислам діні өз дәрежесін сақтай отырып, саясат, экономика істерінде өз күшін жойған жоқ.

құлдырау күйінде болды мәдени өміріне қаралып жатқан дәуірінде мүмкін емес және сөйлеу. В. В. Бартольдтың айтуынша, егер ғылыми ой саласындағы шығармашылық болмаса, онда бұрынғы ғалымдардың еңбектерімен мұқият танысуды растайтын әртүрлі әдеби еңбектер ескі мәдени дәстүрдің сәтті жалғасуы туралы айтады. Бұхара ғалымдарының XVII ғ. дін мен құқық мәселелері бойынша ғана емес, сонымен қатар перипатетиктер мен стоиктердің ілімдерімен таныс екендігі де осыған дәлел. Бірге

сонымен қатар, технология да, жаратылыстану да Орта Азия ғалымдарының назарын аудармағанын атап өткен жөн, бұл қазіргі уақытта тек Орта Азияға ғана емес, сонымен қатар көптеген басқа Шығыс елдеріне де тән. XVIғ Шайбани ханның Мәуереннахрды жаулап алуымен көптеген саяси өзгерістер болып, Шайбани орталықтандырылған мемлекет құруға әрекет жасаған болатын, алайда үш мемлекеттік құрылым - алдымен Бұхара әмірі және Хиуа хандығы, ал XVIII ғасырдың аяғында Қоқан хандығы пайда болды. Бұхар хандығы Орта Азияның басқа хандықтарынан көптеген мектептер мен медреселермен ерекшеленді. Хандықтың ірі ғылыми орталығы Самарқан қаласы болды. Мұнда зайырлы ғылымдармен қатар исламның негізгі бағыттары, хадистер, теология, шариғат заңдары, ғылым және діни білімнің басқа да салалары терең зерттелген. XVI ғасырдың ойшылы Хасанхожа Нисорий «Бұл қалада көптеген ғалымдар өмір сүрді және жұмыс істеді. Самарқан бүгін де ғылымның орталығы болып табылады. Жергілікті мауланалар негізінен нақты ғылыммен айналысты» - деп бірнеше рет айтқан екен. Қаланың ғылым мен діни білімнің орталығы ретіндегі маңызы кейінгі ғасырларда да сақталды. Бұл жерде қала медресесінің қызметі үлкен маңызға ие болды.

Жалпы, XVI-XVII ғғ Мәуеранахрдағы жағдайды былай сипаттауға болады:

Орта Азия - бір кездері экономикалық және мәдени тұрғыдан дамыған өңір өндірістің жаңа, капиталистік тәсілі дамып келе жатқан Еуропа елдерінен артта қалып отырды;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлға туралы мәдени-антропологиялық ой
Ислам философиясындағы әлем мәселесі. Түркі ойшылдарының философиясындағы әлем мәселесі
Ислам философиясындағы әлем мәселесі
Экзистенциализмнің көрнекті өкілі А.Камю философиясындағы болмыс мәселесі
Саяси ойдың дамуы
Түркі философиясындағы әлем мәселесі
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Философия дүниеге көзқарастың бір түрі
ШӘКӘРІМ ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ
А.Камю философиясындағы болмыс мәселесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz