Қазақтың ұлттық киімдерін оқушыларға таныстыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі КМҚК
Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы
КГКП Педагогический колледж имени М.О.Ауэзова
Управление образования Восточно-Казахстанской области
Положение
СМК ПП-5.3-91
Курстық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау туралыЕреже
Положение о защите курсовой работы
( проекта)
Издание басылым
12017
Стрбет.
1 из 36

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: технология

Тақырыбы: көркем еңбек сабағында ер адамдардың ұлттық жейдесі мен белдігін тігу

Орындаған : Ержанқызы Айдана

4курс тобы47
Мамандығы: технология пәнінің негізгі орта білім беру мүғалімі
Жетекшісі: Болғанбаева Гульсара

2020-2021жыл Семей

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі КМҚК
Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы
КГКП Педагогический колледж имени М.О.Ауэзова
Управление образования Восточно-Казахстанской области
Положение
СМК ПП-5.3-91
Курстық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау туралыЕреже
Положение о защите курсовой работы
( проекта)
Издание басылым
12017
Стрбет.
1 из 36

Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I бөлім Қазақтың ұлттық киімдері
1.1 Қазақтың ұлттық киімдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

1.2 Ер адамның ұлттық киімдері ... ... ... ... ... ... . 10

ІI Бөлім Ер адамның жейдесін конструкциялау және тігу технологиясы
2.1 Ер адамның жейдесінің эскизін салу, модельдеу

2.2 Ер адамның жейдесін конструкциялау ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 5

2.3 Ер адам жейдесін пішу және тігу технологиясы ... ... ... ... .18
2.4 Ер адам жейдесін белдігін тігіп әрлеу

III Бөлім Ер адамның жейдесін конструкциялау және тігу технологиясын Көркем еңбек сабағында жоғары сынып оқушыларына үйретудің тиімді әдіс-тәсілдері

3.1 Еңбек тәрбиесі арқылы мектеп оқушыларын шығармашылыққа баулу
Ер адамның жейдесін конструкциялау және тігу технологиясын Көркем еңбек сабағында жоғары сынып оқушыларына үйретудің тиімді әдіс-тәсілдері

3.2 Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін белсенді әдістерді қолдана отырып дамыту Сабақ жоспарының үлгісі

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі КМҚК
Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы
КГКП Педагогический колледж имени М.О.Ауэзова
Управление образования Восточно-Казахстанской области
Положение
СМК ПП-5.3-91
Курстық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау туралыЕреже
Положение о защите курсовой работы
( проекта)
Издание басылым
12017
Стрбет.
1 из 36

Кіріспе бөлім
Тақырып өзектілігі: адам көркі шүберек демекші ежелден келе, уақыт ебімен киімдердің үлгісі, сән сапасы өзгеріп, дамып жатыр.Жалпы киім ұғымы адамдардың уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғымын бейнелейтін сәнмен тығыз байланыста болады.Адамзат қоғамы дамыған сайын бұл көзқарастар өзгереді, яғни сән де үнемі жаңарып отырады. Киімді әркім өз бетінше таңдайды, таңдау барысында адам жеке талғамы мен сән ағымына сүйенеді.Жақсы киіне білу де өнер.
Зерттеу мақсаты: менің таңдаған тақырыбым көркем еңбек сабағында ер адамдардың ұлттық жейдесі мен белдігін тігу. Яғни ер адамдардың киімдерін, өнерін дәріптеу,қазақ халқының сән үлгісін ары қарай дамыту, және келешек ұрпаққа мұра етіп қалдыру. Жобамның басты мақсаты: ер адамдардың жейдесін тігу, және оқушыларға үйрету. Сонымен қатар үйрету барысында тігін өнері- ол үлкен жұмыс болғандықтан, оныңда қауіпті және қиын жақтары бар. Әсіресе оқушыларға үйретпестен бұрын тігін өнерінің ережелерін, талаптарымен таныстыруым қажет, сол талаптарды сақтай отырып тігін өнерімізге аяқ басуымызға болады. Оқушылардың инені қалай ұстауы, қайшымен жұмыс жасауы, тігін машинасын қолдануы, мата таңдауы, кішкентай болсада сән әлеміне деген көзқарастары, эскиздерін сызуы қарастырылатын болады. Мүмкін үлкен туындыларға жетуімізде ғажап емес. Жалпы алғанда кейінгі жас ұрпақты еңбекке баулу.

Зерттеу міндеттері:
Таңдап алған тақырыбымды негізге ала отырып сол бойынша ер адамның жейдесін тігу;
Қазақтың ұлттық киімдерін оқушыларға таныстыру;
Ер адамның ұлттық жейдесін тігуді оқушыларға үйрету;
Тігу барысында қауіпсіздік ережесін сақтау;
Оқушыларды технология пәніне деген көзқарастарын бағалау;

Зерттеу обектісі: технология
Зерттеу әдістері:тігу, үйрету, ережелерді сақтау, еңбекке баулу
Зерттеу жұмысы: зерттеу жұмысы кіріспеден, төрт тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Және де курстық жұмыста қабылданған шешім бойынша қосымша бөлімнен, барлық деректердің дәлдігі мен обьективтілігі үшін студент - курстық жұмыстың авторы жауапты болады.

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі КМҚК
Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы
КГКП Педагогический колледж имени М.О.Ауэзова
Управление образования Восточно-Казахстанской области
Положение
СМК ПП-5.3-91
Курстық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау туралыЕреже
Положение о защите курсовой работы
( проекта)
Издание басылым
12017
Стрбет.
1 из 36

I бөлім
1.1Қазақтың ұлттық киімдері.
Қазақ халқының киімдерінде халықтың шығу тарихы, экономикалық, әлеуметтік және климаттық жағдайлары бейнеленген ертедегі салт-дәстүрлері көрініс тапқан.
Ең әдемі киім - ұлтыңның киімі деген ұлы адамдар. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де үлгісі де еш халықтан кем болған жоқ. Оның көркем үлгілері әлемнің этнографиялық мұражайлары мен көрмелерінен орын алған. Ұлт мәдениетінде бағалы киімдер сый-сипат, дипломатиялық қатынастарда ескерткіш, белгі ретінде жүрген. Ат, шапан сыйлау құрметтеудің көрінісі деп бағаланған. Ертеде халық шеберлері қазақтың болмысына тән, кигенде ыңғайлы әр түрлі киім үлгілерін жасаған.
Қазақтарда киімдер бірнеше топқа бөлінеді:
1.Әлеуметтік дәрежесіне қарай.
2. Жас ерекшеліктеріне қарай.
3. Жөн - жорағылға сәйкес.
4. Бір киер киімдер.
5. Діни киімдер.
Қазақ халқының ұлттық киімдері - киім үлгілері. Этникалық, экономиялық және климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат-ғұрып киімдері болады. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдердің ең жақсы, таңдаулысын киген. Ішкі киімдері: көйлек, дамбал, желетке, кәзекей; сырт киімдерге: шапан, күпі, кеудеше, тон, шидем; сулық киімдерге: шекпен, қаптал шапан, кебенек кенеп, сырттық жатады (қазақ Киім). Киім мәуітіден, жүн және жібек матадан, киізден, аң терісінен тігіледі. Қазақтар құланның, ақбөкеннің, жолбарыстың, жанаттың, бұлғынның, сусардың, ақ тышқанның терілерін ерекше қымбат бағалайды. Бұл аңдардың терілерінен тондар тігілді. Астарына құнды аң терісі салынған тон - ішік деп аталды. Осы аң терісіне сәйкес бұлғын ішік, жанат ішік, қасқыр ішік, күзен ішік болып бөлінеді. Ішіктердің сыртын шұға, мәуіті, үш топ барқыт, атлас, көк берен, манат, қырмызы, торғын, ләмбек сияқты бағалы ширақы маталармен тыстаған. Ішіктер кейде әдепті, оқалы, шет-шеті жұрындалған қайырма жағалы болып тігілген.

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі КМҚК
Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы
КГКП Педагогический колледж имени М.О.Ауэзова
Управление образования Восточно-Казахстанской области
Положение
СМК ПП-5.3-91
Курстық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау туралыЕреже
Положение о защите курсовой работы
( проекта)
Издание басылым
12017
Стрбет.
1 из 36

Қазақ шапандары алдыңғы екі өңірі, артқы бой, екі жең және жағасын ойып пішіледі. Артқы бойдың екі жақ шеті алдыңғы өңірге қусырыларда оның екі жақ етегіне, бел мықынға жеткенше, екі үшкіл қойма қойылады. Оның етек жағы енді, бел жағы енсіз келеді ("шабу" деп атайды). Шапан жеңінің екі беті бір-ақ қиылады. Ұлы жүз қазақтарының шапандары көбінесе жолақты, сырмалы, етек-жеңдері ұзын, әшекейлі келсе,Орта жүз тұрғындарының шапандары көбінесе бір беткей матадан, сырусыз, сирек қабылып, етектері шалғайлы, жеңдері кең, жағалары шолақ оймалы немесе түймелі болған. Кіші жүздің шапандары да шалғайлы, жеңдері ұзын және кең, жүн тартқан, бидайлаған қалың, қайырма жағалы болып тігілген. Қазақтар шапанға шабу, жең түптеріне ойынды, қолтырмаш қояды.
Ішіне жабағы жүн салынып сырылған, суықта киетін сырттық - күпі, түйе жүнінен иірілген жіптен тоқылған жұмсақ сырттық - шекпен (тайлақ жүнінен тоқылса шидем шекпен), жеңсіз, киізден қаусырылған, сәндендірілген кебенек, астары қалыңдатылған қаптал шапан, сырмалы, шабулы, жұрынды түрлері болады. Иленген, әрі боялған (қарағай, қайың нілімен, өсімдік, қына, томар бояумен боялған) тон, сырты қымбат матамен тысталған ішіктің түрлері кең таралған. Тонды тебен инемен басып тігіп, немесе шалып тігіп, кестелеп, қаптама тон жасайды, етек жеңіне жұрын ұстайды. Жарғақ, тайжақы, қылқа, дақы деген киімдерді тай, құлын, лақтың терісінен жүнін сыртына қаратып тігеді. Шалбарды барқыт, ұлпа, пүліш, тібен, шибарқыт, шегрен, ләмбек, мәлескен, қырмызы, қамқа, бақисап, көк мәуіті сияқты ширақы маталардан, қой ешкі терілерінен тіккен. Шалбардың бауы ышқырға өткізіледі, атқа мініп-түсуге ыңғайлы, кең балақ болып келеді. Жеңіл шапан мен бешпенттің етегін де ышқыр астынан жіберіп, шалбарлау, әсіресе, батырлар мен аңшыларға, балуандарға тән болған.
Қазақ әйелдерінің ұлттық киімі, негізінен, көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, камзол, кәзекей, кебіс-мәсі, көкірекшеден тұрады. Әшекей, ажар жағынан төрт топқа арналып тігіледі. Олар қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер мен бәйбішелердің киімдері. Қыз киімдері кеуделері тар, қынамалы, жаға, жең, кеудесі, өңірі кестелі, әшекейлі келсе, жас ұлғайған сайын неғұрлым етекті, кең, мол қаусырмалы бола түседі.
Қазақ халқының ұлттық киімдерінде тұрғындардың геогр., ру-тайпалық ерекшеліктері де көрінеді және ол көбіне бас киім мен шапаннан байқалады. Мысалы, 8 сай уақ тымақ, 3 құлақты керей тымақ; қаракесек, адай бөрік, арғын тымақ, қыпшақ тымақ,

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі КМҚК
Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы
КГКП Педагогический колледж имени М.О.Ауэзова
Управление образования Восточно-Казахстанской области
Положение
СМК ПП-5.3-91
Курстық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау туралыЕреже
Положение о защите курсовой работы
( проекта)
Издание басылым
12017
Стрбет.
1 из 36

сырмалаған 6 сай найман тымақ, 4 сай жатаған тобықты тымағы (М.Әуезовтың айтуынша) болған. Аймақ ерекшелігіне қарай Жетісу, Арқа, қоңырат үлгісіндегі тымақтар деген атауларға бөлінеді.
Еркектер мен әйелдер бас киімі әр түрлілігімен ерекше-ленді. Еркектердің ежелден келе жатқан дәстүрлі бас киімі - қалпақ жұқа ақ киізден тігілді. Бұлардың ақ киізден төбесі биік етіліп жасалғаны "ақ қалпақ", ал жалпақ күнқағары жоғары бүктеліп қайырылғаны "айыр қалпақ" деп аталды. Көктем мен күзде қазақтар дөңгелек пішінді, төбесі биік, міндетті түрде аң терісімен жиектелген бөрік киген. Қыста киетін бас киім "тымақ" деп аталды.
Қыздардың бөріктері алқалармен және төбесіне үкінің, көк құтанның немесе тотының үлпек қауырсындары тағылып сәндендіріледі. Қыздардың құндыз, кәмшат терісімен жиектелген бас киімдері "кәмшат бөрік" деп, алтынмен кестеленгені "алтын бөрік", маржандармен әшекейленгені "қалмаржан бөрік" деп аталды. Барқыттан немесе қамқадан тігілген жаздық жеңіл бас киім - "тақия" үкінің үлпек қауырсынымен, күміс және алтын кестелермен әшекейленді. Әйелдердің бас киімдері арасынан неғұрлым өзіндік сән-салтанатымен ерекшеленетін қыздардың тұрмысқа шығардағы бас киімі - сәукеле болды. Төбесі үшкірленіп, биік етіліп тігілетін ол алтын және күміс тиындармен, інжу-маржандармен, алқалармен безендірілді. Алғашқы нәрестесі дүниеге келісімен жас әйел ақ матадан тігілетін бас киім - кимешек киген. Қазақ халқының ұлттық киімдеріндегі бас киімді былайша топтастыруға болады: 1) ерлер бас киімі: шыт, кепеш (құстаңдай, қолкесте, бізкесте түрлері бар), үшкүлдір, жекей, жапетер, тақия (зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа, т.б.), құлақшын, бөрік, жалбағай, қалпақ, құлақты тымақ, күлапара, қырпу (іштік бөрік); 2) әйелдер бас киімі: сәукеле, бөкебай, қарқара, кимешек, күндік, желек, шәлі (жібек, шілтер, оюлы түрі бар), бүркеніш, бергек, қасаба, тақия, шылауыш, жаулық. Қыста киетін бас киімдер қымбат, қалың матамен тысталады.
Қазақ халқының ұлттық киімдерінің ішінде аяқ киім, соның ішінде етіктің биік өкше, жарма қоныш, тіремелі, көксуыр, саптама, жұмсақ табан, үшкіл тұмсық, шоңқайма түрлері қымбатқа түскен. Сонымен бірге сырма киіз, ішетік, мәсі, шоқай, бұйық (етік сыртынан киетін, жүні ішіне қараған, иленген теріден жасалған байпақ тәрізді аяқ киім) түрлері таралған. Орта Азия және Қытаймен арадағы сауда-саттықтың нәтижесінде қымбат бағалы жібек, мақта маталары алынып, киім тігуге қолданылды. 18 ғ-дан бастап орыстың фабрикалық арзан маталары көптеп айырбасқа түсуі қазақ ұлттық киім түрінің көбеюіне мүмкіндік

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі КМҚК
Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы
КГКП Педагогический колледж имени М.О.Ауэзова
Управление образования Восточно-Казахстанской области
Положение
СМК ПП-5.3-91
Курстық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау туралыЕреже
Положение о защите курсовой работы
( проекта)
Издание басылым
12017
Стрбет.
1 из 36

туғызды. Торғын, пайы, шағи, дүрия, бәтес, сусыма, лейлек, атлас, сұпы, шәйі тәрізді маталардан желбіршекті жұқа көйлектер тігіледі.
Қайыстан, барқыттан, жүннен және жібектен жасалған белдіктер қазақ киімдерінің міндетті бір бөлшегі болды. Қайыс белдіктері әр түрлі өрнек, жапсырмалармен әшекейлендіріліп, асыл тастардан салынған көздер мен сүйек оюлы бастырмалармен әшекейлендірілді. Мұндай белдіктер "кісе" деп аталады. Жас жігіттердің белдіктерінде алқа, әлеміштер болды. Әйелдердің белдіктері жалпақ әрі сәнді, негізінен, жібек пен барқыттан тігілді. Әйелдер, сондай-ақ, белдеріне жұмсақ белбеу байлады. Әйелдердің әшекейлері алтыннан, күмістен, асыл тастардан әзірленді. Салмақты күміс білезіктерге алтын жалатылды, ою салынды. Сырғалар, негізінен, күміс сымдардан имек, жарқырауық тастар түзілген шығыршық түрінде жасалды, оның өзара күміс сыммен бекітілген төрт бұрышты қиықша, дөңгелек, жалпақ тілікті түрлері көбірек пайдаланылды. Шашқа салатын әшекейлер - өзара кіріккен шығыршықтармен біріктірілетін алқалар немесе теңгелер тізбегі түріндегі шашбаулар жасалды. Оның орт. алқалары түрлі түсті асыл тастармен безендірілді. Шашқа тағылатын әшекей қатарына аспалы шолпылар да жатады. Жүзіктер құйылып және нақышталып, сопақша, дөңгелек, көп қырлы қисында жасалды. Олар түрлі түсті асыл тастармен безендірілді.
Қазақ зергерлері бұлардан басқа омырауша, өңір жиек, "бой тұмар", белдіктерге ілгектер, сәукелеге арналған өрнекті тана - шылтыр, салмақты дөңгелек түймелер торсылдақ түйме, түйреуіш сияқты әшекей бұйымдар да жасаған. Әйелдер әшекейлерін әзірлеуде әр түрлі тәсілдер: құю, ою салу, нақыш қондыру, қалыптау, зерлеу, қараға бояу, інжу қадау, эмаль жағу қолданылды (қазақ Зергерлік өнер). Мұндай сәндік бұйымдар Қазақ халқының ұлттық киімдеріне ерекше әр берді. Қазақ халқының ұлттық киімдері үлгілерінің көшпелі тұрмыс пен құбылмалы ауа райына бейімделіп дамығаны, көрші халықтармен арадағы мәдени, шаруашылық байланыстар әсер еткендігі сөзсіз.[[1]]
Қазақ халқының қол өнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Оның бір ұшығы туысқан Орта Азия халықтарының және орыс халқының қол өнерімен де ұштасып жатыр. Қол өнерінің басты бір саласы -- киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес. Олардың кейбіреулерін ескінің көзі қарттар күнделікті киіп жүрсе, енді біреулерін қыз ұзату, келін түсіру тойларында ойын-сауыққа пайдаланады (қалындыққа сәукеле кигізу) ,сондай-ақ көпшілігі театрлардың арнаулы заказы бойынша тігіліп жүр. Алматыдағы Қазақстан

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі КМҚК
Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы
КГКП Педагогический колледж имени М.О.Ауэзова
Управление образования Восточно-Казахстанской области
Положение
СМК ПП-5.3-91
Курстық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау туралыЕреже
Положение о защите курсовой работы
( проекта)
Издание басылым
12017
Стрбет.
1 из 36

магазинінде, облыс орталықтарында ұлттық киімдер (шапан, мәсі , бөрік, қамзол т. б.) сатылады. Қазақтың ұлттық киімдері - Еуразия даласын қоныс еткен көшпелі ел қазақтардың басқа халықтарға ұксамайтын киім үлілері табиғи ерекшеліктер мен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасы. Қазақы киімнің барша сымбаты мен оюөрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол - біздің ұлттық мәдениетіміз.

1.2 Қазақ халқының ою өрнегі Ер адамның ұлттық киімдері
Ою - өрнектер туралы түсінік. Халық даналығы өнер - таусылмас азық, жұтамас байлық дейді. Қазақтың қолөнері де өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән - мағынасымен шын мәнінде халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы. Бабаларымыздан қалған қандай өнер, қандай қазына бар десек, оның бірі ою - өрнек болмақ. Оларды жоғалтпай үйреніп, ары қарай дамыту біздің міндетіміз.
Бір кезде тасқа, ағашқа, сүйекке түсірілген ою - таңбалар келе киізге, алаша, кілем, т.б. бұйымдарға салынатын болған. Ол белгі - таңбалар арқылы халық белгілі бір ұғым түсініктерді аңғарып, біліп отырған. Тіпті өз тұрмысына керекті заттардың бәрін қолөнер арқылы жасаған. Тарихи жазба деректерге қарағанда қазақ арасында үйшілік, ұсталық, зергерлік, қырнаушылық, өрімшілік, көншілік, тігіншілік, етікшілік, т.б. қол өнер кәсіптері болған. Ою -өрнек таңбалары бертін келе сән - салтанат белгілеріне айналды. Табиғи сұлулығын, көркемдігін көркейтіп, түрлендіріп көрсететіндей әдемі зергерлік бұйымдарды орнымен пайдалана білген. Мысалға білезікті алайық. Ол ерте дүниеден бері бір ұрпақтан бір ұрпаққа ауысып, әр дәуірде , әр қоғамда, әр түрлі сипат алып, күні бүгінге дейін жетіп отыр. Білезікті дүние жүзіндегі барлық елдерде салған. Бір таңданатын нәрсе, ол кезде адамдар білезікті кездейсоқ бәлекеттен, яғни тілден, көзден, бақытсыздықтан сақтайтын құдірет деп санаған.
Жалпы оюлап өрнек салу халық өнерінің бір саласы. Оның түрлері мен атаулары күнделікті тұрмыстағы тұтыну тәсіліне қарай алуан түрлі. Мәселен, әшекейлі түр салудың кестелеу, ою зерлеу, сыру, теру, көз салу, бастыру, гүлдеу, таңдайлау, кереге көздеу, өткермелеу, шаршылау сияқты салалары ілмеліп, қайып, бүгіп, тепшіп, шалып, торлап тігу әдістерімен атқарылады.Сонымен қатар өру, бұрау, жону, ойып салу, құю, сызу, бояу, сүйектеу, күмістеу, бедерлеу сияқты өрнек үлгілері қолданылады.Халық қолөнерінде жие қолданылатын мүйіз тектес ою - өрнектер өзінің даму барысында әр түрлі көркемдік сипат алды. Қошқар мүйіз, арқар мүйіз,марал мүйіз, бұғы мүйіз, қос мүйіз, қырық

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі КМҚК
Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы
КГКП Педагогический колледж имени М.О.Ауэзова
Управление образования Восточно-Казахстанской области
Положение
СМК ПП-5.3-91
Курстық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау туралыЕреже
Положение о защите курсовой работы
( проекта)
Издание басылым
12017
Стрбет.
1 из 36

мүйіз,сыңар мүйіз, тармақ мүйіз, т.б. сияқты өрнектер өзіндік кескін таңбасымен, белгілі бір мән-мағынаны білдірумен көзге түскен. Бірақ солардың ішінде қошқар мүйізге көп мән берілген. Киетін киім мен аяқ- табанынан бастап, үйінің киізі мен керегесі, сықырлауық, ертұрман, үзеңгі, жүгеніне дейін қошқар мүйіз оюының элементтері бар.Онымен қоса қошқар мүйіз өрнегімен кілем, түскиіз, текеметтер, сандықтар, ағаш төсектер өрнектелген. Әшекей өрнек өнерінің осындай бір мәнерінің өзі де араларын мыңдаған жылдар бөліп тұрған халықтардың мәдениетін байланыстыратын ортақ белгілерін айқын көрсетеді. Осы бір өнер ғасырлар бойы сыннан өтіп, бүгінгі өресі биік өнерімізге ұласып отыр. Оюлар өзінің мән - мағынасына қарай бірнеше топқа бөлінеді:
1. Өсімдік өрнектер (жапырақ, шиыршық гүл, ағаш,т.б.);
2. Зооморфтық өрнек (жан - жануардың табиғи және фантастикалық бейнелері,қошқар және оның түрлері,нұсқалары);
3. Космогениялық өрнектер (дөңгелек, төрт құлақ, шимай, шұғыла, шексіздік,т.б.);
4. Геометриялық ою - өрнектер (төртбұрыш, үшбұрыш, ромб,т.б.):
Енді ою-өрнектер атауларын былай жіктеуге болады:
1. Ай, күн, жұлдыздарға, көк әлеміне байланысты ою-өрнектер;
2. Малға, малдың денесіне, ізіне байланысты ою-өрнектер;
3. Аңға, аңның денесіне,ізіне байланысты ою- өрнектер;
4. Құрт-құмырсқаларға байланысты ою-өрнектер;
5. Құстарға байланысты ою- өрнектер;
6. Жер, су, өсімдік, гүл, бұтақ бейнелі ою-өрнектер;
7.Геометриялық фигуралар тектес ою-өрнектер:
Қазақ ою-өрнектерінің өте жие қолданылатын 200-ден астам түрі бар.Олар: аймүйіз, алақан, айыртұяқ, баған өрнек, бес жапырақ, қаз мойын, жауқазын, жұлдыз, жүрекше, күмбез, құс қанаты, құс құйрығы,самұрық, тармақ, үркер, шөміш өрнек, салпыншақ, тұмар тіс, тұмар ою, түйе табан,түйе мойнақ, құс табан,т.б. мүйіз өрнектерінің мәнерлеріне қарай, қазақ арасында ғасырлар бойы қалыптасқан қошқар мүйіз,арқар мүйіз, сыңар мүйіз,өркеш мүйіз, сыңар өкше сияқты байырғы түрлері бар.Сонымен қатар ою-өрнектер тек эстетикалық мағлұмат емес, өмір салты, түйсік тағылымы туралы мағлұмат береді. Әрбір жануар мен затты бейнелейтін оюдың қасиеттеріне қарай тақырыптық мағынасы, композициясы, симметриясы, ырғағы мен колориті, соған арналған философиялық мәні де байқалады. Композиция дегеніміз - өрнекті заттың бетіне реттеп орналастыру. Симметрия дегеніміз - ою-өрнектің екі жағынан тең болуы. Колорит дегеніміз - ою-өрнектің бояу түрлерінің бір-бірімен үндесіп, жарасым табуы. Ырғақ - ою-өрнекте бір элементтіңқайталанып келуі.
Қошқар мүйіз - ою-өрнегі - байлық пен молшылықтың нышаны.

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі КМҚК
Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы
КГКП Педагогический колледж имени М.О.Ауэзова
Управление образования Восточно-Казахстанской области
Положение
СМК ПП-5.3-91
Курстық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау туралыЕреже
Положение о защите курсовой работы
( проекта)
Издание басылым
12017
Стрбет.
1 из 36

Қошқар мүйіз бен арқармүйіз оюларының қазақ қолөнерінде қолданылмайтын жері жоқ. Қошқар мүйіз оюымен қатар әр заттың көлемі, сәнділік, пайдалану деңгейіне қарай әр алуан жапырақ тектес, бітпес оюлар салынады. Бұл өрнектер иірім, шиыршық, иық, үшкіл, түйе табан, қос ирек, жұлдыз гүл т.б. аттарымен аталады.
Өнер зерттеушілерінің пайымдауынша қазақ ою-өрнегі үш түрлі ұғым негізінде туған деген қорытынды бар:
1. Қазақ халқының өзіне тән ертеден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың ұлттық киіміндегі ою-өрнек элементтерін оқыту
Сәндікқолданбалы өнері арқылы технология сабағында оқушылардың қызығушылығын арттыру
«Көркем еңбек» интеграцияланған пәні бағдарламасының құрылымдық-мазмұндық ерекшеліктері
Оқушылардың өздігінен дербес бақылауы
Қазақ халқының ұлттық киімдері - киім үлгілері
Оқыту әдістер тобы әдістер
Оқушыларды зергерлік бұйымдардың жасалу технологиясының әдістемелік ерекшеліктеріне бейімдеу
Оқушыларды өнерге баулу, өнерді дамыту
КӨРКЕМ КЕСТЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ
Ұлыстың ұлы күні наурыз жайлы
Пәндер