Психикалық дамуы тежелген балалардың семантикалық оқу


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Арнайы және әлеуметтік кафедрасы
Абылай Майра Бағланқызы
Психикалық дамуы тежелген балалардың семантикалық оқуын дамытуда логопедиялық жұмыс
Алматы 2021
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І. Психикалық дамуы тежелген балалардың семантикалық оқуын дамытудың теориялық негіздері
1. 1. Психикалық дамуы тежелген балалардың психикалық-педагогикалық сипаттамасы және даму ерекшеліктері
1. 2. Психикалық дамуы тежелген балаларда оқу дағдыларының бұзылу көріністері . . . 13
1. 3. . Психикалық дамуы тежелген балалардың семантикалық оқуын дамытуда қолданылатын негізгі әдіс-тәсілдер . . . 20
ІІ. Психикалық дамуы тежелген балалардың семантикалық оқу
2. 1.
2. 2
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі : Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілген “Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы”бойынша мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берілген[1] .
Мемлекетіміздің әрбәр азаматы-ұлттық құндылық, әрбәр баласы-еліміздің ертеңі екенін ескерсек, әрбәр мүмкіндігі шектеулі оқушының сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасауға міндеттіміз. Мүмкіндігі шектеулі бір оқушының жетістікке жетуі, ұлтымыздың саналы келешегіне жинақтылап жатқан қор деп түсінеміз.
Отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулері бойынша орта мектепте оқитын балалардың ішінен оқуда түрлі қиындықтарға тап болатын оқушылардың саны жылдан-жылға бұлжытпай өсіп жатыр. Осыған байланысты қазіргі таңда мектеп жасындағы оқушыларды дұрыс, мәнерлеп, түсініп оқыту негізгі өзекті мәслелердің бірі болғандықтан, оқу дағдысын қалыптастыру үшін толық, мақсатты және жүйелі жұмыс жасап, сыныптан-сыныпқа дейін шеберлікті жетілдіру қажет.
М. С. Певзнер, Т. А. Власова, В. И. Лубовский, У. В. Ульенкова, Е. М. Мастюкова, М. Н. Фишман, И. Ф. Марковская және т. б ғалымдарың зерттеулерінде көрсеткендей, оқуда қиындықтары бар оқушылардың басым көпшілігін психикалық дамуы тежелген балалар құрайды. Осы категориядағы балалармен логопедиялық-корррекциялық жұмысқа көп көңіл бөлумен қатар, коммуникативті дағдыларын жетілдіруге аса мән беру қажет.
Бүгінгі білім берудің гуманистік сипаты мен отандық педагогиканың адам және оның дамуы мәселелеріне қайта бағдарлауы, бала табиғатын жан-жақты зерттеу, баланың потенциалды мүмкіндіктерінің іске асуына жағдай жасау мәселелерін жоғары дәрежеге көтеріп отыр. Осы себепті, сапалы оқуына кедергі келмес үшін, білім беру мекемесінде оқитын психикалық дамуы тежелген балаларға жүйелі жұмыстар ұйымдастырылып, назардан тыс қалмау қажет.
Кейбір авторлардың зерттеуінше, ПДТ балалар арасында 40-50%-ға жуық семантикалық оқу дағдысының жетілмегендігі кездеседі, осы категориядағы балалармен логопедиялық-коррекциялық жұмысына көп көңіл бөлу қажет. Сол себепті мен дипломдық жұмысымның тақырыбын “Психикалық дамуы тежелген балалардың семантикалық оқуын дамытуда логопедиялық жұмыс” деп белгіледім.
Бұл зерттеудің мақсаты : оқу дағдысының қалыптасу деңгейін анықтау және мектеп жасындағы оқушыларында оқу дағдысын қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар мен жаттығулар кешенін әзірлеу.
Зерттеу нысаны - оқу сабақтарында, оқу іс-әрекеті барысында оқу дағдысын қалыптастыру процесі.
Зерттеу пәні -бағытталған тапсырмалар кешені арқылы мектеп жасындағы балаларда оқу дағдыларын қалыптастыру.
І. Психикалық дамуы тежелген балалардың семантикалық оқуын дамытудың теориялық негіздері
1. 1Психикалық дамуы тежелген балалардың психикалық-педагогикалық сипаттамасы және даму ерекшеліктері
Орта мектептің бағдарламасын игере алмайтын балалар арасында психикалық дамуы тежлген балаларда жиі кездеседі, сол себепті осы санаттағы балалардың психофизикалық ерекшелігін зерттеу маңызды болып саналады.
“Психикалық дамудың тежелуі” ұғымы психикалық дамуының қалыпты күйінің бұзылуы арқылы көрінетін аномалияның ерекше түрі деп түсіндіріледі. Ол түрлі себептер нәтижесінде пайда болады. Мысалы:Орталық жүйке жүйесінің зақымдануы, құрсақішілік немесе туу кезінде ананың жарақат алуы, әртүрлі қауіпті (тұмау, қызамық, ) аурулармен ауруы және баланың өмірінің алғашқы кездерінде бала бас миына зақым келетін жарақаттар алса немесе конституциясының кемістігі(гармониялық инфантилизм), соматикалық аурулардың әсерінен пайда болады. Олигофрениядан айырмашылығы, патогендік факторлар балалардың даму қарқынының бұзылуына әкеп соғады, бұл ауру белгілерінің қайтымдылығымен дәлелденеді. Бұл белгілердің қайтымдылығы түзету және емдік жұмыстарынан кейін жүзеге асырылады.
Қазіргі кезде психикалық дамуы теделген балалар жайлы терең зерттелген. Танымал дефктологтар В. И. Лубовский, Т. А. Власова, У. В. Ульенков, К. С. Лебединский педагогика ғылымының саласына үлкен үлестерін қосқан, соның ішінде кіші мектеп жасындағы балалар және психикалық дамуы тежелген балалардың ерекшеліктерін айқындап берді. Ал балалардың таным әрекетінің ғалымдарды атап өтсем, олар И. Ю. Кулагина, Т. Д. Пускаева, М. Ш. Адилова, Ж. И. Намазбаева, Л. И. Переслени, В. И, Власова және тағы басқада ғалымдар үлес қосқан.
Психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілетін түзете дамыту жұмыстарының түрлері көп. Түзету жұмыстарын жүргізудің принциптері төмендегідей:
- баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау;
- шаршап кетпеуін анықтау;
- оқу әрекетін ойын түрінде ұйымдастыру, кеңістікті бағдарлауын дамыту;
- сыныптан тыс тәрбие сағаттарына қатыстыру;
- ойын дағдыларын оқу әрекетіне аудару;
- арнайы әдістемелермен оқытуды ұйымдастыру;
- жылдық диагностикалық даму деңгейін салыстыру.
Семантикалық оқу дегеніміз-мәтіннің семaнтикалық мaзмұнын оқуғa бaғытталған oқу түрі. Әмбебaп oқу іс-әрекеттері тұжырымдaмасындa (Асмолов А. Г., Бурменская г. в., Володарская и. А. және т. б. ) семантикалық оқу іс-әрекеттері:
мақсатты түсіну және коммуникативті тапсырмаға байланысты оқу түрін таңдау;
негізгі және қосымша ақпаратты анықтау;
мәселенің тұжырымы және мәтіннің негізгі идеясы.
Семантикалық оқу кез-келген басқа оқудан ерекшеленеді, өйткені оқудың семантикалық түрінде оқырман мәтіннің құндылық-семантикалық сәтін түсіну процестері жүреді, яғни оны түсіндіру, мағынасын беру процесі жүзеге асырылады. Әр оқырман мәтіннен оның қажеттіліктері мен қабілеттеріне байланысты дәл осы сәтте "қабылдауға" болатындай етіп "алады". Сондықтан қабылдаудың айырмашылығы. Семантикалық оқу ғылыми және көркем мәтіндерді де игеруге мүмкіндік береді.
Семантикалық оқудың мақсаты-мәтіннің мазмұнын мүмкіндігінше дәл және толық түсіну, барлық мәліметтерді түсіну және алынған ақпаратты іс жүзінде түсіну. Бұл мәтінді талдау арқылы мұқият оқу және мағынасына ену. Адам шынымен мұқият оқыған кезде, оның қиялы міндетті түрде жұмыс істейді, ол өзінің ішкі бейнелерімен белсенді түрде өзара әрекеттесе алады. Адамның өзі бір-бірімен, мәтінмен және сыртқы әлеммен байланыс орнатады. Бала семантикалық оқуды меңгерген кезде, ол ауызша сөйлеуді дамытады және дамудың келесі маңызды кезеңі ретінде жазбаша сөйлеу болады.
Жылдам оқу
Сапалы жоспар құру Дұрыс оқу
Сөздік қорын дамыту
Семантикалық оқыту түсінумен тығыз байланысты
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz