Мемлекеттің аймақтардың дамуын реттеуі басқарудың екі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНСИТРЛІГІ
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Нарен Мардан Әбдіманапұлы
«Аймақтық басқару органдары мен олардың экономикалық және әлеуметтік дамуындағы реттеуші рөлі»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В051000 - «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы
Нұр-Сұлтан -2020
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
«Менеджмент» кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
Толысбаев Б. С.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Аймақтық басқару органдары мен олардың экономикалық және әлеуметтік дамуындағы реттеуші рөлі»
5В051000 - «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы
Орындаған: Нарен М. Ә.
Ғылыми жетекшісі: Тлеубердиева С. С.
Нұр-Сұлтан - 2020
Кіріспе
Тақырыптың өзетілігі: Әлем - тұтас бір үлкен жүйе ретінде құралған. Сол үлкен жүйе өз функциясын дұрыс атқаруы тікелей оны құрайтын кішігірім жүйелердің, бөлімдер мен бөлімшелердің өз міндеттерін жақсы атқаруына байланысты. Мысалы, автокөлікті алайық. Ол өзінің жұмысын дұрыс атқаруы үшін оны құрайтын бөлшектері дұрыс жасауы тиіс. Дәл сол секілді, мемлекеттік басқаруды тұтас бір үлкен жүйе ретінде алсақ, оның дұрыс жұмыс жасауы тікелей аймақтық басқару органдарының жұмыс нәтижесіне байланысты болмақ.
ҚР аймақтық басқаруы бойынша 14 облысқа және 3 республикалық деңгейдегі қалаларға (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент) бөлінеді. Олар өз кезегінде 175 аудандық, 2468 ауылдық әкімшілік басқару органдарына бөлінеді.
Біздің алып отырған тақырыбымызға сәйкес, аймақтық басқару органдары елдегі экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуде, реттеуде және дамытуда маңызды рөл атқарады. Себебі:
- Аймақтық басқару органдары кішігірім аймақты қамтиды, сәйкесінше жергілікті экономикалық және әлеуметтік мәселелермен жақсы таныс болады.
- Жергілікті проблемаларды жақсы білуі, ол мәселелердің тезірек шешімінің табылуына әсер етеді.
- Штаттың салыстырмалы түрде шағын болуы шешімнің тез қабылданып, орындалуын қамтамасыз етеді.
- Егерде аймақтық басқару органдары өз міндеттерін жақсы атқарып отырса, жоғары жаққа артық мәселелер туындамауына себеп болады. Яғни, жоғарғы мемлекеттік деңгейдегі басқару тек стратегиялық жоспарлау мен бағыт-бағдар беріп отырады.
Жоғарыда аталып өткен аймақтық басқару органдарының тұтас жүйе болып табылатын мемлекеттік басқарудағы маңызы мен еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуындағы реттеуші рөлі таңдалып отырған тақырыптың өзектілігін ашады деген ойдамыз.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі: Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, біздің мемлекет бірінші орынға экономикалық дамуды алға қойды. Яғни, алдымен экономика, сосын саясат таңдауы жасалынды. Нәтижесінде елімізде экономикалық даму орын алды. Сәйкесінше, біздің мемлекетте экономикалық еңбектер көбірек жарыққа шықты. Экономика жақсы дамыса, әлеуметтік мәселелерде өз шешімін таппақ.
Аталған тақырыпта мынандай еңбектер жазылды:Аймақтық экономиканы басқару (Мұхтаров Қ. С., Смағұлова Г. С. ), Аймақтық экономика, Аймақтарды басқару, және т. б.
Жоғарыдағы еңбектер мен жазылған мақалалар, зерттеулердің негізгі тақырыбы - зерттеу объектісі ретінде экономикалық дамуды басты назарға қойды. Осы кезде аймақтық басқару органдарының экономикалық және әлеуметтік рөліне баса назар аудартылмады. Сонымен қоса, ҚР аймақтарының даму деңгейінің әртүрлі болуы, жергілікті мәселелердің әлі де шешімін таба алмауы біз таңдап отырған тақырыптың әлі де тереңнен қарап, жан-жақты зерттеу қажеттілігін көрсетті деген ойдамыз.
Мақсаты және міндеттері: Зерттелініп отырған тақырыптың негізгі мақсаты аймақтық басқару органдарының мәні мен мазмұнын айшықтау, олардың мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуындағы реттеушілік рөлінің маңызын, елеулі орнын көрсету. Осыған байланысты келесі міндеттер қойылады:
- Аймақтық басқару органдарының құзыреттерін, міндеттері мен ұйымдық құрылымдарын зерттеу;
- Мемлекеттік экономикалық және әлеуметтік ұзақ жылға жоспарланған стратегияларнының жүзеге асырудағы рөлін анықтау;
- Аймақтық басқару органдарының жұмысынын жақсарту барысында нақты әрі практикалық ұсыныстар жасау.
Зерттеу объектісі: Алынып отырған тақырыптың зерттеу объектісі болып, ҚР-ның аймақтық басқару органдары, олардың құзыреттері мен заңдық-құқықтық міндеттері, жергілікті жердегі экономикалық және әлеуметтік дамудағы рөлі болып табылады.
Димломдық жұмыстың дерек көздері: ҚР-ның Конституциясы, Елбасының жолдаулары мен еңбектері, Мемлекеттік бағдарламалар, аталған тақырып аясында жазылған отандық және шетелдік ғалымдардың оқулықтары, ҚР-ның ресми сайттары, т. б. деректерден құралады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі: Аталған жұмыстың құрылымы кіріспе, тақырыпты тереңінен ашу негізгі үш бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
1 АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ
1. 1 АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ, ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Аймақтық басқару ұғымын түсіну үшін, алдымен мемлекеттік басқару терминіне тоқтала кетсек. Себебі аймақтық басқару мемлекеттік басқарудың бөлшегі болып табылады.
Мемлекеттік басқару ұғымын ашып, айқындап анықтау үшін, оны құрайтын «мемлекет» және «басқару» сөздеріне жеке жеке тоқталудың маңызы зор.
Мемлекет ұғымына ғалымдар философиялық, тарихи, әлеуметтік, заңдық және т. б. тұрғыдан көптеген анықтамалар берген. Соларды қорыта келе, жалпыға ортақ мынандай түсінік пайда болады:
Мемлекет - халықтың бірлігі мен тұтастығын, қауіпсіздігі мен тұрақты дамуын, құқықтық қорғалуы мен азаматтардың бостандығын мемлекеттік басқару механизмдері арқылы реттейтін, жалпы халықтық тәуелсіз саяси ұйым болып табылады.
Мемлекеттік басқару - қоғамның игілігі мен мемлекеттің дамуы үшін жасалынған жоспар, стратегияларды мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды тұлғалары арқылы жүзеге асыру қызметі.
Аймақтық басқару - мемлекеттің атқаратын қызметінің бір тармағы, мемлекеттік басқарудың құрамдас бөлігі болып табылады. Оның негізгі мәні, сол аймақта тұрып жатқан халыққа мемлекеттік басқару органдары көмегімен (біздің жағдайымызда аймақтық басқару органдары) реттеушілік, қадағалау, мемлекеттік бағдарламаларды орындау жолдары арқылы, экономикалық және әлеуметтік-инфрақұрылымдық дамуға қол жеткізу. Аймақтардың ерекшелігі болып, жергілікті тұрғындардың қызығушылықтарының, қажеттіліктері мен мәселелерінің бір немесе ұқсас болуы болып табылады.
Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде және соңғы әлемдегі болып жатқан экономикалық қарым-қатынастардың дамуы мен жаһандану кезеңінде аймақтық басқаруда мақсатты саясатты жүргізуі тиіс. Мемлекетішілік еңбек бөлінісі мен аймақтардың экономикалық-әлеуметтік дамуы аталған саясаттың негізі болып табылады.
Аймақтық саясат республикаішілік аймақтардың экономикалық және әлеуметті дамуын қадағалайтын мемлекеттік органдардың мақсаттары мен жоспарларымен, сонымен қатар оларды жүзеге асыру механизмдерімен анықталады. ҚР-ның аймақтарына 14 облыс пен 3 республикалық деңгейдегі қалалар (Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент), олардың ішінде аудандар мен кенттер жатады. Аймақтардың географиялық орналасуы, экономикалық-әлеуметтік дамуы, бейімделген салалалары мен халықтың орналасу тығыздығы, және т. б. көптеген факторлар аймақтық саясатты жүргізуде ескерілуі тиіс.
Мемлекеттің аймақтардың дамуын реттеуі басқарудың екі 1) Аймақтық және 2) Республикалық деңгейінде жүзеге асырылады. Ол бір шетінен республикалық басқару органдары арқылы облыс, қала, аудан, ауылдар мен кенттерді реттеу. Екінші жығынан жергілікті басқару органдары көмегімен аймақтың дамуын реттеу болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында аймақтарды экономикалық және әлеуметтік дамуын реттеу аймақтық басқару органдары мен мемлекеттік басқару арасында жаңа әсер етуші әдістер мен тәсілдерді, формаларды қабылдауды талап етеді. Аймақтық басқару органдары мен мемлекеттік басқару арасындағы функциялық шекараларын нақты белгілеп, екеуінің үйлесімді түрде аймақтың дамуына әсер етуін қамтамасыз ету қажет.
Аймақтық саясатты жүзеге асыру мақсаттары мен тапсырмаларына байланысты, оның мынандай бағыттары бөлініп шығады:
- Аймақтарда ішкі және сыртқы нарықта сұранысқа ие тауарларды өндіру мен көлемін ұлғайту, аймақтардың экспорттық потенциалын арттыру;
- Экономикалық тартымсыз өндірістерді экологиялық реттеу арқылы қысқарту;
- Капиталдың тұрақталуы мен өндіріс саласының жанданып, үлкен кәсіпорындардың пайда болуы мақсатында аймақаралық өндірістік, технологиялық және ұйымдық байланысты арттыру;
- Тауар және қызмет көрсету нарығында ұсынысты ұлғайту, жергілікті халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуі мен жаңа жұмыс орындарының пайда болуы мақсатында кәсіпкерлікті қолдау, әсіресе шағын және орта бизнесті;
- Аймақтардың инвестициялық тартымдылығын арттыру, әсіресе материалдық өндіріске және аймақтың инфрақұрылымын көтеруге бағытталған тікелей шетел инвестициясын тартуға жағдай жасау;
- Аймақтардың қаржы ресурстарын қалыптастыру және оны инвестициялық бағытта қолдану шараларын жүргізу.
Аймақтарды басымдалықтарын анықтау мақсатында ортақ типология қабылданған. Оған сәйкес аймақтар бюджеттік және салықтық саясат бойынша 3 негізгі топқа жіктеледі:
- Бірінші топқа жан басына шаққандағы орташа табыс республика деңгейіндегі орташа жан басына шаққандағы табыстан жоғары аудандар (Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар облыстары мен Алматы қаласы)
- Екінші топқа республикалық жан басына шаққандағы орташа табысқа жақын аймақтар жатады (Атырау, Жезқазған, Солтүстік Қазақстан облыстары)
- Соңғы топқа жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі аймақтар енеді (Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Түркістан облыстары)
Жоғарыда айтып өткен типология бойынша 1 және 2 топтағы аймақтар басымдылыққа ие болып табылады. Бұл аймақтарда ел экономикасының күре тамыры болып табылатын негізгі өндіріс орындары орналасқан. Мемлекет ол аймақтарға ел экономикасын дағдарыстар кезінде алып шығушы және әрі қарай дамуға жол ашатын әлеуеті ретінде қарайды.
Экономикалық-әлеуметтік дамуы төменірек болған 3-ші топ аймақтары әрқашан мемлекет назарында болуы тиіс және олардың 1 немесе 2 топқа өтуіне жағдай жасау, керек кезде мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру негізгі міндет болып табылады.
Аймақішілік басымдалықтарды анықтау үшін мемлекет 4 топқа бөлетін аймақтардың маманданған саласын анықтайтын типологияны қолданады.
Бірінші топ - стратегиялық сипаттағы уникалды табиғи минералдары мен ресурстары бар және ғылыми-техникалық интенсивті дамуға әлеуеті жоғары аймақтар. Олар ел экономикасының тез дамуына әсер ете алады, алайда әлі де экономикалық-әлеуметтік артта қалған ауылдар мен кенттері бар, сонымен қатар күрделі экологиялық мәселері бар аймақтар.
Жоғарыдағы сипатталған аймақтарға төмендегі мәселелерді шешу басымдыққа ие болып табылады:
- Табиғи ресурстарды өндірудің жаңа технологиялары мен оларды қайта өңдеуді комплексті түрде жүзеге асыру. Табиғи ресусртарға бай аймақтарды интенсивті жолмен игеру (көмірсу, хромит, каллий тұзы, алтын, күміс, мыс, қорғасын, мырыш, фосфор, никель, кобальт және т. б. ) ;
- Өндірістік, әлеуметтік және нарықтық инфрақұрылымы жоғары дамыған аймақтарды құру және олардың әлемдік стандарттарға сәйкес болуын, шетелдік және отандық инвесторларға қолайлы инвестициялық климатты қамтамасыз ету(сыртқы халықаралық нарыққа мүмкіндік беретін: қонақжайлар салу, офистерге арналған ғимараттар, халықаралық порттар мен тұрақтар, әуежайлар, байланыс тетіктері, автокөлік пен поезд жолдарыныі торабы) ;
Екінші топқа ғылыми-техникалық әлеуеті зор, ауыр индустрияға негізделген, жоғары технологиялық өндіріс орындарын салуға экономикалық тұрғыдан қауқарлы, негізінен табиғи ресустармен өз-өзін қамтамасыз ете алатын аймақтар кіреді.
Жоғарыда айтылып өткен 2-ші топ аймақтарын экономикалық реформалау кезінде мына басымдылықтарға назар аудару тиіс:
Аймақтың өзінде бар өндірістік әлеуетін технологиялық даму мен экспорттық потенциал ретінде қолдану және осы мақсатқа жетуде шетел инвестициясын тарту:
- Жаңа технологиялардың базасында ғылымды көп қажет ететін тауарлар, машиналар мен құрылғылар өндірісін ұйымдастыру - электроника құралдары, информатизациялау, автомобиль құрастыру, автоматты басқару жүйелері мен құралдарын жасау және т. б.
- Ірі өндіріс орындарын қайта жандандырып, өнімділігін арттыруды қастамасыз ететін жаңа басқару формаларын, әдістерін қолдану. Оны өндіріс орындарын шетелдік және отандық фирмаларға басқаруға беру арқылы жүзеге асыру. рационалды деңгейде аймақтың өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымын қалыптастыру. Аймақтың тұтыну көрсеткішіне сәйкес келетін материалдық база қалыптастыру.
Үшінші топты мемлекеттің ауыл шаруашылығы тауарларының нарығында елеулі рөлге ие аудандар қамтиды. Олардың негізгі экономикалық және әлеуметтік дамуларының негізгі бағыттары:
- Ауыл шауашылығы өнімдерін өндіруге бейімделген эффектиті маманданған өндіріс орындарын құру;
- Ауыл шаруашылығының озық техникалары мен технологияларына лизингтік жүйені енгізу;
- Аймақтардағы агроөнеркәсіп кешендеріндегі диспропорцияны жою;
- Мемлекетте тұрақты түрде сауда кешендерін қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы шикізаттарын өңдейтін кіші кәсіпорындарды ұйымдастыру;
- Тұтыну наоығының тұрақты даму үшін оны әрқашан ұсыныспен қамтамасыз етіп отыратын аймақтың материалды-техникалық базасын, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту. Жұмыспен қамту үдерісі нашар дамыған аймақтарда шағын және орта бизнесті қолдау арқылы, жұмыссыздықпен күресу.
Төртінші топқа депрессиялық аймақтар кіреді. Олар экологиялық мәселелері ушыққан, экстермалды топырақ және климат, экономикалық және әлеуметтік проблемалары бар, экономикалық маневр жасау өте қатты шектелген, рационалды емес шаруашылық жүргізуге мәжбүр аймақтар. Бұндай аймақтарда шаруашылық байланыстар, экономикалық және әлеуметтік құлдырау шарықтау шегіне жеткен. Қалыптасқан проблемадан мемлекеттің көмегінсіз шыға алмайды.
Аталған аймақтарға басым бағыттар болып төмендегілер табылады:
- Экологиялық дағдарыстың тереңдеуін тоқтату;
- Жергілікті жердің ресурстарын, тәжірибесі мен дәстүрін ескере отырып, шаруашылық комплекстерін түбірімен қайта қалау, аймақтағы бар шикізатты өңдейтін өндіріс орындарының алғышарттарын жасау;
- Жергілікті тұрғындардың әл-ауқатының жоғарылауы үшін нақты қадамдар жасау;
- Шет мемлекеттерден техникалық және гумманитарлық көмек сұрау және оны тиімді жүзеге асыру.
Қазір біз аймақтық шаруашылықты қалыптастыруда тығырыққа тіреліп тұрмыз. Ғылым мен практика аймақтарды басқару жүйесінің ең оптималды нұсқасын іздеу кезеңінде тұр. Сонымен қатар мемлекеттік реттеудің аймақтардың экономиалық және әлеуметтік дамуына ең тиімді жолын қарастыруда.
Нарықтық қатынастарға өту кезеңі аймақтар арасындағы экономикалық және әлеуметтік айырмашылықты ұлғайтып жіберді. Оған ең алдымен қалыптасқан шаруашылық байланыстарының үзілуі мен шаруа қожалықтарынң дұрыс бөлінбеуі себеп болды. Мемлекеттік және аймақтық басқару органдары құрылымының сәйкессіздігі мен қара-қайшылықтары жалпы мемлекеттік біріңғай аймақтық саясатты жүргізуге кедергі болып табылады.
Аймақтық басқару органдары көбіне болып жатқан дағдарыстан шығу көздерін іздеген кезде стратегиялық деңгейдегі мәселелердің шешімі көзден таса қалып қоя береді. Ал мемлекеттік деңгейде әрқашан жергілікті аймақтардың ерекшеліктері ескеріле бермейді.
Аймақтық басқару деңгейі нарықтық қатынастарға өту кезеңіне ең дайын болмай шыққан басқару деңгейі болды. Аймақтарды командалық-администрациялық басқару жүйесі кезінде аймақтық экономикалық және әлеуметтік дамуды басқару ұжымдық, республикалық және салалық органдар тарапынан жүргізілді. Алайда аймақтың экономикалық дамуын біріңғай басқарылмады.
Трансформациялық үдерістер мен шаруа қожалықтарын жүргізу ісінде пайда болған жаңа ережелер, аймақтық ерекшеліктерге байланысты нарықтық қатынастарды қалыптастыруда қосымша мәселелер туындады. Бұл өз кезегінде аймақтық дамудың жаңа деңгейіне кешуде нақтыланған аймақтықтық саясатты әзірлеу мен іске асыруды талап етеді. Аталған саясатты жүргізу төмендегі талаптарға сай болуы тиіс:
- Жалпыреспубликалық нарықты Қазақстанның ішкі аймақтарының интерациялық жүйесінің жұмысы ретінде қызмет атқаруын қамтамасыз ету;
- Мемлекеттің макроэкономикалық стратегиялық саясатына сәйкес, елдің маңызды, басымдылыққа ие аймақтарын анықтап, ол жерлердегі өндіріс нысандарын барынша оңтайландыру үдерістерін жүргізу;
- Мемлекетарлық және аймақаралық байланыстарды қалыптастыру кезінде жалпыреспубликалық қызығушылықтардың негізгі басым бағыттарын анықтау;
- Аймақтардағы еңбек бөлінісі мен аймақтың экономиалық кооперацияларын қалыптастыруда территорияның күшті салаларын объективті тұрғыда анықтау, аймақтардың көпқырлы мүмкіндіктерін рационалды түрде қолдану;
- Мемлекеттік маңызды аймақтарда ресурстармен өздерін өздері қамтамасыз етуін және мемлекеттің көмегіне мұқтаж артта қалған немесе қолайсыз аймақтарды қолдауды қамтамасыз ету;
- Артта қалған немесе күйзеліске ұшыраған аймақтарды мемлекеттік әлеуметтік көмек көрсету арқылы, аймақтар арасындағы экономикалық және әлеуметтік алшақтықты азайту. Әр аймақтарды адам өмір сүруі үшін қолайлы жағдай жасау, барлық азаматтарға қай жерде дүниеге келгеніне қарамай дамуғ, жақсы өмірге теңдей мүмкіндікті жасап беру;
- Республикалық деңгейдегі аймақтық проблемаларды мемлекеттің өз жауапкершілігіне алып, шешудің қажеттілігі: Арал теңізінің тартылып, жаңа аралдың пайда болуы, бұрынғы Семей ядролық полигонынында орналасқан немесе жақын жердегі аймақтарды экономикалық және әлеуметтік оңалту, және т. б. ;
- Аймақтардың объективті айырмашылықтарын ескере отырып, нарықтық экономика жағдайында әлеуметтік теңсіздікке жол бермеу үшін, мемлекеттің әсер етуші күштерін жақсарту.
1. 2 АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУ ОРГАНАРЫНЫҢ ЕЛДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫНДАҒЫ РӨЛІ МЕН МАҢЫЗЫ. ЖАЛПЫМЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУМЕН ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ
Мемлекеттік дамуда аймақтық басқару мен оны жүзеге асыратын органдардың рөлінің артуы тек жергілікті ғана емес, әлемдік тенденция болып табылады. Ондай тенденция төмендегі жағдайларға байланысты туындап отыр:
- Әлеуметтік даму мен адами фактордың шешуші мәнге ие болуынан. Яғни адам және адам өмірінің, оның дамуының маңызды орынға шығуы;
- Территориялық ара қатыныстың елеулі түрде дамып келе жатуы;
- Мобильдік еңбек ресурстары санының артуы;
- Аймақтардың инфрақұрылымы мен өндірістік құрылымының күрделене бастауы;
- Территориялық еңбек бөлінісінің тереңдеуі мен оның халықаралық деңгейдегі тенденция ретіндегі аспектіге ие болуы.
Бұл тенденцияның дамуы өз кезегінде мынандай мәселелерді шешуді талап етеді, біріншіден: мемлекеттік және аймақтық басқару функцияларын қайта қарастыру; екіншіден: мемлекеттік территориялық басқару мен жергілікті өзін-өзі басқарудың өзара үйлесімділікте жұмыс жасауын қамтамасыз ету. Бұл Қазақстанға да қатысты. Себебі экономикалық дамыған, әлеуметтік инфрақұрылымы жақсы деңгейдегі аймақтарсыз гүлденген Қазақстан құра алмаймыз.
Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстанның аймақтық саясаты болуы қажет.
Мемлекеттік басқару кезінде бюджеттік мәселелерді қарастыру, мемлекеттің ұдайы өндіріс деңгейіндегі процестерді экономикалық реттеу үдерісінде туындайтын маңызды мәселелердің бірі орталық пен аймақтар арасында экономикалық жауапкершілік билігін бөлу мәселесі болып табылады.
Аймақтардың әлемдік аренада өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап тек әлеуметтік-мәдени мәселелерді шешуде ғана емес, сонымен қатар экономикалық-әлеуметтік проблемаларды шешудегі дербестігі байқалады. Бүгінгі таңда аймақтардың дербестігі тек қана құбылыс емес, сонымен қатар ол елдердің қазіргі экономика сахнасындағы орналасу реттілігін де анықтайды.
Қазіргі таңда ешқандай мемлекет экономикалық саясатты қатаң орталықтандыру жолымен елдің дамуын жүзеге асыра алмайды. Оны біз өткен ғасырдағы жоспарлы экономиканы қолданған елдердің мысалынан біле аламыз.
Өкінішке орай, қатаң түрде қадағаланатын орталықтандыру тәсілі экономикалық реттеудің көптеген әкімшілік-бюрократиялық командалық моделдерінің бірі болып қала беруде.
Аймақтардың заңнамалық және конституциялық тұрғыдан бекітілген экономикалық дербестілігі мен мұндай экономиканың принциптердің болуы жұмысқа қабілетті тігінен атқарушылық биліктің және әлеуметтік-саяси тұрақтылықтың негізі болып табылады.
Аймақтардың экономикалық және әлеуметтік дербестігін неғұрлым ертерек реформаласақ, соғұрлым аймақтардың дамуы тиімді жалғасын таппақ. Анығына келгенде бұл бүгінгі күні реформалардың табысты әрі тиімді жалғасуының басты шарты.
Аймақтардың дербестілігін алғашқы кеңейту кезеңінде, әрине, негізгі назар жергілікті қауымдастықтың көздеген мүдделер болып табылады. Бұл маңызды, өйткені біз экономиканы аймақтандыру барысын қоғамды демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам ретінде қарастыратын боламыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz