Адай уезінің қазақтары
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1 ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ЭТНОГРАФИЯҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
1.1 Әлихан Бөкейханов еңбектеріндегі қазақ этнографиясы ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Мұхамеджан Тынышбаев еңбектеріндегі қазақ шежіресі мен ру таңбалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3 Халел Досмұхамедұлының еңбектеріндегі қазақ этнографиясындағы жұқпалы ауыруларды емдеу тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.4 Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының еңбектеріндегі қазақ тегі
2 ҚАЗАҚ ТАРИХЫНА БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .
2.1 Мектеп бағдарламасында ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысы ХХ ғасырдың басындағы алаш зиялылары еңбектеріндегі қазақ этнографиясы жөніндегі деректерді саралау, оны насихаттау, этнографиялық мәліметтерін кеңінен тарату болып табылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы бүгінгі күнде қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етіп, демократиялық тәуелсіз мемлекет құру жолында. Бұл қазақ халқының тарихын этнографиясын, соның ішінде қазақтың бұрынғы ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлерін, қазақтың арғы тегін анықтайтын шежіресін, халықтардың шыққан тегін зертеу қажет. Осы тұрғыда ел басы Н.Ә. Назарбаев Отаршылдық пен кеңестік деп аталатын кезеңдегі қазақ ұлтының тіршілігіне қатысты мәселелерді түбегейлі қайта танып-түсінуді қажет етеді дейді [1, 158 б.]. Қазақстан ғылымының соңғы кезге дейін аз зерттеліп, кенже қалып келе жатқан салаларының бірі бұл-қазақ этнографиясы саласы. Бұнда қазақ халқының бүкіл салт-дәстүрі, қазақтың шежіресі, халықтардың шығу тегіне, орналасу тарихына, баланың дүниеге келуінен бастап өмірден өткенге дейінгі аралығындағы ырым тиымдар, осы уақытқа шейін аз зерттеліп тек кейінгі 20-30 жылдың көлемінде ғана кеңінен зертеліп, осының арқасында көптеген қазақ елінің құнды ақтаңдақтары ашылуда. Отан тарихының халықтану саласы туған жерімізді бұрыннан мекендеген елдің болашағын анықтау мақсатында, оның тарихи жолын жалпылай және жекелей зерттеу арқасында жан-жақты талдаудан өткізуде бұл дұрыс шешім болып табылады.
XX ғасырдың басындағы қазақ зилыларының еңбектеріндегі қазақ этнографиялық ерекшеліктерін зерттеудің де бүгінгі күнде өте маңызы зор. Өйткені республиканың саяси-экономикалық дамуындағы бұл құндылықтардың маңызы өте зор және келешек ұрпаққа бұл үлкен өнегелі іс болып қалады. Кеңестік дәуірде бұл зиялылардың еңбектерін саралау тұрмақ, олардың атын атауға, яғни сол кездегі және одан кейінгі бір-екі буынға бұларды халық жауы, ұлтшыл деп көрсетті. Осы қаһарман тұлғаларымыздың есімдері мен олардың әрбір жазған еңбектері халқымыздың тарихында ерекше орын алады. Тарихты идеологиялық саясат есебінде пайдаланған Кеңестік заманда тұлғалар тарихы халқымыздың шығу тегі, шежіресі, әдет-ғұрыптары тек таптық көзқарас тұрғысынан ғана зерттелініп, ал жеке қазақ халқы үшін аянбай еңбек еткен арыс азаматтардың тарихтағы орындары төмендетіліп көрсетілді. Мұндай саясат құлдық психологияны тудырды да Кеңес өкіметі құрамындағы халықтардың барлығы ұлттық болмыстарынан жойыла бастаған болатын. ХХ ғасырдың соңында бұрынғы Кеңестік өкімет келмеске кетіп қазақ елі азат жеке ел болып тарих сахынасына шыққан болатын. Қоғам өмірінде саяси-рухани өзгерістер жүзеге асты. Осы тәуелсіздік тарихты зерттеу ісіне де ерекше серпін берді. Өз отанының шынайы тарихын білуге ұмтылған ұлттық сана-сезімнің оянуы қоғамның рухани жаңғыруына негіз болды. Яғни, осындай нәтиженің өзі қазақ этнографиясын зерттеуде үлкен рөл атқарады. Осының нәтижесінде XX ғасырдың басындағы қазақ елінің бетке ұстар алаш зилыларының еңбектеріндегі қазақ этнографиясын ғылыми негізде саралай түсіп, қазіргі жағдайға сай оның орны мен маңызын, келешегі және т.б. күрделі мәселелерді анықтап, ғылыми қортындылар жасауға мүмкіндік береді. Мұның өзі дипломдық жұмыстың ғылыми өзекті әрі практикалық сұранысқа ие мәселеге арналғанын аңғарта түседі.
Жұмыстың деректік негізіне Дипломдық жұмыстың дерек көзіне зерттеу нысанындағы ғұламалардың өздерінің жарыққа шығарған тікелей еңбектері мен зерттеулері, ҚР Орталық Мемлекеттік кітапхана қорының сирек қор бөлімінен алынған (қазақ шежіресіне қатысты материалдар), сонымен қатар естеліктер жинақтары (мысалы, М. Әуезовтың естеліктерінде Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ауыз әдебиет үлгілерін көптеп жинағанын, әсіресе, соның ішінде ақындық тақырыпты көп кездесетіндіктерін айтады. Сонымен қатар Мұхамеджан Тынышбаевтың баласы қазақтың тұғыш кинооператоры Ескендір Тынышбаевтың әкесі туралы көптеген естеліктер келтіреді. Онда оның 1935 жылы жер аудару мерзімі аяқталған кездегі сөзін айтады. Сонда әкем: қазақтың даласын, жусанын сағындым, бір искесем арманым жоқ деген, - дейді [2, 156 б.]. Сондай-ақ зерттеу нысанындағы ғұламалардың сол кездері халық арасынан реоформаторлардан ауызба-ауыз жазып алған деректері, көне көз қариялардың айтқан әңгімелері мен өздері ғылыми ізденістер мен бұған дейінгі жазылған еңбектер мен деректік құжаттарды саралай келіп жазылған еңбектері негіз бола алады. Мәселен, М.Тынышпаевтың қазақтың шығу тегіне байланысты, (қазақ-қырғыз тарихына қосымша, қырғыз-қазақтардың шығу тегі, қазақ хандарының құрылуы, қырғыз халқының генеалогиясы атты еңбектері) шығады. Сонымен қатар Халел Досмұхамедұлының өзі жазған Табиғат тану (1922), Шернияз шешен (1925), Бұхарадағы Көгілташ медресесін салу туралы әпсана (1927), Самарқан қаласындағы Тіллә-қари мен Ширдар медреселерін салғызған Жалаңтөс батыр шежіресі атты еңбектері жарыққа шықты. Ал Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 1907 жылы Қазан қаласындағы Құсайыновтар баспаханасынан Хал-ахуал, Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз, Сарарқаның кімдікі екендігі деп аталатын үш бірдей кітабы шығады [3, 6 б.]. Сонымен қатар Әлихан Бөкейханның Алтыбай болысы Қызылтау болысы, Адай уезінің қазақтары атты мақалалары жарық көреді. Бұл жазылған еңбектер мен деректік материалдар сол кездері өмір сүрген халықтардың шығу тегін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, айналысқан шаруашылығын, сол кезде өмір сүрген адамдардың қалай өмір сүргенін, тұрмыс тіршілігін, географиялық орналасуларын бірден-бір дәлелдеп беруге мүмкіндік бер еді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Осы ХХ ғ. басындағы қазақ зиялыларының Халел Досмұхамедұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Мұхамеджан Тынышбаев пен Әлихан Бөкейхановтың қазақ этнографиясы туралы жазылған еңбектерінің жарияланған және жарияланбағаны бүгінгі күннің басты мәселесі болып табылады. Халел Досмұхамедұлының еңбектеріндегі қазақ батырларының олардың ұлт азаттық қозғалыстарға белсене қатысуы сол қозғалысты ұйымдастырып отырған басшыларына халықты еркіндігі үшін бастап шығуы. Солармен қатар диссертация тақырыбына тікелей және жанама қатысы бар зерттеу еңбектері, статистикалық мағылұматтар естеліктер дерек ретінде қосымша пайдаланылды.
Біз қарастырып отырған тақырып кешенді түрде арнайы зерттелмеген, оның кейбір аспектілері осы зилылардың еңбектерінде біраз көрініс тапқан. Осы тұрғыда, зерттеуіміздің негізгі мәселелерінің бірі - болып қазақ шежірелері, қазақ хандары тұсындағы сол кездегі саяси жағдайға байланысты географиялық жерлердің этнографиялық атаулары. Сонымен қатар қазақтың мал шарушылығы мен егін шаруашылығына байланысты этнографиялық саралаулар және жұқпалы ауырулар мен сондай-ақ жыл мезгілдері болып табылады. Бұл мәселелерге қатысты мәліметтерді кеңестік кезеңде тек осы зиялылардың еңбектерін шығарған қазақ тарихшылары мен әдебиетшілері М.О.Әуезовтың, Ә.Тәжібаевтың, К.С.Дәуітов сынды азаматтардың еңбектерінен қарауға ғана мүмкіндік туды [4, 5 б.]. Ал қазір тәуелсіздігімізді алғасын бұл ұлты үшін аянбай еңбек еткен әмбебап тұлғалардың еңбектерін кеңінен қарастыруға мүмкіндік туындап отыр. Оларда осы қазақ зилыларының өмірбаяны мен атқарған қызыметтері туралы сондай-ақ олардың еңбектерінде көтерілген мәселелер баяндалады. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін бұл зиялылардың еңбектері қайта қаралып парақталып әр жазған еңбектеріне талдау жасалып қазақ халқы үшін толық жинақтармен шыға бастады. Осыған қатысты кешенді зертеулер К.Нұрпейісов, М. Құлкенов, Ғ. Әнес, А. Мектептегі, Т. Замзаевалар бұлар Халел Досмұхамедұлының жазған еңбектерін саралап жеке-жеке бөліп қарастырған. Яғни тілге қатысты мәселелерін, тарихқа қатыстысын, медицинаға қатыстысын. Мұхамеджан Тынышбаев туралы Г.С.Жүгенбаева, Әбділдабек Салықбай, С.Қ.Тулбасиева мен Ө.Озғанбайдың және т.б еңбектерінде кеңінен зерттелген. Соның ішінде Г.С.Жүгенбаеваның Мұхамеджан Тынышбаевтың өмірі мен қызыметі (1879-1938) Мұнда Тынышбаевтың өмірге келген жері, туып өскен ортасы, балалық шағы сонымен қатар ең алғаш білімге яғни гимназияға аяқ басқан кезідері қамтылады. Ал бұны 1900 жылы 21 жасында бітіріп кейін алыстағы Санкт-Петербургтағы Жол қатынасы инженері институтына түсуі сонда жүріп ең алғаш саясатқа араласуы. Осында жүріп ең алғаш өзінің саяси және әр түрлі тақырыптардағы мақалалары түрлі баспасөз беттерінде жариялануы. 1916 жылғы Жетісу жерлеріндегі көтерілістің шығу себебін, онда көтеріліс салдарынан қаншама қазақтың қырылғанын және сол жердегі тұрғындардың Қытай мен басқада шетелдерге ауып көшіп кеткендерін жазады. Ал 1917 жылы құрылған Қоқан автономиясынның басшысы болғанын онда бұл жердегі халықтардың ауыз біршілігінің болмауынан бұл құрылған автономияның тез тарихтан өшуі айтылады. Кейін Тынышбаевтың Орынборда құрылған Алаш Автономиясының мүшесі болғаны жазылады. Осы жерде жүріп алаштың жанашыры болған Қазақ газетіне түрлі тақырыптардағы мақалалары жарық көреді. Бұл автономияда тарқағасын Алаш зиялыларымен бірге ғылым жолына дендеп кіріседі. Бұл жерде Тынышбаев бүкіл қазақ тарихының арғы бергі деректерін Шығыс, батыс саяхатшыларының, парсы деректерінен, сонымен қатар орыс ғалымдарының және бұған дейін жазылған қазақ ғалымдары мен аңыздарды салыстыра отырып қарастырады. Сол жылдары Ташкенттен шыққан қазақ тарихына, қазақ хандарына, ескі қалалардың орындарына, қазақ шежіресіне, үш жүздің құрамына кіретін үлкен-үлкен рулардың таңбаларына және көптеген еңбектерін жариялаған. Қазақ тарихындағы ең үлкен белестерінің бірі ол Түркістан-Сібір темір жолының салынуында бірден бір ұйымдастырушы, әрі бас инженер болған кездері қамтылған. Тынышбаев қазақтың ел басқарған хандарының атқарған қызыметін сол кездері осы хандарға байланысты шыққан географиялық атаулардың шығуында толық келтіреді. Оның одан кейінгі жылдарда жазылған бірақ жарыққа шықпай мұрағат қорларында қалып қойған еңбектерінде саралайды [2, 116-117 б.]. Сонымен қатар Сәуле Тулбасиеваның Мұхамеджан Тынышбаевтың ғылымға келген жолы және шығармашылық мұрасы атты тақырыптағы. (Тарих ғылымдарының кандидатық ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясын) дерек көзі ретінде қарастырдым. Мұнда Тынышбаевтың бүкіл ғылымда атқарған қызметтерін әсіресе моңғол шапқыншылығы кезіндегі Қазақстан, Алтын орда дәуірі кезіндегі қазақ елі және оны басқарған Жошының ұрпақтарын және соның құрамындағы қазақ тайпаларын қарастырдым. Сонымен қатар қазақ хандарына байланысты жазылған шетел ғалымдарының еңбектерін салыстырады, осының ішінде Вельяминов-Зернов пен Левшиннің және Родловтың ғана еңбектері шындыққа сәйкес келеді, ал қалғандары соларды көшірген деп тұжырым жасайды. Сонымен қатар Шоқан Уалихановтың еңбектеріндегі қазақ тарихына байланысты еңбектерді саралайды, соның ішінде қазақ сөзінің ер жүрек, батыр деп айтқанын, сондай-ақ қазақты алаштан яғни ақарыс, жанарыс, бекарыстан таратады [5, 54 б.]. Мұхамеджан Тынышбаевтың бүкіл шежіреге қатысты деректерін зерттеп-зерделеп жүрген Әбділдабек Салықбай түп деректерді қарап онда бүкіл қазақтың үш жүзінің яғни ұлы жүз, орта жүз және кіші жүздің бүкіл руларының қайдан шыққанын олардың қай кезде кімдермен араласқандарына дейін саралап өз ана тілімізге аударған. Онда бүкіл қазақ руларының еш жақтан ауып келмегенін олардың осы жерде бұрыннан автохонды халық екендігіне тағыда нықтай түседі. Онда Тынышбаевтың шежірені жазған кезінде бұған дейінгі еңбектердің барлығын саралап қорытып жазған дейді. Өзіне дейінгі жазылған Мұхамед Хайдар Дулатидың Тарихи-Рашидин, Захираддин Бабырдың Бабырнамасын, Әбілғазы Бахадурдің Түрік Шежіресін, Ұлықбектің Сұлтандар шежіресін, Бейбарыс пен Халдунның Қыпшақ шежіресін сонмен қатар Шәкәрім Құдайбердіұлының Қырғыз, түрік һәм хандар шежіресінің барлығын талдап сараптап жазған деп көрсетеді.
Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхановтың қазақ этнографиясы туралы жазған еңбектерін біз тікелей түп нұсқалардан аудардық. Онда Бөкейхановтың Щербина экспедициясы кезінде Алтыбай болысы Қызылтау болысы, Адай уезінің қазақтары жерлерін осы экспедиция кезінде аралағынын өзі қағаз бетіне түсіріп кейін мақала қылып шығарады. Бұнда жеке-жеке тоқталып әр бір болыстықтың қалай өмір сүретінін олардың басты айналысатын шаруашылығын, яғни, мал шаруашылығы, оның жайылымдық түрлерін көрсеткен. Оларды қырқу уақытын, көктемде еркегі мен ұрғашысын шағылыстыру, яғни, күйекке қойу. Жылқы малдарын қалай бағатыннын олардың қымызын сауудың ерекшеліктерін, сиырдың сүттілігін, осы малдан алынатын жүннің түрлерін, ет пен майдан жасалатын бірнеше ас тағам түрлері. Сонымен қатар жайылымдық жерлерді бөлу, осы мал жайылатын жерлерден шыңырау құдықтарды қазу, және қазылу технологиясы. Сонымен қатар егін шаруашылығына да қытысты көптеп топталып өтеді. Онда бидайдан сабанды бөлу түрі, сонымен қатар шеберлер етікші және тас қалаушылар түрлері. Бұл тас қалаушылар көбіне жазда жайлауға көшпей қыстауларға кірпіш құйып сол бұзылған, құлаған жерлерін жөндейді [6, 74-76 б.]. Мәшһүр Жүсіп Көпеев еңбектерін зерттеу нәтижесінде 1990-1992 жылдары екі томдығы шығармалар жинағы шығады. Онда ауыз әдебиет үлгілері, ақындар айтысы, жер-су аттарына байланысты, қазақтың шығу тарихына, қазақтың жүздеріне және жүзге кірмейтін рулардың шежіресі қарастырылады. 1994 жылы С.Н.Сүтжанов Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің әдеби мұрасы атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды [4, 7 б.]. Бұнда ол Көпеевтің ауыз әдебиеті, айтыстарды, өлең жырларын талдап қарастырады. 2000 жылы Е.Қ. Жүсіпов Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы және оның жазбаларындағы тарихи тұлғалар атты кандидаттық диссертациясында ел билеген би шешендердің тұлғалық қасиеттерін сонымен қатар қазақ ханы Абылайдың үлкен тұлғалық қасиеттері мен батырлығын, шешендігіне тоқталып өтеді. Одан кейін жоңғар шапқыншылығы мен ұлт-азаттық кезіндегі қазақтың нағыз батырларының тұлғалық қасиеттерін суреттейді [7, 21 б.]. Халел Досмұхамедұлы туралы С.А.Ахметов Х.Досмұхамедұлының өмірі мен қоғамдық - саяси және ағартушылық қызметі (1883-1939ж.ж.) атты диссертациялық жұмыс жазып, онда Досмұхамедұлының бүкіл балалық шақтан бастап тұлға болып қалыптасқанға дейінгі кезеңдерін және одан кейінгі қоғамдық жұмыстардағы кезеңдерін, ғылым жолында жүрген уақытын нақты деректермен қадағаласа, ұсталып Воронежге айдалғанын барлығын рет-ретімен саралап қадағалап жазып шыққан. Бұнда әсіресе Досмұхамедұлының ел ішіне жайылған оба ауыруына қарсы барынша қатты күрескенін, сол кезде өзінің әскери жұмысынан өз еркімен бас тартып қазақ халқының басына түскен ауыртпашылықты шешуге тырысқан.
Алаш қозғалысының көрнекті өкілі болғанын, алаштың батыс бөлімінің басшыларының бірі болғанын көрсетеді. Онда ол жерде қазаққа байланысты көп еңбек еткенін айтады. Кейін саяси қуғын-сүргін құрбаны болғанын толықтай талдап жазады.
Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері XX ғасырдың басындағы қазақ зилыларының жазған еңбектерін олардың бағыттары мен үрдістерін және нәтижелерін жан-жақты талдап, арнайы зерттеу, олардың жалпы заңдылықтары мен өзіндік ерекшеліктерін анықтаудан туындайды. XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының Ә.Бөкейхан, М.Тынышбаев, Х.Досмұхамедов, М. Ж.Көпеевтердің еңбектеріндегі қазақ этнографиялық ерекшеліктерін жалпы заңдылыққа сай ұқсастықтарын талдау осы дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады. Осы мақсатқа сай төмендегідей нақтылы міндеттерді орындау көзделеді:
- Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхановтың Щербина экспедициясы Алтыбай болысы, Қызылтау болысы, Адай уезінің қазақтары атты мақалалары жарық көреді. Осы мақалаларды талдау;
- Мұхамеджан Тынышбаевтың еңбектеріндегі қазақ шежіресі, яғни ұлы жүз, орта жүз бен кіші жүздің руларының шежірелері мен ру таңбалары. Сондай-ақ қазақ хандығы тұсындағы этнографиялық атауларды келтіру;
- Досмұхамедұлы Халелдің қазақ халқының арасында кездесетін жұқпалы ауырулар жайында жазған еңбектерін талдау;
- Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығын сондай ақ қазақ халқының салт дәстүрлеріне шежіресіне арнап жазған еңбектерін талдап сипаттамаларын беру. Бұл жазылған еңбектер мен деректік материалдар сол кездері өмір сүрген халықтардың шығу тегін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, айналысқан шаруашылығын, сол кезде өмір сүрген адамдардың қалай өмір сүргенін, тұрмыс тіршілігін, географиялық орналасуларын бірден-бір дәлелдеп беруге мүмкіндік бер еді. Және шығармашылық мұрасы қарастырылды. Сондай-ақ еңбектеріндегі қазақ этнографиясын саралап онда қазақтың мал шаруашылығы мен егін шаруашылығына байланысты еңбектері талданды.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. Дипломдық жұмыстың хронологиялық шеңберіне ХХ ғасырдың басындағы алаш зиялыларының жазған қазақ этнографиясы туралы еңбектері қамтылды. Бұл жағдай осы зиялылардың еңбектерін бөліп жеке-жеке қарауға байланысты болды. Бұл қазақ зиялыларының көбісі сол кездегі патшалық Ресейде білім алып, олардың саяси-рухани көзқарастарының қалыптасып, ел ішіндегі оқиғаларға белсене қатысып, кейін қоғамдық-саяси қызметке араласа жүріп үлкен әбебаптық танытып қазақ тарихы мен этнографиясы үшін үлкен еңбектер жазып қалдырды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Жазылған дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы алаш қайраткерлерінің еңбектеріндегі қазақ этнографиясы жөнінде жазылған еңбектерін талдау. Зерттеу жұмысында Ә.Бөкейхан, М.Тынышбаев, Х.Досмұхамедов, М.Ж.Көпеевтердің 1917-1920 жылдар аралығындағы біртұтас алаш қозғалысындағы еңбектері қарастырылды. Сонымен қатар XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының этнографиялық және тарихи этнографиялық тұрғыдан кешенді талдауға алынбағанынан туындайды:
- дипломдық жұмыс алаш қайраткері Әлихан Бөкейхановтың еңбектеріндегі қазақ этнографиясын саралап онда қазақтың мал шаруашылығы мен егін шаруашылығына байланысты еңбектері;
- Мұхамеджан Тынышбаевтың еңбектеріндегі қазақ шежіресі, яғни ұлы жүз, орта жүз бен кіші жүздің руларының шежірелері мен ру таңбалары. Сондай-ақ қазақ хандығы тұсындағы географиялық жерлердің этнографиялық атауларын ;
- Халел Досмұхамедұлының шығармашылығы, яғни ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының арасында жиі кездесетін жұқпалы ауырулар, оларды емдеп жазу жайында. Ал сол уақыттағы қазақтардың арасында дүмше молдалықпен жиі айналысатын адамдардың қателіктерін ашына айтуы және де халықтың әліде болса соларға сенентіндерін көрсетеді.
- қазақ шежіресішісі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының қазақ халқының әдет-ғұрып салт-дәстүрлеріне, жыл санауларына байланысты шежіресіне және қазақ жүздерінің құрамына кірмейтін рулардың шежіресіне арнап жазған еңбектері талданды.
Зерттеу пәні ретінде XX ғасырдың басындағы қазақ зилыларының еңбектеріндегі этнографиялық деректер алынып отыр.
Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қортынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

1.1 Әлихан Бөкейханов еңбектеріндегі қазақ этнографиясы
Алтыбай болысы
Қазақтың маңдайына біткен алаш қайраткері Әлихан Бөкейхановтың еңбектеріндегі қазақ этнографиясы. Осы этнографиялық деректерді Әлихан Бөкейханов 1896-1903 жж. Щербина экспедициясы кезінде жазған болатын. Бұл экспедиция негізінен дала өлкесін зерттеу үшін арнайы құрылған болатын. Енді осы экспедиция кезінде жазылған деректерге тоқталсақ.
Дала өңірінің кейбір құдық сулары тұзды келеді. Бірақ халық көшіп қонғанда суға байланысты емес, малдың жем шөбінің молдығына, шұрайлылығына және оттылығына қарап көшіп қонып отырған болатын. Яғни жазды күндері әр ауыл өзіне арнап құдық қазады. Құдықтың тереңдігі шамамен, үш төрт аршын. Бұрындары жайылмаға, жайлауға, ақкөлге көшсе, бұл күндері тек байлар ғана Қара сораға дейін ғана көшеді. Ал ары қарай қазақ халқын орыстар жібермейді. Ал кейде кедей қарашалар бір жазда екі үш мәрте көшеді [ 8, 481 б.]. Қырғыздардың пікірінше бұрынырақта қыс өте қысқа болған. Бар жоғы үш төрт айға ғана созылған. Көктеуге тек Ертістегі мұздар ерігенде яғни наурыз айынының алғашқы күндерінде шығып отырған. Бұл уақытта Ертіс өзені өз арнасынан өте жиі тасып отыратын болған. Яғни сол тасқыннан әр жерде көлшіктер пайда болатын. Көшу уақытын Ертіске қарап анықтайды. Мұз бетінен қар кеткенде өте қауіпті өткел жасап өтетін болған. Бұл шамамен мұз ерігенше яғни оныншы сәуірге дейін созылады. Ал Ертістің екі жағасының арасындағылар наурыз айының басында ақ, жайлауға шығып кетеді. Ерте көктеуге шыққандар Белдеу үйде болады. Белдеу үй деген кәдімгі үй, жарты жолда яғни межелі жерге жеткенге дейін тігіліп отырады. Белдеу үйді әрбір шаруа пайдаланады. Тек өте кедейлерде ғана болмауы мүмкін. Көктеу кезінде біраз ауыртпалықтар болады. Көшпелілер ерте көктемнің біразге жуығын сол үйлерде өткізеді. Көшу уақыты әркімге әрқалай, байлар ерте, кедейлер кейіндеу көшеді. Кедейлер байларға жалданып көшеді. Сол үшін ақысын да алады. Ал көктеуге көшерде қыстауға бір адамды қарауылға тастап кетеді. Күзде келгенде әрқайсысы екі немесе үш сиыр және заттай нәрселер береді [9, 133-138 б.].
Қысқта мал ұстау. Қазақ халқы ертеден мал ұстап мал мен күн көргендіктен, қысы жазы далада немесе үйде мал ұстаған. Әрбір түлік түріне жеке қора салады. Жем шөптерін де әр қайсысына лайықтап жететіндей етіп жинайды. Жылқы малы мен қойды тебіндеп жаяды. Семіз жақсы тоқтылар үлкен ту қойлармен тұра береді. Егер арықтай бастаса жеке ұстайды. Жем шөптерді ашық қораларда береді. Ал түнде аязда, күн суытқанда бітеу, жабық қораға қамайды. Қыстың күні күн қысқа уақыттарда, күн қызарып шыққаннан малды өріске шығарып, тоғыз сағаттай жайып келеді. Егер күн суық болса, сәл кештеу яғни күннің көзі жылығанда ғана малды жайылымға шығарады. Негізі малға шөпті күніне бір немесе екі рет қана шашады ал кейде боранды күндері ғана көбірек шашады, егер малдар тез жеп қойса үшінші рет тағы да қайта шөп тастайды. Шөп көп тасталып қойса, аяғымен таптап тасатуы мүмкін. Жем шөп аз болғанда, үйіп немесе бұрышқа жинап береді. Шөптен қалған қалдықты кешке бірақ жинайды. Осы малдардың арасында тоқтылар буаз болса, күні түні жеке ұстайды. Шөпті екі үш рет аздап береді, сонда жақсы желінеді. Күніне бір рет суға айдайды. Әдетте малды суға екінші рет шөп шашқан соң жібереді. Суғарылып келген малға тағы да аздап шөп шашып, содан соң ғана бітеу жабық қораға қамайды. Тұзды үлкен-үлкен етіп ашық қораға үйіп қояды. Елу жүз қойға үш төрт пұт тұз кетеді. Көктем шыға малды көктеуге айдайды. Жылы күндері далада малды түн жарымға дейін ұстайды, бұл малдың көбірек жерден нәр алуына септігін тигізеді [10, 245-254 б.]. Ал ірі қараларды және торпақ, бұзауларды жабық немесе ашық қорада ұстап шөп береді. Көктемде бұзауларға шөпті аздан яғни күніне екі үш рет береді. Сиырларға қоймен бірдей шөп береді. Бірақ бірінші сиырға, екінші қойға салады, өйткені ұсақ мал шөпті аяғымен таптап былғайды деп. Басқа малдар ашық қорада тұрғанда жас бұзаулар мен құлындарды шөпке қоя береді. Қыстың суық күндері малға шөпті бітеу қорада береді. Жылқыларға шөпті күніне үш төрт рет ал түнде күндізгіден де көбірек береді. Малға жем шөп бергенде, бірінші жылқыға, келесі сиырға үшінші қойға, ең соңынан түйеге береді. Түйеге шөпті жерге шашпайды, керісінше қабырғаға жанастырып, үйіп іліп қояды. Түйе көбіне шөпті жерден алып жемейді, өйткені ол түйеге ыңғайсыз болады. Шөпті түйегe күніне төрт рет аздап-аздап береді. Ерекшелігі түйе малы шөпті жылқыға қарағанда, бір бумаға (құшаққа) аз жейді.
Қыстан шыққанқан саулық қойлар наурыз айының екінші жартысынан бастап, ай соңына дейін туа бастайды. Кедейлердікі ерте, ал байлардікі кеш туады. Кедейлер жас төлдерді күзге жақын анасынан айырып, бөлек жаяды сондықтан ерте туады. Жылқының биелері де наурыз, сәуір, май және бірінші тума жас биелер маусым айларында құлындайды. Алғашқы бие сауым май айының бірі мен жиырмасы аралығы. Биені өте тез әрі қысқа уақытта сауып отырады негізі арасы екі сағат болады. Кейде тіпті соңғы биені сауып болған соң қайтадан бірінші биені саууға кіріседі. Бие күніне алты сауымға түседі. Қымызды қараша айында піседі [8, 89-90 б.].
Жүн қырқу. Жүн бұл малдың үстін, терісін жауып тұрады. Сулық қой көктемде екі келіге дейін жүн берсе, еркек қой бір және екі келі жүн береді. Қозылар екіден бір келі қана жүн бере алады. Жақсы, толық жабаға жүнді семіз саулық қойдан алуға болады. Сонымен қатар еркек қой (қошқар), ту қой, бойдақ қой жабағыны аздап жарым жартылай ғана береді. Базарда саулық қойдың жабағысы (жүні) бағалы саналады.
Жүннің және қылдың алынуы.
Түбіт жүн - төрттен бір.
Арқа жүні - бір.
Құнандікі - бестен бір.
Дөнежін байталдікі - төрттен бір.
Қылдан әдетте көбіне арқан еседі.
Күзгі қырқын немесе күзеу. Күзгі қырқандағы жүннің көп немесе аздығы малдың тұқымына байланысты болады. Мәселен жүз жиырма қойдан алты пұт (96 келі) жүн алынады. Бір қойдан шамамен екі фунт (1 келі ) жүн алынады. Елу шақты үлкен қойдан он аршын киіз шығады. [11, 136-142 б.].
Түйені күзде қырқады. Бір түйеден он бес немесе одан да көп фунт жүн алынуы мүмкін. Алынған жүннен күпі, шекпен немесе алаша тоқуға болады.
Еттің алынуы. Ет. Майы.
Үлкен қойдан. 4, 1 12, 15 ф.
Тоқтыдан. 30 ф. 6, 9 ф.
Жақсы семіз жылқыдан. 12 ф.
Орташа қойдан. 8 п.
Арық малдан. 6 п.
Құнан өгізден. 6 п. 8, 10 ф.
Сиыр майы. Он сиырдан үш пұт алуға болады. Ал Тілмаш Василев жатақтар жеті сиырдан бес пұт май алғанын мысалға келтіреді.
Терісі. Малдың терісі бұл негізінен ең үлкен бағалы зат болып табылады. Үлкен малдың терісі 60-70 копейка (ХІХ ғ. ақша бірлігі ) Орташа малдың терісі 40-50 копейка. Майда малдың терісі 35 копейка. Ту сиыр мен дөнен өгіздің терісі бес рубль (ақша бірлігі). Үлкен сиыр бұқасыныкі алты рубль. Құнан өгіздің терісі үш рубль. Тайыншанікі бес рубль, қырық копейка. Ту биенің терісі екі рубль елу копейка. Тай мен құнанның терісі үш рубльге дейін барады. Жабағының терісі алпыс жетпіс копоейка. Жабағы жүні бір жарым рубльден екі рубльге дейін барса, түйенің жүні төрт жарым, бес рубльге дейін барады.
Енді халық арасындағы жер иесінің бірі сарт (өзбек) Наурумов күнделікті өз жұмысын былай атқарады. Шөпті Алтыбай болысынан шабады, ал Ертіс пен Маралдының маңынан жылқыға қажетті шөпті таңдап жүріп орады. Сонымен қатар егін егуді де таңдап істейді. Атыздың жалпақтығы үш төрт аршын, тереңдігі екі қарыс. Бір күнде бір десятина (жер өлшемі) жерді жыртуға болады. Жұмысты үш соқамен, он алты он жеті тісімен жүргізеді. Шөп шапқанда да ерекшеліктері бар. Алдыңғы түйеде екі адам отырады. Бір жұмысшы атпен түйенің қасында жүріп отырса, келесі бір жұмысшы түйенің жолын дұрыстап отырады. Орылған жерді екі ре жүріп өтеді. Орылған жерде төрт жұмысшы, екі ат айдаушы (қырғыз), Барлығы егінге он екі адам шығады. Жұмыс уақыты алтыдан он екіге дейін немесе екіден сегізге дейін жалпы он екі сағатқа созылады. Бір десятинаға кететін шығын шамамен, үш рубль, бес пұт шабындыққа алпыс копейка, барлығы он рубль шығын шығады. Шөп шабушы жиырмасыншы сәуірден май айының соңына дейін отыз рубль еңбек ақысын алады. Бір жұмысшы бір десятинаға елу копейкадан отыз күнге жалданады. Атты айдаушы айына бес рубль ғана алады. Шаруалар жұмыс барысында етпен қамтамасыз етіледі. Күніне үш рет бауырсақпен шай, бидай көже ( бидайды келіге түйіп екі үш сағат қайнатып, сүтпен араластырып тағы да қайнатады, сонымен қатар тары көже де жасайды) ішеді.
Шөп шабу бастапқыда бір десятинаға төрт рубльден басталып келе келе бес алты рубль, соңына таман сегіз рубльге дейін бағасы көтеріле береді.
Сабаннан бидайды ажырату. Егістік даласында бидайды жылына бір немесе екі рет орады, бұны көктемдік немесе күздік деп атайды, осыны жинап болғасын. Пішеннді жинап үстіне су құяды. Содан кейін үстінен отыз шақты атты жүргізеді. Отыз атты екі қатар мен он бес аттан бөліп ораналастырылады. Ортасында ат айдаушы аттарды бақылап жүрістерін туралап отырады. Үйілген пішеннің көлемі бірте-бірте қысқарып ортаға қарай жинала береді. Бір күнде отыз ат, бес жүз пұт пішен дайындайды. Келесі күні таза бидайды қаптап, жаңбыр тимес үшін үстін жауып тастайды. Қыста бидайды ағаш ақмбада сақтайды. Тоқсаныншы жылдары Малдыда жүз тоқсан мың пұт пішен шабылған, Орта егін алқаптары алпыс жетпіс пұт береді [10, 71-76 б.].
Алтыбай болысындағы шөл құдықта сексен алтыншы жылы жақсы пішен орылса, ал келесі сексен сегізінші жылы бұл жерге мысық құйрық пен қаңбақ шығып кетті. Осы жерде Жұмыс істеп отыз бес десятина пішен орып алғандар да болды. Ең жақсы десятинадан қырық пұт, қалғандарынан жиырма, жиырма бес, отыз пұт тіпті онбес пұтқа дейін өнім алды. 1889 жылы жиырма десятина пішен орылды. Яғни бір десятинаға жиырма он бес қырық пұт пішен орылды. Тоқсаныншы жылдары қырық десятинадан жиырма пұт пішен алынды. Тоқсан үшінші жылы сонымен қатар тас қораның қасына жарты десятинаға қарбыз егілді. Аз ғана жерге пісте егілді. Қарбызды ертерек, шамамен жиырмасыншы сәуірде егеді. Қарбыздар маусым аяғында яғни тоқсан күнде піседі. Алтыбай болысынна көпшіліктің атынан екі ат пен отыз рубль бөлінеді. Бұл басшының қажеттіліне жұмсалады. Үлкен басшылар өздерінің жеке көлігін жалдайды. Саудагерлер мен алып сатарлар қарызды келісіммен береді. Егер кедейлер бір бұзау қарызға алса, келесі жылы тайынша етіп қайтарады. Кедейлер байлардан әртүрлі мал алады, шаруа жылқы, мүйізді ірі қаралар, ұсақ мал қой алады. Қарызын бөліп төлейді немес еңбекпен өтейді. Қағаз жүзіндегі куәлік үлкен ақсақалдардың қатысумен жазылады [10, 133-140 б.].
Сонымен қатар халық жақсы қыстаулар салыуда. Бұрындары базар жәрмеңкелердің алыстығынан кйімдерді терілердіен тігетін. Қазір барлық киімдер жаңа және сатып алынған, яғни бұлардың барлығы айырбас сауда арқылы алынған. Ілгеріде қырғыздардың (қазақтардың) тағамы қымыздан, қатықтан, айраннан, құрттан, ірімшіктен, май мен еттен тұрса, қазір уақыттарда, шай, көже және нанды да асқа пайдаланып жүр. Нанды бірінші рет алпысыншы жылдары сатып ала бастады. Алғаш Павлодар, Барнауыл өлкесінен қырық елу копейка. Яғни бір пұтқа бағаланып келді. Салыстырмалы түрде қарағанда бұрынғы тіршілік нашар, ал қазіргі тіршілік бұрынғыдан жақсы деген пікірге келуге болады дейді.
Қызылтау болысы
Құлболдының ұлы Құлұйық (Сүйіндіктің балаларының бірі) Сырдария өлкесінде дүниеге келіп сонда дүниеден өткен. Балалары Қызылтау тауларын жайлаған. Телімбеттің қабірі екі таудың арасында ауылдан оңтүстікке қарай, Ащы маятас жотасында. Сексеннің қабірі ауыл мен дулат асуының арасында. Құлұйық пен Айдаболдың ағайын туыстарының мүрделерін Көкшетау уезінен, Торайғыр көліне жақын жерден де кездестіруге болады. Бұл өзен өзеннің атауын ел ішінде танымал би, Көкшетау өлкесін жайлаған Торайғырдың құрметіне солай аталған. Ескі заманда тұрғындар қайтыс болған өз туыстарын бір қабірге жерлеген, мұны - Көпмола деп атаған. Үйтастан шығысқа қарай Қарасу өзенінің жағасында Көпмола бар, онда Наурыз бен оның балалары жерленген. Әдетте жерлеу орнын суға жақын етіп дайындайды, себебі адамды қабірге қойғанда кірпіш қажет болуы мүмкін [10, 131 б.].
Енді аздап халық арасындағы орналасуларға байланысты. Құлұйық Қызылтау тауын жайлаған, бұрын мұнда уақ, керей, қарауыл рулары тұрған. Қызылтау тауына Құлұйықтың немерелері келіп әрқалай орналасады. Бірі тауға, бірі далалы жерге, бұлай орналасуының себебі қыстаулық жердің ыңғайлылығына байланысты еді. Бүгінде неге әр жерге орналасқан деген сұраққа осы жоғарыдағы аталғандар жауап бере алады. Құлұйықтың әрбір туысы (бес баласынан Телембет, Наурыз, Ақыл, Сексен және Данияр) жерді бір аймақтан алған. Жекелеп орналаспаған. Әрбір туысының өздерінің ұрпақтары да жоғарыдағыдай топтасып бір жерге орналасқан. Мысалы, Наурыздан Чобалай, Чабай, Ақой. Сонымен қатар Қызылтау болысында Қақсал тұқымдары да тұрады. Бұлар Құлұйықтың алыс туыстары болып келеді. Яғни арғы бабалары Мейрамнан қосылады. Қақсал тұқымдары Атбасар мен Ақмола уездерніде тұрады. Ал Қақсал тұқымдары Қызылтау болыстығына Құлұйықтармен бір мезгілде келген, бірақ ұзақ тұрақтамай, аздаған ағайындары осында қалды да, қалғандары Ақмола мен Атбасар уездеріне кетткен болатын.
Ертеректе қырғыздар (қазақтар) өзге туысқандарының жеріне көшіп қонатын. Бірлі жарым шаруалар қысқа дейін отырып, әбден малдың жем шөбі таусылғанда барып, Құлұйықтың туыстарына қарай кететін. Құлұйықтың туыстарының арасында Қарамола болысының қырғыздары (қазақтары) да тұрады. Ал Сексен Байбура туыстары, мұның жеті баласы бар, Екіншісінің ұрпақтары әкесінің жерінде тұрады. Үшіншісінікі қыстауда, бесіншісінікі көшіп қонып жүр себебі оның малдары да көп яғни бір жерге тұрақтай алмайтын болған [10, 132 б.].
Қой бұлақ бұрнынырақта орнатылған. Ол кезде қырғыздар (қазақтар) әлі қысты күні киіз үйде тұратын. Қой бұлақ өте қатты қадағаланды. Әрбір қыстау өз малдарына тек өз жерінен шөп шапты. Егер де өзгенің жерін рұқсатсыз пайдаланатын болса, мұндай түйінді мәселені үлкен ақсақалдардың билердің шешімдерімен қаралатын болды. Егер тәртіп сақталмаса жайылымдық жерлер талан таражға түсіп, дәстүрлі шаруашылық жүйесін бұзар еді. Жаңа қосылған малдарды қыстауға санына қарай бөледі. Ақсақалдар дәстүрді бұзбауға, жерді сол баяғы күйінде пайдалануға тырысады. Одан кейін барып көшіп қону шекарасын анықтайды. Егерде келісе алмаса, соңғы сөзді өздерніне береді, кейде, кедейлердің жерлерін тартып алып немесе уақытша жалға алып кейін бермей қойуы да мүмкін.
Ақой ұрпақтары арасында қой бөлік өте нашар сақталған. Үнемі талас тартыс, ұрыс керіс болады. Қыстаулардың шекарасын бұрын ертеректе бөлгендіктен, кейде шатасып та қалуы мүмкін. Кейде кедейлердің жерінің жартысын алып, сол жаңа жерге жаңа қыстау да салынады. Ал кейде сатып алушы бұрынғы егесімен жайылымды тең бөлісіп алып, малды бөліп жаяды. Соңғы уақыттарда осы жерлерде мынадай жел сөздер шығып жүр, жерді мәңгілікке беруге болмайды, тек алпыс жетпіс жылға беру керек деп. Мұның өзі де аз уақыт емес, осылай бере тұра, жерді жалға беруші сол жерінің, өзіне қайтып келмейтінін білетін болар. Наурыздың төрт ұрпағы Ақой, Чобалай, Чобай және Бейбіт барлығы да ортақ кузеуге мал жаяды. Ол күзеу Атағазы болысында орналасқан. Арнайы шекарасы бар. Әрбір ауылда жеке құдықтары бар. Бірқұдық екіншісінен бес алты верст жерде орналасқан. Құдық айналасында арнайы шекара жоқ, сондада малды әр құдыққа суғарады. Әрбір шауаға бір күзеу ортақ болып келеді, кейде бірнеше ауылдарда жеке құдықтары болады. Ал сырттан келетін бөтендерді ерекше қадағалап бақылау мен кіргізеді. Басқа жылдары Қызылтау болысы жекеленген күзеулер пайдаланбайды. Осы төрт атаның бабалары жеке күзеуді пайдаланып, өздері құдық қазған. Бұл атаның жеке құдықтары бар. Егер құдық суы мол болса онда басқа ауылдар да орналалсуы мүмкін. Себебі Құдық суы мол болса қасынан бір жайылымды бос, таза күйінде ұстайды. Күзеулері жоқ ауылдар сол отырған жерінде қалуға мәжбүр болады. Ал күзеуі барлар, қыркүйектің біріне дейін ақ күзеуге шығып кетеді. Ортақ күзеуде төрт атаның екі қыстауы бар. Олар Торсықпа мен Еспе түзе. Әлі шекаралары белгіленбеген, бірақ алдағы уақыттарда шекара анықталуы толық анықталады [12, 126 б.].
Ал қыстың күні кей қыстауларда құдық болмайды, бірақ бұл өте сирек кездеседі. Суды көршілес туыстардың, ауылдардың құдықтарынан пайдаланады. Яғни тек қар ерігенше ғана. Егер әкесі тірі кезінде балаларына үлес берген болса, өзінің қыстауы тек өзімен бірге отырған баласына ғана тиеді. Мейлі ол үлкені, ортанышысы, кішісі болсын. Айырмасы болмайды. Ал егерде үлес бөлінбеген болса, онда әке өлген соң, қара шаңырақ кіші немесе үлкен баласына тиеді. Егер ауылда жайылым тарылса, өзге балалар жаңа жайылым іздеп, уақытша өз туыстарының жерлерін жайлай тұрады. Байлар кедейлердің қыстауларын сатып алып отырады немесе ауыстыратын кездері де болады. Уақыт өте келе жерлері жоқ шаруалардың қатары көбейіп, олар, Уездік басқармаға шағым айтады.
Әртүрлі рулардың араласулары жерсіздердің арқыснда жүзеге асады. Олар бай қырғыздарың (қазақтың) жерін жалға алады және тек өз ағайындарының жерін ғана жалғағана алуға тырысады. Жердің бағасы соңғы уақытта біршама қымбаттады. Ауданы үш бес кв версть болатын қыстау бағасы жиырма бес, жүз қойға бағаланады. Жүз қойды ұзақ уақыт жалға алған кезінде төлейді. Ал елу немесе жиырма бес қойды қысқа уақытқа жалға алғанда төлейтін болған. Жердің қожасы болып жалға алушы есптеледі. Жалға алу кезінде екеуі де жердің қожасы болып есептелсе, жалға беруші кеткен соң, тек жалға алған ғана жердің иесіне айналады. Ұзақ уақыт жалға алу кезінде қыстау салуға рұхсат береді. Кейде жалға беруші мүлдем басқа жаққа кетеді, ал жалға беруші қыстау салуға рұқсат береді. Жалғаға барлық мал түрлері жарай береді. (еркек қой, бұзаулы сиыр т.б.) Жалға беру кезінде бұрынғы егелерінің жалға төлеміне қатысуға құқы жоқ [12, 53-67 б.].
Жалға беру кезінде екі жақтың талаптары көзделген, қағаз жүзіндегі келісімшарттар болады. Оны түзуге ауыл ақсақалдары немесе ауыл биі қатысады. Ал кей кездерде келісімшарттың да бұзылатын кездері кездеседі. Ондай кезде куәлердің көмегімен мәселе шешіледі. Бұл халықтарда да басқаларда өте жиі кездесетін жер дауы бұл:
1) Жерсіз өзін бұрынғы өз қыстауына қайта қабылдауын талап етеді.
2) Қыстаулардың шекарасына байланысты болады. Егер жердің яғни қыстаудың шекарасы нақты белгіленбеген, күдікті болса онда басқаның жерін басып қалу әрекеттері де кездеседі.
Даудың біріншісін қырғыздардың (қазақтардың) силы, атақты адамдары шешеді, ал би бұл жерде мәселенің түйінін шешуге қатыспайды. Егер де бөлініп шыққан ешқандай енші мал алмаған болса, ол қыстауға келіп қосылады. Ал егер еншісін алып қойған болса, қабылдамайды. Қыстауды тастап кету әдетте тек қана бай, ауқатты адамдарда ғана кездескен. Ал кедейлер, шаруалар уақытша жұмысқа жалданып кеткенде ғана тастап кетуге мәжбүр болған. Әдетте еншісін алған мәңгілікке кететді, ал еншісін алмаған қайтып келуіне болады [6, 146 б.].
Қарашы. Кедей қырғыздар (қазақтар). Байлардың маңында тұрады, көбіне сол байлардың туыстары, кейде арасында ғана басқа рулардан келгендер кезедеседі көбіне өз руларының адамдары орналасқан. Кейбір сырттан келген кірмелер саны көбейіп, бір қауым ел болғанымен, бәрібір кірме болып саналады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz