Қашаған кен орны тарихы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
КІРІСПЕ: [Введите подзаголовок документа]
КІРІСПЕ:
КІРІСПЕ: [Введите аннотацию документа. Аннотация обычно представляет собой краткий обзор содержимого документа. Введите аннотацию документа. Аннотация обычно представляет собой краткий обзор содержимого документа. ]
КІРІСПЕ:
КІРІСПЕ: Салтанат
КІРІСПЕ: [Выберите дату]
КІРІСПЕ:

ЖОСПАР:

  1. Кіріспе
  2. Қашаған кен орны тарихы
  3. Геолого технологиялық бөлім
  4. Экономикалық бөлім
  5. Қашаған кен орнындағы қауіпті және зиянды факторлар
  6. Қоршаған ортаны қорғау
  7. Қорытынды
  8. Пайдаланылған әдебиеттер


КІРІСПЕ

Қашаған-Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде, Атырау қаласынан 80 км жерде орналасқан Қазақстанның ірі қайраңды мұнай-газ кен орны. Қайраңның тереңдігі 3-7 м.

Кен орны 2000 жылы 30 маусымда "Восток-1" ұңғымасымен ашылды. Соңғы 40 жылда ашылған әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі, сондай-ақ теңіздегі ең ірі мұнай кен орны болып табылады. Кен орнын игеру жасанды аралдардың көмегімен жүзеге асырылады.

Кен орнын игеру күрделі жағдайларда жүргізіледі: қайраң аймағы, таяз су жағдайлары мен мұз түзілуінің қолайсыз үйлесімі (жылына шамамен 5 ай), экосезімтал аймақ, кен орны жатуының үлкен тереңдігі (4800 м дейін), жоғары қаттық қысым (80 МПа), күкіртсутегінің жоғары құрамы (19% дейін) .

Қашаған кен орны соңғы 30 жылдықта табылған ең үлкен орындардың бірі болып табылады. Осы кен орынды игеру барысында қиын жағдайлар көп болған, оларға табиғи жағдайлар, технологиялық апаттар және т. б. Осы курстық жұмыста әр түрлі технологиялық көрсеткіштер, кен орынға байланысты мағлұматтар кірістірілген.

Кен орынды игеру үрдісі - ұзақ үрдіс, сондықтан кен орнындағы жұмыс бағдарламалары өте нақты және кен орнының жұмыс қуатын қалпына келтіру кезеңдерге есептелінген және қауіпсіздіктің жоғарғы деңгейіне жету қарастырылған.

2. Қашаған кен орны тарихы

Қашаған кен орны XIX ғасырдағы маңғыстаулық ақын-жырау Қашаған Күржіманұлының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылды. Қазақ тіліндегі көптеген түркі атаулары сияқты, қашаған сөзінің аудармасы бар және "қыңыр" дегенді білдіреді.

Қашаған мұнай-газ кен орны 2000 жылы ашылып, 2013 жылдан бастап тәжірибелік өндірістік игерілуде. Қазіргі кезде бекітілген «Тәжірибелі - өндірістік игерудің айқындалған жобасына» сәйкес игеру жұмыстары жүріп жатыр.

Қашаған кен орны Каспий теңізінің солтүстік аймағында жасанды аралдарда орналасқан.

1993 жылы Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мұнай және газ қорларын барлау және игеру жұмыстарын қадағалауға мемлекет меншігіндегі «ҚазақстанКаспийШельф» (ҚКШ) компаниясы құрылды. 1994-1997 жылдар аралығында Халықаралық мұнай компаниялары мен ҚКШ компаниясынан құрылған консорциум Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде ауқымды сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізді. Қазақстан Республикасының үкіметі өнімді бөлісу жөніндегі келісімге қол қоюға шетелдік серіктестермен келіссөз жүргізе бастады. Сол сейсмикалық зерттеулер нәтижесінде Солтүстік Каспий бойынша Өнім бөлісу туралы келісімге қол қойылды.

2000 жылы Шығыс Қашаған-1 атты алғашқы барлау ұңғымасын бұрғылау жұмыстары 2000 жылдың маусым айында аяқталып, нәтижесінде Қашаған кен орнында коммерциялық көмірсутегі қоры табылды.

2009 жылы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н. В» (НКОК) компаниясы СКӨБК шеңберіндегі жаңа оператор болып тағайындалып, «Аджип ҚКО» компаниясы Қашаған кен орнына қатысты Тәжірибелік Өндірістік Игеру бағдарламасын іске асыруға жауапты агент ретінде тағайындалды.

2013 жылдың 11 қыркүйегінде А аралында ұңғымалар ашылып, Қашаған кен орнынан алғашқы мұнай көлемі өндіріліп бастады.

Қазіргі уақытта Қашағанды игерумен айналысатын консорциумның құрамына, яғни НКОК Н. В. мекемесінің аясына қытайлық «CNPC» (8, 40 % үлеспен), италиялық «ENІ» (16, 81 % үлеспен) және америкалық «Exxon Mobil» (16, 81% үлеспен), Отандық ұлттық компания «ҚазМұнайГаз» (16, 81% үлеспен), британды-нидерландық «Шелл» компаниясы (16, 81% үлеспен), француздық «Тоталь» компаниясы (16, 81% үлеспен), сондай-ақ жапондық «Инпекс» (7, 56% үлеспен) енді.

Мемлекет
Қатысушы компаниялар (01. 05. 2016)
Қатысу үлесі, %
№: 1
Мемлекет: Қазақстан
Қатысушы компаниялар (01. 05. 2016): «Казмунайгаз»
Қатысу үлесі, %: 16, 877
№: 2
Мемлекет: Италия
Қатысушы компаниялар (01. 05. 2016): AgipCaspian Sea B. V. (Eni)
Қатысу үлесі, %: 16, 807
№: 3
Мемлекет: Франция
Қатысушы компаниялар (01. 05. 2016): Total
Қатысу үлесі, %: 16, 807
№: 4
Мемлекет: АҚШ
Қатысушы компаниялар (01. 05. 2016): ExxonMobil
Қатысу үлесі, %: 16, 807
№: 5
Мемлекет:

Ағылшын және

Нидерландия

Қатысушы компаниялар (01. 05. 2016): Royal Dutch Shell
Қатысу үлесі, %: 16, 807
№: 6
Мемлекет: Қытай
Қатысушы компаниялар (01. 05. 2016): CNPC
Қатысу үлесі, %: 8, 333
№: 7
Мемлекет: Жапония
Қатысушы компаниялар (01. 05. 2016): Inpex
Қатысу үлесі, %: 7, 563

3. Геолого-технологиялық бөлім

Қашаған кенорнының ашылуы. Кен орын жайлы жалпы мәлімет

Қашаған кен орны 2000 жылы ШҚ-1 ұңғымасын сынаған кезде Шығыс Қашаған құрылымының тұздан кейінгі карбонатты бөлігінен коммерциялық мұнай көлемі шыққанда ашылды. Шығыс Қашаған-1 барлығы 5172 м тереңдікке дейін тік бұрғыланған ұңғыма болды. Бұрғылау жұмыстарына сол кезде арктикалық жағдайларға төзе алатын әлемдегі жалғыз бұрғылау баржасы болған «Сұңқар» бұрғылау қондырғысы қолданылды. Кейінгі геологиялық барлау жұмыстары барысында төменгі-ортаңғы таскөмір түзілімінің карбонат дөңінде алып кен орны бар екендігі анықталды.

Жер астының геологиялық және динамикалық құрылымы жөнінде мәлімет жинау барысында Қашаған кен орнына қатысты тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру бағдарламасы секілді осындай ірі жобаға арналған игеру тұжырымдамасын, бұрғылау бағдарламасын және нысандардың жобаларын анықтауға геологиялық және динамикалық жер асты деректерін жинауға арналған кең ауқымды бағдарлама қажет болды. Тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру бағдарламасының басты мақсаты кейінгі игеру кезеңдерін анықтау үшін осындай деректерді жинау болды. Өнім өндірісі басталғанға дейінгі ұңғымаларды сынау жұмыстары қысқа уақытқа созылды. Тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру бағдарламасы аясындағы өндірістік жұмыстар барысында өнім қойнауқатының ұзақ мерзімді өнімділігі анықталды.

Қашаған - Каспий теңізінің астында орналасқан әлемдік деңгейдегі алып мұнай кен орны. Бұл кен орны - Девон кезеңінен Таскөмір жүйесіне дейінгі оқшауланған карбонатты платформа. Геологиялық тұрғыда Қашаған мұнай кен орны Каспий маңындағы ойпаттың оңтүстік бөлігінде, геологиялық фундаментін Астрахан- Ақтөбе жүйесінің оңтүстік жағында орналасқан және бассейн ішіндегі Теңіз-Қашаған карбонатты платформасына кіреді.

Органикалық негізден түзілген карбонатты платформа біріккен Девон (кейінгі Фар-Фармен) карбонатының фундаментінде орналасқан Ерте кезгі, Орта кезгі Таскөмір мен төменгі Пермь кезеңдерінің блоктарынан құралған. Олардың төртеуі - Қашаған, Оңтүстік - Батыс Қашаған, Ақтоты мен Қайран кен орындары Каспий теңізінің қайраңында орналасқан, ал Қаратон, Теңіз және Королевское кен орындары Каспий теңізінің батыс жағалауында орналасқан. Бұл құрылым солтүстік шығыстан оңтүстік-батысқа бағытталған және ол жалғыз тұрған платформа болса да, оны жіңішке «мойнақ» арқылы жалғанған Шығыс Қашаған ретінде танымал шығыс платформа мен Батыс Қашаған ретінде бөлуге болады.

Платформа оңтүстік батысқа қарай ылдиланған және өнім қойнауқатының төбесі Каспий теңізінің су бетінен 3800 метрден 4300 метрге дейінгі аралықта орналасқан. Платформаның ішкі бөлігі айтарлықтай тегіс, ал платформаның қырлары, оның сыртқы жиегі, жіңішке биіктеген жота түрінде құрылған және ол платформаның ішкі бөлігінен шамамен 200 метрге жоғары орналасқан және оның ең биік нүктесі Шығыс Қашаған жағында орналасқан. Қашаған кен орнының аумағы шамамен 75х45 км құрайды.

kaspii_kz.jpg

Сурет-1. Қашаған кен орнының орналасқан жері (картада)

f98a1e412cb238680427e58ff87e8c04.jpg

Сурет-2. Қашаған кен орны (құстың ұшу биіктігінен)

Қашаған кенішінің стратиграфиялық бөлігі жоғарғы девоннан неогенге дейін созылған шөгінділермен берілген. Төменгі Пермь эвапориттері стратиграфияны екі бөлікке бөлді: жоғарғы (тұзға дейінгі), Мезозой-Кайнозойдың кластикалық реті; төменгі (тұздан кейін), Палеозойдың карбонатты реті.

Қaшaған құрылымының тұздан кейінгі қaбaттapында шapтты түрде төмендегідей аталған үш бөлік анықталды: І ныcaны: бұнда Бaшқұpт, Cepпyxoв және Жоғарғы Визей әктасы кіреді. ІІ нысаны: бұнда Төменгі Визей, Ортаңғы Визей жәнe Тypней әктасы кіреді; ІІІ нысаны: бұнда Девон кapбонaттары кipeді. Кен орнындағы өнім түзілімдері жалғыз бір ірі мұнай шоғырында орналасқан. Мұнай шоғырының І нысаны (қалыңдығы 300-500метр) Қашаған кен орнының негізгі игеру нысаны болып табылады.

images.jpg

Сурет-3. Батыс Қашаған - Шығыс Қашаған аралығының қима көрінісі.

Кен орындағы мұнайдың физика-химиялық қасиеттері және кенорынның негізгі қоры

Қашаған кен орнының өнім шоғырлары - жалғыз тұрған шомбал мұнай алыбы. Мұнайға қаныққан бөлігі екі нысанға да ортақ карбонат қабатының төбесінен немесе І нысан төбесінен су-мұнай жапсарына дейінгі аралықта орналасқан. Бұл кен орында күкірт мөлшері мен газ мөлшері жоғары қанықпаған жеңіл мұнай шоғырланған: мұнайдың тығыздығы - 44 АРІ, күкіртсутегі мен көмірқышқылды газ мөлшері шамамен 15% мен 5% құрайды. Өнім қойнауқатының қысымы өте жоғары, 4300 метр тереңдікте бастапқы қысымы 800 барға тең.

Бұл кен орнында шоғырланған мұнай көлемінің геологиялық қоры шамамен 35 млрд. баррельді құрайды. Қойнауқатқа газ айдау арқылы 2041 жылы осы кен орнында шығарып алуға болатын мұнай қорының көлемі 10 млрд. баррельден асады деп пайымдалуда. Бұрғылау жұмыстарының нәтижелеріне және су-мұнай жапсарының орналасқан жеріне қарағанда, Қашаған кен орнын игеруге ең маңызды қойнауқат нысаны - І нысан болып тұр және оның құрамына жоғарғы Визей-Серпухов-Башқұрт қабаттары кіреді. Сейсмикалық барлау және бұрғылау жұмыстарының деректеріне сәйкес, І нысанда келесідей сейсмикалық таскелбеттер белдемдері анықталды: платформаның ішкі бөлігі, аралық аймақ, жиек, сыртқы қайраң және ылди.

Кен орынды игеру жүйесі

Кен орындағы тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру бағдарламасы

Тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру бағдарламасы - Қашаған кен орнын игерудің алғашқы кезеңі. ТӨИ кезеңінде кейінгі игеру кезеңдеріне қажет болатын кен орын туралы геологиялық және динамикалық мәліметтер жиналады. Қашағандағы қойнауқат қысымын демеуге және H 2 S-ті жоюға қойнауқатқа газ айдау жоаспарланған. Ол технологияны сынап көрі -ТӨИ кезеңіндегі басты мәселе болып табылады.

8e4b2c9d3fc76870314f3e14042fa2d8.jpg

Сурет-4. ТӨИ алаңы

ТӨИ алаңы Шығыс Қашағанда орналасқан, ТӨИ кезеңін І нысанда іске асыру ұсынылған. Ұңғыма жайғасымы: ұңғымалары 5 нүктеленіп, төртбұрыш тор бойынша жайғасады (әр ұңғымаға 200 га), алғашқы мәлімет жинау ұңғымалары (Д аралында 4АМ ұңғымасы) : 1х1 км тор. ТӨИ ұңғымаларының жалпы саны: 40, Д аралында - 8 ұңғыма, А аралында - 8 ұңғыма, ЕРС-3 аралында 6 ұңғыма, ЕРС-2 аралында - 7 ұңғыма, ЕРС-4 аралында-7 ұңғыма. ТӨИ кезеңінде: 36 өндіру және 4 айдау ұңғымасы, ТӨИ кезеңінің ұсынылған мерзімі - 3 жыл.

Тәжірибелік-өнеркәсіптік игерудің тұжырымдамасына А аралы, ЕРС-2, ЕРС-3, ЕРС-4 ұңғымалы аралдар кіреді. Д аралы: ТӨИ аралы - ұңғымалы аралдардан жиналатын өнім жеткізілетін, флюидтерді айыру және қойнауқатқа газ айдау жұмыстары жүзеге асырылатын орын болып табылады.

Тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру кезеңінің басты - мақсаты кейінгі игеру кезеңдеріне арналған геологиялық және динамикалық мәліметтерді жинау. Жера асты қабат туралы жиналатын маңызды мәліметтерге мыналар кіреді:

1) Жинауыш қасиеттерін бағалауға, әсіресе қойнауқатқа газ айдау жұмысын жоспарлауға қажетті геологиялық деректер жинастыру;

2) Жинауыш әлеуетін анықтауға қажетті өнім өндіру және айдау деректері;

3) Көлденең және тігінен ығыстыру нәтижелілігін бағалауға қажетті ұңғыманың жұмыс көрсеткіші туралы деректер, жинауыштығы қысымды демеуге және H 2 S-ті жоюға арналған қойнауқатқа газ айдау технологиясын ТӨИ кезеңі барысында сынап көру қажет;

4) Жинауыштың әртектілігі - газ айдаудың нәтижелілігі;

5) ТӨИ кезеңінде қойнауқатқа айдалатын және экспортталатын газ көлемдері арасындағы оңтайлы теңгерім;

6) Газ қысымдауға қойылатын талапта;

7) Кен орынның ықтимал тұрақты өнімділігін есептеу және бүкіл кен орынның жоспарланған архитектурасын өзгерту;

Тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру кезеңінде ең негізгі қиыншылықтарға келесідей тараптар кіреді:

1) Өндірістік операциялар барысында қысымды реттеу арқылы игеруді жүзеге асыру, Қашаған кен орнында 4300 тереңдікте бастапқы қысым 777 барға тең болатын, алайда уақыт өте келе қысым бағаны 800 барға тең болды;

2) Кен орынды игеру барысында ең негізгі проблемалардың бірі 15% H 2 S және CO 2 , осы себептерге байланысты құбырлардың капиталды жөндеуге ұшырауы;

3) Каспийде мұз, судың тайыздығымен теңіз деңгейінің өзгеріп тұруы;

4) Жан-жағы құрлықпен қоршалған, тұйық теңіз, жылына бес ай бойы мұздың қатып тұруы;

5) Қоршаған орта сезімталдылығы;

6) Инфрақұрылыммен жабдықтау тізбегінің болмауы;

Гидрат түзілудің алдын алу мен оларды жою

Газ қабаттық жағдайда әрқашан су буымен қаныққан. Сондықтан игеру кезінде ұңғы оқпанында, мұна мен газды қоспаны жинау және тасымалдау кезінде, сондай-ақ газ дайындау қондырғысы мен алысқа тасымалдау құбырлар желілерінде газды гидраттар түзіледі.

Қашаған кен орнында гидрат түзілуге газ құрамында күкіртсутектің (15%) және көмірқышқыл газының (5%) . болуы әсер етеді. Күкіртсутек 0, 86 МПа қысымда және 21. 1ºС температурада гидрат түзе алады. Кен орында газ ағынына гидрат түзу ингибиторын қосу қолданылады, ол ұңғыны және құбыр желілерін ең тиімді әдісі болып саналады. Құбыр желілеріндегі гидраттың газ ағынының температурасын гидрат түзілу температурасынан жоғары ұстап тұру немесе ағынның қысымын гидрат түзі қысымынан төмен ұстап тұру арқылы алдын алуға болады.

4. Экономикалық бөлім

Кен орынды игерудің техника-экономикалық көрсеткіштері

Калькуляцияның баптары бойынша жүргізілген есептеулерді ескере отырып есептелген мәліметтерден «Сайклинг» үрдісін жүргізгенге дейінгі және жүргізгеннен кейінгі арақатынасын анықтаймыз. Соған байланысты кесте тұрғызамыз.

∆Q = 3342816 - 2321400 = 1021416 т

Э жыл = ∆Q ∙ (С 1 2 ) = 1021416 ∙ (7. 36-5. 11) = 2298186 долл.

Жүргізілген шараның нәтижесінде тиімділік 2298186 долл. көлемінде қаражатты құрады. Құрғақ газды айдау немесе «Сайклинг» үрдісін кен орында қолдану шешімі дұрыс және экономикалық түрғыдан тиімді болып саналады.

Кесте-1. Қабатқа құрғақ газ айдау үрдісін қолдану кезіндегі технико-экономикалық көрсеткіштері

Шығындар
Үрдісті енгізгенге дейінгі
Үрдісті енгізгеннен кейінгі

Шығынның өзгеруі

+/-

Шығындар: Амортизация, долл
Үрдісті енгізгенге дейінгі: 1076456
Үрдісті енгізгеннен кейінгі: 3890456
Шығынның өзгеруі+/-: +2814000
Шығындар: Электр энергия шығындары, долл
Үрдісті енгізгенге дейінгі: 6067440
Үрдісті енгізгеннен кейінгі: 8737113. 6
Шығынның өзгеруі+/-: +2669674
Шығындар: Ұңғыны жерасты жөндеу шығындары, долл
Үрдісті енгізгенге дейінгі: 266400
Үрдісті енгізгеннен кейінгі: 532800
Шығынның өзгеруі+/-: +266400
Шығындар: Өндірісті дайындау және меңгеру шығындары, долл
Үрдісті енгізгенге дейінгі: 613000
Үрдісті енгізгеннен кейінгі: 913000
Шығынның өзгеруі+/-: +3
Шығындар: Жылдық эксплатациялық шығындар, долл
Үрдісті енгізгенге дейінгі: 11354680
Үрдісті енгізгеннен кейінгі: 16804753. 6
Шығынның өзгеруі+/-: +5450074
Шығындар: 1т конденсаттың өзіндік құны, долл/тонна
Үрдісті енгізгенге дейінгі: 7. 36
Үрдісті енгізгеннен кейінгі: 5. 11
Шығынның өзгеруі+/-: -2. 25
Шығындар: Өндірілген мұнай көлемі, тонна
Үрдісті енгізгенге дейінгі: 2321400
Үрдісті енгізгеннен кейінгі: 3342816
Шығынның өзгеруі+/-: +1021416
Шығындар: Экономикалық тиімділік, долл 2298186

Кен орнында қабатқа құрғақ газ айдау үрдісін қолдану кезіндегі жылдық шығындардың есебі

Жобалық мәліметтерге сүйене отырып, құрғақ газды айдау жобасын қолданғанға дейінгі дебит 6360 т/тәу немесе 2321400 т/жыл, қолданғаннан кейінгі дебит 9158. 4 т/тәу немесе 3342816 т/жыл болып артады. Қабат қысымын көтеруге кететін шығындар азаяды.

Өнімнің өзіндік қүнының өзгеруі, жаңа техника және әртүрлі техникалық іс-шараларды енгізуден болуы мүмкін. Мұнай өндірудегі шығындардың деңгейі қосымша өндірілетін көлем тізімдеріне сәйкес өзгереді.

Амортизацияны есептеу

Амортизация - ғимарат, құрал-жабдық, қондырғылардың тозуының ақшалай көрсеткіші және тозуды өтеу үшін жылда ұсталып отыратын жарна. Әрине, ол ақша түрінде өнімнің өзіндік құнына кіреді, өнім сатылғаннан кейін түскен ақшадан ұсталады. Жасалған өнімге сіңірілген және ол өнімді сатқаннан кейін ақша түрінде қайтып оралатын негізгі қорлардың тозған құны амортизациялық қорды, яғни негізгі қордың орнын толтыру қорын құрайды.

Амортизацияны есептеудің қарапайым формуласы:

А ж = Қ бас ∙ N а / 100

мұндағы А ж - амортизацияның жылдық сомасы, доллар;

Қ бас - құрал-жабдықтардың алғашқы құны, доллар;

N а - амортизация нормасы, %;

Сайклинг үрдісін енгізгенге дейінгі көрсеткіш:

А жыл фа N a1 /100 + Қ скқ N a2 /100 + Қ iұж N a3 /100 + Қ ұ N a4 /100

мұндағы Қ фа - фонтанды арматура құны, 26 доллар;

Қ скқ - СКҚ тізбегінің құны, 58000 доллар;

Қ iұж - ішкі ұңғы жабдығының құны, 12 доллар;

Қ ұ - ұңғы құны, 15 доллар;

N аi - сәйкес жабдықтың амортизациялық нормасы, %;

А жыл = 26 ∙ 11. 4/100 + 58000 ∙ 9. 2/100 + 12 ∙ 30. 4/100 + 15 ∙ 6. 7/100 = 1076456 доллар.

Үрдісті енгізгеннен кейін амортизациялық төлемдерге компрессорлық учаскісі мен конденсатты өңдеу жүйесінің төлемдерін қосамыз.

Қ бк = бустерлік компрессор құны, 3 долл;

Қ ак = айдау компрессорының құны, 6 долл;

Қ көж = конденсатты өңдеу жүйесінің құны, 7 долл;

Қ ұ = ұңғы құны, 15 долл;

А жыл = 3 ∙ 11. 3/100 + 6 ∙ 10. 5/100 + 7 ∙ 12/100 + 15 ∙ 6. 7/100 + 1076456 = 3890456 долл

Еңбек ақы қорын есептеу

Еңбек ақы дегеніміз жұмысшының өндірісте жасаған еңбегіне алатын ақысы. Яғни, жалақы - еңбек құны. Жалақы - қызметкердің қоғамдық өндірісте жұмсаған еңбегінің саны мен сапасына сәйкес олардың жекелей тұтынуына келіп түсетін, қажетті өнімнің негізгі бөлігінің ақшалай көрінісі.

Негізгі еңбек ақысы бойынша шығындардың өзгеруін тек енгізілетін шаралар жұмысышылардың сапасына немесе олардың разрядының өсуіне немесе төмендеуіне әкеліп соғатын болған жағдайда ғана есептейді. Еңбек ақы қорының есебі жұмысшылар саны мен разрядтарына, еңбек ақы жүйесіне байланысты тарифтік ставкаларға байланысты есептеледі.

Еңбек ақы қорын келесі формуламен есептейді:

ҚР ең төмен еңбек ақы - 42500 теңге;

Тарифтік коэффициент- 13. 58; 7. 39; 5. 16;

Қосымша еңбек ақыны ескеретін коэффициент - 1. 75 негізгіден;

ҚР территориялық коэффициент -1. 14;

Аудандық коэффициент -1. 1;

ЕАҚ = Ең төмен ЕА * Тарифтік коэффициент * Айлар саны * Аудан-дық коэффициент * Территориялық коэффициент * Қосымша ЕА коэффициент * КӨҚ саны.

ӘБҚ= 9720/120 ∙ 13. 58 ∙ 12 ∙ 1. 1 ∙ 1. 14 ∙ 1. 75 ∙ 6 = 166850 долл.

ИТЖ=9720/120 ∙ 7. 39 ∙ 12 ∙ 1. 1 ∙ 1. 14 ∙ 1. 75 ∙ 15 = 226990 долл.

ӨӨП=9720/120 ∙ 5. 16 ∙ 12 ∙ 1. 1 ∙ 1. 14 ∙ 1. 75 ∙ 60 = 633980 долл.

Жалпы еңбек ақы қоры:

ЕАҚ = ЕАҚ кож + ЕАҚ итж + ЕАҚ кож

ЕАҚ= 166850 + 226990+ 633980 = 1027820 долл.

Әлеуметтік сақтандыру төлемдері және энергетикалық шығындар

Әлеуметтік салық еңбек ақы қорынан 21% мөлшерінде алынады.

ӘТ төл = 0, 21 ∙ 1027820 = 205564 долл

Электро энергия шығындары мына теңдеумен есептеледі:

Ш эл =Q ∙ Э мш ∙ Б э

мұндағы Q - конденсаттың тоннадағы көлемі;

Э мш - 1т конденсатты көтеруге кететін есептелген және қазіргі жағдайдағы компоновкаланған жабдықтың вариантындағы электр энергияның меншікті шығыны, 50 кВт/тонна;

Б э - 1 кВт энергия бағасы;

Үрдісті енгізгенге дейінгі дебит - 6360 т/тәу.

Ш эл = 6360 ∙ 50 ∙ 0. 053 ∙ 360 = 6067440 долл.

Үрдісті енгізгеннен кейінгі дебит - 9158. 4 т/тәу.

Ш эл = 9158. 4 ∙ 50 ∙ 0. 053 ∙ 360 = 8737113. 6 долл.

Ұңғыны жерасты жөндеуге кеткен шығындар

ҰЖЖ (ұңғыны жерасты жондеу) кететін шығындар есептелген варианттағы жылдағы жөндеу жүмыстары санына N жөн. бір жөндеудің уақытына t, бір сағат жұмыстың құнына С және ҮЖЖ бригададағы адам санына n байланысты анықталған:

Ш ұжж = N жөн ∙ t ∙ C ∙ n

Ш ұжж = 2 ∙ 30 ∙ 444 ∙ 10 = 266400 долл.

ҰЖЖ ретінде Қашаған кен орнында СКҚ тізбегін ауыстыру деп түсініледі. Жаңа комплексті ингибитор осы құбырларды ауыстырудың себебі болып табылатын коррозиямен күреседі. Газды айдау жобасын енгізген соң алынатын конденсат көлемі мен оған сәйкес пайдалынатын ұңғымалардың СКҚ тізбегін ауыстыру жұмыстары екі есе кобейетіні күтілуде.

Ш ұжж = (2 ∙ 30 ∙ 444 ∙ 10) ∙ 2 = 532800 долл.

Басқа жабдықтың жөнделуі келесі тізімде есептеледі.

Жабдықтарды жөндеу шығындары

Жобаны енгізгенге дейінгі және кейінгі кездегі жабдықты жөндеу шығыны келесі теңдеумен есептеледі:

Ш жөн = КС ∙ 1. 2/100 =6 ∙ 1. 2/100 = 72 долл.

мұндағы КС - капиталды салымдар, олар негізгі өндірістік қорды көрсетеді.

Өндірісті дайындау және меңгеру шығындары

Үрдісті енгізгенге дейінгі өндірісті дайындауға және меңгеруге қажетті шығындар:

Ш ДжМ = 613000 долл.

Енгізгеннен кейін:

Ш ДжМ = 913000 долл.

Шығындардың жоғарылауы жобадағы майда бөлшектерінің тозуының көбеюмен түсіндіріледі.

Жоспарлы жұмыстарға арналған шығындар

Жоспарлы жұмыстар ретінде ұңғыларды зерттеу, қабатты гидравли-калық жару, тұз қышқылымен өңдеу, қосымша перфорация және т. б. түсініледі.

Ш жж = С ∙ n

мұндағы С - жұмыс бағасы;

n - жылдағы жұмыс саны;

Ш жж = 154000 ∙ 7 =1078000 долл.

Үрдісті енгізу жоспарлы жұмыс санына әсер етпейді.

Жылдық эксплуатациялық шығындар

Жылдық эксплуатациялық шығындар барлық тізімдегі шығындардың жиынтығын көрсетеді.

Үрдісті енгізгенге дейін:

Ш жыл. э = 1076456 + 1027820 + 205564 + 6067440 + 266400 + 72 + 613000 +1078000 = 11054680 долл.

Үрдісті енгізгенеен кейін:

Ш жал. э = 3890456+ 1027820 + 205564 + 8737113. 6 +532800 +72 + 913000 + 1078000 = 17104753. 6 долл.

Өзіндік құн үлесі

Меншікті өзіндік құн жылдық эксплуатациялық шығындардың жылдық өндіру көлеміне қатынасы ретінде анықталады.

Үрдісті енгізгенге дейін:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың жыр дүлдүлі Қашаған
Жарақсыз газ бен мұнай қалдықтарын тазалайн фильтр
Қашаған - Каспий теңізінің астында орналасқан әлемдік деңгейдегі алып мұнай кен орны
Аджип ҚКО компаниясы туралы ақпарат
Аджип ҚКО компаниясы
Қазақстанның мұнай саласының дамуы
Қазақстан Республикасының мұнайгаз өнеркәсібі
Мұнай газ саласындағы мұнай өнімдеріне бағаның құрылуы
Шетелдік мұнай компаниялары
Қазақстандағы мұнай – газ кешендерінің дамуы: Құлсары, Сағыз қалалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz