Табиғат қорларын кешенді пайдалану
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
Реферат
Тақырыбы: Табиғи қорлар және табиғатты тиімді пайдалану.
Орындаған: Айдаулет Б.Е.
Тобы: ИП-19-3к2
Қабылдаған: Дайрабаева А.Ж.
Шымкент
ЖОСПАР
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Табиғи қорлар және олардың түрлері.
2. Табиғатты қолдану.
3. Әртүрлі табиғи қорларды тиімді пайдалану ерекшеліктері.
4. Қалдықсыз технологияларды дамыту.
ІІІ. Қорытынды
КІРІСПЕ
Дүниежүзіндегі елдердің табиғи қорлармен қамтамасыз етілу дәрежесі әркелкі. Табиғи қорлармен қамтамасыз етілу көрсеткіші алуан түрлі ресурстардың қор мөлшерінің арақатынасымен және оның пайдаланылу ауқымымен байланысты. Дүниежүзілік шаруашылықтың күрделі жүйесінде және еңбектің халықаралық үлестірілуінде экономикасы дамыған елдер, негізінен, тұтынушы болса, ал дамушы елдер -- шикізат қорларын өндіруші әрі экспорттаушы болып табылады. Дегенмен көптеген жоғары дәрежеде дамыған елдер де ресурстардың ірі қорына ие, олар кейбір ресурс түрлерін өндіруден әлемдік жетекші болуы да мүмкін. Жалпы алғанда, осы айтылғандай дүниежүзілік экономикада мамандану бір жағынан, дүниежүзіндегі елдердің тарихи және әлеуметтік-экономикалық даму деңгейімен, екінші жағынан, жекелеген ресурс түрлерінің Жер шарындағы таралу ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Ресурстардың көпшілігі дамушы елдердін, аумақтарында орналасқан. Дүниежүзіндегі табиғи қорлардың тендестігі, олардың корлары, жағдайы және пайдалану болашағы көрсетілген.
Табиғатты қорғау бұл адам әрекеті мен қоршаған табиғи ортаның өзара әрекетін қолдауға бағытталған , табиғи ресурстардың сақталуы мен қалпына келтірілуін қамтамасыз ететін , қоғам қызметінің нәтижесінің табиғат пен адам денсаулығына тікелей және жанама әсерін ескертетін шаралар жүйесі.Қазіргі кезеңде қоршаған ортаның жағдайына екі түрлі факторлар тобы шешуші түрде ықпал етеді. Олардың біріншісі ғылыми-техникалық революцияны және оның негізінің адамзат қоғамының өндірістік қызметі алғысындағы көрінісін қамтиды. Екіншісі демографиялық аспектілерді қарастырады және жер бетіндегі тұрғындар санының көбеюі мен урбанизацияны ( қала тұрғындары санының өсуі) қамтиды. Бұл факторлар бірге алғанда өндіргіш күштердің даму қарқынына тікелей ықпал жасайды, ол, өз кезегінде, табиғи ресурстардың интенсивті түрде азаюына және онымен байланысты қоршаған ортаның ластануына әкеліп соғады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Табиғи қорлар - адамның өз мақсаттары мен өмір сүруін қамтаммассыз ету мақсатында қолданатын табиғи заттар мен құбылыстар жиынтығы. Оған ауа, күн, жел, су, жер, ормандар, табиғи құрылыс материалдары, пайдалы қазбалар мен т.б. жатады.
Табиғи қорлардың бірінші белгісі олардың түрі. Сол бойынша олар табиғи құбылыстар (мысалы, күн энергиясы, жел, теңіз суының қайтуы мен келуі), жануарлар әлемі, өсімдіктер әлемі, табиғи заттар (су, ауа, топырақ) және пайдалы қазбалар (мұнай, алтын, темір және т.б.) деп бөлінеді. Сонымен қатар пайдалы қазбалар пайдалануға дайын (көмір, қымбат тастар мен минералдар, тұз) және өңдеуді қажет ететіндер (мұнай, руда, тыңайтқыштар) болып бөлінеді.
Табиғи қорлардың екінші белгісі олардың таусылып қалатындығы. Осы бойынша таусылатын және таусылмайтын болып бөлінеді.
Таусылмайтын табиғи қорлар бұл ұзақ мерзімді табиғатты пайдаланғанда мөлшері мен сапасы өзгермейтін не өзгерісі сезілмейтін табиғи физикалық құбылыстар мен заттар. Мұндай қорлар күн энергиясы, жел энергиясы, қозғалыстағы су энергиясы, жер қойнауының энергиясы.
Таусылатын табиғи қорлар бұл ұзақ мерзімді табиғатты пайдаланғанда мөлшері мен сапасы өзгеретін табиғи физикалық құбылыстар мен заттар.
Үшінші белгі ол қорлардың орнының толыға алатындығы. Осы белгі бойынша қорлар:
- өзіндік орнын толтыра алатын (өсімдік пен жануарлар әлемі, микроағзалар әлемі);
- өзіндік орнын толтыра алмайтын (қазба байлықтар);
- салыстырмалы өзіндік орнын толтыра алатын (құнарлы топырақ, кесілген ағаш).
Қазақстанда сан-алуан пайдалы қазбалар бар. Менделеев кестесінің 105 элементінің 99-ы Қазақстанда табылған, оның 70-нің қоры анықталған, қазір 60-тан астам элемент өндіріске енгізілген. Қазіргі кезде 493 кен қазба орны белгілі болып отыр, минералдық шикізаттың 1225 түрі бар. Қазақстан дүние жүзі бойынша мырыштың, вольфрамның және бариттің зерттелген қорлары бойынша - бірінші орын, күміс, қорғасын және хром қорлары бойынша - екінші орын, мыс пен флюорит қорлары бойынша - үшінші орын, молибден қорлары бойынша - төртінші орын, алтын қорлары бойынша - алтыншы орын алады.
Ал ТМД мемлекеттерінің ішінде Қазақстан хром рудалары және қорғасын бойынша - бірінші орын; мұнай қорлары, күміс, мыс, марганец, мырыш, никель және фосфор шикізаты бойынша - екінші орын; газ, көмір, алтын және қалайы бойынша үшінші орын алады.
Республика күміс, хромит, қорғасын және мырыш өндіруден ТМД елдерінің арасында - бірінші орын, мұнай, көмір, мыс, никель және фосфат шикізатын өндіруден - екінші орын, алтын өндіруден үшінші орын алады. Қазақстанның батыс өңірінде мұнай мен газдың айтарлықтай мол қоры жинақталған, бұл елімізді әлемдегі мұнай өндіретін ірі мемлекеттер қатарына жатқызуға мүмкіндік береді. Оңтүстік Торғай ойпаты маңынан мұнай шығатын жаңа ауданның ашылуы республиканың мұнай өндіру саласының болашағын одан әрі кеңейтеді. Қазақстанның пайдалы қазбалар қорын геологиялық-экономикалық бағалау нәтижесі бойынша экономикалық маңызы жағынан көмір, мұнай, мыс, темір, қорғасын, мырыш, хромит, алтын, марганец алдыңғы қатарда тұр.
Табиғатты қолдану. Табиғатты қолдану - бұл адамның өмірін қамтамассыз етуі үшін қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын пайдалануы. Адамның табиғатты қолдануы төрт түрлі формада жүреді: өмірін қамтамассыз ету, шаруашылық-экономикалық, денсаулықты түзеу, мәдени.
Ең негізгісі өмірін қамтамассыз ету, ол ауаны демалу үшін, суды ішу үшін, өсімдіктер мен жануарларды азық үшін пайдалануы. Адамның табиғатты қолдану формалары екі түрде жүзеге асады: жалпы және арнайы табиғатты қолдану.
Жалпы табиғатты қолдану ешқандай рұқсатты талап етпейді (суды, ауаны пайдалану). Арнайы табиғатты қолдану мемлекеттік рұқсатты талап етеді. Ал шаруашылықты жүргізу нәтижелері негізінде табиғатты қолдану тиімді және тиімсіз деп бөлінеді.
Табиғатты тиімсіз пайдалану табиғи қорлардың азаюына, экожүйедегі тепе теңдіктің бұзылуына, ал ең соңында экологиялық дағдарыс пен катастрофаға алып келеді. Бұның бәрі басшылардың қызықпаушылығынан, экологиялық мәдениеттің төменділігімен, экологиялық процесстерді жете білмеуінен, қоршаған ортаны қорғаудың принциптерін білмеуден туындайды.
Табиғатты тиімді пайдалану мына ерекшеліктермен сипатталынады:
1) Табиғат қорларын пайдалану оны толықтырып отырумен бірге жүруі керек (орны толатын қорлар үшін);
2) Табиғат қорларын кешенді пайдалану;
3) Табиғат қорларын қайталап пайдалану;
4) Табиғатты қорғайтын шаралар жүргізу;
5) Қоршаған табиғи ортаға антропогендік әсерді азайту үшін жаңа технологияларды енгізіп отыру.
Табиғи қорларды пайдаланудың мәселелері
Суды пайдалану. Су жалпы планерлық масштабта таусылмайтын қорға жатады, себебі оның жалпы көлемі мұхит, атмосфера мен құрлық арасында жүретін тұрақты айналыммен толықтырылып отырады. Қазіргі кезде негізгі мәселе таза судың әртүрлі зиянды заттармен ластануы, олар: пестицидтер мен улы химикаттар, мұнай мен оның өнімдері және т.б. бұл мәселе барлық өндірісі дамыған елдерге тән құбылыс.
Су қорларының ластануының бір түрі - жылулы ластану. Өнеркәсіп орындары, электр станциялары су айдынына жылы суларды жиі төгеді. Бұл өз кезегінде су температурасының көтерілуіне алып келеді. Судың температурасы көтерілгенде онда оттегі мөлшері азайып, судағы лас қосылыстардың улылығы арта түседі де биологиялық тепе-теңділік бұзылады. Лас суда температураның көтерілуімен ауру қоздырғыш микроорганизмдер мен вирустар жылдам көбейе бастайды. Сосын ішкен су арқылы организмнің ішіне түсіп әртүрлі аурулар тұдыруы мүмкін.
Су қорларын тиімді пайдаланудың негізгі бағыттары:
1) Қайта пайдалану;
2) Жаңа тазартқыш технологияларды қолдану;
3) Ұйымдық шаралар.
Ресурстарды тиімді пайдаланудың негізгі бағыттарының бірі - қайта өңдеп пайдалану, тазалаудың жаңа технологияларын қолдану, ұйымдастыру шаралары. Суды қайталап (екінші рет) пайдалану өнеркәсіп орындарында әртүрлі технологиялық процестерде қолданылады. Қазіргі таңда суды тазалаудың жаңа: физикалық, химиялық, биотехнологиялық әдістері қолданылады.
Физико-химиялық әдістерге радиаңиялық, ион алмасу, тотығу- тотықсыздану және т.б. әдістер жатады. Радиациялық тазалауда иондалған сәулелену әсерінен улы заттар залалсызданады. Ион алмасу арқылы тазалауда суды тек ластатқыштардан ғана тазартып қоймайды, сондай-ақ қайта пайдалану үшін бағалы химиялық қосылыстарды жеке іріктеп, жинап та отырады.
Химиялык (реагентті) тазалау - бейтараптаудан (нейтрализация) және тотығу-тотықсызданудан тұрады. Бейтараптау - сілтілердің әсерімен ерітіндінің қышқылдық қасиетін жоюға, ал қышқылдармен ерітіндінің сілтілік қасиетін жоюға алып келетін химиялық реакция.
Биохимиялық тазалау - аэробты және анаэробты биохимиялық тазалау дан тұрады. Аэробты биохимиялық тазалау - өндірістік және тұрмыстық пайдаланылған сулардың микроорганизмдер әсерінен тотығуы нәтижесінде (оттегінің қатысуымен ) органикалық заттарын минералдау.
Суды залалсыздандыру - судың ауру тудырғыш микроорганизмдерден (оба, тырысқақ, іш сүзегі, жұқпалы гепатит т.б.) тазалануы. Көптеген жылдар бойы ішетін суды хлордың көмегімен залалсыздандырып келді.
Әртүрлі, сондай-ақ суғару мен топырақты тыңайтуға пайдаланатын ақпа сулар да адамдар мен жануарлар үшін қауіпті болып, топырақ құнарлылығы мен өсімдіктердің өсуіне, дамуына және ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасына теріс әсер ететін патогенді микроорганизмдердің көзі болуы мүмкін. Аурудың жұғу қауіптілігі топырақ пен өсімдіктерге ақпа сулардан келіп түсетін патогенді микроорганизмдердің тіршілік ұзақтығына байланысты.
Өсімдіктер мен жануарлар әлемі. Өсімдіктер әлемін тиімді пайдалану орман қорларын тиімді пайдалану мен оның өсімділігін арттырудан тұрады. Осы мәселені жүзеге асыру үшін арнайы табиғат аймақтары мен қорлар құрылған, олар: заповедниктер, мемлекеттік табиғи парктер, ұлттық қорлар; ормандар мен азайып бара жатқан өсімдіктер аймағы.
Табиғатты қорғаудың маңызды формаларының бірі - ерекше қорғауғаалынған территориялар. Осындай территориялардың түрлері көп: қорықтар, қорғалымдар, табиғат, скерткіштері, ұлттық және табиғат саябақтары, ботаникалық бақтар, биосфералық резерваттар.
Қорықтар - табиғатты қорғаудың бір түрі. Дүние жүзіндегі ең ірі саябақ Гренландияда 7 млн.га. Қорықтар толық қорғаудың жетілдірілген түрі, себебі оған табиғи комплекс кіреді де, табиғат ресурстарын шаруашылықта пайдалануға рұқсат берілмейді.
Белгілі бір шаруашылық жұмыстарын жүргізе отырып, табиғаттың ерекше объектілерін қорғауға алынған жүйені ұйымдастыру түрі қорғалымдар болып табылады.
Топырақтың адамзат үшін маңызы. Топырақтың адамзат қоғамы үшін маңызын айтып жеткізу қиын. Егер бұрынғы кезде өскен өнімді жинау кезінде топырақтың жанама маңызы болуы, себебі ол адамды жабайы өсімдіктер өнімдерімен қамтамасыз етті, ал жер жыртып, егіншілікпен айналысқан кезден бастап топырақ азық өнімдерінін көзіну айналды. Сондықтан еңбек адамы ежелден осы табиғи байлыққа үлкен құрметпен қарайды. В.В.Докучаев ойынша қара топырақты жерлерді Ресейдің негізгі байлығы деп атайды.
Өндірістің кейбір салалары топырақты пайдалануға негізделген. Соның бірі маңызды азық-түлік өнімдерін жеткізуші ауыл шаруашылығы. Топырақ ауыл шаруашылығы өндірісін негізгі құралы болып табылады. Топырақтың орман шаруашылығында және құрылыс салғанда - инженерлік құрылғылардың іргетасының негізгі ретінде және жол салуда гидротехникалық құрылыста құрылыс материалы ретінде маңызы зор.
Түсім көлемі еңбек өнімділігіне тікелей байланысты болғандықтан, топырақ құнарлығы да қоғамдық өндірістің маңызды кезі болып есептеледі.
Күнделікті өмірде құнарлы деп белгілі бір мәдени өсімдіктер үшін қолайлы топырақты атайды. Шынында құнарсыз топырақ болмайды, себебі құнарлылық топырақтың ажырамас қасиеті.
Кез келген топырақ, онда жақты өсетін өсімдіктер үшін құнарлы боп табылады. Мысалы, құнарсыз екені айқын сортаң жерлерде кейбір сортаң шөптер жақсы өседі, олар басқа жерде өсе алмайды.
Сұр топырақты жерлер мақта өсуіне қолайлы, бірақ картоп үшін құнарсыз т.б.
Мәлім болғандай өсімдіктер негізгі қорек элементі ретінде топырақтан азот, фосфор, калий, кальций, темір, күкіртті сініреді. Химиялық талдауға қарасақ, топырақтағы химиялық элементтер құрамы көп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz