Ересектер тобында сурет салу арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жаңаша бағыттары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

ҒЫЛЫМИ ЖОБА
БЕЙНЕЛЕУ ІС - ӘРЕКЕТІ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ

Орындаған: Әбдіқұл Мерейлім
Жетекшісі: п.ғ.к, профессор Ф.Н.Жұмабекова

Нұр-Сұлтан.2020
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

1. Мектепке дейінгі ұйымдарда бейнелеу іс-әрекеті арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту
1.1 Бейнелеу іс әрекеті арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамытуды теориялық тұрғыдан негіздеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7

1.2 Мектепке дейінгі ұйымдардағы бейнелеу іс-әрекетінің түрлеріне сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13

2. Бейнелеу іс-әрекеті арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамытуды жаңаша бағытта ұйымдастырудың жолдары
2.1 Ересектер тобында сурет салу арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жаңаша бағыттары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..16

2.2 Дәстүрден тыс сурет салу арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың тәжрибелік мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

2.3 Бала шығармашылығын дамытуда тәрбиешінің рөлі.

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21

Пайдаланылғанәдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі:Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 желтоқсандағы № 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында Білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету және шығармашылық қабілетті дамыту міндетін жүзеге асырукөзделген[1] .
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 05.05.2020№ 182 бұйрығымен Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты б. [2], Үлгілік оқу бағдарламасының Шығармашылық білім беру саласына сәйкес зерттеу жұмысы жүргізілді б. [3].
Бейнелеу өнері арқылы баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесі көкейкесті болып отыр. Өйткенібалабақшада ұсынылатын бейнелеу өнері баланың шығармашылық қабілетін дамытуға тікелей ықпал ететін іс-әрекеттің түрі болып табылады. Бұл саладғы шетелдік және отандық зерттеулерге сүйенетін болсақ, шығармашылықты дамытудың әр жас кезеңіндегі әдістері мен өзіндік мазмұны жәнемаңыздылығы қарастырылған.
Қазақстанда мектепке дейінгі жастағы бейнелеу өнері бойынша тиімдіәдіс-тәсілдерді қолдануға зерттеу жүргізген ғалымдар Т.А.Левченко, А.Ж.Салиева, Ф.Н.Жұмабекова, Р.Нұрмұхаметова т.б. [4]
Ресей педагогика ғылымдары академиясының мектепке дейінгі тәрбие ғылыми зерттеу институттарында бейнелеу өнері бойынша (Н.П.Сакулина, Т.С.Комарова, Т.Г.Казакова, В.Б.Косминская, Е.Г.Ковальская, С.Г.Якобсон т.б.) арнайы зерттеулер жүргізіп, бейнелеу іс-әрекетінің әдіс-тәсілдерін жан-жақты қарастырған [4] .
Тәрбиеші бейнелеу өнер туындыыларын қабылдай отырып, бейнелеу іс-әректіне бейімдейді. Суреттерді көре отырып, тікелей әңгімелеп, түсіндіріп, сұрақтар қою арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың әдістері мен тәсілдерін пайдаланды. Оларға белгілі бір талаптар қойылады. Әдеби және музыкалық шығарманы орындау көркем мәнді, эмоциялы болуы тиіс, әйтпесе өнермен танысу кезігу әсерсіз болады. Сөйлесу барысында балалар суреттің, өлеңнің, әннің мазмұнын немесе тапсырманың мәнін ғана түсінбей, кейіпкерлердің көңіл күйлеріне сәйкес жайды бастарынан кешіру үшін де жарқын образдылыққа жетулері қажет.
Әдістер іс-әрекеттің ұйымдастырылу формасына байланысты өзгеріп отырады. Бейнелеу сабақтарында педагог дәл нұсқаулар береді балаларға орындау тәсілдерін өздері табуын ұсынады, демек, үйрету жеткілікті түрде тікелей өтеді. Баланың дербес іс-әрекет етуінде үлкендердің жетекшілігі жанама ықпалмен шектеледі, ол тек іс-әрекетке итермелеп, еске түсіреді немесе қателерді түзетеді. Албалалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда бейнелеу өнерінде көрнекіліктерді арнайы жүйеленген нұсқаулары мен әдістемелік құралдарды тиімді қолдана білу және іс-әрекеттің түріне қарай әдіс-тәсілдердің жаңаша бағыттарын пайдаланудың маңызы зор. маңызды болмақ. Осыған орай, қазргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың шығармашылық қабілеттерн дамытуға арналған әдістемелік еңбектердің жеткіліксіздігі, тиімді әді-тәсілдердің жүйесіздігі және шығармашылық қабілетті дамытуда тәрбиеші педагогтардың жаңаша бағыттағы әдістерді тәжірибеде пайдалануының мүмкіндіктері шектеулі болуында. Аталған мәселелердің шешімін табу мақсатында біз зерттеу тақырыбын: Бейнелеу іс-әрекеті арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту - деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің нысаны: бейнелеу іс-әрекеті арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үдерісі
Зерттеу пәні: балабақшадағы бейнелеу іс-әрекеті арқылы шығармашылық қабілетті дамыту.
Зерттеудіңмақсаты - бейнелеу өнері арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуды теориялық тұрғыдан негіздеу және тәжірибеде қолданатын әдіс-тәсілдерді нақтылау.
Зерттеудің міндеттері:
-балалардың шығармашылық қабілетін дамытуды теориялық тұрғыдан негіздеу;
- балалардың сурет салу қабілеттерін тәжірибеде жүзегеасырудың тиімді жаңаша бағыттарын қарастыру;
-балалардың шығармашылық қабілетін дамытудың тәжірибелік мүмкіндіктерін қарастыру, әдістемелік ұсыныстар жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен тәжірибедегі маңыздылығы:
- балалардың шығармашылық қабілетін дамытуды теориялық тұрғыдан негізделеді;
- балалардың сурет салу қабілеттерін тәжірибеде жүзеге асырудың тиімді жаңаша бағыттары анықталады;
- балалардың шығармашылық қабілетін дамытудың тәжірибелік мүмкіндіктерін қарастырылады, әдістемелік ұсыныстар жасалады.
Зерттеу нәтижелерінің аясында әзірленген ұсыныстар мен пікірлер мектепке дейінгі ұйымдардың педагог-тәрбиешілері және осы мамандықта оқитын студенттердің тәжірибесінде пайдалануға болады.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері:Бейнелеу іс-әрекеті тақырыбындағы әдебиеттерге талдау жасау, озық практикалық тәжірибелерді зерделеу, балалардың саусақ іс-әрекетіне бақылау жасау, әңгіме жүргізу, жасалынған жұмыстан баланың өзіндік пікірін сұрау т.б .
Зерттеудің болжамы-егер бейнелеу іс-әрекеті арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту теориялық тұрғыдан негізделсе, оның тиімді әлдіс-тәсілдері нақтыланып, тәжірибе жүзінде іске асырудың әдістемесі жасалса, оқу-тәрбие үдерісінде жүйелі бірізділікпен қолданылса, онда балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мүмкіндікттері артады және біздің тәжірибелік жұмысымыз оң нәтижесін береді деп ойлаймыз.
1.1. Бейнелеу іс әрекеті арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамытуды теориялық тұрғыдан негіздеу

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн және бұл сатыны олардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет. Үкіметіміз білім беру мекемелеріне Тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына жеткізетін ұл - қыз тәрбиелеуді талап етуде. Баланы балабақшадан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек. Ол үшін бала қиялын дамыту маңызды мәселе болып табылады деп атап көрсеткен болатын [1].
Мектеп жасына дейінгі балалардың қиялын дамытуда бейнелеу өнері сабақтары жетекші роль атқарады. Қазіргі білім беру стратегиясы барлық балаларға өз таланттарын және шығармашылық талаптарын, жеке жоспарларын іске асыруларына мүмкіндік жасауда. Балалардың жеке мүмкіндіктерімен педагогтар хабардар болып, оларды үздіксіз дамытып арттырулары қажет
Шығармашылық қабілетті зерттеу мәселесіне Л.С.Выготскийдің, А.Н.Леонтьевтің, Б.М.Тепловтың іс - әрекеттік ықпал және адамды тұтастай жүйеде қарастыратын концепциялары, шығармашылық ойлаудың дамуы - оқушыларға дидактикалық ұйымдастырылған қарым қатынаста белсенділікті тәрбиелеудің негізінде жүзеге асатындығы туралы Матюшкиннің концепциясы, шығармашылық психологиясында жиі айтылып жүрді.Ал мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу шығармашылығын зерттеушілер Е.А Флерина, Н.П.Сакулина, Т.С.Комарова, Т.ГКазакова, Н.Б.Халезова т.б. бейнелеу мен мүсіндеу де суретте болды.
Қазақстанда мектепке дейінгі жастағы бейнелеу өнері бойынша тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануға зерттеу жүргізген ғалымдар Т.А.Левченко, А.Ж.Салиева, Ф.Н.Жұмабекова Өнер көзі - халықта,Р.Нұрмұхаметова т.б.
Бейнелеу өнерінің түрлері жайында жас ерекшелігіне сәйкес алғашқы түсініктер беріп, қылқалам шеберлерінің туындыларымен таныстыру арқылы көркем өнерге қызығушылыққа тәрбиелеуде "Балбөбек" бағдарламасының "Өнер көзі халықта"- бөлімі дайындалды. Бұл бөлімде балаларға көркемдік тәрбие беруде айнала қоршаған өмірдегі, болмыстағы табиғаттағы, көркемөнердегі әсемдікті кабылдау, оған қызығушылық сезімдерін тәрбиелеу, ой-өрісін кеңейту6 көркемдік таным, оған қоса шығармашылығын және түсінігін, сұлулыққа деген сүйіспеншілігін арттыру, көркемдік талғамын қалыптастыру мақсаты қойылады[2].
Ересек топтағы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту ең алдымен олардың сенсорлық тәжірибесін байытумен, бейнелі бейнелеуді қалыптастырумен байланысты. Бала бақшадағы тәрбие бағдарламасында" алты жастағы балаларда қабылданған заттарды талдау және жалпылау, олардың қасиеттерін (пішіні, биіктігі, ұзындығы, ені, түсі) бөлектеу және салыстыру қабілеті дамиды.
Алты жастағы балалар олар суретте әр түрлі құбылыстарды,түрлі заттарды қосуға болатынын біледі.Олардың суреттері әдемі болады және қызық бола түседі егер түстері дұрыс қолданылса,қағаз бетіне дұрыс салынса.Жәнеде балалар өте керемет суретсалуға және де қиялын қолдана отырып сурет сала алады.Ересек топтағы балаларға дөңгелек, тік бұрышты нысандардың суретін салушарларды, сопақшаларды, цилиндрлерді бейнелеу қиындық соқтырмайды. Жалпы ересек топтардағы балаларда тіктөртбұрышты және дөңгелектелген нысандарды салу өте оңай [3]
Бүгінгі күннің негізгі талабы - білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасай алатын жаңаша ойлай алатын шығармашылық адамға айналдыру.Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік экономикалық жаңарулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше, балада шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен проблема саналып, ойландыруы тиісті деп ойлаймыз. Себебі өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл адамдардың ғана қолынан келеді .
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетінің дамуы оқу-тәрбие барысын дұрыс ұйымдастырумен байланысты. Балабақша тәрбиешілері көп жағдайда балалардың пәнге байланысты жаңа материалды дұрыс меңгеpіп, жақсы көрсеткіштер көрсеткеніне қанағаттанып қояды да, олардың айрықша, стандартты емес шешім кабылдауына, шығармашылық белсенділігіне жағдай жасай бермейді. Мектеп жасына дейінгі балалардың қызығулары заттық әлеммен байланысты. Оларға тән жағдай үлкендерге бағдарлану, яғни оларға еліктеу, үлкендерді үлгі тұту ерекшеліктері тәрбиеші үшін күшті дамыту құралы болып табылады. Соның негізінде балалардың шығармашылық және интеллектуалды даму деңгейлері жоғарылап қана қоймайды, әрі олардың мінез-құлқындағы жағымды өзгерістер байқалады. Бала ес біле бастағаннан - ақ өзі жете түсінбес жарқын, тартымды нәрсенің бәріне ұмтыла бастайды, мәселен, жылтыраған ойыншықтарды , әдемі гүлдер мен заттарды көрсе қуанады. Осының бәрі оның рахаттану, қызығу сезімін туғызады. Жиі ән, ертегі тыңдап, суреттерді қараған балалардың өнері қуаныш сезімдерінің қайнар көзіне айналады. Эстетикалық тәрбие алған балалар жарқын, әсем атаулының бәріне жәй ғана ұмтылып қана қоймай, сұлулықты жан дүниесімен қабылдайтын болады. Бейнелеу өнері балалардың эстетикалық сезімін, көркемдік талғамын оятып, шығармашылық қиялын дамытуға өте жоғары деңгейде көмектеседі. Бала сурет сала, қия және желімдей келе, бірінші кезекте өзі үшін субъективті жаңа бұйымды алады. Бала үшін мұның маңызы зор. Балалар суретшілер тәрізді жасамаса да, мектепке дейінгі кезеңде бірнеше көркем бейнені жасай алады. Осының өзі оның жеке тұлға болып дамуында із қалдырып, нағыз шығармашылықтың тәжірибесін меңгеріп Бейнелеу әрекеті үрдісінде балалар бірқатар іскерліктер мен дағдыларды меңгереді, заттар мен қоршаған әлем құбылысын талдауға үйренеді.
Бейнелеу өнері баланың қиялының дамуына,шығармашыл адам болып ,тұлға болып қалыптасуына педагогтың рольі өте маңызды екенін ескере отырып
бейнелеу іс-әрекетімен айналысуда балалардың айналадағы заттар туралы көзбен көріп ұғынуы нақтыланып, тереңдей түседі. Бала суреті кейде баланың зат туралы ұғымы дұрыс емес екенін дәлелдейді, бірақ суретке, мүсінге қарап бала ұғымының дұрыс-бұрыстығын кесіп айту әрдайым мүмкін бола бермейді. Баланың ойы оның бейнелеу мүмкіндігінен ауқымды да бай, өйткені ұғымдардың дамуы бейнелеу іскерліктері мен дағдылардың дамуынан басым болады. Оның үстіне, кейде мектеп жасына дейінгі балалар объектіге өзінің эмоциялық қатынасын беруге ұмтыла отырып, бейненің көлемі мен түсін сапалы түрде бұзады. Мәселен, бала әскерлердің алдында кетіп бара жатқан командирдің маңызын көрсету үшін оның көлемін үлкейтеді; жақсы көретін заттарын ашық түске бояйды т. б. [4]
Педагог Т.С Комарованың Балаларға сурет салудың техникасын үйрету атты кітабінда бейнелеу іс әрекеті туралы мынадай түсініктеме берілген болатын: Сурет сабағы қоршаған өмірде, көркем шығармаларда сұлулықты көре білу қабілетін дамытады. Олардың өзіндік көркемдік іс-әрекеттері балаларға кескіндеме, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер туындыларын біртіндеп түсінуге көмектеседі.
Баланың графикалық іс-әрекеті бейнелеу әдістерін меңгерген кезде көркем және шығармашылық сипат алады. Көркем-шығармашылық қызметтің өнімі - экспрессивтік образ ретінде қарастырылады.
Балабақшада сурет салуды оқытудың басты мақсаты - ол балаларды заттар мен құбылыстарды бейнелеу арқылы өмір тәжірибесін бейнелеу құралы ретінде үйрету. Кескінді нақты, айқын көріністерді, сондай-ақ оларды графикалық түрде көрсете білуді қажет етеді. Сызбаны жасау кезінде бала бейнеленген затты бейнелеу арқылы өзінің әрекеттерін басқарады және оларды бағалайды.[5]
Ал Н.А ВетлугинаныңКөркем шығармашылық және бала атты педагогикалық әдебиетінде бейнелеу іс әрекеті туралы: педагогикалық әдебиетте Е.А. Флерина, Н.П. Сакулина, Е.Г. Ковальская мектеп жасына дейінгі балалардың көркем шығармаларды қабылдауы және Э.А. Флериннің өнерін дамытудың әдістемелік нұсқауларында қолдану мәселесіне үлкен мән беріледі. - Ол бейнелеу өнерінің түрлерін бір мәнді емес етіп бейнелеуді ұсынады: мүсін, ойыншық, модельдеу кезінде, керісінше, сурет. шығармашылық қабілетін қалыптастыру мақсатында. Сонымен, сурет салу кезінде Мектепке дейінгі жастағы балалардың сурет салу қабілетін дамыту еңбегінде Н.П.Сакулина (1959) иллюстрацияларды көрсетудің оң мәні сөзсіз деп жазады. Балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру процесінде өнердің орнын анықтауда біз маркстік-лениндік эстетика позициясынан шығамыз: өнер - объективті шындықтың көрінісі. Өнер - шындықты танудың және оған әсер етудің нақты түрі.Суретшінің образда бейнеленген және ол түсіндірген өмір фактілері, жекелеген оқиғалар өмірлік процестерді тереңірек түсінуге, қоршаған әлемге жақынырақ қарауға көмектеседі. Суретшінің ең маңызды және маңызды нәрсені түсіну қабілеті бар, оның назарын өмір фактілері мен шағылыстың мағынасын мейлінше ашатын процестерге аудару мүмкіндігі бар. Типтендірудің арқасында сурет салушы бала шындықты, өмір құбылыстарының мәнін, олардың негізінде жатқан ішкі заңдылықтарды ашады. Суретші балаға пәннің өткір сезімі, нақтылы дүниелердің алуан түрлі әлемімен қарым-қатынастағы ерекше көзқарас тән. Демек, өнер арқылы шындық танылады және көркем образдар арқылы біз адамды байытатын ерекше алуан түрлі және көп қырлы әсерлер мен білімдер аламыз. Мектеп жасына дейінгі баланың көрнекі шығармашылығы ұғымына сурет салу ғана емес, қабылдау қабілеті де кіреді.[6]
Т.Г. Казакованың Балалардың бейнелеу өнерін дамыту теориясы мен әдістері атты педагогикалық адебиетінде бейнелеу іс әрекеті және бала шығармасы туралы: Л.С.Выготский диалектикалық анықтама берген болатын:
Қиял бейнелері ол бала мойындаған шындыдқ құралады.
Қиял басқа біреудің тәжірибесінен тарихи немесе әлеуметтенуді басшылыққа алады.
Сезім қиялға әсер етеді және керісінше қиял сезімге әсер етеді.
Қиял өнімдері наұты нәрселерге әсер етеді,бұл балалардың шығармашылығының нәтижелері, жәнеде бұл баланың қиялына тағы әсер етеді, жаңалыққа деген ұмтылыс көркем шығармашылықты сипаттайды, өйткені материалдармен тәжірибе жасап, бейнелер жасай отырып, балалар жаңалықтар ашады , Жаңа білім алуға, бейнелеудің жаңа тәсілдерін игеруге ұмтылыңыз. Бұл процесте бала үшін ең бастысы - сурет салуды немесе құрдасының суретін позициядан қабылдаған кезде өзін-өзі растау, өзін-өзі көрсету мүмкіндігі: Мен сурет салуды үйрендім Мен суретшімін, Мен бояумен сурет салғанды ​​ұнатамын, әдемі сурет шығады[7].
Сонымен қатар баланы бейнелеу іс әрекетінде заттық сәндік және мазмұндық сурет салғызуда мүсіндеуде,жапсыру іс әрекеті кезінде баланың бейнені біртіндеп күрделендіріп жасауын,қағаз бетіне тура орналастыруын,мазмұнын біліп,жұмысты ұқыпты орындауын тәрбиеші қадағалау керек. Тәрбиеші баланы бақлай отырып дұрыс бағыт берген жағдайда баланың қиялын ғана емес шығармашылығын,іскерлік дағдыларын қалыптастыра алады.Осылайша зерттеу обьектімізді теориялық тұрғыдан негіздедік.Сонымен бейнелеу өнерінің бала бақшада орындалатын түрлеріне,қалай орындалатынына сипаттама береміз.

1.2. Мектепке дейінгі ұйымдардағы бейнелеу іс әрекетінің түрлері

Сурет, мүсіндеу және жапсыру қоршаған ортаны образдық бейнелеуге негізделген бейнелеу өнерінің түрі болып табылады. Бұл іс-әрекет балалар үшін ең қызықты. Бұл сабақтарда балалар көптеген материалдармен (қағаз, бояу, саз балшық, бор, т.б), олардың қасиеттерімен, бейнелеу мумкіндіктерімен танысады, жұмыс дағдысын қалыптастырады. Және адам еңбегіне қажетті құралдармен (карандаш, қылқалам, қайшы) жұмыс істеп үйренеді.Бұл іс - әрекеттер балалардың ойлау қабілетінің дамуына септігін тигізеді . Бейнелеу өнері сабақтарында балалардың сөйлеу қабілеті дамиды . пішіндердің , түстер мен реңдердің аттары, кеңістіктік белгілеулер сөздік қорының молайуына әкеледі. Нәрселермен құбылыстарды бақылағанда және зерттегенде , Иллюстрацияларды қарағанда, суретшілердің суреттерін репродукциялағанда әңгімеге араласу байланыстыра сөйлеу дағдысын жақсартады. Бейнелеу іс - әрекеті кезінде ой және дене белсенділігі ұштасады. Сурет , мүсін , жапсыруды орындау үшін еңбек іс - әрекеті, күш жұмсалады, белгілі бір біліктер , дағдылар керек. Бейнелеу іс - әрекетінің басты маңызы - эстетикалық тәрбие құралы болуында. Эстетикалық қабылдау ең алдымен денеге тұтастай, эстетикалық кескініне - пішінінің сымбаттылығы, түсінің әсемдігі , бөліктерінің пропорционалдығына т.б. бағытталады.[8]
Тәрбиеші бейнелеу сабақтарында ауызша баяндау, сұрақ-жауап, өткенді қайталау, бекіту жұмыстарынан кейін жаңа сабақты түсіндіру, үлгіні талдау, көрсету, бейнелеу іс-әрекетіне бейімделудің әр түрлі тәсілдерін тақырыпқа сәйкес таңдап, жалпылама нұсқау беріп іс-әрекетке бағыттайды. Балаларды бейнелеу іс-әрекетіне бейімдеу жұмыстары балабақшада тәрбиешілер мен әдіскердің сабақ кестесіне сәйкес жоспарланады [9]
Бүгінгі таңда мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық әрекеттерімен байланысты ойлау қабілеттерін дамыту Өзекті мәселе . Шығармашылық қабілеттің дамуы балалардың интеллектісін дамытумен байланысты екендігін негізге ала отырып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастырудың, іс әрекеттің субъектісінің шығармашылық сапалық ерекшеліктерінің, ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті кезінде және сабақтан тыс кездерінде диагностикалық әне шығармашылық тапсырмаларды ұтымды қолданудың мәні зор.
Сурет салу оқу іс-әрекеттерін ұйымдастыру үшін алдын ала дайындық жұмыстары жүргізілуі қажет. Олар: саяхаттар мен серуендер, иллюстрациялық суреттерді қарау, көркем әдебиет шығармаларын оқып беру, көркем өнер туындыларымен таныстыру көзделеді. Сондықтан да бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымын қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлыққа тәрбиелеу болып табылады.
Бейнелеу өнері түрлерін тәрбиешінің жетік білуі баланың өнердің бұл түріне қызығушылығын арттырады. Олар: сұлу сурет, кескіндеме, мүсін өнері, сәулет өнері және сәндік қолданбалы өнермен көркем өнер туындыларын балаларға түсінікті түрде қарапайым мазмұнда шығармашылықпен әңгімелеп береді. Көркем өнер туындыларының мазмұны, бояу түстері, бейнелеу түрлерінің айырмашылықтарын ажырата білуге үйретеді. Сабақта көркемөнер туындыларын, шағын көлемді мүсіндерді, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын қолданады. Сәулет өнеріне байланысты көркем суреттер, диафильмдер, слайдтар пайдаланады.
Сурет салу іскерлік дағдыларын меңгерту балалардың заттық тақырыпта сурет салу дағдыларын бекітеді. Бірнеше заттарды бейнелеп мазмұнды сурет салуға, композиция құра білуге үйретеді. Бояу қарындаштар, акварель бояу мен қылқаламды пайдаланудың әдіс-тәсілдерін меңгертеді. Жағыс түрлері: сүйкей жағыс, қылкалам ұшын тік бағыттау, жоғарыдан төмен қарай, солдан оңға қарай біртіндеп жүйелі тегіс бояу, сулау (дымқылдау) тәсілі, үрлеу тәсілі, бояуды шашырату арқылы сурет салу, үзіліссіз сызу, тамшы бояудан бейнеге келтіру, таяқшамен, саусақпен, қауырсынмен сурет салу тәсілдерін, қос бүктеп беттестіру арқылы симметриялы заттардың суретін салуға жаттықтырады. Бейнелерді беруде қосымша түрлі-түсті борлар, ретуіш карындаштар мен пастелъдерді (көмір қарындаш) пайдалана білуге үйретеді. Балалардың қылқаламды еркін ұстап сызықты жіңішке, жуан, жалпақ түсіруге, бояуды қалыңдау жағу үшін қылқаламды көлбеу ұстап қаттырақ басу, сызықтың түрлеріне қарай бағытын өзгерту, қолдың қимыл қозғалысы мен көз мөлшерінің үйлесімділігін дамытады. Суреттің барлық бөлігін біркелкі бояу талабын ұштайды. Бояу түстерін тандап үйлесімді бере білуге дағдыландырады. Бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдарын меңгертіп, сурет салуға деген қызығушылығын арттыру көзделеді.
Мүсіндеу іскерлік дағдыларын меңгертуде құрастырмалы (конструктивті) иілгіштік (пластичный), аралас (комбинированный) әдістемелік жолдармен, домалақтау, жалпақтау, есу, қысу, басып жаншу, шымшып-созу, ұшын шығару тәсілдерімен балалардың өздеріне таныс заттарды кесек балшықтан бірнеше бөліктерге бөліп алып мүсіндейтін заттың құрлысына қарай жоғарыда аталған әдіс-тәсілдерді тауып, тандап алады. Мүсіндеу кезінде әр түрлі таяқшаларды (стекалар), айналмалы қондырғылар, муфелъ пештерін пайдалана білуді үйретеді. Заттардың ерекше сипатын мәнерлі беру дағдыларына, дене мүшесіне, басқа бөліктерінің қатынасын дұрыс мүсіндеуге жаттықтырады. Бөлшектердің беріктілігін сақтау, тегістеу, сылап-сипап, қырнап, жонып артық бөліктерін орнына келтіруге дағдыланады. Тақтайшаға немесе тұғырға қарапайым мазмұнды бейнелеп орналастыру дағдыларына машықтандырылады. Еңбек нәтижесінің жетістігі баланың іштей қуаныш сезімін тудырып, өз-өзіне сенімділігін арттырады. Ұжымдық жұмысты бірлесіп, ынтымақты еңбек ету, бір-біріне деген қарапайымдылық, достық, жолдастық көңілмен көмектесуге бағыттайды. Затқа қарап мазмұнды және сәңдік мүсіндеу кезінде ұқыпты жұмыс істеуге, бейнелерді дымқыл шүберекпен тегістей білуге, мүсіндеу барысында сіріңке шилерін, таяқшаларды, сым темірлерді, бейне берік болу үшін қаңқа (каркас) қолдануды уйретеді. Өзіне таныс гулдер мен жапырақтардан жалпақталған сазбалшыққа рельефті бейнелер жасатады. Баланың дербес әрекет етуіне шығармашылық белсенділігін арттыруға, ой-қиялын шарықатуға жағдай жасайды. Жапсыру іскерлік дағдыларын меңгертуде: түрлі-түсті қағаздан әр түрлі бейнелерді қиып жапсыруды, қайшымен еркін жұмыс істей білуге баулиды. Қағаз түстерін таңдап-талғам білуге, кеңістікте дұрыс орналастыру дағдысын қалыптастырады. Геометриялық фигураларды қиюды бекіту, олардан белгілі бір заттың бейнесін немесе арнайы композиция құрады. Қиылған бөліктерді қағаз бетіне ұқыпты жапсырып, дұрыс орналастыруға үйретеді, жеке бөліктері бойынша қию, қос бүктеп қию, қатпарлап бүктеп қию, бірнеше қабаттап бүктеп қию, шеткі сызықтары бойынша қию, жұлмалап қию, силуэт (сүлбасы) бойынша қию әдіс-тәсілдерін біртіндеп күрделендіре отырып меңгертеді.
Бұл топта қию, жапсыру әдіс-тәсіддерімен қоса бірнеше қабаттап қағазды бүктеу арқылы түрлі бейнелер жасау үшін "Оригама" және "Қағаз өнері" (бумага пластика) жайында балаларға қарапайым тусініктер беріліп, бағдарлама мазмұнындағы бейнелерді тәрбиешімен бірлесе отырып бүктеп жасауға үйретеді (мысалы: жануарлар- піл, жираф, түлкі, аю, қоян, т.б.).
Тәрбиешілерге бейнелеу сабақтарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар:
- балаларға айнала қоршаған ортадан алған әсерлерін, қабылдағандарын бейнелеу іс-әрекетінде бере білу дағдыларынмеңгерту;
- бейнелеу өнері түрлері жайында жалпы түсініктері мен көркемөнер туындыларын ажырата білу;
- өнер туындыларынан әсер алу, сипаттап әңгімелей білудағдысын меңгерту;
- бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдары жайында (түс,
сызықтар, көлем, кеңістік, композиция) қарапайым түсініктерді меңгерту;
- сурет салуға қажетті құрал-жабдықтармен жұмыс істеудіңіскерліктерін игерту;
- мүсіндеу жұмыстарының іскерліктерін меңгерту;
- қағазбен, қайшымен, желіммен жұмыс істеу, қиып жапсыру іскерліктеріне машықтандыру;
- ұлттық нақыштағы бейнелеу өнері түрлерін басқа халықтар өнерімен салыстыра, ажырата білу;
- көркем өнер туындылары арқылы көркемдік талғамын, өнердің бұл түріне деген қызығушылығын арттыру;
- аталған білім-білік дағдыларын меңгерте отырып мектепке дайындау.
Жыл соңында жапсыру бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:- қайшыны дұрыс ұстап, оны дұрыс қолдана білуді;- шаршы мен төртбұрышты диагоналі бойынша қиюды;- шаршыдан дөңгелек, төртбұрыштан сопақша қиюды және қиғаш қиюды;- жеке бөліктерден тұратын заттарды орналастырып, желімдеуді;- жолақшаның, шаршының, дөңгелектің үстіне өсімдік пен геометриялық пішіндерден өрнектер құрастыруды, оларды кезектестіруді және біртіндеп желімдеуді білуі тиіс[10]
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық әрекеттерін қалыптастыру қазіргі заман педагогикалық теориясы мен практикасың даму кезеңдеріне қосылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық әрекетін бейнелеу өнері негізінде қалыптастырудың маңызы ерекше. Қай заманда болмасын адамзаттың басты міндеттерінің бірі - өсіп келе жатқан жас ұрпақты ақылды да саналы, тәртіпті де еңбексүйгіш, өнерге бейім, өзінің ұлттық салт дәстүрін құрмет ететін ұрпақ тәрбиелеу екені көпке мәлім .[11]
Бейнелеу іс әрекетінде ЭБРУ сурет алу әдісі бар.
Жалпы эбру әдісі - су бетіне сурет салу ежелгі түрік өнері. Жұмыстың аяқталуы - қағазды судың бетінен алумен аяқталады. Мұндай сурет салудың бірден бір негізгі идеясы - cуда сурет салуда лакты пайдалануға болады,ол су бетінде қалқып жүреді, содан кейін ол қағазға қызықты суреттерді жабыстыруға ыңғайлы болып келеді.Танымал эбрулардың ішіндегі ежелгісі 11 ғасырда жасалған.Эбру әдісімен сурет салуды балаға бейне материял арқылы көрсетіп практика жүзінде үйрете аламыз.
Жаңа әдістің бірі және бірегейі бейнелеу өнерінде қазіргі заманда жаңаша бағыттары қолданылады,мысалыға айта кетсек Арт терапия әдісі жаңа оқыту технологиясының озық үлгісі десекте болады.
Арт терапия әдісі бұл емдеу ғана емес сонымен қатар креативтің,тұлғаның дамуы мен үйлесімділігі,кез келген жағдайды шешуге көмек десекте болады.
Арт терапия әдісі Аталған терапияның түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие.
Яғна бұл терапияда балалардың сезімін сурет салу арқылы бейнелеу әдістері шектеусіз. Балалар бояуға қолын малып алып қағаз бетіне із қалдыруды жақсы көреді. Бала бояу түрін өзінің жай күйіне байланысты таңдайды. Бояудың түстері сезімнің жағдайына тең келеді. Тәрбиеші А қосымшасында балаға қалай арт терапия әдісі арқылы сурет салынуы көрсететілді.
Себебі баланың қателік жасаудың алдында, сәтсіздікке ұшырау алдындағы қорқынышты жеңу үшін осы әдіс қолданылады.
Қазіргі кезде 3Д форматында сурет салу дүние жүзінде кең етек алуда.Ал 3Д форматтағы суреттер өнер саласында кең ауқымда пайдаланыады.Осы әдісті баланың шығармашылығын дамытуда қолдану баланың сурет салуға деген қызығушылығын арттыруға өз көмегін береді.

Арт терапиясы әдісін қолдану арқылы сурет салу.
1)Бала қағазды көп мөлшерде сулап алады
2)Қағаз бетіне сары қызыл түсті бояуды саусағымен қағазға салады.
3)Қызыл,сары бояуды жаққан соң арасына жасыл түспен айналдыра салып шығады.
4)Салып болған соң сулы парақтың бетіне құрғақ парақты жабады.
5)Нәтижесінде баланың қолында камуфляжды қызыл-сары гүлді жасыл алаңқай пайда болады. Бала өз туындысын мақтан етіп,тағы осы әдісте сурет салуға қызығушылығы пайда болады.Суретті бала қиялдап отырып қағаз бетіне түсіреді.
Бұл әдіс баланың ойын сергітіп, тыныштандырады.

Ересек топтағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балауыз бояуымен бояу өнері
Естиярлар тобында сурет салу
Дамыта оқыту технологиясы - баланы оқыта отырып, дамыту
Әртүрлі жас топтарында сурет салуға үйрету
Үйретудің ойындық тәсілдері
Балабақшадағы бейнелеу өнері сабақтарында сәндік сурет арқылы балалардың эмоционалдық қабылдауын арттыру әдістемесі
Дәстүрден тыс сурет салу арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Балабақша тәрбие бағдарламасының ерекшелігі мен қазіргі кезде қолдану жағдайын теориялық тұрғыдан негіздеу
Мектеп жасына дейінгі балаларды сюжеттік мүсіндеуге үйрету
Мектеп жасына дейінгі балалардың кеңістікті бағдарлауын дамытудың теориялық сипаты
Пәндер