Тіл дамуының заңдылықтары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Көптілді білім беру факультеті
Қазақ тілі және әдебиет кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Тілдің даму заңдылықтары.

Орындаған: Хасанова А.Б. КЯЛ-401
Тексерген: ф.ғ.к., қауымд. проф. Мухамбетов Ж.И.

Атырау, 2020

Жоспар

І. Кіріспе
Тілдің даму заңдарына анықтама
ІІ. Негізгі бөлім
а) Тілдің даму заңдылықтары
ә) Лексиканың дамуы. Фонетиканың дамуы. Грамматиканың дамуы.
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе
Тілдің даму заңдары -- лингвистикалық әдебиетте жиі кездескенімен, нақты мәні сараланып анықталмаған түсінік. Оның бір себебі -- тіл білімінде даму және өзгеру деген ұғымдардын шегі жете анықталмауына байланысты. Қайсы бір тіл бірліктерінін өзгерістері, өзара байланыстары мен қатынастары, тілді жетілдіруге қатысты болмаса да, олардын дамуы ретінде қарастырылады.
"Даму" деген термин екі мағынада түсініледі:
тіл бірліктерінің бір күйден басқа бір күйге ауысуы;
қарым-қатынас қажеттілігінің күшеюіне байланысты тілдің бейімделу процесі.
Тілді тарихи дамып отыратын құбылыс деп тану тіл білімі тарихында әр түрлі теория туғызған, бірақ олар тіл дамуының себебі мен сипатын түсіндіре алмады. Мәселен, үнді еуропа тілдерінің шығу тегі олардың бәріне ортақ үндіеуропалық ататілден шыққаны туралы идея, Чарлз Дарвиннін эволюииялык теориясының кең таралуы -- тілге, тілдің даму проблемаларына натуралистік көзқарасты тудырды (А. Шлейхер, Ф. М. Мюллер т. б.). Шлейхер тілді табиғи организммен бірдей деп қарап, тілдің дамуын екі кезенге бөледі: тілдің даму кезеңі (тарихқа дейінгі кезең) және тілдердің ыдырап жіктелу кезеңі (тарихи кезең). Туыс тілдердегі ататілден қалған дыбыстар мен формалардың ыдырауын, яғни алғашқы формалардын өзгеруін, ол тілдің дамуы деп есептеді. Мұндай идеялардан жас грамматиктерде құттыла алмады. В. Гумбольдт Тілдің Даму заңдары рухтың даму заңдарына тәуелді деп қарады. А. Шлейхер, Н. Я. Марр тілдердің әр түрлі морфологиялык (даралаушы, жалғамалы, флективті) типтерін тілдің сатылап дамуының нәтижесі деп санады. Сонымен бірге Н. Я. Марр және онын жолын куушылар Тілдің Даму зандарын экономикалық формациялардындаму заңдарымен, өндірістің дамуымен байланыстырып қарастырды. Тілдегі өзгерістердің даму заңдары мен оның себебін ажыратпау тілдің даму заңдары жайындағы қазіргі теорияларға да тән (Ф. де Соссюр т. б.)

ІІ. Негізгі бөлім
Тіл дамуының заңдылықтары. Тіл дамуының өзіндік заңдылығы бар, оның өзгеріске ұшырауына себепші, түрткі блатын жағдайлар болады. Тілде болатын өзгерістердің біразы оны қолданушы қауымның еркінен тыс, тілдің өзіндік ішкі даму заңы бойынша іске асады. Тілдің ішкі даму заңы жалпы тілдік болуы да, жеке нақтылы бір тілдік болуы да мүмкін. Бірақ бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты.
Тілдің дамуындағы жалпы заңдылыққа төмендегілер жатады:
1. Тілде бірте-бірте, эволюциялық жолмен дамиды.
2. Тілдік қабаттарының барлығы бірдей дәрежеде, біркелкі дамымайд, жағдайға, өмір талабына сәйкес әр түрлі қарқында, әр түрлі сапада дамиды. Бірақ тілдің жеке қабатында болған өзгеріс, белгілі мөлшерде болса да, тілдік жүйеге әсерін тигізбей тұра алмайды. Олай болмағанда, тілді әрбір қабаттары, элементтері бір-біріне байланысты, тәуелді, өзара шарттас болып келетін бірбүтін жүйе деуге болмас еді.
3. Тіл қатынас құралы қызметін атқарып тұрған жағдайда әрқашанда даму үстінде болады. Сондықтан оның дамуын тарихтан бұрынғы, тарихтан кейінгі деп екі кезеңге (неміс ғалымы А.Шлейхер, 19 ғ.) немесе әр түрлі сатыға болу дұрыс емес.
4. Тілдің дамуы қоғамның дамуымен тығыз байланысты болады, бірақ бұл екеуінің дамуы бір емес, әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар. Тілде қоғам өмірінде болатындай революциялық секіріс, дүмпу, ескіні жаңаның күшпен бірден жоюы сияқтылар болмайды. Тілге енетін жаңалық топтанып, түйдектеніп, бірден енбейді, мысқылдап, біртіндеп келіп сіңіседі және ондай жаңалықтардың басым көпшілігі ескілікті жамыла, ескі материалдар негізінде туып жатады да, материалдың ескілігі, үйреншіліктілігі ондағы жаңалықты бүркеп, байқатпай тұрады. Мысалы:қазіргі әдеби тілімізде жарыссөз, мейраммен құттықтау, жалынды сәлем, биік мұрат, өндірістік бағдарлама, тірі мүйіс, демалыс күн, ашық жиналыс, жабық жиналыс, пікір алысу, тәжірибе алмасу, су қоймасы дегендер тәрізді тіркестер жүздеп, мыңдап қолданылады. Бірақ өткен ғасырлар ескерткіштерінде дәл осындай мағынада мұндай тіркестер кездеспейді. Бұл тәріздес тіркестердің бәрі де 20 ғасырда, әсіресе Кеңес үкіметі орнағаннан кейінгі дәуірде ғана пайда болды. Тілімізге біртіндеп, елеусіз сіңіскені сондай, қазір де бұларды тілдегі жаңалық деу қиын. Оның тағы бір себебі жоғарыда келтірілген тіркестердің барлығы да тілімізде бұрыннан бар көне материалдан (сөздерден) жасалған.
Сөйтіп, тілдің дамуы, шындалып жетілуі бірте-бірте болады. Тіл дамуының басқа қоғамдық құбылыстар, әсіресе базис пен қоғамдық қондырмалар дамуынан өзгешелігі де осында.
5. Тілдің даму қарқыны, шындалып жетілу дәрежесі қоғам дамуының түрлі кезеңдерінде түрліше болады. Оның кейбір кезеңдерінде тіл мардымды өзгеріске ұшырамайтын болса, екінші бір дәуірлерінде тез қарқынмен дамиды. Қоғам өмірінде айтарлықтай күрделі өзгерістер, қарқынды дамулар болмаған дәуірлерде тілдің дамуы да баяу болмақ. Керісінше, қоғам өмірінде ұлы өзгерістер, жаңа бет бұрыстар, қарқынды дамулар болған дәуірде тіл дамуы да қарқынды, өнімді болмақ. Бұған, өзгені былай қойғанда, Кеңес одағындағы әр түрлі халықтар тілдерінің, олардың ішінде қазақ тілінің де Қазан револэциясы жеңгеннен кейінгі даму дәрежесі дәлел. Қазақ тілінің осы қысқа мерзім ішіндегі даму дәрежесі одан бұрынғы бірнеше ғасырлар бойғы дамуынан әлдеқайда қарқынды және өнімді болды дей аламыз.
6. Тілдің қай-қайсысында да оның құрылымдық элементтерін абстракциялап қолдану заңы бар. Бұл заң бойынша, тілдегі бір кездегі деректі элемент барған сайын дерексізденеді, бір кездердегі толық мағыналы сөздер келе-келе грамматикалық морфемаларға, шылау сөзгерде айналады, сөздер бастапқы, негізгі мағыналары үстіне келтірінді, ауыспалы мағыналар үстеп, семантикалық жағынан дамиды т.б.
7. Дыбыс тілі дамуына тән тағы бір ортақ заңдылық - дифференциация заңы. Ежелгі замандар тілінде тілдік элементтер қазіргідей сараланбаған, дыбыстау, сөйлеу диффузды болған. Көрнекті ғалымдардың болжамдарына қарағанда, дыбыс тілі пайда болуының бастапқы кезеңінде қазіргі түсінігіміздей жеке дыбыс, сөз, сөйлем дегендер болмаған, яғни дыбыс тілі атаулының қай-қайсысы да сөйлеудің бастапқы диффузды (элементтері бір-бірінен жекеленбеген, бөлінбеген) түрінен оны жеке элементтерге бөлшектеу, даралау принципі арқылы дамыған. Сөздердің әр түрлі таптарға бөлінуі, сөйлем түрлерінің көбеюі сияқтылар тілдік тұлғаларды бір-бірінен жекелеу, даралау талабынан туғандар. Бұл екі тәсіл - абстракциялау мен дифференциялау тәсілдері тілдер дамуында жарыса жүріп отырған процестер.
8. Тіл дамуында дифференциялаумен қатар, оған қарама-қарсы мәндегі интеграциялау (топтау, біріктіру) принципі де болады. Бұл тәсіл бойынша ұсақ тұлғалар өздерінен бір саты жоғарғы тұлғалар құрамына еніп, анағұрлым күрделі тұлғалар жасалады. Морфемалардан сөз, сөздерден сөз тіркестерін, бұлардың тіркесулерінен сөйлем құрау, лексикалық мағыналары әр түрлі сөздерді белгілі бір ғана сөз табы етіп топтау интеграция принципіне негізделеді.
Интеграция принципіне негізделген заңдылықтың бірі - синкретизм. Синкретизм(грекше synkretismos қосу, біріктіру) тілдің даму процесінде қызметі әр түрлі грамматикалық категориялар мен формалардың, семантикалық белгілері бір-бірінен өзгеше сөздердің бір формада сәйкес келуін білдіреді. Кейбір ғалымдар бұған грамматикалық омонимдерді, енді біреулер - көп мағыналы сөздерді жатқызады. Мысалы: тоң сөзі әрі етістік, әрі зат есім, көш - әрі етістік, әрі зат есім, кір - әрі зат есім, әрі сын есім, тамақ сөзінің екі түрі де зат есім мағынасында қолданылады. Синкретизм әдетте тіл элементтерінің формасы мен мағынасының өзара қатынасындағы тарихи өзгерістерге байланысты туады. Синкретизм тілдің барлық деңгейінде кездеседі, бірақ олардың - қалыптасу дәрежесі әркелкі.
9. Тілдер дамуында болатын ортақ құбылыстардың тағы бір түрі - аналогиялық принцип. Бұл тәсіл бойынша тілде бұрыннан белгілі бір тұлғаға, амал - тәсілге сүйеніп, соған ұқсас жаңа, тың туындылар жасалады. Мысалы: қазақ әдеби тілінде аларманға алтау аз, берерменге бесеу көп деген сияқты бірді-екілі сөйлемшеде ғана болмаса, = ар+ман, = ер+мен деген қосымшалар арқылы жасалатын сөздер жоқ еді. 20 ғасыр екінші жартысында аналогия тәсілмен көрермен, оқырман, қадырмен деген сөздер; жұмыскер, балалық, сәлемдеме тәріздес сөздерге аналогия ретінде қаламгер, оқулық, аялдама тәріздес сөздер қалыптасып орнықты.
Орыс тілінде легализация, активизация деген сөздердің аналогиясы ретінде паспоортизация, советизация; машинист, артиллерист сөздеріне аналогия ретінде значкист , очеркист; метражға ұқсатып, листаж; ипподромға ұқсатып, аэродром, космодром т.б. сөздер қалыптасқан.сөздер қалыптасқан.
Тілдің құрылымдылық және қызметтік, функциялық дамуы. Тілдің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысында, лексикасында болатын жетілістер, дамулар құрылымдық даму деп аталады. Сонымен бірге, тіл дамуы деген ұғымға оның қоғамда атқаратын қызметінің ұлғаюы, кеңеюі де енеді. Дамудың бұл түрі фукнционалдық даму деп аталады.
Тілдің функциясы дегеннен оның қоғамда атқаратын қызметін түсінеміз. Тілдік құбылыстар ішінде оның қызмет жағынан дамуының мәні ерекше. Тілдегі өзгеріс-құбылыстардың қандайы болса да, оның қоғамдық қызметі үстінде туып, қалыптасады. Тіл өзінің қоғамдық қызметі арқасында тынымсыз қозғалыс, әрекет үстінде болады да, соның нәтижесінде қоғам сынына түсіп, өмір талабына сәйкестеніп отырады. Сондықтан да тілдің қызметі мен құрылымдық эволюциясы бірлікте қаралады. Бұл екеуі өзара тығыз байланысты, бір-біріне тәуелді, шарттас деп есептеледі. Бірсыпыра ғалымдар тілдің қызметі мен құрылымдық эволюциясы арасындағы қарым-қатынасты тіл мен сөйлеу арасындағы қарым-қатынас деп те атайды. Тілдің қызметтік дамуы, негізінде экстралингвистикалық жағдайларға тәуелді, оның қызметінен туады.
Лексиканың дамуы. Тілдің лексикалық құрамы оның басқа салаларының қай-қайсысынан болса да өзгеріске бейім тұрады. Сөздік құрамның тілдік категориялар ішіндегі ең бір өзгерімпаз, дамығыш сала болатын себебі ол адамдардың қоғамдық өмірінің, барлық саласымен, күллі тіршілігімен тікелей байланысты, қоғам өміріндегі өзгерістерді, жаңалықтарды тез қабылдайды және дереу, тікелей атап көрсетеді.
Сөздік құрам екі түрлі жолмен дамиды: біріншісі- әр тілдің өзіндік байырғы материалдары негізінде, екіншісі- басқа тілдерден сөздер қабылдау негізінде.
Тілдің сөздік құрамы өзгергіш дегеннен оның барлық саласы, барлық қабаты бірдей дәрежеде өзгереді деген қорытынды шықпайды. Ғасырлар бойы бір қалыптан аумай, негізінен өзгеріссіз қалатын тұрақты сала лексика да бар. Лексиканың ондай тұрақты қабаттарына сандық, сындық мағыналарды білдіретін сөздерді, өсімдіктерді, туыс, мал атауларын, етістіктерді, яғни негізгі сөздік қорға жататын сөздерді, ал, сөздік құрамының өзгерімпаз, дамығыш саласы қатарына ғылыми-техникалық, мәдени-өнерлік, саяси-әлеуметтік, шаруашылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тілдің дамуының заңдылықтары
Мәнерлеп оқудағы тіл заңдылықтары
Тіл білімі тарихы пәні бойынша ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК КЕШЕН
Қазақ тілі фонетикасы және тіл мәдениеті
Тіл біліміндегі үнемдеу заңдылығы
Ақыл-ой тәрбиесі туралы жалпы түсінік
Арнайы педагогиканың сыныптамалары
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту жолдары
Бала тәрбиесі - өте күрделі процесс
Сана және тілдің өзара байланысы
Пәндер