ХОЖА МАХМУД АНЖИР ФАҒНАВИЙ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ НҰР-МҮБАРАК ЕГИПЕТ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ УНИВЕРСИТЕТІ Исламтану кафедрасы

Абдурахманов Дин-Ислам Зейилович

Абдул - Халиқ Ғиждуваний

және сопылық тариқатындағы өзінідік ерекше рөлі

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

6B02201 - «Исламтану»

Алматы, 2021

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. СОПЫЛЫҚ ЖАЙЫНДА ТҮСІНІК . . . 5

2. ОРТА АЗИЯ ЕЛДЕРІНДЕ КЕҢ ТАРАЛҒАН СОПЫЛЫҚТАҒЫ

ТАРИҚАТТАР . . . 6

3. ХОЖАГОН - НАҚШБАНДИЯ тариқатындағы 7 пір «Силсилаи шариф»

тегі . . . 10

4. «ХОЖАГОН - НАҚЫШБАНДИЯ» ТАРИҚАТЫНЫҢ ТІЗБЕГІ

5. ХАЗІРЕТ АБДУЛ ХОЛИҚҒИЖДУВОНИЙ (қ. с. ) . . . 10

6. ХОЖА МУХАММАД ОРИФ АР - РЕВГАРИ(қ. с. ) . . . 13

7. ХОЖА МАХМУД АНЖИР ФАҒНАВИЙ(қ. с. ) . . . 14

8. ХОЖА ӘЛИ РОМЕТАНИЙ(қ. с. ) . . . 16

9. ХОЖА МУХАММАД БОБОЙИ САМОСИЙ(қ. с. ) . . . 18

10. САЙИД ӘМІР КУЛАЛ (қ. с. ) . . . 19

11. ХАЗРЕТ БАХАУДДИН НАҚШБАНД (қ. с. ) . . . 21

12. ХОЖА АБДУЛХАЛИҚ ҒИЖДУВАНИЙДІҢ «ХОЖАГОН -

НАҚЫШБАНДИЯ» СОПЫЛЫҚ ТАРИҚАТЫНДАҒЫ ТӘЛІМДЕРІ . . . 23

13. ХОЖА АБДУЛХАЛИҚ ҒИЖДУВАНИЙДІҢ ХАЛИФАЛАРЫ . . . 28

14. «ЯССАУИЯ» ТАРИҚАТЫ ТӘЛІМДЕРІМЕН «ХОЖАГОН - НАҚШБАНДИЯ» ТАРИҚАТЫНДАҒЫ «ШАРИҒАТ», «ТАРИҚАТ», «АҚИҚАТ» ҰҒЫМДАРЫНА САЛЫСТЫРМАЛЫ ТҮРДЕ ТАЛДАУ . . . 29

15. ХОЖА АБДУЛХОЛИҚ ҒИЖДУВОНИЙ ХАЗІРЕТТІҢ РУХАНИ ҰЛЫНА НАСИХАТЫ . . . 37

16. ҚОРЫТЫНДЫ . . . 40

17. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 42

Кіріспе

بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَحِيم

Аса қамқор ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын. Барлық мақтау - мадақ әлемді жоқтан бар еткен Алла тағалаға болғай. Әлемдерге рахмет нұры етіп жіберілген екі дүние сардары Алла елшісі Мұхаммед ке оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын деп, алдымен жаратушы жаббар хақ тағалаға мадақ, оның соңғы елшісі Мухаммед (с. а. с) ке салауат пен сәлемнен кейін, осы жазып, бастаған ісімізді, Алла тағаланың өзінен жәрдем тілей отыра, соңына дейін жеткізіумізді дұға етіп сұраймыз.

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл диплом жұмысымызда тарихи дереккөздерге сүйене отырып, таңдаған дипломдық жұмысымыздың тақырыбындағы басты кейіпкердің шежіресі, туған және қайтыс болған күндері, білімі, мурид пен муршид кезеңдері, шығармалары, Хожа Абдулхалиқ Ғиждуванидің шығармалары, көзқарастары мен ілімдері, Ғиждуванидің өзінен бастау алып, соңы Хожа Бахаудин Нақшбандқа дейінгі сопылықта «Хожагон - нақышбандия» тариқатында болған «Жеті пір» туралы дәлірек және толығрақ ақпарат дайындауға барынша күш жегірімізді қостық.

Біз олар туралы араб, парсы және түрік тілдерінде осы жұмысымызда қысқаша болса да мәлемет беретін боламыз. Дерек көздерден пайдалана және қолда бар ақпаратты жинап оларды оқырмандар қолдарына ұсынуға тырыстық. Қазіргі уақытта «Нақшбандия» тариқатына қызығушылық танытқан көптеген адамдар осы тариқат туралы оқыған немесе естіген болса да олардың негізін қалаған қалаушылары, ұстаздары мен шәкірттерінің өмірінен, тіпті қайда туылып, қайда жерленгендіктері жайында хабарсыз екені қайда құпия емес. Олардың өмірлік іс-әрекеттерінен, олар білмейді. Бұл тариқат туралы зерттеулер жүргізілді және алда осы мәліметтермен танысасыздар. Бұл диплом жұмысы - оқырмандардың осы керемет сопылық тариқатындағы Шейх пірлерінің өмірі және олардың қызметі туралы көбірек білуге ​​көмектесуге үміттенеміз.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Сопыщлық жайында көпшіліктің көз қарасында әр-түрлі келіспеушіліктер көп кездестіріп тұрамыз біреулері «Сопылық -Тасаувуф дінде (ислам) жоқ десе, енді басқалары «Сопылықсыз жасалған құлшылық толық құлшылық болып саналмайды» деген сөздер ел арасында тарқалған. Бірақ бұл пікірлердің еш қайсысы іліми дәлелмен құпталған дүние емес. Іліми тұжырымға сүйенген көз қарастарға назар салсақ, Имам Ән-науауи (ол кісіден Алла разы болғай) «Әл-Уафи. таңдаған қырық хадис шархы» кітабында келген мына бір Хадисті тілімізге тиек етіп кетсек әбден болады.

Омар (Аллаһ оған разы болсын) : «Бір күні біз Аллаһ елшісінің (с. а. с. ) қасында отырғанымызда аппақ киімді, қою қара шашты, сапар шегіп келгендігі байқалмайтын және оны бізден ешкім танымайтын бір адам келді. Ол Пайғамбардың (с. а. с. ) тізелеріне тізелерін тиістіріп (қарсы) отырды да, қолдарын өз сандарының үстіне қойып: «Уа, Мұхаммед! Маған Ислам туралы хабар бер», - деді. Аллаһ елшісі (с. а. с. ) : «Ислам дегеніміз - сенің Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ және Мұхаммед - Аллаһтың елшісі деп куәлік беруің, намаз оқуың, зекет беруің, рамазанда ораза тұтуың және жолына шамаң келсе, Үйге (Қағбаға) қажылық жасауың», - деп жауап қайтарды. (Жаңағы адам) : «Сен рас айттың», - деді. Ал біз оның (Аллаһ елшісіне (с. а. с. ) ) сұрақ беріп және оны мақұлдап, растағанына таңғалдық. (Сонан соң) ол: «Енді маған иман туралы хабар бер», - деді. (Аллаһ елшісі (с. а. с. ) ) : «Ол - сенің Аллаһқа және Оның періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне, Қиямет күніне, сондай-ақ тағдырға: оның жақсылығы мен жамандығына иман келтіруің», - деді. (Ол тағы да) : «Сен рас айттың», - деді. (Сонан соң) : «Сен маған енді ихсан туралы айтып бер», - деді. Аллаһ елшісі (с. а. с. ) : «Ол - сенің Аллаһқа Оны көріп тұрғандай құлшылық қылуың, егер Оны көріп тұрғандай бола алмасаң, Ол сені көріп тұр», - деді . . . 1 [1 - 11 бет]

Хадистегі мына бір жолдары: «Сен маған енді ихсан туралы айтып бер», - деді. Аллаһ елшісі (с. а. с. ) : «Ол - сенің Аллаһқа Оны көріп тұрғандай құлшылық қылуың, егер Оны көріп тұрғандай бола алмасаң, Ол сені көріп тұр», - деді. Сопылық - тариқаттың дінде негізі бар екендігіне осы хадистің айқын дәлел бола алатындығын айтқан ислам ғалымдары болған. Хожагон - Нақшбандия тариқатының маңызды ерекшеліктері келесідей;

Біріншіден , Бахауддин Накшбандидің «Жүрегің Аллада, қолың еңбекте болсын» («Диль ба ёру, даст ба кор») деген ұраны Хожагон - нақшбандия тариқатының көп жұмыс істеуге және қол еңбегімен өмір сүруге шақыруын білдіреді. Сонымен қатар, нақшбандия тариқатына жататын бұл адамдар өз отбасыларын дамытуға, елге қарауға және сауда-саттықпен айналысуға құқылы болды. Сондықтан бұл топ тез дамып, кең тарала бастады.

Екіншіден , Хожагон - Нақшбандия тариқатының ұстанушылары басқа тариқаттардағы сияқты «зікір алония» жария зікірменен емес, «зікіру хафия» жасырын зікірге шұғылданған. Зікір алония ұстанушыларында муридтер жиналып билейді, яғни біреуі мистикалық ғазалдарды үнтаспада оқиды, ал қалғандары зікірді биімен оқиды. Олар Алланың атын немесе «лә илаха иллаллаһ» сөзін дауыстап айтады. Ахмад Ясауидің ізбасарлары осы зікірді ұстанды және олардың зікірлері «Зікір арасы» деп аталды. Бұл жағдайда зікір дауысы араны кесу дыбысымен салыстырылады.

Үшіншіден , Хожагон - Нақшбандия тариқатының әулиелері сәуегейлікке үзілді-кесілді қарсы болған. Муридтің басты мақсаты - дүниелік және рухани тазару, ал Абдул - Холиқ Ғиждувоний тек мұсылмандар қиын жағдайға тап болған кезде ғана каромат етуді қажет деп тапты. Басқа жағдайларда, олар мұны шәкірттерді өз ғылымдарына баулу немесе оларға үлгі болу үшін жасады.

Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Сопылықтың басты пайдасы ол: адам зат өміріндегі мақсаты «Кемел адам» болып, кемелдікке жету. Ал кемелдік дегеніміз - қазіргі адамдар бағалайтын және қажет ұғым. Әр адам өмір бойы алған тәжірибесімен, білімімен және дағдыларымен өмір сүреді. Ол өзінің өмір салтын және осы жолда жасаған барлық істерін бағалайды. Басқа адамдардың оң пікірлері, әрине, жағымды, бірақ сын кез келген адамға ұнай бермейді. Адам өмір бойы біліп немесе білмей көптеген қателіктер мен күнәлар жасайды. Бұл кейбір жағдайларда күрделі мәселелерге әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін кемелдікке жету керек.

Жұмыстың тәжірибелік маңызы. «Хожагон - Нақшбандия» тариқаты заманауи адам бойында жақсы адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуде, шынайы адалдықты, халалдықты, жанашырлықты, адамгершілік пен патриотизм рухымен сусындануды сопылық ілімін сіңірудің ерекше мүмкіндіктерін беруіне, тәрбелеуіне септігін тигізеріне үметтеніміз. Адам өзі өмір сүретін ортаның нәзік рухани әлеуметін пайдалану арқылы өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі бақылау, ақыл-ой және физикалық бақылау механизмдерін іске қосу арқылы жақсы қасиеттерді бойына сіңіру жүйесін дамытады. Бұл шындық жолына ұмтылу, жағымсыз қасиеттерден арылуға, жақсы және адал мінез-құлыққа тәрбиелеунуге және оларды жасырын еске алу арқылы өзін-өзі тазартудың жүйесі. Халық әрқашан кемелдікке ұмтылып, ізгі ниетпен өмір сүреді. Ол отбасын нығайту және өмірін жақсарту арқылы елге пайда әкеледі. Ол ұлттық идеялар мен дәстүрлерге негізделген және Ата бабаларының рухынан күш алады.

Зерттеудің нысаны мен пәні. Осы тәлім - тәрбие алдымен Алла тағаланың өзінің жердеге Халифаты болған адам затты тура жолға бастайтын хақ тағаладан өзінің соңғы елшісі Мухаммед (с. а. с) ке періште Жәбрейіл әмин (а. с. ) арқылы 23 жыл бойы уахи арқылы түскен қасиетті Құран - Кәрім мен ардақты пайғамбарымыз (с. а. с) Хадис шәріфтері осы зерттеу ісіміздің негізгі нысанының қайнар көзі.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды бөлім және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

СОПЫЛЫҚ ЖАЙЫНДА ТҮСІНІК

Сопылық - исламдағы адамды рухани-адамгершілік кемелдікке жетелейтін ілім. Ғұламалар Суфизм сөзінің мәні мен мағынасы туралы әртүрлі пікірлер мен болжамдар айтқан. Олардың ішінде Ибн Халдунның пікірі ақиқатқа жақын деп саналады. Ол өзінің «Муқаддима» атты еңбегінде «суф» - «жүн», «тері» деген мистикалық сөзден шыққан болуы керек, өйткені ежелгі сопылар жүнді киім киюге дағдыланған болатын, өйткені олар қарапайым халықтан ерекшеленіп, өзгіше тәсілдер көрсеткен. Стандартты әлемнен өзгеше өмір сүретін болған. [М - 5 бет] . «Тасаувуф» және «сопы» сөздері ІХ ғасырдың басында өмір сүрген Әбу Хашим Суфийдан бастап қолданыла бастады. Бұрынғы уақытта бұл терминнің орнына «Зухд» («Аскетизм», «Дүниеден бас кешу»), «Тақуалық» және «Сақтық» сияқты сөздер істетілген. Ибн Халдунның айтуынша, сахабалар, табиғиндар және де олардан соң кейінгі ғасырлардағы адамдарда хидаят, ғибадат, тақуалық және зохидтық сияқты түрді эмоция сезімдер бейнеленген . Алайда хижраның екінші ғасырында және одан кейінгі замандарда адамдардың көпшілігінде зайырлылық, діни істерге немқұрайлы қарау, тәкаппарлық пен екіжүзділік сияқты белгілер пайда бола бастаған кезде, мойынсұнушылық пен аскетизмді таңдаған адамдар тобы тасаувуф пен сопылық есімдерімен шығып бөлініп кетті. Тасаувуф әр түрлі түсіндіріледі. Мысалы, Маруф әл-Кархидің (қайтыс болған. 815 ж. ) Пікірі бойынша «Тасаувуф -, ақиқатқа қарай ұмтылу, адамдардың дүниесінен ашкөздікпен дәмеленбей, кедейлікті таңдау». Зуннуни Мисри (қайтыс болған 859 ж. ) : «Сопы байлық іздеп өзін шаршатпайды және жоғалған байлығына жаны ашып, қайғырмайды» десе, Джунайд аль-Бағдади (қайтыс болған. 909 ж. ж. ) : «Тасаувуф - жүректі таза ұстау, жүре пайда болатын ілсіздік пен жағымсыз қылықтардан аманда болып, хайуаний және көңіл қалауларын жеңе білу», деп түсінік берген. Сондай-ақ ол: «Егер тасаувуф бір үй болса, шариғат - оған кіреті есік» дейді. Сопы Аллаяр бұл анықтаманы қуаттай келе: «Егер шариғатсыз адам ауаға ұшып кетсе, ол сияқты өзімшілдікке көңіл бөлме». Египеттік ғалым Ибраһим Басюний өзінің «Исламдағы суфизмнің шығу тегі» кітабында хижраның үшінші және төртінші ғасырларында өмір сүрген ғалымдардың Тасаувуфқа қатысты 40 сипаттамасын келтіреді. 2

Орта азия елдерінде кең таралған сопылықтағы тариқаттар.

Бүкіл әлемде Қадария, Хожагон-нақышбандия, Шазилия, Рифа-ия, Яассауия, Мәулауия тариқат мазхабтары мәлім және мәшһүр. «Тариқат» деген сөз асылында дұрыс жол, шындық жолы деген мағыналарды білідіріп келеді. Тариқат ахлы сопылар. Шариғат - заң, тариқат - жол. Бұл жол адамды Ақиқат жолына жақындатады. Машайхтар Ақиқат жолына жету үшін шариғат бірінші, тариқат екінші, мағрифат үшінші, ақиқат ол төртінші саты, деген.

Қадария тариқаты: Бұл тариқатың негізін қалаған Абу Мухаммад Мухиддин Абдул Қадыр Жиланий (р. а. ) есімімен аталады. Абдул Қадир Жиланий Хижрий 470 жылы Бағдадта дүниеге келді. 562 жылы осы жерде қайтыс болған. Бұл кісі әйгілі фақих және ол Шафеий мазхабынан да, Ханбалий мазхабынан да пәтуа беретін болған.

Шазилия тариқаты: Бұл тариқат Абул-Хасан Шазили р. а. ге қатысты. Ол хижраның 593 жылы дүниеге келді және хижраның 656 жылы қайтыс болды. Абул Хасан Шазили р. а. ең танымал сопылық ғалымдардан, зухд ғалымдардың бірі болған. Ол Тунис, Египет, Ирак және Меккеге көптеген сапарлар жасады. Каирдегі Комилия медресесінде ол студенттерге Кази Ийоздың "шипа", "Рисолай Кусайрия", "Аль-Мухаррар аль-ваджийз"кітаптарын үйретті. Адам ақтауға және өмір бойы айыруға лайық емес еді. Ол адамдардың істеріне араласып, әлемнің игіліктерінен ләззат алып өмір сүрген.

Рифа-ия тариқаты: Бұл тариқаттың негізін қалаушысы Ахмад ибн Ахмад Рифаийдың, оған Аллаһтың рахымы болсын, атына берілген. Ол хижраның 512 жылы Ирактың Басра мен Васит арасындағы Умм Убайда ауылында дүниеге келген. Жастайынан әкесінен жетім қалып, нағашысының қолында өскен. Алдымен ол фиқһты Шафиғи мектебінде оқыды. Оған нағашы ағасы тасаувуф үйретіп, кейін осы тариқаттың шейхі болды. Ахмад ибн Ахмад Рифаий (Алла оған рақым етсін) хижраның 578 жылы қайтыс болды.

Яссауия тариқаты: Бұл тариқаттың ұлы сопысы Қожа Ахмад Ясауидің есімімен аталады. Ол хижраның 562 жылы қайтыс болды. Қожа Ахмад Ясауи шейх Юсуф Хамаданидің халифаларының бірі болған. Ол Бұхарада оқыды. Ясауи мәзһабы силсила тарапынан хожагон нақшбандия тариқатымен байланысты. Бұл мәзһабта жария зікірі болған.

Мәулауия тариқаты: Бұл тариқаттың негізін қалаушысы Маулана Жалалиддин Румиге жатқызылған бұл ағым Анадолыда кең таралған. Маулана Жалалиддин Руми (оған Алланың рақымы болсын) хижраның 604 жылы дүниеге келген. Оның тегі әке жағынан Әбу Бәкір Сыддыққа және ана жағынан Мовароуннахрда билік құрған Хорезмшах әулетіне оралады. Ол ұзақ уақыт Сұлтан Алоуддин Селжуктің астанасы Конияда өмір сүрді және қайтыс болды және сол жерде жерленді. 3

Мына бір жағдайды ескеруіміз қажет, шариғат пен тариқат бір - біріне қарсы деп қарастыру қателік болып табылады. Бұл ақида кейбір Батыс исламтанушылардың көз қараса болып, олар тариқатты шариғатқа қарсы немесе тариқат шариғаттан алдын тұрады деп түсіндірмекші болады. Мұндай түсінік дұрыс емес. Себебі, Шайх Воиз Кошифий шариғат пен тариқат бір бүтін, бір - бірімен үздіксіз байланған, деп ескерткен болса, Хожагон - нақышбандия тариқатындағы пірлерінің (ұстаз) бірі болған Хәзрет Мир Кулал : « Тариқат шариғаттың көз қарашығы, яғни сақтаушысы » деген.

Тұран өлкесінде нақышбандия, қадирия, яссауия, куброуия тармақтары кең таралған. Қадирия тариқатының негізін қалаған Шейх Абдулқадыр Желоний (1079 - 1166), Яссауия тариқатының негізін қалаған Қожа Ахмед Яссауий (1166 ж қайт. ), Куброуия тариқатының негізін қалаған Шейх Нажмиддин Кубро (1145 - 1221), Нақышбандия тариқатының негізін қалаған Хазрет Бахауддин Нақышбанд (1318 - 1386) болды. Нақышбандия тариқаты Хожагон тариқатының жалғасы болып табылады. Ал ендеше, Хожагон тариқатының негізін қалаған кім ?

- Оның негізін қалаған Хожаи Жахон есімімен бүкіл әлемге мәшһүр (танымал) болған Хәзірет Абдулхалиқ Ғиждувоний (1103 - 1179 - 1220)

Не үшін ХХІ ғасыр технология мен білім дамыған ғасыры болғанымен хожагон - нақышбандия тариқаты Үндістан мен Пәкістан, Малайзия мен Түркия, тіпті батыс елдерінде де, тамырын жайып, бұл бағытқа қызығушылық күн санап көбейе түсуде ?

Хожагон - нақышбандия тариқаты Қасиетті Құран - кәрім және Хадис шәріфтегі тәлімге жүйеленген. Тариқат пірлерінің басты міндеттері пайғамбар ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болғай сүннеттерін қайта тірілту немесе жандандыру, бидғат пен ырым - жырымға қарсы күрес.

Тариқатқа кірген жан, жүрегін - жүректің рухани кірлерінен тазартуы шарт.

Әбу Абдуллаһ Нуғман ибн Башир (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) : «Мен Аллаһ елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ) : «Ақиқатында, халал белгілі және харам белгілі, ал олардың арасында адамдардың көпшілігі білмейтін шүбәлі (Халал яки харам екендігі анық болмаған. ) нәрселер бар. Шүбәлі нәрседен сақтанған өз дінін және өз абыройын (сақтау) үшін (одан) арылады, ал шүбәмен айналысушы харамға да баратын болады. Өйткені ол әне-міне кіріп кеткелі тұрған қойларын қорық маңында бағып жүрген шопанға ұқсайды. Әр патшаның өз қорығы бар, ал Аллаһ тағаланың қорығы - (адамдарға) тыйым салғандары. Ақиқатында, адам денесінде бір кесек ет бар, ол жақсы болса, бүкіл дене жақсы болады, ол жаман болса, бүкіл дене жаман болады, шын мәнінде ол - жүрек», - дегенін естідім», - деген. » 4 , - деп ескеркен пайғамбарымыз Мухаммед ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болғай.

Ақиқатында, жүрек Алла тағаланың илаһи назары түсетін орны ол пенденің жүрегі болған нысанды тазалау - хожагон - нақышбандия тәләм - тәрбиесінің басты мақсаты болып есептеледі. «Нақшбанд - бар дил банд!», яғни Алла тағаланың есімін жүрегіңе ойып жаз! деп үгіттеледі, нақышбандия тәлім - тәрбиесінде . Хожагон - нақышбандия тариқаты «Сил-силаи шариф»тың лидері пайғамбарымыз Мухаммед (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болғай) болады.

«Хожагон - нақышбандия» тариқатының тізбегі: Бұл сопылықтағы «Хожагон - нақышбандия» тариқаты пайғамбарымыздан Абу Бакір Сыддыққа, ол кісіден Сәлман Әл - Фарисиге өткен. Пірлер (ұстаздар) тәртібі Сәлман Әл - Фарисиден кейін төмендегі тізбекпен жеткен: Хазрет Қасым ибн Мухеммед, Хазрет Жағфари Садық, Хазрет Баязид Бастамий, Хазрет Абулхасан Харақаний, ХазіретАбу Али Формадий, Юсуф Хамадоний, Абдулхолиқ Ғиждувани, Хазрат Мир Кулол, Хазрат Шохи Нақышьанд Бахоуддин Увайсий ал Бухорий және басқалар.

«Силсилаи шариф» тың мысалы бір үлкен бәйтерек ағаш іспеттес осы ағаштың бұтақтары бар. Жоғарыдағы «Силсила» Хожи Тешабобо Қобил ибн Мустафа аль Бухарий (1923 - 1997) тиісті болып, ол жердегі пірлер тізімі Хазрет Убайдуллах Ахрордан соң басқа бұтағында жалғасады.

Бұл «Силсила» ағаш бұтақтары Туркия, Малайзия, Пәкістан, Үндістан, Индонезия тағы да, басқа жерлерге барған. Туркиялық пір муршид шайх Махмуд Асъад Жушон (бұл кісінің атасы Бұхаралық болған) .

Осы «Силсила» дағы және де басқа хожагон - нақышбандия тариқатындағы жеті пір толық - Хожаи Жахондан бастау алып, Бахауддинге шейін болған муршидтер есімдері зікір етілген. Осы орында жеті пір кәмілдер жайында қысқаша мәлемет беруді жөн көрдік.

Бұл «Силсилаи шариф» тізбегіндегі бір неше пірлер увайсийлерден саналады. Солардан, Баязид Бастомий, Абулхасан Қарақаний, Хазрет Бахауддин секілді пірлер. Кімде - кімді өткендердің рухы тәрбиелесе, ондай кісі увайсилерден болады екен. Мәлім болуынша, Мухаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тің рухы Увайс Қаранийді тәрбиелеген. Пайғамбарамыз (с. а. с) «Мен барша жақсылықтарды толықтырып соңына жеткізу үшін жіберілдім» деген мағынадағы хадисі бар. Тариқат пірлері де, Пайғамбардың (с. а. с) көркем мінезіндей болу үшін, сол секілді Алла елшісінің әдептілгі мен көркем мінезін көпшілік халыққа үйретуге еңбектенген.

Фиқһ шариғаттың ظَاهِرٌ (сыртқы) бейнесін зерттесе, тасаввуф (сопылық) болса оның بَاطِنٌ (ішкі) бейнесін зерттейді. Хусайн Воиз Кошифий: Тасаввуф тариқаттың тармақтарының бірі. Және бұл атаудың келіп шығуы жайында ғалымдар арасында түрлі көз қарастар бар. « Унсул суфия » кітабында жазылуынша, бірінші болып «Суфий» аталған кісі Адам - ата перзенттерінің бірі - Шиіс әлейһиссалам еді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҚЫТ ҮЛІМЖІҰЛЫ - НАҚШБАНДИ ТАРИҚАТЫНЫҢ БИІК ӨКІЛІ
Қожа Ахмет Йасауи поэзиясының түркі әдебиетіндегі орны мен маңызы
Түркістанның ислам әлеміндегі ерекше орны
Қазақ хандарының шығу тегі
Алтын орда туралы ақпарат
Рухани мәдениетке байланысты қалыптасқан этномаркерлі топонимдер
Материалдық мәдениетке байланысты калыптасқан этномаркерлі топонимдер
Қазақ хандығының құрылуы және оның маңызы
Сүлеймен Бақырғани өмірбаяны
Моғолстан мемлекеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz