ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ

Филология және педагогика факультеті

Қазақ филологиясы кафедрасы

«Қазақ әдебиеті»

пәнінен

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «ӨТІРІК ӨЛЕҢ: ЗЕРТТЕЛУІ, ЖИНАЛУЫ ЖӘНЕ ЖАРИЯЛАНУЫ»

Мамандық шифры
Оқу бөлімі
Мамандық шифры: 5В050117
Оқу бөлімі: Күндізгі

Орындаған: Сатыбалдинова Д. Ж.

Тексерген: ф. ғ. к.

Бағасы:

Көкшетау, 2021

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР

1. 1 Өтірік өлеңдердің зерттелуі . . .

1. 2 Өтірік өлеңдердің жиналуы мен жариялануы . . .

ІІ ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕРДІҢ ЖАНРЛЫҚ СИПАТЫ

2. 1 Өтірік өлеңдердің көркемдік ерекшелігі . . .

2. 2 Тақырыптық-идеялық қырлары . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ . . .

ҚОСЫМШАЛАР . . .

КІРІСПЕ

І ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР

Өтірік өлеңдердің зерттелу тарихы

Өтірік өлең - қазақ халқының тұрмыс салтына байланысты шығарылған ауыз әдебиетінің көне түрі. Біріне бірін шендестіре айту арқылы бір заттың екінші заттан өзгешелігін көрсету болып табылады. [1, 211] . ҚАЗ. ӘД. ТАРИХЫ I ТОМ, 2-КІТ, А, 1964

Ал, зерттеуші З. Ахметов өтірік өлеңге «Өтірік өлең дегеніміз - қазақ ауыз әдебиетіндегі өмір құбылыстарын шындыққа жанаспайтындайй етіп айтатын өлең түрі. Негізіненалғанда өмірде бар нәрселер өлең қылып айтылады, бірақ сол нәрселердің сипат-ерекшеліктері, қимыл-әрекеттері табиғи қалпынан өзгертіліп, мүлдем нанымсыз етіп көрсетіледі. Сондай-ақ әртүрлі жануарларға, аң-құстарға, жәндіктерге адам істейтін әрекеттрер телініп айтылады немесе адамның істейтін істері шындықтан алшақталып сипатталады», - деген анықтама береді және мынандай өлеңді мысал етеді:

Бақа қызын беріпті көбелекке,

Жүгіріп қара шыбын жеңгелікке.

Құмырсқаның бір туын ұстап алып,

Той қылып, ат шаптырды төңірекке.

Немесе:

Ақ тышқанға күмістен таға қылдым,

Көр тышқанның терісін жаға қылдым.

Көбелектің терісін жыртпай сойып,

Он бес қарыс жиындық саба қылдым.

Он бес жігіт жиылып көтере алмай,

Енді саба қылмасқа тоба қылдым.

Сонымен қоса, зерттеуші З. Ахметов өтіріктердің халық ауыз әдебиетіндегі өзіндік ерекшелігін былай суреттейді: «Өтірік өлең халық поэзиясында айрықша тапқырлықтың, өмір шындығын жақсы біле отырып оны өзгертіп, қисынсыз түрге келтіріп айтуға шеберліктің белгісі ретінде бағаланған. Асылында, қисынсыз нәрселерді қиыстырып айтып, өтірік өлең шығару да оп-оңай нәрсе емес және өтірік өлеңнің адамның ой-қиялына түрткі болып, көңілін көтеру жағынан да өзіндік мәні бар. Өйткені, өтірік өлең құлаққа тосын естілетін, ақылға қона қоймайтын қисынсыздығымен, тыңдаушысын, оқырманды елең еткізіп, таң қалдырып, айтылған жайларды зейінге алып, өтірік пен шындықтын арасын барлап, байқауға, ойлануға мәжбүр етеді. Қисынсыз нәрсенің сондайлық екені былай да ап-анық сияқты болғанымен, оның өтірік екені шындықты жақсы түсіну арқылы айқын аңғарылады», - дейді. Осы бір анықтама арқылы өтірік өлеңнің де өзіне тән танымдық мәні барын ұға аламыз. ӘДЕБИЕТТАНУ ТЕРМИНДЕРІНІҢ СӨЗДІГІ

Халық ұғымында бала бес жастан бастап өзінше дәурен кешеді және бұл жастағы баланы «ойын баласы» деп атаған. И. С. Кон осы жастағы балаларға қатысты: «. . Барша халық бес пен жеті жас мөлшеріне ерекше мән береді. Бес, жеті жаста бала естияр болады деп есептеледі де, жаңа әлуметтік жүк арқалай алатындай орнықты мінезге ие болады», - дейді. И. С. Кон бұл жастағы балалардың әлуметтік қызметіне ата-аналардың балаларға өздерінен кішілерді бағып-қарауды, мал-жанға қарауды, басқа да үй ішілік жұмыстарды сеніп тапсыра бастауын, балалар бұл тараптағы міндеттерді өз мойнына жауапкершілікпен ала алатындығын айтады. КОН. РЕБЕНОК И ОБЩЕСТВО. М. 1988 Бұл жастағы балардың әлуметтік орны, ойнайтын ойыны, ойы мен сөзі және айтатын жыры өзгереді. Осыған сай, К. Ісләмұлы бұл жастағы балалар поэзиясын «жеткіншектер поэзиясы» деп атап, оны іштей маусымдық жырлар, арнау-тілек өлеңдері, тақпақтар, сұрамақтар, қызықтамалар, мазақтама және өтірік өлеңдер деп жіктейді. Өтірік өлеңге ғалым «Қазақ халық поэзиясындағы ерекше қызғылықты, балалар құмарта тыңдап, қызыға жаттап алатын фольклорлық жанр» деп анықтама береді. Сонымен қоса, өтірік өлеңді бүлдіршіндер ғана емес, үлкендер де сүйсіне тыңдайды, тіпті бүгінгі айтыста да бұл жанр тіріле, жаңа қырынан танылып жүргендігін тілге түйреу етеді. Сол сияқты халық «Тазша баланың қырық өтірігі» жөніндегі ертегіні де ұрпақтан-ұрпаққа қастерлей жеткізіп келетіндігі аян. Бұл өтірік өлеңнің қазақ халық ауыз әдебиетіндегі көне де, дәстүрлі жанр екендігінің айғағы болып табылады. Біз білетіндей, ел арасында өтіріктің қара сөзбен айтылатын түрлері де мол кездеседі. Тіпті, әр ауылдың өзінің қиыннан қиыстырып, «өтірікті тыңдай, ақсақты тыңдай» қылып әңгімелейтін адамдары болған. Бұл күндері белгілі Әлімжанның өтірігі, Судырахметтің өтірігі делінетін әңгімелер айқын айғақ. РУХАНИ УЫЗ

Өтірік өлеңге М. Ғабдуллин мынандай анықтама береді: «Қазақтың ерт едегі салты бойынша, ойын-сауық кездерінде айтылатын өлеңнің бір түрі». Бұл жанрдың ерекшелігін былай түсіндіреді: «Нақтылы деректерді мол шеберлікпен үдеген фантастикалық дәрежеге жеткізу, адамның ойына келмейтін «өтірік» әңгімеге айналдыру қазақ ауыз әдебиетіндегі өтірік өлеңдер түрінің негізгі бір ерекшелігі болып табылады». ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ, М. ҒАБДУЛЛИН

Өтірік өлеңді іштей үлкендерге арналған және балаларға арналған деп шартты түрде жіктейміз. Үлкендерге арналған өтірік өлеңдердің негізгі тақырыбы - өмір шындығын көрсету. Бұл шығармаларда қарама-қарсы жағдайлар баяндалып, келтіре ұйқастырылып отырады. Байдың сараңдығын, ханның қаталдығын күлдіре отырып қатты сыналады. Бұл ақындардан ерекше тапқырлықты қажет етеді. Халықтық өтірік өлеңдерде осы тапқырлық молынан кездеседі. Сонымен, мұндай өтіріктерде әрқашан әлуметтік салмақ жатады.

Балаларға арналған өтірік өлеңдерге келер болсақ, балалар репертуарындағы өтірік өлеңдердің ересектер жырынан үлкен ерекшеліктер бар. Ең алдымен, балалар өлеңдерінде үлкендер өтірік өлеңдеріндегі салмақты әлуметтік ой, терең мағына байқала бермейді. Олардың құрылысы қарапайым болыпкеледі. Көбінесе төрт жолдан тұратын қара өлең үлгісіндегі қысқа шумақтардан келеді және ұзақ сонар сюжет те жоқ. Өлеңдердегі жан-жануарлар да балаларға күнделікті өмірден таныс болып келеді. Мысалы:

Мініп алып құртқа,

Өрмеледім бұлтқа.

Алып келіп Айды,

Көрсеттім көп жұртқа.

Немесе:

Жасадым жұмыртқадан алтын табақ,

Сүңгі мұзды боршалап еттім тамақ.

Шегірткенің сирағын қасық жасап,

Ертеден кешке дейін іштім шалап.

Өтірік өлең бала қиялын ұштауда, бейнені ойлауға жетелеу, ұтқырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеуде аса маңызды рөл атқарады. Сондықтан, халық ақындары мен балалар жазушыларының шығармаларында бұл жанр жалғасын тауып, өрісті дамып келеді. Бүгінгі күн тақырыбына арналған өтірік өлеңдерді «Балдырған», «Ұлан», «Ақ желкен» сияқты газет-журнал беттерінен кездестіре аламыз. Бұл өлеңдерде ғылым мен техниканың жаңалықтары өтірік өлеңнің көне формасымен жымдаса астасып келеді. Мысалы:

Поезға арттым жалғыз қауырсынды,

Тарта алмай тепловоз ауырсынды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халық шығармашылығындағы өтірік өлеңдер
Өтірік өлеңдердің жанрлық сипаты
ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР туралы
Балалар әдебиетіндегі бесік жырларының маңызы
Бaлaлaр aуыз әдeбиeтi-бaлaлaр әдeбиeтiнiң aлтын қoры
Балалар поэзиясының әдеби-көркемдік және тағылымдық-тәрбиелік мақсаттарды ұштастырушы сипаттарын теориялық негіздеу
Сәбилік ғұрып жыры
«Батырлық ертегілер»
МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ДӘСТҮР
Балалар әдебиетінің қалыптасу тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz