Ұлы ақын Абай Құнанбаев - қазақ халқының эстетикалық ойының шыңы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
НОВОИЛЬИНОВ ОРТА МЕКТЕБІ КММ-сі.

КАРИМЖАНОВА АМАНГҮЛ.

10 А сынып оқушысы.

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ АҚЫНЫ АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗЫ.

Бағыты:лингвистика.
Секциясы: әдебиет.

Ғылыми жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Киябаева Салтанат Сансызбаевна.

2017жыл

МАЗМҰНЫ.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1 тарау. АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫ ЭСТЕТИКАСЫНЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
0.1 Ұлы ақын АбайҚұнанбаев-қазақ халқының эстетикалық ойының шыңы ... ... ... ...7
0.2 Абай түйіндеген негізгі эстетикалық қағидалар үш саладатабиғат,адам,өнер аясында көрініс табуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2 тарау. АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗЫ.
2.1 Егеменді еліміздің ертеңі-жан-жақты дамыған тәрбиелі жастар.Демек,әрбір халықтың,кезеңнің,дәуірдің жемісі-ұрпақ тәрбиесі ... ... ... ... ... 20
2.2 Абай шығармалары эстетикасы арқылы әсемдікке баулу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .22
3.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
4.Пайдаланылған әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

Абстракт.

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ АҚЫНЫ АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗЫ.
КАРИМЖАНОВА АМАНГҮЛ.
10 А сынып оқушысы.
Ғылыми жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Киябаева Салтанат Сансызбаевна.

Зерттеудің мақсаты:
-Абай шығармаларының эстетикалық тәрбиесі және оның маңызын ашу;
-ақын шығармалары эстетикасын халық этнопедагогикасымен байланыстыру.
-ұлттық тәрбиеміздің қайнар көзі-данышпан ақын бабамыздың асыл мұрасын зерттету,ұғындыру,сусындату,тәрбиел еу.
Зерттеудің дерек көздері:Ғылыми жұмыс кезінде пайдаланылған әр түрлі әдебиеттер ,жинақтар,көркем шығармалар,ғаламтор желісі.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық маңыздылығы.
-Егеменді еліміздің ертеңі бүгінгі жастар мен бала тәрбиесі жөніндегі Елбасымыздың билік партиясы алдындағы сөйлеген сөзі,тапсырмасы;
-бүгінгі таңда Абай шығармаларындағы эстетика әрқилы халықтар мен мәдениеттерді жақындастырып,барлық көзі ашық адамзаттың рухани игілігіне айналуы,осылай ғана әлемнің ұлы халықтарының деңгейіне көтерілуіне болатындығына қол жеткізу.
Осы зерттеулік жұмыстар арқылы осындай қорытындыға келдім:
1. Ұлы ақын АбайҚұнанбаев-қазақ халқының эстетикалық ойының шыңы.
2.Абай түйіндеген негізгі эстетикалық қағидалар үш салада-табиғат,адам,өнер аясында көрініс табуы.
3. Егеменді еліміздің ертеңі-жан-жақты дамыған тәрбиелі жастар.Демек,әрбір халықтың,кезеңнің,дәуірдің жемісі-ұрпақ тәрбиесі.
Абай шығармаларындағы эстетикалық тәрбие арқылы жастарды тәрбиелеуге болады.
Қолданылу аясы: Отбасы,мектеп,орта және жоғары оқу орындары.

AESTHETIC QUESTIONS OF EDUCATIONAL VALUE IN CREATIVITY OF ABAY
AMANGUL KARIMZHANOVA.
10 "A" FORM.
Research supervisor: teacher of Kazakh and literature: Saltanat Sansyzbayevna Kiyabayeva.
Relevance of a subject:
- Literature - means of wisdom and a source of education;
- Abay top of an esthetic thought of the Kazakh people:
- Basic esthetic principles of Abay;
- esthetic problems in works of the poet.
Research objective:
- To disclose value of esthetic education in his works;
- communication of ethnopedagogics and national esthetics.
- research of heritage of ancestors, knowledge of the nature and properties of the personality.
Tasks of research work:
As Sabit Mukanov about esthetic works of Abay "All wise men spoke there are not poets, all poets are not wise men, Abay-both from them".
Research project:
Abay left to youth heritage of ancestors, traditions and customs of the Kazakh people, spirituality in traditions, and morality of art taste, aspiration to beauty, to art, to see all internal wealth. Sources issledovaniya:nauchny literature, collections, works of art, faculty meetings.
Scientific novelty and theoretical importance of a research.
- Tomorrow of our sovereign country, education of children and youth, a speech of the head of state before the people;
- the new children's organization - "Zhas ulan" unique youth movement "Zhas Kyran"
- Today the esthetics in works of Abay a source of spiritual mankind, also unites all people and cultures. And the esthetics has to be wellbeing of spiritually rich person, only this way it is possible to become the great people.

Кіріспе:

Тақырыптың өзектілігі:
-Әдебиет-әр уақытта даналықтың танымдық құралы,тәрбиенің көзі;
-Абай-қазақ халқының эстетикалық ойының шыңы:
-Абай түйіндеген негізгі эстетикалық қағидалар;
-ақын шығармаларындағы эстетикалық мәселелер.
Зерттеудің мақсаты:
-Абай шығармаларының эстетикалық тәрбиесі және оның маңызын ашу;
-ақын шығармалары эстетикасын халық этнопедагогикасымен байланыстыру.
-ұлттық тәрбиеміздің қайнар көзі-данышпан ақын бабамыздың асыл мұрасын зерттету,ұғындыру,сусындату,тәрбиел еу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
Абай қалдырған мұралары ата-баба салт-дәстүрлерінде қазақ халқының имандылыққа,адамгершілікке,әсемдікк е,сұлулыққа,өнерге,талғамдыққа бай екеніне қол жеткізу,талдап түсіндіру және бұл қасиеттерді қазіргі заман жастарының бойына сіңіру жолдарын қарастыру.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық маңыздылығы.
-Егеменді еліміздің ертеңі бүгінгі жастар мен бала тәрбиесі жөніндегі Елбасымыздың билік партиясы алдындағы сөйлеген сөзі,тапсырмасы;
-бүгінгі таңда Абай шығармаларындағы эстетика әрқилы халықтар мен мәдениеттерді жақындастырып,барлық көзі ашық адамзаттың рухани игілігіне айналуы,осылай ғана әлемнің ұлы халықтарының деңгейіне көтерілуіне болатындығына қол жеткізу.
Әдебиет-әр уақытта да халықтың танымдық құралы,тәрбиенің көзі болып келген,бола да бермек.Демек,XIX ғасырдағы Европа оқымыстылары қазақ халқының әдеп-ғұрыптары және мәдени тарихымен таныса келіп:- бұл ел тосын,жұмбақ ел-деп атаған.Ресей ғалымдары: -бұл ел көшпелі тұрмыспен,мал шаруашылығымен шұғылданады,бай ауыз әдебиеті,музыкасы бар,өмірге өте төзімді халық-деп санаған.
Байырғы қазақ халқы не түрлі өмірді басынан кешірген,соған қарамастан өзінің ұлттық рухани сипатын толық сақтап қалған. Өзі мен табиғаттың арасындағы байланысты түсіну,тану барысында дүниенің жұмбақ сырларына зер салумен шолу жасаған.Барлық сұрақтардың жауабын халық қара сөзбен, өлең сөзбен айтуға тырысқан.Ата-баба салт-дәстүрінде қазақ халқының әсемдікке,сұлулыққа,өнерге,талғамды ққа қаншама бай екенін де әдебиеттен аңғара аламыз және осы асыл мұрамызды бағалай біліп,еңбекпен,ізденумен ерінбей үйренуден қалыптасатын әсемдікті яғни эстетиканы игере білуіміз қажет екенін түсінеміз.
XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиетінің іргетасын қалаушы-Абай Құнанбаев еді.Абай ақылыменен ғасырлар бойы қалыптасып келген қазақ халқының рухани мәдениетінің ,алдыменен оның ауыз әдебиетінің мәнін танып біліп классикалық тәжік-парсы және көне түрік поэзиясының жақсы салттарын бойына сіңірумен қатар өз заманының озық идеяларының белгісі ретінде танылды.Ұлы данышпан ақын халқымызды,оның ішінде,әсіресе,жастар мен жас бүлдіршіндерді оқуға,білімге,өнерге,имандылық пен адамгершілікке,парасаттылыққа шақырды.
Қазақ әдебиетінің классигі Мұқтар Әуезовтің бейнелеп айтуынша,қазақ ағартушыларының бір ірі қайраткері,данышпан әрі ойшыл Абай Құнанбаев өз халқының рухани көзі болып,онымен бірге ойлап,сезіне білді және оның жарқын болашағына риясыз сенді.
Қазақтың классикалық поэзиясының асқар шыңы болып саналатын-Абайдың мұрасы мол.Ақынның шығармаларында моральдық-философиялық,қоғамдық-сая си және кейіптік-сатиралық ой толғаулары маңызды орын алады.
Ұлы ақын Абай Құнанбаев-қазақ халқының эстетикалық ойының шыңы.Ғасырдан-ғасырға ұласып,шексіз қазына болып келген ұлы ағартушы,өмір ұстазы,ақынымыздың бүгінгі күнге дейін жеткен-асыл мұрамызды әр адамның бойына зәру етіп сіңіру,бүгінгі күннің өзгеден еңселі міндеті.Олай болмағанда қалыптасқан тәрбие негізінде да терең шындық бар екені баршамызға аян.
Ұлы ақын эстетика мен өнер туралы арнайы теориялық еңбектер жазбаса да,оның эстетикалық көзқарасы қазақ халқының эстетикалық ойының шыңы болып табылады. Ол эстетикалық терминін қолданбай-ақ әдеміліктің мәнмағынасынсұлу,әдемі,нұрлы,ажар лы,көрікті,сымбатты,сәнді,сүйкімді деген кәдімгі қазақтың төл сөздері арқылы жеткізген.
Абай өзінің ағарту платформасының негізгі- сыншылық эстетикаға сүйеніп,дарынсыз,ақшаға сатылған ақындарды сынап-мінеп,сөз өнеріне,оның эстетикалық қуатына зор мән берген.
Қорыта келгенде,ақынның қай өлеңін,қай сөзін алсақ та,үлкен-кіші,кәрі-жас, қалың елім,қазағын - барша қауымды,әсіресе,жас буынды ақыл парасатты болуға ,өнер-білімге,ізгілікке баулуға уағыздайды.Қазақ көгінде жасындай жарқырап,туған халқының жүрегіне үміт отын жағып,әлемдік өркениет пен мәдениетке қарай көш бастаған данышпан Абайдың эстетикалық мұрасын игеру,оны зерттеу - ұлттық эстетика тарихын білуқазақ елінің ұрпақтары-қазіргі жастар біздің айналып өтпес борышымыз.

Негізгі бөлім:
1 тарау. АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫ ЭСТЕТИКАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
2.1 Эстетикалық тәрбиенің міндеттерінің бірі - Эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әр түрлі болады. Біреулер әдемілікке үңіле қарап, оның сырын білуге тырысады, ал кейбіреулер оған онша мән бермейді, қалай болса солай қарап, жанынан өте шығады. Әдемілікті сезіну үшін, оған түсіну үшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка және ән саласынан әрбір адамда білім болуы қажет. Білім адамды әдеміліктің объективтік критерилерімен қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай біледі, түсінеді. Айналадағы дүниеге сезімталдық, эстетикалық қабылдау қырағышығы, ықыластылық, қамқорлық баланың эстетикалық дамуының негізі болады.
Эстетикалық тәрбиенің аса маңызды құрамдас бөлігі-көркемдікті сезіну, көре білу сонымен қатар, оны түсіну және соның төңірегінде ой жүргізу болып табылады. Бұған эстетиканың негізгі ұғымдарын меңгерту арқылы қол жеткізуге болады. Олар көркем суретте- реңк бояуларын, жарық пен көлеңкенің мәнін тани білу, формаларын меңгеру, ал музыка мен ән өнерінде дыбыстар мен олардың үндестігі, ырғақ пен жылдамдық т.б. білу солар туралы ұғымдар мен түсініктері болуы керек.
Бұл мәселелерді шешу үшін арнайы ұйымдастырылған жұмыс жүйесі ол жастардың біртіндеп және бірізділікпен білім жинақтауы, жинақтаған тәжірибесін талдауына жол аша білетіндей болуы талабы қойылады. Белгілі эстетика танушылар мен эстетикалық тәрбие ілімін зерттеуші ғалымдар оның құрамын: эстетикалық талғам қалыптастыру, эстетикалық қабылдауын ұйымдастыру, эстетикалық сізімін тәрбиелеу, эстетикалық мұра мен эстетикалық қызығуын дамыту, эстетикалық белсенділігін арттыру- деп қарастырады.
Балалар мен жеткіншектерге эстетикалық тәрбие беруде халық мұрасының тәрбиелік күшін ұлы Абай да жоғары бағалады. Эстетикалық тәрбие саласында арнайы еңбек қалдырмағанымен, өлеңдері мен қара сөздерінен Абай да халық мұрасының тәрбиелік мәнін жақсы түсініп, оны жинауға атсалысты. " Ел ішінен қолөнер бұйымдарын жинастырып Семей музейіне тапсырады, маңайындағы ақынға - жыршыларға халық арасынан кең тараған жырларды қайта жырлауды, оларды хатқа түсіруді жүктейді".
Абай өзінің педагогикалық идеялары мен көркемдікке тәрбиелеу ой тұжырымдарын өрбіте келіп, 27- ші қара сөзінде былай деп атап айтады: Сократ пен Аристотельдің пікірлері : "әуелі көзді" көрсін деп беріпті, егер көз жоқ болса, дүниедегі көрікті нәрселердің көркінен қайтіп ләззат алар едік Осы Абай қырық үшінші қара сөзінде ары қарай толықтырады. "Ол хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалынен, ұнамсызы - ұнамсыз қалыппен, өз суретімен көзге түседі. Жан қуатымен адам хасия қылған өнерлері де күнде тексерсең күнде асады. Көп заманнан тексермесең, тауыш алған өнерінің жоғалғандығын және өзінің ол мезгілдерден бір басқа адам боп кеткендігіңді білмей қаласың" . Екі томдық шығармалар жиынтығы.
Абай өзінің шығармаларында эстетикалық түсініктерге, әсемдік, сұлулық, талғам және т.б. Эстетикалық категорияларға арнайы талдау жасамағанымен оның өлеңдерінде осы түсініктерді қамтитын мазмұнды шумақтар аз емес.
Балалардың эстетикаға әсерленуі туған табиғатты бейнелейтін көркем сипаттама мен көріністерді жақсы түсінуге негіз салады. Яғни адамнаң дүниені Эстетикалық мақсатымен де тығыз байланысты.

Эстетикалық тәрбиенің басты құралдарының бірі көркемөнер туындылары болса, ол адамдарды жақсыға еліктетіп, кез келген істердің, құбылыстардың жақсы жағын көре білуге, оны байытып, дамытуға жұмылдырылған. Олай болса Абай Құнанбаев шығармаларындағы эстетикалық тәрбиелік ойлар туралы сөз қозғамас бұрын, оның көркемдік талғам парасатының қалыптасуына ықпал еткен факторлар туралы айтқан орынды. Ақын медреседе оқып жүрген кезінде, көбінесе, шығыс ақындарының шығармаларын көп оқығаны туралы оның өмірбаянын зерттеушілер М.Әуезов, С.Мұқанов, Р.Сыздықова, Қ.Жұмалиев, Х.Сүйіншәлиев, З.Қабдолов, т.б. жеткілікті айтқан. Бұны олар Абайдың алғашқы ақындық жолына түсуінің еліктеуден басталғанын, ізденіс кезеңі ретінде қарастырады. Зерттеуші ғалымдар жалпы ақынның қалыптасуына үш бұлақ - Шығыс поэзиясы мен қазақ ауыз әдебиеті, орыс әдебиеті және Еуропалық әдебиеттің ықпалы болғанын айтып келеді. Кейін келе ақын поэзияны еркін меңгерген кезде өз жолын анық бейнелейтін шығармалар жазып, қазақ әдеби тілінің бай қорын емін-еркін пайдалануы және тіл тазалығынан көруге болады.
Қазақ әдебиетінің классигі Мұқтар Әуезовтің бейнелеп айтуынша,қазақ ағартушыларының бір ірі қайраткері,данышпан ақын әрі ойшыл Абай Құнанбаев өз халқының рухани көзі болып,онымен бірге ойлап,сезіне білді және оның жарқын болашағына риясыз сенді.
Қазақтың классикалық поэзиясының асқар шыңы болып саналатын-Абайдың мұрасы мол. Ақынның шығармаларында моральдық-философ қоғамдық-саяси және кейіптік-сатиралық ой толғаулары маңызды орын алды.
Бүгінгі еліміздегі барша қауымның,жастарымыздың-болашағымызд ың ой санасына халқымыздың ғасырлар бойы қастер тұтып келген ар-ождан, намыс,атамекен,ана тіліне деген ерекшелік,әдеп,иба,қайырымдылық , үлкенді,ата-ананы құрметтеу, кісілік,кішілік,қарыз,парыз,борыш,м індет,
имандылық,елге,жерге деген сүйіспеншілік,достық,жолдастық,маха ббат т.б. жақсы қасиеттерді ұлы данышпан ақын атамыздың өнегелі де құдіретті,жүрекке жақын сұлу да көркем сөздері арқылы жеткізу,яғни оларды өз еліне халқына,дәстүріне,тіліне,өнеріне,та рихына т.б. жақсы қасиеттерге жақындату,сол нәрлермен сусындату.Ұлттық тәрбиенің қайнар көзі-данышпан ,дана ақын Абай бабамыздың асыл сөздерін зерттеп ұғыну,онымен сусындалып,тәрбиелену болып табылмақ. . Еліміздің көркейіп өркениетті елдер қатарына, әсіресе, халықаралық деңгейге көтерілуіне осы заманғы жас ұрпақтың бет-бейнесі және олардың тәрбиелік деңгейіне де тікелей байланысты. Олай болса, бүгінгі мектеп оқушылары мен жастар бойында жаһандану заманына лайық, әлемдік мәдениет пен өзге тілдерді меңгеру және тіл арқылы өз мәдениетінің жетістігін дамыту мүмкіндіктерін қарастыруды қажет етеді. Бұны қайтадан жандандырудың көп жолдарының бірі - халқымыздың көркемдік тәрбиеге байланысты ертеден келе жатқан ой-пікірлеріне сүйене отырып, солардың ішінен қазіргі заманғы эстетикалық тәрбие беруді шешуге іргетасы болатын ұрымтал ойларды бүгінгі күн талаптарына сай пайдалану. Бүгінде еліміздің білім беру ұйымдарында Абай шығармаларын оқыту мен оларды тәрбие үдерісінде пайдалану жұмыстары жанданып келеді.Біздің мектепте де Абайтану факультативі жоғары сынып оқушыларына ұлы ақын,ойшыл Абайдың шығармашылығын жан-жақты зерттейміз. Ақын шығармалары арқылы эстетикалық тәрбие беруді қарастырғанда алдымен шығармаларын философияның эстетикалық талабы тұрғысынан қарастыру, содан соң ғана солар арқылы эстетикалық тәрбие беру мәселелеріне назар аудару керек деген ойдамын.
Абай өнер адамының шындыққа деген эстетикалық, талғамының ең жоғарғы көрінісі сұлулық деп білді. Оның түсінігінде жоғары рух аңыздарда айтылатын керемет құбылысы емес, адам санасының ақиқат күші. Ақынның өмірлік мұраты - адамгершілік қарым-қатынастарды жетілдіре түсу. Сондықтан да Абайдың әдеби мұрасы қазақ халқының эстетикалық, мәдениетін қалыптастыруда және оны одан әрі дамытуда маңызды қызмет атқарды - деп атап көрсетеді. Көлемі 8,4 баспа табақ, 8 500 дана болып басылған.
Абай Құнанбаевтың арнайы эстетикалық трактаттар жазбағаны белгілі. Әйтсе де, данышпан ақын-композитордың шығармаларынан әсемдікке, сұлулыққа деген эстетик. талап-талғамын айқын аңғарамыз. Өйткені, елінің, халқының қамын жеп, жоғын жоқтап, мұңын мұңдап өткен ақынның өскен ортасынан, туған жерінен, жер, ел тағдырынан, салт-дәстүрінен, тарихынан, енері мен мәдениетінен сырт, жақсысына сүйінбей, жаманына күйінбей өмір сүруі мүмкін емес. Абай балалық шағынан бастап поэзияның мол мұрасының ішінде өсті. Қазақ үлгісіне Түсірілген шығыстың атақты дастандары мен қиссаларын, бәйіт пен ғазелдерін, аңыз-әңгімелерін, сол сияқты қазақтың төл ертегілері мен жырларын, айтыстары мен шежірелерін, өлеңдері мен әндерін алдымен шешелерінен естіп, айлар бойы ауылдарына келіп жатып кететін ақындар мен жырауларды тыңдап, үлгі өнеге, тәрбие алды. Кейіннен олар бүл дәстүрді бұрынғыдан да жандандыра түсті. Ақын-жыраулар мен әнші-күйшілерді төңірегіне жинап, олардың өнерлерін тамашалап, әрбіреуіне баға беріп, жол сілтеп отырды. Әрбір өлең мен әнге ғана емес, тыңдаушыға да Абайдың қоятын талабы зор болуының бір себебін осы дәстүрден іздеген жөн. Өзіне дейінгі ақындардың көпшілігінің өлеңдеріне көңілі тола бермеді

1.2. Ақын шығармаларындағы эстетикалық қағидалар үш салада - табиғат,адам,өнер аясында көрініс тапқан десек:-
-Табиғат эстетикасының мәні-табиғаттың адамда эстетикалық сезімді тудырып,ол сезімнің оның санасында ,күнделікті тіршілігінде көрініс табуы;
Ақын қаламының қуаты артып, өмір тәжірибесі толысқан сайын қыз сұлулығына талғамы да басқаша деңгейге көтеріле түседі, ол Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы өлеңінде сұлуды - кең маңдай, аласы аз қара көзі, қасы туған айдың бір жаңасындай, қыр мұрын, ақша жүз, ал-қызыл бет, тісі қолмен тізгендей, мойыны жұп-жұмыр, жауырыны тегіс, иығы тік, нәзік бел, бойы ұзын да емес, қысқа да емес, толқынды қара шаш - сыртқы келбетін айта келе, енді оның ішкі жан дүниесіне үңіледі - сөзі әдепті, мағыналы, саусағы іске ыңғайлы, -- деп үйлесімділік табады. Соңында көз таңдайды деген жалғыз сөз, ақынның талғамынан хабардар етеді. Қыздар арасында кездесетін кейбір нашар қылықтарды бұртақтаған, орынсыз жыртақтаған деп келтірсе, осы Қандай қызда ләззат бар жан татпаған өлеңінде жігіттерді де сынай кетеді арсыз, ұятсынбайды, тыртақтаған, ой таппаған, кұр бекерге бұлғақтаған десе, бұған сыр сақтаған жігітті қарсы қояды. Ақын мұраты әйтеуір еңбек еткен жігіт.

Табиғат көркемдігі - кез-келген адамның жанына қуаныш ұялатып, сезімін оятатын ұрымтал дүние. Ғабит Мүсірепов Үлкен сарынның ақыны деген еңбегінде Абайдың орыс классиктері - А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Толстой, Салтыков-Шедрин, Некрасов, т.б. үлгі-өнеге алғанын айта келіп, әсіресе, табиғат көркемдігі мен адамның сезіміне қатысты тұстарына тоқталады. Жазушы Абайда еліктеу жоқ, үндестік барын даусыз дәлелдейтін көп өлеңдер бар екенін баса көрсетеді . Атап айтсақ, табиғат көркемдігіне байланысты Абайдың Жазы, Қысы Пушкин, Некрасовта кезедесетін Жаз бен Қыстарға үндес. Бірақ, ол үндестік сезіну жағынан реалистік ақындардың өз ойын өзінше дәл суреттей алу жағынан суреттеу, -- дей келе, оны орыс әдебиетіндегі, я басқа бір әдебиеттегі қалпында емес, қазақ әдебиетінің рухына төл тумадай қабыса кететін етіп кіргізді деп жоғары бағалайды. Алайда, қазіргі кезде адамдардағы сезім тапшылығы олардың ішкі жан дүние әлемін кедейлендіріп, мұқалтып отырған секілді. Табиғат көркемдігін жырламаған ақын, сипаттамаған жазушы жоқ. Олар табиғаттың сөз түріндегі бейнесі арқылы адамның сезімін қозғауды көздеген. Адамға ең жақын табиғат көркемдігі. Табиғат - бұл қоршаған әлемнің әр алуан туындысы. Әркімнің туған жері - тау, тас, құм, шөл, мұз бен қар болуына қарамастан өзіне көркем және туған анасы секілді тартып тұрады. Табиғат өнерде сөз, әуен, бояу арқылы бейнеленеді. Ақын, жазушылар табиғаттың ашық, айқын тұстарымен бірге әдеттегі адамдар көре алмайтын, көрсе де көркемдеп айта алмайтын құбылыстарын сөзбен суреттеп бейнелейді. Сондай суреткерлік Абай өлеңдерінде ерекше байқалады, мысалы, ол Қансонарда бүркітші шығады аңға өлеңінде аңшылықтың ерекшеліктерін тұрмыс салтымен ұштастыра келіп ұтымды және көркем сөздермен ұйқастыра келтірген. Солардың ішінде осы өлеңге түр беріп тұрған және оның көркемдігін өңіне келтіріп тұрған сөздер, ғанибет, ықшам, қайтқан ізі, із шалғанда, қағушы ойда, томаға, самғағанда, тісін қайрап, т.б. Осы өлеңнің бүкіл эстетикалық маңызын көз алдыңа алып келетін көріністер жаңа жауған аппақ қар: Қансонарда бүркітші шығады аңға... Салаң етіп жолықса қайтқан ізі, Сағадан сымпың қағып із шалғанда... Түлкі мен бүркіттің алпарысуының аппақ қар үстіндегі бейнесін және шомылып жатқан сұлу қызбен салыстырған тұсы: Қар - аппақ, бүркіт - қара, түлкі - қызыл, Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға..., деп келтіргені қай жастағы адамға болса да түсінікті, десек те қазіргі кездегі қалада туып, өскен, қыстың даладағы сипатын көзімен көрмеген, ал аңшылықтың жайын тек мылтық асынып барып, бір-екі ит-құсты аяусыз өлтіру немесе атып келу деп таяз түсінетін мектеп оқушыларымен, студенттеріне эстетикалық тәрбие ұйымдастыруда осының мәнін көркемдік заңдылығымен түсіндіру қажеттігі туындап отыр. Бұл өз кезегінде оқушылардың экологиялық көзқарасын қалыптастыруға да септігін тигізер еді. Абайдың табиғат лирикасын сөз еткенде әдебиет теориясындағы бейнелеу әдісін ескере отырып, оны орыс әдебиетінде осы қыс бейнесінің берілуімен салыстырмалауға болады. Мысалы, Некрасов қысты мороз - красный нос деп бейнелесе, Абай қазақ халқының түсінігіне жақын кәрі құда бейнесінде береді. Ол Абайдың орыс әдебиетіндегі әдістерді үйреніп, өзінше, қазақ ауылы ұғымына жақын меңгеруі деуге болады. Бұл жөнінде Қ.Жұмалиев Абай поэзиясының тіліне байланысты еңбегінде талдап келтірген. Осыған орай Абайдың психологиялық паралеллизм әдісі жөнінде де осыны айтуға болады. Мысалы, қыс бейнесі А.С.Пушкиннің Қысқы кеш өлеңімен де салыстыруға болады. Осындай салыстыруды ақынның Желсіз түнде жарық ай өлеңіне байланысты айтуға болады. Бұл еңбек педагогика, оның ішінде, эстетикалық тәрбиеге байланысты болған соң әдеби талдауларға тереңдей бермедік. Өйткені, олар туралы жеткілікті жазылған. Бұдан басқа ақынның Жаз, Күз, Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай, Қыс, Желсіз түнде жарық ай, Қарашада өмір тұр т.б. табиғат құбылыстарына арналған өлеңдерін де эстетикалық тәрбие мақсатында қолдануға болатындығы айтылып келеді. Бұл ретте ақын шығармасы арқылы эстетикалық тәрбиеге байланысты сөз қозғағанда көпшілік авторлар, мектеп мұғалімдері, т.б. зерттеушілер осы табиғат туралы жазған өлеңдерін ғана ескереді.
Абайдың психологиялық паралеллизм әдісі жөнінде де осыны айтуға болады. Мысалы, қыс бейнесі А.С.Пушкиннің Қысқы кеш өлеңімен де салыстыруға болады. Осындай салыстыруды ақынның Желсіз түнде жарық ай өлеңіне байланысты айтуға болады. Бұл еңбек педагогика, оның ішінде, эстетикалық тәрбиеге байланысты болған соң әдеби талдауларға тереңдей бермедік. Өйткені, олар туралы жеткілікті жазылған. Бұдан басқа ақынның Жаз, Күз, Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай, Қыс, Желсіз түнде жарық ай, Қарашада өмір тұр т.б. табиғат құбылыстарына арналған өлеңдерін де эстетикалық тәрбие мақсатында қолдануға болатындығы айтылып келеді. Бұл ретте ақын шығармасы арқылы эстетикалық тәрбиеге байланысты сөз қозғағанда көпшілік авторлар, мектеп мұғалімдері, т.б. зерттеушілер осы табиғат туралы жазған өлеңдерін ғана ескереді. Бұдан Ақынның басқа шығармалары арқылы эстетикалық тәрбиені жүзеге асыруға болмай ма? деген заңды сұрақ туындайды. Осы орайда Абай шығармаларынан студенттерге эстетикалық тәрбие беруде ақынның барлық шығармалары негізінде жүзеге асырудың жолдарын қарастыруға болады. Сондықтан табиғат туралы өлеңдерін эстетикалық тәрбиенің бір қыры деп қана айтуға болады. Сонымен, табиғат туралы ақынның басқа өлеңдерін талдағанда олардың тек табиғат көркемдігі емес, сонымен бірге адамның көңіл күйі мен әлеуметтік ахуалын да өлең сөзбен сипаттау ақын шығармашылығының ерекшеліктерінің бірі деуге болады. Оның эстетикалық мәні де осында, мысалы, қыс мезгілінің өзіндік табиғи көркемдігі - ақ киім, ақ сақал, ақ қырау, сықырлап, үскірік, аяз, қар жауып, долданғанда, үй шайқалды деп келтірілсе, сол кездегі адамдардың жай-күйін олардың әлеуметтік ахуалын табиғаттың осы мезгілінің қаталдығымен байланыстырған - домбығып, үсік шалды, шыдамай теріс айналды деп, ал сол кездегі малдың жайын жылқы арқылы: Қар тепкенге қажымас қайран жылқы, Титығы құруына аз-ақ қалды, - деп осы кездегі табиғаттың бөлінбес белгісі қасқыр туралы айтып келеді де малшыларға - қор қылма, күзетіңдер, қайрат қыл деп ескерте отырып Құр жібер мына антұрған кәрі шалды деп ой қорытады. Осы өлеңдегі сезімге әсер ететін тұстарын табиғатпен байланыстырсақ, ол әрі көркем әрі қатал сондықтан мұнда эстетиканың екі санаты - көркемдік пен ұсқынсыз тоғыса келіп, өмірдің қарама-қайшылықтарын көрсететін, біріне екіншісі қарсы келуіне қарамастан бір бүтін табиғат құбылысының адам өміріндегі мәнін көрсетіп отыр. Табиғат көркемдігі мен ондағы құбылыстар адамның эстетикалық сезімі мен байқағыштығын дамытып, көңілде ой жүргізіп қиялдануына азық болатыны белгілі. Табиғат құбылыстарын бақылап, одан сабақ алу өнер туындыларын танып-білу, бағалау және қабылдап түсінуге негіз болады. Табиғат құбылыстарын бақылап өскен адам әдебиет туындылары, соның ішінде поэзия және басқа да көркем өнер туындыларын қабылдауға бейімді де бейілді болып өсетіні туралы педагог ғалымдар айтып келеді. Табиғат көркемдігінен адамдар шығармашылыққа шабыт алады, ойлау іс-әрекетіне қор жинайды. Табиғат - сұлулықтың қайнар бұлағы болғандықтан эстетикалық тәрбиедегі оның орнын басқа ешқандай жасанды туындылармен теңестіру мүмкін емес. Табиғатты бақылау арқылы қиялдануға жол ашылады, сөйтіп эстетикалық сезімнің дамуына ықпал етеді. Абай Құнанбаев осындай табиғаттың көркем туындысын бақылап, одан ләззат алып, тояттап өскен. Сондықтан ол оны сөз түрінде суреттегенде сан алуан теңеулер мен салыстырмалар, гипербола, парабола секілді тәсілдерді әдебиет теориясын білмей тұрып-ақ, туа біткен дарыны мен данагөйлігі нәтижесінде сипаттай алған. Мысалы, Қызарып, сұрланып өлеңінде адамның елбіреп, қалтыраған жас та нәзік сезімі мен табиғат көрінісінің сәйкестігін: Жанында жапырақ, Үстінде жұлдыз да. Елбіреп, қалтырап, Жігіт пен ол қыз да, -- деп суреттеген. Жалпы ақынның табиғат көркемдігін толайым сезініп, көңіл толқуларын сөзбен жеткізудегі шеберлігін оның Желсіз түнде жарық ай өлеңінен көруге болады. Осы құбылысты көрмеген адам оны дәл ақын Абайдай жеткізе алмас еді. Оның сезімге әсерінің қуаттылығын өлеңдегі сәулесі суда дірілдеп..., тасыған өзен күрілдеп..., жапырағы сыбырласып..., құлпырған жасыл жер жүзі деген сөздерден көреміз. Мұнда да ол табиғаттағы көріністерді адамдар арасындағы қарым-қатынас пен жүріс-тұрысымен астарластырып, қабыстыра келтірген, мысалы: Таймаңдамай тамылжып, Бір суынып, бір ысып. Дем ала алмай дамыл қып, Елең қағып, бос шошып. Соңғы тармақтан, әрине, ақын қыз туралы айтып тұрғаны, сөз айта алмай бөгеліп ақынның өзі не болмаса сол сынды жігіт туралы деп ұғынуға болады. Адамның әлеуметтік-психологиялық ахуалын табиғатпен қатарластыра суреттеу ақын шығармашылығының басты ерекшеліктерінің бірі деуге болады, мысалы, Тоты құс түсті көбелек өлеңінде ол сондай сан алуан бояулармен құлпырған көбелекті көркем және табиғат құбылыстарын адам өмірімен сипаттауда осы өлеңінің астарында балалық, жастық шақты жазғы табиғатпен салыстырмалай келе бәйшешек солмақ... көбелек өлмек деп келеді де адам өмірімен астарластырып адамзатқа керек нәрселерді санап шығады: сүймек, сезбек, кейімек, харекет қылмақ, жүгірмек, ақылмен ойлап сөйлемек деген соңғы шумағы адам мен табиғат арасындағы ерекшелікті көрсетеді. Осы жерден адамның ішкі жан дүниесі мен сыртқы іс-қимылы арасындағы байланысы табиғатпен астарласа келіп заман, қоғам, әлем секілді макроортаға араласып, ұштасып жататынын көреміз: Әркімді заман сүйремек, Заманды қай жан билемек. Заманға жаман күйлемек, Замана оны илемек. Бұл өлеңінде көптің ішіндегі жеке адам немесе бүкіл бір дәуір не замандағы жеке адамның мінез-құлқын сипаттаған. Заманға ілесе алмаған адамның ұсқынсыз кейпі өлеңмен беріліп отыр. Жан рахатын табиғаттан іздегендігін біз Қансонарда бүркітші шығады аңға өлеңінен көреміз. Бұған дәлел ақынның осы өлеңін алдымен оқығандағы алғашқы әсері туралы сөз қозғағанда жастардың аузына түскен алғашқы сөз аппақ, әлі ешкімнің ізі түспеген, жаңа жауған қар, таудың басында бір, төмен жағында (ойда) тағы бір аңшының тұрғаны, олардың үстінде ішік, басында тұмақ, қолында бүркіт дегенді айтысты. Адамның мінез-құлық эстетикасын ақын шығармаларынан іздегенде оны сыртқы сипаты, іс-әрекеті мен ым-ишарат, жаңсаулары, сөйлеген сөзінің мәнділігі, т.б. ұштастыра қарастыру керек. Өйткені, ақын адамның бүкіл болмысын бір-бірінен бөлмей тұтас, жан- жақты зерделейді.
Бұдан Ақынның басқа шығармалары арқылы эстетикалық тәрбиені жүзеге асыруға болмай ма? деген заңды сұрақ туындайды. Осы орайда Абай шығармаларынан оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде ақынның барлық шығармалары негізінде жүзеге асырудың жолдарын қарастыруға болады. Сондықтан табиғат туралы өлеңдерін эстетикалық тәрбиенің бір қыры деп қана айтуға болады. Сонымен, табиғат туралы ақынның басқа өлеңдерін талдағанда олардың тек табиғат көркемдігі емес, сонымен бірге адамның көңіл күйі мен әлеуметтік ахуалын да өлең сөзбен сипаттау ақын шығармашылығының ерекшеліктерінің бірі деуге болады. Оның эстетикалық мәні де осында, мысалы, қыс мезгілінің өзіндік табиғи көркемдігі - ақ киім, ақ сақал, ақ қырау, сықырлап, үскірік, аяз, қар жауып, долданғанда, үй шайқалды деп келтірілсе, сол кездегі адамдардың жай-күйін олардың әлеуметтік ахуалын табиғаттың осы мезгілінің қаталдығымен байланыстырған - домбығып, үсік шалды, шыдамай теріс айналды деп, ал сол кездегі малдың жайын жылқы арқылы: Қар тепкенге қажымас қайран жылқы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
А. Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ойларды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу
Абай, Шәкәрім, Мұхтар шығармаларының тәрбиелік қызметі
А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеялардың сабақтастығы және оны оқу-тәрбие үрдісіне ендіру
Абайдың өмірі мен шығармашылығы
АБАЙҒА БАРАР ЖОЛДА
Абай сөзі - қазақтың бойтұмары
Бала Абайды дана Абай, шәкірт Абайды ұстаз Абай еткен қандай күш
Абай және орыс әдебиеті
И. Оразбаев поэзиясының шеберлік тұғыры
Абай - дана, Абай - дара қазақта
Пәндер