Оқу процесінде оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда мұғалімнің рөлін айқындау


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Қостанай педагогикалық колледжі

Қойшин Айдана Қабыкенқызы

«Қазақ тілі сабағында оқушының өздігінен жүргізілетін жұмыстары» КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Ғылыми жетекші: Кенжегарина Алмагуль Альмуханова

Қостанай, 2021

МАЗМҰНЫ

І. Кіріспе . . . 3

ІІ. Өзіндік жұмыс туралы жалпы түсінік . . . 6

ІІІ. Өзіндік жұмысына қойылатын талаптар және ұйымдастыру . . . 12

ІV. Қазақ тілі сабағындағы өзіндік жұмыстың түрлері және ұйымдастыру формалары . . .

V. Қазақ тілі сабағында өзіндік жұмыстарды жүргізу ерекшліктері

VІ. Оқу процесінде оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда мұғалімнің рөлі.

VІІ. Қорытынды . . .

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Білімалушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілетін дамыту. Көптеген заманнан бері азаттық күрес үшін бас көтеріп, тәуелсіз ел, бүкіл жұрт санасар ұлт ретінде танылып, ана тіліміз мемлекеттік мәртебе алған болатын. Солай десек те, мемлекеттік тіл деп дәріптеп отырған ана тіліміздің қолдану-деңгейі, мәртебесі дәл бүгінгі күні бізді қанағаттандыра алмайды. Себебі қазіргі қоғамда көптеген адамдар өзана тілінде емес орыс тілінде сөлейді. Билік басындағы қазақтың талай оқыған азаматтары өздерінің қасиетті шаңырағында қазақша сөйлеуді парызымыз деп санамайды. Қазақ тілін ардақтау, қастерлеу қазақ халқының өз қолындадеп ойлаймын.

Тіл құрыса, ұлт та құритыны айдан анық нәрсе.

Сондықтан мемлекеттік тілдің қайнар көзі, іргетасын қалаушы сенімді тірек-мектеп деп нақты айта аламын.

Қазір қазақстандағы білім беру саласының алдында оқыту және тәрбие жұмысын жетілдіру, жандандыра түсу міндеті болып табылады. Анығында, бұл талап қай уақытта да болмасын күн тәртібінен түскен емес. Ал, аталмыш мәселені шешу педагогика ғылымының алдына қойып отырған мақсатының бірі - оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге үйретудің түрлі әдістемелік жолдарын табу. Сол арқылы жаңа білімді игеріп, оны болашақ өңірде қолдануға жағдай жасау. Өздік жұмыстар арқылы оқыту білімалушыларға білімді саналы да терең меңгерудің, әр сабақтың сапасын арттыру тиімді жолы екендігі дәлелденіп келеді.

Оқушылардың танымдық әрекеттерін ұйымдастырудың, және соған сәйкес танымдық ізденімпаздығын дамытудың негізгі шарттарының бірі - тасқынды ақпараттарды іріктеп, таңдап, бағдарлай білуі. Зерттеу жұмыстарымен байланысы жоқ оқу процесінде мұндай бағдарлаудың тек қарапайым ғана дағдылары қалыптасады да, оқу бітірген жас маман жұмыс орнында іріктеу, бағдарлаумен, әдебиеттермен жұмыспен, нұсқаулармен жаңадан танысуға тура келеді.

Қазіргі кездегі білім берудің мақсаты - жеке бастың өзіне және қоғамға қажетті бейімділігін, әлеуметтік бағалы белсенділігін дамыту; және сонымен қатар өз бетімен білім, өздігінен қалыптасуын тиімді қамтамасыз ету. Сонда білім беруді ізгілендіру және демократияландыру жеке бастың өзін-өзі дамытуын, өздігінен жеке шешім ала білуді қалыптастыруды көздейді.

Баланың жан жақты дамуы ол әрине қоршаған ортаға, білім беру саласымен тығыз байланысты. Мектепте балаға білім беру үрдісіндегі ең актуалды тиімді принцип-өзіндік жұмыс істеу болып табылады. Қазіргі кездегі қоғам талабына жауап беретін жеке тұлғаны қалыптастыру, өсіп келе жатқан ұрпақ бойында белсенді өмірлік ұстаным тәрбиелеу қажеттілігіне байланысты дидактиканың басты мәселесі - оқыту үрдісінде мұғалім мен окушының өзара әрекеттесуі болып отыр.

Бұл міндеттердің шешімі оқыту үрдісін жалпы қайта құру есебінен жүзеге асырылмақ. Егер әрбір оқушы сабақта белсенді ой әрекетіне қосылса, күші жететін қиыншылықтарды жеңу қажеттілігі алдында тұрса, қорытынды мен жалпылау жасауға, әртүрлі сұрақтарға жауаптарды өздігінен табуға ұмтылса, танымдық белсенділігін және дербестігін қалыптастыру мүмкін болады деп ойлаймын. Оқушылар белсенділігінің осындай сипатын көрсететін қажетті шарт - дербестік таным әрекеті. Ол ұзақ уақыт ішінде оқушылардың әртүрлі өзіндік жұмыстарын орындаумен көбірек байланысты болды. Бұл әрқилы өзіндік жұмыстарды өткізудің мазмұнын және әдістемесін оқу материалын меңгерудің әртүрлі кезеңінде, әртүрлі дидактикалық мақсатқа қол жеткізуге байланысты әзірлеуді талап етіледі. Дербестік таным әрекетін талдауда П. И. Пидкасистый оның ішкі, мәнді жағына ерекше назар аударады. Ол шыныңда да дербестік деп оның құрылымының барлық қажетті элементтерін немесе мұғалімнің тікелей басшылығымен істеуіне жатқызады. Т. И. Шамова өзіндік жұмыс пен дербестік әрекет «жеке жұмыс» деген ұғымдарды сараптау қажеттілігіне меңзейді . Бұл жөнінде ол былай деп жазады: Оқу тек дербестік таным әрекеті үрдісінде ғана өтеді, бірақ ол оқуды оқушылар тек өзіндік жұмыс үрдісінде ғана өткізеді деуге болмайды. Өзіндік жұмыстардың бұл түрі танымдық ізденімпаздықты қалыптастыруда және ақыл-ой мен жаңа эмпирикалық, практикалық білім игеруде жетекші роль атқарады. Бұл жұмыстар оқытудың іскерлік ойыны, конференция, мәжіліс, пікірталас және т. б. сияқты өзіндік формаларын ұсынады.

Оқушылардың танымдық әрекеттерін ұйымдастырудың, соған сәйкес танымдық ізденімпаздығын дамытудың негізгі шарттарының бірі - тасқынды ақпараттарды іріктеп, таңдай, бағдарлай білуі. Зерттеу жұмыстарымен байланыссыз оқу процесінде мұндай бағдарлаудың тек қарапайым ғана дағдылары қалыптасады да, оқу бітірген жас маман жұмыс орнында іріктеу, бағдарлаумен, әдебиеттермен жұмыспен, нұсқаулармен жаңадан танысуға тура келеді.

Қазіргі кездегі білім берудің мақсаты - жеке бастың өзіне және қоғамға қажетті бейімділігін, әлеуметтік бағалы белсенділігін дамыту; сонымен бірге өз бетімен білім, өздігінен қалыптасуын тиімді қамтамасыз ету. Сонда білім беруді ізгілендіру және демократияландыру жеке бастың өзін-өзі дамытуын, өздігінен жеке шешім ала білуді қалыптастыруды көздейді.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Қазақ тілі сабағында оқушының өздігінен жүргізілетін жұмыстарының ерекшеліктерін зерттеу.

Осы мақсатты басшылыққа ала отырып келесі міндеттерді орындаймыз:

  • Өзіндік жұмыс туралы түсінік беру;
  • Өзіндік жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар және бағалануы туралы баяндау;
  • Қазақ тілі сабағындағы өзіндік жұмыстың түрлері және ұйымдастыру формаларын талдау;
  • Қазақ тілі сабағында өздік жұмыстарды төмендегідей мақсаттарға байланысты жүргізуге болады;
  • Оқу процесінде оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда мұғалімнің рөлін айқындау.

Зерттеу жұмысынң нысаны: Қаза тілі сабағындағы өзіндік жұмыстар

Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ІІ. Өзіндік жұмыс туралы жалпы түсінік

Өзіндік жұмыс - оқушының күрделі іс-әрекеттерінің бір түрі немесе оқу жұмыстарының арнайы бір формасы болып табылады немесе. Шағын жинақты бастауыш мектепте оқу-тәрбие жұмыстарының ерекше көңіл аударатын бір саласы - оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары. Бірнеше сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің негізгі педагогикалық міндеті - жеке сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің алдына қойған міндетпен бірдей. Ол да оқу жоспарын, бағдарлама талаптарын орындауға тиіс.

Өзіндік жұмыстардың нәтижелі болуы үшін алдымен «өзіндік жұмыс» деген ұғым нені білдіріп тұрғанын анықтап алу қажеттігі туады: біріншіден, өз бетінше жұмыс балалардың түрлі тапсырмаларды, жаттығуларды ешкімнің көмегінсіз орындаулары, екіншіден, мұндай жұмыстар балаларды ұқыптылыққа, тәртіптілікке, жинақылыққа, бақылай білуге тәрбиелейді. «Өз бетімен жұмысты ұйымдастыру - белгілі бір іс-әрекетте, ең тәуір нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін адамның жеке-дара ерекшеліктері.

Өзіндік жұмыстың мақсаты - оқушының танымдық міндеттерін қалыптастырып, шығармашылық қабілеті мен қызығушылығын дамыту, білімге құштарлығын ояту болып табылады. Өзіндік жұмыс нәтижесі - оқушы білімінің айнасы іспеттес. Себебі өзіндік жұмыс жасай отырып оқушы өз білімінің қаншалықты дәрежеде екенін танытады. Ұстаз алдында отырған дарынды, тапқыр, сөзге шорқақ, қолдауды қажет ететін, есте сақтауы төмен, қабылдауы тез оқушылардың танымдық құзіреттілігін дамыту үшін әр балаға жеке өзіндік жұмыс түрлерін жүргізуі тиіс. Әсіресе бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілі сабағында жүргізілетін өзіндік жұмыс - оқушының болашақта жіберуі мүмкін қателіктерінің алдын алуға мүмкіндік береді. Оқушы бойындағы сауаттылық, ойын жүйелі әрі нақты жеткізу бастауыш сыныптарда қалыптасады, сондықтан оқушының шамасы жететіндей, танымын арттыратындай, шығармашылыққа баулитындай тапсырмалар ұйымдастыру керек. Алдымен қай оқушымен қандай өзіндік жұмыс түрлерін жүргізу тиіс екендігіне сараптама жасап алған жөн. Ол үшін бастауыш сынып оқушыларының сауатын анықтау, грамматикалық тақырыптарды меңгергенін тексеру жұмыстары, тыныс белгілерінің орнын білуі, мазмұндама жазу қабілетін тексеруге арналған сынақ жұмыстарын жүргізген тиімді болады. Аталған жұмыстардан кейін мұғалім өзіндік жұмыстың жоспарын жасап, баланың дүниетанымын, тілдік дағдысын, оқу сауаттылығын сатылай отырып дамытады. Қорыта келгенде, жүйелі жүргізілген өзіндік жұмыс - болашақ ұрпақтың өмірде өз орнын, қарым-қабілетін, өзіндік табиғатын, болмысын қалыптастыруға, бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік беретін іс-әрекет болып табылады.

Өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыруда мынандай талаптарды орындау керек:

1. Өздігінен орындайтын жұмыстың мазмұны бағдарлама талаптарына сай болуы керек;

2. Өзіндік жұмыс оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиіс;

3. Өзіндік жұмыстың түрі, мазмұны әртүрлі болуы керек;

4. Әрбір орындалған өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы керек.

Өздік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:

- мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі;

- жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;

- мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі;

- оған әсер ететін мотивтер.

Өзіндік жұмыстың түрлері сан алуан. Оларды топтастыру - күрделі мәселе. Оның жиі кездесетін бір тобы - сабақ мақсатына қарай қолданылатын жұмыс түрлері:

а) Жаңа білімді меңгеру (материалды жан-жақты талдау, мұғалімнің ауызша баяндауының жспарын, конспектісін жасау т. б. тәсілдерге үйрену) .

ә) Жаңа білімді бекіту (түрлі жаттығулар, есеп шығару, түрлі жазбаша, графикалық, практикалық т. б. жұмыстар) .

Өздік жұмысқа мынадай талаптар қойылады:

1) Тапсырма әрбір оқушының білім деңгейіне байланысты таңдалуы керек.

2) Өздік жұмысты орындауға жеткілікті уақыт берілуі керек (8-15 мин. ұзақ болмайды) .

3) Міндетті түрде тексерілуі керек.

4) Жұмыс сабақтың мақсатына байланысты (жаңа материалды қабылдауға, өткен материалды бекітуге, қайталауға, білімді тиянақтауға) таңдалады.

5) Өздік жұмыстың мақсаты, орындау әдісі оқушыларға түсінікті болуы тиіс.

6) Өз бетімен жұмысқа оқушылар білім деңгейіне байланысты әр түрлі уақыт жұмсайтынын ескеріп, тақтаға не карточкаға қосымша материалдар дайындап әкелу керек.

7) Ескертпе, түсініктеме-карточкалар, перфокарталар дайындау қажет. Оқушыларға өзіндік жұмыс ретінде пәндер бойынша мынадай тапсырмалар беруге болады .

Қазақ тілі сабақтарында - түрлі жаттығу жұмыстарын орындау, қима қағаздармен, перфокарталармен жұмыс, сурет бойынша сөйлем, әңгіме құрау, сөздіктермен жұмыс тапсырылады. Мысалы, мұғалім грамматикалық талдау жасауға сөз, сөйлем немесе мәтін береді. Жоспар жасатады (әуелі ауызша, сонан соң жазбаша жоспар жасатады) . Мұндай жаттығуларды балалар өздіктерінен орындағанымен, оның қалай орындалатыны көрсетіліп, алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіледі. Балалар бір тапсырмадан кейін екіншісін орындайды, олар жұмыстарын өздіктерінен тексереді, қалай орындағандарын мұғалімге айтады. Негізінде қазақ тілі сабақтарындағы жаттығулардың барлығы оқушыларға өздіктерінен жұмыс жасатуды көздейді. Алайда жаттығу ұғымы оқушыларға өздіктерінен жұмыс жасатудан кеңірек. Жаттығу − мұғалімнің басшылығымен орындалатын, оқушылардың алған білімдерін бекітуді көздейтін тұтас тәжірибелік жұмыс. Жаттығуда уақытқа шек қойылмайды. Ал оқушылардың өздіктерінен істейтін жұмыстарына белгілі мөлшерде уақыт беріледі. Балалардың қазақ тілі сабақтарында өз беттерінше грамматикалық талдау жасауы төменгі сыныптардың өзінде-ақ іске асырыла бастайды.

1-сыныптың балалары оқу жылының екінші жартысынан бастап тақтадан, болмаса оқулықтан қысқа мәтіндерді көшіріп жазатын болады, кейбір сөйлемдерді бөліп, жеке айырып жазып қояды, мұғалім астын сызып көрсетіп берген сөздерді жазып алады, кеспе әріптерден сол сөздерді құрастырып, сөздің әрқайсысын буынға бөледі, мәтіннен көшіріп жазып алған сөздердегі дауысты және дауыссыз әріптерді көрсете алатын болады.

2-сыныптың балалары нәрсені, сапаны, әрекетті білдіретін сөздермен танысып болғаннан кейін, олар мәтінде кездескен сол сөздерді өзбеттерінше тани біледі, оған өздерінше сұрақ қоя алады. Заттың атын, сапасын, әрекетін білдіретін сөздерді алдымен жеке-жеке, содан соң топтап жазады, ол сөздердің астын сызып қояды. Содан кейін заттың атын білдіретін сөздерді, оның сапасын болмаса әрекетін білдіретін сөздермен біріктіріп құрастырады. Сол сияқты 2-сыныпта сөздерді буынға бөлу, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстарды табу, сөз екпіні түсетін буындардың астын сызып қою, екпінді дауысты дыбыстарды табу балалардың өз беттерінше істейтін жұмыстары есебінде жүргізіледі. Сөздің түбірімен танысып болғаннан кейін балалар мұғалімнің оқып берген мәтініндегі біріне-бірі ұқсас сөздердің астын сызып, көшіріп жазуға дағдыланады. Балалар біраз уақыт дағдыланғаннан кейін сол түбірге ұқсас түбірлі сөздерді іздеп табуға жаттығады. Өз бетінше жұмыс істеудің бұл түрлері кейінгі сыныптарда да кеңінен қолданылады.

3 және 4-сыныптарда балалардың өз бетінше грамматикалық талдау жасауын ұйымдастыру кең өріс алатын болады. Балалар өз беттерінше сөзге морфологиялық, грамматикалық талдау жасайды. Жазбаша грамматикалық талдау жұмыстарын алғашқыда сызба бойынша өткізген қолайлы. Сызба балалардың зейінін тәртіпке келтіреді, сөз таптарының грамматикалық тұлғаларын есте сақтауға жәрдемдеседі және әртүрлі грамматикалық тұлғаларды өзара салыстыруға мүмкіндік туғызады. Сызбаны пайдаланбай мәтінді жазбаша грамматикалық талдау жасау көбінесе бақылау жұмыстары сияқты болып жүргізіледі. Балалардың өз беттерінше қандай да болсын грамматикалық талдау жасау түрлері грамматика және орфография сабақтарының бір бөлімі болып өтуге тиіс. Оқушылардың өздіктерінен істейтін жұмыстары бастауыш сыныптарда ұзақ болмауы керек және көлемі шағын, мазмұны оңай болуға тиіс. 2-сыныпта − 5-10 минут, 3-сыныпта − 10 минут, 4-сыныпта 10-15 минуттық тапсырмалар беріледі. Мұғалім оқушылардың өздіктерінен орындайтын жұмыс түрлерін, әр пәннің ерекшелігін ескере отырып, алдын-ала дайындауы керек. Өздігінен орындайтын жұмыста ұйымдастыру − сабақтың ең күрделі кезеңі. Өйткені, жұмысты оқушылардың бәрі бірдей бір мезгілде аяқтамайды. Қазіргі кезде білім сапасымен оқушылардың жеке басының қабілетін дамыту қай кездегіден де өткір қойылып отыр. Ол үшін мұғалім оқытудың технологиялық жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануы керек. Өз бетінше жұмысты ұйымдастыруда баланың жеке қасиеттерін ескеріп, жекелей, саралай оқыту әдісін пайдаланған дұрыс. Ана тілі сабақтарында оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысын басқару ісі 1-сыныптан басталады. Ал, 3-сыныпта жүргізілетін жұмыстар 2-сыныпқа қарағанда мазмұны және көлемі жағынан күрделі болады. Оқушылардың өздіктерінен жұмыс істеу әрекеті бірден қалыптаспайды. Ол өте күрделі үдеріс болғандықтан, қарапайым сатыдан жоғары, күрделі сатыға қарай біртіндеп дамиды.

Ана тілі сабақтарында оқушылардың өздіктерінен орындайтын жұмыстарының түрлеріне тоқтала кетсек: ертегілерге байланысты салынған суреттермен жұмыс, қима қағаздар түрінде жасалған шағын әңгімелерді өз беттерінше оқып мазмұнын айту, тақырыптардың авторлары (ақын, жазушылар) және олардың өмірбаяны туралы қосымша деректер, сюжетті суреттермен жұмыс, оқыған әңгімелері бойынша сурет салу, мазмұндама немесе шығарма жазу, тақырыптаы өз бетінше аяқтау, бөлімдерге бөлу, ат қою, сұрақтарға жауап әзірлеу, газет, журнал материалдарымен жұмыс, сахналық көріністер әзірлеу сияқты жұмыс түрлерін тапсыруға болады.

Әр сыныпта өткізілетін сабаққа тиісінше уақыт бөлінуі оқушылардың өзіндік тапсырмаларды ұқыпты орындауына көмектеседі. Оқушыларға өздіктерінен жұмыс істету тек білімді бекіту үшін ғана емес, жаңа материалды түсіндіруде де қолданылады. Мысалы, мұғалім оқулықтан тиісті материалды оқытады, онда не айтылғанын, қалай қорытылуға болатынын ойлануды тапсырады немесе белгілі бір ережені оқытып, мысалдарды талдауға осы ережені қолдануды тапсырады. Ал, оқушылардың тапсырманы сыныпта, үйде өздігінен орындай білуі - оның бойында қалыптасқан білім, білік пен дағдылар сапасының сенімді көрсеткіші.

Оқушылар өздігінен жұмыс істей білуі үшін, алдымен, мұғалімнің берген үлгісіне қарай еліктеу негізінде қарапайым тапсырмалар орындайды.

Мұндайда жұмыстың мазмұнын жасау әдістерінің бәрін мұғалімнің өзі айтып береді, ал оқушы тек орындаушы ғана. Ал егер мұғалім оқушыға бәрін өзі айтпай, бұрын алған білімдерін қолдануға лайықты жағдайлар туғызатын болса, сол кезде оқушы өздігінен ізденіп, жаңа міндеттерді шешуге тырысады.

Сондықтан мұғалім оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастырғанда, алдымен оларды өздігінен жұмыс істеуге дайындайтын жаттығулардан бастап, кейін мұғалімнің көмегімен жасайтын жартылай дербес, ең соңында толық өздігінен жасайтын жұмыстарға үйрету қажет. Мұғалім оқушыларға шамалары келетіндей тапсырмалар ұсынады, онда жұмыстың мақсаты, оны бөлімдер бойынша орындау реті (өзін-өзі бақылау) ; мұғалім тексеру үшін алынған нәтижелерді әзірлеу, реттеу (кері информация) тәсілдері, жұмысты орындау мерзімі келтіріледі. Мұғалім тапсырманың дұрыстығын, оқушылардың оның мазмұны мен нәтижесін қаншалықты түсініп меңгергенін анықтайды: Демек, мұғалім бақылаушы ғана емес, ұйымдастырушы да, оқушының өздік жұмысын тексеруші де. Мұғалім тапсырма арқылы олардың таным қабілетін бағдарламалайды, оны бір мақсатқа бағыттап, сапасын анықтайды. Оқушылар тапсырма алады, меңгерген білім қорына сүйене отырып, оның мақсаты мен орындау тәсілдерін ойластырады және ең маңыздысы - жұмысты өздігінен орындау барысында алынуға тиісті нәтижелерді дағдарламалайды. Содан соң істелген жұмыстың дұрыстығын үнемі тексере отырып, тапсырманы бөлімдері бойынша орындайды. Алынған нәтижелерді реттеп әзірлейді (өзін-өзі бақылайды) және жазу жұмысы, цифрлар, сызулар, суреттер, модельдер т. б. тексеру үшін мұғалімге тапсырады. Оқушылардың оқу жұмысын, оқу әрекетінің жемісті болуы - оқу жұмысын тәсілдерін менгеруге байланысты. Оқыту жұмысын тек сабақ арқылы ұйымдастыру мүмкін емес.

Сыныптық-сабақ жүйесінің негізгі кемшілігі-оқушылардың дара ерекшеліктерін дамытуға жеткілікті мүмкіндіктердің болмауы - оқытуды ұйымдастырудың басқа жолдарын іздестіруге себеп болды. Сондықтант оқушылардың сыныптық-сабақтағы танымдық әрекетін дамыту, толықтыру және оқушылардың өзіндік шығармашылық белсенділіктерін, қабілетттерін арттыру мақсатында оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша түрлері қолданылады. Олардың қатарына семинар, экскурсия, факультативтік, қосымша, конференция сабақтары, өндірістік оқу, үйдегі оқу жұмысы, тәжірибелік зертханалық (практикум) және пәндік үйірме жұмысары, олимпиада, сынақ және емтихан, өзіндік жұмыс түрлерін жатқызуға болады.

Семинар сабақтары көбінесе оқылған лекция тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шыармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейді. Тақырып сұрақрына сай пікір алмасу, өз көзқарастарын дәлелдеу, мұғалімдерге оқушылардың оқу материалын қаншалықты мењгергенін, соған орай сенімдері мен түсініктерінің қалыптасқандығын бақылап, тексеріп, бағалап және бағыт-бағдар беріп отыруға мүмкіндік туғызады.

Семинар сабағына әзірлену кезінде оқушылар тезистер мен баяндамалар жазып, қосымша әдебиеттерді пайдаланады. Ұсынып отырған сұрақтарға қатысты, ондағы бар негізгі ойларды қамтып, конспект құрады. Міне, осындай жұмыстардың нәтижесінде семинар жұмысы оқытуды ұйымдастыруда тиімді форма екенін тәжірибе көрсетуде.

Экскурсия жұмысының мақсаты - оқушылардың сабақта алған теориялық оқу мтериалдарын практикамен жалғастыру, бекіту. Сондықтан оқыту процесінде оның маңызы зор. Ол барлық оқу пәндерде, әсіресе физика, химия, биология, тарих және еңбек сабақтарында кеңінен қолданылады. Бұл оқушыларды оқу процесін бақылай білуге жаттықтырады және оқу материалын өмірмен байланыстыра алуға үйретеді.

Экскурсия сабағын өткізу орнына: мектептің оқу алаңына, табиғат аясына, ауыл шаруашылығына, өндіріске, көрмелерге, музейге бару т. б. нысаналар жатады.

Оқыу процесін бұлай ұйымдастыру мұғалімнен зор ұйымдастыру жұмысын талап етеді. Экскурсия түрінде жақсы өткізілген әрбір сабақ оқушыларға нақтылы фактілер мен құбылыстарды жақсы оқып үйренуге, өз түсініктерін кеңейтіп, білімдерін бекітуге мүмкіндік береді.

Экскурсия сабақтарында мұғалім оқушыларға оның тақырыбы мен мақсатын алдын ала түсіндіреді. Соның негізінде оқушылар нақтылы заттарды байқап, оларға бқылау жасайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалімнің басшылығымен сабақ барысында оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру үрдісі
Оқушылардың өзіндік жұмысына тән сипттарды анықтау
Оқушылардың өздік орындайтын жұмыстарына жалпы сипаттама
Өзіндік жұмыстар оқушылардың танымдық белсенділіктерін қалыптастырушы фактор ретінде
Біріккен сабақ
Қазақ тілі сабағында оқушылардың орындайтын өздік жұмыстары
Топтық жұмыстың мақсаттары
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Биология сабағында өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру
Бастауыш сынып оқушылардың өзіндік оқу жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz