Мемлекеттік аппараттың жұмысындағы жариялылық және ашықтық принципі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Қазақ Ұлттық Агралық Университеті

Мемлекет және құқық теориясы бойынша
Реферат

Тексерген: Нұрбаева. Л.Б
Орындаған: Келгенбай.А.Ш

Алматы-2020
Мемлекет Механизмінің түсінігі
Мемлекет тетігі -- мемлекеттің қызметін (функциясын), алдына қойған мақсатын іске асыруға арналған мемлекет органдарының жүйесі.
Заң ғылымында мемлекет тетігі және мемлекеттік аппарат түсініктері синоним ретінде колданылады. Бірақ, кейбір көзқарастар бойынша мемлекеттік аппаратқа, тікелей басқару ісімен шұғылданатын сол үшін өкілеттілік берілген оргаңдарды жатқызады, ал мемлекет тетігі түсінігіне мемлекеттік аппараттың материалдық қосылымдары кіреді және (қарулы күштер, ішкі істер органдары, түзету мекемелері), себебі мемлекеттік аппарат өзінің қызметін соларға сүйеніп атқарады.
Мемлекет тетігінін, қоғамның өркениетті даму кезендерінде әр түрлі құрылымдары және қызметтері болған. Адам баласының коғамы, прогресс жолымен жылжи отырып, мемлекеттік органдар құрған, мемлекеттің қызметін өз мәнінде қамтамасыз еткен. Мемлекет тетігінің құрамдық және қызметінің әртүрлілігі, онын жалпылама және көптеген бұрынғы және қазіргі мемлекеттерге тән сипаттағы маңызды белгілерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
Мемлекет тетігіне -- қоғамды мемлекеттік басқару және оның негізін мүдделерін қорғау жатады және арнайы органдардың мекемелердің жүйесі арқылы іске асырылады.
Мемлекеттік тетіктің жалпы сипаттағы белгілері мынадан кіреді:
Біріншіден, мемлекет тетігі арнайы басқарумен шұғылданатын адамдардан тұрады (заң шығарумен, заңды орындаумен, оларды бұзудан қорғайды).
Екіншіден. мемлекеттік тетік органдардын және мекемелердін киын жүйесі. өздерінің негізгі билік қызметтерін іске асыруда тығыз байланыста болды.
Үшіншіден, мемлекет аппарат бөліктерінің барлык қызметтері ұйымдастыру және финанс құралдарымен қамтамасыз етіледі, ал керек жағдайда мәжбүрлеу арқылы іске асырылады.
Төртіншіден, мемлекет тетігі азаматтардың занды мүдделерін және құқықтарын қорғауға арналған. Мемлекеттік органдардың өктемдік міндеттері құқықпен шектеледі, ол жағдай мемлекет пен жеке адамдардың арасындағы адамдық қатынасты толығымен қамтамасыз етеді.
Адам баласы қоғамының дамуындағы әртүрлі кезеңдеріндегі мемлекет тетіктерінің өздеріне тән, ерекшеліктері және құрылымдары болды. Бұны, экономикалық, әлеуметтік, мемлекеттің ұлттық құрамдарына, жер көлемдеріне, географиялық жағдайларына, тағы басқа себептерге байланысты түсіндіруге болады.
Ертедегі шығыс және алғашқы еуропа еддерінде мемлекеттердің тетіктері көбінесе тұрақты жүйеде болды. Олар мемлекеттің басшысынан (монарх не болмаса коллегиялды орган), орталық мекемелерден, лауазымды адамдардан, жергілікті органдардан, шенеуніктерден, армиядан, соттан, полициядан және басқа да мемлекеттік құрылымдардан тұрған. Мысалға, Рим республикасының негізгі мемлекеттік органдарына Сенат, үлттық жиналыс, магистраттар жатқан.
Сенат -- Рим мемлекетінің ең жоғарғы өкімет органы болған. Заң шығару жағынан, Сенат центриаттармен трибундардың қабылдаған зандарын бекіткен. Сенатта жайластыру және қоғамдық қауіпсіздікке сәйкес жалпыға бірдей қаулы қабылдаған. Финанс жағынан сенат мемлекеттік бюджетті жасап, салықты белгілеген. Сыртқы саясат жағынан басқа мемлекеттермен келісімдер жасаған не болмаса ондай келісімдердің жүргізілуін қадағалай отырып, бейбітшілік келісімдерді жасауға қатысқан. Әскери құрылым жағынан, Сенат мынадай маңызды мәселелермен шұғылданған: ол армияға шақырылатын адамдардың мөлшерін белгілеген, әскер басшыларына армиялармен провинцияларды бөлген, соғыс жүргізуге қаражат бөлген, төтенше жағдайды хабарлаған, тағы сондай көптеген міндеттерді орындаған.
Ұлттық жиналыс (комицин) жоғарғы заң қабылдаған және басқару қызметтерімен шұғылданған. Оның міндетіне заң жобаларын қабылдау не болмаса қайтарудан басқа мемлекеттің лауазымды (магистраттарды) сайлау, шағымдарды шешу кірген.
Магистраттар, басқару функциясын орындаған, оның ішінде армияны басқарған. Заң жүзінде, Рим мемлекетінің кез келген азаматы магистрат болуға құқығы болған, бірақ шын мәнісінде ол орынға, тек үлкен жер иеленушілердің өкілдері сайланған. Магистрат бір жылға сайланған және ол талас орынға бірнеше адам сайланып, ал басқаруды әрбір магистрат жеке жүргізген. Өздерінің орыңдаған лауазымды міндеттері үшін, магисграттар жалақы алмаған. Магистраттардың міндетіне мына қызметтер кірген: жоғарғы әскер басқарушылығы, келісімге келуді шешу, Сенатты және Халық жиналысын жинап, оны басқаруға, соттың жаза белгілеуге, ұйғарымды орындамағаны үшін айып салуға құқығы болған.
Магистраттар -- өздерінің белгілі басқару міндеттеріне байланысты: консулъдерге, диктаторларға, преторларға, цензорларға, квесторларға бөлінеді.
Консульдар -- ең жоғарғы магистраттарға жатқан. Солар ғана әскер басқарған. Сенат пен Халық жиналысын жинаған, ішкі басқаруды жүргізген.
Диктатор -- төтенше магистрат. Ол ерекше жағдайда, Сенаттың ұсынысы бойынша консульдардың арасынан біреуі ғана, алты айға сайланған. Диктаторлар елге соғыс қаупі туғанда, көтеріліс болғанда және тағы сондай төтенше жағдайларға байланысты құрылған.
Преторлар -- алғашқы кезде, консульдардың көмекшісі одан кейін, мүлік туралы жұмыстарды шешуге, сот фунциясын тұрақты атқаруға көшкен.
Цензорлар -- лауазым иесі ретінде сенаторлардың тізімін жасап, Рим республикасының азаматтарын соғыс және аумақтық жерлерге бөлген, бір мезгілде азаматтардың дүние-мүлкін бағалаған және адамгершілік жөнінде бақылау кызметін жүргізген.
Квесторлар -- әртүрлі міндеттерді орындаған: біреулері, кейбір қылмыстық істер туралы жұмысты басқарған, басқасы байлықты сақтаған, төлемдер қабылдаған және ақша төлеген. Сонымен бірге, магистраттар сауда-саттықты тексерген, ақша шығарған, құрылыс және жолды пайдаланумен шүғылданған.
Феодальдық (ортағасырлық) мемлекеттің тетігі өздерінің даму кезеңдеріндегі ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады: ерте феодальдық, сословиялық -- өкілеттік және абсолюттік монархия. Ерте феодальдық монархия кезінде мемлекеттің құрамы аса қиын болмады. Ол мемлекеггің басы (король, князь). сарай ма-ңындағы ақсүйектер, әскери дружиналар, салық жинаушылар. Кейіннен сословиялық -- өкілетті, орындаушы және басқа мемлекеттік билік органдары пайда бола бастайды.
Ортағасырлық мемлекеттердің шоғырлануына байланысты оның тетігі қиындай түседі. Бірнеше салаға бөлінген басқару аппараты пайда болады: әртүрлі министірліктер, орталык ведомстволар, арнайы сот мекемелері, полиция аппараты барлау және басқа мемлекеттік органдар жетіле түседі. Жекелеген феодальдардың әскери дружиналары бір жерден басқарылатын тұрақты армияға айналады. Сонымен бірге, мемлекеттің алдында тұрған көп мәселелерді шешуге шіркеу мекемелерімен діни ұйымдардың үлкен маңызы болды.
XVII-XVIII ғасырларда,әсіресе Еуропадағы буржуазиялық революция кезеңдерінде мемлекеттік аппараттың құрылымына жаңа жөндеулер және функциональдық қызмет істеу тәртібі кіргізіледі. АҚШ-та мемлекет тетігі өкіметтің бөлінуінің классикалық жолымен құрылған. Заң шығарушы өкімет 1787 жылғы Конституция бойынша екі палатадан тұратын Конгресске тапсырылады: Өкілдік палатасы және Сенат. Мемлекеттің және үкіметтің басы болып АҚШ-тың Президенті белгіленген. Ең жоғарғы сот ретінде Жоғарғы Федеральды сот белгіленген, ол Конституцияға сәйкес келмейтін зандарды қайта қарауға құқығы болған. Мемлекеттік аппарат штаттарда да құрылған: заң шығарушы жиналыс, үкімет, жергілікті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет аппараты, тетігі
Мемлекеттік аппарат түсінігі және түрлері
Мемлекет механизмі түсінігі және сипаты
Мемлекеттік аппараттың түсінігі мен мазмұны.
МЕМЛЕКЕТ МЕХАНИЗМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
СОТ ТҮСІНІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мемлекетұғымы және беглілері
Мемлекет нысанының түсінігі, мәні және мемлекетті басқару нысаны
Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдары
Жалпы мемлекеттік органдар қызметі мен олардың қызмет ету қағидаларына және оның Қазақстандағы жағдайына жан-жақты талдау жасау
Пәндер