Азаматтардың құқықтық қабілеттілігі


Орындаған: Алтыбаев Дияр, А-тобы
Азаматтық құқық субьектілері
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім:
А. Азаматтық құқық субьектілерінің түрлері
Б. Азаматтардың құқықтық қабілеттері
В. Азаматтардың тұрғылықты жері
Г. Азаматтардың есімі.
Д. Азаматтардың әрекет қабілеттілік ұғымы.
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе:
Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік аумақтық бөліністер болып табылады. Отбасылық еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөніндегі қатынастарға азаматтық заңдар бұл қатынастар тиісінше отбасылық, еңбек заңдармен, табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау туралы заңдармен реттелмеген жағдайларда қолданылады.
Азаматтың құқықтық субъектілерінің түрлері.
Құқықтар мен міндеттер қашан да сол құқықтар мен міндеттердің қайсыбір субъектілеріне байланысты болады. Біз қайсыбір субъективтік құқық туралы айтқанымызда, бұл құқыққа әлдебіреудің ие екендігін үнемі есте ұстаймыз. Сондай-ақ, міндеттің де әлдебіреудің мойнындағы міндет екендігін жадымыздан шығара алмаймыз.
Заң тілінде құқықтардың және міндеттердің иелерін "құқық субъектілері" деп немесе "тұлға" деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан алғандағы ұғымы құқық қабілеттілік ұғымымен сәйкес келеді. Құқық өкілеттігін алған құқық қабілетті атаулының бәрін тұлға деп атауға болады. Бірақ, әртүрлі топтар мен түрлерге орай субъектілердің мазмұны біркелкі бола бермейді. Ал азаматтық құқық қабілеттілігі дегеніміз субъектілердің Азаматтық құқыққа ие болып, міндетін орындау қабілеті деп түсіну керек.
Тұлғаның екі категориясы бар. Құқық субъектілері ең алдымен адамдар (жеке тұлға) . Әрбір адам құқық субъектісі. Бірақ, құқықта субъектілердің басқа да категориясының барлығы мәлім. Бұл ұжымдар, толып жатқан ұйымдар, кәсіпорындар, қоғамдар және т. б. да құқық пен міндеттердің иелері болып табылады.
Жоғарыда айтылған екі категориялы құқық субъектілерін (яғни адамдар мен ұйымдарды) бір-бірінен ажырату үшін заңгерлер бұларды жеке тұлғалар және Заңды тұлғалар деп бөледі. Жеке тұлға дегеніміз Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар, заңды тұлға деп мекемелерді, ұйымдарды, кәсіпорындарды және т. с. с. атайды.
Азаматтардың құқықтық қабілеттері
1. Құқық субъектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері құқық қабілеттілігі болып табылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі АК-тің 13-бабында азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті (азаматтық құқық қабілеттілігі) барлық азаматтарға бірдей деп тұжырымдалады. Конституцияның 14-бабына сәйкес, заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
Конституцияның аталған тұжырымына орай азаматтарды құқық қабілеттілігі заңда бәріне бірдей және бірыңғай құрылған. Азаматтық кодекстің 13-бабында азаматтарды құқық қабілеттілігі барлық азаматтар үшін тең дәрежеде екендігі танылған. Дей тұрғанмен, құқық қабілеттілігінің теңдік принципі нақты субъективтік құқық шеңберінде жекелеген азаматтарға берілетін міндеттілік теңдікті көрсете қалды деуге болмайды. Азаматтардың бәрінде бірдей кез келген құқықты ала беру (мысалы, тұрғын үйді; машинаны) мүмкіндігі бола бермейді. Құқық қабілеттілігінің теңдігі дегенді Заңда бұл орайда ешкімге артықшылық бермейтіндігі, ешкімге субъективтік құқық алуға тыйым салмайтындығы тұрғысынан түсіну керек. Азаматтық құқық қабілеттілігінің теңдік принципінен жалпы ережеге сәйкес оны шектеуге жол берілмейді. Азаматтық Кодекстің 18-бабының 1-тармағында былай деп жазылған: "Заң құжаттарында көзделген реттер мен тәртіп бойынша болмаса, ешкімнің де құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге болмайды". Қолданылып жүрген заңға сәйкес, құқық қабілеттілігін шектеу азаматтың қылмыс жасау негізіңде сот үкімі арқылы алынған шара бойынша шектелуі мүмкін. Бұл орайда азамат құқық қабілеттілігінен толықтай (тұтастай) айрылмайды. Тек заңда көрсетілген құқықтарға ғана шектеу қойылады. Қазіргі қылмыстық заңда азаматтың құқығын айыру мына жағдайларға:
1) белгілі бір лауазымды иеленуге немесе белгілі бір қызметті жасауға (жүргізуші, дәрігер және т. б. ) ;
2) елдің аумағында емін-еркін жүріп-тұруға (жер аударумен шектелу) .
Ескерте кеткен жөн, біздің заң бойынша құқықты жою қашан да уақытша сипатта болады. Сонымен қатар құқық қабілеттілігін шектеуді азаматтық басқалай субъективтік құқықтарынан айыру жағдайымен шатастыруға болмайды. Құқық қабілеттілігін шектеу дегеніміз қандайда бір құқықты алу мүмкіндігінен айыру болып табылады.
Субъективтік құқықтан айыру дегеніміз нақты, іс жүзіндегі құқықтан айыру деп түсінген жөн. Мұндай субъективтік құқықтан айыру (тағы да Заңды жауапкершілік негізінде) белгіленген мерзімнің тағайындалуымен байланысты болмауы мүмкін. Мысалы, қылмыс жасаған адамның мүлкі тәркіленді делік, яғни оның белгілі бір затқа, автомашинаға, үйге, аң аулау мен балық аулауға және т. б. меншіктік құқығы жойылады. Алайда, заңдық жауапкершіліктің мұндай шарасы оның жаңа автомашина алу, басқа үйді иелену құқығынан айыра алмайды.
Егер белгілі бір қызметті жасауға байланысты құқықтан, мысалы, дәрігерліктен айырса, істеп жүрген жерінен жұмыстан шығарылған адам басқа мекемеге барып тап сондай мамандықта жұмыс істеуге рұқсат етілмейді. Дей тұрғанмен, басқа жұмыспен айналысуына мүмкіндік беріледі.
Азаматтар құқық қабілеттілігін меңгере отырып, әртүрлі құқықтарды ала алады, сол арқылы өзіне әртүрлі міндеттерді жүктейді де, құқық қабілеттілік мазмұнының жиынтығын құрайды. Сонымен, азаматтық құқық қабілеттілігінің мазмұны азаматтардың қолданылып жүрген заңға сәйкес азаматтық құқықтар мен міндеттерінің жиынтығы болып табылады. Азаматтық кодекстің 14-бабында бұл мәселе былайша тұжырымдалған: "Азаматтың Қазақстан Республикасы шегінде де, одан тыс жерлерде де мүлікті, соның ішінде шетел валютасын меншіктенуге; мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыруға; республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жерді таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайта оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құру; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысуға; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік құқығы болуға; материалдық және моральдық айыбының орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады".
2. Азаматтың құқық қабілеттілігі оның туған сәтінен басталады, яғни ана құрсағынан тірі туып, жеке өзі өмірге келгеннен кейін жеке тұлға болып есептеледі. Мысалы, түсік тірі туа тұрса да, тұлға деп саналмайды, өйткені, ол адам бейнесіне әлі келмеген. Бірақ, айтарлықтай дамыған шала туған бала тұлға санатына қосыла алады. Сонымен, егер сәби тірі туып аз күн болса да өмір сүрсе, онда ол азаматтардың хал актілерін тіркеу органдарында қай кезде шетінегеніне қарамастан туылғаны жөнінде тіркеледі.
Азаматтық кодекстің 1044-бабы бойынша мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар мұрагер бола алады, ондайда сәби небәрі бірнеше минут өмір сүрсе де аталған құқықты иеленеді.
Құқық қабілеттілігі адамның құқық субъектісінің өлуімен бірге қысқарады. Өлген адамның ие болып келген құқықтары мен міндеттері ішінара (жеке бастық, жеке отбасылық жағынан) қысқарады, ішінара (мүліктік құқықтар) мұрагерге көшеді. Өлім - бірқатар құқықтық салдар тудырып кететін факт. Сондықтан, адам туылғанда тіркелсе, қайтыс болған азаматты да хал актілерінде тіркеу керек. Айта кететін жайт, азаматтың денсаулығы және психикалық жағдайы оның құқық қабілеттігіне әсер етпейді.
Азаматтардың тұрғылықты жері
Азамат тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп танылады.
Он төрт жасқа толмаған адамдардың немесе қорғаншылықтағы азаматтардың тұрғылықты жері олардың ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының тұрғылықты жері болып танылады.
Азаматтардың есімі
Азамат өз фамилиясы мен өз есімін, сондай-ақ қаласа, әкесінің атын қоса, өз атымен құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асырады.
Заңдар бойынша азаматтардың жасырын түрде құқықтар иеленіп, міндеттерді жүзеге асыратын жағдайлары немесе бүркеншек ат пайдаланатын реттері көзделуі мүмкін.
Азаматтың туған кезде берілген есімі, сондай-ақ есімін өзгерту азаматтық хал актілерін тіркеу туралы заңдарда белгіленген тәртіп бойынша тіркелуге тиіс.
Азамат өз есімін заң құжаттарында белгіленген тәртіп бойынша өзгертуге құқылы. Есімін өзгерту оның бұрынғы есімін, жасырын немесе бүркеншік атпен алған құқықтары мен міндеттерін тоқтатуға немесе өзгертуге негіз болмайды.
Азамат өзінің болышқорлары мен несие берушілеріне өз есімін өзгерткені туралы хабарлау үшін қажетті шаралар қолдануға міндетті және бұл адамдарда оның есімі өзгертілгендігі туралы мәліметтер болмауынан туған ықтимал зардаптарға тәуекел етеді.
Есімін өзгерткен азамат өзінің бұрынғы есіміне ресімделген құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілуін талап етуге құқылы.
Басқа бір адамның есімімен құқықтар мен міндеттер иеленуге жол берілмейді.
Азамат өз есімі оның келісімінсіз пайдаланылған жағдайда, оған тыйым салынуын талап етуге құқылы.
Азаматтың есімін заңсыз пайдалану нәтижесінде оған келтірілген зиян осы Кодекстің ережелеріне сәйкес өтелуге тиіс.
Азаматтардың әрекет қабілеттілік ұғымы
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі дегеніміз, азаматтың өз әрекеттерімен Азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі болып табылады.
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі азаматтың құқық қабілеттілігінен ерекшеленеді. Азаматтың құқық қабілеттілігі оның дүниеге келген сәтінен бұл дүниеден озғанынша бірге болады. Азаматтың әрекет қабілеттілігі үшін оның өз еркімен мүлікті иеленіп оған билік ету немесе өзіне міндеттеме алуға тілек білдіруі қажет. Сондықтан да азаматтың құқық қабілеттілігі оның жасы мен психикалық жағдайына қатысты келеді. Ол өзіне азаматтық құқық пен міндеттілікті алу үшін қалыпты әрі толысқан психикада болуы тиіс. Нәтижесінде құқық қабілеттілігі барлардың бәрі бірдей әрекет қабілеттілігіне ие емес, бір сөзбен айтқанда, азаматта құқық қабілеттілік болғанымен, әрекет қабілеттілігі белгілі бір уақыт арасында болмауы мүмкін.
Азаматтық кодекстің 17-бабына сәйкес әрекет қабілеттілігі кәмелетке толғанда, яғни 18 жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады.
Бұл арада ескеретін мынадай бір жағдай бар: Азаматтық кодекстің 17-бабының 2-тармағына сәйкес заң құжаттарында 18 жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Қазақстанда "Неке және отбасы туралы" Заң бойынша некеге тұруға 18 жастан бастап рұқсат етіледі. Егер дәлелді себептер болған жағдайда Мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін. ("Неке және отбасы туралы" Заң, 10-бап) .
Әдебиеттерде азаматтардың әрекет қабілеттілігі толық, ішінара (толық емес) және шектеулі деп бөлінеді. Оның өзі азаматтың әрекет қабілеттілігіне байланысты жүзеге асады. Жаңа туған бала толығынан құқық қабілеттілігі бола тұрса да, өзі әрекет жасап қайсыбір құқыққа ие болуға немесе өзіне міндеттер алуға қабілетсіз екендігі түсінікті нәрсе. Саналы әрекет жасау қабілеті кісінің өскендігіне (жасына) байланысты. Сондықтан әрекет жасау жасы толған адамдарда ғана болады.
18 жасқа толғандар ғана ер жеткен деп саналады (АК-тің 17-бабының 1-тармағы) . Осы жасқа толған соң адам азаматтық Құқық айналымына толық құқылы қатысушысы болып қана қоймай, ол саяси құқықтар мен міндеттерге де ие болады.
Толық емес немесе ішінара әрекет қабілеттілігі бойынша азамат өзінің әрекеті арқылы кез келген құқықтық әрекетті жасай алмайды, былайша айтқанда, заңда тікелей көрсетілген бірқатарына ғана ие.
Ішінара (толық емес) әрекет қабілеттілігі әдетте, жасы кәмелетке толмағандарға тән, ал берілетін әрекет ауқымы олардың жасына байланысты. Заң мұндай тұлғаларды екі топка бөледі: а) жасы кәмелетке толмаған 14 пен 18 жас аралығындағылар; ә) жасы кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгі жас балалар.
14 пен 18 жас аралығындағылардың әрекет қабілеттілігі мейлінше ауқымды, олар заңда көрсетілген шекте әртүрлі мәмілелер жасай береді. Ондай мәмілелерді екі түрге бөлуге болады:
- өздерінің заңды өкілдерінің, яғни ата-аналары мен асырап алушылардың, қорғаншылары келісімінсіз-ақ өз бетімен жасаған мәмілелер;
- ата-анасының (асырап алушының, қамқоршысының) рұқсат берген жазбаша хаты негізінде жасалатын мәміле.
14 пен 18 жас аралығындағы жасы кәмелетке толмағандар заңды өкілдерінің келісімінсіз мыналарды істеуге:
1) өзінің жалақысына, стипендиясы мен басқа кірістеріне билік етуге;
2) интеллектуалдық меншік құқығы бар объектілеріне билік етуге;
3) ұсақ тұрмыстық мәмілелер жасауға;
4) банкке салым салуға және өзінің салымына, оның ішінде өзінің атына салынған салымдарға иелік етуге құқылы.
14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар басқалай мәмілелерді, яғни мәмілелерді ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанға сай келуге тиіс (АК-тің 22-бабының 1-тармағы) .
Мәміленің аталған екі түрі бойынша жауапкершілікті, заңды өкілдерінің келісімі талап етілсін не етілмесін, жасы кәмелетке толмағандардың өздері көтереді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz