Тілдің грамматикалық жақтарына үйретудің теориялық негізі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс
Тақырып: Тілдік материалды (фонетика, лексика, грамматика) оқытудағы ойын технологиялары.
Жоспар:
1 Тілдің грамматикалық жақтарына үйретудің теориялық негізі
1.1 Грамматикаға үйретудің дәстүрлі әдісі
1.2 Коммуникативтік құзыреттіліктің маңызды құрам бөлігі ретіндегі тілдің грамматикасына үйрету

Кіріспе
Мемлекет басшысы 2007 жылғы "Жаңа əлемдегі жаңа Қазақстан" атты Қазақстан хал - қына Жолдауында: Қазақстан бүкіл əлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі жəне ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Қазіргі өмір талабы - оқу жəне тəрбие процесін түбегейлі өзгерту. Еліміздің тарихында болып жатқан əлеуметтік-экономикалық өзгерістер, білім беру саласындағы жаңа бағыттар ағылшын тілін оқытуды үнемі жетілдіруді, оқытудың ғылыми жəне əдістемелік деңгейін көтеру міндеттерін жүзеге асыруды талап етуде. Осыған орай, ағылшын тілін тілдің үш тұғырының бірі ретінде қызмет етуінің алғышарты - оның қоғамдық өмірдің əр алуан саласында қолданылуы болып табылады. Ағылшын тiлiн үйрену арқылы оқушылар бiлiм дегейiн көтерiп, өз халқы мен басқа халықтар арасындағы ұқсастықтар мен ерекшелiктердi ажыратуға дағдыланады. Сөйтіп, өз пiкiрi қалыптасады, түрлi елдер мəдениетiн үйренедi. Білім жүйесінің жаңартылуымен жəне оның жаңа еуропалық деңгейге көтерілуімен мемлекеттің жаңа саясаты мен білім жүйесінің көптеген саласы байланысты, олардың ішінде ең маңыздысы мемлекеттік қорытынды аттестация болып табылады. Біздің ойымызша грамматикалық ойындардың маңызды бір түрі болып табылады, өйткені грамматикалық материалды меңгеру, ең алдымен, оқушылардың белсенді сөйлеуіне өтуі үшін мүмкіндіктер жасайды. Грамматика, соның ішінде теория, қызықты түрде түсіндіріле алады; ол эмоцияларды туындатуы керек жəне оқушылардың тұлғалығына бағытталуы тиіс. Мұның бəрі сөзсіз шет тіліне оқытудың тиімділігін арттырады. Ағылшын тілін меңгеруді, соның ішінде грамматиканы меңгеруді қызықты жəне баурап алатындай істеу үшін, оқушылардың танымдық қызығушылығының, шығармашылық ойлау белсенділігі артуына қол жеткізу үшін біз көбінесе əр түрлі жұмыстардың ойындық түрлеріне жүгінеміз. Біздің көзқарасымызбен, ойын коммуникативті қабілеттердің дамуының барынша тиімді құралдарының бірі болып табылады. Ойын - бұл балалардың əлемді тануға бағытталған жолы, онда олар өмір сүреді жəне оны өзгертуге болмайды (М. Горький). Ойын балаларда барынша қызығушылықты танытады: сөйлеу қызметін табиғи нормаларға жақындата түседі, қарым-қатынастың қабілеттерін дамытуға көмектеседі, тілдік материалды тиімді өңдеуге ықпал етеді, оқудың пратикалық бағытталғандығын қамтамасыз етеді. Ойындар жалықтырушы жұмыстарды барынша қызықты жəне баурап алатындай жасайды. Ойындар, əдетте төменгі мектеп оқушыларының алдыңғы қатарлы қызметтерінің формасы болып табылады. И.Н Верещагина, Е.И. Негневицкая, Т.Б. Клементьева жəне т.б. ұлы педагогтар оқыту процесі кезіндегі ойындардың қолданылу тиімділігіне ерекше мəн берген болатын. Бұл түсінікті. Ойында ерекше бір жəне кейде күтпеген адамның қабілеттері көрінеді. Зерттеу жұмысының мақсаты - ағылшын тілі сабақтарында грамматикалық материалды меңгерудің тиімділігін арттырудың құралы ретінде қолдану мүмкіндігін талдау. Қойылған мақсатқа келесі міндеттерді орындағаннан кейін ғана жетуге əбден болады: - Грамматикаға үйретудің дəстүрлі əдісін қарастыру; - Ойын түсінігі жəне оның мəнін, ағылшын тілі сабағындағы ойынның рөлі мен қызметтері, оқу процесі кезіндегі ойынның өзгешелігі мен құрылымын анықтау; - Грамматикаға үйрету кезіндегі ойын əдісін қолдануды зерттеу. Зерттеу жұмысының нысаны: ағылшын тіліндегі грамматикалық құбылыстарға үйретудегі ойындық амалдар. Зерттеу пəні: ағылшын тілі сабағында ойындық амалдарды жасөспірімдердегі коммуникативті құзыреттілікті қалыптастыру мен танымдық активтілігіне ықпал ету құралы ретінде қолдану. Тілдің грамматикалық жағына оқытуда ойындық əдістерді қолдану грамматикалық амалдарды тиімді қалыптасуына алып келеді. Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы: тілдің грамматикалық жақтарын қалыптастыруда нақты материал, кешенді ойындар күйіндегі ұсынылады, ол кейін жалпы білім беретін мектептерде оқытудың кіші, ортаңғы жəне жоғарғы сатыларында қолданыла алады.

1 Тілдің грамматикалық жақтарына үйретудің теориялық негізі.
Грамматикаға үйретудің дəстүрлі əдісі.
Грамматка сынды тілге үйретудің ешқандай аспектілері көптеген жылдардың ішіндегі қарқынды талқылаулар мен дисскуссиялардың пəніне айналмаған. Грамматка əр түрлі түсіндірілді, ол ана тілімен қатар, шет тіліне оқытуда, əлем мемлекеттерінің білім беру жүйелерінде маңызды рөл атқарып келеді. Əрбір тілдің өзіне тəн грамматикалық амал-тəсілдердің жиынтығы тілдің грамматикалық құрылысы деп аталады. Грамматикалық құрылыс сөзге сүйенеді жəне сөз арқылы ғана көрініп отырады, сөзді таяныш етпейтін бірде-бір грамматикалық құрылыс болмайды. Грамматика ғылымы, тілдің грамматикалық құрылысын зерттейді, өзінің тексеретін объектісінің негізі етіп сөзді жəне сөйлемді алады. Тексеру нысанасының осындай ерекшеліктеріне қарай, грамматика ғылымы морфология жəне синтаксис деп аталатын екі салаға бөлінеді. Грамматика тілдегі грамматикалық бірліктерді жəне ол бірліктердің əрі басын қосып ұйымдастыратын, қатынас жасауда іске жарататын, əрі олардың бір-бірінен жігін ажырататын тəсілдерді, құралдарды зерттейді. Лингвистикада грамматика деген ұғымдық мағынасы өте кең. Осыған байланысты лингвистикалық əдебиеттерде түрлі-түрлі анықтамалар беріледі: Грамматика - тілдегі сөздердің өзгеруі мен сөйлемдегі сөз тіркестері ережелерінің жиынтығы, сол ережелерді сипаттайтын оқулық грамматика деп аталады. Грамматика - сөз формаларының жасалу, қолданылу жолдары мен сөйлемдегі сөз тіркесінің өзгеру заңдылықтары туралы ілім. Грамматика - тілдің құрылысы туралы ілім; тіл білімінің сөз формаларының өзгеру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Грамматика - тілдің құрылысы туралы ілім
Әдістің оқыту жағдайына байланысты еместігі
Орыстілді оқушылардың сөйлесу әрекетін дамыта оқытудың ғылыми-теориялық негіздері
Бастауыш сыныптарда грамматиканы үйрету жолдары
БАЛАЛАРДЫҢ БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУ ТІЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
АУДИОЛИНГВАЛДЫ ӘДІСТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Сөйлеу дағдысын дамыту
Ағылшын тілі сабағында практикалық грамматиканы үйретуде ойын түрлерін ұйымдастырудың мазмұны мен әдістері
«Грамматика, емле және тіл дамыту жұмыстарына үйретудің әдіс-тәсілдері»
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың шығармашылық жазба жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі
Пәндер