Жасанды сүйектер


Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
ШЖҚ «Жоғары медициналық колледж» МКК
Реферат.
Тақырыбы:Трансплантология негіздері. Құқықтық және моральдық аспектілері.
Пәні:Хирургиядағы мейіргер ісі. СӨЖ.
Дайындаған:Алимарданова А. Б
Қабылдаған:Утепова А. Е
Топ:121м/І. І-топша
Нұр-Сұлтан. 2020ж.
Жоспар:
І-КІРІСПЕ.
ІІ-НЕЗІЗГІ БӨЛІМ.
1. Транспланталогия негіздері.
2. Құқықтық және моральдық аспектілер.
ІІІ-ҚОРТЫНДЫ.
ІV-ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
1. Трансплантология негіздері
Трансплантация дегеніміз - бір организмнен екінші организмге жасушаларды, тіндерді және мүшелерді алмастыру. Түрлі
трансплантациялардың хирургиялық әдістері біздің дәуірде жетілдірілген. Ғалымдар мүшелер мен тіндерді бір индивидуумнан екінші индивидуумға алмастыру сұрақтарына хирургиялық технологиялар көмегімен жауап тапқан.
Трансплантат тұрақтамауындағы механизмдер туралы қазіргі көзқарастар
Трансплантат тұрақтамауы донор мен реципиент арасындағы генетикалық айырмашылықтармен себептеледі. Әр түрлі салынған трансплантатқа қарсы иммундық жауаптың дәрежесі де әр түрлі болады. Әрбір трансплантат түрін белгілеу үшін бірнеше терминдер қолданады:Изотрансплантат- ол генетикалық ұқсас индивидумдар арасындағы салынған тіндер мен мүшелер.
Изотрансплантациялау таза линияға жататын тышқандар арасында орындалады. Адамдарда изотрансплантация генетикалық ұқсас егіздерде өткізіледі. Аллотрансплантат-ол бір биологиялық түрге жататын генетикалық түрлі организмдердің арасындағы алмастырған тіндер мен мүшелері.
Тышқандарда аллотрансплантациялау бір таза линиялы тышқандардан екінші таза линиялы тышқандарына тіндерін немесе мүшелерін алмастырғанда орындалады. Адамдарда көбінесе бір индивуумнан екінші индивидумга мүшелерін алмастырғанда өтеді, мысалы донор орнында реципиентке ұқсас емес егізі болса. Ксенотрансплантат деп, әр түрге жататын организмдер арасында салынған тіндер немесе мүшелерін айтады. Мысалы, адамға маймылдан алынып салынған жүректі ксенотрансплантат деп атайды.
Ксенотрансплантат өте жоғары генетикалық сәйкессіздік білдіретіндіктен, ол салынған тіндер тұрақтамауының өте тез жүруіне себеп болады.
Трансплантологияда қолданылады:
Жасанды мүшелер - нағыз мүшелерді алмастырғыштар. Бағаналы
клеткалардан мүшелерді клондау Медициналық практикада өте жиі аллотрансплантатты қолданады. Бұл кезде реципиент пен донор екеуінде кейбір гендердің түрлі аллельдері вариантты болады. Реципиенттің иммунды жүйесі аллотрансплантат жасушаларының бетінде экспрессияланған антигендерді бөгде зат ретінде танып, оған қарсы иммунологиялық тұрақтамау серпілісін шақырады.
Жасанды мүшелер
Ол нағыз мүшедей қызмет атқармаса да, адам өмірін ұзартады. Жасанды сүйектер.
Құрылуы кезеңі: клиникалық зерттеулерде орындалады. Жуырда лимон қышқылы октандиолмен бірге резеңке секілді зат жасауға болады, ол эластикалы болады. Және де сол арқылы адамның зақымдалған бөліктеріне орналастыруға болады. Алынған полимер, гидроаптитпен бірге зақымдалған сүйектің орнына қолданылатын қатты затқа айналады.
Жасанды тері. Құрылу стадиясы: зерттеушілер нағыз теріні шығаруды ойлстырып жатыр.
1996жылы жасалған жасанды тері күйікке салынған. Бұл әдіс терінің негізін құрайтын, клетка ішілік матрицаны дамыту үшін жануарлардың шеміршегінен алынған коллагендермен гликозамингликандерді байланыстырудан тұрады. 2001 жылы осы
тәсілдің негізінде өзі қалпына келетін жасанды тері шығарылды. Жасанды қол -аяқтар.
Құрылу кезеңі: зерттеулер жүргізілуде. Саламандр жұлынған аяқ-қолдар қалпына келтіре алады. Соңғы кездері аяқ-қолдарын ампутирленген адамдарға үміт пайда болды.
Бағаналы жасушалардан мүшелерді өсіру
Трансплантологиядағы дамыған жағдайлардың бірі бағаналы жасушалардан мүшелерді өсіру болып табылады. Егер бұл зерттеулер сәтті болса, адамдар кез-келген мүшесін басқа сау мүшеге ауыстыруға кең мүмкіндік береді.
2. Адам мүшелері мен ұлпалары трансплантациясы реттейтін негізгі этикалық ұстанымдар мен құқықтық заңнамалар.
1. Адамның мүшелері сауда-саттық нысаны ретінде қарастырыла алмайды. БМБ декларациясы (1987) : “Адам мүшелерін сату-саудалау қатаң түрде жазаланады. ҚР «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» заңында № 170-IIIЗРК-бап. 36, 3 тармағы бойынша 7. 07. 2006 ж бастап трансплантацияға арнап мүшелер мен ұлпаларды сатуға тыйым салынған.
2. Тірі донордан қайта отырғызу, басқа адамның өмірін құтқару үшін ерікті түрде өзін құрбан етуге ғана негізделеді. Бұл жағдайда мүшені алуға келісім беру сүйіспеншілік пен аяушылықтың белгісі болып табылады.
3. Потенциалды донор, оның денсаулығы үшін эксплантацияның мүмкін болатын салдары жайлы толықтай ақпарат алуы тиіс.
4. Донордың өміріне тікелей қауіп төндіретін эксплантация адамгершілік тұрғысынан мүмкін емес. ҚР заңнамасына сәйкес тірі донордан мүшені алу үрдісі, тек донор реципиентпен генетикалық байланыста немесе онымен ұлпалық сәйкестікке ие болған жағдайда ғана мүмкін болып танылады. (7. 07. 2006 ж бастап қабылданған ҚР «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» заңы № 170-IIIЗРК-36 бап, 4 тармақ) .
5. Бір адамның өмірін, екінші адамның өмірін ұзарту мақсатында қысқарту, соның ішінде тіршілікті қамтамасыз ететін үрдістерден бас тарту дұрыс емес деп танылады.
6. Ең кең түрдегі практика болып, күні бүгін қаза тапқан адамдардан мүше алу болып табылады. Бұл жағдайда өлім сәтін анықтаудағы көмескілік ықтималдылығы болмау керек.
7. «Ми өлімін» этикалық дұрыс диагностикалау шарты болып, маман-дәрігерлер консилиуымымен тіркелген қорытынды болып табылады. (7. 07. 2006 ж бастап қабылданған ҚР «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» заңы № 170-IIIЗРК-36 бап, 5 тармақ) .
8. Донорлық мүшелерді оңтайлап бөлу басымдылығы, белгілі бір жеке топтардың артықшылығын анықтаумен және арнайы қаржыландырумен анықталмауы тиіс.
9. Донорлық мүшелерді оңтайлап бөлген кезде үш критерий ескеріледі: донор-реципиент жұбының иммунологиялық сәйкестілігі, реципиент жағдайының күрделілік дәрежесі мен кезектілік.
10. Адамгершілік тұрғысынан қорғауға алынбаған және экстремалды жағдайларда орын алатын адамдардың контингентін: үйсіз қалған, психиатриялық клиникалардың емделушілерін, балаларды, экономикалық түрде артта қалған мемлекеттердің түрғындарын донор түрінде пайдалану мүмкін болып табылмайды.
Қорытынды:
Трансплантация әдісі көне заманнан белгілі. Тері қабатының орнын ауыстырып салу әрекеті алғаш рет Б. з. д. 1500 жылы жасалған. Клиникалық тәжірибеде бұлшық еттті, сіңірді, қан тамырларын, жүйке талшықтарын, сүйек кемігін, т. б. ауыстырып салу жиі қолданылады. Трансплантацияның ерекше бір түрі - қан құю. Ең жиі алмастырылатын орган - бүйрек болып саналады.
1902 жылы австриялық хирург Е. Ульманн алғаш рет бүйректі Трансплантациялау операциясын жасады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz