МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Алгебра және геометрия кафедрасы

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Қазақ фольклорындағы сандық-логикалық мәліметтерді мектептік математикамен ұтымды сабақтастыру

Орындаған: Қадылбек А.
Тексерген: Сарсекеев А. С.

Нұр-Сұлтан 2020
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І. МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Математикалық оқытудың ерекшеліктері
1.2 Математикалық білім беру сапасы мәселесі және оны шешу жолдары
1.3 Математикалық есептердің оқушылардың қабілетін дамытудағы маңызы
1.4 Мектеп математика курсындағы пәнаралық есептер және оларға қойылатын талаптар

ІІ. МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ҰЛТТЫҚ МАЗМҰНДАҒЫ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Этнопедагогикалық оқытудың ерекшелігі
2.2 Математика сабағында этнопедагогика элементтерін қолдану
2.3 Математика сабағында ұлттық мазмұндағы есептерді шығару
2.4 Математика сабағында ертегі есептерді шығару жолдары

ІІІ. ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Қазіргі заманның маңызды проблемаларының бірі - қоғамның жастар біліміне деген әлеуметтік тапсырысы арқылы жалпы білім беру жүйесінің деңгейін анықтау екендігі белгілі. ҚР Білім туралы заңына сәйкес білім берудің ізгілікті сипатын, тұлғаның еркін дамуы мен жалпы адамзаттық құндылықтарды ескере отырып, жалпы білім беретін мектептің негізгі міндеттерінің бірі - өзгермелі өмірдің жағдайларына тез бейімделуге қажетті белгілі бір білімдер жүйесі мен тұлғалық қасиеттерді оқушылар бойында қалыптастыру болып табылады. Кейінгі жылдары біздің елімізде ортақ стандарттармен бірге аймақтық ерекшеліктерді ескеру ерекше маңызға ие болуда. Аймақтық білім беру ұлттық мәдениет байлықтарын жергілікті салт-дәстүрлерді қоғамдық құндылықтар мен басымдықтарды қамти отырып, білім берудегі адам факторының ролін күшейте түседі, оқушылардың рухани мәдениетінің дамуы мен олардың шығармашылық белсенділігін, дербестігін, зиялылығын өзектендіреді.
Тақырыптың өзектілігі. Мектептегі пәндерді оқытудың дәстүрлі әдістемесі баланың жеке тұлғасының толық ашылуына мүмкіндік бермейді. Мектеп оқулықтарының мазмұны көбіне жергілікті жердің мәдениетін, тұрмыс-тұрпатын, ұлттық қабылдауларды ескермей, дерексіз сипатта болады.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.
Соңғы жылдары ұлттық ерекшеліктерге зор қызығушылық туындаған. Сондықтан оқыту процессінде этнопедагогика элементтерін қолдану мәселесі қазіргі білім беру саласында өзектілердің бірі болып табылады
Математиканы оқытуда есеп шығарудың үлкен маңызы бар. Оқушылардың математиканы оқып-білудегі жетістігі олардың есепті шығаруға қаншалықты төселгендігіне қарай бағаланады. Есеп шығару кезінде математикалық ұғымдардың көбінің мағынасы оның ашылып, нақтыланады. Оқушылар жай сюжетті есептер шығарғанда бұл операцияларды ақыл-ойдың іс-әрекеттеріне аударады. Есеп шығарудың практикалық мәні зор оқушыларды тұрмыста жиі кездесетін есеп- қисаптарды жасай алуға керекті біліммен қорландырып, қажетті дағдыларды қалыптастырады. Сондықтан оларды келешекте өздігінен дұрыс шешім қабылдауға еңбек өнімділігін арттыратын әдіс-тәсілдерді іздеп табуға баулиды.
Оқушылардың сабақта өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін математика кабинеттерінде дидактикалық материалды, үлестірмелі материалдар, баспа негіздегі дәптерлер, тағы басқа оқу құралдары жинастырылуы қажет.
Қазіргі қоғамымызда болып жатқан түбірлі өзгерістерге байланысты әрбір мұғалім оқытудың сан қилы әдістері мен формаларын білуі қажет. Сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, еңбек етуге баулу, жауапкершілік сезімін қалыптастыру мұғалімнің басты талабы.
Еліміздің, қоғамның экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты азамат тәрбиелеп шығару ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы басты міндетті. XXІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адам қалыптастыру бағытындағы білім беру ісі - бүгінгі күн талабы.
Осы бағыттарда қандай ұлттық элементтерді қолдануға болатынын шешу қазіргі заман талабы.
Дипломдық жұмыстың пәні: математиканы оқыту әдістемесі.
Зерттеу нысаны: математикадағы ұлттық мазмұндағы есептер.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: математика сабағында ұлттық мазмұндаы есептерді шығару жолдарын зерттеу.
Зерттеу барысында келесі міндеттер қойылады:
Математикалық оқытудың ерекшеліктерін анықтау;
Математикалық білім беру сапасы мәселесі және оны шешу жолдарын іздестіру;
Математика сабағында ұлттық мазмұндағы есептерді шығару жолдарын көрсету;
Этнопедагогикалық оқытудың ерекшелігіне талдау жасау;
Математика сабағында этнопедагогика элементтерін қолдану;
Тәжірибелік бөлімде нақты мысалдар көрсету.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ҰЛТТЫҚ МАЗМҰНДАҒЫ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

1.1 Этнопедагогикалық оқытудың ерекшелігі

Этнопедагогика ұғымын айналымға тұңғыш енгізген чуваш ғалымы Г.Н. Волков. Этнопедагогика - халықтың тәрбиелік тәжірибесін, оның көзқарасын зерттейтін ғылым, сонымен қатар тұрмыстық педагогикасы, ұлт, ру, тайпа педагогикасы туралы ғылым. Зерттеу объектісі халықтың тәлім-тәрбиесі жөніндегі ұғым түсініктері, дәстүрлері, тәжірибесі болып табылатын ғылым саласы ретіндегі этнопедагогика қалыптасу, даму үстінде.
Әсіресе соңғы жылдары оның зерттеу пәні, әдістері туралы, халықтық педагогикалық идеяларды бүгінгі тәрбие теориясы мен практикасында жүзеге асыру жолдарының мәселелері туралы зерттеулер едәуір көп. Бұлардың ішінде халықтық педагогиканың пайда болуы мен дамуы, қазіргі жайы жан-жақты сөз етіліп, оның теориялық - әдістемелік мәселелерін анықтауға бағытталған еңбектердің маңызы айтарлықтай. Өкінішке орай, көптеген зерттеуші ғалымдар бұл мәселенің соншалықты көкейтестігіне үстіртін қарайтын секілді.
Көрнекі қазақ ғалымдары А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймаутов халықтық педагогиканың тәжірибесін зерттей білуге ерекше мән берді. Сонымен қатар, этнопедагогика, халықтық педагогика мәселелеріне қатысты ой түйіндерді Г.Н. Волков, К.Ж. Кожахметова, Е.Л. Христова, З.Ә. Әбілова, Қ.Б. Жарықбаев, Ә. Табылдиев сияқты ғалым зерттеушілердің осы мәселені жан-жақты зерттеген еңбектерінен кездестіреміз.
Алайда халықтық тәрбиенің зерттелу тарихына шолу халық шығармашылығына арналған зерттеулер мен жарияланымдарда оның ерте заманнан келе жатқан тарихи құбылыс екендігі айтылғанмен, халықтық педагогикалық ескерткіштер оқу үрдісінде және сыныптан тыс жұмыстарда қолданылғанмен, балалар мен жастарды тәрбиелеуде оның ролі жайлы ойлар айтылғанмен көптеген ғылыми еңбектердің әлсіз тұсы халық педагогикасын оқып үйренудің теориялық мәселелері қамтылмайтындығын байқатады. Этнопедагогиканың мәселелерімен айналысушы ғалым А.Э. Измаилов: Халық педагогикасы ұрпақтан - ұрпаққа көбінесе ауызша түрде жалғасып келе жатқан, халықтың тарихи және әлеуметтік тәжірибесінің жемісі, оның іс-жүзінде тексерілген білімінің мағлұматтарының жиынтығы. Халықтық педагогиканың ескерткіштері халық ертегілерінде, аңыздарында, жырларында, мақал-мәтелдерінде сақталып, ұлттық салт-дәстүрлер арқылы өзінің көрінісін беріп отырады - деп орынды атап көрсеткен.
Халықтық педагогика ұғымына көптеген зертеуші ғалымдар өздерінше анықтама береді. Біз Г.Н. Волковтың берген анықтамасын ұсынамыз: Халықтық педагогика - тәрбие мәселелері жөніндегі эмпирикалық мағлұматтардың және білімдердің жиынтығы. (1958) Халықтық педагогика - халық ауыз әдебиетіндегі, салттарындағы, ырымдарындағы, балалар ойындары мен ойыншықтарындағы сақталған педагогикалық мағлұматтарымен тәрбиелеу тәжірибесінің жиынтығы (1974).
Халықтық тәрбие тарихи даму үрдісіндегі тірі дене болып табылады. Халықтық педагогиканың әлеуметтік бағыттылығы, әсіресе көне жазба ескерткіштерде мақалдар мен мәтелдер, ертегілер мен жырлар, бата, тілек секілді тәрбие құралдарында толығырақ бейнеленген.
Қазақ этнопедагогикасының қайнар-бұлағы біздің заманымызға дейінгі дәуірден бастау алады. Ұлттық мәдениеттің тегі сол ұлттың ұлт болып қалыптаспай тұрған кезінен бастап - ақ жеке ұлыстардың ұрпағын тәрбиелеуден туындағаны белгілі.
Қазақтың жазу мәдениеті арқылы белгілі болған ұлттық педагогикалық ойлардың тарихы ертедегі тас жазулардан (Күлтегін, Білге қаған т.б.) басталады. Одан кейінгі қолжазба, баспа арқылы бізге жетіп, оқу-жазу үрдісімен этнопедагогиканың арқауы болған тәлімдік ойлар тарихы өзектестігімен ұлттық педагогиканың (этнопедагогикның) дамып ғылым болып қалыптасқанын көрсетеді.
Қазақтың жазу мәдениетінде Қорқыт атаның тәрбиелік мәні зор жырлары мен мақал-мәтелдері, Әл Фарабидің ұлттық мәдениет пен ғылым, білім, поэзия, музыка жөніндегі тұжырымдары, Ахмет Яссауидың діни тәрбиенің мәні туралы ойлары, Жүсіп Баласағұнидың кемелді болу жолдарын көрсетуі, Мұхаммед Хайдар Дулатидың ұлы тәлімгерлік ойлары, Абайдың өсиеттері, Ыбырайдың педагогикалық ойлары, Шоқанның ел мәдениетін арттыру үшін істеген әрекеттері, Ахмет Байтұрсыновтың ұлттық білім беру жүйесі, Мағжан Жұмабаевтың қазақ педагогикасын түзеуі, Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ психологиясы ғылымын зерлей бастауы, кейінгі ғалымдардың қазақ этнопедагогикасын ғылым ретінде қалытастырып, пән ретінде оқытуға ұсынуы ұлттық педагогиканың (халық педагогикасымен педагогикалық ойлардың), яғни қазақ этнопедагогикасының дамып, қалыптасу жолдарын көрсетеді.

1.2 Математика сабағында этнопедагогика элементтерін қолдану

Қазіргі қоғамымызда болып жатқан түбірлі өзгерістерге байланысты әрбір мұғалім оқытудың сан қилы әдістері мен формаларын білуі қажет. Сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, еңбек етуге баулу, жауапкершілік сезімін қалыптастыру мұғалімнің басты талабы.
Жаңа талаптарға сай көптеген этнопедагогикалық элементтерін қолданып оқыту технологиялары бар. Солардың бірі - профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы. Бұл технология оқушының ой-өрісінің дамуына, пәнге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Әрбір тарау бойынша деңгейлік тапсырмалар - дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен еске сақтауын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасын қамтамасыз етеді.
Еліміздің, қоғамның экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты азамат тәрбиелеп шығару ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы басты міндетті. XXІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адам қалыптастыру бағытындағы білім беру ісі - бүгінгі күн талабы.
Бұл талапқа жету жолы-білім берудің тиімді жолдарын таңдай білу. Сондай тиімді жолдардың бірі - этнопедагогикалық элементтерін қолданып математика пәнін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту.Оны меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдесін ұйымдастыруына көмектеседі.
Оқытудың жаңа технологияларын алдымен жете меңгеріп, одан соң оқу мазмұнына, оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдап пайдаланудың маңызы зор. Осы технологияны қолдану негізінде әрбір бала бойындағы дара қабілет анықталады, әр оқушы әр сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймай, соны өзі игеріп, ізденіп, пікір таластыру деңгейіне жетіп, даму үстінде болады.
Академик В.Л.Беспальконын анықтамасы бойынша педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы. Ал педагогикалық жүйе дегеніміз оқытудың әдістемелік жүйесі, формасы мен құралдары мен оған сәйкесті дидактикалық дербес деңгейлік принциптердің талаптарына сәйкес жаңа тұрпаттағы оқулықтар және оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалары берілген жұмыс дәптері. Деңгейлік тапсырмаларға төмендегідей талаптар қойылады:
жас құрамы бойынша (сыныптар, жасы бойынша тетелестер, әр жастағы білім деңгейі бір топта);
жынысы бойынша (бір мектептен, мектеп, сынып, әйел, ер, аралас);
ақыл-ой даму деңгейі бойынша (ойлау қабілеті, темпераменті, мінез-құлық);
денсаулық деңгейі бойынша (жалпы топ, денсаулығы нашарлар, көз көрмеу, құлағының естімеуі және т.б.)
Этнопедагогикалық элементтерін қолданып деңгейлік оқыту мақсаты - әр сыныпта әр топтың, әр оқушының қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне сай жалпы білім беру.
болашақ математикалық білімдермен қатар ұрпақ ұлттық дәстүрде тәрбие алады;
дәстүрлі оқытуға тән ерекшелік оқушылардың барлығы бірдей тең дәрежеде оқытуды қабылдамайды. Оқыту мазмұны әр сыныпқа, топқа, оқушыларға білімді қабылдау қабілетіне сай ұсынылады.
мұғалімнің білімі нашар оқушыларға көмектесу қабілеті жоғарыларға ерекше назар аударуға мүмкіндігі болады.
оқушының өз қабілеттерін терең жан-жақты жүзеге асыруға мүмкіндігі болады.
Мен тұжырымы деңгейі көтеріледі, қабілеттік, білімділігін тереңдетеді, сенімі бекиді, білімі нашарлардың өзіне сенімі пайда болады.
оқуға қызығушылық пайда болады.
Этнопедагогикалық элементтері бар деңгейлік тапсырмалар оқушылардың әр түрлі білім дәрежесіне сай ұсынылады.
Деңгейлік тапсырмаларды орындағанда мұғалім - бақылаушы, кеңесші.
Деңгейлік тапсырмаларды қолдануда оқушылардың ақыл-ой еңбегін жетілдіру талабы қойылады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар оны орындау әдістемелік кешенімен ұсынылады.
Деңгейлік тапсырмалардың тиімділігі: оқу шығармашылық сатыға мұғалім арқылы емес, оқушының өзі, іс-әрекеті арқылы жүзеге артады. Бұл технологияның негізгі ерекшелігі, ұтымдылығыда осында. Мұнда оқушының шығармашылық білігі қалыптасады.
Бүгінгі күннің ұстаздарына қоғамымыздың экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын әлемдік талапқа сай келетін білімді, мәдениетті азамат дайындап, тәрбиелеп шығару міндеті жүктеледі. Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын ізденіп әзірлену- ғалымдар мен тәжірбиелі ұстаздардың бірлесе отырып атқарар ісі.
Математика пәнін оқыту барысында Астана-Бәйтерек, Ислам мәдени орталығы, әлем Пирамидасы, аймақтық тұрғын үйлер және басқа да нысаналардың ауданын, биіктігін, енін, ұзындығын, статистикалық ақпараттардан алынған мәліметтерден, қозғалыс, уақыт және жылдамдық арасындағы байланысқа түрлі деңгейдегі есептер құрастырылып, шешу жолы көрсетілген.
Этнопедагогикадағы салт-дәстүрлердің ұлттық санаға сіңіп, біржола заңдандырылуы - салт-сана деп аталынады. Ұлттық санаға сіңіп, қалыптасқан салт-дәстүрлер сол ұлттың ой санасының дәрежесін көрсетеді. Ұлттық сананың қозғаушы күші - ұлттық намыс, ұлттық абырой. Ол жеке тұлғалардың перзенттік борышты өтеу дәрежесіне сай өмірден өз көріністерін байқатады. Халықтық педагогиканың құрамдас бөліктері: әдет-ғұрып, таным, наным, ұғым, салт, сана және дәстүрле
Жаһандану дәуірінде келер ұрпақтың тәрбиесі мәселесіне жаңаша ойлаумен қарауды уақыттың өзі талап етуде. Осыған орай халық педагогикасына бет бұрып, ұлтымыздың психологиясын ғылыми тұрғыда зерттей отырып, болашақта қазақ мектептерін ұлтымыздың айнасына айналдыруымыз қажет. Қазіргі қазақ мектептері тәлім-тәрбие бағытынан ауытқып, тек оқытумен ғана шектеліп қалды. Мұның ақыры жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өршуіне, жаман әдеттерге үйір болуына әкеп соқтыруда. Осындай олқылықтарды болдырмауға жетелейтін бірден-бір қадам әрі бағыт, ол -- ұлттық құндылықтарымызды заманға сай өрнектеп жаңғырту арқылы педагогикамен ұштастыру, білім берудің ұлттық жаңа үлгісін жасақтау және әдістемелерді барынша озық түрде жетілдіру. Осы тұрғыда Халық педагогикасы дәстүрінде білім берудің Ұлттық бағдарламасын әзірлеуді күн тәртібіне шығару керек. Аталмыш бағдарлама аясында оқу-тәрбие үрдісіне айтарлықтай жаңалықтар енгізілуімен қатар, методикалық жаңартулар өріс алуы тиіс.
Ұрпағын ойламайтын халық болмайды. Онсыз өсіп-өну, ілгерілеу жоқ. Халықтық оқу-тәрбие ісінің негізгі бағыты -- адамды, оның ішінде баланы тәрбиелеу. Оқыту мен тәрбиелеу алдында ата-ана да, ұстаз да, қоршаған ұжым да жауапты. Сол себептен халықтық педагогика дәстүрінде білім берудің мысалын алыстан іздемей-ақ, ұлтымыздың құндылықтарын психологиялық-методикалық тұрғыдан жаңғырту арқылы ұрпақ тәрбиесіне қолдануға болады. Халық педагогикасы дәстүрінде білім беру мен тәрбиелеуде алдыңғы қатарлы әдіс-тәсілдер мен ғылыми-техникалық жетістіктерді кеңінен пайдалану керек.
Математиканы оқытуда халық педагогикасының тағылымдарын пайдаланылып өткізілетін сабақтар оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, белсенділігін нығайтады, материалды толық меңгеруге септігін тигізеді. Сонымен бірге оқушы ойын дамытып, өзіндік пікір айта алуға үйретеді. Оқушыны құрғақ жаттандылықтан аулақтатып, дербес ойлап, әрекет етуге жетелейді.
Математика сабақтарында нақты мысалдар арқылы түсіндірілетін сабақ оқушы білімін үнемі толықтырып отырады. Біріншіден, тәрбие беру ұтымды әрі ұтқыр түрде жүргізіледі. Екіншіден, сабақтың мазмұны байып, құндылығы артады, оқушылардың білімі молаяды. Егер мұғалім кезекті сабағында тақырыпты меңгертуде шәкірттерді ойландыруға, білімін толықтыруға, тұлғалық мәдениетін дамытуға көңіл аударса, келесі бір сабақты халқымыздың дәстүр-тұрмыс, салт-сана көріністеріне негіздеп, қазіргі жеткіншек жете біле бермейтін халықтық ұғым-түсініктерді, жөн-жоралғыларды бүгінгі өмірге жанастыра көңіл аудартса, сол арқылы танымдық мақсат қояды. Сөйте отырып, ұлттық салт-дәстүрді қадірлей білуге, адамгершілікке, ізгілікке, ұлттық тәлім-тәрбие беруге назар аударылады.
Халықтық педагогика дәстүрінде математикалық білім беруді қазақ мектептерінің оқу бағдарламасына енгізе салу бір күнде шешілетін мәселе емес. Бұған кезең-кезеңімен көше отырып, мәселенің түйінін шешудің бірнеше жолдарын қарастыру қажеттілігі туындайтыны рас. Біріншіден, педагогикалық жоғары оқу орындарында халық педагогикасы кафедраларын және зертханаларын ашу; екіншіден, оқу-әдістемелік құралдар әзірлеу және ғылыми-тәжірибелік конференциялар шақыру; үшіншіден, БАҚ арқылы насихат жұмыстарын жүргізу; төртіншіден, халық педагогикасы дәстүрінде білім беруді оңтайландыру үшін және оның бұқаралы болуы үшін халық педагогикасы веб-порталын құру, жұмысын жандандыру; бесіншіден, оқу-тәрбие процесін халық педагогикасы дәстүрінде жүргізетін мұғалімдердің шығармашылығын және еңбек нәтижелілігін арттыру, ынталандыру мақсатында арнайы сертификаттар тағайындау немесе оқу курстарын ұйымдастыру; алтыншыдан, мектеп оқушылары арасында халық педагогикасы дәстүріне негізделген пәндер бойынша арнайы олимпиадалар өткізу сияқты іс-шаралардың бүгіннен бастау алуына жол ашуымыз керек. Аталған мәселелердің түйінін шеше алсақ, білім беру мен тәрбиелеудің ұлттық жаңа жүйесін қалыптастыра алған болар едік.
Өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа, халқын қастерлеп, оған қалтқысыз қызмет етуге тәрбиелеу және адамгершілікке, қайырымдылыққа баулу мақсатында күнделікті оқу-тәрбие жүйесіне халықтық педагогиканың тағылымдарын енгізуге кең өріс беру керек. Өз ұрпағымыздың өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалана алсақ, ұлттық психологиямызға жат өркениеттерге тосқауыл қойып, ата-баба тәліміне атүсті қарамаған болар едік.
Сонымен қазіргі замаңғы мектепте математикалық білім берудің міндеті оның тәрбиелік потенциалын барынша қолдану.
Математикалық этнопедагогика тұрғысынан оқытудың теориялық негізі бұл бағытта халықтың ролі туралы философиялық дүниетанымын, оның рухани және материалдық мәдениетінің мәнін түсінуге, халқының дәстүрлерін игеруге, халқының моралдық тәлім тәрбиесі жөнінде білім алуға септігін тигізеді.

1.3 Математика сабағында ұлттық мазмұндағы есептерді шығару

Математика пәнін оқытудың жаңа әдістемелік жүйесі, мектептерде пәнді оқытып үйретудің тиімді жолдарының бірі оқушылардың іс-әрекеттерін белсендіру мен білім алуға құштарлығын арттыру. Осы тұрғыда негізгі мектепте оқытуды ұйымдастыру мәселесіне, оқу-тәрбие жұмысының деңгейін көтеруге және оның беделін жоғарылатуға көңіл бөлу қарастырылған. Қазіргі кезде оқытудың тиімді әдістерін зерттеп, оны іс жүзінде қолдануға ұсыну күрделі мәселелердің біріне айналды. Оқушыларды қоршаған орта заттарымен, құбылыстарымен таныстырып, олар жайында ғылыми ұғымдарын жүйелеп, көз-қарастарын қалыптастыруданегізгі мектепте оқытылтын математика - физика пәндерінің мәні зор.
Негізгі білім беру мекемелерінің тәрбие беру мен оқыту әдістемелерінің түрлері көп. Соның бір түрі - математика пәніне этнопедагогика элементтерін негізге отырып оқыту.
Бүгінгі қазақ мектептерінің алдында тұрған басты міндет - оқушының ұлттық сана-сезімін оятып, тәрбиелеп қана қоймай, оның бойына халықтық педагогиканы, ғасырлар бойы қалыптасқан тіл, дін, тәрбие, ұлттық салт-дәстүр, үлгі-өнегені сіңірту.
Ұлт болашағы бүгінгі оқушыларымыздың білім мен біліктілігіне, санасы мен тәрбиелілігіне байланысты. Халқымыз "сана берсін!" деген тілекті тегін айтпаса керек. Ал ғұлама ғалым әл-Фараби балаға ең алдымен тәрбие берілуі керек, онсыз берілген білім оның өміріне зиян келтіретіні туралы айтқан. Олай болса тәрбиелей отырып білім алуға мүмкіншілік туғызу, жағдай жасау негізгі міндет болуы керек.
Халықтық педагогиканың бір саласы - ұлттық ойындар. Қазақ халқының ұлттық ойын түрлерін өтетін тақырыпқа лайықтап пайдалану - тасада қалып келген дәстүрлерімізді қайта жандандырып, ұрпақтар бойына сіңіруге үлкен көмегін тигізеді. Сонымен бірге оқушылар халқымыздың өткен тарихына ойлы көз тастап, қарым-қатынасты, салт-дәстүрлерді саналы түрде сезінеді.
Әр жасөспірімнің қалыптасып дамуына, өздері күнбе-күн өмірден сезінетін, еститін, көретін заттары мен құбылыстары, оқиғалары үлкен орын алады. Соның ең негізгісі - қазақтың халықтық педагогикасы. Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесін, танымдық мұрасын, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз ертегілері, жұмбақ, мақал-мәтелдер, өлең-жырлары, ұлттық ойындары ерекше тәрбиелік мәні бар баға жетпес асыл қазына.
Халқымыздың тілін, тарихын, ұлттық дәстүрін, ата салтын ұмыта бастаған бүгінгі ұрпақты тәрбиелеуге ат салысу жалпы ұлтымыздың міндеті. Математика пәнін оқытуда мазмұны қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеудегі өмір тәжірибесінен, салт-дәстүрінен, шаруашылық жүргізу тәсілдерінен, сондай-ақ ұлттың табиғи, экономикалық, экологиялық ерекшеліктерімен көрініс бере отырып оқытқан тиімді.
Халқымыздың асыл қазынасын тиімді пайдалану, оның салт-дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарауға үйретуі сөзсіз.
Халықтық педагогиканың математика пәнінің есептері мынандай түрлерге бөлінеді:
- мақал-мәтелдер;
- жұмбақтар;
- ойлан тап отауы;
- халық есептері;
- ертегі есептер;
- санамақтар;
- жаңылтпаштар;
- матемаикалық сиқырлар;
- тоғыз құмалақ ойыны;
Халықтық педагогика мен ұлттық психология тағылымдарын пайдалана отырып, математика-физика пәндерінің әр тарауларынан өткізілген сабақ түрлері оқушылардың пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттырып, тарауды пысықтау кезеңін сапалы өткізуе, материалды толық меңгеруге көмектеседі. Сонымен бірге, оқушылардың ойын дамытып, өзіндік пікір айтуға үйретеді. Оқушыларды құрғақ жаттандылықтан бойын аулақ салып, дербес ойлап, әрекет етуге жетелейді.
Дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізу мұғалімнің берген тапсырмасы бойынша оқушылардың үлкен мақсатты жұмысының нәтижесі. Оқушылардың қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуі, ізденістері, өз бетінше бақылаулары қорытындыланады. Жекелеген тақырыптарда ұлттық бұйым, ұлттық ұғымдарды пайдалануға болады.
Мысалы, мынадай логикалық есептерді оқушыларды ойлануға үйрету арқылы ізденулеріне, ұлттық салт-дәстүрлерді еске түсіріп отыру үшін пайдалануға болады.
Халықтық дәстүрлі ойындар:
"Бәйге" ойыны. Бәйге ойыны ат жарысы. Оған жүйрік, бапталған атпен шабандоздар қатысады.
"Ақсүйек ойыны". Оқулықпен жұмыс жасауға.
"Ақ серек, көк серек ойыны". Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге жаттықтыру.
"Қазақша күрес ойыны". Бұл ойында Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар дегендей білімдерін есеп шығару арқылы көрсетеді.
"Сақина салу ойыны". Бұл ойынға қатысушылар екі-екіден қатар отырады. Ойын бастаушы адамның қолында сақина болады.
Ол сақинаны қолдан қолға, жүгіртіп отырғандардың біреуінің қолына салу керек. Алақанына сақина түскен адам мұны қасындағы көршісіне білдірмей орнынан шапшаң тұру керек. Егер ол тұра алмай қалса айып төлейді. Ал біз ойын ретінде білім және еңбек туралы мақал-мәтелдер айтамыз.
"Қыз қуу" ойыны. Тақтаға бір ұл мен бір қыз шығып, тездетіп есеп шығарады. Егер ұл бала бұрын шығарса, қызды қуып жеткен болып есептеледі, ал қыздан қалып қойған жағдайда айып төлеу ретінде қыздың қойған сұрағына жауап береді.
"Арқан тарту". Оқушылар парта бойынша екі топқа бөлініп, тақтада жіпке ілінген тапсырмаларды кезек-кезек шығып орындайды. Әр шығарған есепке сәйкес жіпті өз тобы жағына қарай тартып отырады. Қай топқа жіптің көп бөлігі жетсе сол топ жеңімпаз аталады.
Бала ойынмен өседі. Осыны жақсы түсінген бабаларымыз ұлттық ойынның небір түрлерін ойлап тапқан. Асық ату ойыны көне заманнан қазірге дейін жалғасын тауып келе жатқан ойын түрі. Бұл ойын түрімен әсіресе ауыл балаларының барлығы жақсы таныс.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында сабақта оларға физикалық ертегі немесе әңгіме құрастыру олардың ойлау қабілеттерін шыңдай түсетіні анық. Бұл оқушылардың сөзік қорын молайтуға, өз бетімен дербес жұмыс істеу дағдысын дамытуға көп септігін тигізеді.
Осындай ойындар ұйымдастыру үшін мынандай әдістемелік нұсқауларға көңіл аудару керектігін ескерейік.
Мысалы: Квадрат теңдеу тақырыбында "Зерде" ойынында мақал-мәтелдер, даналық сөздер жұргізуге болады. Оның ішінде екі сан есім квадрат теңдеудің түбірі, яғни Виет теоремасына кері теоремасы бойынша квадрат теңдеу құру керек.
1. х2-11х+10=0 х1=1; х2=10
Бір тал кессең, (он тал ек).
2. х2-8х+7=0 х1=1; х2=7
Жеті рет өлшеп (бр рет кес).
3. х2-9х+8=0 х1=1; х2=8
Жігіт сегіз қырлы (бір сырлы).
4. х2-70х+1200=0 х1=7; х2=7
Жеті жұрттың тілін біл (жеті түрлі білім ал)
5. х2-14х+49=0 х1=30; х2=40
Ұлға 30 үйден, (қызға 40 үйден) тыю.
6. х2-10х+24=0 D=4х1=6; х2=4
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді (төртеу түгел болса, төбедегі жетеді).
7. х2-1001х+1000=0 D=998001 х1=1; х2=1000
Білімді мыңды жығады (білекті бірді жығады).
Санға қатысты мақал-мәтелдер:
1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім ал)
2. Білекті бірді жығады, (білімді мыңды жығады)
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
4. Досыңды үш күн сына ма, (үш жыл сына)
5. Бір елі ауызға - (екі елі қақпақ)
6. Жүз теңгең болғанша, (жүз досың болсын)
7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)
8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)
10. Ер бір рет өледі, (қорқақ мың рет өледі)
11. Қырық кісі бір жақ (қыңыр кісі бір жақ)
12. Жалқаудың екі досы бар: (бірі - ұйқы, бірі - күлкі)
13. Бір түйір дәнде, (бір тамшы тер бар)
14. Бес бармақ жиылса, (жұдырық болады)
15. Алдына бір қарасаң, (артына он қара)
16. Досының мың болғанына мақтан, (дұшпаның жалғыз болса да сақтан)
17. Алты аға бірігіп әке болмас, (жеті жеңге бірігіп ана болмас)
18. Дос сегіз болса, (дұшпан сегіз)
19. Бермегенге бесеу де көп, (алғанға он болса да аз)
20. Бір құмалақ, (бір қарын майды шірітеді)
Жұмбақтар: (математикалық атаулар мен ұғымдарға байланысты)
1. Доп емес, дөңгелек емес,
Ұқсас бірақ достарым.
Фигура ол ең негізгі,
Дәл жауапты қостадым.
(Шеңбер)
2. Бүтін сан, бөлшек сандар,
Барлығы да бар онда.
Бұл қандай сан айтыңдаршы
Оң, теріс сан бәрі осында
(Рационал сандар)
3. Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай.
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан-жағыңа қарамай.
(Натурал сан)
4. Оң сандарға қол шатырдай,
Қалпақ болған беделі.
Квадраттасаң егер оны,
Жоғалтпассың сен оны.
(Квадрат түбір)
5. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
(Сызғыш)
6. Санасаң сан жетпейтін нүктелерден,
Құралған фигура бар қарапайым.
Салу үшін сен оны сызғыш ізде,
Бұл не өзі, бар ма, сірә, дара пайым.
(Түзу)
7. Егіз туған қос жүйрік,
Жарыса шауып терлейді,
Бірін-бірі көрмейді.
Дамылсыз қанша шапсада,
Бір мәреге келмейді.
(Паралель түзулер)
8. Бірдей санда бірнеше рет,
Көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң,
Қандай атау болады.
(дәреже)
9. Біз санбыз...
Сызықпыз бөлінген
Математиканы ұқпас адамға.
Құбжық болып көрінген,
Дұрыс, бұрыс, аралас,
Ондық болып бөлінген.
(бөлшек сан)
10. Математикалық таңба ол,
Білімің болса ашарсың.
Теріс сан болса астында,
Мағынасы жоқ де қашасың.
(Квадрат теңдеу)
11. Нүктеден 2 сәуледен құралған
Айтшы бұл не екенін?
(Бұрыш)
12. 2 бұрыш ежелден
Көрші болған ең тату
Бірін-бірі толықтырған
Жазыңқыға бар жақын
(Сыбайлас бұрыш)
13. 2 түзу қатар жүріп
3-іншісін қияды
Сонда шыққан бұрыштарды
Кімдер айтып жияды.
(айқыш, тұтас, сәйкес)
14. Басқа кисең бөрік, сәнді сұлу көрік.
(Конус)
15. Айқасқан екі таяқ, тұрады жоқты сұрап.
(х)
Санға қатысты жұмбақтар:
1. Бір, үш, бес, он,
Жиырма, елу,
Жүз, екі жүз, мың бар.
Әрқайсысының құны бар.
(Теңгелер)
2. 100 мүйізі бар
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математика курсын кәсіптік - бағдарлы оқыту мәселелері
Математиканы модульдік-рейтингтік технологиямен оқыту
Бастауыш мектеп математикасын оқыту мәні менерекшеліктері
Математиканы оқыту жүйесін компъютерлендіру мәселелері
Математиканы оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану теориясы мен әдістемесі
Математиканыесептер арқылы оқыту әдістемесі
Сыныптарда информатика пәнін оқытудың оқу бағдарламасының тұжырымдамалық негізі
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері
Бастауыш мектеп математика сабақтарында модульдік технологияны қолдану
Математикадан логикалық есептер жинағы
Пәндер