Сарысу өзенінің гидрологиялық зерттелуі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

Қaзaқстaн Рeспубликaсының Ғылым жәнe бiлiм министрлiгi

Әл-Фaрaби aтындaғы Қaзaқ ұлттық унивeрситeтi

«Қoрғaуғa жiбeрiлдi»

«»2019 ж.

Мeтeoрoлoгия жәнe гидрoлoгия

кaфeдрaсының мeңгeрушiсi,

т. ғ. к., прoфeссoр м. a. Полякова С. Е.

5В061000-«Гидрoлoгия» мaмaндығы бoйыншa

ДИПЛOМДЫҚ ЖҰМЫС

Тaқырыбы: «САРЫСУ AЛAБЫНЫҢ МАКСИМАЛ АҒЫНДЫСЫН БАҒАЛАУ»

Oрындaғaн:

4-шi курс студeнтi Садвакасова А.

Ғылыми жeтeкшi:

г. ғ. к., профессор м. а. Джусупбeкoв Д. К.

Нoрмa бaқылaушы:

oқытушы Раймбекова Ж. Т.

Aлмaты, 2019

РEФEРAТ

Диплoмдық жұмыс 61 компьютерлік басылым бeттeн, сoның iшiндe 11 сурeт, 15 кeстeдeн тұрaды. Жұмыстың құрылымы кiрiспeдeн, 5 тaрaудaн, қoрытындыдaн жәнe 28 aтaулы әдeбиeттeр тiзiмiнeн тұрaды.

Зeрттeу нысaны - Oртaлық Қaзaқстaн aумaғындaғы Сарысу aлaбы өзeндeрi

Жұмыстың мaқсaты: Сарысу aлaбы өзeндeрiнiң көктeмгi aғынды сипaттaмaлaрын eсeптeу.

Түйiндi сөздeр: eсeптiк кeзeң, aғынды қaбaты, көктeмгi aғынды, су өтiмi, aғынды нoрмaсы, стaтистикaлық сипaттaмaлaр, вaриaция кoэффициeнтi, aсиммeтрия кoэффициeнтi, тиiмдiлiк көрсeткiшi, қaмтaмaсыздық қисығы.

РEФEРAТ

Рaбoтa излoжeнa нa 61 стрaницaх кoмпьютeрнoгo тeкстa, сoстoит из ввeдeния, рaздeлoв, зaключeния, 28 - спискa испoльзoвaнных истoчникoв, включaющeгo нaимeнoвaния, иллюстрирoвaнa 11 рисункaми и 15 тaблицaми.

Oбъeкт исслeдoвaния - рeки бaссeйнa Сарысу Цeнтрaльнoгo Кaзaхстaнa.

Цeль рaбoты: исслeдoвaниe стaтистичeских пaрaмeтрoв стoкa вeсeннeгo пoлoвoдья бaссeйнa рeки Сарысу.

Ключeвыe слoвa: рaсчeтный пeриoд, слoй стoкa, вeсeнний стoк, рaсхлoд вoды, нoрмa стoкa, стaтистичeскиe хaрaктeристики, кoэффициeнт вaриaции, кoэффициeнт aсиммeтрии, пoкaзaтeль эффeктивнoсти, кривaя oбeспeчeннoсти.

ABSTRACT

The work is structured on 61 pages of computer text, consists of an introduction, chapters, conclusion, 28 - list of references, including names, illustrated with 11 figures and 15 tables.

The object of study is the river basin of the river Sarysu in Central Kazakhstan.

The work purpose: study of the statistical parameters of runoff of spring flood basin of the Sarysu river.

Key words: settlement period, a layer of runoff, spring runoff, Rashad water, the rate of flow statistical features, coefficient of variation, coefficient of skewness, an indicator of the efficiency curve of the security.

МAЗМҰНЫ
б.
МAЗМҰНЫ: кiрiспe . . .
б.: 6
МAЗМҰНЫ: Сaрысу aлaбының физикaлық-гeoгрaфиялық сипaттaмaсы……
б.: 7
МAЗМҰНЫ: Жeр бeдeрi . . .
б.: 7
МAЗМҰНЫ: Гeoлoгиялық құрылымы . . .
б.: 8
МAЗМҰНЫ: Топырағы және өсімдік жамылғысы . . .
б.: 9
МAЗМҰНЫ: Климаты . . .
б.: 10
МAЗМҰНЫ: Радиациялық баланс . . .
б.: 11
МAЗМҰНЫ: Ауа температурасы . . .
б.: 11
МAЗМҰНЫ: Жауын-шашын . . .
б.: 12
МAЗМҰНЫ: Қар жaмылғысы . . .
б.: 14
МAЗМҰНЫ: Гидрoгрaфиясы . . .
б.: 16
МAЗМҰНЫ: Ағындының қалыптасу жағдайы . . .
б.: 17
МAЗМҰНЫ: Өзендердің гидрологиялық режимі . . .
б.: 18
МAЗМҰНЫ: Гидрологиялық зерттелуі және беткі ағындының қалыптасу жағдайы . . .
б.: 21
МAЗМҰНЫ: Сарысу өзенінің гидрологиялық зерттелуі . . .
б.: 21
МAЗМҰНЫ: Көлдері және бөгендері . . .
б.: 25
МAЗМҰНЫ: Сарысу aлaбы өзeндeрiнiң көктемгі ағынды қабатын eсeптeу . . .
б.: 26
МAЗМҰНЫ: Аналог-өзeндi тaңдaу eрeжeлeрi . . .
б.: 26
МAЗМҰНЫ: Бөгендер мен тоғандардың су қоймаларына көктемгі ағындыға әсерін бағалау . . .
б.: 28
МAЗМҰНЫ: Сарысу aлaбы өзeндeрiнiң aғынды қaтaрын қaлпынa кeлтiру . . .
б.: 29
МAЗМҰНЫ: Сaрысу aлaбы өзeндeрiнiң гидрoлoгиялық қaтaрлaрын қaлпынa кeлтiрудiң нәтижeлeрi . . .
б.: 33
МAЗМҰНЫ: Есептік кезеңді таңдау . . .
б.: 37
МAЗМҰНЫ: Көктемгі су тасудың ағынды қaбaтының нoрмaсы жәнe aғынды қaбaтының өзгeрмeлiгi . . .
б.: 38
МAЗМҰНЫ: Сарысу aлaбы өзендерінің көктемгі ағынды қабатының нормасы және оның өзгeрмeлiлігiн eсeптeу . . .
б.: 43
МAЗМҰНЫ: Көктeмгi су тасуының максимал aғындысы . . .
б.: 50
МAЗМҰНЫ: Сaрысу өзені aлaбының көктeмгi су тасуының максимал aғындысын есептеу . . .
б.: 50
МAЗМҰНЫ: Көктемгі ағынды қабатының әртүрлі қамтамасыздықтағы шамаларын анықтау . . .
б.: 56
МAЗМҰНЫ: Қoрытынды . . .
б.: 59
МAЗМҰНЫ: Әдeбиeттeр тiзiмi . . .
б.: 60

КІРІСПЕ

Шөлді және шөлейтті орта экологиялық деградациялануға және шөлейттенуге сезімтал болып келеді. Сондықтан экологиялық деградациялану Біріккен Ұлттар Ұйымының мәселелері ішіндегі қауіптілік деңгейі жоғары деп танылды. Шөлді және шөлейтті орта жер шарының үштен бір бөлігін алып жатыр.

Су шаруашылығын және құрылысты жобалау кезінде өзендердің көктемгі ағындысы сипаттамаларын анықтау маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Көктемгі ағынды көлемінің нормасы және су тасудың максимал су өтімдерінің шамалары гидротехникалық имараттарды жобалауда және пайдалануда кеңінен қолданылады. Олар өзен ағынының басқа сиапттамаларын анықтауда басты параметрлер болуына байланысты, бір жағынан өзінше гидрологиялық эталон ретінде қолданылады.

Дипломдық жұмыста Сарысу алабы өзендерінің көпжылдық кезеңдегі көктемгі су тасу ағынының статистикалық параметрлері қарастырылған. Көктемгі ағындының негізгі сипаттамаларына ағынды қабатының нормасы және максимал су өтімдері жатады. Алапта әртүрлі су шаруашылығы шараларын тағайындауда осы параметрлердің сенімділігін білу қажет. Қарастырылып отырған алап бойынша көктемгі ағындының сипаттамалары өткен ғасырдың 60-ыншы және 70-інші жылдары алынған. Бұл мәліметтер соңғы жылдардың деректері мен климатттық және антропогендік факторларды ескеріп қайта анықтауды қажет етеді.

Жұмыстың мақсаты - Сарысу алабы өзендерінің көктемгі ағындысының сипаттамаларын шартты-табиғи, есептік кезеңге және соңғы антропогендік жүктеме өсіп отырған кезеңдерге нақтылау болып табылады.

Берілген курстық жұмыс төрт бөлімнен тұрады:

Бірінші бөлімінде, Сарысу өзені алабының физикалық-географиялық жағдайы қарастырылды.

Екінші бөлімінде, Сарысу өзенінің гидрографиясы және гидрологиялық зерттелуі қарастырылды, Сарысу өзенінің су режимі бағаланды.

Үшінші бөлімінде, Сарысу өзенінің көктемгі ағындысының сипаттамалары бағаланды.

Төртінші бөлім Сарысу aлaбы өзeндeрiнiң көктемгі ағынды қабатын eсeптeуге арналған.

Бесінші бөлімде көктемгі су тасуының максимал су өтімдерін, олардың әртүрлі қаматамсыздықтағы шамаларын есептеу қарастырылған.

1 САРЫСУ ӨЗЕНІ АЛАБЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

1. 1 Жер бедері

Сарысу өзені - Қазақтың ұсақ шоқысымен ағып өтетін өзен. Шоқылар мен оның құмтізбектер өзенмен екі жағалауынан да айтарлықтай ұзақтықта жанасады. Ұсақ шоқы қалдық таулар мен құмтізбектерден құралған жазықтықты құра йды. Бұл - борпылдақ шөгінділермен жартылай көмкерілген, денудация және эрозия процестерімен, сонымен қатар уақыттың өтуінің әсерінен өзгеріске ұшыраған, үлкен таулы елдің қалдығы -пенеплен.

Конустәріздес және күмбезтәріздес шыңдары бар құмтізбектер қоршап жатқан аймақтан 30-40, ал кейде тіпті 80-100 м-ге дейін биіктейді. Әдетте олар көбінесе меридиональді бағыттағы тізбектер болып қалыптасады. Шоқылар мен тізбектер бөктерлі жазықтықта ерекшеленеді. Тізбектердің баурайлары қиыршық таспен жамылған. Аласа таулы ұсақ шоқының екі тізбегінің оңтүстіктегі құмтізбегі Сарысу бассейніне жатады [1, 2] .

Ұсақ шоқының батыс бөлігінде Ұлытау (биіктігі 1135 м-ге дейін) және Арғанаты таулары биіктейді, олардың шығыс баураларынан, Сарысу өзені алабы жүйесінің ең суы мол құраушылары мен салалары бар болып табылатын - Қаракеңгір өзені ағады. Ал батыс баурайларында көршілес жатқан ағынсыз Шалқартеңіз ойпатының бассейніне кіретін - Улыжыланшық пен Торғай өзендерінің салалары мен құраушылары бастау алады. Сарысу өзенінің бассейннің шығыс бөлігінде жатқан құраушыларының бастаулары Бұғылы тауларына (ең биік нүктесі Бүркітті тауы - 1184 м) , Жақсы-Тағылы (1076 м), Қосмұрын, Ортау (1068 м) тауларына қарасты. Өзен сонымен қатар Ақтау тауларынан ағып шығатын сулармен де қоректенеді.

Шөлді аймаққа дейін жете, Сарысу өзені оңтүстікке қарай түседі де, Бетпақдала үстіртінің батыс бөлігінің бойымен ағып өтеді. Үстірт Сарысу өзенінің аңғарына қарай биіктігі 40-60 м-ге дейін жететін тік ойықпен үзіледі.

Бұл жердегі «сужинаушы» аудан - әрекет етпейді. Ағынды қалыптаспайды, керісінше мүлдем жоғалып кетеді. Шөл сазды, алайда оның батыс шегінде жиі қозғалыстағы, желдің әсерінен орын ауыстыратын құмдар таралған. Беттің оңтүстік-батыс бөлігі аздап төмендетілген (абсолютті шамасы 300-350 м-ге дейін) . Беткей үшін сансыз көп қазаншұңқырлар мен құрғақ сайлар сипатты. Оңтүстік-батыс бөлігінде тақырлар мен сорлар өте көп. Ұсақ тұзды көлдер бар [2, 3, 4] .

Бұл облыстың аумағына Бетпақдаланың батыс және оңтүстік-батыс бөлігі кіреді. Аумақтың жер бедері беткі бөлігінде аса биік емес таулы үстірттер бар, әрі Мойынқұм, Жетіқоңыр, Саменқұм сияқты құмды массивтер кездесетін жазық болып табылады. Алайда солтүстік-шығыс бөлігіндегі жер бедері ұсақшоқыларға тән, әрі төбелі болып келеді. Сонымен қатар бұл жерде аймақтың табиғи сұлулығын көрсететін жартасты төбелер де бар.

Аймақтың солтүстік-шығыс бөлігінің абсолютті биіктігі солтүстік-шығысында 400-700 м аралығында, ал оңтүстік-батыс бөлігінде 200-300 м аралығында өзгеріп тұрады. Берілген жазықтықтың батыс бөлігінде ойыс орналасқан, дәл осы ойыс арқылы жазықтық Тұран жазықтығымен ұштасады.

Бетпақдала шөлді өңірі секілді Тұран жазықтығы да құмды, я болмаса сазды жазықтық көрінісін береді. Бұл жердегі ауданның абсолютті биіктігі шығыстан батысқа қарай 200-250 м-ден, Сарыарқа даласының батысындағы шекарасына қарай - Арал маңындағы Қарақұмда 80-100 м-ге дейін төмендейді, мұнда ұзындығы 100 км, ал ені 15 км-ге дейін жететін құм массивтері кездеседі, массивтердің салыстырмалы биіктігі 10-20 м-ге дейін жетеді.

  1. Геологиялық құрылымы

Бассейннің беткейінің басым бөлігі бұдан бұрынғы кезеңдерде теңіздің түбі болғанымен ерекшеленеді. Ұсақ шоқының беті қабатты құрылымымен сипатталады, сонымен бірге қабаттар сан түрлі геологиялық жаста. Рельефтің биіктеген бөліктері көбінесе палеозойға дейінгі және палеозойлық мерзімдегі кристаллдық түрлермен түзілген. Ұлытау тауларының жақын аудандарында тақтатастар, қатпарлы тастар, гнейстер, кварциттар, мәрмәрлар, балшық, әктен құралған конгломераттар, құмдауықтар, әктастар өте көп таралған.

Сарысу бассейніне қарасты аймақтың айтарлықтай жерін силурий және девон мерзімдері кезінде түзілген шөгінділер алып жатыр, бұған қоса басым бөлігін шөгінділік пен эффузиондық комплекстер орын алған. Бұл қабаттар орталық пен батыс аудандарының типтік ұсақ шоқысын құрайды, оларға қуаттылығы 30-40 м-ге дейінгі белсенді кеуектілігі тән [3, 4] .

Қатты кеуектендірілген, сонымен қоса карстелген әктастар бассейннің жоғарғы және орта бөліктерінде кездеседі. Бірталай кеуектенуімен ерекшеленетін граниттердің ірі массивтері Жақсы-Сарысу мен Атасу өзендерінің жоғарғы аймақтарында кеңінен таралған. Бұнымен қоса карсттық формалар Қаракеңгір бассейнінде де көптеп кездеседі. Қаракеңгір өзенінің және оның салаларының алқабы карсттелген әктастардан жиналған құрылымдарын қиып өтеді.

Өзендердің алқаптары мен көлдердің қазаншұңқырлары аллювиальді-проллювиальді төрттік түзілімдердің қалың қабаттарымен қосылған. Құмдауытты-гравийлі-малтатасты түзілімдердің қуаттылығы 15-20 м-ге дейін жетеді. Өзендердің алқаптарында 50-70 м-лік қалыңдықтағы, қуаттылығы бірнеше ондаған метрлерге жететін сазды балшықтарда көне аллювийдің бос қалдықтары құмды малтатастардың жиынтығы жиналған [5, 8] .

Бетпақдаланың батыс бөлігі жоғарғы борлы саздар мен сазды құмнан, әктастық және құмды әктастық сазды қабаттардан құрамдалған. Бұл - эолдық құмдардың шағын массивтері бар сазды шөл. Тұран ойпаты бассейннің төменгі оң жағалық бөлігімен жанасады. Үштік шөгінділердің қуатты қалыңдықтары сазбен, ал кейде әртүрлі құрама конгломераттармен жамылған ұсақтүйіршікті құмдардан түзілген.

Осылайша бассейннің геологиялық құрылымы беткі ағындының айтарлықтай көлемінің түзілуіне аса әсерін тигізбейді [8] .

  1. Топырағы және өсімдік жамылғысы

Орталық Қазақстанның топырақ жамылғысы топырақ типтерінің айтарлықтай әртүрлілігімен ғана емес, сонымен бірге оның механикалық құрылымының күрделілігімен де ерекшеленеді. Сарысу бассейнінде қара-күңгірт және сары-күңгірт, қоңыр топырақ түрлері кеңінен таралған. Ал ұсақ шоқыға қарасты аймақта көбінесе сары-күңгірт топырақ түрлері орын алған.

Қарастырылып отырған аймақтың тағы бір негізгі ерекшелігі - ұсақтүйіршікті қабаттың аз қуаттылығы, әсіресе ұсақ шоқының биіктеген жерлерінде ірі құмдылылығы мен қиыршықтылылығы болып табылады. Сортаң, сорды жерлер, тақырлы, сонымен қатар шалғынды-батпақты топырақ қабаттары құралған [3, 11, 12] .

Механикалық құрылымы бойынша бассейннің оңтүстік бөлігінде көбінесе саздақты, балшықты жамылғы орын алған, ал Сарысу өзенінің жоғарғы бөлігінің, Қаракеңгір өзенінің айтарлықтай жерлерінде сазды, қиыршықталған сазды топырақ жамылғысы таралған. Әлсіз қиыршық тасты, құмайт топырақты жамылғы аса көптеп кездеспейді. Топырақ жамылғысының қатуы, ылғал сыйымдылығы жағынан қарастырғанда, онын жай-күйі су тасу кезеңінде ағындының қалай түзілетінін анықтайтын негізгі факторлар болып саналады.

Зерттеліп отырған ауданның топырақ жамылғысын бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады. Соның ішінде негізгі үш топ ретінде бөлсек:

  1. Өте тығыз тау жыныстарындағы әлсіз тасшақпалы болып келетін топырақ түрлері, сонымен бірге жеңіл сазды, құмайтты топырақтардың түрлері аса жоғары инфильтрациялық қасиетімен ерекшеленетін топырақ түрлері таралған. Мұндай грунттардың түрлері ұсақ шоқының оңтүстік және батыс аудандарында таралған құмды массивтерде жиірек кездеседі.
  2. Ал қарастырылып отырған аймақтың оңтүстік және орталық аудандарында тасшақпа топырақ түрлері кеңінен көрініс береді.
  3. Суды ұстау қабілеттілігінің жоғарылығымен ерекшеленетін сазды, әрі ауыр тасшақпа топырақ түрлері солүстік аймақтарында таралған. Мұндай топырақ түрлері сирек кездесетін жағдайларда ұсақ шоқының оңтүстік бөліктерінде өзендер аңғарларының бойларында, тақырлы аймақта және ойысты учаскелерде де таралуы мүмкін.

Аязды қыс пен қардың аздаған қалыңдығы топырақ грунтының үлкен қалыңдыққа дейін қатуына әкеліп соқтырады. Бұл құбылыс әдетте қазан айының соңында орнай бастайды. Қыс мезгілі ішінде грунттың көпжылдық максималды қату қалыңдығы 2 м-ге дейін жетеді. Бірақ салыстырмалы түрде жылы, әрі қарлы қыстың өзінде топырақтың қату қалыңдығы 1 м-ден кем емес.

Топырақ грунттарының метрлік қабатында кеш түскен күз мезгілінде жамылғының ылғал қоры 50-150 мм-ге дейін, ал құрғақшылық орнаған жылдары оның мәні едәуір кеміп, 50-60 мм көрсеткішіне ғана жетеді. Қыс мезгілінде топырақ жамылғысының ылғалдылығы үлкен өзгерістерге ұшырамай, әдетте сақталады. Ал жаз мезгілінде булану процесінің қарқынды жүру әсерінен топырақ грунттарында бар ылғал қорының көп бөлігі шығындалатындықтан, тіпті маусым айының өзінде өсімдіктер жамылғысының қоректенуі үшін қажетті ылғал қорының тапшылығы орнайды [3, 12] .

Бассейннің беткейінің көп бөлігін сирек кездесетін селеулі, бетегелі-жусанды өсімдік жамылғысы алып жатыр. Көктем мезгілінде оларға эфемерлі өсімдіктер қосылады. Ұсақ шоқының беткі жағында дәнді өсімдіктер даласымен, селеулі, бетегелі өсімдіктермен бірге бұталы, талды өсімдіктер таралады. Өзен алаптарының түптік аудандарында шабындық, шалғындық өсімдіктер, сонымен қатар Ұлытау тауларынан ағып шығатын өзен алаптары қайыңдық оқшау ормандарының бар болуымен ерекшеленеді.

Ұлытау тауларында белгілі бір дәрежеде өсімдік жамылғысының биіктік белділігі көрініс береді. Жыл сайын сумен басылатын жайылмалық учаскелерде, жер асты сулары шығатын орындарда, батпақталған жерлерде жағалық аймақтарда ойпатты батпақтарға тән болып келетін өсімдіктер кездеседі. Жартылай шөлді белдеуде өсімдіктер жамылғысы қатты тілімделген, әсіресе белестердің жоғарғы бөліктерінде. Шөлдерде - қабысқан жамылғыны құрамайтын жусан-сораңды және шалабұталы өсімдіктер бар. Көктем мезгілінде эфемерлер пайда болады. Құмды шөлді жерлердің аймақтарында, беткейге жақын топырақтық сулар жатқан жерлерде өсімдіктер жамылғысы сан түрлілігімен ерекшеленеді. бұл жерде жусаннан басқа қияқ тұқымдас және астық тұқымдас өсімдіктердің топтары кездеседі. Ұсақ шоқы мен шөлді аймақтың айтарлықтай бөлігі көбінесе жайылым ретінде пайдаланылады, ал өзен алқаптарының аздаған көлемі суармалы егін шаруашылығы мақсатында қолданылады [11] .

  1. Климаттық шарттары

Зерттеліп жатқан ауданның климаты ағындының қалыптасуы үшін қажетті шарттары ретінде өте қолайсыз. Ол аса құрғақ және шұғыл континентальді. Бассейн еуразиялық материктің тереңінде орналасып, әрі Атлантиканың ылғалды, пайдалы әсерінен үлкен қашықтықта жатыр. Бірақ бұл аймаққа Орта Азияның шөлдерінің құрғақ субтропикалық ауасы және ылғалға тапшы арктикалық ауа массалары да еркін ене алады.

Жылы ауа массалары орнаған жарты жылдықта бұл жерде ауа райы өте құрғақ және ыстық. Өте жоғары ауа температурасы орнап, жауын-шашын аз мөлшерде түсіп, ауасы аса құрғақ болып табылады. Өз мүмкіндігі бойынша күн сәулелерінің түсуі 60-70 %-ын құрайды.

Қыс мезгілі өте суық, аязды, әрі қатал. Қар жамылғысы тым қалың болмаса да, беріктілігімен ерекшеленеді. Желді ауа райы жиі орнайды, бұрқасынды. Өтпелі периодтары, көктем мен күз мезгілдері қысқа, шамамен тек 30 күнге жақын ғана созылады.

Ендікті циркуляциясы кезінде жоғарыланған қысымның енді тілмесі айқын байқалады, батыстан шығысқа қарай барикалық құрылымдардың жылжымалары жүреді. Жауын-шашын салыстырмалы түрде аз жауады, температуралық бейне жағынан жоғары мәндер көрініс береді. Меридиональді бұзылулығының зональдылығы кезінде аумақ солтүстік-батыстық және солтүстіктік ауа массаларының кеулеуіне ұшырайды, оңтүстіктік ауа дәл сондай әсерін тигізеді. Меридиональді циркуляцияның сипатына байланысты жауын-шашынның мөлшері жоғары да, төмен де болуы мүмкін, температуралық аномалиясы - оң таңбалы да, теріс таңбалы да бола алады [1, 8, 10] .

  1. Радиациялық баланс

Сарысу өзені алабының аумағында радиациялық балансының кіріс бөлігінің құрамына кіретін бөлігі ендік бойынша өзгермелілігімен ерекшеленеді. Орталық Қазақстан ауданында жыл ішіндегі қолайлы ашық ауа райы орнайтын күндердің саны 80, Бетпақдала даласында олардың саны 113-ке дейін жетеді. Жыл бойында суық мезгілдері кезінде ғана көбінесе бұлтты ауа райы көрініс береді. Бұл уақыт аралығында бұлтты күндердің санының орнау ықтималдылығы 40-70 %. Жылдың жылы мезгілдерінде, әсіресе жаз айларында бұлттылық өте төмен.

Өзен алабының солтүстік аудандарында жаз айларында қолайлы ауа райының орнау жиілігі 40-50 %, оңтүстікте 50-70 %. Күн сәулесі тарапынан келген жиынтық радиацияның жыл бойындағы ағыны бұл бассейннің оңтүстігінде 130 ккал/см 2 дейін, ал солтүстігінде 110 ккал/см 2 -қа дейін артады. Қыс мезгілінің желтоқсан айында радиация 2-3 ккал/см 2 мөлшерінде болса, жаз айында, дәлірек айтқанда, маусымда айына 16-18 ккал/см 2 -қа дейін ауытқиды.

Жыл бойына шағылған радиацияның мәні шамамен 45 ккал/см 2 , қыста қаңтар айында 1-2 ккал/см 2 , жазда маусымда 5-6 ккал/см 2 шамалары аралығында өзгереді. Жылдың жылы маусымында альбедоның мәні 20-28 % арасында, суық кезеңдерде қар жамылғысының пайда болуына байланысты солтүстік бөлігінде альбедо 70 %-ға дейінгі көрсеткіште болса, оңтүстік аумағында 40 %-ға дейін айтарлықтай кемиді.

Солтүстік аймақтарда радиациялық баланстың жыл ішіндегі мәні 40-42 ккал/см 2 , оңтүстікте 45-48 ккал/см 2 .

Бұл аймақта радиациялық баланстың қабылдай алатын ең максималды мәні жылдың жылы мезгілінде, яғни маусым-шілде айларында байқалады, оның мәні 6-9 ккал/см 2 . Қарастырылып жатқан ауданның радиациялық балансының жыл бойындағы амплитудасы 9-9, 5 ккал/см 2 [8, 10] .

1. 4. 2 Ауа температурасы

Изотермалар жаз айларында да, қыс айларында бассейннің барлық ауданы бойынша өте енді болып өтеді. Аймақтың солтүстігінде орташа жылдық температура - шамамен 2 °С, ал оңтүстігінде - 6-7 °С.

Қаңтардың орташа температурасы минус 15-16 °С-дан, минус 13, 5-14 °С-қа дейін өзгермелі болып табылады. Алайда кейбір бөлек жылдарда нормадан ауытқудың үлкен шамасы көрініс береді. Аязды күндері температура минус 40-47 °С-қа дейін де жетуі мүмкін. Кейде қыс мезгілінде оң таңбалы температура шамасындағы жылымықтар орын алуы мүмкін, олардың температурасы 4-10 °С аралығында, мұндай құбылыс қардың тұрақталуына және сақталуына мүмкіндік бермейді.

Шілде айының орташа температурасы 20-26 °С-ты құрайды. Топырақ жамылғысы құрғауға ұшырап, жаз мезгілінде түскен жауын-шашын ағындының түзілуіне ешқандай үлесін қоспайды деп те айтуға болады. Шілде мен тамыздың кейбір бөлек күндерінде 2-4 күн шамасында аса құрғақ желдер соғып, салыстырмалы ылғалдылықтың мәні едәуір азаяды да, 40 %-ға дейін кемиді. Ал ауа температурасы 23°С-дан да асып кетеді [3] .

Ауа температурасының абсолютті жылдық амплитудасы 90 °С-қа дейін де жетуі мүмкін.

1-Кесте. Айлық және жылдық жиынтық жауын-шашын мөлшері, (мм)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарастырып отырған территорияда атмосфералық жауын - шашынның таралуы тым бірқалыпсыз
Сарысу өзені алабының гидрографиялық сипаттамасы
Нұра алабы өзендерінің ағындысының қалыптасуындағы табиғи және антропогендік фаторларының рөлі
Орталық қазақтанның аумағындағы көл қазаншұңқырларының түзілу жолдары
Сарысу өзені алабының зерттелмеген өзендерінің ағындысын есептеу
Алматы облысының көлдерінің температура режимі
Қазақстан жерінің зерттелу тарихы
Нұра өзені бассейніндегі су қорғау шаралары үшін судың беткі қабатының сапасын қазіргі заманғы бағалау
Әлемдік мұхит туралы ақпарат
Сарыарқаның табиғаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz