Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін қабылдауындағы психологиялық ерекшеліктер.


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

Гуманитарлық факультеті

Гуманитарлық мамандықтар және психология кафедрасы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

ТАҚЫРЫБЫ: Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін

қабылдауындағы психологиялық ерекшеліктер.

Қорғауға жіберілді Ғылыми жетекші:

Гуманитарлық мамандықтар

және психология кафедрасының Орындаған: Педагогика

меңгерушісі психология

п. ғ. к., доцент Мусихина Е. В мамандығының сырттай

«»2009 ж. бөлімінің 5 курс студенті

Шегебаева Б. Қ.

Алматы 2009 ж.

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І БӨЛІМ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ӘРЕКЕТІН ҚАБЫЛДАУЫ

ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕ.

1. 1 Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық даму

ерекшеліктері . . . 8

1. 2 Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетінің ерекшеліктерін

анықтау . . . 22

1. 3 Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінің нәтижесін

анықтау . . . 26

  1. Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін ізгілендіру

жолдары . . . 30

1. 5. Бастауыш сынып оқушыларының мектеп оқуына психологиялық

дайындығын анықтау . . . 42

ІІ БӨЛІМ . БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ

ҚАБЫЛДАУЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН

ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ

2. 1. Зерттеу мақсаты, пәні, міндеттері, болжамы . . . 43

2. 2. Зерттеу әдістері.

«Ғажайып бейнелер» әдістемесі . . . 44

«Мына сураттерде кімге не жетіспейді?» . . . 51

«Суреттерде қандай заттар жасырылған» . . . 54

2. 3 Зерттеуді статистикалық өңдеу . . . 56

ҚОРЫТЫНДЫ. . . . 62

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 64

ҚОСЫМШАЛАР. . . . 76

КІРІСПЕ

Адам табиғат заттары мен құбылыстары дүниесінде, өзі күнбе-күн кездесіп, қатынас жасайтын адамдардың ортасында өмір сүреді.

Қабылдау-айналадағы ортаның заттары мен құбылыстары адамның сезім ағзаларына тікелей әсер еткендегі, түйсіктің жеке қасиеттері мен сапаларының мидағы сараланып сол заттар мен құбылыстарды тұтастай бейнелеу процесі.

А. Бине баланың қабылдаудағы белгілі кезеңін оның жас шамасына байланыстыра отырып, іс-әрекет пен талдап түсіну дәуірлерінің кішкентай балаларға түсініктілік дәрежесін тіпті тексеруге талпынбаған. Баланы тексеру барысында байқалған қабылдай білу дәрежесі оның ақыл-ойының дамуының көрсеткіші деп жарияланған.

Қабылдаудың биологиялық тұрғыдан тұрақтылығы мен өзгергіштігінің зияны бірдей деуге болады. Егер дүниедегі заттар үнемі өзгеріп тұратын болса, онда біз өмір сүрген ортаға бейімделе алмай, алыс жақынды ажырата алмас едік. Марбург мектебінің зерттеушілері мұндай тәжірибелерді одан әрі іздестіре отырып, қабылдау бейнелерінің өзгергіштігі эйдетикалық бейне Эмарт заңына бағынбайды. Өйткені заттар көзден қашықтаған сайын шамасының кішіреюі бірден өзгермей, баяулап барып өзгереді деген тұжырымға тоқталады. .

Қабылдаудың өзіндік қасиеті бірсыпыра биологиялық, рудименттік ерекшеліктерге, адам мәдениетінің дамуына сәйкес, әсіресе иісті қабылдау қасиеті жоғалып кеткендігі байқалады. Яғни алғашқы сезімдік анализаторлардың қарқанды жұмысын біртіндеп сөздік, логикалық таным ұштастырады. Бұны жоғарғы жүйкедегі тежелу және қозу системасының жұмысмен түсіндіруге болады.

Бұл орайда мен Т. К. Кеннигогтің қабылдаудың қарапайым түрлері жайында арнайы зерттеу жүргізіп, жоғары сатыдағы сүтқоректі жануарлармен салыстырып қарағанда, адамдардың қабылдау ерекшеліктері неғұрлым шегініп дамымай қалды деген пікірін қостағым келеді.

Зерттеудің өзектілігі:

Жекелеген психикалық процестерді дамыту бүкіл бастауыш мектеп шағында жүзеге асырылады. Балалар мектепке қабылдау процестері едәуір жетіліп келсе де (оларды көру мен есту қабілеті жоғары екені байқалады, олар түрлі формалар мен түстерді жақсы бағдарлайды), олардың оқу ісіндегі қабылдауы формалар мен түстерді тану және атауға келіп тіреледі. Осы мәселені ғылымда қарастырылу деңгейіне келсек белгілі психологтар З. М Истомина, И. П Товпинец, Е. И. Игнатьев, О. И. Галкина және басқалары-сөзбен аталған геометриялық фигураны (сызықты өрнекті) баланың бейтаныс және сөзбен айтылмаған фигурадан гөрі неғұрлым дұрыс қабылдап, бейнелейтінін көрсетті. [Люблинская А. А] Олар оқушының оқу әрекетінің қалыптасуын қарастырады: орнықтыру теориясы (Д. Н. Узнадце), психологиялық үрдістің мәдени-тарихи шығу жане даму теориясы (Л. С. Выготский), баланың даму теориясы (Д. В. Эльконин, А. В. Запорожец, Л. Н. Божович), ойлау теориясы (А. Н. Леонтьев), ой әрекетін кезең бойынша қалыптастыру теориясы(П. Я. Гальперин) т. б. Бұл психологтардың пікіріне менің қосар ойым, яғни бала синкретизмінің, қабылдауының дәл еместігі мен тұтастығының тағы бір маңызды себебін анықтап ашты деп ойлаймын. Ең бастысы балалардың затты дұрыс қабылдай білмейтіндігі, яғни тұтас және оң қабылдау, мағыналық қабылдаусыз бала өзіндік танымдағы ой сараптау қызметіне әзірленбегендігінен болады.

Бір баланың өзі картинаны бір мезгілде әр түрлі қабылдайтыны байқалған: А. С. Золотнякова мен Е. Ш. Решконың соңғы зерттеулері әдетте балалар қабылдаған сюжеттік картинадағы негізгі фигура-іс-қимыл кезіндегі адам болатындығын дәлелдеді. Соның өзінде оның қалпын «іс-әрекеттің тоқтап қалған сәті» ретінде талдап түсіндіргенде, картинада бейнеленген адамның қандай затпен шұғылданып тұрғаны балалар үшін басты нәрсе болып қалады да, олар талдауды сол зат арқылы бастайды.

Егер картинада қолына таяқ ұстап, жүгіріп келе жатқан ер адам бейнеленсе, оны балалар бұзақыны немесе ұрыны қуып келе жатқан адам деп қабылдайды. Ал сол қалыпта бейнеленген адамның қолында таяқ болмаса, ол алдындағы адамды қуып бара жатқан жүйрік спортшы ретінде қабылданады. Әрине картинада бейнеленгеннің бәрін түсіне білуге балаларды үйретіп отыру қажет және бүл жұмысты бала бақшасынан бастағаны дұрыс

Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін, оқу барысында қабылдауын зерттеу.

Зерттеудің міндеттері:

1. Бастауыш сынып оқушыларының қабылдауға бейімделуі.

2. Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінің қалыптасуы

3. Бастауыш сынып оқушыларының оқу жағдайларының

ерекшеліктері.

Зерттеудің мәселесі: Баланың танымының бастапқы сатысы оның күнбе-күнгі практикалық өмірі болып табылады, мұнда ол өзінің ойыншықтарын, әке-шешесін, туыстарын қабылдауды елеусіз әрі тез үйренеді. Бірақ қабылдау баланың шындық болмысты одан әрі тануының қуатты құралы болуы үшін, оның дамуы жалғасуға тиіс. Қабылдауды нысаналы да ұйымдастырылған қадағалау процесіне айналдыра отырып, ата-аналар, тәрбиешілер, мұғалімдер және басқа да ересек адамдар балалардың қабылдауын дамыту жолында жұмыс істейді.

Жұмыстың объектісі: Жалпы білім беретін орта, бастауыш сынып оқушылары.

Зерттеу пәні: Психологтың бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін қабылдауындағы психологиялық ерекшеліктерін зерттеу әдістері.

Зерттеу ғылыми жаңалығы: Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін қабылдауына қатысты психологтың жүргізетін жұмыс бағытының ерекшеліктері айқындалды.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Мектептегі төменгі сынып жасындағылардың қабылдауы эмоцияға тығыз байланысты. Бала өзін қоршаған дүниені селсоқ қабылдамайды: көп нәрсе оны қуанышқа бөлейді, не ренжітеді. Сондықтан да мектеп оқушысы өзінің сезімін туғызатын қызықтыратын нәрселерге басты зейінін аударады, ал былайынша маңызды, бірақ сезім туғызбайтын нәрсеге зейін аудармайды. Мұның дәлелі: үлкендер үшін елеулі маңызы жоқ, олар байқамайтын ұсақ нәрселерге кейде балалар зейін аударады. Баланың қабылдаған заттарын талдау және саралау мүмкіндіктері онда заттардың жекелеген тікелей қасиеттерін аңғарумен айырудан гөрі күрделілеу қызмет түрінің қалыптасуымен байланысты. Жалпы алғанда, кіші жас тобындағы оқушыға не қызықты немесе не қажетті соған мән беріп, осыны қабылдауға икем келеді. Мысалы, балаға берілген тест әр түрлі бояумен жазылса, осының өзі оқуға кедергі жасайды. Себебі, бала оқудың орнына, бояуға қызығып алаңдайды. Зейінің шашырауы, алаңдауы қабылданатын обьектінің мағынылығы мен тұтастығын жояды, есте сақтау мотивтері әлсіз болады.

Зерттеу нысанының міндеті:

  • бастауыш сынып оқушысының білік-білім дағдысын қалыптастыруда танылатын заттық әрекеттерді қорта қабылдауға бейімдеу.
  • есте сақтау мативтерін даралап ұсынуды оқу үрдісіне енгізу.
  • ниеттелген оқу материалдарын қабылдауда бақылаудың дербес бағытарымен шығармашылық ойлауды ұштастыру.

Зерттеу әдістері мен процедуралары:

Баланың қабылдауына қарай танымға сай оқыту үрдісін құру мақсатында пайдаланылған әдістер топтамасында мектеп жасындағы балаларға арналған ой-логикалық мотивтерін қалыптастырудың

«Ұлттық танымдар арқылы қабылдауды жетілдір терапиясы» әдісін, Кенелл Веридің әдіс ізімен құрылған сөздік қабылдау әдістер жүйесі ұсынылды. Экспериментік жұмыстар арқылы біз алдымыздағы мынандай міндеттерді шешуді көздедік:

  • Бастауыш оқушыларының психологиялық қалыптары мен қасиеттерін ескере отырып алғашқы бейімдеу жұмыстарын белгілеу.
  • Танымдық үрдіске арналған қабылдау аумақтылығын зертеуге арналған тест жұмыстарын өткізу.
  • Қалыптасқан білімдерін қайта қортындылауға арналған сөздік -логикалық білімді қабылдауын жетілдіру жұмыстары атқарылды.

Негізгі күтілетін нәтиже заттық әрекеттердің өзара байланыстылығын қорта қабылдау, есте сақтау жүйесін ізгілендіру. Бастауыш мектеп жасындағы баланың психологиялық ерекшеліктеріндегі зейінің ауысуы мен шоғырлану, қайта шашырауы, есте сақтаудың көрнекі бейнелігі ескеріліп, қабылдаудың тұрақтылығы мен мағыналығын жетілдіру көрсеткіштерін дамытудың жаңа теорияларын пайымдау болып табылады.

І БӨЛІМ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ӘРЕКЕТІН ҚАБЫЛДАУЫ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕ.

1. 1. Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық даму ерекшеліктері.

Оқу іс-әрекетінің белгілі бір құрылымы болады. Оның құрамдас бөліктері мыналар:

  1. оқу ситуациялары (әрекетке қарай өзгерістік жағдайлар)
  2. оқу әрекеті,
  3. бақылау,
  4. бағалау.

Оқу ситуацияларына балалар жұмысының түрлі типті іс-әрекеттерінен құралады. Олардың арасынан оқу әрекеттері ерекше орын алады. Солар арқылы оқушылар міндеттерді шешудің жалпы әдістерінің үлгілерін және оларды қолдану шарттарын анықтаудың жалпы тәсілдерін қайта жаңғыртып, игереді. Бұл әрекеттер пәндік те, ақыл-ой шеңберінде де орындалады. Олардың құрамы бір текті емес. Кейбір оқу іс-әрекеттеріне кез келген оқу материалдарын игеру, екіншілеріне берілген оқу материалының көлемінде жұмыс істеу, үшіншілеріне жекелеген кейбір үлгілерді қайта жаңғырту тән. Мысалы, берілген үлгілерді бейнелеуге мүмкіндік беретін іс-әрекет әрбір пәннің кез-келген материелын оқып үйренуге қолданылады. Сан ұғымдарын игеруде бала бірқатар оқу әрекеттерін, ал олардың ішінен мыналарды:

  1. заттық әрекетті (өлшеу бірлігі етіп алынған бір шаманың екіншісіне реттік қатынасын анықтау)
  2. ауызша әрекетті (өлшеу шамаларын есептеп шығу),
  3. ақыл-ой әрекетін (алынған нәтижені барлық есептелетін объектілерге жатқызу) орындауы керек.

З. М Истомина, А. А. Люблинская, Б. Н. Хачапуридзе, З. М. Богуславская, И. П Товпинец, Е. И. Игнатьев, О. И. Галкина және басқалары-сөзбен аталған геометриялық фигураны (сызықты өрнекті) баланың бейтаныс және сөзбен айтылмаған фигурадан гөрі неғұрлым дұрыс қабылдап, бейнелейтінін көрсетті. [ЛюблинскаяА. А] Олар оқушының оқу әрекетінің қалыптасуын қарастырады: орнықтыру теориясы (Д. Н. Узнадце), психологиялық үрдістің мәдени-тарихи шығу жане даму теориясы (Л. С. Выготский), баланың даму теориясы(Д. В. Эльконин, А. В. Запорожец, Л. Н. Божович), ойлау теориясы (А. Н. Леонтьев), ой әрекетін кезең бойынша қалыптастыру теориясы(П. Я. Гальперин) т. б. Бұл психологтардың пікіріне менің қосар ойым, яғни бала синкретизмінің, қабылдауының дәл еместігі мен тұтастығының тағы бір маңызды себебін анықтап ашты деп ойлаймын. Ең бастысы балалардың затты дұрыс қабылдай білмейтіндігі, яғни тұтас және оң қабылдау, мағыналық қабылдаусыз бала өзіндік танымдағы ой сараптау қызметіне әзірленбегендігінен болады.

Бір баланың өзі картинаны бір мезгілде әр түрлі қабылдайтыны байқалған: А. С. Золотнякова мен Е. Ш. Решконың соңғы зерттеулері әдетте балалар қабылдаған сюжеттік картинадағы негізгі фигура-іс-қимыл кезіндегі адам болатындығын дәлелдеді. Соның өзінде оның қалпын «іс-әрекеттің тоқтап қалған сәті» ретінде талдап түсіндіргенде, картинада бейнеленген адамның қандай затпен шұғылданып тұрғаны балалар үшін басты нәрсе болып қалады да, олар талдауды сол зат арқылы бастайды.

Егер картинада қолына таяқ ұстап, жүгіріп келе жатқан ер адам бейнеленсе, оны балалар бұзақыны немесе ұрыны қуып келе жатқан адам деп қабылдайды. Ал сол қалыпта бейнеленген адамның қолында таяқ болмаса, ол алдындағы адамды қуып бара жатқан жүйрік спортшы ретінде қабылданады. Әрине картинада бейнеленгеннің бәрін түсіне білуге балаларды үйретіп отыру қажет және бүл жұмысты бала бақшасынан бастағаны дұрыс. Бастауыш сынып оқушыларының оқу материалын көрнекі ұғымға және мәтінді тура, сөзбе-сөз есте ұстауға сүйеніп игеруге тырысатын жағдайларын жиі байқауға болады. Алғаш бұл қажетті оқу әрекеттерін толық орындаудан гөрі оңай да тезірек болады (мысалы материалдарды мағынасына қарай қайта топтау, тірек пункттерін бөліп көрсету) Бірақ мұғалім оқу ісінің өз шегінен шығып кететін стихиялы талпынысты тоқтатуға және ерекше оқу ситуациялары ішінен балаларды материалды шын мәнінде игеруіне бастайтын іс-әрекеттерді жүйелі қалыптастыруға міндетті. Басында бұл оқуды баяулатады. Бірақ жақсы игерілген оқу әрекеттері негізінде ғана оқушылар алдағы уақытта әр түрлі пәндердің көлемі жағынан айтарлықтай материалдарын дәл және толық жаңғырта алады. Жекелеген ұғымдарды және есептерді шешу тәсілдерін меңгерудегі бірқатар елеулі кемшіліктер бұл ұғымдарды және есептерді шешу тәсілдерін қалыптастыруда балаларға барлық қажетті оқу амалдары үйретілмегендігімен байланысты екендігін зерттеу көрсетіп отыр. Оқу ситуацияларына толық жарамды жұмыс әрекеттердің тағы да бір типін-бақылау әрекетін орындауды талап етеді. Бала өзінің оқу әрекеттерін және олардың нәтижелерін берілген үлгілермен салыстырып бұл нәтижелердің сапасын орындалған оқу әрекетінің деңгейі және толықтығымен байланыстыруы қажет. Бақылаудың арасында оқушы назарын тіпті жаман үлгі мен өзінің оқу іс-әрекеттерінің кемшіліктері арасындағы байланыстарда да сапалы түрде орнатады. Бұл кемшіліктерді жою (жаңа іс-әрекеттер немесе олардың операцияларын енгізу, оларды мейлінше ұқыпты орындау т. б жолдармен) игеру нәтижелерін жақсартуға және оларды талап етілетін нормаларға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Алғашында бақылауды ұйымдастырудағы негізгі роль мұғалімге жүктеледі. Балалар біртіндеп өз істерінің нәтижесін үлгімен салыстырады, мүмкін болатын алшақтықтардың себептерін табады және оқу әрекеттерін өзгерте отырып, оларды жоя бастайды. Бұл жағдайларда оқуды игеру процесінде оқушылардың өзін-өзі бақылауы қалыптасады. Бақылау түрлері сан алуан. Оның екі формасы ерекше маңызды:

  • шын мәнінде орындалған іс-әрекеттердің дайын нәтижелерін талдау негізінде жасалатын бақылау,
  • ойлау бойынша орындалған әрекеттердің көзделген нәтижелері негізінде болатын бақылау.

Бақылаудың қажеттігін және оның іске асу тәсілдерін алғаш мұғалім көрсетеді. Мысалы, бірінші сынып оқушысы қандай да бір әріпті жазды, делік. Мұғалім оны элементтерге бөлшектеп, балаға олардың кейбіреулерінің үлгіден алшақтап кеткенін көрсетеді. («Мына бөлігі жеткілікті дөңгеленбеген») алшақтықты оқу әрекеттерінің кемшіліктерімен салыстырады. Осыған ұқсас жұмыс басқа сабақтарда да әрдайым өткізіледі. Бағалау оқу қызметінің тағы да бір бөлігімен-бағалаумен тығыз байланысты. Ол игеру нәтижелерінің оқу ситуациясының талаптарына сәйкес, я алшақ болуын көрсетеді. Алғашқы кезде бақылауды өзі жүргізетін болғандықтан негізінен мұғалім бағалайды, алайда балалардың өзін-өзі бақылауының қалыптасуына қарай бағалау функциясы да соларға көшеді. Оқушылар өзінің белгілі бір міндетті шешудің жалпы әдістерін білетіндігін мейлінше тура немесе онша дәл емес анықтауды үйренеді. Оқу ісін ұйымдастыру бағалаудың сипатына байланысты. Егер бағалау дұрыс болса, сол оқу ситуациясы аяқталады да басқа материалға көшуге болады және керісінше. Соңғы жағдайда оқытушы сол оқу ситуациясының тұтастық және жеке вариантарын оқытады, бұл баланың әрекеттерінің немесе есептерді шығару тәсілдерінің жекелеген шектерін меңгеруіне көмектеседі. Мектеп тәжірибесінде бағалауды бағамен жиі теңестіреді, алайда психологиялық көзқарас тұрғысынан бұл дұрыс емес. Бағалау меңгеру немесе меңгермеу фактісін ғана емес, сонымен қатар меңгермеу себептерін көрсетеді, оқушыны кемшіліктерді жоюға тура бағыттайды және оны нәтиже жақсарғанша жұмыс істеуге итермелейді. Оқу әрекетінің ішіндегі бағалаудың мәні мейлінше тар. Ол мазмұнды да сапалы анықтама береді, бірақ сан жағынан салыстыруға қолайлы болатын рангілі сипаттама бермейді. Бағалау мен бағаның шын мәніндегі және күрделі арақатынасы әлі де одан әрі зерттеуді қажет етеді. Дегенмен қазірдің өзінде бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетінің психологиясы балалардың оқу жұмысының тәсілдерін де, ұқыптылықты да қалыптастыруда оқытушыға бағаның ролін шамадан тыс айырмауы керек екенін көрсетіп отыр. Бағаның белгілі бір шамасын сақтай отырып, балалардың оқу әрекетінің жайын мазмұнды сипаттау құралы ретінде бағалаудың психологиялық мүмкіндіктерін мейлінше елеулі түрде пайдалану керек. Осындай сипаттау негізінде бастауыш сынып оқушыларына оқу іс-әрекетінің негізгі бөліктерін мейлінше мақсатты бағытта үйретуге болады. Балаларға оқу іс-әрекетінің белгілі бір жүйелілігін егжей-тегжейлі және асықпай көрсету, олардың арасынан заттың сыртқы тілдік немесе ақыл-ой шеңберінде орындалатындарын ерекше бөліп көрсету керек. Бұл жерде заттық әрекеттер тиісті дәрежеде қорытындыланып, қысқартылып және игеріліп ақыл-ой формасына келетіндей жағдай жасау маңызды. Егер тапсырманы орындауда оқушылар бәрібір қате жіберсе, онда ол не оларға көрсетілген оқу әрекеттерін бақылау мен бағалаудың толық еместігінің, не осы әрекеттердің нашар жүргізілгендігінің дәлелі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу-танымдық қызығушылығын зерттеу тәсілдері
Бастауыш сынып мұғаліміне оқушылардың психологиялық ерекшеліктерінің психодиогностика жасаудың маңызы
Бастауыш сынып оқушыларының көрі арқылы қабылдаудың ерекшеліктері
Теледидар және жасөспірімдер
Психологиялық-педагогикалық жеке адам диагностикасы
Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық даму ерекшеліктері
6 жасар балаларды мектепке оқытуға дайындау
Бастауыш мектеп оқушыларының үлгермеушіліктерінің алдын-алу
Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетінде зейінді ұйымдастыру
Бастауыш сынып оқушыларының қабылдау ерекшеліктерін анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz