Мағжан Жұмабаевтың халқына сіңірген еңбегі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республиасының білім және ғылым министрлігі

Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пән: Бастауыш мектеп ана тілі

Тақырыбы: «Мағжан Жұмабаев мен халқымның ұлымын»

Орындаған: Серикбаева Айжан

Ғылыми жетекші: Абильденова Ш. М

Тіркеу нөмері:

Баға:

Қолы:

Қарағанды 2021 ж.

Мазмұны

Кіріспе . . . 3-4

I тарау. Мағжан Жұмабаевтың өмір баяны

1. 1 Кеңес жүйесінің қуғын-сүргін құрбаны . . .

II тарау. Мағжан Жұмабаевтың халқына қалдырған өшпес мұрасы

2. 1Ақынның әдеби-шығармашылық еңбектері . . . 18-20

2. 2Қазақ педагогикасына қосқан үлесі . . . 21-24

Қорытынды . . . 25

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 26

Қосымша . . . 27-28

Кіріспе

Зерттеу өзектілігі . Ел егемендігін алып, өлгеніміз тіріліп, Өшкеніміз жанды. Азаттыққа ұмтылған, тәубадан гөрі тәуекелге көбірек сүйенген кешегі Желтоқсан қозғалысы бір кезде азаттық жолына басын тіккен, шығармаларын оқымақ тұрмақ, атын атауға тыйым салынған ұлт зиялыларын, Мағжандарды, арада жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де жеті қат жер астыннан суырып алды, ұлттың ұранын ұрлап, рұхын тығып ұстаған шойын есікті тас-талқан етті. Халқымыздың қасиеті мен қастерін бағалаған, қасіретінен қара жамылып, соған қабырғасы қайысқан, өз ұлтының бақыты үшін өз бақытын құрбандыққа шалған, тағдырдың запыранын ішіп, уын ұрттаған ел ардақтысы әлемінің есігін ашты. Мағжан Жұмабаев - қазақтың ұлы акыны. Әйтсе де ол аса дарынды ақындығымен бірге ұстаздықты мұрат етіп, сол жолда оқулық, методикалық Сипатта еңбектер де жазған жан. Қазақ үкіметінің ағарту жұмыстарына белсене араласты.

М. Жұмабаевтың «Педагогика» кітабы қазақ баласын тәрбиелеуде күні бүгінге дейін ғылыми маңызын жоғалтпаған еңбегі мұғалім, жалпы қауым үшін таптырмас үлгі. Ол орыс, батыс педагог-психолог ғалымдар еңбектерін оқи отырып, сонымен бірге тәрбиенің ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып өзінің "Педагогика" атты Оқулығын жазудағы ұстанымын былайша сипаттайды: "Тәрбие ғалымдарының пікірлерін (орыс, батыс ғалымдары) тандап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым . . .

М. Жұмабаев ұлт-азаттық тақырыбын үзбей толғанды, оны өз поэзиясының өзегі етті. Бүкіл халықты тап, топқа жіктемей, Қазақ елін әлемдік мәдени жетістіктерге қол жеткізуге қандай күш кедергі деген сауал қойып, оған басты кедергі - отаршылдық деген шешімге келді.

Халқының тәуелсіздік жолында күресіп, ату жазасына кесілді. Өз ұлты мен халқының жанашыры.

Зерттеу мақсаты: Мағжан Жұмабаевтың қазіргі және келер ұрпаққа қалдырған әдеби-шығармашылық мұралары. Педагогикаға қосқан елеулі еңбектерін қарастыру. Кеңестік жүйенің қуғын-сүргін құрбаны.

Зерттеу міндеттері:

1. М. Жұмабаевтың жүріп өткен ізімен таныстыру.

2. М. Жұмабаевтың педагогикалық мұрасын зерттеу.

3. Ақынның шығармашылығымен танысу.

Зерттеу нысаны: Мағжан Жұмабаевтың халқына сіңірген еңбегі.

3

Зерттеу құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан және қорытынды мен пайдаланылған тізімнен тұрады.

4

I тарау. Мағжан Жұмабаевтың өмір баяны

Қазақ өлеңінің Абайдан кейінгі алыптарының, айтулы алтын діңгектерінің бірі ғана емес, бірегейі - Маржан Жұмабаев. Жарық дүниеге адам боп ту ғанмен, азамат боп өмір сүру билігі өзіне тимей, ғұ мыр бойы бұғауда, қуғын-сүргінде жүріп, ақыры бас аяғы қырық бес жасында түрмеде атып өлтірілген Мағжан-ақын (мүрдесі қайда қалғаны белгісіз) ұшты күйлі, зым-зыя жоғалып кетіп, есімі жарты ғасыр сарғая сағынған халқына, туған елі тәуелсіздік алар қарсаңда ғана әрең қайтып оралды:

«Мен келемін, мен келемін, мен келем,

Күннен туған, Гуннен туған пайғамбар».

(Мағжан, «Пайғамбар»)

Сұрақ туады: Мағжанның «пайғамбарлығы» неде?

Мұның жауабын «Мағжанның ақындығы туралы» деген қысқа да болса нұсқа зерттеуінде Жүсіпбек Аймауытов берген:

Абайдан соңғы әдебиетке жаңа түр кіргізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп (школа) ашқан күшті ақын; ол - түрікшіл, санашыл, дарашыл, уайым шыл, өзімшіл ақын Мағжан нәзік сезімнің, тәтті қиялдың ақыны. Ұлт ақыны!

Бұған қосып-аларымыз жоқ. Енді тек осыны дәлелдеу шарт.

Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылғы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Жұмабаев ауданының Мағжан ауылында дүниеге келген. Болашак ақын 1897 жылы ауыл балаларына арнап әкесі Бекен ашқан мектептен төрт жасында сауат ашып, хат таниды. Содан соң Қызылжар медресесінде төрт жыл оқып, орталау білім көле міндегі әртүрлі пәндерді игере келе арнайы араб, парсы, түрік тілдерін үйреніп, Шығыс әдебиетімен түпнұсқадан таныса бастайды. Одан әрі 1910 жылдың күзінде Уфаға барып, білім беру деңгейі жөнінен сол кездегі жоғары оқу орны саналатын Медресе-Ғалия ға түсіп, онда ұстаздық ететін атакты татар жазу шысы Ғалымжан Ибрагимовпен, медресе шәкірті өзіміздің кәдімгі Бейімбет Майлинмен танысады. Булар үлкен-кіші демей бір-бірімен етене ұғысып, өзара пікірлес, максаттас, мүдделес тіршілік етіп, ғұмыр кешеді. Мағжанның талантын анық танып, келешегінен үлкен үміт күткен ұстазы Ғалымжан Ибрагимов оған Медресе-Fалиямен канағаттанбай оқуын әрі қарай жалғастыруға ақыл-кеңес береді. Мағжан Жұмабаевтың 1912 жылы Қазанда басылып шыққан «Шолпан» атты тұңғыш жинағына демеуші болған да осынау татар әдебиетінің классигі еді. Жас ақынның жас поэзиясын сүйсіне оқып-қабылдағаны сондай, өзінің сол тұста жазып жүрген «Қазақ қызы» атты романына шәкіртінің мына бір шумақ өлеңін эпиграф етіп алады:

«Кең дала - көресің ғой - ана жаткан,

Жібектей жасыл шөптер бетін жапқан.

Асқар тау, балдан тәтті сулары бар

5

Әне, сол анам еді мені тапқан. »

Айрықша назар аударатын нәрсе: осы өлеңдегі автор «анам» деп емірене толғап отырған «Кең дала» күллі Мағжан поэзиясының бастапқы құлақ күйі, кейін оның өнбойына күннің шуағындай тарап кет кен лейтмотив қана емес, аз ғұмырында көп жырла ған, қайта-қайта жырлаған және жырдың мұңы мен сырына суара сомдап соққан жиынтық бейне, образ символ! Ақынның ғұмыр бойы діңкесін құртып, оны туған еліне, халқына, ұлтына ессіз ғашық еткен де осы Дала. Шетсіз, шексіз Казак даласы. Кейде оқыс ой келеді: қайран ақын жарық дүниеден жендеттер атқан оққа ұшып қана өлген жоқ, өзінің сайын Даласына аяулы Анасына деген өз кеудесіндегі жалын атқан, ұшқын шашқан мәңгілік құштарлық отына өзі өртеніп кеткен секілденеді.

Мағжан Жұмабаевтың өз кезіндегі, өз келесін- дегі, өз катар-құрбыларының арасындағы әдеби оқу-білігі терең, эстетикалық талап-талғамы биік ақын болып қалыптасуына, біріншіден, Медресе Ғалиядан кейін орыстың Сібір университеті атанған Омбы мұғалімдер семинариясында (1913-1917), одан әрі араға бірнеше жыл салып Мескеудің әйгілі Валерий Брюсов жетекшілік ететін әдебиет-өнер институтында оқуы (1923-1927) себеп болса, екінші жағынан, 1909 жылы Петербургте жарық көрген Абайдың өлеңдер жинағымен танысуы, аса білімдар қаламгер өрі қайраткер Міржақып Дулатовтан дәріс алып, үлгі-өнеге үйренуі - орыс өдебиетіне, жалпы Еуропа мәдениетіне қанығуы шешуші себеп болғаны сөзсіз.

Өзінің «Алтын хакім Абайға» деген өлеңінде

Мағжан:

«Шын хакім, сөзің асыл - баға жетпес,

Бір сөзің мың жыл журсе дәмі кетпес.

Қарадан хакім болған сендей жанның,

Әлемнің құлағынан әні кетпес»

дей келіп, ай өтер, жыл өтер, дүние көшін тартып кете берер, ал ел-жұртың көзін ашып оянған сайын сенің қадірің артып, қасиетіңді халқың ұққан үстіне ұға түсер деп түйіндеуі «қазақтың бас ақынын» тұп тұра қазақ зиялыларының көсемі Ахмет Байтұрсы новша түсініп, кемеңгер Абайдың қайталанбас талан тына бас июі, ақындардың ақынының қаламгерлік жолына түсуі болса, Міржақып Дулатовтың:

«Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш, Емеспін жемісі көп тамаша ағаш. Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі, Пайдалан шаруаңа жараса, Алаш!» -
деген ғажайып өлеңі Жұмабаевты атажұртына соң ғы тынысына дейін

6

тынбастан қызмет ететін қайрат керлікке баулығаны тағы даусыз.

Сөйтіп, Мағжан Абай үлгісімен өзінің шығарма шылық ортасында ақындық бетін айқындап, ше берлігін шыңдай бастаса, Міржақып ықпалымен күллі ел-жұртқа азаматтық келбетін танытып, таза ұлтжанды тұлғаға айналады. Сөйтіп, ақындық өнерін де, азаматтық өмірін де тек қана туған халқының азаттык туының астында өрбітіп, еркіндік-теңдік жолына бағыштайды. Бұл ретте ол тек ұлт шеңберінде ғана шектеліп қалмай, Гете мен Толстой идеяларына қарай өрістеп, Мережковский мен Бальмонт, Брюсов пен Блок діттеген максат-мүдделерге дейін барады. Мұның өзі Мағжанның талмай талпыну, оқу, үйрену арқылы жеткен білім деңгейі; кеңіген ой өрісі; сезім, сыр қалыптастырған көзқарас көкжиегі болатын. Оның өз ортасынан оза шабуы да осындай білімдарлығына байланысты. Ер нь бура Мағжан дәл осы халде - үздіксіз іздену үстінде 1917 жылғы ақпан революциясына кезігеді. Бұл төңкерісті өзінің ұлт-азаттық жолындағы үлкен мақсаттарын іске асыру үшін қолайлы кезең деп біліп, енді абстракт-ойдан нақты іс-әрекетке көшеді. Сол жылдарда дүниеге келіп жатқан «Алашорда» партиясының құрылтай съезіне қатысып, Омбыда құрылған Ақмола облыстық үкіметіне, оның оқу комиссиясына мүше боп сайланады. Алайда көп ұзамай «Үш жүз» партиясының қаһарына ілігіп, тұтқынға алынады да түрмеге жабылады. Мағжанға деген қуғын мен сүргін осыдан басталады. Одан елдегі Чехословак ойраны кезінде босап шыққанмен Колчак үкіметінің қырғынына тап болады. Ақынның таң самалындай тыныстағысы келген азаттық идеясы әдірә қалады. Елім, жұртым, ұлтым деп күңіренген Мағжанның мұңына мұң, зарына зар қосылады. Дей тұрғанмен, қызыл әскерлер ақтарды қуғаннан кейін Бүкілодақтық өкімет 1919 жылдың 4 сәуірінде «Алашорда» партиясына кешірім жариялап, біраз кеңшілік бергендей болады. Алаш көсемі Ахмет Байтурсынов жаңа қоғамдық жүйеден ел игілігі үшін әжептәуір үміт күтіп, коммунист партиясының катарына өтеді де Орынборда сайланған тұңғыш Қазақ үкіметіне мүшелікке кіріп, оның Оқу ағарту халық комиссары болып тағайындалады. Бұл тұста Мағжан Жұмабаев Ақмола губерниялық «Бостандық туы» газетінің редакторы болып істейді. Газетте жүрген кездерінде оның публицистикасы өріс алады: «Бірінші май мейрамы», «Сайлау» сияқты шалқымалары біршама ақындық қуатпен, шабытпен жазылып-жарияланады. Әдеби сын саласындағы «Ақан Сері», «Ақанның өмірі», «Ақан Сері сөздері», «Базар жырау», «Әбубәкір ақсақал Дибаев» деген мақалаларының мазмұнында ірі-ірі танымдық деректер тұтасып жатса, жазылу стилінде зерттеушілік сипат, тілінде әдеби көркемдік бар.

Ахмет Байтұрсыновтың әсерімен ат төбеліндей қазақ зиялылары Қазақ үкіметінің ағарту жұмыс тарына белсене араласады. Әсіресе оқу, оқыту мәселелерін көп боп бірігіп шешпек болады. Мәсе лен, дәрігер Х. Досмұхамедов қазақ халық әдебие тін, Махамбет пен Мұрат ақындығын зерттей келе Ташкентте тіпті «Қазақ-қырғыз тіліндегі сингар монизм заңы» туралы зерттеуін кітап етіп шығарса, жазушы Ж. Аймауытов Мәскеуде психология тақырыбына

7

«Жан жүйесі және өнер таңдау» деген оқу құралын, ақын М. Жұмабаев 1922 жылы Орынборда «Педагогика» оқулығын бастырады . . . Қазақ оқы ғандарының мұншалық әмбебаптығы кезінде қазақ жастарының интеллектуалдық дамуында орасан зор роль атқарған. Олар елдің келешегі жастар деп ұғып, оларды оқытып-тәрбиелеуге барлық күш-қабілетін сарыққан. Демек, ақынның «Мен жастарға сенемін» деген өлеңі де жайдан-жай туып жүрген жоқ.

«Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты

Қырандай күшті қанатты, Мен жастарга сенемін.

Қажу бар ма тулпарға
Талу бар ма сұңқарға,

Иман кушті оларда,
Мен жастарга сенемін.

Алаш айбынды ураны,

Қасіретті құраны,

Алаштың олар құрбаны, Мен жастарга сенемін!. . »

(«Мен жастарға сенемін») .

Бұдан Мағжанның тұрақты ағартушы-демо краттық бағытын танимыз. 1922 жылы Бернияз Күлеевтің көмегімен Қазанда басылған Мағжан Жұмабаевтың екінші жинағындағы, 1923 жылы Султанбек Қожановтың қолдауымен Ташкентте ба сылған үшінші жинағындағы өлеңдер де, негізінен, әлгідей ағартушы-демократтық идеясынан туған шығармалар еді. 1912, 1922, 1923 жылдардағы үш жинақты саусақпен санап отырған себебіміз Мағжан ақындығы оның көзінің тірісінде жарық көрген тек осынау үш жинақта ғана шоғырланып бізге жеткен. Өзгелері жоқ. 1929 жылдан былайғы өлеңдері мүлде табылар емес. Бәрі жоғалған, немесе ақынға қалам қызметін күшпен токтаттырған.

Поэмаларына келсек, олардың ішіндегі ең бір інжу-маржандары «Қорқытты» «Шолпан» жур налының 1922 жылғы 2-3 сандарынан, «Батыр Баянды» 1923 жылғы 4-5-6-7-8 сандарынан табуға болады. Ал бізге жеткен бірден-бір нұсқалы проза лық шығармасы «Шолпанның күнәсі» де журналдың дәл осы жылғы дәл осы сандарында жарияланған. Бұлайша тәптіштеп отырғанымыздың мәнісі Мағжанның 1922 жылы Ташкентке келіп, «Ақ жол» газетінің, «Шолпан», «Сана» журналдарының жұмысына белсене араласқан

8

бірер жылдың санаулы айлары Пушкиннің «Болдино күзі» секілді ақын шығармашылығының аса жемісті шағы болғанын айрықша атап көрсету еді. Осыдан кейін-ақ Мағжан басын тағы да қатердің қара бұлты торлай бастайды. Оған себеп (асылы «қазақтың жауы - қазақ» деген тұжырым рас па, қалай?!) - 1924 жылғы 24 карашада Мәскеуде оқитын қазақ жастарының ақын өлеңдерін талкылап, әсіресе соңғы жинаққа енген «Мағжан өлеңінің көбінде өткенді көксейді, ескілікті іздейді, ұлтшылдықты жырлайды, өзімшілдік, менмендікті дәріптейді» деген қаулы қабылдап, сол кездің өрші гелі тұрған отына май құюы! Осының ізінше ұры нарға қара таппай жүрген ҚазАПП басшылары Мағжанға қарсы ұйымдасқан түрде жаппай шабуылға кіріседі. Ұр да жық, тұрпайы, солақай, «сойып сал» сыншылар Мағжанды «ағаш атқа мінгізіп» қойып «өзімшіл, байшыл, ұлтшыл, түрікшіл» деген айыптар такты. Ол 1924 жылы амалсыз Ташкентті тастап, Мәскеуге ауысты. Күншығыс баспасына жұмысқа орналасты. Мұнда жүргенде ол М. Горькийдің «Сұңқар жырын», Мамин Сибиряктың «Ақбоз атын», Всеволод Ивановтың «Қазақ әңгімелерін» аударып бастырды. Өзінің төл туындыларын уақытша үзе тұрып еді, бәрібір, сонда да айыптаулардан арыла алмады. Тағы да амал жоқ, елге оралды. Қызылжардағы Қазақ педагогикалық техникумында, Партия-Кеңес мектебінде дәріс беріп, қырсық-қиғылықтан аулақ аздап бой тасалап жүрді.
Бұл кез - Қазақстан өлкелік партия комитетіне басшы боп келген Ф. Голощекиннің « Кіші Қазан» ұранын таратып, жалпы қазақ атаулыға қарсы қанды қол зұлымдығын күшейте түскен шағы; ҚазАПП көрсеткен «ұлтшыл», «байшыл» жазушыларға қорқау қасқырдай тиген тұсы . . . Нәтижесінде 1929 жылы қазақ зиялыларының үш жүзден астамы тұт қынға алынғанда Мағжан солардың ішінде кетіп, Мәскеудегі Бутырка түрмесіне жабылады. Одан он жылға сотталады. Карелияға айдалады. «Кісендеулі қолымен» Беломор-Балтық каналын қазысады. Сон да жүргенде М. Горький мен Е. Пешковаға хат жазып, солардың көмегімен 1936 жылы аз уақыт азаттык алып, Қызылжарға қайтып келеді де орта мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ береді. 1937 жылдың 18 наурызында Сәкен Сейфуллиннің шақыруымен Алматыға келген, бірақ мұнда да не баспана, не жұмыс таба алмай сергелдеңге түседі. Ақыр-аяғында қайран ақын сол жылдың 30 желтоқсанында қайта дан қамауға алынады да, келер жылы баянсыз ғұмыр біржола үзіледі. [1, 3-12]

  1. Кеңес жүйесінің қуғын-сүргін құрбаны

Қазақтың зиялы азаматтарының қалыптасып. қауымдасуы, 1905-1907 ж. орыс бур жуазиялық төңкерісінің жаңғырығы, бірінші дүниежүзілік соғыс 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс, ақпан төң керісі, одан соңғы қазан төңкерісі - саясат жүзінде әлі де ысыла қоймаған қазақ қауымы үшін аз уақыттың ішінде оның басынан кешкен күрделі де, дүбірлі кезеңі болды. «1905 ж. өз герістен былай қазақтың қамын ой лаймын деген азаматтар ұлт мұңын сөйлеп, ұлт мәселесін қолға ала бастады», дейді Мағжанға жана стыра отырып белгілі баяндамасын да Жүсіпбек Аймауытов. Бұл жыл дардың әлгіндей сипаты жайында Алаш көсемі

9

Ә. Бөкейхан: «Бүкіл дала саясат аясына тартылып, азаттык үшін қозғалыс тасқыны құрсауына енді» деп жазған болатын. Бүкіл өз герістер өткен ғасырдағы отаршыл Ресей империясының қажеттілігінен емес, ұлттық талап-тілектерден туып жатты. Сол себепті де, XIX ғ. Дулат, Шортанбай, Мұрат сияқты зар за мандық сарындағы романтиктерде торығу, уайым, шарасыздық басым болса, ұлт-азаттық қозғалыс дәуірі Мағжандағындағы Мағжан романтизмінде опти мистік, максималистік бағдар үстем. Отаршылыққа қарсылық Абылай, Кенесары дәуірлеріндегідей дың күші, найзаның ұшымен емес, қару ендігі жерде халықтың санасын оятуға, ұлттық сезімін тәрбиелеуге - бағытталған игілікті саяси, мәдени ic-эpекеттерге көшті. Оның тұңғыш жаңа жүзжылдықтың кадамдары алғашқы Мағжанда-ақ байқалғанымен (Каркаралы петициясы, алғашқы бас пасөз құралдары, Дулатовтың «Оян қазағы», Байтұрсынұлының «Маса- сы»), іргелі де белсенді шаралар 1913 1914 ж. басталады. Сөйтіп, саналы әрі ұйымдасқан саяси іс-қимылдар қазақ тарихының жаңа дәуірін жаса ды. Ұлттық идея - қазақ өміріндегі ең ұлы идеяға айналды. Қалыпта сып қауымдасқан оқыған азаматтар мәдени, саяси күрес арқылы ұлттық сананы оятып, алаштың азат бо латын күнін жақындатуға күш-жі- герін салды. Осындай бұрын-соңды болмаған саяси-әлеуметтік жағдай ды басынан өткерген, оның ұлттық идеяларында тәрбиеленген Мағжан ұлт жанды азамат болып қалыптасты. Мағжан сынды ұлтжанды азамат сурет кердің шығармашылығына сөз жоқ, ақпан төңкерісінің әсері болғаны даусыз. Сол тұстағы өзге де оқыған азаматтар ғана емес, бұл төңкерісті отаршылдықтың тізесі әбден баткан барша халық аса зор қуанышпен қар сы алғаны бүгіндері жиі айтылып та, жазылып та жур. Мұндай зор өз геріс, оның үстіне ақынның өзі мүше болған қазақтың ұлттық-демократи ялық «Алаш» партиясының құрылуы
Жұмабаевтың романтизміндегі асқақ рух пен Оптимистік пафосты одан сайын үде те түсті. 1914-1915 ж. бастау алған төңкерісшіл мазмұндағы романтизм 205 қабаты қалыңдай түсті. Ж. -тың Алаш қозғалысына, Алашордаға тікелей қатысы бар. Ол 1917 ж. 25 сәуір - 17 мамыр аралығында Омбы қаласында өткен Ақмола облыстық қазақ сиезі не қатысқан. Осы сиезде ақын құра мы он адамнан тұратын облыстық қазақ комитетінің мүшесі болып сайланды. Осы жұмыста жүріп ол ел арасындағы үгіт-насихат жұмыста рына белсене атсалысты. 1917 ж. шіл де айында өткен бірінші жалпықа зак сиезінде Ж. Акмола облысынан Құрылтай жиналысына депутат бо лып сайланды. Ол осы ж. желтоксан айында өткен екінші жалпықазақ сиезінде А. Байтұрсынұлымен, Е. О маровпен, Б. Сәрсенұлымен, Т. Шона новпен бірге оқу комиссиясына сай ланды. Осы айдың соңына қарай Ом быда ашылған «Алаш» партиясының Омбы облыстық комитетіне мүше болып сайланды. Алаштық платфор мада болуы - оның жеке тағдырына да әсер етті. Мәселен, «Үш жүз» пар тиясы белсенділері Алашордаға қар сылық білдіріп, Мағжанды және тағы да облыстық комитет мүшелерін тұтқынға алады. Мағжан өмірінің аяғына дейін Алаш идеясына беріліп өтті. [2, 203-205]

10

II тарау. Мағжан Жұмабаевтың халқына қалдырған өшпес мұрасы

2. 1Ақынның әдеби-шығармашылық еңбектері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мағжан алдымен сыршыл ақын
Ақынның өмір жайлы тұжырымдарын жаңа көзқарас тұрғысынан қорыту
Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы, Түркістан өлеңі
М.Жұмабаев қазақ педагогикасының негізін қалаушы
Мағжан - қазақтың ұлттық ақыны
Түркі әлеміне әйгіленген ақын
А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев,Ж. Аймаутовтың этнопедагогика жөніндегі көзқарасы
Қазақстанда педагогика және әлеуметтік педагогика тарихына үлес қосқан тұлғалар
Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық, психологиялық мұралары
Қазақтың атақты біртуар ақыны Мағжан Жұмабаев
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz