Қарқаралы журналы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік пәндер кафедрасы

№ 1 С Е М Е С Т Р Л І К Ж Ұ М Ы С

Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні

Тақырып: Бірінші орыс революциясының қазақ өлкесіндегі қоғамдық-саяси өмірге әсері және Қарқаралы петициясы
Мамандығы: 6В06102- Ақпараттық жүйелер
Орындаған:Қуанышбеков Азамат Тобы:ИСк20-2
Тексерген: Кабдушев Болат Жоламанович

_____________ ______________ _____ ______________2020__ж. (бағасы) (қолы)

Алматы, 2020

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Кіріспе
1905 -- 1907 жылдардағы революцияның Қазақстанның саяси дамуына әсері. Қазақ елі өзінің отарлық езгідегі халін түсіне бастауы жөне үлттық зиялы қауымның нақты әрекетке көшуі 1905 жылғы бірінші орыс буржуазиялық-демократиялық революциямен тікелей байланысты.Ғасырлар бойы қасық қаны қалғанша қорғаған жерінен айырылып, кіріптарлық күйге түскен қазақтың ауыр халі және патшалық Ресейдің қатал отарлық саясаты көзі ашық оқыған қазақтың азаматтарына ой салды. Дәл осы түста қазақ зиялылары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Мухаметжан Тынышпаев, Халел мен Жаһанша Досмұхамедовтер, Жақып Ақбаевтар саяси күрес сахнасына көтерілді.Ресейдегі алғашқы революциялық қозғалыс пен отарлық тәуелділіктегі халықтардың, соның ішінде казақ елінің де өз азаттығы үшін күрес жолына түсуі арасында тікелей байланыстың бар екендігі рас. Сонымен бірге метрополия мен отарлық тәуелділіктегі елдердің азаттық үшін қозғалыстарындағы айырмашылықтың табиғи сипатын да жоққа шығаруға болмайды. Ол айырмашылықтар бүл қоғамдық қозғалыстардың көздеген мақсатынан және оларға атсалысқан әлеуметтік күштердің құрамынан туындайды. Егер орыс азаттық козғалысының негізгі мақсаты Ресейдегі басыбайлылық тәртіп қалдықтарын біржола жойып еркін экономикалық және демократиялық өзгеру жолына алып шығу болса, ұлт зиялылары бастаған ұлт-азаттық қозғалысының басты мұраты ұлттық мемлекеттік дербестікті жаңғырту арқылы басқа елдермен тең кұқықты өркендеуге жол ашу болды. Яғни ұлт-азаттық қозғалысы үшін бірінші кезекте ұлттық еркіндік және теңдік мөселесі тұрды.
Қазак халқының мұң-мұқтажын жоқтаған ұлт зиялылары азаттық қозғалыстың бастаушы күшіне айналды. Қазақ жерін отарлап, халқын орыстандыру секілді патшалық Ресейдің өктемдік саясатын әшкерелеп, оған карсы үгіт-насихат жүргізген Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынұлы, Ж.Ақбаев жәнө басқалардың қатысуымен даярланған арыз-тілектерде алым-салықтың көбеюіне, билік өкілдерінің өзбарлығына, сондай-ақ жаппай қоныстандыру саясатына батыл қарсылық көрсетілді. Патшалық самодержавиеге қарсы үгіт-насихат жүргізген түрлі астыртын ұйымдар мен топтардың ісіне араласа жүріп, өздерінің ой-пікірлерін, жеке көзқарастарын баспасөз беттерінде жариялап отырды. Мысалы, М.Тынышпаев: Сахарадағы толқудың басты себебі саяси, рухани, діни, экономикалық езгі, -- деп ашық айтты.
Бірінші орыс революциясының қазақ өлкесіндегі қоғамдық-саяси өмірге әсері .
1905 -- 1907 жылдары Ресейде бірінші орыс революциясы болып өтті. Қазақстанда халықтың өкімет билігіне қарсы қарулы қақтығысы бола қойған жоқ. Бірақ қазақтардың, жұмысшылар мен шаруалардың жекелеген баскөтерулері орын алды. Ол жылдардағы маңызды оқиғалардың бірі қазақтардың Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуы болды. 1905 жылдан 1907 жылға дейінгі кезеңде бірінші орыс революциясы болып өтті. Оның жаңғырығы Қазақстанға да жетті. Патша үкіметінің 1905 жылғы 9 қаңтарда қарусыз шеруге шыққан жұмысшыларға оқ атып, қырып салғаны оның қанішер зұлымдық саясатын әшкерелеп берді. Бұл хабар халықтың кекке толы ашу-ызасын келтірді. Қазақтың белгілі ақыны әрі этнограф, тарихшы, шежірешісі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы осы оқиғаға арнап Қанды жексенбі деген өлең жазды. Өлеңнің Айқап журналына жарияланғалы жатқанын сезіп қалған жергілікті отаршыл әкімшілік оны басып шығаруға тыйым салды. Автор қуғын-сүргін көрді. Ташкент, Қоқан жағында және Ішкі Орда аумағында бой тасалауға мәжбүр болды.
Верный, Перовск, Қазалы, Орал, Ақтөбе, Петропавл мен Семейде жұмысшылардың наразылық жиналыстары мен митингілері болып өтті. Ақмола облысы мен Далалық өлке орталығы Омбы қаласында да халық наразылық шеруіне шықты.
Қазақстанда жұмысшылардың өре көтерілуі мен ереуілдері темір жол бекеттерінде ерекше орын алды. Алайда олардың патша үкіметіне қарсы қарулы қақтығыстары бола қойған жоқ. Өйткені жұмысшы табының қатары әлі аз еді. Саяси жағынан пісіп жетілмеген, көтеріліске әзірленбеген болатын. Жұмысшы табы енді ғана қалыптасып келе жатқан-ды. Оның үстіне, шет аймақтың ұлттық ерекшелігі де тежеуші әсерін тигізбей тұра алмады. Патшалық самодержавие мұнда еуропалық ұлт өкілдерінің ат төбеліндей аз жұмысшылары мен жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақ жұмысшылары арасына от тастап, оларды бір-біріне қарсы қоюға тырысып бақты.
Бұл кезенде патша үкіметінің отаршылдық саясаты күшейіп, барған сайын асқына түсті. Мұны мынадан айқын көруге болатын еді. Біріншіден, қазақтардың жерлерін қоныс аударушы орыс шаруаларының және қазақтардың қорын жаппай тартып алу одан әрі жүріп жатты. Патшаның 1904 жылғы жарлығы бойынша бұрынғы Сібір шекара шебіндегі ені он шақырымдық бейтарап алқап казак әскерлерінің мәңгілік пайдалануына берілді. Патша үкіметінің осы және басқа да озбырлық әрекеттері салдарынан дала тұрғындары жаппай жерсіз қала бастады. Мәселен, XX ғасырдың бас кезінде бір ғана Семей облысының өзінде 147 мыңға жуық қазақ жерсіз қалды. Сондықтан да жерсіз қазақтар жерді Сібір қазақтарынан, император әулетінің Алтай таулы округіндегі меншікті аумағынан, Томск, Тобыл губернияларындағы орыс шаруаларынан, сондай-ақ Қытай империясының әкімшіліктерінен жалға алып пайдалануға мәжбүр болды. Екіншіден, өлке аумағынан мал өнімдері шикізаты, минералдық ресурстарды көптеп тасып әкету күшейді. Кеніштерді, шахталарды, зауыттар мен фабрикаларды болмашы арзан бағаға сатып алған шетелдік кәсіпкерлер елдің табиғи қазба байлығын тасып әкетуде алдарына жан салмады. Үшіншіден, жұмысшыларды, соның ішінде әсіресе қазақтарды қанау әлдеқайда қатыгездік сипат алды. Қазақтардың жалақысы көрер көзге төмендетілді, олар мамандық деңгейі төмен, ең ауыр қара жұмыстарда істеді. Орыс жұмысшыларымен салыстырғанда тұрғын үй жағдайлары да адам төзгісіз еді. Төртіншіден, патша үкіметі қазақ өлкесінде православие дінін уағыздаушы миссионерлерді қаптатып жіберді.
Жергілікті халықтың тарапынан әлдебір келеңсіз әрекеттердің жасалып кету мүмкіндігінің алдын алу үшін 1906 жылғы 6 қаңтардан бастап патшаның арнайы жарлығы бойынша Ақмола және Семей облыстарының бүкіл аумағында әскери төтенше жағдай жарияланды. Патша үкіметі бұл аймаққа қосымша әскери күш жеткізді. Жұмысшы қозғалысының жетекшілерін қамауға алу, жер аудару, кәсіпорындағы жұмысынан босату шаралары басталды.

Бірінші орыс революциясының қазақ халқына тигізген ықпалы

1905 -- 1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы жеңіліске ұшырады. Бірақ ол қазақ халқының қоғамдық сана-сезімін арттыруға, өлкедегі демократиялық қозғалысты дамытуға орасан зор ықпал етті. Ресейдегі революциялық оқиғалардың әсерімен қазақ халқының көрнекті перзенттері саяси сахнаға көтерілді. Халықтың таңдаулы өкілдерінің Ресей Мемлекеттік Думасына қатысуы Қазақстан тарихында аса маңызды рөл атқарды. Қазақ халқының көшбасшыларына айналған зиялылар Ресей империясының өкілетті органының мінберінен ең маңызды проблемаларды, жерге қатысты мәселелерді принципті түрде батыл көтере білді.
Бірінші орыс революциясы жылдарындағы оқиғалар қазақ халқымен Қазақстандағы басқа да ұлыстардың саяси белсенділігін арттырды. Қазақ жұмысшылары өз алдына дербес саяси күш ретінде көріне білді. Солай бола тұрса да ол жылдардың оқиғалары Қазақстандағы ұлттық-демократиялық және жұмысшы қозғалысының әлсіз, әлі де жетілмегенін көрсетті.

1905 жыл. Қарқаралы петициясы

Отаршыл өкімет билігінің атына жолданған ірі көлемді әрі мазмұнды петициялардың бірі Қарқаралы петициясы болды. 1905 жылдың маусымында Қарқаралы қаласына жақын жердегі Қоянды (Ботов) жәрмеңкесінде қазақ халқының атынан император II Николайға арналған петиция ұйымдастырылды. Оған Семей облысына қарасты Қарқаралы уезінен халық арасында кеңінен танымал беделді 42 қазақ қол қойды. Кейінірек оған Семей және Ақмола облыстарының басқа да уездеріндегі қазақтар қосылды. Петиция Қарқаралы қаласынан жіберілген еді. Ол жерден 1905 жылғы 22 шілде күні жергілікті пошта-телеграф арқылы патшаның өз атына жолданды. Петицияны жазуға белгілі саяси қайраткерлер Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. Ақбаев, Т. Нүрекенов, т.б. белсене ат салысты.

Қарқаралы петициясында жергілікті халықтың құқығы мен арабыройын аяқ асты етуге жол бермеу, патша әкімдерінің жүгенсіздігіне тыйым салу, халықтың ана тілінде білім алуын ұйымдастыру, қоныстандыру саясатын тоқтату, тартып алынған жерлерді қазақтарға қайтару сияқты талаптар да қойылды.

Қарқаралы петициясынын мәтіні Ресей патшасының атына ғана жолданып қойған жоқ. Петицияның көшірмелері Сын Отечества және Русские ведомости сияқты орталық газеттерде жариялануы үшін олардың редакцияларына да жіберілді.

1905 жылғы 22 шілде күні петицияның бір нұсқасын Темірғалы Нұрекенов орыс тіліне аударып, Ішкі істер министрінің атына жіберді. Петицияның бұл нұсқасы барынша толық еді. Ол 47 тармақтан тұратын. Петицияның мазмұны қазақ қоғамының XX ғасырдың бас кезіндегі өмірлік маңызы бар күрделі проблемаларын толық қамтыды

XХ ғасырдың басында Қазақстан Ресей империясының капитализмге дейінгі өндірістік қатынастар үстем болған аграрлық отарлық шет аймағы болды.
Отарлаушылар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының айтарлықтай бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ, олар қазақтарды рухани жағынан да отарлады: тілінен, дінінен, ділінен айыру бағытында қатігездікпен ойластырылған шаралар жүйесін жүзеге асырды. Бұл жөнінде Міржақып Дулатов 1907 жылы жазылған Қазағым менің, елім менің атты мақаласында былай деп ашына жазған еді;
... Ең алдымен қазақ халқы - Россияға тәуелді халық... Оның ешқандай правосы жоқтығы кек тудырады. Халықтан жиналған салық қаражатының көп бөлігі халыққа, тіпті, керек емес нәрселерге жұмсалады... Енді чиновниктер біздің дінімізге, атадан мұра болып келе жатқан әдет-ғұрыптарымызға, біздің моллаларға ғана тиісті неке мәселесіне араласа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АШЖБ - Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру
Қарқаралының марқасқасы –Мәди
Қазақстан Ресейдегі 1905 - 1907 жылдардағы революция кезінде
Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы туралы
Съезді облыстық Қазақ комитетінің төрағасы
Алихан Бөкейхан
Алаш арыстарының әдеби және ғылыми мұрасының қазіргі рухани жаңғырудағы маңызы
Қазақтың ақын-жазушылары
Бірінші орыс революциясының қазақ өлкесіндегі қоғамдық-саяси өмірге әсері және Қарқаралы петициясы
Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы
Пәндер