Қазақ елінің даму тарихы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ
АҚ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫ

СОӨЖ

Пән: Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Мамандық: 6В07105 Авиациалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Тақырып: Қазақ мемлекетінің эволюциясы

Орындаған: ОАБ-20.3 тобының тобының
1 курс студенті Бекмахан Жайна
Тексерген:оқытушы,т.ғ.к,ассоц.,проф .
Булгауов Ш.Т

Алматы 2020

Жоспар:
Кіріспе
І. Мәңгілік елдің ұлы тарихы - Қазақ мемлекетінің құрылуы
1.1.Тарау. Қазақ хандығының құрылуы.
1.2.Тарау. "Қазақ термині" туралы
ІІ Қазақ елінің даму тарихы
2.1. Тарау. Қазақстан Ресей империясының құрамында.
2.2. Тарау. Кеңестік Қазақстандағы мемлекет және құқық.
2.3. Тарау. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық дамуы.
ІІI. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Тәуелсіздік тізгінін қолға алғаннан кейін, өткенін еске түсіріп, ұлттық мемлекеттілігіміздің қалай, қашан құрылғаны туралы білу маңызды мәселе болып табылады. ХV-ХVІІІ ғасырда Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде құрылған Қазақ хандығы ірі тарихи оқиға болды. ХІV-ХV ғасырларда Дешті Қышпақ пен Мәуереннахр, Моғолстанда болған этникалық процесстердің дамуы, Еуразиялық шығыс және Орта бөлігіндегі саяси даму Қазақ хандығының құрылуының басты факторы болды. Сондықтан ХІV ғасырда пайда болған Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Сібір хандығы, Моғолстан секілді мемлекеттер жергілікті халықтардың мемлекеті деп есептеледі.
ХV ғасырдың орта шенінде Қазақ хандығының құрылуына әсер еткен саяси оқиғалар: Маурен нахрдағы Ақсақ Темір ұрпақтарының мемлекеті Дешті Қыпшақтағы Әбілхайыр хандығы, Жетісу мен шығыс Түркістандағы Моғолстан мемлекеті, Оңтүстік Сібірдегі қалмақ тайпалары, Иран мен Әзірбайжандағы Қара Қоюнлы Әулет арасындағы күрделі саяси шиеленістер. Мәңгілік елдің ұлы тарихында бабаларымыз кең байтақ елін көзінің қарашығындай сақтап қалу жолында күрделі келіссөздер жүргізіп, қасық қаны қалғанша күресіп, бүгінгі Қазақстанның ұлан-ғайыр жерін ерлікпен қорғап қалды. Біз бұл ерлікті ешқашан ұмытпауымыз керек.
Қазақстан Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: Біздің еліміз, қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады. Ғұндардан кейін көк түріктерге жалғасады. Алтын Орда орнығады. Сөйтіп, хандық дәуірге ұласып, кейін біртіндеп Тәуелсіздікке келіп тіреледі, - деп атап көрсетті.
Бұл ел тарихын зерттеуші ғалымдар үшін, сондай-ақ, жалпы қоғамның тарихи танымы үшін де маңызы зор тұжырым. Ұлт тарихының іргелі кезеңіне қалам тартқан көрнекті жазушы Ілияс Есенберлин: Қазақтың өз мемлекеті болған және біздің тарих өте көне әлемдік тарихтың бір бөлігі болып табылады, - деген пікір айтқан. Қазақ елінің тарихында Қазақ хандығы дәуірінің алатын орны ерекше маңызды. Ал Қазақ хандығының тарихында әрбір тұлғаның, әрбір оқиғаның, әрбір датаның өзіндік орны бар. Солардың ішінде хандықтың құрылуының орны ерекше. Қазақ хандығының құрылуы - Қазақстан аумағында ежелгі замандардан бері үзілмей, үздіксіз жүріп келген этникалық процестер ХІV-ХV ғасырлардағы Шығыс Дешті Қыпшақ аумағы мен оған көршілес аймақтардағы саяси құрылымдар дамуының заңды қорытындысы болып есептеледі. Қазақ хандығының құрылуының аса зор маңызды жағына оның этникалық дамуды жаңа сатыға көтеруі, оны бір деңгейден екінші бір деңгейге жеткізуі жатады. Этникалық үрдіспен саяси даму барысы бір арнада тоғысып, жаңа сипаттағы мемлекетті дүниеге әкеледі. Қазақ хандығының туы алғаш желбірей тігілген Қозыбасының қай жерде орналасқанын анықтау өте маңызды мәселе.Қозыбасы жайлауын мекендеу Жәнібек пен Керей Сұлтандарға тиімді еді. Таяу батысындағы Кіндіктас, қазіргі Қордай жоталары жауға ұрымтал жер болғандықтан, Жәнібек пен Керей бұл ауданды мекендеуге таңдай қоймасы түсінікті.

1. Мәңгілік елдің ұлы тарихы - Қазақ мемлекетінің құрылуы.
1.1 Қазақ хандығының құрылуы.
XV ғасырдың ІІ - жартысында тарих сахнасына жаңа бір саяси құрылым - Қазақ хандығын, алғашқы Қазақ мемлекетін алып келген маңызды оқиғалар тізбегін саралап көрейік.
Тарихи әдебиеттерде көшпелі өзбектер мемлекеті деп аталатын Әбілхайыр Хандығы (1428-1470ж.ж.) XV ғасырдың 30-40-шы жылдары өз дамуының жоғары шегіне жетеді. 16-17 жолынан билікке араласқан шайбанилық Әбілқайырхан Дешті Қыпшақтың ру - тайпа көсемдері мен билердің қолдауына сүйене отырып, XV ғасырдың 30-шы жылдары сондағы хандар мен сұлтандардың қарсылықтарын басады. Сөйтіп Дешті Қыпшақта көшпелі тайпалар негіз болған біртұтас мемлекет құруға ұмытылады. 1446 жылы ол Сырдария өзеннің Орта ағысы бойындағы Түркістан аймағын өзіне қаратып, көшпелі өзбектер мемлекетінің астанасын Батыс Сібірден Түркістан аймағына Сығанақ қаласына көшіреді. [2;158б] Сондай-ақ Әбілхайырхан 1449-1451 жылдары Мәуреннахрда қалыптасқан саяси дағдарысты өз пайдасына шешпек болып, таққа таласушы Ақсақ Темір ұрпақтарының бірі Әбу Сайд мырзаны қолдайды да, тікелей әскери көмектің жәрдемімен оны Самарқан тағына отырғызады.Сөйтіп, Әбілхайыр хан өз хандығының оңтүстігі мен батысындағы мемлекеттердің басына өзіне қолайлы адамдарды қоя отырып, өз мемлекетінің шекаралық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және өзі отырғызған билеушілер мен тиімді қатынас орнатады. Жалпы алғанда XV ғасырдың 40-50 жылдары көшпелі өзбектер мемлекетінің сыртқы саясаты оңтүстікте және батыста белсенді, нәтижелі түрде жүргізіледі.
Жалпы алғанда, Әбілхайыр хандығының ішкі саяси әлсіздігі, әсіресе 1457 жылы қалмақтардың жеңілуі оның мемлекетінің ыдырау процесін тездетеді. Ал ол өз кезегінде Кереймен Жәнібек сұлтандардың Әбілхайырдан бөлініп, Моғалстанда жеке хандық құруына қолайлы жағдайлар жасайды.
Қазақ хандығының құрылу тарихында Моғолстан мемлекеті және оның XV ғасырдың 40 - 50 жылдардағы ішкі, сыртқы саяси жағдайлары, мемлекеттің осы мезгілде Мауреннахр мен, Әбілхайыр Хандығы мен, сонымен бірге қалмақтармен қарым - қатынасы ерекше рөл атқарады.
XV ғасырдың 40-50 жылдары Моғолстанның сыртқы саяси жағдайыда, көрші елдермен қарым-қатынасы да мәземеседі. XV ғасырдың басынан бергі оның шығыстағы көршісі қалмақ тайпалары мен қарым-қатынасы көп жағдайда соғыстар, өзара жорықтары мен шектелген. Моғол-қалмақ қатынастарында қалмақтар жетекшілік орынға ие болады. Олар үнемі Моғолстанға тонаушылық сипатта жорықтар жасап, елді күйзеліске ұшыратады, ал Моғолхандары тарапынан ешқандай тегеурінді қарсылықтар жасалмайды. Қалмақ тайпаларының Моғолстанға жасаған жорықтары Есен-Бұғаханға дейін де, оның билік құрған кезінде де жалғаса береді. Мұхаммед Хайдар мырза Дулати Есенбұғаханның әкесі Уәйісханның(1425-1428ж.ж. Моғол Моғолстанханы) Қалмақ тайпалары мен 61 рет соғысқанын, оның ішінде 2 рет оларға қолға түскендігін, 60 рет жеңіліске ұшарағандығын айтады. Моғол-қалмақ тайпалары арасындағы жорықтардың санына қарап, әскери қарым-қатынастың қандай дәрежеде, сипатта болғандығын анықтау қиын емес. Уәйісхан бар болғаны 3-4 жылдай ғана хан болады. Сонда Уәйісханның тұсында Моғолдар шығыстағы көршілер мен жыл сайын 15-20 рет, алай сайын 1-2 реттен соғысып, жорық жасасып отырғандығын байқаймыз. Мұндай жағдай XV ғасырдың 40-50 жылдары Есенбұғахан тұсында да жиі қайталанып тұрады. Тіпті 1457 жылы Үз Теміртайшы бастаған қалмақтардың Әбілхайыр хан әскерімен ұрысы кезінде қалмақ көсемі өз тылын Моғолстан территориясындағы Шу өзенінің бойына емін-еркін қалдырып кетеді.
Моғолстанның XVғасырдың 40-50 жылдарындағы қалмақтармен саяси қарым-қатынасы моғолдар үшін өте ауыр жағдайда болады. Сондықтан да Керей мен Жәнібек сұлтандардың Моғолстанға келуіне Есен-Бұғахан ешқандай қарсылық білдірмейді, қайта олардың келгеніне қатты қуанады.
1451-1457 жылдардағы Моғолстан мен Мауреннахр арасындағы саяси қарым-қатынаста Керей мен Жәнібек сұлтандардың Моғолстанға келуіне қолайлы жағдайлар жасайды. Қазақ хандығының Моғолстанның батыс бөлігінде пайда болуымен, 1451 жылы Мауреннахрға билеуші болып келген Әбу Сайд мырзаның Моғолстанның жүргізген саясаты тікелей себепші болды.
Мауреннахр билеушісінің қиын жағлайдан құтылуына бірден-бір себепкер болған Есен-Бұғаханның туған ағасы Жүніс сұлтанның Хорасанда болу еді. Қазақ хандығының Моғолстанның батысында пайда болуына тікелей себептер болған Жүнісханның тұлғасына қысқаша тоқталып өтелік.
Әбу Сайд Мырза Мәуреннахрға төнген екі қауіптің орнымен күресуді таңдайды. Мауреннахрға төнген зор қауіп-Жаханшахтың Харасанға еніп, Гератты алуы еді. Хорасан Мауренахрдың аса бай әрі ірі сауда жолдары өтетін, қалалары көп, егіншілігі дамыған аймағы болатын. Есен-Бұғаның тонаушылық сипаттағы жорықтарымен салыстырғанда Хорасаннан айырылу, шынында да Мауреннахр үшін аса зор шығын еді.
Керей мен Жәнібек сұлтандардың Моғолстанға келуінен Есен-Бұғахан да, екі сұлтан да ұтылмайды. Есен-Бұғахан өзінің хандық билігін 1462 жылға дейін, яғни қайтыс болғанға дейін созады, ал екі сұлтан болса жаңа мемлекеттің - Қазақ Хандығының негізін қалайды.
Жоғарыда айтылған ойды түйіндей келе, Моғолстан мемлекеті мен Әбу Сайд мырза мемлекеттері арасындағы қарым-қатынастар Әбілхайыр Хандығының ішкі және сыртқы жағдайлары, олардың даму барысымен бәрі XV ғасырдың 50-жылдарының аяғында Қазақ Хандығының құрылуына саяси алғышарттар әзірлейді. Сондықтан да біз, Қазақ хандығының құрылуы кездейсоқ емес, саяси дамудың заңды қорытындысы деп батыл айтуға болады.
Біз бұған дейін Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы Әбілхайыр хандығы Моғолстан және Мауреннахрдағы, сондай-ақ оған көрші Ирандағы саяси жағдайлар мен саяси қарым-қатынастарды қарастырдық, жаңа хандықтың құрылуының саяси алғышарттарын ашуға тырыстық.
Соғысқа дейінгі, соғыстан кейінгі және қазіргі кездегі тарихнамада Қазақ хандығының құрылу процесіне тікелей және жанама түрде қатысы бар көптеген ортағасырлық деректер мен олардың мәліметтері ғылыми айналымға енгізіледі. Солардың нәтижесінде Қазақ Хандығының құрылуына негізделген тұжырым дамытылды, кеңейтілді. Бұл тұжырымның кейбір мәселесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мысалға, Керей мен Жәнібек хандарының Моғолстанға көшіп келген уақыты В.В.Вельяменов - Зернов бойынша, бірден-бір дұрыс уақыт деп есептелмей отырып, зерттеушілер әртүрлі жылдарды айтуда. Бірақ тұжырымның схемасы зерттеуші өзгерте қойған жоқ, олай болса бәрі оны мақұлдауда деп түсінеміз.
Жоғарыда айтылған тұжырымды қолдай отыр, оған толықтырулар енгізу арқылы Қазақ Хандығының құрылу процесін ашып көрсетуге тырыстық.
Керей мен Жәнібек хандығының Моғолстанға көшіп келуін баяндайтын мәліметтер орта ғасырлық екі шығармада ғана бар. Біріншісі - Мұхаммед Хайдар мырза Дулатидың Тарихи Рашиди еңбегі. Еңбек 1542-1546 жылдары Кашмирде жазылған . Бұл кезде Қазақ Хандығының құрылғанына бір ғасырдай уақыт өткен болатын.
Тарихи Рашидидегі Қазақ Хандығының пайда болуы туралы екінші мәлімет 1546 жылы жазылған бірінші дәптерде де бар. Керей мен Жәнібектің Моғолстанға келуі Есен-Бұғахан тұсында болғандықтан Есен-Бұғаханға әмірлердің қарсылығы және сол кезде болған оқиғалар туралы баяндау деген бірінші дәптер тарауында бұған арнайы тоқталып өтеді. Тарихи Рашидидегі екінші мәліметте Қазақ Хандығының Шу мен Қазыбасы аймағында құрылғандығы, сондағы қазақтардың саны 200 мыңға дейін жеткендігі және қазақ хандығының билік құра бастаған жылы туралы бірінші мәліметте кездеспейтін фактілер бар.Сондай-ақ Қазақтар және Қазақ Хандығы туралы мәліметтер1537-1538 жылға дейін, яғни Бұйдашханға дейін келтіріледі. Ал екінші дәптердегі мәлімет 1513 жылға дейін, яғни Сұлтан Сайдханның Қасымхан ордасына баруымен шектелген болатын.
Сөйтіп, біз бір шығармадағы бір мәселе туралы айтылған екі мәліметті салыстыра отырып, соңынан жазылған мәліметті автор арнайы жазған дейміз және Қазақ Хандығының құрылуы туралы ең құнды, ең басты мәлімет деп санауға болады.
Керей мен Жәнібектің көшпелі өзбектер мемлекетінен көшуін білу үшін, алдымен олардың сол мемлекеттің қай ұлысында тұрғандығының анықтаудың маңызы зор. Біз сол арқылы көшіп кетудің себептерін, Әбілқайыр ханның Керей мен Жәнібек сұлтандарға жасаған қысымшылығының астарында не жатқанын байқаймыз.

1.2"Қазақ" термині туралы.
Бір ұлттың атының (этнонимінің) шығу тегі, мән-мағынасы мен сөз төркіні мәселе, қай қашанда тарихнамада талай пікір туғызып, айтыстар шығаратын және бір ауызды шешімге келе қою қиын күрделі мәселе."Қазақ" атауының шығуы, оның мән - мағынасы туралы мәселе де талай заманнан бері талқыланып, сан алуан жорамал - жорулар мен дәлел-деректер, келелі пікірлер айтылып келе жатқан кәделі мәселе. Бірақ, әлі күнге дейін бұл мәселеге ғылым да дәл, тоқ етер жауап жоқ қолда бар мәліметтерді саралай келе "қазақ" атауы туралы басты-басты пікірлерге, деректерге тоқтала кетейік.
Тарихи әдебиеттерде "қазақ" сөзінің сан түрлі түсіндірмесі бар. Біріншілері: Қазақ халқының арасында таралған тарихи аңыздың үлгісі мен "қазақ" деген сөздің төркіні кәдімгі жыл құсы қаз-аққудың "қаз" деген ұғымнан шыққан, яки осыдан өзгерген немесе қазға терең арқылы пайда болған деп есептейді. Мысалы: жазушы Р.Тоқтаров: қазақ атауы қаз (құс) және ақ (аппақ) деген сөздерден шыққан деген, яғни "аққаз" деген болжам айтады. А.Абдрахманновтың пікірі бойынша: "Қазақ сөзінің төркіні қаз және оғ(оқ) деген екі компоненттен жасалған. "Оғ" көне түрік тілдерінде "ру, тайпа" ...алғашқы шығу тегі жағынан қазақ этнонимі "қаз - оғ (оқ) яғни "қаз тайпалары" деген сөздермен байланысты болған "деп, тұжырым жасайды.
Біреулер оны түрік тіліндегі қаз, қазу(рыть) сөзіне немесе кез, кезу(скитаться), қаш, қашу (бежать, спасаться) сөзіне апарып телиді; екіншілері қаз (гусь), оқ (белый) сөздерінен шыққан деп бұл сөздің адам нанғысыз этимологиясын жасайды; қазақ сөзін монғолдың қасақ-тэргэн (арбаның бір түрі) сөзінен шығаруға болатын дейтін зерттеушілер бар. Тағы бірқатар авторлар қазақ сөзін көне Кавказ тайпасының немесе тайпалар одағының атауы касогпен байланыстырады; алайда бұл сияқты жорамал-болжамның бәрі, В.В.Бартольдтың пікірінше, тарихшы үшін кәдеге жарай қоймайды. "Қазақ" деген сөздің көне түркі тіліндегі мағынасы яки қолданылу дағдысы" өз елінен бөлініп шығып, еркін жүрушілер", "еркін адамдар", ер жүрек еріктілер" деген сөзді білдіреді. Демек "қазақ" атауының арғы тегі" еріктілер" дегеннен шықты дейді. Мысалы: Ш.Уәлиханов: "Қазақ сөзі әскери термин ретінде қолданылып" ержүрек, батыл" деген мәнді білдіргенін баяндайды. Атақты ғалым В.В.Радлов "қазақ" деген атауды: "Тәуелсіз, еркін, ерікті адам" деп мағыналаған, ал А.Н.Самойлович: қазақ сөзі әлеуметтік тұрғыда белгілі бір мәнге: "батыл, ер жүрек, еркін адам" деген мағынаға ие деп жазады. Қазақ шежіресінің "авторы Шәкәрім Құдайбердіұлы да осы жоғарыдағы пікірді жақтайды: "Қазақ" дегеннің мағынасы" өз алдына ел болып, еркін жүрген халық деген сөз деп түсіндіреді. [4,29]
Қысқасы, қазақ сөзінің сенімді этимологиялық түсінігі әзірге жоқ. Бірақ қазақ сөзінің шығу тегі қандай екендігіне қарамастан, оның әуел баста еркін, үйсіз-күйсіз, кезбе, аласталған, сонымен қатар ер жүрек, ер адам деген мәндегі атау мағынасы болғаны дау тудырмасы анық.
Сөйтіп, ешқандай саяси болмаса этностық мағынасы жоқ қазақ сөзі әрбір өз жүртынан, өзінің заңды билеушісінің қол астынан бөліне көшкен, сөйтіп тәуекелшілеп өмір сүруге мәжбүр болған өз еркі өзіндегі адам дегенді білдіреді. Айта кететін жайт, түріктің осы сөзі орыс тілінде де солмағына да қолданылады. Русьте казактар деп арнаулы бір кәсіппен айналыспайтын адамдарды, жалдамалы батырақтарды, қысқасы өз еркінше жүрген адамдарды айтқан. Қазақ сөзі XIV ғасырдың аяғында Русьтің терістік аумағында тіркелгенімен, тарихшылар орыс казачествосының отаны Қыпшақ даласы мен шекарала соңтүстік Русь жері болғанын мойындайды. Бұл аймақтағы тұрмыстың ыңғайы олардың әскери қауымдастық ретінде қалыптасуына ықпал етті.
Басқаша айтар болсақ, қазақ сөзінің түпкі мәні - әлеуметтік мән. Ол - дәл осы сәттегі жеке адамның, ұжымның өз билеушісіне, қоғамға, мемлекетке қатысты жағдайы, күйі, мәртебесі. Мәселен, айналасына сыймай ел кезіп, өзін-өзі қылыштың жүзімен асырап жүрген адам - қазақ, жора-жолдассыз жалғыз өзі қатерлі де шалғай жолға шыққан адам - қазақ, Бабырдың сөзімен айтсақ, көзсіз ерлікпен жауының жылқысын айдап әкетпей тынбайтын жау жүрек жігіт - бұл да қазақ.
Кейде өз еркімен не әлде бір жағдайға байланысты еріксіз қазақы өмір сүретін адам қашанда аз болмаған. Оған ол кездің күнделікті тірлігі де қолайлы еді, оның үстіне сол кездің түсінігі бойынша, Тарихи Рашиди авторы айтқандай, ер-азаматтың жас шағында елден жырақ, шөлді жерде, тау мен орман ішінде, ауылынан шалғайда өмір сүріп, жүгіргенаң, ұшқан құс етімен тамақтанып, бас кетер қатерге бара жүріп ұстағанаң терісін үстіне іліп жүрудің өзі ерлікке пара пар болған.
Әбілхайыр мемлекетіндегі билік ұстаған әулетті Жошы әулетінің басқа бұтағынан тарағандар алмастырғанымен, елдің экономикалық һәм әлеуметтік құрылымында елеулі өзгеріс бола қойған жоқ. Бірақ осы оқиға түптің түбі мемлекет атының өзгеруімен қазақ сөзінің этностық мазмұн алуына жеткізді.
Шығыс Дешті Қыпшақтағы өзбек жиынтық атауы бір жола жойылды. Бұрын осы өңірді мекендеген тайпалар енді әрқайсысы өз атымен өзбектер (шибандықтар), қазақтар және маңғыттар (ноғайлар) деп атала бастады.
Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы сол кезгі этностық-саяси жайды 1510 жылы өлген Мухаммед Шайбан хан сарайының ең хабардар бір тарихшысы Ибн Рузбихан былайша сипаттайды.
Шибан ұрпағына ерген көшпелі тайпалардың бір сыпырасының Мәуерен нахр мен Хорезмге қарай аууына байланысты Шығыс Дешті Қыпшақ тұрғындарының аумақтық-этностық, әлеуметтік - экономикалық және мәдени-тұрмыстық өзгешеліктерінің шығуы этностық жаңа қауымдастық-қазақ халқының бір жола қалыптасуында шешуші рөл атқарды. Шығыс Дешті Қыпшақ өзбек және қазақ деген терминдердің тарихи тоғысқан орны болудан арылды. Өзбек сөзі Шибан ұрпағымен бірге Мәуерен нахр мен Хорезм аумағына өткен тайпалардың атына айналды. Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісу жерінде көшіп жүрген қалпында қалған Жошы әулеті Орысхан ұрпағының қол астына біріккен түркі тілдес тайпалар мен рулар қазақ атын түпкілікті иемденіп, олардың елі Қазақстан атала бастады.
Сол кезден бастап қазірге дейін осы бір еуразиялық ұлан-байтақ елдің түпкілікті тұрғындары өздерін тек қазақ деп қана атап келеді.
Сөйте тұра орыс тіліндегі әдеби құжаттарда XVIII ғасырдан XX-ғасырдың 30-жылдарына дейін көптеген жылдар бойына Қазақстанның байырғы халқын атау үшін қырғыз (көршілес түркі тілдес халықтың атауы, олар орыс құжаттарында қарақ қырғыз, буруттар, жабайы тау қырғыздары деп аталып келген), немесе бірде қырғыз-қазақ, бірде қырғыз-қайсақ (бұл жерде қайсақ сөзі түріктің қазақ деген сөзінің бұрмалануы ғана) деген сөздер қолданылды. Қате атаудың қазақтарға таңылуының әрбір жағдайының өз түсіндірмесі бар, сондықтан арнайы қарастыруды талап етеді.
Қазах сөзі - осы күнгі жер аумағы жағынан барлық түркі елдерінің алдында тұрған көп миллион халқы бар ұлттың қазіргі ресми орысша аты - түркіше қазақ сөзінің орысша нұсқасы болып табылады.

Қазақ елінің даму тарихы
2.1.Қазақстан Ресей империясының құрамында
Ресей мемлекетiнiң ХҮII ғасырдың аяғы, ХҮIII ғасырдың басындағы өзiн жаңа кезеңге сай модернизациялауы оның шығысқа қарай жүргiзетiн саясатын отаршылдық бағытқа бұрды. I Петрдiң кең байтақ қазақ даласын Шығысқа жол ашатын үлкен қақпа деп есептеуi оған дәлел бола алады. XVIII ғасырдың басында Орталық Азия аймағына ену үшiн әртүрлi iс-әрекеттер жасалды. 1714 жылы Шығыс Қазақстанға, Ертiс бойында қамал тұрғызу мақсатымен полковник Бухгольцтiң әскери экспедициясы келдi. Осы кезде Бекович-Черкасскийдiң экспедициясы Каспийдiң шығыс жағалауын зерттедi. I Петрдiң ежелгi қазақ даласына етенелей енудi көксеуi және оған бiрнеше экспедициялар жiберуiнiң сыры да осы Шығыс мәселесiн шешуге байланысты болды. Ресей империясын қалыптастырған I Петрдiң ерте қайтыс болуы оның алға қойған мақсатын орындауға мүмкiндiк бермедi. Бiрақ, ХVIII ғасырдың 30-жылдарындағы Қазақ хандығының әлсiреуi мен сыртқы жағдай оның бiр бөлiгiнiң Ресей құрамына кiруiне ықпал еттi.
1718 жылғы Тәуке ханның өлiмi, Қазақ-Жоңғар соғысының жиiлеп, бара-бара кең етек алуының өзi XVIII ғасырдың басындағы Қазақ қоғамындағы қарама-қайшылықтардың толассыз өрбiп-өсiп отырғанын байқатады. Сыртқы және iшкi саяси жағдайлардың күрделенуi батырлар мен сұлтандардың беделiн арттырып, олардың әлеуметтiк-қоғамдық статусын көтердi. Сонымен бiрге билердiң де қазақ қоғамындағы алатын орны ерекшелене түстi. ХVIII ғасырдың басындағы Жоңғар шапқыншылығына байланысты әскери және бiр орталыққа бағынған мемлекет негiзiн күшейту керектiгi қазақ тағдырында алға шықты. Сөйтiп, Тәуке ханның көзi тiрi кезiнде-ақ шекаралы аймақтарда сұлтандардың билiгi артып, кейiн келе-келе Ұлыс жүйесi қайта жандана бастағандай дәрежеде болды. Солтүстiк-Батыс аймақтарда жас сұлтан Әбiлқайырдың беделi артып, ол 1709-1710 жылдардағы Башқұрлардың Ресейге қарсы көтерiлiсi және Орал казактары мен Волга қалмақтарының бас көтерiлулерiне қатысып отырды. Ол кезде Орта және Кiшi жүз бiрлестiктерiнiң әскери-потестарлық бiр бөлшегi сұлтан Қайыпқа бағынатын. Ал Ташкентте Рүстем мен Қарабақ сұлтанның билiгi күшейедi. Соған қарамай олардың бәрi Тәуке ханға бағынды.
Тәуке ханның орнын иеленген Болат ханның билiк жүргiзудегi әлсiздiгi Қазақ хандығын бiрнеше өз егемендiктерiне ие хандықтарға бөлiп тастады. Сөйтiп, бiртұтас Қазақ хандығы Ұлы жүз, Орта жүз, Кiшi жүзге бөлiнiп, бытыраңқы мемлекет негiзiнде дами бастады. 1723 жылғы Жоңғар шапқыншылығы кезеңiнде халық "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" атты қасiретке ұрынды. 1726 жылы үш жүздiң өкiлдерiнiң бас қосуымен өткен Ордабасы кездесуiнен кейiн қазақ халқының басы бiрiгiп, Жоңғарларға қарсы көтерiлдi. Нәтижесiнде, қазақтар "Қалмақ қырылған", "Аңырақай" шайқастарында жоңғарларды жеңдi. Сөйтiп, Жоңғар шапқыншылығына кең байтақ қазақ даласында тосқауыл қойылды. Соған қарамай қазақ қоғамындағы саяси дағдарыс бiрден тыйылған жоқ едi. Қазақтар өздерiнiң Жоңғар шапқыншылығындағы жеңiсiн тиiмдi пайдалана алмады.
Қазақстанның Ресей қоластына өтуі және оның себеп-салдары. Басы бiрiкпеген үш жүз хандарының арасындағы қайшылық олардың әрқайсысы бiр орталыққа бағынған билiкке қол жеткiзуге өзiнше жол iздеуге мәжбүр еттi. 1730 жылы Болат хан қайтыс болған кезде Кiшi жүздiң ханы Әбiлқайырдың "бүкiлқазақтың ханы боламын" деген мақсаты орындалмағаннан соң, iргелес Ресейге арқа сүйеп өз позициясын нығайтпақшы болды. Сөйтiп, ол Уфаға елшiлiк жiберiп, өзiнiң Кiшi жүз хандығын Ресейдiң қол астына алуын өтiнiш етедi. Ал 1731 жылы 19 ақпанда патша Анна Иоановна Кiшi жүздiң Ресейдiң қол астына кiргенi туралы грамотаға қол қояды.
1731 жылы 10 қазанда Кiшi жүз қазақтары Ресей құрамына қосылғаны жөнiндегi құжатқа қол қояды.
1731 жылы 19-желтоқсанда Орта жүздiң ханы Сәмекенiң басшылығымен бiрнеше рулар Ресей құрамына енедi, ал 1740 жылы 28-тамызда хан ретiнде Әбiлмәмбет, сұлтан ретiнде Абылай Орта жүздiң Ресей құрамына енгендiгi жөнiндегi құжатқа қол қояды.
Қазақстанның Ресей қол астына кiруi бiртұтас жүйелi түрде жүргiзiлген жоқ едi. Сондықтан да Қазақ даласындағы сұлтандар мен билер арасындағы қайшылық өршiмесе басыла қойған жоқ. Қазақстанның Ресейге қосылуы туралы ғылыми-тарихи әдебиеттерде әртүрлi көзқарастар қалыптасты. Мысалы, 1943 жылғы "История Казахской ССР" атты еңбекте Қазақтардың Ресей қол астына өтуi қазақ атқамiнерлерiнiң бiр тобының патша өкiметi мен ауыз жаласуының қорытындысы болды. Қол астына кiру халық бұқарасының еркiнен тыс қабылданды",- деп жазылып, сол кездегi тарихи-қоғамдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МӘҢГІЛІК ЕЛ - ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ
Қазақ ұлттық педагогика ғылымының қалыптасуы
Мәңгілік Ел - қазақ елінің жалпыұлттық идеялары
Ұлы Жiбек жолының даму тарихы
Педагогикалық пәндер жүйесіндегі тарихты оқыту әдістемесі
Қаңлылар туралы
Қаңлы тайпасының шығу тарихы
Қазақстандық патриотизмнің қалыптасу тарихы мен даму жолдары
Ұлттық өнердің нақты туындыларын және олардың оқушылардың эстетикалық қабылдауына әсерін талдау
Елбасы еңбектері тарихи дерек ретіндегі шынайлығы мен обьективтілігін көрсету мақсаты
Пәндер