Ата - ана



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Эрик Берннің трансактілік талдау теориясы және қарым-қатынастың синтоникалық моделі

Орындаған: Тасболат Сымбат
Топ: 1703-10
Қабылдаған: Оралбекова Алия

Жоспар.

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Тұжырымдаманың жалпы сипаттамасы.
2. Негізгі ережелері.
3. Психологиялық көмектің мақсаттары.
4. Психолог-кеңес берушіліктің рөлі.
Қорытынды

Қазіргі заманның білім беру жүйесінде көптеген реформалар болып, түбегейлі шаралар қабылдануда. Білім сапасының белгіленген деңгейіне нәтижеге жеткізетін құзыреттілік пен ұлттық тәрбиенің ұстанымдарына негіздеу арқылы жетуге болады. Сондықтан биік мақсатқа ұмтылу үшін ғұлама әл-Фараби айтқандай басшы, мұғалім, тәрбиешілерде 12 қасиет болу керек екен: Дана, асқан пайымды, сенімді, ойлау қабілеті жоғары, денсаулығы мықты, соғыс өнерін жетік білетін, ақылды, білімді, сабырлы, рухани білікті, ізгілікті билікпен ұштастыратын, адам қасиеттерін бағалауға қабілетті. Ұлы Абайдың адамның үш қасиеті нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек деген пайымы осы замандағы басымдықтарды -- ғылым және білімді, инновациялық жүйені, ұлттың рухани әлеуеті мен мәдениетін дамытудың қажетті шарттары екенін ұмытпасақ деймін.Сондай-ақ Елбасымыз жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясы туралы мақаласында білім саласы үшін маңызды тапсырмалар беріп, әлеуметтік мәселелерге,білім саласына көп көңіл бөлетінін көрсетті.
Транзакциялық талдау Эрик Берннің тұжырымдамасына негізделеді, бұл адам өмірлік позицияға қатысты ерте шешімдермен бағдарламаланған және өз өмірін туыстарының (ең алдымен ата-аналарының) белсенді қатысуымен жазылған сценарий бойынша өмір сүреді және қазіргі уақытта шешімдер қабылдайды, бір кездері оның өмір сүруіне қажет болған, бірақ қазір негізінен пайдасыз болған стереотиптерге негізделген.
Трансактілік талдау тұжырымдамасындағы тұлға құрылымы үш эго күйінің болуымен сипатталады: ата-ана, бала және ересек.
Эго күйлері - бұл адам орындайтын рөлдер емес, кейбір феноменологиялық шындықтар, қазіргі жағдай тудыратын мінез-құлық стереотиптері.
Трансактілік талдау шеңберіндегі мәміле - бұл екі адамның эго күйлері арасындағы әсер алмасу. Әсерді әлеуметтік күшейтуге ұқсас тану бірліктері ретінде қарастыруға болады. Олар экспрессияны жанасу немесе сөз тіркестерінен табады.
Мәмілелер өмір сценарийіне негізделген. Бұл адамның өмірін ұйымдастыратын жалпы және жеке жоспары. Сценарий өмір сүру стратегиясы ретінде жасалған.

Американдық психолог Эрик Бёрн дербес психотерапевтикалық бағытты ойлап тапты, ол трансакциялық талдау атауымен бүкіл әлемге кеңінен таралды. Трансакция сөзі өзара әрекеттесу деп аударылады, және, сәйкесінше, трансакциялық талдау ұғымы өзара әрекеттесудің талдауы, қарапайым түрде - адамдар қарым-қатынасы деп түсіндіріледі.

Трансакциялық талдау адам мінез-құлқының бейімделмеген кез келген нысаны негізінде (сәйкес емес, қанағатсыз) белгілі шала түсінік деңгейіндегі бағдарламаланған өзара қарым-қатынастар мен өзара әрекеттер жататынына құрылған. Эрик Берн бұл өзара қарым-қатынастар кестелерін біз өзіміз, соны түсінбей, бүкіл өмір бойы ойнайтын ойындар деп атаған.
Трансакциялық талдау өзара қарым-қатынастар (ойын) үлгілерін біздің МЕНнің негізгі үш рөлін ойнатуғабөлінуді қарастырады.Ол (біздің МЕН) Ата-ана, Ересек және Бала рөлінде бола алады. Бұл рөльдер тұрақсыз және бір адамның өзінде жүйелі түрде жағдаятқа және оның қатынасатын адамының мінез-құлқы мен оның бейнені қабылдауға байланысты өзгеріп отырады.

Оның тұжырымдамасына сәйкес адам өмірлік ұстанымына қатысты ерте шешімдермен бағдарламаланған. Ол оның туыстарының, ең алдымен, ата-анасының белсенді қатысуымен жазылған сценарий бойынша өмір сүреді, өткенде оның өмір сүруіне қажет болып, ал бүгінгі күні жиі пайдасыз стереотиптерге негізделген шешімдерді осы күні қабылдайды. Психотерапевтикалық үдерістің негізгі мақсаты -- өмірлік бағдарларды қайта қарау негізіндегі жеке тұлғаның қайта құрылуы, осы сәтте теңбе-тең шешімдерді қабылдауға кедергі болатын мінез-құлықтың ұтымсыз стереотиптерін сезіну, өзіндік қажеттілік пен мүмкіндіктерден шыға отыра, құндылықтардың жаңа жүйесінің қалыптасуы.

Трансакциялық талдау келесілер кіреді: 1) құрылымдық талдау -- жеке тұлға құрылысын талдау;
2) трансакцияларды талдау -- адамдар арасындағы вербалды және вербальды емес өзара әрекеттер;
3) психологиялық ойындар талдауы -- жақсы нәтижеге (ұтыс) жеткізетін жасырын трансакциялар;
4) сценарий талдауы (скрипт-талдауы) -- адам еріксіз көнетін жеке өмірлік сценарийі.

Жеке тұлға құрылысы МЕН-нің үш жағдайымен сипатталады: Ата-ана (Экстеропсихе), Бала (Археопсихе), Ересек (Неопсихе). МЕН-жағдай - бұл адамдармен ойналатын рөльдер емес, өзекті жағдаятпен ушықтырылатын феноменологиялық шындық, мінез-құлық стереотиптері екені атап көрсетіледі. Ата-ана -- бұл ата-анадан және басқа да беделді тұлғалардан балалық шақта алынған ақпарат, өсиет, уағыз, тәртіп ережелері, әлеуметтік нормалар, тыйым салулар -- кез келген жағдаятта өзін-өзі ұстау және нені жасамау керектігі туралы санатындағы ақпарат. Бір жағынан, бұл пайдалы, уақытпен тексерілген ережелер жиынтығы, екінші жағынан -- соқыр нанымдар мен теріс ұғымдар орналасу жері.

Ата-ана Бақылау жасайтын (тыйым салу, санкция) және Қамқоршыл ата-ана (кеңестер, қолдау, қамқоршы) түрінде бола алады. Ата-ананың жағдайын мен тістімін, маған болмайды тәрізді пікірлер бойынша диагностика жасауға болады. Басқа вербальды сипаттамаларға ылғи, ешқашан, доғар мұны, еш уақытта, сонымен, есіңде сақта, мен саған қанша рет айттым, мен сенің орнында, жаным менің, байғұс, сұмдық тәрізді оқытатын, сынайтын, қолдайтын немесе сыни ескертулер жатады. Ата-ананың дене белгілеріне қабағы түйілген маңдай, қымқырған ерін, бастың шайқауы, қатал түрі, қолдың нұсқайтын саусағы, аяқпен соғу, белдегі қолдары, кеудеде айқастырған қолдар, дем алу, басқаның басынан сипау және т.б. жатады.
Ата-ана. Әр адам өзінде ата-анасының бейнесін сақтайды және еріксіз түрде (кей кезде саналы ниет үлесімен де) белгілі жағдайларда олардың мінез-құлық үлгілеріне (немесе олардың біреуіне) еліктейді, яғни өзіни Ата-ана сияқты сезінеді.
Ересек. Әр адам жағдаятты және өз-өзін жиі немесе сирек объективті, жетілген күйде қабылдай алады. Шындықтың осындай объективті жетілген түрінде қабылдануы ересек күйі деп аталады.
Бала. Әр адам өзіндегі бала күйіндегі қабылдауын сақтайды, яғни белгілі бір жағдайларда жасына тәуелсіз өткен өміріндегі ұл немесе қыз бала ретінде сезінеді.

Адамдардың өзара әрекеттесуі кезінде (трансакция) әр түрлі МЕН-жағдайлары іске қосыла алады. Қосымша, қиылыс және жасырын трансакциялары ажыратылады. Өзра қарым-қатынас жасайтын адамдар күтетін тілектеріне сай келетін және салауатты адамзаттық қатынастарға жауап беретін трансакияларды қосымша трансакциялар деп атайды. Осындай өзара әрекеттер конфликтогенді болмайды және шексіз уақытқа жалғасуы мүмкін. Осындай әрекеттесудегі стимул және кері серпіліс параллельді жолақтар ретінде бейнеленеді.
Трансакциялық талдауда қатынас үдерісі трансакциялар деп аталатын қатынастың шартты бірліктеріне жіктеледі. Трансакциялар трансакциялық стимулдар мен трансакцялық серпілістер деп бөлінеді. Басқа адамға қаратып айтулардың барлығы трасакциялық стимулдар санатына жатады. Ал осы немесе басқа қаратпаларға қайтарылған жауаптардың барлығы трансакциялық серпілістер деп аталады.

Трансакциялық талдау (Т.Д.) тұжырымдамасына сәйкес адамдардың көпшілігі бала кезінен бастап санасыз түрде шынайы қатынасты белгілі қатынастағы ойындармен ауыстыра бастайды. Бұл баланың шынайы шындықтан, жеке жауапкершіліктен кету қажеттілігі туындағанда, моральдық (өзіндік пікір білдіру, өзін-өзі жақыс көру, құтқару және т.б.) немесе материальдық (кез келген сыйлық) түрде бір нәрсені ұтып алу жағдайларында болады.

Эрик Берн тағы ойынның патоло - гиялық таңдауы мүмкін болатынын атап көрсетеді, онда өзіңді кішкентай, бақытсыз, ең бастысы, өз мәселелерінің жауапкершілігінен (басқалардың ғана емес, өзіңнің де) қаша алатындай мүмкіндік беретін қанағаттанарлық тілектер қанағатсыздығын келтіреді.
Трансакциялық талдау тәжірибесіне сәйкес, клиенттің мәселесін шешудің бірінші қадамы оның бұған дейін өзін шынай емес, яғни ойнағаны туралы мойындағаны болып табылады. Келесі қадам - оны ойыннан бас тарту қажеттілігіне сендіру, әйтпесе, ол мәселе сонымен шешілмейтін болады. Бірақ мұнда жалғыз, бірақ өте маңызды күрделілік бар.

Басты мақсаты -- клиентке өз ойындарын, өмірлік сценарийлерді, эго-жағдайларды сезінуге және қажетінше мінез-құлық пен өмір құрылымына қатысты жаңа шешімдерді қабылдауға көмектесу. Психологиялық көмектің мәні адамды мінез-құлықтың байланған бағдарламаларының орындауынан босату және оның тәуелсіз, спонтандық, толық бағалы жақындасуы. Қабілетті болуға көмектесу болып табылады.

Тұжырымдаманың жалпы түпкі ойы мен психологиялық көмек мақсаттарынан шыға отыра, психологтың негізгі мақсаты - қажетті көрегендікпен қамтамасыз ету. Бұдан оның бағдарларына деген талаптар шығады: серіктестік, клиентті қабылдау, мұғалім мен сарапшы бағдарларының үйлесуі. Трансакциялық талдаудағы жұмыс шарты контракттың қорытындысы болып табылады. Сондықтан психотерапия курсын өту шешімін қабылдайтын клиенттің бағдары жұмыс шарты мен қатынастардың сипаты туралы екі жақты келісімі тұжырымдалады. Клиентке жасырын қатысушының рөлі беріледі, ол өз мақсаттарын оларға жетудің бағалау критерийлерін көрсетіп қояды. Осындай екі жақты жұмыс нысаны тараптардың өзара жауапкершілігін көрсетеді.
Трансакциялық талдаудың психотехникалары негізінен гештальт-терапиядан келген. Бірақ консультативтік және психотерапиялық үдеріс ортасында тұжырымдама мазмұнынан шығатын өзгеше тәсілдер бар.

Трансакциялық талдауды кең түрде танытқан негізгі ерекшеліктері -- оның қол жетімділігі және тиімділігі. Аз уақытты психотерапиялық жұмысқа арналған трансакциялық талдау клиентке мінез-құлықтың сезілмейтін кестелері мен шаблондары шегінен шықпауға мүмкіндік ұсынады және басқа мінез-құлықтың когнитивтік құрылымдылығын қабылдап, оның ерікті, еркін түзетілуін алуға мүмкіндік жасайды.
Психологиялық бағдар ұғымы Трансакциялық талдау негізгі ұғымдардың бірі болып табылады. Т.Д. белгілі насихаттаушысы психиатр Харрис (Harris Т. А.) өзінің Мен о'кей -- сен о'кей кітабының арқасында болды. Кітаптың атауы адамның Т.а. үдерісінде ие болатын бағдарды айқындайды. Харрис 4, ал Инглиш (English F.) -- 5 негізгі бағдарларды жіктейді.
Бірінші бағдар: мен о'кей -- сен о'кей. Бұл бағдар толық қанағаттық пен басқаларды қабылдау үйлесімділік немесе симбиотикалық болып анықталады және өзін және өзінің айналасын қанағаттық етіп (о'кей) санайтын ананың құрсағындағы эмбрионның жағдайына сәйкес. Бағдар сәби мен ана арасында бола алады, бірақ егер бала өзін өмірдегі ең маңызды адам ретінде ойлап, онда тұрып қалатын болса, уақыт өте келе түңілу және теріс күйзелістер пайда болады.
Екінші бағдар: мен о'кей емес -- сен о'кей емес. Егер бала өмірінің алдында ілтипат, жылылық, қамқорлықпен қоршалған болса, содан кейін өмірлік жағдайлардың арқасында оған деген қарым-қатынас түбімен өзгеретін болса, ол өзін қанағатсыздық болып сезіне бастайды (о'кей емес). Өмір жағымды аспектілерін жоя бастайды. Осындай жағдайдың сақталып қалуы жай-күйдің бұзылуына әсер етіп, осындай ойға келтіреді: Өмірдің құны жоқ.
Үшінші бағдар: мен о'кей емес -- сен о'кей ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АТА-АНА ҚҰҚЫҚТАРЫН ШЕКТЕУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САЛДАРЫ
Баланың құқықтары мен ата-ананың міндеттері
Ата - ана құқығынан айыру тәртібі
Баланы қорғалу құқығы
АТА-АНАЛАРДЫҢ БАЛАЛАРҒА ҚАРСЫ МІНДЕТТЕРІ
БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІНІҢ ЖАЛПЫ САПАТТАМАСЫ
АТА-АНА МЕН БАЛА ҚАРЫМ -ҚАТЫНАСЫНДА ТРАНЗАКТТІК АНАЛИЗДІ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Ата - ана мен балалардың алименттік міндеттемелері
Ата аналарды отырғызу
Баланың мүдделерін қорғау
Пәндер