Төлем тапсырмасымен есеп айырысу есебі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
ЖАМБЫЛ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ
МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

1305000-Ақпараттық жүйелер
мамандығы бойынша

Бухгалтерлік есеп пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: ҚР-дағы қолма-қолсыз есеп айырысу нысандары мен түрлері

Орындаған:Абдылдаева Ақмарал
Жетекші: Қуандықова Нурипа
Бағасы: ____________

Жамбыл инновациялық жоғары колледжі

ЦӘК: Ақпараттық жүйелер
Мамандығы: 1305000-Ақпараттық жүйелер

ТАПСЫРМА
курстық жұмысты орындау бойынша

Студент: Абдылдаева Ақмарал
Курстық жұмыстың тақырыбы: ҚР-дағы қолма-қолсыз есеп айырысу нысандары мен түрлері

ЦМК отырысында талқыланған, хаттама № ____ ____________ 2021 ж.

2. Курстық жұмысын өткізу мерзімі 03 2021 ж.

3. Курстық жұмыс бөлімдерінің мазмұны (бөлімдер аттары)

І. Қолма - қолсыз есеп айырысу туралы жалпы түсінік
II. Есеп айырысу операцияларының есебі
III.Компьютерлік магазин "БЕРЕКЕ computers"- тің қолма-қолсыз есеп айырысуы

Тапсырма берілген мерзім _25 _қаңтар__ 2021 ж.

Бөлім меңгерушісі____________________ Қуандыкова Н.Т._
қолы\ \АЖТ\
Жетекші ___________ Қуандыкова Н.Т
қолы \АЖТ\
Білім алушы Тастанбекова А.
қолы \АЖТ\

Жамбыл инновациялық жоғары колледжі

1305000Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша Бухгалтерлік есеп пәнінен курстық жұмысты орындауға арналған

ЖОСПАР:
Кіріспе
Қолма - қолсыз есеп айырысу туралы жалпы түсінік
Қазақстан Республикасы аумағында төлем құжаттарын пайдалану және қолма-қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу мәні және қағидалары
Қолма-қолсыз есеп айырысу нысандары мен түрлері

Есеп айырысу операцияларының есебі
Банктік шотты ашуды ұйымдастыру тәртібі
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу есебі
Төлем талап тапсырмасымен есеп айырысу есебі
Инкассалық өкімдермен және чекпен, т.б есеп айырысу есебі

Компьютерлік магазин "БЕРЕКЕ computers"- тің қолма-қолсыз есеп айырысуы
"БЕРЕКЕ computers"- тің қолма-қолсыз есеп айырысу үлгісі
"БЕРЕКЕ computers"- тің 1С бағдарламсын қолдану барысы

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
ХХ ғысырдың соңғы он жылдығы ішінде барлық әлемде төлем жүйесін реформалау белсенділік танытуды. Төлем жүйесін реформалау қолма қолсыз есеп айрысуларды тиімді және қауіпсіз және жылдам жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін жаңа технологиялардың пайда болуымен тікелей байланысты болып отыр. Жаңа технологиялық шешімдерде Қазақстан мемлекетін айналып өтпегені баршаға мәлім.
Кеңестік дәуірде негізі қалыптасқан қолма-қолсыз есеп айырысулар жүйесінің бүгінгі нарықтың талаптарына сай келмейтіндігі анықталды. Бұл төлем жүйесі сенімді және тиімді емес болатын. Орталықтан жоспарлау жүйесі тұсында төлемдерге мемлекет тарпынан кепілдік берілсе, нарықтық қатынастар жағдайында ең басты мәселе уақтылы төлемдерді жүзеге асыруға келіп тірейді.
Қазақстан ұлттық валютасын енгізген күнен бастап өзінің төлем жүйесін құруды қолға алды. Бұл жолда ҚР Ұлттық банкі тарапынан күрделі реформалау жүзеге асты.
Төлем жүйесі кез келген мемлекеттің ақша жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл жүйедеге жүргізілген реформаларға басты себеп 90-жылдың басындағы жаппай төлем дағдарысы ықпал еткен болатын.
Бүгінгі күні Қазақстанның төлем жүйесі Еуропалық Одақтың стандартына жақын болып келеді. Бұл жерде өзекті мәселе ретінде жаңа төлем құралдарын тәжірибемізге енгізу және банктің есеп айырысумен байланысты жаңа қызметтерін дамыту сұрақтары әлі де болса толық шешілген емес. Сондықтанда таңдап алынған курстық жұмысының тақырыбы өте өзекті болып табылады.
Курстық жұмысының басты мақсаты - төлем жүйесінің қалыптасу мен іске асырылуының теориялық және әдістемелік аспектілерін оқып біле отырып, қолма-қолсыз есеп айырысумен толықтай танысып, зерттеу.
Курстық жұымыстың міндеттері төмендегідей:
қолма-қолсыз есеп айырысудың мазмұны мен оны ұйымдастыру принциптерін айқындау;
Қолма-қолсыз есеп айырысудың қазіргі формалары мен құралдарын нақтылау;
ҚР-ғы төлем жүйесін үлгі арқылы көрсету;
Жұмыстың объектісіне ҚР қолма-қолсыз есеп айырысулары және төлем жүйесі жатады.
I. Қолма - қолсыз есеп айырысу туралы жалпы түсінік
1.1 Төлемдер және төлем жүйелері туралы Қазақстан Республикасының Заңы(2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ ҚРЗ):
Қазақстан Республикасы аумағында тәлем құжаттарын пайдалану және қолма-қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2000 жылға 25 сәуірде бекіткен № 179 қаулысына сәйкес, заңды тұлғалар арасындағы 4000 айлық есеп көрсеткішінен асатын теңге сомасынан жоғары мөлшерде есеп айырысулар тек қана қолма-қолсыз тәртіпте жүзеге асырылуға тиіс.

1.2 Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу мәні және қағидалары
Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысулар толығымен банк мекемелері арқылы ұйымдастырылатындықтан да, олардың кең көлемде қолданылуына банктердің торабының ықпалы, сондай-ақ олардың дамуына деген мемлекеттің мүддесінің ықпалы болады. Өйткені банк - осы қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалармен төлемдердің барлық түрі іске асатын орын болып табылады. Банктегі есеп айырысу шоттарындағы жазбаша түрдегі ақшалй қаражаттар қалдығы қолма-қолсыз ақшаларды бейнелейді.
Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу - бұл ақшалай қаражаттарды төлеушілер мен алушылардың шоттарына байланысты жазбаша түрде жасалатын ақшалай есеп айырысуларды білдіреді.
Шаруашылықтағы қолма-қолсыз есеп айырысулар белгілі бір экономикалық жүйеге байланысты ұйымдастырылады.
Қолма-қолсыз ақшалармен есеп жүйесі - бұл қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуларды ұйымдастыру қағидаларын, оларды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды, сол сияқты құжат айналымына байланысты есеп айырысу әдістері мен формаларының жиынтығын білдіреді.
Қазіргі жағдайда ақша, шаруашылық өмірдің ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан, материалдық бағалылықтар мен жабдықтау қызметтеріне байланысты болатын барлық мәмілелер ақшалай есеп айырысудан тұрады. Ақшалай есеп айырысулардың өзі екі формаға: қолма-қол ақшалармен есеп айырысу және қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуға бөлінеді. Қолма-қолсыз ақшаларды қолдана отырып, есеп айырысуды ұйымдастыру нақты ақшалармен есеп айырысуларға қарағанда біршама қолайлы болып келеді. Мұндай есеп айырысу негізінде айналыс шығындарын үнемдеуге болады.
Сондықтан да болар, қолма-қолсыз ақшалар айналысы жалпы ақша айналымының басты бөлігін алады. Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар барысы мынадай шаруашылықтар аумағында жүзеге асырылып отырылады: өнімді, қызметтерді және жұмыстарды сатуда; ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу кезінде; банк несиелерін алу және қайтаруда; бюджетке тиісті төлемдерді аударуда; халықтың ақшалай табыстарын төлеу және пайдалануда; басқа да банкаралық есеп айырысуларда.
Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуларды ұйымдастыру мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
Біріншіден, өнімді сатудың үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін бірқалыпты қаражат айналымына жағдай жасау;
Екіншіден, белгіленген мерзімде төлемді жүзеге асыруға деген төлеушілердің жауапкершілігі;
Үшіншіден, қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысудың өз уақыттылығы, яғни уақытында есеп айырысуға тиістілігі.
Біздің елімізде қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу жүйесін ұйымдастыру негізі КСРО тұсында 1930-32 жылдары несиелік реформа барысында жасалған болатын. Содан бері, яғни 1993 жылдарға дейін еліміздегі қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар шаруашылықтың шығын механизміне бағытталған түрде және экономиканы басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістеріне толық сәйкес келген болатын. 1993 жылдарға дейін еліміздегі қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар шаруашылықтың шығын механизміне бағытталған түрде және экономиканы басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістеріне толық сәйкес келген болатын. Ол кездегі жұмыс жасаған қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесі, бірінші кезекте, өндіріске және өнімді жөнелтуге байланысты өзінің жоспарлық тапсырмаларының орындалуына сәйкес, яғни жабдықтаушылардың мүддесіне қызмет еткен. Сол кездердегі қолма-қолсыз есеп айырысу қағидалары сатып алушының төлем қабілетін және несиелік қабілетіне қойылатын талаптарды ескермеді, соның нәтижесінде есеп айырысуға қатысушылардың балансының өтімділігіне төлемдер кезегінің бұзылуы кері әсер етті.
Бүгінгі таңдағы экономикамыздың нарықтық қатынасқа өтуіне байланысты қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формалары мен әдістері, оларды ұйымдастыру қағидалары толығымен өзгерді. Қазіргі қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуларды ұйымдастыру қағидаларына мыналар жатады:
Бірінші қағидасы - барлық шаруашылық субъектілердің ақшалай қаражаттарды банк мекемелеріндегі шоттарда сақталып, қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар сол шоттар негізінде жүзеге асырылуын көздейді. Мұнда клиенттерге ақшалай қаражаттарды сақтау және аударымдар жасау үшін шоттар ашылады.
Бұл аталған қағиданың жоспарлы шаруашылық жүйедегі қиғидадан айырмашылығы барлық кәсіпорындар және ұйымдардың арасындағы қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың банк мекемелері арқылы жүргізілуге міндеттілігін байқауға болады.
Нарықтың шаруашылық жағдайында банк арқылы есеп айырысуды жүргізу, шаруашылық субъектілердің экономикалық дербестігін және олардың өздерінің іс-әрекеттері үшін материалдық жауапкершілігін ескеруі тиіс.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың екінші қағидасы бойынша төлемдер шот иелерінің өніміне байланысты белгіленген төлемдер кезегі бойынша, яғни шоттағы қаражат қалдығы шегінде жүзеге асырылуы тиіс.
Өндірістің құлдырауы мен инфляциялық процестер жағдайында шаруашылықтағы төлем тәртібінің төмендеуіне байланысты, біздің елімізде, клиенттердің есеп айырысу шоттарынан бірінші кезекте, бюджеттің барлық деңгейіне, сондай-ақ зейнетақы қорлдарына төлеуге шешім қабылданған. Бұл әкімшілік шара ҚР Үкіметінің бүгінгі экономиканың даму кезеңіндегі бюджеттің кіріс жағын нығайтуға және шығысы арқылы әлеуметтік саланы қаржымен уақтылы қамтамасыз етіп отыруға бағытталды. Бұл жерде банктің нарық субъектісіне , яғни клиентке қоятын талабы оның шотында бар қаражат қалдығы шегінде төлемді жүзеге асыру болып табылады.
Қолма-қолсыз есеп айырысудың үшінші қағидасы нарық субъектілерінің қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формаларын таңдаудағы еркін және оларды банктің араласуынсыз шаруашылық келісім шарттарында бекітуді көздейді.
Бұл қағида меншік формаларына байланыссыз кез келген нарық субъектілерінің келісім шарттық және есеп айырысу қатынастарын ұйымдастырудағы бұл қатынастардың нәтижелі болуы үшін, олардың материалдық жағынан жауапкершілігін арттырудағы экономикалық дербестігін сипаттайды. Бұл жерде банктің рөлі тек қана төлемдерді жүзеге асыруда делдал ретінде көрініс табады.
Жоғарыда айтылған қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулардың тағы да мынадай екі қағидасы қолданылады:
төлемнің мерзімділігі;
төлемнің қамтамасыз етілуі.
Төлемнің мерзімділік қағидасы - шаруашылық несиелі сақтандыру шарттарында, ұжымдық шарттарда және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің нұсқауларында көрсетілген мерзімдерге сәйкес есеп айырысуды жүзеге асыруды білдіреді.
Бұл қағиданы бекітудің экономикалық мағынасы қаражат алушының төленетін қаражатты қалаған уақытта ғана емес, яғни алдын ала келісілген мерзімде аударуына мүдделі екендігін түсіндіреді.
Төлем мерзімділігінің қағидасын енгізудің тәжірибелік маңызы бар десе болады. Мерзімді төлем төмендегідей жағдайда жүзеге асырылуы мүмкін:
сауда-саттық операцияларының басталуына дейін, яғни жабдықтаушының тауарын жібергенге немесе қызметін көрсеткенге дейін, яғни аванстық төлем түрінде;
сауда-саттық операциясы аяқталғаннан кейін, яғни төлеушінің төлем тапсырмасы арқылы;
сауда-саттық операциясын аяқтағаннан кейін, біршама уақыттан кейін - қарыздық міндеттемесіз немесе вексельді пайдалану арқылы коммерциялық несие жағдайында.
Іс жүзінде мерзімінен бұрын , мерзімі кешіктірілген және мерзімі өткен төлемдерде кездесуі мүмкін.
Мерзімінен бұрынғы төлемдер - келісілген мерзімінен бұрын ақшалай міндеттеменің орындалысын білдіреді.
Мерзімі кешіктірілген төлемдер - көзделген уақытта қарыздық міндеттемесін орындай алмауына байланысты бастапқы мерзімнің уақытын ұзарту, яғни жаңа мерзімді белгілеуді білдіреді.
Мерзімі өткен төлемдер - бұл төлеушіде төлейтін қаржы болмауына байланысты туындайды, сөйтіп төлем мерзімі жеткен кезде төлеушінің банктік немесе коммерциялық несие алу мүмкіндігінің жоқтығын сипаттайды.
Төлемнің қамтамасыз етілу қағидасы - бұл алдындағы мерзімдік қағидамен тығыз байланысты. Себебі, төлемнің қамтамасыз етілуі төлем мерзімінің сақталуы үшін ондағы өтімділік қаражаттардың кепілдеме ретінде болуын білдіреді. Өтімділік қаражаттарының сипатына байланысты жедел түрде және алдағы уақыттарда төлемнің қамтамасыз етілуі бір-бірінен өзара ажыратылады.
Төлемдердің жедел түрде қамтамасыз етілуінің әр түрлі формалары болады. Төлемдердің алдағы уақыттарда қамтамасыз етілуі төлемді кепілдендіреді, шаруашылықтағы төлем тәртібін, сонымен қатар есеп айырысуға қатысушылардың барлығының төлем қабілеті мен несиелік қабілеттігін нығайта түседі.
Демек, қолма-қолсыз есеп айырысу қағидалары - бұл қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесінің конструтивтік қасиетін, немесе қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуда ақшалардың төлем құралы ретінде қызмет етуін білдіреді.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар бойынша операциялар клиенттердің банктердегі ашқан есеп айырысу ағымдық және басқа да шоттарында көрсетіледі.

1.3 Қолма-қолсыз есеп айырысу нысандары мен түрлері
"Қазақстан Республикасы аумағында төлем құжаттарын пайдалану және қолма-қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі" туралы ҚР Ұлттық банк Басқармасының 2000 жылға 25 сәуірде бекіткен N 179 қаулысына сәйкес, заңды тұлғалар арасындағы 4000 айлық есеп көрсеткішінен асатын сомасынан жоғары мөлшерде есеп айырысулар тек қана қолма-қолсыз тәртіпте жүзеге асырылуға тиіс. Осы ережеге сәйкес қолма-қолсыз есеп айрысуларда қолданылатын төлем құжаттарының түрлеріне мыналар жатады:
төлем тапсырмасы;
төлем талабы-тапсырмасы;
инкассалық үкім;
чек;
вексель.
аккредитив
Аталған төлем құжаттарының мынадай өзіне тән көрсеткіштері болуға тиіс:
төлем құжатының атауы;
төлем құжатының номері, толтырылған күні, айы, жылы;
ақшаны аударушының (төлеушінің) толық аты-жөні және жеке идентификациондық коды;
ақшаны аударушы банктің толық аты-жөні және банктік идентификациондық коды;
бенефициардың (ақшаны алушының) толық аты-жөні және жеке идентификациондық коды;
бенефициар-банктің толық аты-жөні және банктік идентификациондық коды;
төлемнің тағайындалу коды;
санмен және жазбаша түрде берілген төлем сомасы;
төлемді немесе ақшалай аударымды жасайтын тұлғаның қолдары мен мөрлері (егер құжат қағаз түрінде толтырылған болса);
бенефициардың және ақшаның аударушының салықты төлеуші ретіндегі тіркеу номері (СТТН)

II. Есеп айырысу операцияларының есебі
2.1 Банктік шотты ашуды ұйымдастыру тәртібі
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар бойынша операциялар клиенттердің банктердегі ашқан ағымдық және басқа да шоттарында көрсетіледі.
Сонымен, қазіргі кездегі еліміздің екінші деңгейдегі банктерінде шоттар ашу тәртібі 1998 жылғы 29 маусымдағы "Ақшалай төлемдер мен аударымдар туралы" ҚР заңына және 2000 жылғы 2 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының N 266 бекітілген "Қазақстан Республикасының банктеріндегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы" нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асады. Осы нұсқаулыққа сай банктерде ашылатын шоттар мынадай түрлерге бөлінеді: ағымдағы, жинақ және корреспонденттік.
Жоғарыдағы ережеге сәйкес, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерді шот ашу мынадай құжаттар талап етіледі:
1.Резидент-заңды тұлғалар үшін:
Жарғысының көшірмесі (нотариалды куәландырылған);
Статистикалық карточка;
Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
СТТН көшірмесі
Филиалдар мен өкілеттік үшін, резидент-заңды тұлғаның олардың басшыларына берілген сенім-хаттың көшірмесі;
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін ҚР Қаржы министрлігінен рұқсат қағаз;
Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған, 3 дана);
Қол қоюшы тұлғаларға арналған бұйрықтың көшірмесі мен олардың төл құжаттары мен СТТН;
Банктік шот ашу туралы өтініш;
Банктік шот туралы келісім-шарт.
2. Бейрезидент-заңды тұлғалар үшін:
Мемлекеттік немесе орыс тілінде дайындалған, Филиал немесе өкілеттік туралы ереженің көшірмесі (нотариалды куәландырылған);
Статистикалық карточка;
Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
СТТН көшірмесі;
Филиалдар мен өкілеттік үшін, бейрезидент-заңды тұлғаның олардың басшыларына берілген сенім-хаттың көшірмесі;
Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған) 3 дана;
Жеке куәлігі (көшірмесі);
Банктік шот ашу туралы өтініш;
Банктік шот туралы келісім-шарт.
3. Жеке кәсіпкерлер үшін:
Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
СТТН көшірмесі;
Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған) 3 дана;
Жеке куәлігі (көшірмесі);
Банктік шот ашу туралы өтініш;
Банктік шот туралы келісім-шарт.
4. Жеке тұлғалар үшін:
Жеке куәлігі (көшірмесі);
СТТН көшірмесі;
Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған) 3 дана;
Банктік шот ашу туралы өтініш;
Банктік шот туралы келісім-шарт.
Төлем құжаттары қағаз және электрондық жолмен толтырылуы мүмкін. Төлем құжаттарының дұрыс толтырылуына үлкен мән беріледі. Әсіресі, ондағы төлемнің тағайындалу коды 1999 жылғы 15 қарашадағы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік классификаторы - төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторын пайдалу ережесі туралы" ҚР Ұлттық банктің Басқармасының бекіткен N388 қаулысына сәйкес болуға тиіс.
Төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторы Қазақстан Республикасындағы ақша-несие және валюта саясаты, сыртқы қарыз, төлем балансының параметрлерін, банк жүйесінің жағдайын шұғыл түрде талдау, жоспарлау және бақылау, сондай-ақ ақша ағымын талдауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесін қалыптастыруға арналған.

Төлем тапсырмасымен есеп айырысу есебі
Бұл қазіргі кезде кеңінен қолданылатын есеп айырысу формасы.
Төлем тапсырмасы - ақшаны аударушының (төлеушінің) аталған тапсырмада көрсетілген ақша сомасын бенефициарға аудару туралы қызмет көрсетуші банкке берген тапсырмасы.
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу кең көлемді төлемдерді жүзеге асыру үшін қолданылады: алынған тауарлары мен көрсеткен қызметтері үшін, тауарлы емес операциялар (зейнетақы және сақтандыру қорына төлемдер, салықтық төлемдер, банкке комиссиондық және т.б. төлемдер) бойынша, жабдықтаушылар мен мердігерлерге тауары және көрсетілген қызметтері үшін алдын ала төлеуге, аванстық төлемдер бойынша.
Төлем тапсырмасы оны толтырған күннен бастап (оны толтырған күн есепке алынбайды) он күнге жарайды және төлеушінің шотында қаражат болған жағдайда ғана іске асырылады.
Егер төлем тапсырмасы бойынша төлем акцепсіз тәртіпте төленетін болса, төлеуші шотында қаржылар жеткіліксіз болғанда , қалдық шамасында бөлшектеп төлеу жүргізіледі, бөлшектеп төлеу мемориалды ордермен жүргізіледі және төлем тапсырмасының екінші жағында қалдықпен төлеу күні көрсетіледі. Төленбеген сома 7303 Уақытында төленбеген есеп айырысу құжаттары баланстан тыс шотына кірістеледі.
Төлем құжатымен есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде шоттардың келесі корреспонденциясы құрылады:
Егер ақша жөнелтуші мен бенефициарға бір банкте қызмет көрсетілсе, онда келесі жазба құрылады:
Дт шот 2203 Клиенттердің ағымдағы есеп шоттары ақша жөнелтуші
Кт шот 2203 Клиенттердің ағымдағы есеп шоттары бенефициар
Егер ақша жөнелтуші мен бенефициарға әртүрлі банк қызмет көрсетсе, олардың арасындағы есеп айырысу корреспонденттік шоттар арқылы жүргізіледі:
Дт шот 2203 Клиенттердің ағымдағы есеп шоттары
Кт шот 1051 Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік есеп шоты
немесе
Кт шот 1052 Банктің басқа банктердегі корреспонденттік есеп шоты
Есеп айрысуды жүзеге асырғаны үшін банк комиссиялық ақы ұстайды:
Дт шот 2203 Клиенттердің ағымдағы есеп шоттары
Кт шот 4601 Банктің аударым операциялар бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістер.
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу сызбасы 1-суретте берілген.
1
2
3
4

1-сурет. Төлем тапсырмасы бойынша тауарлар (қызметтер) үшін төлемді сатып алғаннан кейін төлеу барысында есеп айырысу сызбасы.
1 - тауарды (қызметті) жабдықтау; 2 - төлем тапсырмасын банкке беру және шоттан қаражатты шегеру; 3 - бенфициар банкіне қаражатты аудару және алушының шотына есептеу; 4 - бенефициардың шотына қаражат түскендігін хабарлау.

Екі жақтың келісуі бойынша төлем тапсырмасы мерзімді, мерзімінен бұрын және кешіктірілген болуы мүмкін. Мерзімді төлем - бұл тауарды жөнелткенге дейін; тауарды жөнелткеннен кейін, яғни тікелей келісім беру жолымен немесе ірі мәмілелер барысында бөліп төлеу арқылы жүргізіледі. Мерзімінен бұрын және кешіктіріп төлеу бұл жақтың қаржылық жағдайына зиян келмеуі үшін жасалған келісім негізінде төленуі мүмкін.
Төлеуге кепіл болуы мақсатында төлеуші мәміленің шартында төлем тапсырмасына акцепт беруі мүмкін. Бұл жағдайда банк тапсырмадағы соманы төлеу үшін тиісті қаражатты жеке бір шотқа аударып қояды. Төлем тапсырмасы арқылы есеп айрысудың кемшілігіне қаражат айналымының біршама қиындығы мен ұзақтығы және клиенттің шаруашылық айналымынан белгілі бір қаражат бөлігінің шығып қалуы жатады.
Төлем тапсырмасымен есеп айрысудың артықшылығы, оның әмбебап есеп айырысу формасы ретінде ішкі банкаралық есеп айрысуларда және мемлекетаралық жабдықтауларға байланысты, тауарлы және тауарлы емес операциялар бойынша, сатып алған тауарын төлеу және алдын ала төлеу, аванс арқылы төлеуде қолданылумен сипатталады.

Бенефициар
Бенефициар
Аударушы (төлеуші)
Аударушы (төлеуші)
1
5
4 2
Бенефициардың банкі

Бенефициардың банкі

Аударушының банкі

Аударушының банкі

3

2-сурет. Төлем тапсырмасы бойынша тауарлар (қызметтер) үшін төлемді алдын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу
Қолма-қолсыз есеп айырысу
Ақшасыз есеп айырысулардың есебі
Төлем тапсырмасымен есеп айырысудың артықшылығы
Бухгалтерлік есепті реттеу жүйесі
Ақша нарығының құрылымы мен қаржылық құралдары
Чек беруші банкке чектің қолданылмаған бланктерін чек берушінің қайтару тәртібі
Қолма қол ақша айналымы
Ақшалай қаражаттарды бағалы қағаздарды түгендеу
Пәндер