Құрылыс саласындағы жобалау құжаттарының сипаттамасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ

Аударма және филология факультеті
5В020700- Аударма ісі

Құрылыс саласындағы жобалау құжаттамасын қазақ тіліне аударудың прагматикалық ерекшеліктері (құрылыс терминдерінің глоссарийі)
тақырыбына
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

Орындаған: Бектемір Альмира Таңатқызы

Ғылыми жетекші: Саймкулова Шолпан Оразгельдиевна
.

Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі: Саймкулова Шолпан Оразгельдиевна

Алматы 2021
МАЗМҰНЫ
1Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4
I Құрылыс саласындағы жобалау құжаттарының сипаттамасы ... ... ... ... ... 5-9
1.1 Құрылыс ұғымы мен құрылысты жобалаудың жалпы белгілері ... ... 5-7
1.2 Құрылыс саласындағы құжаттардың жітелуі мен сипаттамасы ... ... ... .7-9
II Құрылыс саласы құжаттарының лексика-прагматикалық аударма ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10-28
2.1 Құрылыс саласында құжаттарды аударудың стилистикалық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10-15
2.2 Құрылыс саласындағы мәтіндерді аударудағы линго-грамматикалық қиындықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15-28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28-30
Қолданылған әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Қосымша

КІРІСПЕ
Құрылыс саласы елдің экономикасы үшін де, қоғам үшін де маңызды сала, сонымен қатар басқа елдерден инвестиция тарту және кәсіпкерлердің қызықтырудың ең тиімді жолы. Қазіргі таңда келіссөздер жүрізуде және құрылыс саласындағы жобалау құжаттарын дайындауда әр мемлекет өзінің дербес тілін қолданады. Әдетте, құрылыс саласындағы құжаттардың өзіне тән сөздері, сөйлем үлгілері және тұрақты сөз тіркестері болады. Сондықтан, жобалау мәтіндері белгілі бір аударма әдістерін қолдануды талап етеді. Аударма барысында лексикалық және грамматикалық ерекшеліктерге назар аударып қана қоймай, құрылыс саласындағы құжаттардың техникалық стильде жазылатындығын да ескерген абзал. Зерттеудің өзектілігі: сәулет және құрылыс саласы қазіргі кезде өте қарқынды дамып келеді, жаңа технологиялардың пайда болуы жаңа терминдердің пайда болуына әкеледі, ал олармен бірге оларды басқа тілдерге сауатты аудару қажеттілігі туындайды. Техникалық құжаттарды аударуда әрбір сөздің эквивалентін табу, арнайы терминдерді қолдану, ойды тұжырымды, толық, әрі нақты жеткізу жұмыстың өзектілігі болып табылады. Зерттеудің жаңалығы: толықтай қыр-сыры ашылмаған, әлі де зерттеуді қажет ететін тың тақырыптардың бірі қазақ ағылшын тілдеріндегі құрылыс саласындағы мәтіндердің аудармаларының лингвистикалық ерекшеліктерін көрсете отырып, қарым-қатынасты неғұрлым тиімді жүзеге асыру.
Зерттеудің нысаны: құрылыс саласындағы аударманың лингвистикалық ерекшеліктері.
Зерттеудің пәні: құрылыс саласындағы қолданылатын мәтіндер мен құжаттардың аудармасындағы лексико-граматикалық және стилистикалық қиындықтары мен оларды еңсеру жолдары.
Зерттеудің мақсаты: құрылыс саласындағы мәтіндердің лингвистикалық ерекшеліктерін анықтап, оларды жүйелі талдау. Аталған мақсатқа қол жеткізу барысында төмендегідей міндеттер алға қойылды: 1.Құрылыс ұғымымен таныса отырып, құрылыс саласының жалпы белгілерін айқындау;
2.Құрылыс саласында қолданылатын құжаттардың жіктеп, олардың негізгі сипаттамаларымен танысу;
3.Тәжірибе барысында аударылған құжаттарды стилистикалық ерекшеліктеріне байланысты зерделеу және талдау;
4. Құрылыс және сәулет саласындағы мәтіндерді аудару барысында орын алатын лексика-граматикалық қиындықтарды анықтап, оларды шешудің оңтайлы және ұтымды жолдарын ұсыну;

Зерттеу материалы: ағылшын және қазақ тілдеріндегі құрылыс саласындағы жобалау, смета секілді техникалық құжаттар.
Зерттеу жұмысында төмендегідей әдістері мен технологиялары қолданылады. Ғылыми деректерді талдау және жалпылау әдісі, ғылыми сипаттау әдісі, аударманы салыстырмалы талдау әдісі, компоненттік талдау, аударма трансформациясын талдау әдісі.
Жұмыстың теориялық құндылығы: құрылыс мәтіндерін аударудың ерекшеліктері мен тәсілдері туралы түсінікті кеңейтеді.
Тәжірибелік құндылығы: бұл жұмыстың нәтижелері техникалық аударма бөліміндегі құрылыс саласы аудармасының практикалық курстарын оқытуда қолданылып, аударма үрдісін жеңілдетуге мүмкіндік беруі мүмкін.
Жұмыс құрылымының қысқаша сипаттамасы. Дипломдық жоба мазмұн, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

I ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ ЖОБАЛАУ ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Құрылыс ұғымы мен құрылысты жобалаудың жалпы белгілері

Құрылыс дегеніміз - объектілерді, жүйелерді немесе құрылымдарды қалыптастыру өнері мен ғылымын білдіретін жалпы термин [1] және латынның constructio (com - "бірге" және struere - "жинақталу") сөзінен шыққан.
Ең көп қолданылатын контексте құрылыс ғимараттарды, инфрақұрылымды және өндірістік нысандарды салуға байланысты процестерді, сондай-ақ олардың қызмет ету мерзімі аяқталғанға дейін байланысты әрекеттерді қамтиды. Ол әдетте жоспарлаудан, қаржыландырудан және жобалаудан басталады және объект салынып, пайдалануға дайын болғанға дейін жалғасады; құрылыс сонымен қатар жөндеу және пайдалану жұмыстарын, объектіні қайта қалпына келтіру, кеңейту және жақсарту бойынша кез-келген жұмыстарды, сонымен қатар оны түпкілікті бұзып тастауды, бөлшектеуді немесе пайдаланудан шығаруды қамтиды.
Құрылыстың ең басты бөлімі - жобалау құжаттамасын дайындау болып табылады. Жобаның дұрыстығы, нақтылығы мен дәйектілігі орындалған жұмыстың нәтижесі қандай болатындығын айқындайды.
Жобалау құжаттамасы-жобаның мәнін ашатын және оның орындылығы мен іске асырылуының негіздемесін қамтитын құжаттар кешені; мәтіндік және графикалық материалдарды қамтитын және күрделі құрылыс объектілерін салуды, реконструкциялауды және техникалық қайта жарақтандыруды қамтамасыз ету үшін сәулет, функционалдық-технологиялық, конструкциялық және инженерлік-техникалық шешімдерді айқындайтын құжаттама. [1] Оның орындау мерзімінің сақталуы мен бөлінген қаржының дұрыс жұмсалуынада мән берген жөн. Жобалау смета құжаттамасын жасау-маңызды, жан-жақты және жауапты жұмыс. Жобалау-сметалық құжаттаманы орындау үшін тапсырыс берушілер мен орындаушылар арасында келісімшарттар жасалады, оларға сәйкес тапсырыс беруші қажетті ақпаратты және жобалау жүргізуге тапсырма береді.
Жекелеген құрылыс объектілері үшін жобалау құжаттамасының мазмұны мен көлемі нормативтік құжаттармен, жобалар мен сметаларды әзірлеу жөніндегі нұсқаулықтармен айқындалады. [2]
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін:
* сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ әзірлеу (егер қажетті құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ әзірлеу "сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" ҚР Заңының 60 - бабына сәйкес міндетті болып табылса)
* әзірленген ЖСҚ - ға тиісті сараптама жүргізу;
* әзірленген ЖСҚ негізінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау. [2]
Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не оңайлатылған нобайлық жобалар бойынша құрылыс салуға Заңның 60-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда ғана жол беріледі. [2]
Заңның 60 - бабының 2-тармағына сәйкес, тапсырыс беруші (меншік иесі) Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен келісім бойынша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не эскиздер (эскиздік жобалар) арқылы құрылысты төмендегідей жағдайда жүзеге асыра алады:
- сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймақтардағы құрылыстан басқа, оларды іске асыру кезінде арнайы жобалық шешімдер мен іс-шараларды талап ететін өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайлары бар жеке тұрғын үйлер салуды;
-жеке үй жанындағы учаскелерде немесе бау-бақша серіктестіктері учаскелерінде орналасқан уақытша құрылыстар, сондай-ақ маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығы үшін тұрғын және (немесе) шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлар тұрғызу;
- тұрғын үйлердегі (тұрғын ғимараттардағы) тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау), қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақты кесуді) талап етпейтін, көтергіш конструкциялардың, инженерлік жүйелер мен коммуникациялардың қандай да бір өзгерістерімен байланысты емес, пайдалану кезінде қоршаған ортаға зиянды әсер етпейтін;
-азаматтардың жеке пайдалануына арналған басқа да техникалық жағынан күрделі емес құрылыстарды өзгерту есепке алынады. [2]
Құрылысқа рұқсат беру құрылысты заңдастыратын құжат арқылы жүзеге асырылады. [2] Ол жобалық-сметалық құжаттаманың осы аумақтың қала құрылысы жоспарына сәйкес келетінін растайды және орындаушыға жұмыс жүргізу құқығын береді. Рұқсат алуға берілетін ШЖБТ оң қорытындысы бар жүргізілген сараптаманың нәтижелерін де қамтуға тиіс.
Кейбір жағдайларда рұқсат алу үшін сараптама талап етілмейді, мысалы:
* Үш қабаттан аспайтын жеке тұрғын үй құрылысына дайындық кезінде.
* Үш қабаттан аспайтын тұрғын үй құрылысының жобасын жасау кезінде оннан кем емес блоктан тұрады, олардың әрқайсысында бір отбасы тұра алады.
* Үш қабаттан жоғары емес, төрт немесе одан кем блок-секциялардан тұратын, бірнеше пәтері және кіреберістері бар көп пәтерлі үйлерді салу үшін. [2]
Жоғарыда аталған құрылыстар, құрылыс жұмыстарын орындауға рұқсат алу үшін билік органдарына болашақ объектінің жоспарланған орналасуы көрсетілген жер учаскесінің сызбасын ұсынады. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін инженерлік-сараптама жұмыстарын жүргізу нәтижесінде алынған ақпаратқа негізделеді.
Жобалау құжаттамасын дайындау барысында учаске бедерінің, болашақ жұмыс орнына жақын орналасқан құрылыстардың және жоспардың басқа элементтерінің жай-күйі анықталады. Сондай-ақ, болашақ құрылыстың негізі болатын топырақтың жағдайына, жер асты коммуникацияларын орналастыру мүмкіндігіне ерекше назар аударылады. Беткейлер мен беткейлердегі топырақтың тұрақтылығын зерттеуге ерекше назар аударылады.
1.2 Құрылыс саласындағы құжаттардың жітелуі мен сипаттамасы
Жобалау-сметалық құжаттамаға сараптама жүргізу жобалау-сметалық құжаттама құрылыс ұйымының қолына түспес бұрын сараптамадан өтуі тиіс. Бұл құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылатын құжаттар пакетін зерттеуді көздейтін іс-шаралар кешені. Талдау Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы нормативтік актілердің талаптарына сәйкес, қауіпсіздікті, болашақ ғимараттар мен құрылыстарды қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі. Сондай-ақ, сәулет рұқсатының сапасы, барлық қажетті ресурстардың негізделген пайдаланылуы қадағаланады.
Құрылыс жұмыстарын үлкен көлемде жүргізу үшін мемлекеттік сараптаманың қорытындысы қажет, оның негізі жобалау-сметалық құжаттама болып табылады. Егер құрылыс аз болса, онда мемлекеттік емес сараптаманың оң нәтижесін алу жеткілікті. [3]
ЖСҚ елді мекеннің бас жоспары (немесе тұрғындарының саны 5 000 адамға дейінгі елді мекендерді дамытудың және оларда құрылыс салудың оларды алмастыратын схемасы) негізінде орындалған, белгіленген тәртіппен бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына, құрылыс салу жобасына сәйкес әзірленеді.
Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрменің объектілері бойынша жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын бір мезгілде әзірлеуге жол беріледі. [3]
ЖСҚ әзірлеуді сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы іздестіру және жобалау қызметінің тиісті түрлеріне (кіші түрлеріне) лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады. ЖСҚ әзірлеу үшін тапсырыс беруші бас жобалаушыға CH PK Б және В қосымшаларына сәйкес жасалатын жобалауға арналған тапсырманы ұсынуы қажет.
Тапсырыс беруші мен орындаушы (мердігер, бас жобалаушы) арасында жасалған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге арналған шарттың күшіне енген күні Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген жобалау жұмыстарына мердігерліктің ерекшеліктеріне сәйкес жобалаудың басталуы болып есептеледі. Бұл ретте Тапсырыс беруші Мердігерге жобалауға арналған бекітілген тапсырманы, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін қажетті басқа да бастапқы деректерді беруге тиіс.
Жобалауға арналған тапсырманы Тапсырыс беруші не оның уәкілетті адамы (құрылыс салушы) жасайды және Тапсырыс беруші бекіткен кезден бастап тараптар үшін міндетті болады.
Сондай-ақ Тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша жобалауға арналған тапсырманы орындаушы (мердігер, бас жобалаушы) дайындауы мүмкін. Жобалау жұмыстарының құны "құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан бойынша су ресурстары
«Жастар ресурстық орталығының» Веб сайтын құру
Негізгі құралдардың есебін аудиттеу
Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағат ұғымы
Бетонның құрылыс материалының түрлері
Фирманы басқарудың ақпараттық жүйесі
АТФ банк» мысалында банк клиенттеріне несие берудің акпараттык жуйесін тұрғызу
Іс жүргізудегі ақпараттық жүйені қолдану
Жобаны басқару. Құрылыс фирмасын басқару тиімділігін арттыру құралы ретінде мәселелері және оны шешу жолдары
Сапаны конструкторлық-технологиялық қамтамасыз ету
Пәндер