Атмосфералық ауаның ластану индексі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Баишев Университет

Қорғауға жіберілді Қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі м.а
Ауыл шаруашылық және экология
______________Бактыгалиева А.Т.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырып : Ақтөбе қ ауа ортасының маркерлік ластағыштары

Мамандығы: 5В060800- Экология

Орындаған Абубакиров Ергабыл Корганбекович

Ғылыми жетекші б.ғ.к. Альмурзаева Салтанат Ибрагимқызы

Ақтөбе,2021 жыл

Мазмұны

Кіріспе
4

Негізгі бөлім

I
Қазақстан Республиканың жалпы ауа бассейнінің ластану деңгейіне жалпы шолу
6
1.1.
Қазақстан Республикасының қалаларының ауа бассейінінің ластануы
6
II
Ақтөбе қаласының атмосферасына жалпы шолу
11
2.1
Ақтөбе қаласының атмосферасын басқа қалалармен салыстыру
13
2.2
Ақтөбе қаласы бойынша атмосфералық ауаның ластану жай-күйі
24
III
Қала атмосферасын ластайтын негізгі көз болып саналатын жылжымалы көздер - автокөліктер
26
3.1.
Автокөліктен атмосфераға шығатын шығарындылар
28
IV
4.АХҚЗ АҚ өндірістік қалдықтарының және шығарындыларының аймақтың қоршаған орта компоненттеріне тигізетін антропогендік әсері
33
4.1.
АХҚЗ АҚ негізгі атқаратын қызметі және хром қосылыстарын өндіруде қолданатын негізгі технологиялары
34
4.2.
АХҚЗ АҚ өндірістік процесі нәтижесінде түзілген техногендік қалдықтардың қоршаған ортаға тигізетін әсері.
Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі таңда атмосфераның зиянды заттектермен ластануы негізгі мәселенің бірі болып табылады.Атмосфераның зиянды заттектермен ластану салдарынан климаттың өзгеруі, озон қабатының жұқаруы, парниктік эффектісі, қышқылдық жаңбыр пайда болуда. Ластану нәтижесінде атмосфераға тасталынатын шығарындыларға қатты бөлшектер, шаң, түтін, күйе, көміртек оксиді, күкірт диоксиді, азот оксидтері, әр түрлі ұшпа көмірсутектері, фосфор қосылыстары, күкіртті сутек, аммиак, хлор, фторлы сутек жатады. Өнеркәсіпте және көлік отыны жанған кезде түзілетін азот оксидтері, N2O, NO, NO2 атмосфераны ластайтын көздердің бірі. Атмосфераның ластануына өнеркәсіп орындары, жылу электрстанциялары, ауыл шаруашылығы, құрылыс орындары, автокөлік шығарындылары себеп болып отыр. Жоғарыда айтылған объектілерден атмосфераға түскен заттар ауа құрамындағы компоненттерінің қатысуымен химиялық немесе фотохимиялық өзгерістерге ұшырайды. Автокөліктерден шығатын зиянды заттектерге көмірқышқыл газы, көміртек оксиді, көмірсутектер, сутек, альдегидтер, т.б. яғни барлығы 200 - ге жақын компоненттер бар.
Жұмыстың мақсаты: Ақтөбе қаласының атмосферасын ластайтын өндірістерге, кәсіпорындарға, автокөліктерге талдау жүргізіп, олардың атмосфераға қандай әсер тигізетінің анықтап қорытынды жасау.
Жұмыстың міндеттері:
Ақтөбе қаласының атмосфералық жағдайын қарастыру.
Ақтөбе қаласының ластаушы көздерін жан-жақты талдау.
Ластаушы заттардың ерекшеліктері, әсері.
Жасалған жұмыстарының нәтижелері бойынша қорытынды жасау.
Зерттеу нысаны: Ақтөбе қаласының маркерлік ластағыштары
Зерттеу әдістері:
Мониторинг жүргізу
Анықтағыш құралдармен атмосфералық ауаға зерттеу жұмысын жүргізу
Практикалық базасы: "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ" РЕСПУБЛИҚАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ.
Ғылыми жаңашылдығы мен жұмыстың практикалық маңыздылығы
Ақтөбе қаласының атмосфералық ауасын ластайтын көздер қарастырылғын. Негізгі ластаушы көздер анықталған.
Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе 4 бөлімнен, зерттеу нәтижелері мен қорытындыдан тұрады.

Кіріспе
Атмосфера бүкіл әлемнің тіршілік ортасы Атмосфера ауасының шекарасы болмайды. Ол жер шары халықтардың ортақ байлығы болғандықтан оның сапасы, тазалығы адамзат үшін ешнәрсеге теңгерілмейтін биосфераның құрамдас бөлігі. Атмосфера бірнеше қабаттан - тропосфера (10-12км), озон қабаты стратосфера (40-50км), мезосфера (70км), термосфера (80км) және экзосферадан (800-1600км) тұрады. Әр қабаттың өзіне тән атқаратын қызметі, газдық құрамы, тіршілік нышаны болады. Әсіресе, тропосфера мен озон қабатының тіршілік үшін маңызы ерекше. Бүгінгі таңда атмосфера ауасының тазалық сапасы бұрынғы кезден ауытқуда. Оның негізгі себептері - ауаға адамның антропогендік іс-әрекетінен болатын әртүрлі газдардың шығарлыуы. Оларды ауаны ластағыш заттар деп атайды. Негізінен атмосфераның адам үшін атқаратын қызметі жоғары Атмофера - бұкіл әлемді таза ауамен қамтамасыз ете отырып, тіршілікке қажетті газ элементтерімен (оттегі, азот, көмір қышқыл газы, аргон т.б) байытады және жерді метеорит әсерлерінен, күн және ғарыштан келетін түрлі зиянды сәулелерден қорғайды, зат және энергиялық алмасуларды, ауа райының кызметін реттеп, жалпы жер шарындағы тұрақтылықты үйлестіріп отырады. Бірақ, адам баласы үшін орасан зор пайдалы ауа бассейіні соңғы жылдары күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Ең басты себеп ауаның ластануы. Атмосфера ауасының сапалық күйінің көршеткіштері оның ластану дәрежесі болып саналады. Егер атмосфера ауасында ластағыш заттардың шекті мөлшерлі концентрациясы ШМК қалыпты құрамынан асып кетіп сай келмесе, онда ауаны ластанған деп саналады. Ластағыш заттардың негізгі көздері - өнеркәсіп, автокөліктер, зауаттар, жылу энергетикасы, қару жарақтарды сынау, ғарыш кемелер мен ұшақтар т.б. Жоғарыда аталған объектілерден атмосфераға түскен заттар ауа құрамындағы компоненттерінің қатысумен химиялық немесе фотохимиялық өзгерістерге ұшырайды. Содан соң пайда болған химиялық өнімдер суға, топыраққа түсіп, барлық тірі организімдерді, ғимараттарды, құрлыс материалдарын бүлдіреді. Атмосфера құрамындағы оттегі мен көмірқышқыл газының тұрақты болуы жалпы ауа бассейінің тепе-теңдігіне әсер етеді. Мысалы, оттегі тірі организімдер үшін тыныс алуды қамтамасыз ете отырып, топырақ пен судағы бүкіл химиялық реакцияға қатысады. Оттегі жетіспеген жағдайда жануарлар мен адамдар тұншыға бастайды.
Біздің республикамызда атмосфера ауасына шығарылатын зинды заттар мен газдар, т.б. бөгде химиялық қосылыстар Казгидромет ғылыми-зерттеу институтының үнемі бақылауында болып отырады. Ол көршеткіштер әр жылға және тоқсанға жіктеліп Ақпараттық экологиялық бюллетень журналы арқылы көпшілікті хабардар етеді.
Республика жағдайында атмофераның ластануына өнеркәсіптің техникалық жағынан жабдықталуынан нашар болуы әсер етеді. Яғни, ескерген технологиялық процестернәтижесінде құрамында қатты және сұйық бөлшектері бар газ тәрізді заттар орасан көп мөлшерде бөлінеді, әрі осы химиялық қосылыстар өте қауіпті, улы келеді. Оларт негізінен күкірт диоксиді, көміртек оксиді, азот оксиді, күкіртті сутек, аммиак және әртүрлі қатты және сұйық заттар.

І. Қазақстан Республиканың жалпы ауа бассейнінің ластану деңгейіне жалпы шолу

1.1. Қазақстан Республикасының қалаларының ауа бассейінінің ластануы.
Қоршаған ортаға енген немесе шектен тыс мөлшерде пайда болған және ортаны ластайтын кез келген физикалық агенттерді, химиялық заттектерді және биологиялық микроорганизмдерді ластағыштар деп атайды. Қазақстанда ластану нәтижесінде атмосфераға тасталынатын шығарындыларға қатты бөлшектер, (шаң, түтін, күйе, көміртек оксиді, күкірт диоксиді, азот оксидтері, әр түрлі ұшпа көмірсутектері, фосфор қосылыстары, күкіртті сутек, аммиак, хлор, фтролы сутек,) жатады. Өнеркәсіпте және көлік отын жанған кезде түзілетін азот оксидтері атмосфераны ластайтын көздердін бірі (1-cурет)[13].
Сурет 1. Қазахстандағы атмосфералық ауаны ластайтын негізгі көздер

Күн сәулесінің әсерінен күрделі химиялық реакцияға түсіп нәтижесінде уытты фотооксиданттар (озон, азот қышқылы) түзілуіне үлес қосады. Атмосферада азот оксидтерінің, фотооксиданттардың концентрациясы жоғары болған кезде адам улануы мүмкін. Соның салдарынан өкпесі ісінеді, сілемейлі қабығында жара пайда болады, басы ауырады, ұйқысы қашады . Қазір атмосфераның зиянды заттармен ластанғандығы соншалық, сол ластанған көзден ондаған, тіпті жүздеген километрге дейін таралады. Атмосфераға техногендік жылудың, көмірқышқыл газының және аэрозольды қоспалардың түсуіне байланысты климаттың өзгеру мүмкіндігі,Атмосферада фреондардың, азот тотықтарының және басқа да кейбір қоспалардың түсуінен жердің озон қабатының бұзылуы мүмкін, Дүниежүзілік метерологиялық ұйымның деректеріне қарағанда, ауылдық жерлерден гөрі қалалардағы атмосферада газ күйіндегі лас заттар 15-25 есе және қатты заттар 10 еседей көп екендігі анықталады. Қыс айларында қалаларда тұман екі еседей, жауын - шашынмен 5-10 % көп түсетіндігі, жерге жететін күн радиациясының деңгейі 20-30 % орташа температура 0,5-1,5С жоғары, желдің орташа жылдамдығы 20-30% кем болатындығы байқалды[14].Түтіннің құрамындағы газдар қолайсыз метерологиялық жағдайларда қалың улы тұмандардың түзілуіне әкеп соғады. Мысалы: Лос -Анджелес қаласында, Калифорнияда, Британ аралдарында, сол сияқты ФРГ мен бір қатар елдерде зиянды улы заттардың жоғары концентрациясының атмосферада жинақталуы нәтижесінде смог деп аталатын қалың тұмандар байқалды. Лондонда смогтар ХІХ ғасырдың соңынан бастап ақ белгілі болған, әсіресе 1952 және 1956 жылдары болған смогтар елге үлкен зардаптарын тигізді 1952 жылдын 5-9 желтоқсан аралығында қаланың үстін қаптаған тұман жауып тұрған (2-сурет). Тұманың құрамындағы зиянды қосылыстардың (күкірт ангидриді, азот оксиді, альдегидтер, хлорлы көмірсутектер,т.б) мөлшері ауада қалыптағы нормадан 5-6 есе көп болып, 12 сағаттан кейін көптеген адамдарда тыныс алу жолдарының аурулары, бас ауру, бас айналу, жөтел күшейген. Созылмалы бронхит аурумен ауыратын адамдардың көпшілігі смогтың әсерінен қазаға ұшыраған. Ұлыбритания астанасының үстінде 1956 жылы ақпанда 96 сағат бойы жауып тұрған смог мындаған адамдардың ажалына себеп болған. 1968 жылы Лондонда "Ауа тазалығы туралы заң"қабылданғаннан соң атмосфераның ластануы біршама азайған. [12,17]

Сурет-2. Лондон 1952ж

Атмосфераның ластануы адам, жануарлар, өсімдіктер үшін әрқашан зиян. Өсімдіктер үшін әсіресе улы болып саналатын күкірт, фтор, хлордың қосылыстары мен көмірсутектер. Олар ауыл шаруашылық дақылдарына, орман мен бақтар, парктерге үлкен зиян келтіреді. Дәнді дақылдардан бұл газдарға өте сезімтал - арпа, көкөністерден - шпинат, капуста, салат, редиска болып табылады. Ауаның құрамында болатын күкіртті газдың шектеулі нормасы 0,02 мгм3, азот оксидтері-0,02 мгм3 және аммиак-0,1 мгм3. Атмосфералы ауаның жағдайын бақылау 2007 жылы 50 стационарлы кентте жүргізілді, 21 елді мекен республикасында: Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Атырау, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Риддер, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент, Екібастұз қалалары. Ауаның ластануының ең жоғары деңгейі (АЛИ 5-12,6 ) Алматы қаласында. Ластанған (АЛИ 5-5) қалаларға 10 қала жатқызылған, соның ішінде ауаның жоғары ластануы (АЛИ 5-7) 8- қалада. Республикамыздың 18 қаласында бір ғана улы зат қоспасы бар ластану концентрациясының орта мәні ШРК- дан асып түсіп отыр, ал 5 қалада (Алматы, Риддер, Теміртау, Өскемен, және Шымкент) үш және одан көп улы заттар қоспасының концентрациясы ШРК - дан жоғары. 10-қалада азот диоксидінің 1,3-2,2 ШРК шегіндегі орта концентрациясы байқалған. Ал 1,2-2,8 ШРК шегіндегі ауаға көтерілген улы заттар (тозаң түрінде) - 9 қалада, 1,3-4,3 ШРК шегінде формальдегид - 7 қалада, 1,7-3,0 ШРК шегіндегі фенол - 4 қалада байқалған.Бақылау жүргізіліп отырған жерлерде 20 елді мекенде ең болмағанда бір ғана улы зат қоспасының бір жолғы концентрациясы ең шекті мөлшері ШРК - дан асып кеткен, Бұл жағдайда мұның өзінде 12 қалада (Алматы, Астана, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, Семей, Тараз, Теміртау, Шымкент, Өскемен, және Глубокое кенті) үш және одан да көп улы зат қоспасы үшін белгіленген ШРК - дан асып кеткені байқалған. Ауаға көтерілген улы заттардың ШРК - дан жоғары концентрациясы 16 қалада, оксидті көміртек -14 қалада, диоксидті азот мен формальдегид - 4 қалада, аммиак пен фторлы сутегі - 3 қалада, күкірт диоксиді - 2 қалада байқалған. Атмосфералық ауаның ластануын бақылау үлкен қалаларда және өндіріс орындарында жүргізілді. Қазақстанның атмосферасының ауасында зиянды заттектердің құрамы 2007 жылы жоғары деңгейде қалуда.Республика қаласында орташа концентрациялы қалқыған шаңның Шекті рұқсат етілген концентрациясы 1,2. Алматы, Астана, Қызылорда, қалаларында қалқыған заттың орташа концентрация 2-ге жоғарылады. Ақтау, Атырау, Балқаш, Риддер, Семей, Теміртау, Өскемен, Шымкент, қаларында ШРК 1,0-1,8. Астана қаласында максималды бір жолғы қалқыған зат концентрациясы 65,2 ШРК ға жетті. Қызылорда қаласында -14 ШРК, Балқаш -11,6 ШРК, Атырауда-3,4 ШРК, Ақтау, Алматы, Жезқазған, Теміртау, Шымкент, Екібастұз, қалаларында орналасқан шекті 2,0-2,8 ШРК. Қарағандыда және Глубокое кентінде 1 ШРК жоғарылаған. Орта концентрациялы күкірт диоксиді республика қаласы бойынша ШРК-дан көтерілмеген. Балқаш қаласында күкірт диоксидінің орташа концентрациясы 2,2 ШРК құрайды. Қызылорда, Риддер, және Өскемен қалаларында 1,0-1,8 ШРК. Балқаш қаласында белгіленген максималды бір жолғы концентрация 21,3-тың ШРК. Өскеменде -3,1 ШРК, Жезқазғанда-1,0 ШРК. Сульфаттың орташа концентрациясы 0,006 мгм3 құрайды. Балқаш қаласында сульфаттың 0,25 мгм3. үлкен біртекті концентрациясы белгіленген Көміртегі оксидінің орташа концентрациясы республика қаласы бойынша шекті мөлшерден жоғарылаған, ШРК 0,5 құрайды. Алматы қаласында көміртегі оксидімен 0,9 ШРК, ауаның ластану деңгейіне бақылау жүргізілді. Максималды бір жолғы көміртегі оксидінің концентрациясы Алматы, Тараз, Қостанай қалаларында ШРК - сы 5 жоғарылаған. Павлодар, Теміртау, Шымкентте 4,0-4,8 ШРК құрайды. Қарағанды қаласында -3,0 ШРК. Астана, Ақтөбе, Балқаш, Жезқазған Петропавл, Семей, Өскемен, және Екібастұз қалаларында 1,0-2,4 ШРК. Азот диоксидінің орташа концентрациясы республика қалалары бойныша 1, ШРК. Алматы қаласында азот диоксидінің орташа концентрациясы 2,2 ШРК құрайды. Ақтау, Ақтөбе, Астана, Қызылорда, Қостанай, Петропавл, Риддер, Семей, Тараз, Теміртау, Шымкент, Өскемен, және Глубокое кенті қалаларында шекті 1,0-1,7 ШРК табылған. Астана қаласында максимальды бір жолғы азот диоксидінің концентрациясы ШРК 23,8 тең екендігі бақыланды. Өскеменде - 5,4 ШРК, Алматыда, Қарағанды, Павлодар, Семей, және Таразда ШРК3 жоғары Ақтау, Риддер, Қостанай, Теміртау, Шымкент және Глубокое кентінде ШРК 2,0-2,9. Ақтөбе, Балқаш, Жезқазған, Қызылорда, Петропавл қалаларында ШРК 1. Азот оксиді орташа максимальды бір жолғы концентрациясы ШРК жоғарылаған. Ақтөбе қаласында азот оксидінің үлкен орташа ШРК -0,5 бақыланды. Фенолдың орташа концентрациясы 1,2 ШРК құрайды. Теміртау қаласында орташа концентрация 0,3 ШРК жеткен. Жезқазған, Қарағанды, Риддер қалаларында ШРК 1,7. Семей, Өскеменде ШРК 1,0 Теміртау қаласында максимальды бір жолғы фенол концентрациясы 4,8 ШРК - ға теңдігі бақыланған. Семей ШРК 4,0, Өскемен ШРК 3,9, Глубокое кентінде ШРК 2,8, Алматы, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, және Риддер қаласында ШРК 1,1-2,0. Формальдегидтің орташа концентрациясы республика қаласы бойынша ШРК 2,7 құрайды. Формальдегидтің орташа концентрациясы Ақтөбе, Алматы және Шымкент қаласында ШРК 4,0-4,3. Қарағанды және Таразда ШРК 2,7, Өскеменде ШРК 2,0, Петропавлда 1,3 ШРК. Шымкент қаласында максималды бір жолғы формальдегидтің ШРК 2 жоғары тіркелген. Ал Алматы, Тараз, Өскемен қалаларында ШРК 1 жоғары. Күкіртті сутегінің максималды концентрациясы Теміртау қаласында 2 ШРК жоғарылаған. Ақтөбе, Шымкент, Павлодар қалаларында 1 ШРК.Теміртау қаласында аммиактың орташа концентрациясы 2,0 ШРК. Шымкентте 1,1 ШРК. Аммиактың максимальды бір жолғы концентрациясы Павлодарда, Теміртау қаласында 2 ШРК жоғарылаған. Шымкентте 1 ШРК. Астана, Тараз, Өскемен қалаларында Фтор сутегі шекті мөлшерде табылған. Астана қаласында максималды бір жолғы фтор сутегінің концентрациясы 4 ШРК құрайды. Өскеменде 2,6 ШРК.Павлодарда 1.8 ШРК Хлорлы сутегінің максималды бір жолғы концентрациясы Павлодар қаласында 2,9 ШРК жеткен. Өскемен қаласында хлор 1,9 ШРК. Риддер, Өскемен және Глубокое кенттінде мышьяктың ауаны орташа ластау деңгейі шекті мөлшерде табылды. Астана қаласында хромның құрамы, Павлодарда хлор, Ақтауда, Өскеменде күкірт қышқылы ШРК - дан жоғарыламаған .2007 жыл мен 2006 жылды салыстырғанда Актөбе, Алматы, Атырау, Астана, Жезқазған, Қостанай, Петропавл, Павлодар, Риддер, Семей, Тараз, Теміртау, Орал, Өскмен, Шымкент және Екібастұз қалаларының атмосфералық ауасының ластануы өзгермеген, Ақтау және Балқаш қаласында жоғарылаған, Карағанды және Глубокое кентінде төмендеген..Ал 2007 жыл мен 2005 жылды салыстырғанда Актау, Актөбе, Атырау, Жезказган, Костанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Теміртау, Орал, Шымкент и Екібастұз қалаласының атмосфералық ауасы өзгермеген. Алматы, Карағанды, Риддер, Өсемен және Глубокое кентінде ауаның ластану деңгейі белгіленген. Астана және Балқашта - жоғарылаған.(2-сурет) [44,45]

Сурет 3. Атмосфералық ауаның ластану индексі

II. Ақтөбе қаласының атмосферасына жалпы шолу
Ақтөбе облысы Қазақстандағы ең үлкен индустриялды облыстардың бірі. Облыс аумағында мұнай-газ саласындағы, химиялық және тау-кен саласындағы көптеген үлкен өнеркәсіптер орналасқан. Ақтөбе облысы бойынша 9923 табиғат пайдаланушы кәсіпорындар тіркелген оның ішінде 96 объект стратегиялық, 59-экологиялық қауіпті, 4-транс шекаралық облыс бойынша, 170 кәсіпорын қауіптілік дәрежесі бойынша 1-ші қауіптілік класына жатады.
Ақтөбе қаласындағы атмосфераны ластаушы көздер Ақтөбе хром қосындылар зауыты акционерлік қоғамы, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты акционерлік қоғамы, Ақтөбе жылу электр орталығы акционерлік қоғамы болып табылады.Ақтөбе ЖЭО-ғы газбен және сұйық отынмен жұмыс жасайды, соның салдарынан ауаға 70 % азот қышқылы тарайды. Ал Ақтөбе ферроқорытпа зауыты атмосфераны қатты заттармен ластайды. Ақтөбе хром қосындылар зауыты акционерлік қоғамы атмосфералық ауаның -- 80% газ күйіндегі көмірқышқыл тотығын құрайды.
Ақтөбе қаласының ауасын ластайтын зиянды заттардың 49% -- ын ферроқорытпа зауыты шығарса, 25% -- ын Ақтөбе хром қосындылары зауыты шығарады. Мұндағы мекемелерде ауаны ластауды азайтатын кұрал- жабдықтардың жартысы ғана істейді. Қазіргі уақытта Ақтөбе облысы бойынша атмосфералық ауаны ластайтын 172 мекеме жұмыс істейді. Және де соңғы жылдары Ақтөбе қаласында автокөліктердің қоршаған ортаны ластау жағдайы барынша үдеп барады.
Автокөліктер бөліп шығаратын зиянды химиялық қосылыстардың санышамамен 200-дей болады. Ақтөбе қаласында соңғы үш жылда жеке меншік автокөліктер саны 49%-ға өскен.
Атмосфералық ауаны ластаушы негізгі заттар: шаңтозаң, СО, NO, NO2, Н2S, SO2, NH3, Pb және тұрақты органикалық ластаушылар. Бұл қалдықтар адам ағзасына спецификалық әсер етеді. Мысалы: Шаңтозаң - тынысалу жүйесіне, бауырға, қан құрамына зияны әсер етеді, лейкоцитозға апарады. Аллергиялық ауруларды дамытады. СО концинтрациясының артуы - нерв жүйесіне күшті әсер етеді, бас ауруларын дамытады, есте сақтаудан айырылады.NO, NO2-ң артуы - тыныс алу жүйесінің ауруларына апарады. Аллергиялық ауруларды дамытады. Н2S - тыныс алу ауруларын дамытады, асқорыту жүйесінің, жүрек тасмыр жүйесінің бұзылыстарына апарады, көз аурулары пайда болып, ағзаның инфекциялық ауруларға төзімділігі төмендейді. SO2 - концентрациясының артуы еңбек қабілеттілігін төмендетеді, нерв жүйесі қозғыш болды, бас ауырады, тыныс алу жолдарының аурулары пайда болады. Қорғасын - балаларда ақыл-ойдың дамуын кешеуілдетеді, ересектерге қан жасаушы мүшелерде асқорыту жүйесінің мүшелеріне, нерв ұлпарына зиянды әсер етеді. Органикалық ластаушылар СОЗ (галогенді көмірсутектер, пестицидтер, формальдегид, асбест) анкологиялық психикалық және гармональды ауруларға апарады, зат алмасу процестерінен бұзады, иммунитетті нашарлатады.
Қара металургия. Өндіріс орындары атмосфералық ауаны белсенді ластаушылардың бірі қара металлугия атмосфераға темір руданың шаңы SO2, СО, NO2, метал оксидтерін тағы басқа заттарын шығарады. Мысалы: 1 тонна болат балқыту нәтижесінде атмосфераға 3000-4000м3 газ бөлінеді. Оның ішінде 60кг СО, 3кг SO2 бар.
Түсті металлургия. Оның қалдықтарында мырыш, қорғасын, шаңтозоң, SO2, фтор қосылыстары, ауыр металдардың оксидтері т.б. кездеседі.Таралу аймағы 4-5км. Сондықтан олар қауіпті болып саналады. Электролиз арқылы металдық аллюминий шығарған кезде электролизді ванналардан атмосфералық ауаға газ тәрізді және шаңның түрлі фторлы қосылыстары көп мөлшерде түседі. 1 тонна аллюминий алғанда 3347кг фторға дейін жұмсалады, оның 65%-ы атосфераға түседі[10].
Мұнай өндіру, мұнай өңдеу және мұнай химиялық өзгерістер. Мұнай өңдеу зауыттары атмосфералық ауаға зиянды заттардың тасталуы қондырғылардың толық емес герметизациясынан болады. Оның ішінде ең қауіптілері ацетилен, хлорлы көмірсутектер, бензопирен, сақиналы көміртек. Синтетикалық каучук өндіретін зауыттар атмосфераға стирол, дивинил, толуол, ацетон және т.б. зиянды заттар тастайды.
Химиялық өндіріс. Бұларға өнеркәсіп орындарының үлкен топтары жатады. Олардың өндірістік қалдықтарының тасталуының құрамы алуан түрлі химиялық қосылыстардың көбісі адам ағзасы үшін токсикалық болып табылады. Өнеркәсіптің негізгі тастандыларына көміртегі, азот қышқылы, күкірт ангедриді, аммияк, бейорганикалық өндірістің шаңдары, органикалық заттар, күкіртсутегі, хлорлы қосылыстар, фторлы қосылыстар және т.б. жатады[25,26].
Автокөліктердің тастандылары. Қазіргі кезде АҚШ, Жапон елдерінің ірі қалаларында атмосфералық ауаның автокөліктер арқылы ластануы 90%-ға жеткен. Автокөліктердің түтіні, адамның тыныс алу деңгейіне де таралады. Қалалық жерде түтіннің ауада сейілуі қиындау. Бір автокөлік жылына 800 кг СО, 220кг СхНу, 40кг NO, NO2 бөлінеді.
Ауыл аймақтарында атмосфераны ластайтын негізгі көздер. Ауыл аймақтарында ауаны ластайтын негізгі көздерге мал, құс фермалары, ет өндіретін өндірістік кешендер, энергетикалық және жылу өндірістері, ауыл шаруашылығында қолданылатын пестицидтер жатады. Мал және құс орналасқан аумақта атмосфералық ауаға үлкен қашықтыққа дейін аммиак, күкіртсутегі және тағы басқа иісі бар газдар таралады. Сонымен қатар атмосфералық ауаны негізгі ластайтындарға алқаптарда қолданылатын пестицидтер мен минералды тыңайтқыштар да зор ықпал етеді. Пестицидтерді атмосфераға олардың ШМК- нан аспаған жағдайда ғана қолдануға болады.[41,43]

2.1. Ақтөбе қаласының атмосферасын басқа қалалармен салыстыру
Сурет 4. Қазақстан Республикасы аумағындағы атмосфералық ауаның жай-күйіне бақылау елді-мекендерінің орналасу сызбасы

Атмосфералық ауаның ластану көрсеткіштері. Атмосфералық ауаның ластану деңгейі қоспалар шоғырларының салыстыруы ШЖШ-мен (мгм3, мкгм3) бағаланады.
ШЖШ- шекті жол берілген қоспаның шоғыры.
Атмосфералық ауа ластану деңгейінің тоқсанда бағалау үшін ауа сапасының екі көрсеткішін қолданады.
- стандартты индекс (СИ) - қысқа уақыт кезеніңде ең көп өлшенген, бекеттегі бір қоспа үшін немесе барлық бекеттердегі барлық қоспалар үшін өлшенген деректерден ШЖШ бөлінген қоспа шоғыры.
- ең жоғары қайталанғыштық (ЕЖҚ)%, ШЖШ-дан асуы - бекеттегі бір қоспа үшін немесе барлық бекеттердегі барлық қоспалар үшін өлшенген деректердегі қайталанғыш.
Атмосфераның ластану деңгейі СИ және ЕЖҚ мәндерінің төрт градация бойынша бағаланады. Егер СИ мен ЕЖҚ әртүрлі градацияға түссе, онда атмосфераның ластану деңгейі осы көрсеткіштері АЛИ мәні бойынша бағаланады. Атмосфералық ауа ластануының жалпы бағалау.
Ластанудың өте жоғары деңгейіне (СИ - 10, НП - 50%): Нұр-Сұлтан,
Қарағанды қалалары;
Ластанудың жоғары деңгейіне (СИ - 5-10, ЕЖҚ - 20-49%): Өскемен, Ақтөбе, Семей, Балқаш, Жезқазған қалалары;
Ластанудың көтеріңкі деңгейіне (СИ - 2-4, ЕЖҚ - 1-19%): Алматы, Талдықорған, Ақтау, Атырау, Алтай, Қаратау, Шу, Орал, Ақсай, Теміртау, Шымкент, Жаңатас, Риддер, Петропавл, Қостанай, Рудный, Тараз, Павлодар, Түркістан қалалары.
Ластанудың төменгі деңгейіне (СИ - 0-1, ЕЖҚ - 0%): Көкшетау, Степногор, Атбасар, Боровое КФМС, Щучинск-Бурабай курорттық аймағы,
Саран, Жаңаөзен, Ақсу, Екібастұз, Кентау, Қызылорда, Құлсары қалалары және Ақай, Қордай, Январцево, Бейнеу, Төретам, Қарабалық, Глубокое кенттері жатады.
Атмосфералық ауаның азот диоксиді, көміртегі оксиді, күкірт диоксиді, формальдегид, күкірттісутек, қалқыма заттар, фенол, аммиак сияқты ластаушы заттармен жоғары және өте жоғары ластанулары:
1) автожолдардың қалалық көліктермен бос еместігі (кептелуі) - бензиннің және дизельдік отынның көпқұрамды болып шығуы елді-мекендегі атмосфералық ауаның азот диоксидімен, көміртегі оксидімен, органикалық заттармен және т.б. ластануының негізгі көзі болып табылады, ал қаладағы жоғары автожолдардың бос еместігі жақсы желдету болса да, атмосфералық ауада зиянды заттардың жиналуына әкеледі.
2) өндіріс орындарынан эмиссияның шашылуы - өндіріс орындарынан шыққан заттардың жануы, ауа ластануының жоғары деңгейіне бейімделген өндірістік процестің нәтижесі. Елді-мекен аумағындағы әуе бассейінде олардың шашылуы қала, қала маңы мен кенттердің атмосфералық ауа сапасына айтарлықтай әсер етеді.
3) елді-мекендердегі атмосфералық кеңістіктің төмен желдетілуі - атмосфераның жерге жақын қабатында ауа ластаушылары жиналып, олардың шоғырлары өте жоғары деңгейде сақталады.[43]

Қазан айы

Сурет 5. Қазақстан Республикасы елді-мекендерінің ластану деңгейі (стандартты индекс)

Сурет 6. Қазақстан Республикасы елді-мекендерінің ластану деңгейі (ең жоғары қайталанғыштық)
1-кесте
Атмосфералық ауа ластануының сипаттамасы

Қоспа
Орташа шоғыр
(gо.т.)
Ең үлкен бір реттік шоғыр
(gм.б.)
ШЖШ арту жағдайларының саны

мгм[3]
ШЖ
Шо.т.ас у еселігі
мгм[3]
ШЖШ
м.б.асу еселігі
ШЖ
Ш
5
ШЖ
Ш
10
ШЖШ
Нұр-Сұлтан қаласы
Қалқыма бөлшектер (шаң)
0,18
1,2
1,15
2,3
36

РМ-2,5 қалқымабөлшектері
0,03
0,75
1,12
7,0
411
11

РМ-10 қалқымабөлшектері
0,03
0,58
1,14
3,8
213

Күкірт диоксиді
0,02
0,39
1,79
3,6
16

Көміртегі оксиді
0,60
0,20
12,18
2,4
122

Сульфаттар
0,00

0,00

Азот диоксиді
0,04
0,95
0,23
1,2
47

Азот оксиді
0,02
0,30
0,63
1,6
22

Күкіртті сутегі
0,004

0,09
10,7
1031
7
1
Фторлы сутегі
0,00
0,00
0,00
0,00

Ақтөбе қаласы

Қалқымабөлшектер (шаң)
0,0160
0,1070
0,1000
0,2000

РМ-2,5 қалқымабөлшектері
0,0140
0,4006
0,1646
1,0288
1

РМ-10 қалқымабөлшектері
0,0089
0,1476
0,2090
0,6967

Ерігіш сульфаттар
0,0004

0,0020

Күкіртдиоксиді
0,0125
0,2505
0,1358

0,2716

Көміртегіоксиді
0,5141
0,1714
7,4098
1,4820
14

Азот диоксиді
0,0476
1,1889
1,4896
7,4480
303

Азот оксиді
0,0373
0,6222
1,3159
3,2898
82

Озон (жербеті)
0,0076
0,2525
0,0501
0,3131

Күкіртсутегі
0,0027

0,0746
9,3250
202
35

Формальдегид
0,0036
0,3599
0,0060
0,1200

Хром
0,0003
0,1975
0,0006

Алматы қаласы

Қалқымабөлшектер (шаң)
0,089
0,6
0,738
1,5
8

РМ-2,5қалқымабөлшектері
0,039
1,1
0,660
4,1
1118

РМ-10 қалқымабөлшектері
0,050
0,8
0,965
3,2
430

Күкіртдиоксиді
0,031
0,6
0,426
0,9
0

Көміртегіоксиді
0,767
0,3
8,561
1,7
12

Азот диоксиді
0,064
1,6
0,501
2,5
275

Азот оксиді
0,033
0,6
0,957
2,4
102

Фенол
0,001
0,3
0,008
0,8
0

Формальдегид
0,015
1,5
0,032
0,6
0

Кадмий
0,000
0,00

Қорғасын
0,002
0,01

Күшән
0,000
0,00

Хром
0,002
0,00

Мыс
0,016
0,01

Никель
0,000
0,00

Қараша айы

Сурет 7. Қазақстан Республикасы елді-мекендерінің ластану деңгейі (стандартты индекс)

2-кесте

Қоспа
Орташа шоғыр
(gо.т.)
Ең үлкен бір реттік шоғыр
(gм.б.)
ШЖШ арту жағдайларының саны

мгм[3]
ШЖ
Шо.т.ас у еселігі
мгм[3]
ШЖШ
м.б.асу еселігі
ШЖ
Ш
5
ШЖ
Ш
10
ШЖШ
Нұр-Сұлтан қаласы
Қалқыма бөлшектер (шаң)
0,20
1,3
0,89
1,8
32

РМ-2,5 қалқымабөлшектері
0,07
2,0
0,88
5,5
1346
4

РМ-10 қалқымабөлшектері
0,08
1,3
0,89
3,0
246

Күкірт диоксиді
0,02
0,47
0,73
1,5
7

Көміртегі оксиді
0,61
0,20
7,53
1,5
32

Сульфаттар
0,00

0,00

Азот диоксиді
0,04
0,97
0,23
1,2
38

Азот оксиді
0,02
0,26
0,25
0,63

Күкіртті сутегі
0,002

0,04
4,5
421

Фторлы сутегі
0,0001
0,02
0,003
0,15

Ақтөбе қаласы
Қалқымабөлшектер (шаң)
0,0012
0,0081
0,1000
0,2000

РМ-2,5 қалқымабөлшектері
0,0134
0,3836
0,1411
0,8819

РМ-10 қалқымабөлшектері
0,008
0,1332
0,1588
0,5293

Ерігіш сульфаттар
0,0005

0,0010

Күкіртдиоксиді
0,0120
0,2407
0,1919
0,3838

Көміртегіоксиді
0,5926
0,1975
8,7399
1,7480
1

Азот диоксиді
0,0387
0,9687
0,7920
3,9600
161

Азот оксиді
0,0289
0,4815
0,4429
1,1073
3

Озон (жербеті)
0,0066
0,2190
0,0376
0,2350

Күкіртсутегі
0,0022

0,1499
18,737 5
313
62
6
Формальдегид
0,0039
0,3947
0,0060
0,1200

Хром
0,0003
0,2316
0,0006

Алматы қаласы
Қалқымабөлшектер (шаң)
0,086
0,6
0,905
1,8
73

РМ-2,5қалқымабөлшектері
0,051
1,5
0,888
5,6
2085
4

РМ-10 қалқымабөлшектері
0,063
1,1
1,033
3,4
741

Күкіртдиоксиді
0,023
0,5
0,323
0,6
0

Көміртегіоксиді
0,736
0,2
25,731
5,1
86
1

Азот диоксиді
0,064
1,6
0,624
3,1
667

Азот оксиді
0,036
0,6
0,688
1,7
276

Фенол
0,001
0,3
0,013
1,3
1

Формальдегид
0,014
1,4
0,032
0,6

Кадмий
0,000
0,00

Қорғасын
0,026
0,00

Күшән
0,000
0,09

Хром
0,006
0,00

Мыс
0,027
0,00

Никель
0,001
0,03

Желтоқсан айы

Сурет 8. Қазақстан Республикасы елді-мекендерінің ластану деңгейі (стандартты индекс)

3-кесте

Қоспа
Орташа шоғыр
(gо.т.)
Ең үлкен бір реттік шоғыр
(gм.б.)
ШЖШ арту жағдайларының саны

мгм[3]
ШЖ
Шо.т.ас у еселігі
мгм[3]
ШЖШ
м.б.асу еселігі
ШЖ Ш
5
ШЖ
Ш
10
ШЖШ
Нұр-Сұлтан қаласы
Қалқыма бөлшектер (шаң)
0,22
1,5
1,36
2,7
43

РМ-2,5 қалқымабөлшектері
0,07
2,1
1,34
8,4
2404
11

РМ-10 қалқымабөлшектері
0,08
1,4
1,35
4,5
357

Күкірт диоксиді
0,03
0,64
3,26
6,5
46

Көміртегі оксиді
0,94
0,31
36,09
7,2
102
6

Сульфаттар
0,00

0,00

Азот диоксиді
0,04
1,0
0,24
1,2
50

Азот оксиді
0,02
0,28
0,48
1,2
1

Күкіртті сутегі
0,003

0,04
5,2
231
1

Фторлы сутегі
0,0001
0,02
0,003
0,15

Ақтөбе қаласы
Қалқымабөлшектер (шаң)
0,0000
0,0000
0,0000
0,0000

РМ-2,5 қалқымабөлшектері
0,0169
0,4815
0,1018
0,6363

РМ-10 қалқымабөлшектері
0,0091
0,1523
0,1047
0,3490

Ерігіш сульфаттар
0,0003

0,0020

Күкіртдиоксиді
0,0090
0,1791
0,1849
0,3698

Көміртегіоксиді
0,6082
0,2027
4,8123
0,9625

Азот диоксиді
0,0274
0,6862
0,1925
0,9625

Азот оксиді
0,0273
0,4549
1,2044
3,0110
20

Озон (жербеті)
0,0073
0,2418
0,0504
0,3150

Күкіртсутегі
0,0016

0,1220
15,250 0
197
16
3
Формальдегид
0,0039
0,3854
0,0080
0,1600

Хром
0,0004
0,2551
0,0006

Алматы қаласы
Қалқымабөлшектер (шаң)
0,6
0,932
1,9
0,925
124

РМ-2,5қалқымабөлшектері
2,0
0,926
5,8
15,629
4646
21

РМ-10 қалқымабөлшектері
1,4
1,230
4,1
4,890
1526

Күкіртдиоксиді
0,5
0,224
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өскемен қаласы тұрғындарының денсаулығы және қоршған ортаның компонеттер
Жылжымайтын мүлік құнына әсер ететін негізгі экологиялық факторлар және олардың экспертизасы
Автокөліктік ластануға экожүйенің әсері
Қалалардағы экологиялық жағдайды ұзақ мерзімге болжау
Урбанизацияланған аймақтардың қоршаған ортасының жағдайына әртүрлі химиялық заттардың қауіптілігі мен әсерінің сипаттамасы
Адамға қауіп-қатер факторларының әсер ету ұзақтығын бақылау
Жамбыл облысындағы өндірістік шығарындылардың атмосфералық ауаға әсері
Ақтөбе қаласының ауа құрамының ластануы
Өскемен қаласының жалпы экологиялық жағдайы
Қоршаған ортаны қорғау міндеттерімен мақсаттары. Атмосфера экологиясы. Атмосфералық ауа жағдайы және оны негізгі ластаушылар
Пәндер