Физика сабағын оқыту барысында кейс технологиясын пайдалану



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Физика сабағын жүргізу барысында кейс технологиясын пайдаланудың әдістемесі
Методика применения кейс-технологии при проведении урока физики
Methodology for applying case technology when conducting a physics lesson

Specialty: 5B011000-PHYSICS

ҚУАТБЕКОВА ҚАРАҚАТ АҚАСҚЫЗЫ
Ғылыми жетекші Мырзақұл Т.Р. PhD доктор, аға оқытушы
Кафедра меңгерушісі

АЛМАТЫ, 2021

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

І тарау. Физика сабағын жүргізу барысында кейс технологиясын пайдаланудың әдістемесі
0.1. Физика сабағын оқыту барысында кейс технологиясын пайдалану
1.2.Қазақстанда кейс технологиясын дамыту үдерісінде физика пәнін оқытудың өзекті мәселелері
II тарау.ФИЗИКА САБАҒЫН ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫНДА КЕЙС ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ әдістемесін эксперименттік тексеру
2.1. Мектепте физика сабағын оқыту барысында кейс технологиясын пайдалану үрдісінің тиімділігін арттырудың ұйымдастыру түрлері мен құралдары
2.2. Мектепте физика сабағын жүргізу барысында кейс технологиясын пайдалануға байланысты жүргізілген педагогикалық эксперимент және оның нәтижесі

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Анықтамалар
Кейс технологиясы- оқыту барысында жаңа инновациялық материалдарды қолдану әдісі.
Физикалық эксперимент- табиғат құбылыстарын арнайы құрылған жағдайларда зерттеуден тұратын табиғатты тану тәсілі.
Педагогикалық эксперимент- оқу немесе тәрбие жұмысы саласындағы ғылыми негізделген тәжірибе, зерттелетін педагогикалық құбылысты зерттеуші құрған және бақылайтын жағдайларда бақылау.
Мәселелік жағдаят - белгілі оқу міндетін орындау үрдісі кезінде тек игерілген білім ғана емес, сонымен қатар, жаңа білімдерді талап ететін қиындық немесе қарама-қайшылық.

КІРІСПЕ
Қазіргі кезде адамзат үшін аса маңызды құндылық және іс-әрекеттің әлеуметтік мәртебеге ие саласы - білім беру. Бұл сала тарих пен келешекті байланыстыратын - бүгіннің жемісі. Оның негізінде жалпы адамның қандай да бір бағытта дамуы, тұлға болып қалыптасуы, әр ісінің мақсатқа апарар жолда адастырмауы айқын көрсетіледі.
Қазіргі заманда білім беру жағдайы күрделі әрі кереғар. Бір жағынан бұл саладағы үлкен жетістіктер ХХ ғасырға тән қоғамның ірі әлеуметтік және ғылыми - технологиялық өзгерістерінің негізіне енді. Екінші жағынан, білім беру саласының кеңеюі және оның мәртебесінің өзгеруі бұл салада проблема туындауға әкеледі. Осылай, білім беруде кризис және оны модернизациялау қажеттілігі туындайды. Білім берудің кризисін еңсеру жолын іздеу үрдісінде ХХІ ғасыр жағдайында тез өзгеріп тұрған өмірде адамның орнын табуға қатысты бұл салада көп өзгерістер жүріп жатыр.
Қазақстан Республикасында жоғары оқу орындарының алдында тұрған басты міндеттердің бірі әрі бірегейі - жаңашыл,білікті тұлғаны қалыптастыру және бұл міндеттің орындалуы, прогрессивті білім беру ісін жолға қою арқылы жүзеге асырылмақ. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында: Негізгі екпін ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін дамытуға, ойлау стилін қалыптастыруға аударылуы керек. Ақпараттық әлемде адамның өмір сүруі мен жұмыс істеуінің маңызды шарты әлемді ғылыми тану әдісін немесе ойлаудың зерттеу стилі деп аталатын әдісті игеру болады, -- деген болатын. Ғаламданудың жаңа сатысына көшу үшін жаңа инновациялық оқытудың алдыңғы сатыларын жаңғырту қажет. Бұлай айтуымыздың себебі, университеттер мен институттарда Мектептер мен университеттерде жаңа инновациялық технологияларды дамытып, оның жаңа әдістемесі мен кейбір қажеттіліктерін қайта қарау қажет.
Соңғы уақытта педагогика мен пәндік әдістемелерде жаңа педагогикалық жүйелер мен теориялық жобалау негіздері және батыс педагогтары мен практик мұғалімдердің инновацияларының прогрессивті және оң модельдерін кеңінен қолданатын технологиялары белсенді түрде жасалып жатыр. Олар тек инновациялық көздерді күшейту мақсатында ғана емес, сондай-ақ оқытудың икемді басқарылатын тиімді оқыту жүйесін енгізу үшін де жасалып жатыр. Бұл мәселені шешуде Ю.К. Бабанский, А.П. Беляева, В.П. Беспалько, Е.С. Заир-Бек, М.В. Кларин, Н.Е. Кузнецова, В.Н. Максимова, Н.Н. Суртаева, П.М. Эрдниев және басқалары көп еңбек сіңірді.
Дипломдық жұмыс тақырыбынаң өзектілігі. Біз қарастырып жатқан оқу үрдісін, оның ішінде физика сабағын оқыту барысында кейс технологиясын пайдалану - білім беру жүйесін модернизациялаудың маңызды бағыты және білім берудің тиімділігі мен сапасын арттыру факторы болып табылады. Дегенмен оңтайландыруға бағытталған оқу жүйесін басқаруға тиімді тәсілдер мен әдістемелік құралдардың жетіспеушілігі, ұстаздардың пәнді оқыту барысында жаңа технологияларды жеткіліксіз қолдануы, еркін әрі түсінікті түрде жүргізе алмауы, физика пәнін меңгертуде басты назар зертханалық жұмысқа аударылмай жатқандығы, әлі күнге дейін шешімі табылмаған күрделі мәселе. Бұл мәселенің білім беру үрдісін модернизациялау стратегиясын жүзеге асырудағы маңызын ескере отырып, біз бұл мәселені заманауи, перспективті және өзекті деп санаймыз. Сондықтан зерттеу тақырыбын ФИЗИКА САБАҒЫН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА КЕЙС ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ деп алдық.
Ал мектепте физика сабағын оқытуда кейс технологиясын қолдануды арттыру үшін және физикалық тәжірибелерді оқушылардың жетік түсінуі үшін, зертханалық жұмыс дәптерін жасау және әр сабаққа арналған интерактивті тапсырмалар құрастыру, және оны практика жүзінде іске асыру бұл зерттеудің маңызды әдіснамасы болып табылады.
Физика сабағын оқытуда инновациялық технологиялардың тиімділігін арттыру барысында бірнеше проблемалар туындауы мүмкін:
* Кейс технологиясын қолдану барысында жаңа әдістемелік бағдарламалар, дидактикалық материалдар жетіспейді;
* Бұл пәндерді 10-11 сыныптарда жаңаша жүргізу үшін 5-9 сыныптардан бастап оқушылардың ақпараттық білімдері мен біліктерін, дағдысын арттыру қажет;
* Пәнге қызықтырып оқытуды тек сабақта ғана емес сабақтан тыс уақыттарда да оқытуды жүзеге асыру керек;
* Жаңаландырылған мазмұндағы физика оқулығы бойынша практикум материалдары бөлек жинақталмауы;
* Зертханалық және практикалық жұмыстар оқу материалы бойынша таратылып берілуі;
* Зертханалық жұмыстардың барысы мен есебін жазуға уақыттың жетіспеуі;
* Тәжірибелер жасауда құрал-жабдықтардың жетіспеуі;
* Оқушылардың зертханалық жұмыстың барысын қосымша дәптерге көшіріп жазуға мәжбүр болуы;
Бұл зерттеуімізде физика сабағын орта мектепте оқыту үрдісінің тиімділігін арттыру мәселесі тұр. Тиімділік дәстүрлі және жаңа оқыту түрлерінің барлық әдістері мен құралдарының қызметін потенциалды мүмкіндіктерін саналы түрде қолдануға мүмкіндік береді. Бұл зерттеудің қажеттілігі жоғарыда аталып кеткен мәселелерді жоюға және заманауи мектептерде пәндік оқытуда тиімді жүйенің қажеттілігіне байланысты болып отыр.
Зерттеудің мақсаты: - орта мектепте физика пәнін оқыту барысында кейс технологиясын тиімді және оны сапалы түрде жүргізуді ұтымды ұйымдастыру негізінде 8-сыныпқа арналған зертханалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың кейспен жеке өзіндік жұмысы
Интерактивті оқыту әдістемесі
Қашықтан оқытудың құралдары мен формалары
Қашықтықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану
Компьютерлік оқыту бағдарламалары
ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ
Қашықтықтан оқыту тәсілі
Оқушылардың өзара оқыту сабақтары
Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары
Пәндер