Жүгері дақылының өнімділігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
МИНИСТРЛІГІ
Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ
«Өсімдік шаруашылығы және топырақтану» кафедрасы
БУЛАЛОВА ӘЛИЯ НҰРДАУЛЕТҚЫЗЫ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАЗЫҚ БӨЛІГІНІҢ ҚОҢЫР ТОПЫРАҒЫНЫҢ ҚҰНАРЛЫҒЫ МЕН ЖҮГЕРІ ӨНІМДІЛІГІНЕ ӘР ТҮРЛІ ТЫҢАЙТУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ӘСЕРІ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В080800 - «Топырақтану және агрохимия » мамандығы
Көкшетау, 2021
ЗЕРТТЕЛЕТІН АЙМАҚТЫҢ ТОПЫРАҚ-КЛИМАТТЫҚ
ЖАҒДАЙЛАРЫ МЕН ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ
ӘДІСТЕМЕСІ
ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ҚОҢЫР ТОПЫРАҚТЫҢ ҚҰНАРЛЫҒЫНА ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫҢ ӘСЕРІ
ЖҮГЕРІ ДАҚЫЛЫНЫҢ ӨСУІ МЕН
ДАМУЫНА, ӨНІМДІЛІГІ МЕН САПАСЫНА ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫҢ ӘСЕРІ
ЖҮГЕРІ ДАҚЫЛЫ ЕГІСТІГІНЕ
ТЫҢАЙТҚЫШ ҚОЛДАНУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ТИІМДІЛІГІ
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ҚР - Қaзaқстaн Респyбликaсы
МемСТ - мемлекеттік стандарт
ҒӨО - ғылыми - өндiрiстiк ортaлық
ОТШ - оқу тәжірибелік шаруашылығы
АЭЗ - азотсыз экстрактивті заттар
0С - грaдyс Цельсия
N - азот
P - фосфор
K - калий ә. з- әсерлі зат
%- пайыз
ж- жыл
т -тонна
гa - гектaр
мг - милиграмм
кг - килограмм
г - грaмм
л - литр
мг/кг- миллиграммның килограммға қатынасы
см - сaнтиметр
мл - миллиметр
кг/гa - килогрaмм гектaрынa
ц/гa - центнер гектaрынaн
мың. га- мың гектарына
м 3 /га- куб метр гектарына
a. ө. - aзықтық өлшем
дaнa/гa - 1 гектaрдa дaнa
м 2 - шаршы метр
м 3 - куб метр
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл дипломдық жұмыста келесі анықтамаларға сәйкес терминдер қолданылған: Топырақ - тау жынысы, организмдер, климат, жер бедері және уақыттың кешенді әрекеттесуінен түзілген күрделі көп функционалды және көп құрамды, көп фазалы құнарлық қабілеті бар ашық жүйелі құрылым. Топырақ үлгілері - топырақ қабатынан белгілі бір мөлшерде алынған топырақ. Қарашірінді- құрамында жоғарғы өсімдіктерге қажетті қоректік заттары бар топырақтың негізгі ерекше органикалық бөлігі. Топырақ құнарлылығы - өсімдіктер тіршілігі үшін қолайлы ауа, жылу, су және қоректік жағдайларды қамтамасыз ететін топырақ қасиеттерінің жиынтығы. Агротехника -ауылшаруашылық дақылдарын егіп-өсіру технологиясы. Оның міндеті - топырақтың ылғалын сақтап, құнарлылығын арттыру, оны эрозиядан қорғау негізінде әрбір түсім өлшеміне жұмсалатын еңбек пен қаржы мөлшерін азайта отырып, ауылшаруашылық дақылдарынан барынша мол өнім алу. Агротехника құрамы - ауыспалы егіс, топырақ өңдеу, тыңайтқыш шашу, тұқым әзірлеу, егін егу және көшет отырғызу, егісті күту, суару және баптау, арамшөп пен өсімдік зиянкестерімен күресу және өнім жинау. Азот тыңайтқыштары - өсімдіктердің азотпен қоректенуіне қажет пайдалы органикалық және минералдық заттар. NPK-ның жалпы формалары - азот, фосфор, калийдің топырақтағы потенциалды мөлшері. Шалғынды-қара қоңыр топырақ- қара қоңыр топырақтардың ішінде қосымша жоғарғы және грунт суларымен ылғалдануы жағдайында пайда болған топырақ типі. Қара қоңыр топырақтардан айырмашылығы қара шіріндісі жоғары және жоғары карбонатты болып табылады. Тыңайтқыш қолдану жүйес і- тыңайтқыштардың тиімділігін арттыру мақсатында олардың әсері мен кейінгі әсерлерін есепке ала отырып ұзақ уақытқа тыңайтқыштарды есептеу және ауылшаруашылық шаралардың жоспары. Өнімділік- аймақтың белгілі бір бірлігінен алынған өсімдік өнімдірінің жалпы жиынтығы.
КІРІСПЕ
Тақырып өзектілігі. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылық жерлерінің сапасын анықтау, құнарлығын арттыру жұмыстары ауыл шаруашылығы мамандарының басты міндетіне айналып отыр. Бұл жұмыстар өз кезегінде жоспарланған өнімді толық әрі өте сапалы түрде алуға кепілді шарт болмақ. Топырақта қоректік зат мөлшері жеткілікті болғанмен, бірнеше жыл қатарынан егілген дақыл оны пайдалану бұл қорлар ертеме, кешпе азаяды. Алматы облысында, жүгері қабылдап, оны өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың саны артуына байланысты, жылдан жылға аталған дақылға сұраныс артуда. Жүгері дақылынан суармалы жерде агротехникалық шараларды толық жүргізген жағдайда гектарына 100 ц/га дәндік, 600-700 ц/га сүрлемдік жүгері өнімдерін өндіруге болады. Алайда жүгері дақылының потенциалды мүмкіндіктері толығымен пайдаланылмағандықтан, сүрлемдік массада ақуыз мөлшеріне қарағанда көмірсулар көптеп жиналады. Жүгері өнімін жоғарылатудың бірден бір тиімді жолы тыңайту жүйелерін . Сонымен қатар, жоспарланған өнім алуда және қарқынды тыңайтқыш қолдану және микроэлементтерді макротыңайтқыштармен үйлестіріп беру жүгері егістігінің сапалық көрсеткіштеріне тигізер әсері зор. Жұмыстың мақсат-міндеттері . Жерді мезгіл-мезгіл жүргізетін агрохимиялық зерттеулердің және топырақ үлгілерін жаппай талдау - әрбір нақты учаскедегі топырақтың химиялық құрамы туралы білімді негіздеу және минералды тыңайтқыштарды тарату мен ұтымды пайдалану бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар жасау болып табылады. Алматы облысы жазық бөлігінің қоңыр топырағының құнарлығы мен жүгері дақылы егістігінің өнімділігі мен сапасын жоғарылату үшін жұмсалатын макротыңайтқыштармен қатар микротыңайтқыштардың әсері мен олардың өзара үйлесімділін зерттеу негізгі мақсат болып табылады, ал бұл мақсатты орындау міндеті ретінде әр түрлі тыңайтқыштардың Алматы облысы жазық бөлігінің қоңыр топырағының құнарлылығына әсерін зерттеу; макро және микротыңайтқыштардың әсерінен жүгері егістігі топырағындағы минералдық элементтерінің динамикасын бақылау; -жүгері егістігінде макро және микро тыңайтқыштардың әсерінен жүгерінің тамыр жүйесінің қалыптасу ерекшеліктерін анықтау; - жүгері егістігінде дақылдың өсуі мен дамуының әртүрлі тыңайтқыштардың әсеріне зерттеу жүргізу; - жүгері дақылы егістігіне тыңайтқыш қолданудың экономикалық және биоэнергетикалық тиімділігін есептеу болып табылады.
Топырақтардың агрохимиялық сипаттамалары және Ұйғыр ауданының Тельман шаруа қожалығы үшін тыңайтқыштарды қолдану жөніндегі ұсыныстар Алматы облыстық агрохимиялық зертханасының қызметкерлері, аға топырақтанушы-агрохимиктер КОСАЕВ, АҚТАЕВ жүргізген агрохимиялық зерттеу материалдары негізінде құрастырылды. , аймақтық агрохимиялық зертханаларға арналған әдістемеге сәйкес 1/25000 жоспары негізінде «Жаңа Талап» шаруа қожалығының агрохимиялық түсірілімдері мен агрохимиялық картограммаларын тіркеу жүргізілді.
Алынған нәтижелердің тәжірибелік маңыздылығы . Жергілікті ғылыми-зерттеу мекемелерінің немесе аймақтық агрохимиялық зертхананың далалық тәжірибелерімен белгіленген агрохимиялық картограммалар мен тыңайтқыштардың дозалары негізінде әр шаруашылық кез-келген дақылға фосфор мен калий тыңайтқыштарын қолдану жылдамдығын дұрыс есептей алады.
Зерттеудің объектісі. Жүгері дақылы- Қазақстан 43ТВ сорты, Алматы облысы жазық бөлігінің қоңыр топырағы .
Зерттеу әдістері. Әрбір аралас сынамада қозғалмалы фосфор Мочигин Б. П. әдісімен және жалын фотометріндегі фосформен бірдей сығындыдан алынған калий анықталды. Сонымен қатар, зерттелген аймақтан 0-30 см тереңдіктен профильдік кесінділер жеке алынды. профильдік үлгілер, қарашірік Тюрин әдісімен, механикалық құрамы Качинский әдісі бойынша анықталды.
Шаруашылыққа жылжымалы фосфор мен алмастырылатын калийдің құрамы туралы картограммалар берілген. Топырақта азотты анықтау және оның құрамына картограмма жасау орынсыз болып саналады, өйткені оның құрамындағы топырақ құрамы климаттық жағдайларға және агрохимиялық әдістерге байланысты айтарлықтай өзгеріп отырады.
I ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1. 1 Алматы облысы, Ұйғыр ауданы жазық бөлігінің топырақ жамылғысына шолу
Жер - Қазақстан республикасының табиғи қор, өндірістік құрал мен аумақтық кез -келген еңбек процестерінің территориялық негізі жалпылама суверинитеті анықталынатын территория кеңістігі.
Орталық Азияның территориясы кең және күрделі. Алғаш рет топырақ табиғаты және топырақтардың аймақтарда таралуы туралы заңдылықтар эволюциясы жөнінде нақты мәліметтерді ХІХ ғасыр аяғынан көруге болады. Қорытынды нәтижелерді талдау барысында кейбір ғалымдар топырақтың қасиеттеріне, ал кейбіреулері - топырақ түзу факторларына көңіл аударады. Нәтижелерді өңдеу үшін топырақ қасиеттерін топырақ түзілу факторларымен ұштастыру қажет.
Алматы облысы топырақ жамылғысы туралы алғашқы мәліметтерді біз XIX ғасырда Жоңғар Алатауының бөктерінде зерттеу жұмыстарымен айналысқан орыстың көрнекті ғалымдарының еңбектерінен көре аламыз .
Топырақ жамылғысын ғылыми негізінде, жүйелі зерттеу бұл жерлерде 1907 жылдан басталады. Ол Семей - Верный темір жолын бойлай, жағалап отырып жүргізілді. Оны орыстың топырақтану мектебінің көрнекті өкілдері жүргізді. Осы зерттеу жұмыстары аяқталған соң, олар «О почвенных условиях вдоль проектируемый трассы железно - дорожный линий Семипалатинск - Верный» атты жұмыстарын жазды. Бұл зерттеу жұмысы одан кейінгі жүргізілген зерттеу жұмыстарына үлкен ықпалын тигізді.
1908 жылы Переселендік басқарманың колонизацияланған Ресейлік Азия жерінің топырақ және өсімдік зерттеу жұмыстары басталды. Осы зерттеу жұмыстарын қамтитын аймаққа біз атап отырған Алматы облысының территориясы да кіретін еді. Осы зерттеу жұмыстарына Докучаев мектебінің, сол кездегі ең жақсы білімді деген өкілдері тартылды. Ал 1947 жылы Безсоновтың экспедициясы қазіргі облыстың бүкіл Солүстік - Шығыс бөлігін қамтыды. 1928 жылы сондай - ақ Қазақстанның наркоземінің ұйымдастыруымен бұрынғы Алматының өңіріне экспедиция ұйымдастырылды. Ол топырақ зерттеу жұмыстарын қазіргі Панфилов ауданының территориясын қамтып, оның қазіргі шекарасына дейін жүргізіп, топырақ картасы құрастырылды .
1931 - 1937 жыл аралығында айтарлықтай топырақ зерттеу жұмыстары жүргізілген жоқ, бірақ аз көлемді территориялардың нақты карталары жасалынды.
1941 жылы Солтүстік және Оңтүстік Балхаш өңірінің топырақ және өсімдік жамылғысы туралы құрама шықты. 1944 жылы қазақтың жерді өңдеу институтының (КИЗ) топырақтанушы ғалымдары Алматы облысына арналған құрама топырақ картасы жасалды.
1949 жылы солтүстік Балхаш өңірінің аз ғана бөлігіне зерттеу жұмыстарын жүргізіліп, соның нәтижесінде топырақ картасы құрастырылды. Бұл картада топырақ жамылғысына түрлі анықтамалар беріледі.
1953 - 1955 жыл аралығында Талдықорған қаласының барлық аймағы қамтылған топырақ картасы құрастырылды. Міне, осы материалдар толық өңделіп облыстың топырақ жамылғысы туралы кітапқа енді.
Алматы облыс топырақтары облыс аумағы - 11. 4 млн. га төрт бөліктен тұрады: оңтүстік - шығыс және шығыста Жоңғар Алатауы, солтүстікте Балхаш -Алакөл өңірі жатыр, ал солтүстік - батысы ұсақ шоқылы болып келеді. Оңтүстікте Іле ойпаңы жатыр. Егіндік жер 850 мың. га шабындықмың. га шабындық 350 мың. га, жайылым 7. 9 млн. га. Облыстың топырақ жамылғысы тік белдеуліке бағынады, яғни Жоңғар Алатауынан Балқаш көліне қарай түскенде мына өсімдік - топырақтық белдеулерден өтуге болады: қар, мұзарт пен тастар (4-5 мың м теңіз деңгейінен) таулық шалғынды топырақтар (4-2, 5 мың м), ормандық күңгірт түсі, күңгірт сұр топырақтар, күлгінді, сілтісізденген қара топырақтар (2, 5-1, 5 мың м), таулы даланың аз гумусты қара топырағы мен күңгірт және ашық қара - қоңыр топырағы (1500-750 м т. д. ) . Шөлді белдеудің сұр - қоңыр, қоңыр, сұр және тақырлау топырақтары (750-350 м т. д. ) . Егіншілікте (суармалы) қара-қоңыр және сұр мен шабындық сұр топырақтар пайдаланылады, жоңышқа мен арпа өсіріледі; күңгірт, қара қоңыр топырақта көкөніс егісі, қара топырақта бау орналасқан. Іле, Қаратал, Тентек (Балпық ата мен Қибала ана суаралығы), Көксу т. б. өзендер жайылмаларының аллювилі - шабындық топырағы өте құнарлы келеді, сондықтан оларға суармалы егіншілік пен сүт өндірілетін мал шаруашылығы негізделген. 1997 жылдан облыс Алматы облысында біріккен.
Таулы облыстардың топырақ жамылғысы тік белдеулікке сүйенеді. Тік аймақтық деп, тау жоталары беткейлерінде климат пен өсімдік жамылғысы өзгеруіне сәйкес, топырақ алмасуын айтады. Кейбір жағдайда құрлық биіктігі өскен сайын, бірден - бірге топырақ алмасуы да бұзылады. Топырақ типтерінің дұрыс емес орналасу құбылысын топырақ аймағы инверсиясы дейді. Көп жағдайда бір топырақ аймағы екінші аймаққа еніп кетеді, бұл қапталдардың орналасу ретіне немесе тау өзендерінің аңғарлары мен топырақ аймақтарының кіруіне байланысты болады. Міне мұндай бір аймақ топырағының екінші аймаққа енуін миграция дейді. Кейбір таулы жерлерде бір қалыпты топырақтық аймақ құрылымынан бір белдеу түсіп қалады, яғни жылдық температура төмен жауын - шашын мөлшері мен ауа ылғалдығы жоғары болады, күн радиациясыда артық. Ғылыми анықтауларша, жота беткеймен жоғары көтерілген сайын әрбір 100 м биіктікке ауа температурасы 0, 5ºC төмендейді. Сондай - ақ белгілі биіктікке дейін жауын -шашын мөлшері артып, инцоляция (жарық) үдейді.
Таулық климаттың (жазықтыққа қарағанда) тәулік және маусымдық өзгешелігі артық (күн мен түн, жыл мезгілі), сондай - ақ жыл бойындағы ылғалдану мөлшерінде біркелкі. Топырақ құралу үрдісі тауда өте тілімденген бедерде жүреді де, топырақ жамылғысы алаланған және біркелкі құралуы және эрозия дамуы да жер бедеріне байланысты. Таулы аудандарда топырақта су-жылу құбылымы қапталдар экспозициясына қарай өзгереді. Қорыта келгенде таулы облыстарда жер бедері - топырақ тағдырын шешуші жағдай .
Таулы жерде топырақ жамылғысы күн сәулесі мен жел экспозициялық бағытта. Оңтүстікке қарағанда беткей, солтүстігіне қарағанда жылы әрі құрғақ келеді. Атмосфералық ылғал мен жылу құбылымдары айырмашылығы өсімдіктердің өсіп-өнуіне, сол арқылы топыраққа әсер етеді. Экспозиция әсері барлық тауларда бірдей емес. Қапталдардағы топырақ айырмашылығы бірқалыпты немесе ылғалы тапшы таулы аймақтарда жақсы байқалады. Ал өте ылғалды және құрғақ таулы жерлерде, экспозициясының әсері бәсеңдейді. Топырақ жамылғысының алалығы қапталдардың құрғақ немесе ылғалды, ыстық немесе суық жел өтінде орналасуына да байланысты .
Таулы аймақтарда топырақ құраушы жыныстар өұрылымы әртүрлі және үгілудің жас азықтарынан тұрады. Көбінесе мұнда бор, әк, құм, тақта тас және магма жыныстары басым кездеседі. Тау аралық жазықтар мен ойпаңдарда негізгі жыныстар, қалыңдығы және гранулометриялық құрылымы әртүрлі, төрттік дәуірдің шөгінділерімен көмкерілген. Кейбір топыраққұраушы жыныстар құрамында жеңіл еритін тұздар кездеседі .
Таулы облыстардың өсімдік жамылғысы атмосфералық түсім мен температураға байланысты және тік белдеулік бағытта өзгереді. Әр белдеулік пен беткейлер беталысына сәйкес биогидротермиялық жағдайлар мен топырақ түрлері де өзгереді. Бұл топырақтардың, тау қапталдарында қалыптасуына байланысты құралуында өздеріне тән ерекшеліктері бар.
Мұнда ішкі ағын мен үстірттің шайылу әсерінен, бүйірден келетін ағынды затар мөлшері жоғары болады. Таулық топырақтар, кескіні жұқа аллюви -делювилік шөгінділерде дамитындықтан және табиғи денудация артық болғандықтан, үнемі жаңарып отырады. Сонымен, топырақтар туралы білім, топырақтану ғылымының саласы; жер шары құрлығында топырақтар таратылу заңдылықтарын географиялық ортамен байланыстыра зерттейді, олардың жіктелуі мен жаратылысы және қасиеттерімен шұғылданады. Жер қоныстары сапасын анықтағанда, жерді мемлекеттік есептеуде, ауыл шаруашылығын жүйелі жүргізуде оның практикалық маңызы өте зор.
Іле Алатауы биік болғандықтан мұнда табиғаттың белдеулік аймақтары толық кездеседі. Бұл жайындағы алғашқы толық мәлімет Ленинградта шыққан "Балхаш өңірінің шөл даласынан Хан тәңірінің қарлы биіктігіне шейін" деген классикалық еңбекте келтірілген .
1938-1943 жылдары Іле Алатауы топырақтарын зерттелініп, осы өңірдің топырақтық және ауыл шаруашылығында пайдалану карталары жасалды.
1950 жылдан Іле Алатауы тау алды суармалы топырақтары нақтылы зерттелінді.
1953 және 1954 жылдары осындай зерттеулер Қаазалы аудандарында жүргізілді .
Климаттық жағдайлардың өзгеруіне қарай боз топырақтардың орналасуынан, климаттық жағдайлар мен сұр-қоңыр топырақтардың таралуы арасындағы байланысты анық көруге болады. Топырақ пен гидротермиялық факторлар арасындағы бұл сәйкессіздік типтерін сипаттауға үлгі бола алмайды. Алғашқыда сипатталған топырақтар, кең ауқымды территорияға таралуға ұмтылды. Бірінші рет батыс Тянь-Шанның лесті тау етегінде сұр-қоңыр топырақтарды бөліп қарастырса, кейінен олардың шекарасын Тұраннан Памирге дейін кеңейтті. Бұл сұр-қоңыр топырақтарды ыстық шөлде, сондай-ақ суық биік тауларда сипаттауға мүмкіндік берді .
Осындай екі жақты түсініктер боз топырақтарды жіктеуді қиындатып жіберді. «Сұр-қоңыр» топырақтар деген атаумен қатар әдебиеттерде «светлозем», «ашық-қоңыр құмбалшық» деген түсініктердің қалыптасуына әкелді.
Ұлы ғалымдардың зерттеулері нәтижесінде «сұр-қоңыр» термині мойындалды . Сұр-қоңыр топырақтардың жоғарғы аймағының 1600-1700 - ден 1100-1300 м абсолюттік биіктік аралығында төмендеуін көрсетті.
Кейбір ғалымдар боз топырақтардың жоғарғы шекарасының төмендеуіне күңгірт боз топырақтарды қоспауды ұсынды, сол кезде осы топырақ типінің типшелері сақталады: тау бөктері жазығында жатқан ашық және кәдімгі боз топырақтар.
Автор сұр-қоңыр топырақтарды көне топырақтар қатарына жатқызады . Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстандағы тау алды жазықтары мен аласа тауларда тараған боз топырақты аймақта топырақтүзілудің аридті жағдайы басым екендігін байқаған . Түрлі аймақта, әрқилы топырақтүзілу жағдайларына қарамастан, боз топырақтардың морфотектік қасиеттері ұқсас, бірдей болып келеді.
Ғалымдардың пікірінше боз топырақтардың құрылымы мен қасиеттерінің салыстырмалы ұқсастығын био-гидротермиялық жағдайлардың қарқынды әсер етуімен, салдарынан түсіндіруге болады .
Сұр-қоңыр топырақтардың басты типтік көрсеткіштері - гумус қабатының әлсіз дамуы, тың топырақтардың беткі бөлігінің шымдануы және інқазғыштардың қарқынды әрекеті, барлық топырақ қабатының карбонаттылығы және кескіннің карбонаттылығының жақсы айқындалуы, суға төзімді түйіртпектерінің болмауы мен микроструктураларының болуы, жекелеген қабаттардың айқын көрінуі, топырақ гумусындағы көміртегінің азотқа қатынасының аз болуы, кремнеземсіз карбонатты тұздардың мөлшерінің жоғары болуы (5-20%), топырақтың алюмосиликатты бөлігінің бұзылғандығы, топырақ ерітіндісінің тұрақты әлсіз сілтілігі, сіңіру кешенінің негіздермен қаныққандығы, сіңіру сыйымдылығының жоғары болмауы деп есептейді .
Ұзақ уақыт жырту антропогенді қабаттардың түзілетіндіген, қоректі элементтердің артып немесе азаятынын, ал дренаж, құрғату мен суару топырақтүзілу үрдістерін өзгертетіндігін анықтаған . Тұщылану мен әктеу тұзды құрамының және өсімдік жамылғысының өзгеруіне соқтырады. Топырақты тыңайту олардың құнарлығын арттырады. Бұл ерекшеліктер мәдениелендірілген топырақтарды жіктеудің негізін құрайды .
Жердің құрғақ бөлігінде қарашірік не себептен және не үшін түзіліп, жинақталатынын айта келе оған алғаш болып көңіл аударды. Өсімдіктерде жинақталған заттардың үздіксіз ауысуы нәтижесінде қарашірік қабаты түзіледі. Сонымен бірге, топырақ кескінінде қолайлы экологиялық жағдайды құруға және өсімдіктер арқылы қоректік элементтерді алудың қажетті негізі және әдісі.
Эволюция процесінде топырақ түзілу барысында қарашірік пен өсімдік арасында мақсатқа бағытталған және күрделі бірлік пайда болды, ол топырақтағы көптеген қасиеттермен және құбылыстармен тығыз байланыста. Топырақтағы фосфор режимдерін, оның тиімділігін, дақылдардың фосфорды пайдалану ерекшеліктері жан-жақты зерттелінген .
Қазақстан Республикасының жер реформасы 2003 жылы басталып және енгізілді. Қазақстан Республикасының Жер Кодексінде мемлекеттік жер кадастрінің мазмұны мен мәні кең ауқымды. Мемлекеттік жер кадастрі жерді сандық және сапалық тіркеу мен бағалауды қамтиды. Кадастрлық тіркеуге жерді жекеменшіктеу, мақсатты пайдалану және жер телімдерін пайдалануға рұқсат алу түрлеріне тәуелсіз Қазақстан территориясында жатқан жер телімдері жатады.
Сонымен, қазіргі кезде облыста тараған топырақтардың, қасиеттері мен географиялық таралуы жөнінде толық мағлұматтар келтірілген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz