Психологизм - көркем шығарманың жұлын жүйесі


Т. Әбік, Д. Исабеков, О. Бөкей шығармаларындағы психологизм
Мазмұны
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Бүгінде әдебиеттану мен сында өте жиі сөз етіле бастаған күрделі әрі ауқымы кең теориялық және тәжірибелік мәні мол мәселелердің бірі- көкем шығармадағы психологизм. Көркем шығармадағы психологизм мәселесі деп отырғанымыз - шығармада кейіпкердің рухани әлеміне бойлау, өзіндік психологиялық ахуалын, ішкі сезім иірімдерін терең толғаныстарымен қоса суреттеу болып табылады. Психологизмнің көркем шығармадағы орны орасан зор. Бұлай дейтініміз, кейіпкер - шығарманың негізі, ал оның өмір жолы шығарманың арқауы, сюжет желісі. Енді, елестетіп көріңіз кейіпкеріңіздің тек күнделікті іс-әрекеті, жүріс-тұрысы ғана сізге белгілі, кейіпкеріңіздің ішінен яғни, ішкі әлемінен мүлде бейхабарсыз. Сізді мұндай туынды елітіп әкете ала ма? Кейіпкердің рухани әлеміне ене алмау үлкен олқылық. Әрбір кейіпкер ашылмаған бір арал деп есептесек, жазушы да өз оқырманын жалықтырып алмасы үшін «тірі кейіпкер» жасау барысында шеберлілік танытуы қажет. Ал, «жанды кейіпкер» туындатудағы басты қағида - оның ішкі жан сезім иірімдерін сыртқы құбылыстарынан айырмау. Міне, көркем әдебиеттегі психологизм мәселесінің маңыздылығы да осында. Бұл туралы ұлы суреткер М. Әуезов:«Біз адамның сыртқы ісін көп баяндап, оның ішкі дүниесіне аз үңілеміз, образды даралау, характер дәрежесіне жеткізу үшін психологиялық талдауға көңілді баса бөлген жөн», деген. Характер дәрежесіне жеткізілген кейіпкердің терең психологиялық талдаудан өткені анық. Психологизм тек қана көркем әдебиет әлемі үшін ғана емес, бүткіл адамзат баласы үшін де маңызды дара стильдердің бірі. Психологизм адамды адазат баласының рухани әлеміне бойлай білуге, ішкі-сыртқы іс әрекеті, ым-ишарат, келбеттегі өзгеріс арқылы ішкі сезім иірімдерін ажырата білуге үйретеді. Психологизмге тән туындылар арқылы, өз рухани әлемімізбен тез қауышуымыз да ғажап емес. Осыған орай, психологизмнің көркем өнер үшін де, күнделікті өміріміз үшін де маңыздылығын ескере отырып, дипломдық жұмыс тақырыбы толыққанды өзекті деп нық айта аламыз.
Қазақ прозасындағы психологизмді қалыптастыруда түрлі ізденістер жасап, әлем әдебиетінің озық дәстүрлерінен нәр алып, әрқайсысы өзіндік даралығын таныта білген жазушыларымыздың қарасыда қалың. Біз осы дипломдық жұмысымызда көркем шығармадағы психологизм үғымына түсінік бере отырып, олардың қолданысына талантты прозашылар Т. Әбдік, Д. Исабеков, О. Бөкейдің шығармашылығынан мысалдар келтірдік. Осы уақытқа дейін аталған үш жазушы жеке-жеке әр түрлі бағытта талданғанымен, үшеуі бір арада көркем шығармадағы психологизм аясында зерттеу объектісіне айнала қоймаған. Т. Әбдік, Д. Исабеков, О. Бөкей шығармашылығы туралы әр түрлі газет-журналдарда жарық көрген сыни мақалалар, көзқарастар және пікірлер мен еңбектер тақырыпты әр қырынан зерделеуге маңызды қадам болды. Талдау жұмысымызда жазушылардың көркемдік ерекшеліктері, жазушылардың тіл ерекшелігі және де кейіпкер жасаудағы өзіндік шеберліктері яғни кейіпкер жанының ішкі-сыртқы суреттелуі сөз етілді. Сондай-ақ, тақырыпты аша түсу мақсатымен көркем шығармадағы мінез және тартыс мәселесін қоса зерттеу жұмысын жүргіздік. Қазақ әдебиеттану сынына өзіндік үлесін қосып жүрген ғалымдардың психологизм туралы пікірлерін жүйелей отырып, аталған үш жазушының еңбектерін салыстыра талдадық.
Диплом жұмысымыздың ғылыми жаңалығы:
-Т. Әбдік, Д. Исабеков, О. Бөкей шығармаларындағы психологизмнің қолданылу ерекшеліктері жүйелі түрде нақтыланды.
-қаламгерлердің шығармалары психологизмнің түрлеріне сәйкес бөлініп, салыстыру жұмыстары арқылы топтастырылды
-зерттеу объектісіндегі үш жазушының шығармаларындағы психологизмдік сипаттар туындатқан кейіпкерлер қуанышы, күйзелісі, ішкі сезім иірімдеріне әсер еткен әрбір детальға мән беріле талданылды
-көркем шығармадағы мінез және тартыс мәселеспі тақырыпты аша түсу мақсатымен қоса талданылды
- жазушының тіл шеберлігі мәселесі зерделенді
Диплом жұмысымыздың мақсаты мен міндеттері:
-көркем шығармадағы психологизм бағыты туралы зерттеушілердің пікірлерін саралау
-зерттеу объектісіндегі үш жазушының туындыларын талдай отырып, өзіндік психологизмдік тәсілі мен стильін бір-бірімен салыстыра зерттеу
-үш жазушының да шығармашылығына тән көркемдік, эстетикалық белгілерді ашу арқылы олардың өзіндік шығармашылық болмысын анықтау
-жазушылардың кейіпкер жасаудағы басты ерекшеліктерін айқындау
-жанды кейіпкер жасай білудің маңызын айшықтау
-психологизмдік шығарма туындатудағы мінез және тартыстыстың өзіндік ықпалын жазушылар қолданған қақтығыстар, қайшылықтар арқылы анықтау
Жұмыстың теориялық-әдіснамалық негіздері: Жалпы зерттеу жұмысын жүргізу барысында салыстыру, сараптау, сипаттау тәрізді түрлі әдістемелер пайдаланылады. Осыларды негізге ала отырып, біз ең алдымен психологизмнің көркем шығармадағы рөлін анықтадық. Психологизм мәселесін алғаш зерттеген А. Байтұрсыновтан бастап, күні бүгінге дейін осы тақырып төңірегінде еңбек еткен зерттеуші, ғалымдардың пікірлерін негізге ала отырып өз тұжырымдарымызды жасадық. Зерттеу объектісіндегі үш жазушының шығармаларындағы психологизмдік сипаттарға жеке-жеке тоқталып, салыстыру, оларды топтастыру жұмыстары жүргізілді. Біз бұл диплом жұмысымызды жазу барысында Г. Пірәлиеваның «Көркем прозадағы психологизмнің кейбір мәселелері», Б. Майтановтың «Қазақ романы және психологиялық талдау» және Г. Ержанованың «Қазіргі қазақ повестеріндегі психологизм мəселелері» атты еңбектерін негізге ала отырып жаздық. Зерттеудің ақпараттық базасы ретінде Р. Бердіқұлдың «Роман және заман», Камалқызы Жанымгүлдің «Рахманқұл Бердібай және қазақ романы» еңбегі, Серік Қирабаевтың зерттеушілік еңбектері қолданылды. Сондай-ақ, прозадағы психологизм туралы әр түрлі газет-журнал, сайттарда жарық көрген шағын мақалалар да көмекшіміз болды.
Диплом жұмысымыздың тәжірибелік маңызы: Дипломдық жұмыстың нәтижесі мен қорытындысын төменгі курс студенттері өздерінің лекцияларына және тәжірибелік сабақ дайындықтарына пайдалана алу мүмкіндігі жұмыстың тәжірибелік маңызын көрсетеді. Студенттер диплом жұмысымыздан психологизмді зерттеп жүрген ғалымдарымыздың пікірлерінен бастап, психологиялық шығармалармен де оқып таныса алады. Көркем шығармадағы психологизмнің түрлерін ажыратуды үйреніп, өздері оқыған психологизмге тән туындыларды түрлеріне қарай топтастыруды үйренеді. Осыған орай біз осы диплом жұмысымыздың тәжірибелік маңызы жоғары деп айта аламыз.
Сондай-ақ зерттеу барыснда қол жеткізген нәтижелерді XX ғасырдың 60-80 жылдарындағы қазақ прозасы бойынша дәрістер құрауда, Т. Әбдікұлы, Д. Исабеков, О. Бөкей шығармашылықтары бойынша, жәнеде олардың көркемдік ерекшеліктері, өзіндік психологизмдік сипаттары жөнінде әр түрлі семинар жұмыстарында пайдалануға болады.
Диплом жұмысымыздың құрылымы: Зерттеу жұмысы жалпы екі бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды. Кіріспе бөлімінде зерттеу жұмысының өзектілігі, ғылыми жаңашылдығы, мақсаты мен міндеттері, әдіснамалық негіздері, тәжірибелік маңызы және диплом жұмысымыздың құрылымы баяндалған.
Негізгі бөлімі екі тарау және бес тараушалардан құралған. Бірінші тарауда көркем шығармадағы психологизм мәселесі туралы мәліметтер беріліп, үш тараушаға бөліп, зерттеу объектісіндегі үш жазушы шығармаларындағы психологизм мәселесі талқыланды. Әр жазушының психологизмнің өзіндік сипаттарына тоқталып, келтірілген шығармаларының психологизмнің қай түріне жататындығы анықталды. Екінші тарауда аталған үш жазушының кейіпкерлеріне тоқталынып, портерт жасау шеберлігі туралы мәлңіметтер ұсынылды. Екінші тарау екі тараушаға бөлініп: жазушының тіл шеберлігі және көркем шығармадағы мінез және тартыс мәселелері талданылды.
І тарау. Психологизм - көркем шығарманың «жұлын жүйесі».
1. 1. Төлен Әбдікұлы прозасындағы психологизмдік сипаттар
Көркем шығармадағы психологизм - әдеби, ғылыми мәні мол, әдебиет теориясы, тарихы мен сынында өзіндік орны бар, зерттеу ауқымы кең әрі күрделі мәселе. Көркем әдебиеттегі психологизм жайлы ғалым Б. Майтанов: «Көркем шығармадағы өмір шындығының кепілі - психология да, соны жеткізу амал-тәсілдерінің жиынтығы немесе идеялық-эстетикалық шығарма феномен - психологизм» [1; 232 б. ], - деп мәселенің ең түйінді тұсын жіті пайымдап анықтама берген. Көркем әдебиеттегі психологизм дегеніміз- шығарма кейіпкерінің тек сыртқы пішінін, жүріс-тұрысын ғана суреттеп қоймай, ішкі жан дүниесін де жеткізе білу. Психологиялық туындыларда кейіпкердің ішкі жан дүниесі - сан түрлі иірімдерден тұрады. Жазушы кейіпкердің ішкі сезім иірімдерін әсерлі етіп жеткізбесе, туынды оқырманға мүлде әсер ете алмай, өз бағасын жоғалтып жатады. Шығармадан ешқандай әсер ала алмаған оқырман кейіпкермен бірге қуана да қайғыра да алмайды. Көркем шығарма қаншалықты әсем, көрікті тілмен жазылғанымен, ешқандай әсер бере алмаса, оқырман шығарманы қарапайым тілде ғана түсінеді. Психологиялық туындыларда кейіпкер мініз-құлқы өмірдегідей дәл беріледі. Яғни, шығарма кейіпкері қуанады, жылайды, күледі, болмашы дүниелерге де ашуланып күйіп-пісіп жатады. Жеке өміріндегі қуанышты не күйінішті сәттеріне рефлекция жасап отырады. Шынайы өмірдегі адам мен көркем шығарма кейіпкерінің өмірінде орын алып жатқан психологиялық ахуалдардың бір ғана айырмашылы бар. Ол- көркем шығарма авторы өз кейіпкерінің сол сәттегі психологиялық күйін көркем тілмен суреттеуі. Психологизм мәселесін зерттеуші ғалымдардың бірі Б. Майтановтың «психологизм сөз жоқ реализмге апарар сүрлеу» деген сөзін ескерсек, жоғарыдағы пікіріміздің толыққанды дұрыс екеніне көз жеткізе аламыз. Бүгінде «реалистік психологизм», «романтикалық психологизм», «психологиялық шындық» «реалистік шындық», «психологиялық реализм» тәрізді тіркестерді ғылыми еңбектерден көп кездестіріп жатамыз. Бұдан аңғаратынымыз, психологизм көптеген әдеби бағыттар мен әдістерге ортақ сонымен қоса, олардың негізгі принциптеріне тәуелді болып келеді. Психологизмнің әдебиет әлеміндегі қызметі зор. Ол- өмір шындығы мен көркем шындықтықтың тұтастығын, тамырластығын сақтау қызметі.
Зерттеу ауқымы кең мәселенің бірі психологизм - негізгі екі топқа бөлінеді. Олар - синтетикалық психологизм және аналитикалық психологизм. Синтетикалық психологизм дегеніміз - адамның психологиясын сыртқы болмысы арқылы танытату. Яғни, психологизмнің кейіпкер іс-әрекеті, бет жүзіндегі құбылулар, психологиялық деталь, заттық әлем, ым-ишараттар, портрет тәрізді бейнелеу құралдары арқылы көрінуі. Бұл жердегі заттық әлем деп отырғанымыз - кейіпкер өмір сүрген орта, үй-іші тұрмысы, ұстанған заттары, ал, психологиялық деталь - шығарманың тақырыбы мен идеясына құралған жеке бір ғана зат болып табылады. Портрет бәрімізге де белгілі әдебиеттегі кесікіндеме адамның бет-әлпетін, бой тұлғасын, өң-шырай өзгерісін, киімін, жүріс-тұрысын сипаттау болып табылады. Ал, аналикалық психологизм дегеніміз - керісінше кейіпкердің ішкі толғаныстарын көрсету, жан диалектикасына үңілу, автордың кейіпкеріне өзін-өзі талдауына мүмкіндік беруі. Аналитикалық психологизм ой мен сезім, сана тасқыны, түс көру, ішкі монолог, ішкі диалогтар арқылы шығармада көрініс тауып отырады. Толығырақ, түс-адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасын қалыптастыратын күрделі психикалық құбылыс, сана тасқыны-кейіпкер жасайтын іс-әрекет пен ойының кереқарлығы, жан сезімі мұңаю, аңсау, сағыну, қуану, ашулану т. б. әр түрлі эмоциялық белгілер. Ал, ішкі диалог - адамның іштей өз-өзімен сөйлесуі, сұхбат құруы. Ішкі диалогта да, ішкі монологта да сөйлеуші адам өзінің ішкі жан-жүниесіне тереңдей еніп, өз психологиясынан хабарлар береді. Сәтті психологиялық туындылардың басым бөлігі осы аналитикалық психологимге тән.
Психологизмнің тарихына жүгінер болсақ, алғашқы психологиялық шығарма ең алғаш XVIII Англияда жазылған екен. Лоренс Стерннің «Тристам Шендидің, джентельменнің ғұмыры мен пайымдары» романында адамды, адамның ойын, психологиясын және де мінездің толқыныстарын бейелеп жазады. Психологизмнің бірден аңғарыла бермейтін сыры мен сымбатын, көп қырлы әдеби бағыттың бірі екенін ескерсек, алғашқы психологимге тән туынды бұдан ерте жарыққа шыққан болуы да мүмкін.
Қазақ әдебиетіндегі психологизмнің алғашқы үлгілері лиро-эпостық жырларда, жыраулар поэзиясында кездеседі. Ал, Абай шығармашылығынан негізінен психологиялық паралеллизмді кездестіреміз. Психологиялық паралеллизм адамның мінез-құлқын табиғат арқылы суреттеп беру болып табылады.
Қазақ көркем әдебиетіндегі психологизм туралы әдебиет зерттеуші ғалымдарымыздың пікірлері әр түрлі. Біреулері психологизмдік сипаттар ауыз әдебиетінен қалыптасты десе, екінші біреулері хандық дәуір әдебиеті өкілдерінен бастау алып, Абай шығармаларымен жалғасын тапты деседі. Ал үшінші топ болса, қазақ прозасындағы алғашқы психологизмге тән тырнақ алды туынды Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілегі» дейді. Біз жоғарыдағы үш пікірді де қолдаймыз. Өйткені, фольклорлық туындылардан да, хандық дәуір әдебиеті өкілдерінің шығармашылығынан да адамның ішкі жан толғанысын сөзсіз кездестіре аламыз. Ал, поэзияда адам жанының сан қилы құпияларын, сезімнің нәзік толғаныстарын бір шумаққа сыйдырған, қазақ әдебиетіндегі психологиялық бейнелеуді байытқан Абай екені даусыз. Ғалымдарымыздың психологиялық тырнақалды туынды деп «Ақбілекті» атауы да орынды. Психологизмнің стильдік құбылыс ретіндегі даралық қасиетін ескеріп, жоғарыдағы еңбектерді саралай түссек, оларда психологизмнің жалпылық қасиетінің басымдығын аңғарамыз. Бұл туралы әдебиет зерттеушісі, ф. ғ. д. Г. С. Пірәлиева өз еңбектерінде атап көрсеткен болатын:
«Біріншіден, психологиялық прозада оқиға, кейіпкер, кезең, уақыт, тақырып, идея, т. б. деген мәселелер алдыңғы сапқа шыға қоймайды. Ол талап та етілмейді.
Екіншіден, мұнда ең бастысы - жеке адамның ішкі өмірі, өмір мен өлім арасындағы кезеңде адамзат бастан кешетін азапты тағдыр тәлкегі, кейіпкердің күрделі тұлғаға айналуы көркемдік назарға алынады. Шығармада шым-шытырық оқиғалар тізбегінен гөрі жеке адам санасындағы сапалық өзгеріс, рухани қопарылыс, ішкі сезімдік құбылыстар тереңдетіле талданады.
Үшіншіден, психологиялық прозаның эстетикалық, көркемдік әлемі өзінің жанрлық, көркемдік, стильдік талабына сай жеке санада жүріп жатқан ой мен сезім қайшылықтарын, сөз бен іс сәйкессіздіктерін тереңдеп талдап, көркемдік жүйеде саралайды» [2, 10] . Демек, «Ақбілек» психологизмнің барлық талаптарына сай психологиялық туынды болғандықтан ғалымдарымыздың пікірін толық қуаттай аламыз.
Әдебиеттегі психологизмді зерттеудің алғашқы үлгісі Ахмет Байтұрсыновтың «Әдбиет танытқыш» еңбегінде кездесті. Осы еңбектің «дарынды сөз» деген тарауында көркем туындыдағы ішкі әлем көрінісін «толғау» деп атап, оған мынадай анықтама береді «Толғағанда айтатын нәрсесін толғаушы тысқарғы ғаламнан алмай, ішкергі ғаламнан алады. Толғаушы ақын әуелі көңілінің күйін-мұңын, мүддесін, зарын, күйінішін, сүйінішін айтып, шер тарқату үшін толғайды. Екінші ішкергі ғаламында болған халдарды, нәрселерді тысқа шығарып, басқаларға білдіріп, басқаларды сол көңілдің күйіне түсіріп, халын түсіндіру мақсатпен толғайды. Толғау, қысқасын айтқанда, іш қазандай қайнаған уақытта шығатын жүректің лебі, көңіл құсының сайрауы, жанның тартатын күйі, ақындық жалғыз өз көңілінің күйін толғай білуде емес, басқалардың да халін танып, күйіне салып, толғай алуда» [9, 104] .
Бірқатар психология терминдерінің қазақша баламаларын да ғылыми айналымға енгізуге атсалысқан өзі психолог жазушымыз Ж. Аймауытов та психологиялық туындыларды тереңінен зерттеген адамдардың бірі. Оның «Псиқолоғия» және «Жан жүйесі мен өнер таңдау» (1926) еңбектері осы айтқандарымызға дәлел. Ол адам баласының психологиясын бақылау барысында бет-бейненің алатын орнын айқын бағдарлап, «Кісінің қылығын қимылына қарап сынаймыз; көзге көрінетін қимыл беттікі» [10, 104] дей келе, адамның сан қырлы сезім иірімдерінің сыртқы белгілеріне қарап ажыратуда көз әлпетінің беттің ым-ишараның, ауыздың құбылуының, сондай-ақ, қол сермеудің де мәні зор екендігіне тоқталып өткен. Нақтырақ синтетикалық психологизмді зерттеп, зерделеген.
Прозадағы психологизмді қалыптастыруда зор үлес қосқан, 60-80 жылдардағы әдебиеттің жаңашыл құбылысы, «шоқжұлдыздар шоғырын жалғаушы алтын белес» Мұхтар Әуезов екені даусыз. Классик жазушының қай шығармасын алып қарасаңыз да кейіпкер жанын тереңінен суреттеу, сыртқы ортасын рухани әлемімен астастыра сипаттайтынын аңғарамыз. Ал, бертін келе қазақ прозасындағы психологизді дамытуда сүбелі үлес қосқан жазушыларымыз: Т. Ахтанов, О. Бөкей, Т. Әбдікұлы, Ә. Кекілбаев, Д. Исабеков, М. Мағауин, С. Мұратбеков, Ә. Нұрпейісов, Т. Жароковтар болды. Аталған жазушылардың қазақ әдебиетіне нық қадаммен, шығармашылық жаңашылдығымен ену үшін көп ізденіс жасады. Әлем әдебиетінің, фольклордың озық үлгілерінен нәр алып, әрқайсысы өз стилінде қазақ прозасындағы психологизм мәселесін түбегейлі қалыптастырды.
Психологизм - тек қана көркем өнер үшін, әдебиет әлемі үшін десек қатты қателесеміз. Психологизм - адамзат рухани дүниесінің сырын ұғу үшін, сан қатпарлы тұңғиығына ене білу үшін де қажетті. Адам жаны ешкім бойлай алмайтын түпсіз тұңғиық, сонымен қоса бірін-бірі қайталамайтын оқшау әлем. Осы оқшау әлемді тану үшін психологизмге жүгінеміз. Адамның сан құбылған жан тебіренісін сөзбен өрнектеу - жазушыдан жоғары аңғарымпаздық пен тереңдікті талап етеді. Бүгінде прозадағы психологизмді зерттеп, оны дара құбылыс ретінде әдебиет сүйер қауымға жеткізуде зор үлес қосқан зерттеуші ғалымдарымыз- Г. Пірәлиева, Б. Майтанов, Г. Ержанова, А. Қалиева, Т. Рахымжановтар болып табылады. Енді осы зерттеушілердің бірқатар пікірлеріне тоқталсақ, Б. Майтанов «Психологизм-адамның көңіл-күй, ой толғам болмысы төңірегіндегі нақты материалдық құбылыстар сырын түсінуге ұмтылу. Қаһарманның рухани әлемін, жансырын жеткізудің амал-тәсілдерінің жиынтығы. », деп анықтама береді. Г. Піралиева «Психологизм-кейіпкердің ойы мен іс-әрекетінің кереқарлығы, сана қақтығысынан тұратын ерекше көркемдік жүйе. Психологизм екі түрге бөлінеді. Кең мағынадағы барлық әдеби шығармаға тән. Тар мағынадағы психологизм жеке адам тағдырына тереңірек үңіледі. », дейді. Ал, белгілі зерттеуші А. Қалиева «Көркем шығармалардағы кейіпкерлердің рухани ішкі әлемінің көркем бейнеленуі:әдеби қаһарманның ой-санасының, эмоцияналдық көңіл-күйінің, сезімдерінің құбылуы, толқуы, өзгеруі сияқты құбылыстардың көркем шындыққа айналуы» деп анықтама берген. Бұл пікірлерден шығарар түйінімізде нақты. Ол да, психологизмнің - көркем шығарманың «жұлын жүйесі» екендігі. Адам ағзасындағы жұлынның атқарар қызметі қаншалықты маңызды болса, көркем әдебиеттегі психологизмнің де бағасы сондай. Ғалым Б. Майтановтың «психологизм - көркемдік әлемнің жұлын жүйесі» деуі де сондықтан.
Қандай да көркем шығарма болмасын оның бағасы оқиға желісіне арқау болған кейіпкер жанының ішкі-сыртқы жан дүниесі толық көрініс беруімен құнды. Әрбір кейіпкер ашылмаған бір арал. Жазушы қарым-қабілетініне қарай жанды-жансыз кейіпкер туындаттырады. Жанды кейіпкер деп отырғанымыз сырт келбеті, жүріс-тұрысы кейіптелген кейіпкер ғана емес, сондай-ақ психологиялық ерекшелігі толық ашылған, яғни ішкі сезімі, жан дүниесі сырт келбетімен қоса суреттелген кейіпкер. Туындылардағы оқиғалардың оқырманға әсер ете алу-алмауы кейіпкерге байланысты, нақтырақ автордың шеберлігіне сын. Кейіпкер психологиясын ашу арқылы автор көркем шығармадағы психологизмді туындатады
Әңгіме жанрының қас шебері Төлен Әбдікұлының әңгімелері адам жанының құпия сырларына үңілуі, дүниенің мән-мағынасына философиялық тұрғыдан қарауымен оқшауланады. Әңгіме повесттері жалаң идеяның жетегінде кетпеген, сюжетінің өзіндік арнасы бар, тақырыбы мен идеясы айқын, мақсатты жазылған. Қаламгер өмірдің сыры мен шынын ыждаһаттылықпен зерттейді, өзін де өзгені де толғандырып жүрген сауалдар жабуабын іздейді. Шығарманың көркемдік сапасына көбірек мән беріп, өзі өмір сүріп жүрген қоғамның күрделі мәселелерін алға тартады. Оның байыпты ойлары мен түйінді сөз саптауы осы мазмұннан туындаған. Жазушының осы бағыттағы жетістігі ретінде «Қайырсыз жұма» әңгімесін атауға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz