Жарнама шығындарын синтетикалық есепке алуды ұйымдастыру


Жарнама шығындарын синтетикалық есепке алуды ұйымдастыру
Ұйымның жарнамалық шығандарын бухгалтерлік есепке алу мақсатында келесі шығындар түрлері жатады:
- Жарнамалық бұйымдар: суретті прейскуранттар, каталогтар, брошюра, альбомдар, проспектілер мен плакаттар, афишалар мен жарнамалық хаттарды жасақтауға және шығаруға;
- Сұлбалар, этикеткалар, қызықты және фирмалық пакеттер үлгілерін, орамаларын жасақтауға және шығаруға, жарнамалық ескерткіш сыйлықтарды алу және дайындауға;
- Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы (баспасөзге хабарландыру беру, радио мен теледидар арқылы хабарлар тарату) жарнамалық шаралар өткізуге;
- Жарықтық және басқа да сыртқы жарнамаларға;
- Жарнамалық кино-, видео-, диафильмдерді алу, дайындау, көшіру, жарыққа шығаруға;
- Қабырғалар, пішіндер, жарнамалық қалқандар мен нұсқағыштар дайындауға;
- Жарнамалық материалдарды сақтау және тасымалдауға;
- Сөрелерді, сату көрмелерін, үлгілер бөлмесін безендіруге;
- Сөрелерге қойылғандықтан алғашқы сапаларын толықтай немесе біртіндеп жоғалтқан тауарлардың бағасын түсіруге;
- Кәсіпкерлік іс-әрекеттермен байланысты басқа да жарнамалық шараларды өткізуге.
- Жарнамаға басқа да шығындар;
- Бұқаралық жарнамалық кампания аясында өткізілген сайыстар жеңімпаздарына сыйлық алуға және дайындауға кеткен шығындар
- Шығындар нақты шартқа, заңнамалық және нормативтік актілер талаптарына, іскерлік айналыс дәстүрлеріне сәйкес өндіріледі;
- Шығындар сомасы анықтала алуы керек;
- Ұйымның экономикалық пайдасының азаюына әкеліп соқтыратын нақты операциялар нәтижесінде болған шығындар. нақты операциялар нәтижесінде ұйымның экономикалық пайдасының азаюы болатынына сенімді болуы астарынан ұйымның активтерін беруі немесе активтерді беру қатысында тұрақсыздыққа тап болуын түсінеміз.
Ұйым жүзеге асырып отырған кез келген шығындарға қатысты жоғарыда көрсетілген талаптардың біреуін сақтамаған жағдайда ұйымның бухгалтерлік есебінде дебиторлық шығын танылады.
Жарнама шығындары бухгалтерлік есепте ақша құралдарын нақты төлеген уақыттқа және басқа да жүзеге асыру формаларына емес, олар орын алған есептік кезеңде танылады (шаруашылық іс-әрекеттер фактілерінің уақыттық анықталуына жол беру) [16] .
БЕС-тің «Ұйым шығындары» тармағына сәйкес қызметтің қарапайым түрлері бойынша төмендегілерді қалыптастырады:
• шикізат, материалдар, тауарлар және басқа да материалды-өндірістік қорларды алумен байланысты шығындар;
• өнімді өндіруге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсету мен оларды сату мақсаттарына арналған материалдық-өндірістік қорларды өңдеу, кері өңдеу үдерістерінде туындайтын шығындар; сондай-ақ тауарларды сату (кері сату) шығындары (негізгі құралдарды және басқа да айналыстан тыс активтерді қамтамасыз ету мен қолдануға кеткен, сол сияқты оларды оң жағдайда ұстау шығындары, коммерциялық, басқару және т. б. шығындар) .
Өнімдерді (тауарлар, жұмыстар, қызметтер) өткізумен байланысты жарнама шығындары коммерциялық шығындар болып табылады. Коммерциялық шығындарды кәсіпорындар Бухгалтерлік есеп шоттары жоспарына сәйкес, 7210 «Әкімшілік шығындар» шотының жеке субшотында көрсетіледі.
Көрсетілген шоттың дебеті бойынша жүргізілген жарнамалық шығындар жинақталады, несие бойынша оларды есептен шығару жүргізіледі. Жарнама шығындарын іс-әрекеттердің қарапайым түрлері бойынша шығындар ретінде тану үшін жарнамалық жұмыстар мен қызметтерді орындағаны жөнінде растайтын құжаттарға ие болу керек (11-сурет) .
Жарнамалық хабарландырулар жарияланған бұқаралық ақпарат құралдары баспаларын, жарнама жазылған аудио-бейне жазбаларды сақтау салық органдарының тексеруі кезінде дауларды шешуге көмектеседі.
11-сурет. Жарнама шығындарының құжаттары
Бухгалтерлік есепте дебет бойынша 7210 «Әкімшілік шығындар» шоттында есептелген жарнама шығындарының сомасын өткізілген өнімнің (тауардың) өзіндік құнында толықтай немесе өткізілген өнімнің (тауардың) көлеміне пропорционалды түрде, ұйымның есеп саясаты жөніндегі бұйрықта көрсетілген коммерциялық шығындарды есептен шығару тәсіліне байланысты есептен шығарады.
Ұйымдар өздерінің өндірілген өнімдері, көрсететін қызметтері, өткізетін тауарлары туралы ақпараттарды тарату мақсатында көбіне көрмелерге қатысады және мұнда көрмеге келушілерге көрмеге қатысушы - ұйымдардың өткізетін тауарлары мен өнімдерінің үлгілері жиі таратылады.
Сатып алынған немесе өз күштерімен, не басқа жеке және заңды тұлғаларды тарту арқылы дайындалған жарнамалық материалдарды (күнтізбелер, қаламдар, буклеттер және т. б. ) есепке алу 1310 «Материалдар» шотының «Жарнамалық материалдар» субшотында жүргізіледі.
Үлгілер ретінде берілген тауарлар мен дайын өнімді есепке алу 1330 «Тауарлар» және 1320 «Дайын өнім» шоттарындағы жеке субшоттарда жүргізіледі. Жарнамалық мақсатта осындай тауарларды, дайын өнімдерді, материалдарды есептен шығару есептен шығару актінде ресімделеді. Актінің унифицияланған формасы қарастырылмаған, сәйкесінше ұйым мұндай құжатты өз бетінше жүргізуге құқылы.
Көрсетілген акт есепке алу операцияларын көрсетуге негіз болатын бастапқы құжат ретінде қызмет атқарытындықтан, сәйкесінше ол «бастапқыға» қойылатын барлық талаптарды орындауы керек. 2007 жылғы 28 ақпан күнгі «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есп-қисап туралы» Заңның баптарына сәйкес бастапқы құжаттар бастапқы есепке алу құжаттамаларының унифицияланған формалары альбомдеріндегі формалар бойынша жасақталынуы керек. Ал бұл альбомдарда көрсетілмеген құжаттар келесі міндетті реквизиттерден тұруы керек:
- Құжаттың атауы;
- Құжат жасақталған күн;
- Құжат жасақталған ұйымның атауы;
- Шаруашылық операциялар мазмұны;
- Шаруашылық операцияларын табиғи және ақша түрінде өлшейтіндер;
- Шаруашылық операцияларды жүргізуге және оны дұрыс ресімдеуге жауапты лауазымды тұлғалардың атауы;
- Көрсетілген тұлғалардың жеке қолдары.
Сауда іс-әрекеттерін жүзеге асыратын ұйымдар сөрелерді безендіру үшін кері сатуға арналған тауарлар бөлігін жиі қолданады. «Материалдық-өндірістік қорларды есепке алу» БЕС 7-і негізінде жарнамалау мақсатында қолданылған тауарлар құнын есептен шығару сауда іс-әрекеттерімен айналысатын ұйымдар үшін келесі тәсілде жүзеге асырылады [2] :
Дебет Несие
1330/5 1330/1 Жарнамалық мақсатта қолданылған тауарлар құны 7210 - де көрсетілді. 1330/5те жарнамалық мақсатта қолданылған тауарлар құны есептен шығарылды.
Аналитикалық есеп ұйымдарына келесі субшоттарды қолдануға болады:
• 1330 /1 «Қоймадағы тауарлар»;
• 1330 /5 «Жарнамалық мақсатта қолданылған тауарлар».
Өнімді өндірумен айналысатын ұйымдар жарнамалық мақсатта қолданылған өндірілген өнімнің өзіндік құнын келесі түрде есептен шығарады:
Дебет Несие
1330/2 1330/1 Жарнамалық мақсатта қолданылған тауарлар құны 7210 - де көрсетілді. 1330/ 2-де жарнамалық мақсатта қолданылған тауарлар құны есептен шығарылды. Мұнда келесі субшоттар қолданылды:
- 1330/1 «Қоймадағы дайын өнім»;
- 1330/2 «Жарнамалық мақсатта қолданылған дайын өнім».
Егер жарнамалық шығындарды қалыптастыруда ұйым қандай ма бір жұмыстарды өз күштерімен орындаса, онда осындай шығындарды ұйым 8031 «Қосалқы өндіріс» шотында есепке алады.
Электротехникалық аспаптарды жарнамалаумен айналысатын «Эталон» ЖҚ көрмелерге қатысады. Көрмелік қабырғаны безендіру үшін жалпы құны 3 250 000 теңгені құрайтын аспаптар үлгілері қолданылды. Жеткізу, безендіру бойынша шығындар өз күштерімен жасалды, шығын сомасы 25 000 теңгені құрады. Көрмені өткізу барысында үлгілердің бір бөлігі болашақ өнімді тұтынушыларға таратылып берілді, ал қалған бөлігі пайдасыз болып қалды (сынды) . Яғни, барлық үлгілер көрме барысында толықтай қолданылған болып танылды. Ұйым дайын өнімді жарнамалық мақсатта есептен шығару туралы актіні ресімдеді.
Жарнамалық мақсатта дайын өнімді есепке алу бухгалтерлік жазбалар 2- кестеде көрсетілген.
Жарнамалық қызметтер көрсететін ұйымдар өздерін төлемей кету тәуекелдерінен қорғау үшін алдын ала авансалық соманы аударуын талап етеді.
Егер жарнамалық агенттікпен шарт бойынша аванстық аударылымдар қарастырылған болса, онда келесі жазбалар жасалады (2 кесте) .
Келе жатырған 2006 жылдың қарсаңында кәсіпорын ашық неонды құттықтау құрылғысын әзірлеп, кәсіпорынның жарнамалық мақсатында ғимарат алдына орнатты. Мұнда берілген құрылғыны жасауға кеткен шығындарды салықтық есепті есептеуде шегеруге бола ма деген сұрақ пайда болады.
2- кесте
Жарнамалық мақсатта дайын өнімді есепке алу
1310,
4230
Салық кодексінің 92 бабында былай белгіленген: Салық төлеушінің жылдық жиынтық кірісті алуына байланысты шығындар салық салынатын кірісті анықтауда шегеріледі, тек Кодекске сәйкес шегерілуге жатпайтын шығындардан басқа (3-кесте) .
Шегерулер салық төлеушінің жылдық жиынтық кірісін алуына байланысты шығындарды растайтын құжаттарының бар болуымен жүргізіледі. Берілген шығындар нақты жүргізілген салықтық кезеңде шегерілуге жатады, мұнда болашақ кезеңдер шығыны кіргізілмейді. Болашақ кезеңдер шығындары өздеріне қатысты салықтық кезеңде шегерілуге жатады.
11 - кесте
Шоттар корреспонденциясы
Неондық құрылғы жылдық жиынтық кірісті алу мақсатында жасалған және кәсіпорын өнімдерінің үлгісі, сондай-ақ жарнамалық құрылғы болып табылады. Оны құрастыру шығындары жылдық жиынтық кіріс алуға байланысты.
БЕС 6 «Негізгі құралдарды есептеуге» сәйкес, негізгі құралдар - бұл ұзақ уақыт кезеңі ішінде материалдық өндіріс саласында, сондай-ақ өндірістік емес салада да әрекет ететін материалдық активтер.
БЕС 7 «ТМҚ есептеуге» сәйкес, тауар-материалдық қорлар - бұл субъект қызметі барысында сатуға арналған дайын өнімдер, тауарлар түріндегі активтер[36] .
Жоғарыда көрсетілген стандарттардың анықтамаларынан мыналарды түсінуге болады: егер алынған активтер іс-әрекеттерде қолданылатын болса, онда негізгі құралдарға жатады, ал егер қолданылмаса жәнесатуға арналған болса, онда ТМҚ-ға жатады.
Тек келесі кері сату мақсатында алынған айналымға түспейтін активтер егер сауда-саттық мәмілесі жылдан кеш емес уақытта аяқталатын болса, сатуға арналғандар ретінде алынған күні бойнвшв сұрыпталады.
БЕС 30 «Қаржылық есеп-қисапты ұсынуға» сәйкес актив негізінен сату үшін сақталған және оны есептік кезеңнен он екі ай ішінде өткізу жорамалданса, қысқа мерзімдік ретінде сұрыпталуы керек.
Жоғарыда көрсетілгендерден активтердің баланс шотына кіруі оның тағайындалуына (неге арналғандығына) байланысты деп есептейміз.
Салық кодексінің 65 бабына сәйкес тауар-материалдық қорларды салықтық мақсатта есептеу бухгалтерлік есеп бойынша ережеге сәйкес жүргізіледі. Салық кодексінің 105 бабына сәйкес, нақтыланған активтер - бұл бухгалтерлік баланста ҚР заңнамаларына, сондай-ақ бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес есептелетін негізгі құралдар [5] .
Сәйкесінше, егер неонды құрылғы жарнамалық үлгі ретінде қызмет етуге арналған және әрі қарай өткізуге арналмаған болса, онда ол екінші бөлім шоттарында есептелінуі керек және жарнамалық акция біткен соң есептен шығарылуы тиіс.
4- кесте
Жарнамалық құрылғыларды есептеу операцияларын көрсету
«Эталон» ЖК шарт бойынша сатып алушыларға егер ол өз жұмыстарында жарнамалық мақсатта біздің логотипті қолданған жағдайда, жылдық нәтиже бойынша екі пайыздық жеңілдіктер ұсынады.
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы «Салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы» кодексінің 81 бабы 2 тармағына сәйкес тауарларды (жұмыстар, қызметтер) өткізуден түскен кіріс мына жағдайларда түзетулер енгізуге жатады (12 - сурет) .
12-сурет. Тауарларды (жұмыстар, қызметтер) өткізуден түскен кірісті түзету
Кірістерге түзетулер енгізу көрсетілген өзгерістер болған салықтық кезеңде жүргізіледі.
Салық кодексінің 218 бабында былай былай белгіленген: егер өткізілген тауарлар құны қандай ма бір жаққа өзгерген жағдайда айналысқа салынған ҚҚС мөлшері сәйкесінше түрде түзетіледі.
Салық төлеушілерде айналысқа салынатын ҚҚС мөлшеріне түзету енгізу мына жағдайларда жүргізіледі:
13-сурет. Салық төлеушілерде айналысқа салынатын ҚҚС мөлшеріне түзету
Өткізілген тауарлар құнының теңгемен төлем жасағанда айырмашылықтарға ие болуы.
Салық салынатын айналыс мөлшеріне осы бапқа сәйкес түзетулер енгізу осы баптың 2 тармағында көрсетілген жағдайлардың туындауын растайтын қосымша шот-фактуралар мен басқа да құжаттар негізінде жүргізіледі.
Сәйкесінше, салық салынатын айналыс болып табылатын өткізуден түскен кірісті түзетуде салық заңнамасымен ҚҚС түзету қарастырылған.
Тауарды түсіріп алған күннен кейін ұсынылған тауар жеңілдіктерін есептеуде шоттардың корреспонденциялары 5- кестеде көрсетілген.
5 - кесте
Жеткізуші операциялары
Сатып алушыда болатын операциялар 6 кестеде көрсетілген.
6030 «Сатудағы және бағадағы жеңілдіктер» шоты дебиті бойынша есептік кезеңнің соңына қарай ұсынылған жеңілдіктермен байланысты шығындар жинақталады. Бұл жеңілдіктер өткізуден түсетін кірісті азайтатындықтан, олар кіріс шоттарына контрарлы шот ретінде қарастырылады және қаржылық-шаруашылық қызметтер нәтижелері туралы есепте валдық өткізуден шегеріледі [10] .
Салықтық есепте кірісті түзету көрсетілген өзгерістер болған салықтық кезең қорытындысы бойынша жүргізіледі.
6 - кесте
Сатып алушыдағы операциялар
ҚР ҚМ 2004 жылғы 08. 12 күнгі №625 бұйрығымен бекітілген «Корпоративті өтпелі салық бойынша декларацияларды жасақтау ережесіне» (форма 100. 00) сәйкес, сатушыда түзетулер 100. 01. 001 қосымша формада жолға көрсетіледі.
Сатып алушыда 100. 12 «Алынған тауар бойынша шығындар» формасын толтыруда тауарларды алу барысында сатушының сауда жеңілдіктерін көрсету қарастырылмаған, сондықтан да салық есебінде тауарларды алу таза алу бағасымен көрсетіледі.
Салық кодексінің 218 бабына сәйкес сатушыда салық салынатын айналыс мөлшерін түзету осы баптың 2 тармағында көрсетілген жағдайлардың туындауын растайтын қосымша шот-фактуралар мен басқа да құжаттар негізінде жүргізіледі.
Сатушыда бағаның өзгеруіне байланысты салық салынатын айналыс мөлшерін түзету, өткізілген тауар үшін келісілген төлемақылы өзгерістер Қосымша құн салығы бойынша декларация жасақтау ережелеріне (300. 00 форма) сәйкес ҚҚС бойынша декларацияның 300. 03 қосымшасындағы 300. 03. 003 жолы бойынша көрсетіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz