Естің физиологиялық теориясы
Каспий өңірі Болашақ колледжі ЖШС
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Психология
Тақырыбы: Ес процестері, түрлері
Мамандығы: 0101000 - Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту.
Орындаған: ДО - 18 сб топ студенті
Эдилбаева А.Х
оқу формасы: сырттай
Жетекші: Ерубаева А.Р оқытушы
_____________________
Курстық жұмысты
қорғау уақыты __ 10. 2020 ж.
Бағасы _____________
Ақтау 2020
Мазмұны
Кіріспе____________________________ ______________________________3
1. ЕС ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК____________________________ ____5
1.1. Психологиядағы ес теориялары_________________________ _________5
1.2. Естің түрлері және олардың ерекшеліктері______________________ __ 9
1.3. Ес процестері_________________________ _______________________ 12
1.4. Ес саласындағы психикалық ерекшеліктер _______________________ 15
2. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ МЕН ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ЕСТЕ САҚТАУ ПРОЦЕСІН ДАМУЫН ЗЕРТТЕУ _________________ 18
2.1 Есте сақтаудың және логикалық ойлаудың дамуы__________________18
2.2. Естің дамуы және оны тәрбиелеу__________________________ _____ 19
Қорытынды ___________________________________ ________________ 25
Қолданылған әдебиеттер_________________________ _______________ 26
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі: Өмір тіршілгіне қажетті нәрселердің бәрінің ес үрдісінсіз болуы мүмкін емес. Адамның бұрын қабылдаған нәрселері мен құбылыс бейнелерінің көңіл-күйлерінің ойда сақталып, қажет кезінде қайта жаңғыруы ес үрдісі деп саналады. Ес осы заманғы психология ғылымының даму сатысында өзекті мәселенің бірі болып табылады.
Психология ғылымы, осыдан өз алдына келесі мәселелерді шешу үшін мыса сұрақтармен тығыз байланысты: санадағы өткен іс-тәжірибе ізтері қанша ма уақыт сақтауы мүмкін; есте қалдырудың ұзақ не қысқа мерзімді болуы неліктен? Ес іздері қандай өзгерістерге түсуі мүмкін? Сұрақтарға жауап іздеуде психология өзінің алғыш эксперименттік осы ес проблемасын зерттеумен байланысты.
Тағы бір өзекті мәселе, қазіргі кезде көптеген мектептер , гимназия, лицей мектептері статусын алуымен байланысты есте сақтау анықтау.
Жеткіншектердің ес процесінің даму деңгкйі қиын тапсырмаларды орындау жолдарындағы психологиялық процестерінің құрылымы бұл жерде талқыланатын және бастауыш сынып оқушылары мен жеткіншеуктердің есте сақтау қабілетінің дамуы көкейкесті мәселенің бірі болып отырған себебі шығына байланысты . Бұл жастағы балалардың өзгеруі, дамуы есте сақтау процесінің күрделі жүруімен тығыз байланысты.
Курстық жұмыстың мақсаты: Бастауыш сынып оқушылары мен жеткіншектердің ес процесінің дамуын зерттеуді әдістемелерін жинақтау.
Курстық жұмыстың міндеттері.
-Ес процесінің дамыту жолдарына байланысты теориясын шолу
Ес процесінің даму деңгейін анықтап, соларға байланысты амал-тәсілдерді қолдану
Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушылар мен жеткіншектерге психологиялық қызмет көрсету
Зерттеу объектісі: Бастауыш сынып оқушылары мен жеткіншектердің ес процесінің дамуы
Зерттеудің теориялық мәні: Жалпы бұл зерттеудің теориялық мәні қазіргі таңда естің даму және тәрбиелеу деңгейін анықтау жолдарына молына үлкен септігін тигізіп отырды. Мұнда көп ғылымдардың дәлелденген факторлы және теориялары қарастырылған. Жалпы айтқанда бұл теорияның естің дамуын оның деңгейін анықтау бөліп табылады.
Зерттеудің практикалық мәні: бұл зерттеу жұмыстары балабақшада, мектепте басқада мекемелерде жүргізіледі. Жалпы бұл зерттеудің практикалық мәні қазіргі кездегі естің даму және жетілдіру деңгейін анықтау жолдарына молынша үлкен септігін тигізіп отырады. Мұнда көп ғалымдардың дәлелденген факторлары және зерттеулері қарастырылған . Бұл зерттеудің практикалық және теориялық маңызын өзімізге тіркеп алсақ зияны болмайды. Жалпы айтқанда бұл есті зерттеудің мәні балның естің дамуын оның деңгейін анықтау болып табылады.
Зерттеу барысында қолданылған әдістер: Сөздер қатарын жаттау , 10 сөзді жаттау әдістемесі , Ассоциация ес көлемін анықтау әдістемесі.
Зерттеу базасы: Шымкент қаласындағы №50 гимназия және №77 орта мектебінің оқушылары.
Терминдік сөздерге қысқаша түсінік:
-Ассоциация - ассоциатио деген латын сөзі, қазақшасы байланыс деген мағынада.
Операция - оператио деген латын сөзі, қазақшасы амал деген мағынаны білдіреді.
-Мнемоника - грек сөзі, қазақша жаттау өнері деген мағынаны білдіреді.
-Реминисценция - латынның реминицентиа деген сөзі, қазақша еске түсіру деген мағынада.
Ретроактивті, проактивтік - екеуі де латын сөздері біріншісі-кері әсер етуші, екіншісі ілгері әсер етуші деген мағынаны білдіреді.
1. ЕС ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 Психологиядағы ес теориялары
Психология есті органикалық функция ретінде өте ертеден бастап қарастырған және бүл функцияның физиологиялық негіздерінің ашылуына ерте қол жеткізді. Э. Мейманның [53] айтуынша дәстүрлі психологияда ес көп жағдайда физиологиялық функция ретінде зерттеледі және психологтар есті ете ерте кезден бастап органикалық материяның жалпы қасиеттеріне жақындата бастады.
Ес кандай болмасын ұйымдастырылған материяның негізгі қасиеті болып табылады. А. Семон [52] естің органикалық негіздерін белгілеу үшін ерекше "мнема" терминін енгізді, бірақ психологиялық және физиологиялық түсініктердің жақындауы кезінде әдеттегідей, ол өзі сол түсінікті бір рухани функция немесе идеалистік түсінік ретінде қарастыра бастады. Бірақ "мнема" сөзімен бәрінен де жақсы мидың және жүйке ұлпаларының түрлі қасиеттеріне байланысты көрініс беретін, естің органикалық функцияларының бірлігін атау. Бұл мағынада қазіргі кездегі көптеген психологтар мнема немесе мнемикалық функция дегенде естің жаратылыстық жағын бөліп көрсетеді. А. Берсон [2,53] атақты материя мен ес жайлы зерттеуінде екі түрлі ес бар деген тұжырымға келді: олар - ми есі және жан есі, бұлардың әр қайсысы өз заңдылықтарына ие.
Кеңес психологиясында жалпы психологиялық іс-әрекет теориясымен байланысты бағыт есті зерттеуде кең даму алды. Бүл теория контекстінде ес түрлі хабарларды еске сақтау, сақтау кайта жаңғырту - мнемикалық мақсатарын шешуге бағынышты, теориялық және практикалық әрекеттер жүйесі енетін, психологиялық іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде көрініс береді, онда мнемикалық әрекеттер мен операцияның құрылымы, ес өнімділігінің құрылымында есте сақтау мақсаты мен құралдарының алатын орнына байланыстығы, мнемикалық іс-әрекетті ұйымдастырудан тікелей және жанамаланған еске сақтаудың салыстырмалы өнімділігінің тәуелділігі.
Есті іс-әрекет ретінде зерттеудің негізін француз ғалымдары, жекеше айтқанда Жан Пиаже [19] қалаған. Ол адғашқылардың бірі болып, есті материалды еске сақтау, өңдеу мен сақтауға бағытталған әрекеттер жүйесі ретінде түсіндіре бастаган. Психологияның франциялық мектебімен барлық ес үрдістерінің әлеуметтік шарттанғандығы және естің адамның практикалық іс-әрекетіне тәуелді болатындығы дәлелденді.
Кеңес психологиясында бұл концепция жоғары психикалық функциялардьщ пайда болуынын мәдени-тарихи теориясында жалғасын тауып, дамыды. Ес дамуының фило және онтогенездік кезеңдері бөлініп көрсетілді. Естің іс-әрекеттік теориясы бойынша әр түрлі елестер арасындағы ассоцияциялар -- байланыстардың түзілуі, сондай-ақ материалдың еске сақталынуы және қайта жаңғыртылуы адамның осы мнемикалық өңдеу үрдісінде, өз материалмен не жасайтындығымен түсіндіріледі.
А.А. Смирнов өз зерттеулерінде еске сақтаудың жақсы не жаман өтетін жағдайларын және оның механизмдерінің ерекшеліктерін ашатын бірқатар қызықты негіздер ашты. Оның дәлелдегені -әрекеттер ойларға қарағанда жақсы есте сақталады, ал ол әрекеттердің арасында жақсырақ есте сақталатындары қиындықтарды өтумен байланыстылары, соның ішінде сол қиындықтардың өзі.
Естің филогенетикалық дамуын түсінуге П.П. Блонский [22] айтарлықтай үлес қосты. Ол ересек адамда бар естің түрлері оның тарихи дамуьшың әр түрлі деңгейлері болып табылады және оларды соған сәйкес ес кемелденуінің филогенетикалық деңгейлері деп санауға болады деген ойды айтып әрі қарай дамытты. Бұл естің келесі кезектілігіне қатысты: қозғалыстық, аффективтік, бейнелі, логикалық П.П. Блонскийдің айтып негіздеген ойы - адамзаттың даму тарихында айтылған ес түрлері бірінен кейін бірі пайда болған.
Онтогенезде балада ес түрлерінің барлығы айтарлықтай ерте және нақты кезекпен қалыптасады. Барлығынан кейін логикалық ес қалыптасып әрекет өте бастайды. Бұл естің түрі 3-4 жастағы балада салыстырмалы қарапайым формаларда болады, бірақ қалыпты дамуына жасөспірімдік немесе жастық шақта жетеді. Оның кемелденуі мен әрі қарай жақсаруы адамның негізгі ғылымдарды оқумен байланысты.
Бейнелі естің бастауы адам өміріиің екінші жылымен байланыстырылып, бұл естің түрі өз дамуынын жоғары нүктесіне жастық шақта жетеді деп саналады. Барлығынан ерте - 6 ай шамасында аффективті ес көрініс бере бастайды, бірақ уақыт бойынша ең біріншісі моторлы немесе қозғалыстық ес, генетикалық жоспарда ол барлық естен тұрады.
Бірак нәрестенің анасының дауысына онтогенетикалық эмоционалды көңіл аударуына куә - көптеген мәліметтер мен негіздер қозғалыстық естен бұрын аффективті ес әрекет ете бастайтынын көрсетеді.
Адам есінің тарихи дамуын Л.С. Выготскийдің [12,31] қарастырған көзқарасы басқаша болды. Оның пікірінше, филогенездегі адам есінің кемелденуі басты түрде еске сақтау құрамдарын жаксарту мен мнемикалық функциялардың адамның басқа да күйлері мен психикалық үрдістермен байланысын өзгерту жолымен жүреді. Сөйлеудің әр түрлі формаларының арқасында (ауызша, жазбаша, сыртқы, ішкі) адам өз есін еркіне қабілетті етіп, есте сақтауды саналы түрде басқарып, материалды сақтау мен қайта жаңғырту үрдісін басқара алатын болады.
А.Н. Леонтьев [8] балалық жасындағы тікелей және жанама еске арнайы зерттеулер жүргізген. Ол тікелей есте сақтау -мнемикалық үрдісінің уақыт өте келе жанамаланғанмен ауысатындығын экспериментальды түрде көрсеткен. Бұл баланың кемелдендірілген ынталар - материалды есте сақтау мен қайта жаңғыртуды меңгеруге байланысты орын алады. Ынталардың дамуының өзі келесі зандылыққа тәуелді болып табылады: олар алғашында сыртқы болса (мысалы: есте сақтау үшін әр түрлі заттарды қолдану, қол саусақтарын т.б.), кейіннен ішкіге айналады (мысалы: сезім ассоцияциясы, елестеу, бейне, ой).
Мағыналанған материалды еске сақтауды зерттеген кеңестік және шетел зерттеушілсрінің еңбектерін салыстырып талдағанда шығатыны - шетелдік зерттеулерде материал сипаттамасына көп зейін бөлінсе, кеңес зерттеулерінде сол материалдың өңделу сипаттамасына көп көңіл аударылады, соған байланысты логикалық ес мәселелері кеңестік психологияда тереңірек зерттелген.
Есті бүгінгі таңдағы психология ғылымы тұрғысындагы зерттеуде негізгі әрі жаңды болып отырған -- есте қалдырудың механизмі туралы нәселелер болып саналады.
Естің психологиялық теориясы ес механизмін зерттеудің ең бастапқы бағыты болып есептеле отырып, осы тұрғыдағы зерттеулер мен көзқарастар көптеген бағыттарға және теорияларға тарамдалады. Осындай тарамдаудың негізі ретінде естің дамуындағы адамның белсенділік әрекеті алынады. Ал ес жайындағы көптеген теориялар басты мәселе етіп сол күйінде объектіні немесе субъектіні алады.
Психологиялық тұрғыдағы көзқарастар тобы - ассоциациялық бағыт делінсе де, оның не мәселесі мен өзекті ұғымы -ассоциациялық байланыстар. Осы байланыстар психикалық міндетті түрде жасалу принципі болып саналады. Сөйтіп екі түрлі елес пен әсерлену санада бір мезгілде бой көрсетеді. Осыған орай есте әр түрлі сыртқы жағдайларға байланысты пайда болып отыратын әсерлер мынандай үш түрге бөлінеді: а) әсерленген объектінің кеңістік пен уақытқа орай араласып келуі; ә) өзара ұқсастығы; б) бір-бірінен айырмашылығы мен қарама-қарсылығы. Сыртқы дүние құбылыстарының өзара қатынасынан ассоциациялардың келесі реттегі үш түрі құралады: 1) Аралас не іргелес ассоциациялар; 2) Ұқсастық ассоциациялар, 3) Қарама-қарсылық ассоциациялар.
Естің физиологиялық теориясы. Атақты физиолог ғалым И.П. Павлов ассоциацияларды шартты -рефлекстер теориясымен түсіндіріп, ми қабығындағы екі қозу үрдісінің қабаттасып келуінен пайда болып, сан рет кайталау нәтижесіндс бекіп отыратын уақытша байланыстар деп анықтады. Бұл ілім - естің физиологиялық теориясы деп аталады. Осы теорияға естің физикалық теориясы да жатады. Ол бойынша жүйкелік серпілістер нейрон арқылы өткенде өзінің ізін қалдырады. Бұл -нейрондық модель теориясы деп аталады. Қазіргі кезеңдегі нейропсихологиялық зерттеулер нейрондар мен молекулалық дәрежедегі жүйке қызметінің механизмдерінде естің сақталуымеи беку жағдайына терең мән беруде.
Ес механизмін нейрофизиологиялық дәрежеде зерттеу мәселелері биохимиямен ұштасады. Осы бағыттағы зерттеу нәтижелері есте сақтау екі сатылы сипатта болады деген жорамал жасайды. Бұл жорамал бойынша алғашқы сатыда тітіркендіргіштер тікелей әсер еткеннен кейін мида электрохимиялық қысқа реакциялар пайда болып, олар жасушаларда физиологиялық әзгерістерге ұшырайды. Екінші сатысында бірінші саты негізінде биохимиялық реакция пайда болып, жаңадан протейндер деп аталатын ақ уызды заттар құрайды. Бірінші саты тек секунд, минуттарға созылады. Ол - естің қысқа мерзімді физиологиялық механизмі. Ал екінші сатыда жасушаларда химиялық өзгерістерге ұшырайтын заттар ұзақ мерзімді есте сақтаудың механизмі болып табылады.
Ес механизмінің негіздері Швеция биохимигі Хнденнің еңбектерінің нәтижесінде едәуір алға жылжыды. Ол қозудан қалған іздің сақталуы рибонуклии қышқылы құрылымының өзгеруімен байланысты екенін көрсетіп, РНҚ мен ДНҚ ес тасушылары және олар тұқым қуалаудағыдай ес іздерін өмір бойында да сақтауда маңызды рөл атқаратындығын ашып көрсеткен. Адамның ес үрдісі өте күрделі және адамның іс-әрекетіне орай жоғарыдан төмен қарай дамып, бүтіннен бөлшекке - ағзадан мүшеге, одан жасушаға және керісінше ауысып отыратын үрдіс. Сондықтан естің механизмін әр түрлі дәрежеде анықтаған зерттеу нәтижелері бір-бірін толықтырып отырады.
Естің нейрондық теориясы. Адам миының құпиялалары көп жағынан әлі ашылар емес. Ол өте құрылымды. Осы күрделі ақ - уызды жиынтықтын жаңа ақпарат топ-тап оны сақтай алу қабілетін қазіргі күндегі психология жататын құрылымдық немесе химиялық өзгерістермен байланыстырып отыр. Бұл теорияның негізгі мәні есте қалдыру мидің электрлік белсенділігімен, яғни химиялық не құрылымдық белсенділік қандай да бір ағзадағы электр қуатын арттырады. Бұл үшін іздерін іске қосатын жүйке тізбегі болуы шарт. Физика заңдарына орай нейрон жеткізген импульстер аксон ( жеткізуші) арқылы бір жасушадан екіншісіне Аксонның жасушамен тоғысқан жері синапс деп атайды. Жеке бір жасушаның өзіңдегі осы синаистын саны мыңдаған. Синапс негізінен екі түрде қызмет етеді, бірі - қоздырушы екіншісі - тежеуші. Сонымен, қысқа мерзімді не ұзақ мерзімді естің екеуі де бірдей қозушы немесе тежелуші жүйке элементтерінің бір-біріне әсерінен туындайды. Айырмасы- қысқа мерзімді ес белгілі нейрондардың уақытша: белсенділігінсн болады да ұзақ мерзіаді ес нейрон тұрақты құрылымынан келіп шығады.
Естің биохимиялық теориясы. Нәсілдік негізде химиялық процестер ашылуымен ғылымда сол процестің есте қалдаруға ықпалы жоқ па деген ой пайда болды. Әр ағза үшін тән болған генетикалық ақпарат ДНК молекулаларында шоғырланады, ал тасымаддау басқа (РНК) нуклейн қышқылдар молекуласымен орындалады. ДНК ағзаға әэн генетикалық есті өзіңде сақтайтындықтан, оның өзі і РНК игерілген тәжірибені де бірден бірге өткізуі мүмкін деген болжам жасалды. Эксперименттер нәтижесінде құрайтын молекуланың химиялық құрылымы иесінің тәжірибе топтауымен өзгеріске келетіні анықталды. Бұл келесі сұрақты туындатты: үйрету барысында ( РНК молекуласы жаңа пайда болған дағды маліметті өзінде сақтай ма не сақтамай ма?
Эксперимент барысы жануар қажетті рекетті орындауға үйретілген еді. Үйретілген жануардың РНК молекуласын қабылдаған екінші жануар алғашқысының дағдысын қайталап берді.
Тағы бір эксперимент . Планари құрттары бірі-бірін қорек етеді. Егер бір планариді белгілі бір әсерленуге үйретіп, оны турап үйретілмеген екіншісіне жегізсе, онда кейінгі құртта алғашқысының әрекетін қайталайтыны байқалған.
Аталған эксперимент тәжірибелерден естің ерекше іздері дене молекуласында химиялық бірікпелерде таңбаланып, организмде еркін өозғалыста болатыны және олардың бір жануардан екіншісіне ауысатыны толық дәлелденді.
1.2 Естің түрлері және олардың ерекшеліктері
Ес адамның әр түрлі іс-әрекеттерімен байланысты болып, тіршілікте аса қызмет атқаратын болғандықтан, оның түрлері мен көріністері әр қилы. Естің бөлінуі адамның түрлі әрекет ерекшеліктеріне байланысты жүргізіліп, олар есте қалдыру, қайта жаңғырту үрдістерімен тығыз ұштасады. Іс-әрекет сипаттарына орай, ес үш түрге негізделіп бөлінеді: 1. Психикалық белсенділік сипатына байланысты: қимыл-қозғалыс, эмоциялық-сезімдік, бейнелі-кернекілік және сөздік-мағыналық (логикалық); 2. Іс-әрекеттің мақсат сипатына қарай: ерікті, еріксіз ес; 3. Адамның материалдарды қанша уақытқа дейін есте сақтай алатындығына қарай: қысқа және ұзақ мерзімді, сондай-ақ оперативтік ес.
Қимыл-қозғалыстық ес алуан түрлі күрделі қозғалыстарды еске сақтау, сақтау қажет болған жағдайда жеткілікті нақтылықпен қайта жаңғырту болып табылады. Ол қимыл-қозғалыстық, енбектік, спорттық икемділіктер мен дағдыларды қалыптастыруға қатысады.
Адамның бастан кешірген түрлі сезімдері мен эмоциялық күйлерін есте қалдырып отыруын сезімдік ес деп атаймыз. Өз айналасындағы заттармен құбылыстарға көңіл-күйінің қандай қатынаста болғанын қайта жаңғыртып, түрлі іс-әрекеттерді атқаруға жетелейді.
Эмоциялық ес адам басынан кешкендерін еске түсіргенде, бозарады, не қызарады. Өйткені, оның басынан өткен әр алуан жағдайлар оған күшті әсер етіп, эмоциялық күйге ұшыратады. Белгілі мәні тұрғысынан алғанда, бұл естің басқа түрлерімен салыстырғанда әлдеқайда күшті болады.
Бейнелі-көрнекілік ес заттар мен құбылыстардың қасиеттерін, нақты бейнесін ойда қалдырып, қайта жаңғыртуда айқын көрініс береді. Естің бұл түрі арқылы табиғат көрінісі, бастан кешкен оқиғалар, дыбыс, иіс, дәм жанғыртылады. Осыған орай бейнелі-көрнекілі ес - көру, есту, сипау, иіс, дәм естері болып бөлінеді. Егер қалыпты дамыған адамдар үшін есту есі мен көру есінің маңызы зор болса, ал соқыр, саңырау адамдарда мұның есесіне сипау, иіс, дәм естері (түйсіктердің осы түрлеріндегі сияқты) өте жақсы дамып, басқа естердің кемістіктерін толықтырады. Бейнелі ес, әсіресе көркеменер кәсібімен шұғылданатын адамдарда жоғары әрі өте нәзік түрде дамыған болады.
Кейде эйдетикалық есі бар адамдар да кездеседі. Мұндай адамдар заттар мен құбылыстарды көз алдына нақты елестетіп, олардың жеке қасиеттері мен бөлшектерін айқын ажырата алады. Олардың сезім мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерге күшті қозудың нәтижесі болып саналады.
Сөздік-мағыналық (логикалық) ес біздегі ой, ұғым, пікір, ой қорытындылары сияқты түрлі формалар арқылы із қалдырып отырады. Ойдың қандай формасы болса да тілмен, сөзбен байланысты. Естің бұл түрінің сөздік-мағыналық деп аталуы да сондықтан. Бұрын қабылданған нәрселерді қажет кезінде біз сөз, не олардың мәнін есте сақтау арқылы жаңғыртамыз. Егер бейнелі есте бірінші сигнал жүйесінің қызметі басым болса, сөздік-мағыналық есте екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. Нәрселердің мән-жайын есте сақтау логикалық-мағыналық, ал белгілі үзінділер мен сез тіркестерін, мазмұндарды сөзбе-сөз жаттап алу механикалық түрде есте қалдыру деп аталады. Сездік-мағыналық ес оқушылардың білім жүйесі мен оқу материалдарын есте сақтауда жетекші мәнге ие. Естің бұл түрлері адамның әр қилы іс-әрекеттерінің алмасып отыруына, ниет-тілегіне, мақсат-мүддесіне орай түрлі тәсілдерге ауысып, оның бойындағы тұрақты қасиеттері болып қалыптасады.
Ерікті және еріксіз естер. Естерді ерікті және еріксіз деп бөлу орындалуға тиісті әрекеттердің маңыздылығы мен қажеттілігіне байланысты. Белгілі мақсат қоймай-ақ, арнайы есте қалдырмай-ақ есте сақтау мен жаңғырту, еске түсіру - еріксіз ес деп аталады. Егер мақсат қоятын болсақ - онда бұл ерікті ес болады. Мұнда есте қалдыру мен жаңғырту, еске түсіру жаттап алу үшін мнемоникалық амалдар қолданылады. Естің бұл түрі бірізділікпен дамып отыратын естің сатылары болып табылады. Адам қажетті деп тапқан нәрселері үшін арнайы амалдар қолданып, ерікті есте қалдыруды да жиі қажет етіп отырады. Естің адам санасында тұрақтанып, жемісті болуының өзіндік сипаттары бар. Олар - естің келемі, тездігі, ұзақтығы, даярлығы.
Қысқа мерзімді және түпкілікті ес. Қажетті материалдар мен нәрселерді есте сақтау үшін адам тиісті әдіс-тәсілдерді қолданып, оны қалай да жадында қалдыруды мақсат етеді. Бұл сол әсер еткен нәрселер ізінің консолидациясы немесе мағлұматтардың есте берік қалуы деп аталады. Мұндай есте осыдан біршама уақыт бұрын қабылданған нәрселердің бейнесі адамның көз алдында елестеп, құлағына дауысы естіледі. Бірақ мұндай үрдістер тұрақсыз. Бұл ерекшеліктің сырттан алынған хабарларды есте сақтап, оларды қайта жаңғыртуда ерекше маңызы бар. Естің бұл түрін қысқа мерзімдік ес деп атайды. Қысқа мерзімдік ес - хабарды қысқа уақыт аралығында сақтау әдісі болып табылады. Мұнда мнемикалық іздерді үқтап қалу ұзақтығы орташа алғанда 20 секундтан аспайды. Қысқа уакыттық есте қабылданғанның толық емес жалпыланған бейнесі, ең маңызды элементтсрі сақталады. Бұл ес есте сақтауға деген алдын-ала саналы бағдарсыз жұмыс істейді, бірақ материалды келешекте қайта жаңғыртуға деген бағдар болады. Қысқа мерзімдік есті сипаттайтын көрсеткіш бұл - көлем. Ол орташа алғанда хабардың 5 бірліктен 9 бірлікке дейінгі аралыққа тең және адамға хабар берілгеннен кейін бірнеше ондық секунд еткеннен кейін адам қайта жаңғырта алатын хабар бірліктерінің санымен анықталады.
Ал ұзақ мерзімді ес бұл хабарды шексіз уақыт сақтауға қабілетті естің түрі. Ұзақ мерзімдік ес қорына түскен хабарды адам нұқсансыз шексіз көп рет қайта жаңғырта алады. Сонымен қатар бұл хабарды көп рет және жүйелі түрде кайта жаңғырту оның ұзақ мерзімдік естегі іздерін қатайта түседі. Мағынасына түсінбей, нәрселердің әсерін қайталай беру мида қорғаныс тежелулерін тудырып, ұзак мерзім еске айналуды қиындатады. Yenзақ мерзімді есті қолдану кезінде көп жагдайда ойлау мен еріктің күші қажет болып жатады, сондықтан да ұзақ мерзімдік естің эрекет етуі, әдетте, осы екі үрдістермен байланысты.
Көркем эдебиет пен ауызекі тілде қысқа мерзімдік ес алғашқы ес, шапшаң көрініс деп те айтылады. Дегенмен, психология ғылымында ол оперативтік ес деген атпен белгілі.
Оперативтік ес деп хабарды бірнеше секундтан бірнеше күнге дейінгі диапазонды қамтитын, алдын ала берілген мерзім аралыгында сақтауга багытгалган есті айтады. Бұл естің мэліметтерді сақтау мерзімі адамның алдында түрған максатпен айқындалады және осы мәселені шешуге ғана бағытталған. Бұдан кейін хабар оперативтік естен жоқ болып кетуі ықтимал. Естің бұл түрі хабарды сақтау ұзақтыгы мен өзіндік қасиеттеріне байланысты қыска мерзімдік ес пен ұзақ мерзімдік естің арасындағы аралык орынды алады.
Генетикалық есте хабар генотипте сақталып, тұқым қуалау арқылы беріліп, қайта жаңғыртылады. Бұл ес түрінде мутациялармен, солармен байланысты гендік щрылымдардагы өзгерістер хабарды есте сақтаудың негізгі биологиялық механизмі болып табылады. Біз оқыту мен тәрбиелеу арқылы әсер ете алмайтын адам есінің жалғыз түрі - бұл генетикалық ес.
Көру есі көрген бейнелерді сактау мен қайта жаңгыртумен байланысты. Бұл естің түрі қандай болмасын маманданған адамдар үшін және инженерлср мен суретшілер үшін ерекше қажет болып табылады. Бұл естің түрі қиялға қабілетгілікпен байланысты. Бұл жерде есте сақтау мен қайта жаңғырту осыған байланысты; адам иені көру арқылы елестете алса, әдетте соны жақсы есте сақтап қайта жаңғыртады.
Есту есі - алуан турлі дыбыстарды, мысалы: музыкалық сөздік, жақсы есте сақтау және тура қайта жаңғырту. Ол филологтар, шет тілімен айналысатындар, акустиктер мен музыканттар үшін өте маңызды.
Сипап сезу есі, иіс сезу есі, дәм сезу есі және т.б. ес түрлері адам өмірінде ерекше роль ойнамайды және бұлардың мүмкіндіктері жоғарыда айтылған ес түрлерімен салыстырғанда шектелген болып шығады. Бұлардың негізгі рөлі - биологиялық қажеттіліктерді қанағатғандыру мен ағзанын қауіпсіздігі мен өзін-өзі қорғауын қамтамасыз ету.
Материалды есте сақтау мен қайта жаңғырту үрдістеріне еріктін қатысу сипатына байланысты ес ырықсыз және ырықты болып бөлінеді. Бірінші жағдайда -- айтылып отырган адамның жағынан ерекше күш салынбай автоматгы түрде алдына арнайы мнемикалық мақсат қоймай іске асатын еске сақтау мен қайта жаңғырту. Екінші жағдайда - айтылған мақсат міндетті түрде болуы тиіс, ал есте сақтау мен қайта жанғырту үрдістері еріктік күш салуды талап етеді.
1.3 Ес процестері
Есте қалдыру. Есте қалдырудың бастапқы ырықсыз, ниеттелмеген мнемикалық әрекет, яғни болмаған, арнайы тәсілдерді қолданбай-ақ жадта қалдыру. Бұл - болған әсерден ми қабығыңдағы кейбір қозу іздерінің санада бекіп қалуы. Ми қабытындағы әр-қандайпроцес соңында бекімі әр деңгейде болған із қалдырады.
Өмірде кездестіргеңдердің көбі адам есінде ырықсыз орнығады: төңіректегі заттар, құбылыстар мен түрлі оқиғалар, адамдардың қылықтары, әншейін оқы-ла салған кітап мазмұны ж.т.б., ал енді олардың әрқайсысының жадталуы бірдей емес. Әдетте, адам үшін өмірлікмаңызды нәрселер, қызығулары мен қажеттіктеріне орай әрекет мақсаты, міндетіне байланысты заттар мен оқиғалар жеңіл есте қалады. Тіпті ырықсыз есте қалдырудың өзі де таңдамалы сипатты, адамның төңірекке қатынасының берік не әлсіз болуынан.
Ырықсыз есте қалдырудан адамның алдына мақсат қоюынан болатын ырықты, ниеттелген есгі ажырата керек. Мұндай есте ақпараттардың санада бекіп қалуы үшін адам арнайы тәсілдер қолданады, күрделі ақыл -ой әрекетін пайдаланады. Оқу барысында ниетті есте қалдыру жағдайда жаттап алу формасында орындалады, яғни материалы толық әрі мүлтіксіз жатталғанша, көп мәрте қайталанады. Жаттап алуды мақсат етіп қою маңызды роль ойнап, ол есте қалдыру үшін болған барша іс-әрекеттің мәнін айқындайды. Осыдан, ырықты есте қалдыру ырықсыз ниеггелмеген есте қалдыруға қарағанда анағұрлым өнімді келеді.
Бұл жағдайда жалпы міндеттер белгіленумен бірге жаттап алу), жеке, арнайы міндеттердің де болғаны. Мысалы, бір жағдайда негізгі, басты ой-пікірді есте мақсаты тұрса, екіншіде - сөзбе-сөз жаттап алу, ал үшіншіден бірде - деректерді тізбектей жаттау ниеті тұрады.
Түсінікті болатын да, есге қалатын да ең алдымен; іс-әрекетімізбен тікелей байланыстағы заттар, құбылыстар. Бірақ біздің мақсатты әрекетіміздің мазмұнынан нәрселер көбіне, ырықсыз есте қалдыруға негіз болған әрекетке енбеген істер көбіне ырықты есте қалдырудың болмағанынан қала бермейді. Қалай болғанда да ескерілетін жәйт: жүйелі білімдеріміздің кебі арнайы өрекет-шаралардың: ісінде пайда болады, жинақталады. Мұндай ниеттіттің басты мақсаты - қажетті материалды есте сақтап қалу. Есте қалдыру және тұрақтанған материалды қайта бағытталған мұндай әрекет мнемикалых (мнема ) әрекет деп аталады. Мнемикалық әрекетте адам өзіне алған материалдан қажетті бөлігін таңдап, оны есте міндетін қояды. Барша жағдайда адам өзіне есте руға ұсынылған нысанды басқалардан айыра біліп, әсерлерге берілмей, қайта жаңғырту кезінде сол шеңберінен ауытқымауы қажет. Мнемикалық әрекеттің таңдамалылығы осында. Материалды жаттап алу, есте сақтау және жатталғанды еске түсіру мақсатында өткендегілерді саналы сараптау - саналы іс-әрекеттің айрықша формасы болып саналады.
Механикалық және мағыналық есте қалдыру. Есте қалдырудың табысты болуы адамның жадында сақтауға қажетті болған материалының мағынасын толық түсіне тәуелді. Механикалық жаттауда сөздер, заттар,) мен әрекеттер қабылдау негізіндегі ретімен, қандай өзгеріссіз, сол қалпыңда есте орнығады. Мұндай есте ру барысында адам жатталуға тиіс нәрселердің кеңістік уақыт ішіндегі өзара жақындығына сүйенеді. Ал мағыналы есте қалдыруға келетін болсақ, ол материал бөлшектері арасындағы көзден таса, ішкі логикалық ,байлыныстарына негізделеді, яғни мұндай естің астарындағы сигналды жүйенің жалпылығын байланыстары . Осыдан, мағыналы есте қалдыру оның механикалық түрінен әлдеқайда тиімді келеді. Механикалық жаттау шамалы, көп еңбектеніп, сан мәрте қайталауды керек мұндай жолмен жатталғандар қажетті кезінде еске бермейтіні де бар. Ал ма-ғыналы жаттау адамды шектен тыс еңбектерден азат етіп, үлкен де нық нәтижелерге кенелуіне жол ашады.
Түсінімді және берік есте қалдырудың шарттары. Материалды түсініп, ұғу үшін әртүрлі әдістерді қолдануға болады. Игерілетін материалдың өзекті ой топтарына алынып, жоспар түрінде өрнектеледі. Жоспардың атамасы мәіндік белгілі бөлігінің жалпыланған тақырыбына айналады, Бір бөлшектен екіншісіне материалдың негізгі мағыналарының логикалық біріздігі құрьшады. Мәтінді қайта жаңғырту кезінде қажеті материал жоспар тақырыбы төңірегіне шоғырланып, оны еске түсіру женілдейді. Жоспар түзуге машықтану адамды қызықтырған мәселелердің ішкі байланысы мен байқап баруға үйретеді. Жоспар түзіп жаттауға дағдыланған оқушылардың білімі жоспарсыз есте қалдыруға шәкірттердің білімінен анағұрлым артық та берік болатыны сөзсіз.
Материалды ұғудың пайдалы әдісі - салыстыру яғни заттар, құбылыстар мен оқиғалар арасындағы ұқсастық пен ерекшелікті тани білу. Мұғалім көп жағдайда балаларға жаңа танымды түсіндіруде оны өткендегілермен, салыстырып отырады, осылайша ол жаңа оқушыларда қалыптасқан білім жүйесіне ендіріп барады.
Материалдың түсінімді болуы оның нақтылығында. Бұл үшін жалпы ережелер мен анықтамаларды күнделікті өмірде кездесетін есептер мен мәселелерді байқаулар мен дәрісханалық жұмыстар арқьшы түсіндіріп бару қажет.
Есте берік қалдырудың жолы - қайталап тұру. Бұл білім, ептілік, дағдыларды игерудің өте маңызды шарты. Бірақ мұндай іс-әрекет өнімді болуы үшін қайталау жұмыстары белгілі талаптарға сай орындалуы тиіс: қайталау және әртүрлі болуы лазым (мысалдар келтіру, жауап беру, схема сызу, таблица түзу, көрне-кі құрал жасау т.б.)- Белсенді қайталау барысында екінші сигналдық жүйе жанданып, материалды ұғына түсінуге нәр береді.
Қайталаудың әртүрлі формада іске асуы, игеріле-тін материалдың өмірімен, күнделікті тұрмыстық практи-камен ұштасып баруы есте қалдырудың толыққандылығын қамтамасыз етеді. Енжар (пассив) қайталаудан пайда шамалы. Қайталау уақытын реттестіріп барған жөн. Уа-қытқа байланысты қайталау екі әдіспен орындалады: жи-нақты және бөлшектенген. Бірінші әдісте материал бір отырса жатталады да оның қайталануы үздіксіз, бірнеше рет орындалады. Мысалы, оқушының өлеңді жаттап алуы үшін 12 қайталау қажет болса, ол сол мәтінді 12 рет оқып, толық есте қалдырмағанша, жұмысын үзбейді. Ал бөлшектенген қайталауда мәтіннің әр оқылу арасы бір-қанша уақытпен ажыратылады. Бөлшектенген қайталау жинақты қайталаудан тиімділеу. Уақыт пен қуат үнемде-леді, білім игерілуі мен жадта қалуы берік болады. Сондықтан да тәжірибелі мұғалімдер оқу материалын бүкіл жыл бойы қайталап баруға тырысады, бірақ жиі қайта-лаулардан балалар жалықпасы үшін олардың түрін, формасын, әдістерін алмастырып отырады, өткен материалды жаңа байланыстарға қосып барады.
Психологияда жаттау әдістерінің 3 түрі аталған: тұтастай, шамалап, аралас. Бірінші әдіс: материал мәтіні бастан аяқ, тұтастай бірнеше рет, толық игерілгенше қайталанады. Екіншісінде-материал бірнеше бөлікке ажыратылады. Аралас жаттауда тұтастай игеру және шамалап есте қалдырумен материал элементтері біріктіріледі. Бүтін материал алдымен толық, көлеміне орай бір не бір-неше рет оқылады, кейін қиын тараулары бөліп алынып, өз алдына жатталады, ақырында бүтін мәтін қайтадан толық жаттауға түсді.
Есте қалдырудың нәтижелі болуы мтериал сипатына да тәуелді. Көрнекі-бейнелі нысан жалаң сөзден гөрі тәуір есте бекиді; мағыналы ұштасқан мәтін жеке, байланыссыз сөйлемдерге қарағанда оңай жаңғыртылады. Түсіндірме (обьяснительный) мәтіндер оқушылар есінде тез орнығып, ұзақ сақталады.
Табысты есте қалдырудың және бір тиімді жолы қажет материалды жүйелестіре білу, яғни ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz