Жоба тапсырмасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

«АҚТӨБЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК

«Бекітемін»
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Б. И. Екибасова

"" 20 жыл

«ГЕОГРАФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СТУДЕНТТЕРДІҢ

ЖОБАЛАУ ІС-ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ»

факультатив сабақ бағдарламасы

(техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 1 курс студенттеріне арналған)

Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі: 2021-2022 оқу жылы

Ниетбаева Кабира Туремуратовна

География пәні оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі

Ақтөбе қаласы

Факультатив сабақ бағдарламасы 2021 жылы әзірленді.

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту болып отыр. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған «Мәңгілік Ел» - қазақ елінің ұлттық идеясында: « . . . білім беру - жастардың рухани-адамгершілік қасиеттерін және патриоттық сезімдерін, азаматтық жауапкершіліктерін қалыптастыруға, ұлттық өзіндік сана мен төзімділікті дамытуға, зайырлы құндылықтарды нығайтуға бағытталады», - деп айтылған. Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында да техникалық және кәсіптік білім берудің басты мақсаттары ретінде кәсіби қызметтегі шығармашылықты, басқарудағы бастамашылыққа қабілеттілікті, кәсіптік білімді дамытуға және кәсіптік қызмет нәтижелері үшін жауапкершілікті, кәсіптік ұтқырлықты, бәсекеге қабілеттілікті және білім берудің құндылықтарын атап көрсетеді. Сондықтан білім алушылардың шығармашылық қызығушылықтарын олардың жеке тұлғалық дамуына, рухани жетілуіне, мотивациялық және білімділік бағдар құндылығына бағыттаудың маңызы зор.

Қазіргі білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында білім алушылардың креативті құзыреттіліктерін қалыптастыру - олардың оқу-танымдық іс-әрекеттегі шығармашылық қызығушылығына тікелей байланысты. Шығармашылық қызығушылық - тұлғаның ізденімпаздық қабілет сапасын дамытудың негізгі өзегі болып табылады. Себебі өмірдегі құндылықтардың барлығы да жаңашылдық бағыттар арқылы ғана іс-әрекетке тұрақты креативті қызығушылық нәтижесінде танылып, болашақта өміршең дамуына мүмкіндік береді. Бұл - қоғамның рухани-адамгершілік, интеллектуалдық, экономикалық және мәдени мүмкіндігі білім берудің жағдайына және оның прогрессивті дамуына байланысты екенін көрсетеді. Ал білім беру дегеніміз - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі болып табылады.

Білім беру жүйесінде білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға қатысты іргелі және қолданбалы зерттеулердің болғандығына және бұл мәселенің маңыздылығына қарамастан, білім алушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруды нәтижелі етуде әлі де шешілмеген мәселелер бар екендігі анық. Олар: білімді меңгеруде білім алушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған арнайы дайындықтың жеткіліксіздігі; бұл бағыттағы оқу-тәрбие процесінің мүмкіндіктерінің толық пайдаланылмауы; тұлғаға бағытталған білім берудегі арнайы әдістемелердің тапшылығы және т. б.

Қазіргі географиялық білім - заманауи адамзаттың жалпы мәдениетінің негізгі элементтерін, өркениет құндылықтарының негізін құрайтын дүниетанымды және география ғылымы мен білімі арқылы берілетін географиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Географиялық мәдениет әлемнің географиялық көрінісі, географиялық ойлау, географиялық әдістер және географиялық тілден тұрады. География пәнін құндылықтар негізінде оқыту жеке тұлғаның өзін-өзі таныту тетіктерін, ғылыми ойлау әдістерін, зерттеу мәдениетінің негіздерін игеруді, кәсіби мақсаттарын қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Оқытудың сапасын жақсарту оқыту әдістемесін ғылыми зерттеу нысанына ала отырып, педагогикалық ізденістер жасау, оны іс-тәжірибе арқылы дәлелдеуге қол жеткізу, оқытудың инновациялық педагогикалық технологияларын, ұйымдастыру әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Қазіргі кезде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері кеңінен қолданылады. Соның бірі - жобалау іс-әрекеті. Жобалау іс-әрекеті дегеніміз - білім алушының жеке немесе топта өз ойын білдіруге, білімін қолдануға, қол жеткізген нәтижесін көпшілік алдында көрсетуге, өздері таңдаған мәселені шешуге бағытталған шығармашылық, зерттеушілік іс-әрекеті. Жобалау іс-әрекеті - жалпы мақсаты бар, әрекеттің әдіс-тәсілдері айқындалған білім алушылардың оқу-танымдық, шығармашылық немесе ойын әрекеттерінің жиынтығы болып табылады. Оқу жобасы әрекеті нәтижесінде білім алушылар жаңа білімді қолданады, зерттеушілік танымы мен дағдысы дамиды, өзіндік ұстанымы белсендіріледі. Жоба әрекетінде түпкі өнім, оны жасау әрекеті, жобалау кезеңдері, жоба мақсаты мен міндеттері, әрекеттің оңтайлы ресурстары мен жоспарының алдын-ала болжамы болуы шарт. Жобалау іс-әрекетін қолданудың негізгі мақсаты - білім алушылардың шығармашылық ойлауы мен әлеуетін арттыру болып табылады. Жобалау әрекетінде жобалық тапсырмалар топтық сипатқа ие және оны орындау білім алушылардың жобалау әрекетінің негізі болып табылады және олардың ынтымақтастықты меңгеруіне мүмкіндік береді.

Сондықтан студенттердің шығармашыл болуға деген қызығушылығын дамытуды жүйелі ұйымдастыру, оқу мазмұнын меңгертудің технологияларын жетілдіру және зерттеушілік, ізденушілікке қажетті білік пен дағдыны дамыту мақсатында «География пәні бойынша студенттердің жобалау іс-әрекетін ұйымдастыру» атты факультатив сабақ бағдарламасы ұсынылып отыр. Бағдарламада студенттердің басым әрекеті бойынша ақпараттық және шығармашылық жоба, ұзақтығы бойынша орта мерзімді жоба, жоба мазмұны бойынша пәнаралық жоба, қатысушылар саны бойынша жеке, топтық жоба, аумақтық белгісі бойынша ішкі жоба түрлері қолданылады. Студенттердің жобалау іс-әрекеті қарапайым жобалық тапсырмалардан басталып күрделене түседі және жоба бойынша жұмыс кезеңдері, оларға қойылатын талаптары басшылыққа алынады. Жобалау іс-әрекетінде студент жаңа білім мен жаңа ақпаратты және жинақтаған тәжірибесін де қолданады. Жоба тақырыптарын таңдауда жалпы білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған география пәнінің оқу бағдарламасы негізге алынды және Қазақстан географиясымен байланыстырылды.

Бағдарлама студенттер үшін оқу еңбегіне тәрбиелеу, олимпиада мен жобалар байқауларына даярлауға арналған жүйенің құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Бағдарлама мазмұны алға қойған мақсаттарды (болжамдарды, проблемаларды) орындау, тұжырымдау және негіздеу, іс-әрекетті жоспарлау, ақпаратты жинау және талдау, жоба өнімін шығару бойынша технологиялық прцестерді орындау, нәтижелерді ұсыну арқылы шығармашылық іс-әрекеттің тәжірибесін қалыптастыруға бағытталған.

Бағдарлама техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 1 курс студенттерінің ғылыми-теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын кеңейтуге, танымдық және шығармашылық іс-әрекеті мен кәсіптік бағдарлануын дамытуға бағытталған. Студенттер алған білімдерін басқа пәндерде және сыныптан тыс жұмыстарда (олимпиада, ғылыми жобалар сайыстарында және т. б. ) қолдана алады. Бағдарламаны 2021-2022 оқу жылында жүзеге асыру көзделіп отыр. Ұсынылып отырған факультатив сабақ бағдарламасын жалпы орта білім беретін мектептің 10 сынып оқушыларымен де жүргізуге болады. Оқу ұзақтығы - 36 сағат.

ГЛОССАРИЙ

Ақпараттық

жоба

қандай да бір нысан туралы ақпарат жинауға, оның мақсаты мен талдауының пайда болуына, қорытуға және үлкен аудиторияда ұсынуға бағытталған жоба.
Ақпараттықжоба: Білім беру
қандай да бір нысан туралы ақпарат жинауға, оның мақсаты мен талдауының пайда болуына, қорытуға және үлкен аудиторияда ұсынуға бағытталған жоба.:

тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі;

жүйеге келтірілген білім, білік және дағдыларды игеру барысы және нәтижесі, оқушыны өмірге және еңбекке дайындаудың қажетті шарты, білім берудің негізгі жолы.

Ақпараттықжоба: География
қандай да бір нысан туралы ақпарат жинауға, оның мақсаты мен талдауының пайда болуына, қорытуға және үлкен аудиторияда ұсынуға бағытталған жоба.: грек тілінде гео - жер, графо - жазу. «География» сөзі «жерді сипаттап жазу» дегенді білдіретін ең ежелгі ғылымдардың бірі.
Ақпараттықжоба: Географиялық мәдениет
қандай да бір нысан туралы ақпарат жинауға, оның мақсаты мен талдауының пайда болуына, қорытуға және үлкен аудиторияда ұсынуға бағытталған жоба.: жалпы адамзат мәдениетінің бір бөлігі ретінде географиялық мәдениет география ғылымы және білімі арқылы беріледі. Ол әлемнің географиялық картинасы, географиялық ойлау, географиялық әдістер, географиялық тілден тұрады.
Ақпараттықжоба: Географиялық білім
қандай да бір нысан туралы ақпарат жинауға, оның мақсаты мен талдауының пайда болуына, қорытуға және үлкен аудиторияда ұсынуға бағытталған жоба.: шындықты терең түсінудің нәтижесінде пайда болған географиялық білім мәні бойынша уақыт пен кеңістікке бағдарлауға бағытталған. Табиғаттың қызметі мен қоғамның өмір сүру жағдайын түсіндіреді.
Ақпараттықжоба: Географиялық әдістері
қандай да бір нысан туралы ақпарат жинауға, оның мақсаты мен талдауының пайда болуына, қорытуға және үлкен аудиторияда ұсынуға бағытталған жоба.: дәстүрлі әдістер (суреттеу, картографиялық әдістер) және заманауи (ғарыштық, математикалық, модельдеу, геоақпараттық және т. б) әдістер қолданылады.
Ақпараттықжоба: Географиялық ойлау
қандай да бір нысан туралы ақпарат жинауға, оның мақсаты мен талдауының пайда болуына, қорытуға және үлкен аудиторияда ұсынуға бағытталған жоба.: оқығанын, түйгенін түсіне отырып, аумаққа негізделген ойлау. (Н. Н. Баранский) .
Ақпараттықжоба: Жалпыадамзаттық құндылықтар
қандай да бір нысан туралы ақпарат жинауға, оның мақсаты мен талдауының пайда болуына, қорытуға және үлкен аудиторияда ұсынуға бағытталған жоба.: бұл барлық мәдениет пен барлық замандағы адамдар үшін абсолютті стандарт болып саналатын іргелі, жалпыадамзаттық бағдарлар мен нормалар, моральдық құндылықтар.
Ақпараттықжоба: Жоба
қандай да бір нысан туралы ақпарат жинауға, оның мақсаты мен талдауының пайда болуына, қорытуға және үлкен аудиторияда ұсынуға бағытталған жоба.: латын тілінен аударғанда «projectus» - «алға қарай тасталған», ағылшын тілінен аударғанда «cooperative learning» - бірге үйрену деген мағынаны білдіреді.
Ақпараттықжоба: Жоба әдісі
қандай да бір нысан туралы ақпарат жинауға, оның мақсаты мен талдауының пайда болуына, қорытуға және үлкен аудиторияда ұсынуға бағытталған жоба.: қандай да бір түрде безендірілген, нақты, айтарлықтай тәжірибелік нәтижемен аяқталуы тиіс мәселені толық өңдеу арқылы дидактикалық мақсаттарға жетудің тәсілі.
Ақпараттықжоба: Жобалау іс-әрекеті
қандай да бір нысан туралы ақпарат жинауға, оның мақсаты мен талдауының пайда болуына, қорытуға және үлкен аудиторияда ұсынуға бағытталған жоба.: білім алушылардың жалпы мақсатқа, үйлестірілген әдістерге, іс-әрекеттің жалпы нәтижесіне жетуге бағытталған іс-әрекет тәсілдері бар бірлескен оқу, танымдық, шығармашылық немесе ойын әрекеті.
Ақпараттықжоба: Жоспарлау әрекеті
қандай да бір нысан туралы ақпарат жинауға, оның мақсаты мен талдауының пайда болуына, қорытуға және үлкен аудиторияда ұсынуға бағытталған жоба.: өз әрекетінің жоспарын құру. Жоспарлау - ол бүкіл қызмет сапасын жоғарылатуға бағытталған шаралары мен қызметтердің негізгі түрлері.
Ақпараттықжоба: Жобалық менеджмент
қандай да бір нысан туралы ақпарат жинауға, оның мақсаты мен талдауының пайда болуына, қорытуға және үлкен аудиторияда ұсынуға бағытталған жоба.: қазіргі заманғы әдістердің (техника, басқару технологиясы) жиынтығын пайдалану арқылы жобалық мақсаттарға тиімді қол жеткізуге бағытталған ұйымдастыру, жоспарлау және үйлестіру әдіснамасы
Ақпараттықжоба:

Жоба

мазмұны

қандай да бір нысан туралы ақпарат жинауға, оның мақсаты мен талдауының пайда болуына, қорытуға және үлкен аудиторияда ұсынуға бағытталған жоба.:

бірпәндік жоба - нақты бір пән материалы бойынша орындалады;

пәнаралық жобаға - бірнеше пәндер бойынша тақырыптар кіріктіріледі.

Ақпараттықжоба: Жобаның оқу жоспарына қосылуы
қандай да бір нысан туралы ақпарат жинауға, оның мақсаты мен талдауының пайда болуына, қорытуға және үлкен аудиторияда ұсынуға бағытталған жоба.:

ағымдық жоба - оқыту мазмұнының бөлігін қоса отырып, өзбетінше орындау;

қорытынды жоба - оқушылардың нақты оқу материалын игеруі жобаны орындау нәтижесі бойынша бағаланады.

Ақпараттықжоба: Жобаны орындау ұзақтығы
қандай да бір нысан туралы ақпарат жинауға, оның мақсаты мен талдауының пайда болуына, қорытуға және үлкен аудиторияда ұсынуға бағытталған жоба.:

қысқа мерзімді - бірнеше сабақта жасалатын жоба;

орта мерзімді - бір аптадан бір айға дейін созылатын жоба;

ұзақ мерзімді - бір айдан бірнеше айға немесе бір жылға дейін болатын жоба.

Ақпараттықжоба: Жобаға қатысушылардың саны
қандай да бір нысан туралы ақпарат жинауға, оның мақсаты мен талдауының пайда болуына, қорытуға және үлкен аудиторияда ұсынуға бағытталған жоба.: «мен - жоба» - үлкен жобаның ішіндегі жеке жұмыс немесе оқушының жеке жобасы; «топ - жоба» - жұмысқа қалыптасқан топты қабылдау немесе үлкен жобаның ішіндегі топтық жұмыстар; «сынып - жоба» - қатысуға бүкіл оқушы қатысады.
Ақпараттықжоба: Жобаның территориялық белгісі
қандай да бір нысан туралы ақпарат жинауға, оның мақсаты мен талдауының пайда болуына, қорытуға және үлкен аудиторияда ұсынуға бағытталған жоба.:

ішкі жоба - бір мектептің ішінде, мектептер (сыныптар) арасында өтетін жобалар; аймақтық жоба - бір елдегі аймақтар ішінде (телекоммуникация, Интернет-желі арқылы) өтетін жобалар;

халықаралық жоба - әртүрлі ел өкілдерінің қатысуымен өтетін жобалар.

Ақпараттықжоба: Жоба портфолиосы
қандай да бір нысан туралы ақпарат жинауға, оның мақсаты мен талдауының пайда болуына, қорытуға және үлкен аудиторияда ұсынуға бағытталған жоба.: ұсынылған жобаны қорғаудағы бірден-бір міндетті жоба түрі, жоба құжаттары, ақпараттар, есептер жинақталады.
Ақпараттықжоба: Жоба презентациясы
қандай да бір нысан туралы ақпарат жинауға, оның мақсаты мен талдауының пайда болуына, қорытуға және үлкен аудиторияда ұсынуға бағытталған жоба.: студенттер жасалған жұмыстарын баяндайтын, яғни жобаны орындауды аяқтайтын кезең. Жоба презентациясын көрме, таныстырылым, конференция, семинар, дөңгелек үстел және т. б. түрде өткізіледі.
Ақпараттықжоба: Коммуникативті әрекет
қандай да бір нысан туралы ақпарат жинауға, оның мақсаты мен талдауының пайда болуына, қорытуға және үлкен аудиторияда ұсынуға бағытталған жоба.: тапсырманы орындау тәсілін іздеу кезінде бастамашыл болу, сөйлеу, өз ұстанымын дәлелдеу, басқаларға пікір айту.
Ақпараттықжоба: Құндылық
қандай да бір нысан туралы ақпарат жинауға, оның мақсаты мен талдауының пайда болуына, қорытуға және үлкен аудиторияда ұсынуға бағытталған жоба.: адамның ішкі құқығы, ізгілігі, адамдармен қарым-қатынасы, іс-әрекет кезіндегі көрсетілетін тұрақтылығы, қайырымдылығы, мейірімділік тәрбиесі.
Ақпараттықжоба: Қабілеттер
қандай да бір нысан туралы ақпарат жинауға, оның мақсаты мен талдауының пайда болуына, қорытуға және үлкен аудиторияда ұсынуға бағытталған жоба.: қызметтің белгілі бір түрлерін сәтті орындаумен шартталған тұлғаның жеке психологиялық ерекшеліктері.
Ақпараттықжоба: Қабілеттілік
қандай да бір нысан туралы ақпарат жинауға, оның мақсаты мен талдауының пайда болуына, қорытуға және үлкен аудиторияда ұсынуға бағытталған жоба.: белгілі бір қызмет түрін табысты жүзеге асырудың субъективті шарты болып табылатын тұлғаның даралық ерекшелігі
Ақпараттықжоба: Мақсатты ұсыну әрекеті
қандай да бір нысан туралы ақпарат жинауға, оның мақсаты мен талдауының пайда болуына, қорытуға және үлкен аудиторияда ұсынуға бағытталған жоба.: мақсат қою және оған жетудегі табандылық.
Ақпараттықжоба: Модельдеу әрекеті
қандай да бір нысан туралы ақпарат жинауға, оның мақсаты мен талдауының пайда болуына, қорытуға және үлкен аудиторияда ұсынуға бағытталған жоба.: схема, кесте, диаграмма, жоспар т. б. түрінде әрекет тәсілін ұсыну.
Ақпараттықжоба: Оқыту процесі
қандай да бір нысан туралы ақпарат жинауға, оның мақсаты мен талдауының пайда болуына, қорытуға және үлкен аудиторияда ұсынуға бағытталған жоба.: тәлім - тәрбиелік қарым - қатынастарды ұйымдастырудың тәсілі. Оқыту процесін ұйымдастыратын педагог. Оқыту процесі -бірнеше элементтен құрылатын жүйе.
Ақпараттықжоба: Патриотизм
қандай да бір нысан туралы ақпарат жинауға, оның мақсаты мен талдауының пайда болуына, қорытуға және үлкен аудиторияда ұсынуға бағытталған жоба.: патриотизм тұлғаның кіріктірілген қасиеті ретінде ішкі бостандықтан, Отанына, отандастарына сүйіспеншіліктен, бейбітшілікке ұмтылудан, мемлекеттік билікті сыйлаудан, Отанына қызмет етуге даярлықтан, өз қадір-қасиетін сезіну мен тәртіптіліктен, патриоттық сезімдер мен ұлтаралық қатынас мәдениетінің үйлесімді көрінуінен тұрады.
Ақпараттықжоба: Педагогикалық технология
қандай да бір нысан туралы ақпарат жинауға, оның мақсаты мен талдауының пайда болуына, қорытуға және үлкен аудиторияда ұсынуға бағытталған жоба.: білім мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін теориялық тұрғыда негізделген оқу, тәрбие процестерін қайта жаңғырту әдістері мен тәсілдерінің бірлігі. (В. П. Беспалько)
Ақпараттықжоба: Рухани -адамгершілік құндылық
қандай да бір нысан туралы ақпарат жинауға, оның мақсаты мен талдауының пайда болуына, қорытуға және үлкен аудиторияда ұсынуға бағытталған жоба.: белгілі бір бағытты, мақсатты, жүйелі ұлттық көзқарасты, мінез-құлықтағы адамдық тәртіп пен рухани дағдыны қалыптастыратын жүйе.
Ақпараттықжоба: Рефлексивті әрекет
қандай да бір нысан туралы ақпарат жинауға, оның мақсаты мен талдауының пайда болуына, қорытуға және үлкен аудиторияда ұсынуға бағытталған жоба.: проблеманы көру, жасалғанды талдау, қиындық пен қателерді көру, себептерін анықтау, шешу жолдарын көру.
Ақпараттықжоба: Шығармашылық (креативті) ойлау
қандай да бір нысан туралы ақпарат жинауға, оның мақсаты мен талдауының пайда болуына, қорытуға және үлкен аудиторияда ұсынуға бағытталған жоба.: өнімді ойлау, тиімді шешім қабылдау, жағдайды алдын ала болжау, уақыттың өзі талап еткен жаңа идеялар, әріптестік байланысты арттыру, жаңалық ашу, басқарудың жаңа тәсілдері мен стандартты ойлау жүйесінен тыс идея ойлап табу және тағы да басқалар.
Ақпараттықжоба: Шығармашылық әлеуеті
қандай да бір нысан туралы ақпарат жинауға, оның мақсаты мен талдауының пайда болуына, қорытуға және үлкен аудиторияда ұсынуға бағытталған жоба.: өз қызметі мен мінез-құлқын сәтті инновациялық тұрғыда жүзеге асырудың субъективті шарттары болып табылатын мүмкіндіктер мен қабілеттер.
Ақпараттықжоба: Шығармашылық жоба
қандай да бір нысан туралы ақпарат жинауға, оның мақсаты мен талдауының пайда болуына, қорытуға және үлкен аудиторияда ұсынуға бағытталған жоба.: нәтижені көрсетуде көлемді еркіндікке, дәстүрлі емес әдістерге жол беріледі. Ол альманах, театрланған көрініс, спорттық ойын, бейнелеу өнері немесе декоративті қолданбалы өнер туындысы, видеофильм және т. б. болуы мүмкін.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕРІ

Мақсаты: Студенттердің география пәніне деген қызығушылығын арттыру, пәннің мазмұнын тереңдету, танымдық әрекеттерін белсендіру, өзбетінше білім алуға дайындау және рухани-адамгершілік пен жалпыадамзаттық құндылықтарға тәрбиелеу болып табылады.

Міндеттері:

  • оқу процесінің білім беру мүмкіндіктерін кеңейту;
  • студенттердің шығармашылық әлеуетін жан-жақты дамытудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру;
  • жеке және кәсіби сапаларын дамытудың басты шарты ретінде студенттерді шығармашылық процеске тарту;
  • студенттердің қабілеттері мен қызығушылықтарын зерттеу;
  • бастамашылдығы мен еркіндігін дамыту;
  • география пәнінің мазмұнын тереңдету;
  • студенттер мен оқытушы арасындағы ынтымақтастықты кеңейту;
  • студенттердің ғылыми-зерттеу қызметтеріне жағдай жасау;
  • аймақтық базалық білім берумен байланыстыру арқылы студенттерді патриотизмге тәрбиелеу;
  • құндылықтар арқылы білім беруді қалыптастыру, аймақтық мәліметтерді пайдаланудың рөлін арттыру.

Күтілетін нәтиже:

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 1 курс студенттері «География пәні бойынша студенттердің оқу жобалары» атты факультатив сабақ соңында студенттер:

біледі:

  • рефлексивті әрекетті (проблеманы көру, жасалғанды талдау, қиындық пен қателерді көру, себептерін анықтау, шешу жолдарын көру) ;
  • мақсатты ұсыну әрекетін (мақсат қою және оған жетудегі табандылық) ;
  • жоспарлау, жобалау әрекетін (өз әрекетінің жоспарын, жобасын құру) ;
  • теориялық білімдерін практикамен байланыстыруды;
  • бос уақытын тиімді, мазмұнды етуді;
  • жобаның кезеңмен жүзеге асатынын біледі.

қолдана алады:

  • модельдеу әрекетін (схема, кесте т. б. түрінде әрекет тәсілін ұсыну) ;
  • түрлі ақпарат көздерін;
  • компьютерлік бағдарламаларды;
  • білімнің өнімін қолдана алады.

меңгереді:

  • коммуникативті әрекетті (тапсырманы орындау тәсілін іздеу кезінде бастамашыл болу, сөйлеу, өз ұстанымын дәлелдеу, басқаларға пікір айтуды) .
  • проблемаларды анықтауды, бақылауды;
  • ақпараттарды жинауды, талдауды, қорытуды;
  • өз жобасына таныстырылым жасауды, ұсынуды;
  • әрекетті, уақытты, құралды жоспарлау, бағдарлау жұмыстарын жүргізуді;
  • өз әрекетін жарнамалауды;
  • білімді белгілі бір өнімге айналдыруды меңгереді.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАЗМҰНЫ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автоматтандырылған жүйелерді жобалау мен олардың сатылары туралы негізгі түсініктерді анықтау
Мектеп оқушыларын компьютерлік графикамен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру
Құрылыс объекті жобасының құрамы, технологиялық шешімдері
Ақикат кестесін құру
Оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының зерделеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі
Өндірістік практика
Өндірістік тәжірибе қорытындысы
Интернет желісінің Мультимедиа ресурстары
Қаржылық тәуекелді басқарудың әдістері
Информатика сабағында жобалау әдісін қолдану тиімділігі мен жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz