Абайдың табиғат тақырыбындағы өлеңдерін насихаттау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация
Абайды қазақ даласында өмір сүріп жатқан халқының тағдыры толғандырған. Ақын туған жерінің табиғатына деген ыстық махаббатын өзінің өлеңдері арқылы білдіреді. Сондықтан да ақынның табиғат туралы өлеңдері қайшылығы мен қиындығы толық халық өмірінің бір көрінісі іспеттес. Жұмыста ақынның табиғат жайындағы өлеңдері сөз етіледі.

В данной научной работе рассмотрена пейзажная лирика Абая Кунанбаева, которая прочно связана с нелегкой судьбой казахского народа.

The article deals with poems of Abai Kunanbaev. It gives a detailed analysis of natural lyriecs Abai Kunanbaev.

ЖОСПАР:
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1. Абай - қазақ ақыл-ойының діңгегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ. Негізгі бөлім
2. Абай табиғат жыршысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІІ. Қорытынды
3. Абай - дана, Абай дара қазақта ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ
Ғылыми жұмыстың мақсаты: Абайдың тау тұлғасына үңіле отырып, оны тереңірек танып білу. Абайдың табиғат тақырыбындағы өлеңдерін насихаттау.
Ғылыми жұмыстың өзектілігі:
Абайдың асыл мұралары қазір де өзекті, жас ұрпақты тәрбиелеуде маңызды құрал болып отыр. Ендеше, бүгінгі ұрпақ, біз үшін Абай - ұлы ұстаз, ал оның мұралары - Мәңгілік Елдің таусылмас асыл қазынасы. Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған, - деп ақынның өзі айтып кеткендей, Абай бүгін жарқын бейнесімен, жалынды жырымен, нақыл сөздерімен бізбен бірге жасасып келеді.

Абай табиғат жыршысы
Тарих қана, халық қана туатын
Алыптардың арқа тұтпас кім атын?
Ұлы арманын жырлау үшін қазаққа
Керек болды Абай сынды Ұлы ақын!
Ж. Әбдірашев
Әлемдік деңгейдегі ақындардың бірі, мәдениет, пәлсапа, музыка, ой дүниесінің алыбы, эстет, гуманист, моралист, ағартушы - демократ, шешен, заңгер, әділ би, аудармашы, қоғам қайраткері, тәрбиеші - ұстаз Абай тек бір ұлттың көлемінде ғана емес, адамзат әлеміндегі ірі құбылыс.
Қазақтың бас ақыны Ұлы Абайдың өлген күнінен қаншама алыстасақ та, оның өнерін қазақ халқы ешқашан ұмытпайды. Абайдың өзі өлгенмен сөзі өлген жоқ. Өлді деуге сыя ма айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған, - деп кемеңгердін өзі айтқандай, Абай - артына - өлмейтұғын сөз, өнеге, өсиет қалдырған. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, ғасырдан-ғасырға асып, туған халқымен бірге жасаса беретін кемеңгep.
Сырт қарағанда Абайды білмейтін қазақ жоқ секілді. Көзімізді ашқаннан Абай есімі жадымызда, бейнесі көз алдымызда. Мектепте Абайды оқып жатырмыз, қала сайын Абай атында көше бар. Абай атында қала, аудан, ғылыми институт, университет, көптеген театрлар, колледж, мектептер бар. М.Әуезовтен бастап Абай жөнінде қалам тартпаған ақын-жазушы жоқ. Абай жөнінде кино және басқа өнер шығармалары да жеткілікті. Ақын әндері күн сайын шырқалып, кітаптары қайта басылып шығып жатыр. Абай - өткен мен өз заманын салыстыра отырып, артына ұлы өсиет қалдырған хакім. "Әрбір ғалым - хакім емес, әрбір хакім - ғалым" дейді Абай. Абайдың -хакімдігі оның әр сөзінен, әр өлеңінен білінеді.
Осыдан бір жарым ғасыр бұрын Абай қазақ намыстан, ар-ұлттан, береке-бірліктен айырылды деп күңіреніп еді. Біз сол Абай айтқан намыс, ар-ождан, береке-бірлікпен қоса, тілімізден, дінімізден, қайырымдылықтан, мейірімділіктен айырылып қала жаздадық. Бүгінде халық қамын ойлайтындардан қарын қамын ойлайтындар көбейді. Елдің елдігін сақтап тұратын - намыс. Намыссыз жұрт елін де, жерін де қорғай алмайды. Көрінгеннің шылауында кетеді. Міне, Абай өле-өлгенше осыны айтып кетті.
Абай ең алдымен ел болуды, қазақтың қатардан қалмауын аңсады. Иә, Абай арманы орындалды. Тәуелсіздік алдық. Ел қатарына қосылдық. Іргелі мемлекет құрудамыз. Әлем қауымдастығына мүше болдық. Дамыған елу елдің қатарына қосыламыз деген мақсатымыз да Абай арманымен ұштасып жатыр. Бірақ, Абай айтқан келеңсіз қылықтардан қазақ арылып болған жоқ. Абай айтқан "баяғы жартас бір жартастың кебін" әлі де киіп отырған сияқтымыз. Жалқаулық, алауыздық, өсекшілдік, билікшілдік күні бүгін де бар. "Заман ақыр жастары, қосылмайды бастары", "Жаны аяулы жақсыға қосамын деп, әркім бір ит сақтап жүр ырылдатып", - деп Абай айтқан сүйекке біткен кесел әлі бойымызда жүр. Абай айтқандардың үстіне, бүгінде тіл азабы, ұлтсыздық азабы, миссионерлер мәселесі қосылды. [1]
Халқын надандық шырмауынан, бодандық бұғауынан азат етуге ниет қылған Абай адаммен де, заманмен да арпалысып бақты. Қараңғы түнді қақ жарып сәуле төкті. Шалғай ауылда, Қарауылда - Шыңғыстауда отырып-ақ бүкіл қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтады. Қазақтың жоғын жоқтай отырып, өз қазағын қатты сынады. Сынағанда жек көргендіктен емес, жаны ашығандықтан, күйінгендіктен сынады. Өз халқын сынай отырып, сүйе білді. Абай "қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мүртың, Жақсы менен жаманды айырмадың, Бірі - май, бірі - қан боп енді екі ұртың" деп күйзелді. "Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі - надандық, екіншісі - еріншектік, үшіншісі - залымдық" деп үйретті 38-ші қара сөзінде. Осының үшеуі де қазақтың басында әлі бар. Сөйтіп, ақын: [2]
Атымды адам қойған соң,
Қайтіп надан болайын?
Халқым надан болған соң,
Қайда барып оңайын? - деп андысқан елдің етекбасты әдетінен әбден шаршайды.
Кемелге келмей, ақыл тоқтатпай Абайды ұғыну мүмкін емес. Абайды оқыған сайын, көкейіңе тоқыған сайын қазақтың табиғатын аша түсесің, ой түбіне тереңдей түсесің, ел-жұртыңның тағдыры, келешегі туралы ойлана, толғана түсесің.
Табиғат көркем әдебиеттен үлкен орын алды. Абайдың да айрықша жырлағанының бірі табиғат болды. Ол табиғат аясында өсіп, оны сүйе білді.
Абайдың табиғат лирикасы - кең көлемді мол қазына. Биігі бітпес, тереңі таусылмас сырлы мұра. Абай бүкіл бір халықтың ұлттық мәдениетінің ғасырлық мерейі, әдебиетінің заңғар биігі. Абайдың Желсіз түнде жарық ай, Күз, Қыс, Жаз деген өлеңдерін оқығанда, табиғаттың әртүрлі құбылысы көзіңе елестейді. Жаратылыстың жайдары жазын, түсі суық тұманды күзін, не болмаса сақылдаған аязы мен қарлы боранын өзің көріп тұрғандай боласың.
Табиғат Абайға оның ақындық шабытына түрткі болған үлкен дүние. Ақын жаны мен табиғаттағы ұқсастық, табиғаттың жаңарып жасаруы, жаралануы ақынның ішкі сезім пернелеріне қозғау салып, сол сезімді ақын қағаз бетіне түсірді. Сылдырап аққан бұлақтан, жаз жайлаудан, тіпті қаҺарлы қыстан да сұлулық іздейді. Табиғатты жырламаған, оны өз әніне қоспаған ақын кемде-кем. Бірақ Абай салып кеткен жол, ақын жырлаған табиғат әрине өзгеше.
Абай мұралары жыл мезгіліне қарай, кісінің көңіл-күйіне, жасына қарай әр кезде әр түрлі әсер етеді, өзгеше ой салады. Сол кезде Абайдың "Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла" деген сөзі еріксіз есіне түседі.Олай дейтін себебіміз Абай табиғаттың көрінісін, жыл мерзімін, адам мінезін суреттегенде де оның тамаша көрінісін өмірмен, тіршілікпен ұштастырып, тілдестіріп, сұлулыққа өң, рух беріп отырды.
Мысалы: "Күз" деген өлеңінде Абай:
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес, бала шулай,
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айырылған ағаш-қурай.
Сидиған, көркінен айырылған ағаш-қурайды, мүсәпір, өмірінің көркі жоқ қайыршы шал- кемпірге ұқсатады. Немесе:
Қар жауса да тоңбайды бай баласы,
Үй жылы, тұтқан айналасы,
Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,
Ағып жүріп ойнатар көздің жасы -деп, күз түсіп, табиғаттың, құлпырған әсем нұры кеткен соң, ол жабырқаңқы тартып, қабағы түсіп, сүрт бұлт пен дымқыл тұман қаптап, қара суық малдың да, адамның да табиғаттың да реңін кетіреді. Сонда күз біреуге құт, біреуге жұт боп келеді. Бай жылы үйде отырып, ет жеп, қымызын ішіп, сонау күздің аяғына дейін малын семіртіп, соғымын баптай отырса, кедей күндіз қара суықта мал бағып, кешке жыртық үйде бүрсең қағып, жағуға отын, союға соғымы жоқ, қылышын сүйретіп келе жатқан қыстан шығуы зор уайым болмақ.
Ақын осылайша күзді суреттеу арқылы, адам өмірінің жабырқаңқы тартқан көңілсіз бір кезеңін шебер суреттеген. Тек оны түсініп оқып, Абайша толғана ойлау қажет. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай табиғат жыршысы
Абай Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беру туралы
Абай шығармаларын мектепте оқыту
АБАЙДЫҢ ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫН ЗЕРТТЕУ
АБАЙДЫҢ ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫНА ҚАТЫСТЫ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Абай және орыс әдеебиеті
Табиғат лирикасы. Абай поэмаларының тарихи, көркемдік негіздері
Бастауыш сыныпта Абай шығармаларын оқыту туралы
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму ерекшелігі
М.Әуезовтің Абайтану саласындағы ғылыми еңбегі
Пәндер