Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің педагогикалық негіздері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ
ГУМАНИТАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ
Педагогика және психология кафедрасы

Нұрланқызы Гүлжан

Тақырыбы:Бастауыш сынып оқушыларына балалар телебағдарламары арқылы эстетикалық тәрбие беру
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Ғылыми жетекші:
п.ғ.к Г.Р.Акманова
Студент:
Г.Нұрланқызы

Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
__________Н.К.Султанова

Семей, 2021 ж.

МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
АНЫҚТАМАЛАР
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ТАРАУ 1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің педагогикалық негіздері ... ... ..
1.2Оқушыларға сабақта және сыныптан тыс уақытта телебағдарламалар арқылы эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..
1.3Бастауыш сынып оқушыларына арналған телебағдарламаларды сабақтарда қолданудың әдіс-тәсілдері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.4Телебағдарламалар арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырудың жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ТАРАУ 2 ТЕЛЕБАҒДАРЛАМАЛАР АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕЛІК - ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...
ҚОСЫМШАЛАР

2

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

1 Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы барлық білім беру буынында сапалы ұлттық білім беруді жүзеге асыру
2 Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Халқынга Жолдауы

3

АНЫҚТАМАЛАР
Эстетикалық тәрбие дегеніміз - қоршаған дүниенің, өнердің сұлулығын баланың көру және сұлулыққа талпыну қабілетін дамыту мақсатымен оның жеке басына ықпал етуге бағытталған, жүйелі үрдіс.
Тәрбие дегеніміз - аға буынның кейінгі ұрпаққа мирас етіп табыстар озық тәжірибесі, үлгі - өнегесі, әдет - ғұрып, рухани байлығы болса, халық педагогикасы - қазақ халқының сан ғасырдан бері атадан балаға қалдырған өлмес мұра.
Бастауыш мектеп - бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезең.
Эстетикалық тәрбие - болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдауға және эстетикалық түсінікті, сезім мен талғамды тәрбиелейді. Өнерде және өмірде сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастырады.
Эстетикалық тәрбие дегеніміз - қоғамдық өмірде, еңбекте, көркем өнер құбылыстарындағы әсемдікті сезініп, мақсатты қабылдау қабілетін тәрбиелеу.




4

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ҚР - Қазақстан Республикасы

5

КІРІСПЕ
Тaқырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының бастауыш білімнің мемлекеттік стандартында бастауыш сыныптағы оқушыларға жалпы адамзаттық құндылықтар мен жеке тұлғалық қатынас негізделіп жан-жақты тәрбиелеу көзделген. Солардың бірегей-эстетикалық тәрбие беру. Халыққа білім берудің жаңа мақсатын іске асыру үшін эстетикалық тәрбиені оқушылардың бойына сіңіртуге арналған түрлі бағдарламалар жасалды.Мектеп-оқушыларға білім мен тәрбие беретін орда. Оқушы мектеп табалдырығын аттай салысымен, ойын іс-әрекетінен оқу іс-әрекетіне ауысады. Жас ұрпаққа тәрбие беруде отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығы аса маңызды. Себебі екі орда біріксе үлкен қамал құралды,сол қамалдың беріктігі олардың ынтымақтастығына байланысты. Еліміз егемендігін алғаннан бастап Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев білім беру саясатына ерекше тоқталды. Ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрлерді келесі ұрпақтарға жеткізу үшін жан-жақты білім көздері жасалды. Ең үздік білім беру стратегиялары және оқушыларды тәрбиелеуге арналған бағдарламалар мен оқулықтар жасалды.
Қазақстан Республикасының Білім беру заңында Оқушыларды жан-жақты тәрбиелеу міндеттері мен алғышарттары жасалу керек - деп көрсетілген.[4]Осы орайда, эстетикалық тәрбие дегеніміз - қоршаған дүниенің, өнердің сұлулығын баланың көру және сұлулыққа талпыну қабілетін дамыту мақсатымен оның жеке басына ықпал етуге бағытталған, жүйелі үрдіс. Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - баланың бойына эстетикалық құндылықтарды сіңіруді қажетсіну, оған деген қызығушылығын, эстетикалық талғамын дамыту, эстетикалық іскерлік пен дағдысын қалыптастыру[3]. Баланың көркемдік-эстетикалық дамуы сәтті болу үшін тәрбиеші, педагог жас ерекшелігіне сай әртүрлі ойындар, сабақтардың түрлерін қызықты, әрі танымды өткізеді. Танымдық ықпалдар эстетикалық қобалжулармен неғұрлым байланыста болса, соғұрлым нәтижесі де, әсер етуі де жақсарады.[2] Педагог балалардың қажеттіліктерін, мүмкіндіктерін, қызығушылықтарын ескере отырып, әр біреуімен жұмыс жасауы, бала тұлғасының дербестігін көркемдік шығармашылық арқылы айқындауы, баланың өзін-өзі көрсетуіне мүмкіндік береді. Балаларға жағымды жағдай жасайтын болсақ, олар көркемдік-эстетикалық түсініктерді еркін меңгереді. Осыған орай, оқушылар эстетикалық тәрбие берудің ең тиімді телебағдарламалар арқылы екені анық. Себебі қазір ХХІ ғасыр ақпарат көздерінің дамыған шағы. Түрлі ойындар және балаларға арналған түрлі қызықты мультфильмдер танымдық қабілет дамытуға арналған жаттығулар қазіргі таңда қолжетімді. Себебі оқушылардың оқу әрекетін дамытуға арналған телебағдарламалар жұмыс жасауда. Телебағдарламалардың бәрі сапалы деуге келмес әрине, соның ішінде сапалысын тауып көрсеткен тиімді.
Ата-анасының қадағалауымен телебағдарламалардың көрсеткен дұрыс. Қазіргі ғасыр саны емес сапасына қарайтын уақыт.
6
Эстетикалық тәрбиелеудің негізгі құралы ‒ өнер. Ол шындықты көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып және осылар арқылы адам сезімі мен санасына әсер етіп, оның өмірлік көзқарасын қалыптастыруға жәрдем етеді. Педагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланыста қаралады. Балалардың ақыл-ой тәрбиесін, зерттелген құбылыстар әсемдігін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес.[5] Оқушыларға эстетикалық тәрбие беретін музыка, көріністер және бала бойына басқа да тәрбиені сіңіртетін мультфильмдер көрсету баланы жан-жақты дамуына әсер етеді.Тәрбиенің бастауы отбасы болса, одан ары жетілуі қазіргі технологияларға байланысты.Қазақ халқының ертегілерін алып қарасақ.қанша мән-мағына тәрбие жатыр. Баланы жастайынан ертегіге сүйсіндіріп өсіру керек.
Тарихқа көз жіберсек, қай ғасырда да болмасын философтар, ойшылдар, педагогтар баланың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыруға ерекше назар аударған.
Әл-Фараби[4], Ж. Баласағұни[5], Ш.Уәлиханов[6], Ы. Алтынсарин[7],
А. Құнанбаев[8], А.С.Макаренко[9] еңбектеріндегі жеке тұлғаның эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру мәселелерін педагогика теориясы мен тәжірибесіндегі алтын қоры деп есептейміз.
Қазақстан ғалымдары М.Х. Балтабаев[10], С.А. Ұзақбаева[11], А.А. Қалыбекова[10], Ш.Құлманова[11], Р.Р.Жәрдемәлиева[12] өз еңбектерінде қазақ халық музыкасы, дәстүрлі көркем мәдениетін оқушылардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру мақсатында пайдалану жолдарын қарастырып, педагогикалық мүмкіндіктерін анықтап берді.
Сонымен эстетикалық тәрбие ‒ табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу. Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді. Өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды.[1] Қазіргі жағдайда біздің қоғамдық өміріміздегі қажетті мәселелердің бірі баланың эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу. Ол әдемілікті сезіп және оның заңдарын түсініп қана қоймай, осы заңдар бойынша өзін қоршаған айналаға өзгеріс жасауы қажет. Өмірге кіріккен эстетика (еңбек, табиғат эстетикасы, адамдар қатынасы және жай-жағдай эстетикасы) адамды сүйсіндіреді. Адам белсенді түрде өмірдегі әдемілікке, көркемдікке өз үлесін қосып, оны көріксіздіктен, ұсқынсыздықтан қорғауы қажет.[6]
Балаларды эстетикалық белсенділікке тәрбиелей отырып, оларды өздігінен ілтипатты оқырман, қайырымды көрермен, сезімтал тындаушы болуға баулу керек. Балалар әдебиетті оқуға, кинофильмді, теледидарды, спектакльді көруге, музыканы тындауға өте ынталы болады. Әртүрлі әдеби, музыкалық шығармалардағы іс-әрекеттің оқиға желісін дұрыс түсіну үшін балаларды көп ізденуге үйрету, бағыт беру ұстаздардың басты міндеті.
Зерттеудің нысаны: бастауыш сынып оқушыларына телебағдарламалар арқылы эстетикалық тәрбие берудің жолдары .
7
Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің ерекшеліктері.
Диплом жұмысының мақсаты:бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің әртүрлі әдістерін қарастырып,соның ішінде телебағдарламалар арқылы бала бойына эстетикалық тәрбие беру жолдарын теориялық тұрғыдан негіздеп,оны тәжірбиеге енгізудің тиімді әдіс-тәсілдерін ұсыну.
Диплом жұмысының міндеті:
- Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің теориялық негіздер ;
- Бастауыш сынып оқушыларына телебағдарламалар арқылы эстетикалық тәрбие беру ;
- Қажетті материалдарды іріктеп алу;.
Зерттеу әдістері: педагогикалық, психологиялық, бастауыш әдістемелік, әлеуметтік әдебиеттерге тақырып бойынша теориялық талдау жасау; бастауыш педагогикасы мен әдістемесі, бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық жұмыстарына талдау; педагогикалық тәжірибелерді жинақтап қорыту.
Зерттеу негізі: Егер,бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беруде телебағдарламалардың тиімді жолдарын ұйымдастырса,онда бастауыш сынып оқушыларының танымдық,эстетикалық қызығушылығын арттыруға мүмкіндіктері артады.
Дипломдық жұмысының құрылымы мен көлемі: Диплом кіріспеден, екі бөлімнен, бірінші бөлім төрт бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

8

ТАРАУ 1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің педагогикалық негіздері
Ғылыми әдебиеттерді алып қарастырсақ эстетика эстетикалық деген сөздерге түрлі анықтамалар берілген.Эстетика ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлт мәдениетінің жеке тұлғаның дамуына тигізер әсері
Қазақтың ұлттық өнер құралдары арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Оқушыларға экологиялық тәрбие беру
Оқу пәндері арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің маңызы
Бейнелеу өнері арқылы бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беру
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері
Ұлтық тәрбиені қазіргі мектептердегі эстетикалық тәрбиеде пайдалану маңыздылығы
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негіздері
Пәндер