Коммерциялық ұйымдардың құқықтық нысандары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
СУЛЕЙМАН
ДЕМИРЕЛЬ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ
мекемесі

Құқық және ӘГҒ факультеті

Учреждение
УНИВЕРСИТЕТ
ИМЕНИ СУЛЕЙМАНА ДЕМИРЕЛЯ

Факультет Права и СГН

040900, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Абылай хан көшесі, 11
тел.: +7727 307-95-60,
факс: 307-95-58

040900, Алматинская область, Карасайский район, г.Каскелен, ул.Абылай хана, 11
тел.: +7 727 307-95-60,
факс: 307-95-58

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Заңды тұлғалардың түрлері, ұйымдық-құқықтық нысандары, корпорациялар (холдингтер), еншілес және бас компания туралы түсінік.

Пəн: Коорпоративтік құқық
Топ: Құқықтану 3С
Орындаған: Орынов Ануарбек
Куспанов Думан
Кайров Жасулан

Тексерген: Аскар Исаев

Алматы қ 2020

Заңды тұлғ

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Заңды тұлға түсінігі және олардың белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... 4

2. Заңды тұлғалардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

2.1. Коммерциялық заңды тұлға ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..6

2.2. Коммерциялық емес ұйым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

3. Корпорациялар (холдингтер), еншілес және бас компания туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 8
Пайдаланған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

Кіріспе
Біздің курстық жұмысымыздың тақырыбы "Заңды тұлғалардың түрлері ұйымдық-құқықтық нысандары, корпорациялар (холдингтер), еншілес және бас компания туралы " Біз курстық жұмысымызда мына сұрақтарды қарастыратын боламыз.
* Ең алдымен заңды тұлға түсінігі туралы?
* оның түрлері туралы.
* корпорациялар туралы
* еншілес және бас компания туралы
Осы тақырыпты алу мақсатында біз көптеген мәліметтер жинадық.
Бұл тақырып өзекті болып табылады, өйткені қазіргі қоғам өмірін адамдарды топтарға, кәсіподақтардың барлық түріне біріктірмей, олардың жеке күш-жігері мен капиталын белгілі бір мақсаттарға жету үшін біріктірмей елестету қиын.
Заңды тұлғалардың түрлері дегеніміз - бұл заңды тұлғалардың бүкіл жүйесінің бөлімшелері - қоғамның экономикалық, әлеуметтік және рухани өмірінің жағдайы мен бағыттарын, азаматтардың азаматтық-құқықтық субъектілігі бар әр түрлі бірлестіктерге қатысуын көрсететін ұйымдардың негізгі топтары.
Заңды тұлғалар екі үлкен топқа жіктеледі: коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар.
Коммерциялық ұйымға:
* -Жеке кәсіпкерлік.
* -Шаруашылық серіктестік.
* -Өндірістік кооператив.
* -Акционерлік қоғам.
Коммерциялық емес ұйымға:
-Мемлекеттік кәсіпорын
-Мекеме: 1. мемлекеттік
2. жеке меншік
-Қоғамдық бірлестік.
-Діни бірлестік
- Қор.
- Тұтыну кооперативі
- Акционерлік қоғам,-жатады:

1. Заңды тұлға түсінігі және олардың белгілері

Заңды тұлғаның құрылтайшылары (оның қатысушылары) заңды тұлғаны мүліктік қатынастар субъектісі ретінде өзінен бөліп шығару үшін құрады. Қазақстан Республикасының әрекет етуші Азаматтық кодексінің 1-бабына сәйкес азаматтық қүқықтық-қатынастардың субъектісі болып жеке тұлға, мемлекет, әкімшілік-аумақтық бөліністер және заңды тұлғалар табылады.
Заңды тұлғаға құықтық анықтаманы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіні 33-бабы береді: меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтаррға ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта жауапкер және талапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп аталады. Заңды тұлғаның дербес баланасы мен сметасы болуы тиіс (АК. 33б). Жоғарыда көрсетілген анықтамадан бізде Қазақстан Республикасында кез-келген ұйым заңды тұлға бола бермейтіндігін көруге болады.
Азаматтық кодекстің 41-бабына сейкес заңды тұлға өз қызметін, егер заң құжаттарында өзгеше айтылмаса, жарғы, не құрылтай шарты мен жарғысы негізінде жүзеге асырады. Заң құжаттарында көрсетілген реттерде коммерциялық ұйым болып табылмайтын заңды тұлғаларға осы түрдегі ұйымдар туралы жалпы ереже негізінде жұмыс істей алады. Шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен типтік жарғы негізінде жүзеге асыра алуға мүмкіндігі бар. Бұл жерде заңды тұлғаның жарғысы мен оның құрылтай шарты оның мүшелерінің әрекет ету мінез-құлық ережелері ретінде түсініге болады. Құрылтай шартында оның құрылтайшылары заңды тұлға құруға міндеттенеді, оны құру жөнінде бірлескен қызмет тәртібін, оның мүлікіне өз меншігін беру және оның қызметіне қатысу ережелерін белгілейді, бұл жерден заңды тұлғанын ұйымдасқан бірлігін көре аламыз. Жарғы кәсіпорын құрылтайшыларымен бекітіледі, ал құрылтай шарты құрылтайшылары арасында жасалады.
мекемелерден және қазыналық кәсіпорындардан басқа заңды тұлғалар өз міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүліпен жауап береді.
Заңды тұлғаның органдарының түрі, тағайындалу тәртібі немесе сайлау тәртібі және олардың өкілеттіктері заңдар мен құрылтай шарттарында көрсетіледі. Мысалы, Азаматтық кодекстің 60-бабына сәйкес шаруашылық серіктестіктің жоғарғы органы болып оның қатысушыларының жалпы жиналысы (өкілдер жиналысы) табылады. Серіктестің алқалы органы ретінде:
1. басқарма (дирекция);
2. бақылаушы орган;
3. заң актілеріне немесе шаруашылық серіктестіктің қатысушыларының жалпы жыналысының шешімінде көзделген жағдайларда басқа да органдар құрылуы мүмкін.

2. Заңды тұлғалар түрлері

Азаматтық кодекс нормалары бойынша заңды тұлғалардың түрлерін жіктеу келесі негіздер бойынша жүзеге асырылады:
* құрылтайшылардың заңды тұлға мен оның мүлкіне қатысты құқықтары;
* заңды тұлға қызметі әрекетіне;
* заңды тұлға мүлкі негізделген мүлік нысанына байланысты.
Енді осы белгілерге түсінік беріп кетейік.
Заңды тұлғаның оқшауланған мүлкіне қатысты құрылтайшылар міндеттемелік немесе заттық құқықтарға ие болады. Мүлкіне өз қатысушылары міндеттемелік құықтарын сақтап қалатынзаңды тұлғаларға шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғам мен кооперативтерді жатқызуға болады. Мүлкіне өз құрылтайшылары менші құқығын немесе өзге де заттық құқықтарын сақтап қалатын заңды тұлғаларға сонымен қоса шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе оралымды басқару құқығындағы мүлкі бар ұйымдар да жатады. Бұларға қазыналық, мемлекеттік ұйымдар жатады. Ал өз құрылтайшылары мүліктік құқықтарын сақтамайтын заңды тұлғаларға қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар және діни бірлестіктер жатады.
АК-нің 70-бабының 1-тармағына сәйкес егер толық серіктестік таратылған жағдайда оның барлық борыштарын өтеу үшін нақтылы мүлік жетіспейтін болса, серіктестік үшін жеттіспейтін бөлігін оған қатысушылар ортақ жауапкершілікті өздерінің заң құжаттарына сәйкес ақы өндіріліп алынатын барлық мүлкімен өз мойнына алады. Шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Қазақстан Республикасы немесе жергілікті-аумақтықбөлініс қазыналық кәсіп орын міндеттемелері бойынша жәрдем беру жауаптылығын өз мойнына алады.
АК-тің 109-бабының 10-тармағына сәйкесдіни бірлестіктерге қатысушылардың осы ұйымға өздері берген мүліке, соның ішінде мүшелік жарналарға құықтары сақталмайды. Олар діни бірлестің міндеттемелері бойынша, ал діни бірлестік өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Міне осылайша заңды тұлғалардыңқұрылтайшыларының ұйым мүлкіне қатысты құқықтарын ситаттауға болады.
Қызмет әрекеттеріне байланысты заңды тұлғалар өте үлкен екі топқа бөлеінеді:
коммерциялық ұйым;
коммерциялық емес ұйым.
Бұл екі түрге заңды тұлғаларды жіктеу жайлы Азаматтық кодекстің 34-бабында айтылған
Ұйым коммрциялық заңды тұлға болып табылады, егер өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысты келтіруді көздейтін және сол абысты қатысушылар арасында үлестіретін болса. Ал керісінше бұл мақсатты көздемейін заңды тұлғалар коммерциялық емес ұйым болып табылады. Заңда көрсетілген жағдайларда коммерциялық емес заңды тұлғаны ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша коммерциялық ұйым ретінде де құруға болады, мысалы, биржалық қор, зейнетақы қорлары акционерлік қоғам ретінде құрылуы мүмкін. Яғни коммерциялық ұйымнан коммерциялық емес ұйымды айырудың негізгі критерийі табылған пайданы өз қатысушылары арасында бөлу болып табылады. Яғни заңды тұлға табылған таза табысты құрылтайшылары арасында бөлуге құқықылы болса оны коммерциялық ұйымға жатқызуға болады, әйтпесе ол - коммерциялық ұйым болып табылмайды.
Сол уақытта коммерциялық емес ұйымдар көбінесе басқару жүргізу, әлеуметтік-мәдени және басқа да коммерциялық емес сипаттағы өзге де әрекеттерді жүзеге асыру үшін құрылады. Сонымен қоса коммерциялық емес ұйымдар жарғыларында көрсетілген жағдайларда кәсіпкерлік қызметпен айналысуы мүмкін, яғни ол пайда табады. Осы ерекшеліктердің бәрін ескере отырып коммерциялық емес ұйымдарға келесідей анықтама беруге болады, коммерциялық емес ұйым - басқару, әлеуметтік-мәдени және басқа да коммерциялық емес сипаттағы функцияларды жүзеге асыру үшін құрылған, пайда табуды, және ол пайданы қатысушылары арасында бөлуді мақсат етпейтін заңды тұлға.
Коммерциялық ұйымдар акционерлік қоғам, шаруашылық серіктестік, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын нысандарында құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйымдарға мекемелер, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық қорлар, қоғамдық бірлестіктер, діни бірлестіктер, тұтыну кооперативтер, ассоцияция түрінде құрылған заңды тұлғалар бірлетіктері жатады. Кей жағдайларда заңды тұлға болу үшін арнайы бір нысанға сай болу керек. Мысалға коммерциялық ұйым емес юолып табылатын және мемлекеттік бюджет есебінен ғана ұсталатын заңды тұлға тек мемлекеттік мекеме нысанында құрылады.
Коммерцилық ұйымдар өздерінің кәсіпкерлік қызметін үйлестіру, сондай-ақ жалпы мүліктік мүдделерін білдіру мен қорғау мақсатында өзара коммерциялық ұйымдармен бірлескен шарт негізінде қауымдастық одақ нысанындағы бірлестіктер құра алады. Оған кірген заңды тұлғалар өз тәуелсіздіктерін толық мәнде сақтайды.

2.1. Коммерциялық заңды тұлға

Коммерциялық заңды тұлға дегенімізді Ғ.Төлеуғалиев мырза өз оқулығында пайда табуды көздейтін ұйым десек қателеспейміз деп жазған. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 34 бабының 2 тармағында Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкінделінген. Аталған коммерциялық ұйымдардың қызметі өз құзіретіне қатысты заңнамамен және Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің ережелерімен реттеледі. Мысалы: акционерлік қоғам ҚР Акционерлік қоғам туралы заңымен, шаруашылық серіктестіктер ҚР Президентінің Шаруашылық серіктестіктер туралы заң күші бар жарлығымен реттеледі т.б. Коммерциялық ұйымның құрылу қайта құрылу және таратылуы жалпы заңды тұлға ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Коммерциялық ұйымның басқару органдары , құрылтай құжаттары, атауы, тұрған жері филиалдары мен өкілдіктері болады.
Коммерциялық ұйымдардың құқықтық нысандары.
Коммерциялық ұйым - бұл кіріс көзін көздейтін және кірген кірісті қатысушылар арасында бөлетін заңды тұлғана айтамыз.
Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес кәсіпкерліктің келесі нысандары бар:
1) Жеке кәсіпкерлік.
2) Шаруашылық серіктестіктер.
3) Өндірістік кооператив.
4) Акционерлік қоғам.
Жеке кәсіпкерліктегі басқа коммерциялық ұйым нысандары заңды тұлға болып табылады. Коммерциялық ұйым нысандары жалпы активтерінің көлеміне және жұмыс істейтін адамдардың санына қарай 3 топқа бөлінеді:
1-ші топ - шағын кәсіпкерлік субъектілері деп аталады. Оған активтерінің жалпы құны 60000 айлық есептік көрсеткіштен және жалпы жұмысшылар саны 50-ден аспайтын ұйымдар жатады. Бір айлық есептік көрсеткіш 971 теңге тең. Осы топтың ішіне микробизнес субъектілері де кіреді. Микробизнес субъектілері деп - жұмысшыларының жылдық орташа саны 10 адамнан аспайтын коммерциялық ұйымдарды айтады.
2-ші топ - орта кәсіпкерлік субъектілері. Бұл топқа активтерінің жалпы құны 235000 айлық есептік көрсеткіші және жұмысшылар саны 250-ден сапайтын коммерциялық ұйым кіреді.
3-ші топ - ірі бизнес субъектілері деп аталады. Бұл топқа активтерінің жалпы құны 325000 айлық есептік көрсеткіші және жұмысшылар саны 250-ден асатын коммерциялық ұйымды жатқызамыз.
Енді осы коммерциялық ұйым нысандарын жеке-жеке қарасақ. Қазіргі таңда кәсіпкер әрбір нысанның ұтымды және тәуекелді жақтарын жақсы білу тиіс. Коммерциялық ұйым нысандарын дұрыс таңдай білу келешектегі бизнессінің өокендеуіне әсер ететіні даусыз, ал оны дұрыс таңдай алмау көптеген ыңғайсыздықтарға және материалдық шығындарға, ақырыс жабылуына немесе таратылуына әкеп соғады.

1. Акционерлiк қоғам

Акционерлiк қоғам дегенiмiз өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға. Акционерлiк қоғамның жарғылық капиталы сол қоғам мүшелерiнiң салым үлесiнен құралады. Ол үлес акция түрiнде болады. Акционерлiк қоғамның әрбiр мүшесiнiң жарғылық капиталдағы үлес мөлшерi акция санымен анықталады. Акционер болып сол акцияны ұстаушы тұлға таныладлады. Акционер акционерлiк қоғамның мiндеттерi бойынша жауап бермейдi, бiрақ өздерiне тиесiлi акциялар құны көлемiнде қоғамның қызметiне байланысты болатын залалдар үшiн зиян шегуге тәуекел етедi. Акционерлiк қоғамның мүлкi, яғни заңды тұлғалардың дербес жеке мүлкi болып саналады. Акционерлiк қоғамның құрылтайшылары жеке тұлғалар және заңды тұлғалар болуы мүмкiн. Акционерлiк қоғамның құрылтайшылары акционерлiк қоғамды құру барысында өздерi бөлiп берген мүлiкке меншiк құқығын емес, тек мiндеттемелiк құқығын сақтайды. Акционерлiк қоғамның қызметi арнайы "Акционерлiк қоғам туралы" заңмен реттеледi (10.06.98ж. өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлген). Сондай-ақ азаматтық кодекстiң нормаларымен да қолданылады. Акционерлiк қоғамның барлық акциялары атаулы болуға тиiс.
Нормативтiк жинақтаушы зейнетақы қорларының акционерлерi аталған қорлардың мiндеттемелерi бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда белгiленген тәртiппен ережеге сәйкес ортақтасып жауап бередi.
Акционерлiк қоғамдар коммерциялық заңды тұлға болып табылады. Алайда заңда белгiленген реттерде коммерциялық емес болып табылатын акционерлiк қоғамның құрылуы мүмкiн. Мыс: қор биржалары, зейнетақы қорлары же т.б. Коммерциялық емес акционерлiк қоғамдар таза табысты қатысушылары арасында бөлiске сала алмайды. Оны тек осы ұйымның қажетiне же дамуына жұмсауға мiндеттi. Акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттары болып құрылтай шарты мен жарғы табылады. Егер акционерлiк қоғамды бiр ғана қатысушы құрса, онда оның құрылтай құжаты тек жарғы болады. Акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттары нотариалды түрде куәландырылады. Құрылтай шартын акционерлiк қоғамды құрушылар, яғни құрылтайшылар жасайды. Құрылтай шартында акционерлiк қоғам құрылтайшыларының құқықтары мен мiндеттерi көрсетiледi. Жарғы осы заңды тұлғалардың құқықтық мәртебесiн айқындап, әрекет мақсатын белгiлейдi. Акционерлiк қоғамның жарғысын акционерлiк қоғамның құрылтайшыларының жиналысы бекiтедi. Кез-келген мүдделi тарап нсе кез-келген акционер жарғының көшiрмесiн алуға құқылы нсе онымен таныса алады. Әрбiр акционердiң құқықтары акцияларымен расталады.
Акционер мына құқықтарға ие:
1. Дивидент алуға, яғни таза пайданың бiр бөлiгiн алуға;
2. Акционерлiк құқықтарды басқаруға қатысуға;
3. Акционерлiк қоғам таратылған жағдайларда таратылғаннан кейiн қалған мулiктiң бiр бөлiгiн алуға құқылы;
4. Акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттарында, заңда көзделген өзге де құқықтарға ие.
Акционерлiк қоғам артықшылығы бар же жай акциялар шығаруға, сондай-ақ құрылтай құжаттарында көзделген ретте алтын акция шығаруға құқылы.
Акционерлiк қоғам өздерi шығарған акцияларды 3 түрлi тәсiлмен орналастырады:
1. Жабық тәсiл бойынша акция тек алдын-ала белгiленген тұлғаларға ғана таратылады.
2. Жеке тәсiл бойынша акциялар тек кәсiби инвесторларға ғана таратылады.
3. Ашық тәсiл бойынша акция кез-келген тұлғаға аукцион нсе еркiн сауда арқылы сатылады.

2. Шаруашылық серiктестiктерi

Жарғылық капиталы құрылтайшылардың(қатысушылардың) үлесiне(салымына) бөлiнген коммерциялық ұйым шаруашылық серiктестiгi болады. Осы салымшылардың үлесi негiзiнде же шаруашылық серiктестiгiнiң қызметi нәтижесiнде өндiрiлген, пайда болған мүлiктер шаруашылық серiктестiгiнiң жеке мүлкi болып табылады. Құрылтайшылар шаруашылық серiктестiктi құру барысында өздерi бөлiп берген мүлiкке тек мiндеттемелiк құқықтарын ғана сақтап қалады.
Шаруашылық серiктестiктерi мына нысанда құрылады:
1. Толық серiктестiк
2. Сенiм серiктестiгi
3. Қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк
4. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк

Шаруашылық серiктестiгiнiң қатысушылары жеке тұлғалар, заңды тұлғалар нсе мемлекет бола алады. Тек заңды тұлғалар ғана толық серiктестiгiнiң мүшесi же сенiм серiктестiгiнiң толық серiгi бола алмайды. Яғни олар тек жеке тұлғалар болуы тиiс. Егер заңмен тыйым салынбаса, шаруашылық серiктестiгiн басқа бiр шаруашылық серiктестiгi құра алады. Шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай құжаты болып оның құрылтай құжаты(шарты) мен жарғысы табылады. Егер шаруашылық серiктестiкте бiр ғана адам тұрса, оған құрылтай шарты жасалмайды. Ол қызметiн жарғы негiзiнде жүзеге асырады. Шарушылық серiктестiгiнiң құрылтай құжаттары нотариалдық куәландырудан өтедi. Шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай шартында әрбiр қатысушының жарғылық қордағы үлесiнiң мөлшерi, салым салудың тәртiбi мен мерзiмi же тағы да сол сияқты ақпараттар көрсетiледi. Егер құрылтай шартының ережесi жарғыға қайшы келсе, онда құрылтай шартының ережесi қолданылады. Жартылық капиталға салым ретiнде ақша, ой еңбегiнiң нәтижесi, бағалы қағаздар, заттар мен мүлiктер же мүлiктiк құқықтарды салуға болады. Жарғылық капиталға салынған барлық мүлiк ақшамен бағаланады. Егер мүлiктiң құнын айқындау мүмкiн болмаса, нсе оның құны 20 айлық есеп көрсеткiштен артық болса, оның құнын тәуелсiз эксперт бағалайды. Жеке мүлiктiк емес игiлiктер(атақ-абыройы, iскерлiк бедел же т.б) жарғылық капиталға салым ретiнде қабылданбайды. Шаруашылық серiктестiгiнiң қатысушысы өзiнiң жарғылық қордағы үлесiн сатуға, кепiлге беруге нсе сенiмгерлiкпен басқаруға құқылы.
Шаруашылық серiктестiгiнiң ең жоғарғы органы болып қатысушылардың нсе олардың өкiлдерiнiң жалпы жиналысы табылады. Шаруашылық серiктестiгiнде күнделiктi басқаруды жүзеге асыратын атқару органы құрылады. Ол органдар жеке дара нсе алқалық болуы мүмкiн, сонымен бiрге басқару органына шаруашылық серiктестiкке қатысушы болып табылмайтын тұлғаның да тағайындалуы мүмкiн. Құрылтай шартында нсе заңда көзделген ретте өзге де органдардың құрылуы көзделедi. Шаруашылық серiктестiгiнiң акция құқығы жоқ.
Шаруашылық серiктестiгiне қатысушылардың негiзгi құықтары:
1) Серiктестiктi басқаруға құқылы;
2) Тапқан таза табысты бөлiсуге құқылы;
3) Шаруашылық серiктестiгiнiң қызметiне байланысты кез-келген ақпаратты алуға болады;
4) Шаруашылық серiктестiгi таратылғанда, таратылғаннан кейiн қалған мүлiктiң бiр бөлiгiн алуға құқылы;

3. Толық серiктестiктер

Толық серiктестiктiң мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда қатысушылары серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен ортақ жауапкершiлiкте болатын серiктестiк толық серiктестiк деп танылады.
Толық серiктестiк құрылтай шартының негiзiнде құрылады же оның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi 25 айлық есеп көрсеткiштен кем болмауы керек. Толық серiктестiгiнiң шаруашылық серiктестiктерiнiң басқа түрiнен ең басты ерекшелiгi толық серiктестiгiнiң қатысушылары серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша ортақ же шексiз жауапты болады. Толық серiктестiгiнiң несие берушiлерi серiктестiкке қатысушы кез-келген тұлғаға мiндеттеменi орындау туралы талапты қоюға құқылы. Толық серiктестiк мiндеттемесi бойынша серiктестiкке қатысушылардың бiрi ретiнде мiндеттеменi өтейтiн болса, сол мiндеттеменi орындаған қатысушы серiктестiктiң басқа қатысушыларына регресстiк талап(керi талап) қоя алады. Толық серiктестiктiң ең жоғарғы органы болып қатысушылардың жалпы жиналысы табылады. Толық серiктестiк қатысушылардың саны 2 адамнан кем болмауы тиiс. Толық серiктестiкке қатысушы болып, тек жеке тұлға танылады. Егер қатысушылардың саны 2-ден кем болатын болса, толық серiктестiк таратылады нсе қайта құрылады. Толық серiктестiк атқару органы болады. Егер құрылтай құжаттарында өзгеше белгiленбесе, толық серiктестiк әрбiр қатысушысы бiр дауысқа ие. Құрылтай құжаттарында көзделген жағдайларда қатысушылардың дауысы жарғылық капиталға салынған салым үлесiнiң көлемiне байланысты болуы мүмкiн. Шешiм қабылдау басым көпшiлiк бойынша жүзеге асырылады. Толық серiктестiк қатысушылары серiктестiктен кез--келген уақытта шығуға құқылы(шығатыны туралы 6 ай бұрын ескертiп барып). Толық серiкде тапқан табыс қатысушылар арасында өздерiнiң үлестерiне сай бөлiске түседi. Жеткiлiктi негiздер болған жағдайда толық серiктестiк мүшесi серiктестiктен ерiксiз түрде шығарылуы мүмкiн. Мыс: толық серiктестiк мүшесi серiктестiктiң мүддесiне қайшы келетiн әрекеттер жасағаны дәлелденсе;
Толық серiктестiкке жаңа қатысушыларды қабылдау, барлық қатысушылардың келiсiмi бойынша жүзеге асырылады. Жаңа қатысушы толық серiктестiк қабылданғаннан кейiн оның құрылтай құжаттарына төмендегiдей өзгерiстер ендiрiлдi:
1. Жарғылық капиталдың мөлшерiнiң өзгеруi туралы
2. Қатысушылардың жарғылық капиталдағы үлес мөлшерi туралы
3. Толық серiктестiктi басқару тәртiбi туралы ережеге өзгерiстер ендiрiледi.

Сенiм серiктестiгiнде қатысушылардың 2 түрi болады:
1. Толық серiктер - сенiм серiктестiгiнiң мiндеттемелерi бойынша қосымша жауап бередi. Толық серiктер болып тек қана жеке тұлғалар танылады же олар бiр ғана серiктестiкке толық серiк болып қатыса алады. Сенiм серiктерiн тек толық серiктер басқарады. Толық серiктердiң құқықтық жағдайы толық серiктестiгiндегi толық серiктердiң құықтық жағдайымен бiрдей. Сондықтан да оларға толық серiктерге қатысты нормалар қолданылады.(шаруашылық серiктестiгi туралы Президенттiң жарлығының 10-25 баптары).
2. Салымшылар(командистер) - болып кез-келген тұлғалар қатысады. Салымшылар сенiм серiктестiктерiн басқаруға қатыспайды же басқаруға қатысты шығарған шешiмiн даулай алмайды. Салымшылар сенiм серiктестiгiнiң мiндеттемелерi бойынша жарғылық қорға салған өздерiнiң салымы көлемiнде ғана жауап бередi. Салымшылардың жарғылық қордағы салым үлестерi 50%-тен аспауы керек. Салымшылар толық серiктер сияқты. Серiктердiң қызметi нәтижесiнде табылған таза пайданы өздерiнiң салымшыларының мөлшерiнде бөлiске салады. (егер құрылтай шартында ерекше белгiленбесе) Сенiм серiктестiгiнiң жарғылық капиталының ең төменгi айлық көрсеткiшi 10 айлық есеп көрсеткiштен кем болмауы керек. Субъектiлерi үшiн 50 айлық есеп көрсеткiш. Салымшылар жарғылық капиталдағы өз үлесiн басқа бiреуге толық серiктердiң келiсiмiн алып қана бере алады. Егер серiктестiк таратылған жағдайда құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, таратылудан кейiн қалған мүлiктiң бiр бөлiгiн өздерiнiң салымдары шегiнде алуға құылы. Сенiм серiктестiгi шаруашылық серiктестiгiнiң практика жүзiнде ең аз тараған түрiне жатады. Сенiм серiктестiгi өзiнiң фирмалық атауынан кейiн оның сенiм серiктестiгi екендiгi көрсетiледi. Сенiм серiктестiгi банкрот болғанда таратылады же егер құрамында бiр ғана толық серiк нсе бiр ғана салымшы қалған жағдайда. Сенiм серiктестiгi қайта құрылу барысында толық серiктестiкке нсе өндiрiстiк кооперативiне өте алады. Сенiм серiктестiгiнiң құрылтай құжаты болып құрылтай шарты табылады.

4. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк

Бiр нсе бiрнеше адам құрған жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгiленген мөлшерде үлеске бөлiнген серiктестiк жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк болып табылады. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылар оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер
ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІКТЕР
Коммерциялық кәсіпорындардың қаржысы
Корпоративтік қаржылар
Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы
Шаруашылық жүргізүші субъектілердің негізгі ұйымдық - құықтық нысандары
Коммерциялық емес ұйымдардағы қаржылық менеджмент ерекшелігі
Шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржысының мазмұны
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы туралы түсінік
Коммерциялық емес ұйымдардың жалпы түсінігі жəне қызметінің ұйымдастырудың теориялық негіздері
Пәндер