СОЛТҮСТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАН


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
География және табиғатты пайдалану факультеті
География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Мaмaндық бойынша «6В05205-География»
ТАҚЫРЫБЫ: СОЛТҮСТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАН
Орындаған: 2 курс студені Амангелді Е. Е.
Ғылыми жетекшісі: Мылкайдаров А. Т.
Алматы, 2021
Кіріспе
Қазақстан, жер аумағының кеңдігіне және табиғи ресурстарының молдығына, табиғат жағдайларының әр түрлілігі мен әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктеріне қарай 5 ірі Экономикалық Ауданға (Батыс, Солтүстік, Орталық, Шығыс, Оңтүстік) бөлінген. .
Жоғарыда аталған аудандар ішінде Солтүстік Қазақстан еліміздің қиыр солтүстігінде Есіл, Тобыл және Обаған өзендерінің бассейндерінде, шығыс бөлігі Ертіс өзенінің орта ағысында орналасқан. Ауданның құрамына Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстары кіреді. Аумағы - 600, 9 мың шаршы шақырым. Халқы - 4, 6 млн адам. Солтүстік Қазақстан аумағының көлемі жөнінен Батыс және Оңтүстік Қазақстан аудандарынан кейін үшінші орын алып, оған еліміз аумағының 22% келіп, ауданы Украина жер көлеміндей.
Солтүстік Қазақстанның экономикалық - географиялық жағдайы салыстырмалы түрде қолайлы, республиканың шеткі және Ресеймен шекаралас ауданы. Біріншіден, Ресейдің Орал және Батыс Сібір экономикалық аудандарымен шектеседі. Екіншіден, аумағы арқылы ірі темір жол магистраль өтеді. . Бұл жолдар Солтүстік Қазақстанды Орталық Қазақстан және Орал, Кузбасс аудандарымен байланыстырып, сонымен бірге Ресейдің Европалық, Азиялық бөліктері және Оңтүстік Қазақстан ауданына шығуына мүмкіндік береді.
Аудан аумағы арқылы Ұлы Сібір, Орта Сібір, Оңтүстік Сібір және Қазақстанаралық Трансқазақстан темір жолы магистралдары өтеді. Бұл жолдар Солтүстік Қазақстанды Орталық Қазақстан және Орал, Кузбасс аудандарымен байланыстырып, сонымен бірге Ресейдің Европалық, Азиялық бөліктері және Оңтүстік Қазақстан ауданына шығуына мүмкіндік береді.
Солтүстік Қазақстан еліміздің ең басты астық шаруашылықты және етті - сүтті мал шаруашылықты ауданы. Қазіргі нарықтық экономикаға көшудің қиындық жағдайындағы мал санының азаюы, өнімнің төмендеу кезеңінде де Солтүстік Қазақстан елімізде дәнді дақылдардың егіс көлемі, әсіресе жаздық бидай, мүйізді ірі қара және шошқа майы, мал майы және ет т. б. тамақ өнімдері жөнінен жетекші орын алады.
Агроөнеркәсіп кешенімен бірге Солтүстік Қазақстанда темір рудасын, боксит, көмір, асбест, алтын т. б. кендер өндіру және байыту, оларды өндеу барысында ферроқорытпа, аллюминий балқытумен байланысты металлургия өнеркәсібі едәуір дамыған аудан.
Қазақтар көптеген ғасырлар бойы Солтүстік Қазақстанның ұлан - байтақ аумағын жазғы мал жайылымы ретінде пайдаланып келді. Сарыарқаның, Есіл мен Құлынды даласының бай, әрі шырынды өсімдіктер жамылғысы жеткілікті су көзімен ұштаса отырып мал шаруашылығына қолайлы болып келді. Қысқы мал жайылымы ретінде Торғай аңғары, Теңіз - Қорғалжын көлдер ауданы, тіпті бетпақдала арқылы сарысу және Шу өзендері бойы пайдаланылды.
XVIII ғасырдың аяғында бұл жерге сібір қазақтарының және әсіресе XIXғ. аяғымен XXғ. басында орыс - украин шаруалары көшіп келуден кейін егіншілік дами бастады. Қазан революциясы қарсаңында дәнді дақылдар егісі кең аумақты қамтыған және дамыған етті - сүтті мал шаруашылықты аудан болды. Астық мол жиналған қолайлы жылдары, оның басым бөлігі Ұлы Сібір темір жолы арқылы Ресейдің ішкі базарларына шығарылды. Ал ішкі аудандарда астық жергілікті қажеттілікке пайдаланылып, кейде Ақмола, Атбасар, Баянауыл т. б. жәрмеңкелерінде сатылды.
Солтүстік Қазақстанда революцияға дейін жеткілікті өнеркәсіп болмай, одан тек ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдейтін кәсіпорындар ғана жұмыс істеді. Екібастұзда көмір, Степняк пен Жетіқара аудандарында алтын, Ертіс маңындағы көлдерде тұз өндіріліп, Павлодар мен Петропавлде жөндеу - механикалық шеберханалары жұмыс істеді. Революцияға дейін Солтүстік Қазақстан аграрлы бағытта ғана дамыған аудан болды.
Аудан өнеркәсібінде тамақ және жеңіл өнеркәсіп жетекші орын алады. Оның ішінде әсіресе тамақ өнеркәсібінің маңызы зор. Ет тамақ өнеркәсібінің маңызды, ежелгі саласының бірі болып, ет комбинаттары облыс орталықтары, Екібастұз, Рудный, Жетіқарада орналасқан. Аудан ет, ет консервісін, шұжық, тамақтық майы, т. б. өнімдер береді. Оның ішінде ең ірісі петропавл ет комбинаты.
Сүт және май шайқау маңызы жөнінен ет өнеркәсібінен кейін екінші орнында. Ол сары май, ірімшік, брынза, құрғақ сүт т. б. сүт өнімдерін шығарады. Оның ірілі - ұсақты кәсіпорындары мол болып, соның бірі Павлодар сүт - консерві зауыты, құрғақ сүт өнімінде шығарады.
Солтүстік Қазақстанда ауыр өнеркәсіптің әр түрлі пайдалы қазба өндіретін тау - кен өнеркәсібі елеулі орын алады. Қостанай темір рудасы бассейнінде соколов - Сарыбай, Лисаков, Қашар кен - байыту комбинаттары жұмыс істеп, темір рудасын баыта отырып, оның концентратын шығарып, онымен Қарағанда және Орталық, Оңтүстік оралдың қара металлургиялық комбинаттарын қамтамасыз етеді.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Солтүстік Қазақстанның географиялық - экономикалық жағдайына жалпы сипаттама беру. Солтүстік Қазақстанның аудандарын бөліп қарастыру және оған мәлімет жасау.
Жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, және негізгі мәселелелерді қамтитын VI тараудан тұратын, біріншісі - экономикалық - географиялық жағдайына, екіншісі - табиғат жағдайы мен байлықтарына сипаттама беру, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, қосымшалар мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралады.
Жұмыстың теориялық негізі: Бұл жұмысымда Е. А Ахметов пен Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік география оқулығы мен Ұлттық энциклопедия кітабын негізге ала отырып, қолдандым.
1 СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАНЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА СИПАТТАМА
Солтүстік Қазақстан еліміздің қиыр солтүстігінде Есіл, Тобыл және Обаған өзендерінің бассейндерінде, шығыс бөлігі Ертіс өзенінің орта ағысында орналасқан.
Солтүстік Қазақстан - батыста Орал сырты үстіртінен, шығысында Ертіс маңы жазығына дейін, солтүстігінде Солтүстік қазақ жазығынан оңтүстіктегі Сарыарқаның ұсақ шоқылы қырқаларына дейін созылып жатқан өңір.
Құрамына Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстары жатады. Аумағында Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы орналасқан. Аумағы - 600, 9 мың шаршы шақырым. Халқы - 4, 6 млн адам. Солтүстік Қазақстан аумағының көлемі жөнінен Батыс және Оңтүстік Қазақстан аудандарынан кейін үшінші орын алып, оған еліміз аумағының 22% келіп, ауданы Украина жер көлеміндей. Ірі қалаларына - Павлодар, Петропавл, Қостанай, Екібастұз, Көкшетау жатады.
Солтүстік Қазақстан қолайлы экономикалық - географиялық жағдайда орналасқан. Солтүстік Қазақстан солтүстігінде Ресейдің Орал, Батыс Сібір аудандарымен шектеседі.
Аудан аумағы арқылы Ұлы Сібір, Орта Сібір, Оңтүстік Сібір және Қазақстанаралық Трансқазақстан темір жолы магистралдары өтеді. Бұл жолдар Солтүстік Қазақстанды Орталық Қазақстан және Орал, Кузбасс аудандарымен байланыстырып, сонымен бірге Ресейдің Европалық, Азиялық бөліктері және Оңтүстік Қазақстан ауданына шығуына мүмкіндік береді.
Ертіс өзені арқылы түсті металлургиялы Кенді Алтай, Ресейдің мұнай - газды Батыс Сібір ауданымен байланыса алады. Ресейдің өнеркәсіпті аудандарымен көршілестігі Солтүстік Қазақстанда тау - кен, энергетика шаруашылықтарының дамуына елеулі әсері болады.
Солтүстік Қазақстан еліміздің ең басты астық шаруашылықты және етті - сүтті мал шаруашылықты ауданы. Қазіргі нарықтық экономикаға көшудің қиындық жағдайындағы мал санының азаюы, өнімнің төмендеу кезеңінде де Солтүстік Қазақстан елімізде дәнді дақылдардың егіс көлемі, әсіресе жаздық бидай, мүйізді ірі қара және шошқа майы, мал майы және ет т. б. тамақ өнімдері жөнінен жетекші орын алады.
Агроөнеркәсіп кешенімен бірге Солтүстік Қазақстанда темір рудасын, боксит, көмір, асбест, алтын т. б. кендер өндіру және байыту, оларды өндеу барысында ферроқорытпа, аллюминий балқытумен байланысты металлургия өнеркәсібі едәуір дамыған аудан.
Ал енді ауданның экономикасына келетін болсақ Үстіміздегі жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші - 18, 5 пайызға, инвестициялар көлемі - 10, 7, өнеркәсіп өндірісі - 5, 2, ауыл шаруашылығы өнімін шығару көлемі 2, 6 пайызға ұлғайды.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі есепті кезең ішінде 144, 2 миллиард теңгені құрады. Шаруашылық жүргізетін субъектілердің меншікті қаражаты негізгі капиталға салынған инвестицияларды қаржыландырудың басым көзі (62, 5 пайыз) болып табылды. Оның көлемі 90 миллиард теңгеден асты. Негізгі капиталға салынған инвестицияларды игеру бойынша басымдылық танытқан салалар - ауыл, орман және балық шаруашылықтары - 41, 9 пайыз, өнеркәсіп 21, 5 пайызға тең.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 461, 1 миллиард теңгені құрады. Тірідей өткізілген мал мен құстың барлық түрлерінің жалпы салмағы 76, 3 мың тонна болды. 492, 5 мың тонна сиыр сүті сауылып, 579, 2 миллион дана тауық жұмыртқасы алынды. Сүт пен кілегей өндірісі - 30, 5 пайызға, ірімшік және сүзбе - 21, 4, ал сарымай өндірісі 20, 6 пайызға ұлғайды.
Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарында (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндірістер, үй шаруашылықтары секторын қоса алғанда) 180 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Өнеркәсіптік өндіріс құрылымының 70, 4 пайызын алатын өңдеу өнеркәсіптерінде 126, 8 миллиард теңгенің өнімі шығарылды.
Машина жасау көлемі - 2, 2 есе, жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1, 5 есе өсті. Мұнай өнеркәсібіне арналған жабдықтар - 1, 9 есе, ерлерге арналған жұмыс киімін шығару - 48 пайызға, бетоннан жасалған құрылыстық мақсаттағы бұйымдар шыға ру - 39, 4 пайызға, асүй жиһазын жасау көлемі 27, 5 пайызға өсті.
Барлық меншік нысанындағы құрылыс-монтаждау ұйымдары өз күштерімен 50 миллиард теңгенің мердігерлік жұмыстарын орындады.
Аталған мерзім ішінде 426 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды. Оның 388-і - тұрғын үй. Кәсіпорындар мен жекелей тұрғындар өңір аумағында жалпы ауданы 100 137 шаршы метр болатын тұрғын үй құрылысын аяқтады. Тұрғын үй құрылысының бір шаршы метріне кеткен орташа нақты шығын - 85, 1 мың теңге (өткен жылдың қаңтар-қазан айларында 66, 4 мың теңге болған) .
Бөлшек сауда көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңінен 11 пайызға артқан, яғни 171 миллиард теңгені құрап отыр. Саудамен айналысатын кәсіпорындар 726 миллиард теңгенің, жеке кәсіпкерлер 985 миллиард теңгенің тауарын өткізді. Көтерме сауда көлемі 227, 5 миллиард теңгені құрады.
Үстіміздегі жылдың қаңтар-қыркүйек айларында қызметкерлердің орташа айлық жалақысы өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 7, 3 пайызға өсіп, 101 814 теңгеге жетті. Соның ішінде ірі және орта кәсіпорындардағы еңбекақы өсімі 9, 8 пайызды құрады, яғни 109 416 теңге болып отыр. Жалақының ең жоғары мөлшері кен өндіру және ашық кендерді қазу кәсіпорындарында (235 890 теңге), қаржы және сақтандыру мекемелерінде (179 731 теңге), көлік саласында (165 321 теңге), ақпарат және байланыс саласында (140 703 теңге) тіркелді.
Қазан айында жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі 23 693 теңгеге жетті, бұл өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 20, 2 пайызға көп. Азық-түлік қоржынының құны 14 216 теңгені құрады.
Тұтыну бағаларының индексі былтырғы жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 105, 8 пайызға өскен. Азық-түлік тауарларының бағасы - 4 пайызға, азық-түлік емес тауарлардың бағасы - 6, 4 пайызға, ақылы қызметтердің бағасы 7, 5 пайызға өсті.
Азық-түлік бағасына тоқталсақ, жұмыртқа бағасы - 4, 9 пайызға, алкогольді ішімдіктер мен темекі өнімдері - 1, 5, майлар мен тоңмайлар - 1, ет және еттен жасалған өнімдер - 0, 7 пайызға, ал сүт өнімдерінікі 0, 6 пайызға көтерілгені байқалған. Қант - 7, 6 пайызға, жармалар - 4, 3, жеміс пен көкөністер 0, 1 пайызға арзандаған.
Жуу, тазалау құралдарының бағасы - 2, 5 пайызға, үй тұрмысына қажетті заттар мен тұрмыстық техника - 1, 1, аяқкиім мен оның жекелеген түрлерінің және фармацевтикалық өнімдердің бағасы 0, 8 пайызға артқан.
Бензин - 7, 7, дизель отыны - 6, 8, қатты отын 4, 6 пайызға қымбаттап, темір жол жолаушылар көлігімен, жол жүру бағасы 1, 2 пайызға көтерілді.
2 . СОЛТҮСТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАННЫҢ ТАБИҒАТ ЖАҒДАЙЛАРЫ МЕН БАЙЛЫҚТАРЫ
Ауданның жер бедері негізінен жазық. Оңың солтүстік және шығыс бөлігін Солтүстік қазақ жазығы алып жатыр. Бұл далалы жазықтықта табақша тәрізді ойпаңдар және олармен алмасып келетін қырқалар көптеп кездеседі. Олардың көпшілігінде тұщы және тұзды көлдер орналасқан. Құрғақшылық жылдары олардың кейбіреулері құрғап қалады. Ауданның солтүстігі мен батысына орта биіктігі 100 - 120 метр Батыс Сібір ойпатының оңтүстік сілемдері еніп, бұл негізінде тегіс жазықты жыртуға қолайлы болып келеді. Еліміздің шығыс және оңтүстік Қазақстан аудандарындағыдай мұнда биік тау жүйелері болмағандықтан жер бедері Батыс Қазақстан сияқты жазық. Міне, сондықтанда Солтүстік Қазақстанның табиғат жағдайы Батыс Сібірдің табиғатына ұқсас, барлық жерінде біркелкілеу болып келеді. Кей жерлерінде ойлы - қырлы тұщы және ащы көлдер орналасқан ойыстарда кездеседі. Ауданның шығысында Құлынды даласы, ал оңтүстігінде Қазақтың ұсақ шоқысы - Сарыарқа созылып жатыр.
Солтүстік Қазақстанның климаты шұғыл континентальды, еліміздің басқа аудандарымен салыстырғанда жазы қоңыр салқын, қысы суық. Қыста аудан климатына қатаң солтүстік мұзды мұхиттың арктикалық, ал жазда Орта Азия мен Иранның ыстық тропикалық ауа массалары әсер етеді. Соған қарамастан температура жағдайлары дәнді, дәнді бұршақ тұқымдас және көкөніс бақша дақылдарының пісіп жетілуіне жеткілікті. Оған солтүстік аудандарындағы 160, ал оңтүстігіндегі 167 өсіп- өну кезеңі мүмкіндік береді.
Аудан аумағының көп бөлігінде жылына 350 - 400мм жауын - шашын түсіп, оның басымы жылдың жылы мезгілдеріне келеді де, ол суарылмайтын егіншілікті дамытуға мүмкіндік береді. Ал ауданның оңтүстігінде жауын - шашын мөлшері 150 - 200 мм-ге төмендеп, өзен аңғарларында ғана суарылмайтын, қалған жерлерінде егіншілік тек суармалы жағдайда ғана дами алады.
Солтүстік Қазақстан аумағы орманды дала, дала және шөлейт зоналарында орналасқан. Орманды дала ені 150-250 шақырым болып, ауданның солтүстік жиегін алып, бұған құрамындағы қара шірігі 10% шалғынды - қара топырақты Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарының солтүстігі жатады.
Ал дала зонасы солтүстігінде нағыз қара, ал оңтүстігінде оңтүстік қара топырақты Солтүстік Қазақстанның басым бөлігін алып жатыр. Мұндағы қара шіріктің үлесі 6-8% Дала зонасының оңтүстігі құрғақ далаға ауысып, қошқыл - каштан топырақ басым болып, әр жерінде мор, сортаңды жерлер кездеседі. Орманды дала, дала зоналары суарусыз тәлімі егіншіліктің дамыту мүмкін болып, бұл зона негізінде көктемгі және мал жайылымы ретінде пайдаланады. Сонымен ауданның топырақ - өсімдік зонасының сипаты егіншілікті кең көлемде дамытуға қолайлы. Аумағының басым бөлігін қара топырақты орманды дала және дала зонасы алып жатыр, ол толық жыртылып егіншілікке игерілген.
Жыл бойында Солтүстік Қазақстан аумағында оңтүстік - батыс, оңтүстік аңызақ жерлері басым болып жазда ауа мен топырақты құрғатып, ал қыста қарды ұшырып әкетіп «қара боран» туғызады. Мұндай табиғат жағдайларының зиянды әрекетін бәсендету және болдырмау үшін ауданда егіс қорғау алқаптары отырғызылып, топыраққа ылғал жинау мақсатында қар тоқтатылады, жайылым мен шабындықтар суландырылады.
Жер ресурсы - ауданның өте маңызды табиғи байлығы. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер көлемі 50млн га, соның 24 млн га жыртылған жер, 26 млн га мал жайылымы, шалғындық және шабындық жерлер. Бірақ соңғы жылдары нарықтық экономикаға көшудің қиындықтарымен байланысты ұзақ жылдардан бері қалыптасқан жыртылған егістік жерлер толық пайдаланылмай, оның көлемі жылдан жылға азаюда. Соның салдарынан ауыл шаруашылығы өнім көлемі де төмендеуде.
Оңтүстікке және оңтүстік-шығысқа қарай Солтүстік қазақ жазығы біртіндеп биіктеп, Көкшетау қаласының оңтүстігінде әсемдігімен "Қазақстан Швейцариясы" деген теңеуге ие болған көркем қыратпен (Көкшетау қыраты) алмасады. Онша биік емес, бірақ құзды-жарлы, қырқалы және қарағайлы-қайыңды ормандармен көмкерілге тау жоталары ғажайып суретке ұқсайды.
Тауаралық ойыстардағы көлдер және олардың жағаларындағы әр түрлі пішіндегі дөңбек тастар мен шың-құздар ерекше ғажайып көріністер береді. Ауданның батысында Торғай үстірті созылып жатыр, ал солтүстігінде төбелі, көтеріңкі жонды жазықтар және тайыз көлді ойпаңдар, оңтүстігінде теп-тегіс қыраттар кездеседі. Торғай үстіртін солтүстіктен оңтүстікке қарай ені 20-75 км, табаны тегіс болып келетін Торғай қолаты кесіп өтеді
Солтүстік Қазақстан аумағы жер бедерінің жазық болып келуіне қарамастан пайдалы қазбаға бай. Ауданның солтүстік - батысында Қостанай темір рудасы, оның маңында Жітіқара асбест, Торғай қоңыр көмір басейні, ал оңтүстігінде Арқалық боксит кен орныдары бар. Көмір - Екібастұз, Майкүбі, Обаған алаптарында, темір кені шикізатының 83%-ы Қостанай мен Лисаков алаптарында шоғырланған.
Ауданда Қазақстандағы ірі алтын кен орындарына Василков, Жолымбет, Бестөбе, Ақбейіт (Ақмола облысы), Майқайың (Павлодар облысы) жатады. Боксит - Амангелді мен Қызыл Октябрь кен орындарында, мыс - Бозшакөлде, асбест - Жітіқарада, ас тұзы - Коряков, Тобылжан, Қалқаман кенінде, Солтүстік Қазақстан облысында Обухов титан кен орны зерттелініп, игеруге дайындауда.
Солтүстік Қазақстанның барлық жерінде құрылыс материалдары кездеседі - тас, саз, кварц құмы, отқа төзімді саз, әктас (Керегетас) . Солтүстік Қазақстан сонымен бірге жер ресурсына бай аймақтың бірі. Жалпы жер ресурсының 90%-ы ауыл шаруашылығына қолайлы жерге жатса, оның 61%-ы жайылым; 37%-ы егіншілікке пайдаланылады. Табиғат жағдайынын, қолайлылығы аумағының барлық жерінде егіншілікпен және мал шаруашылығымен шұғылдануға мүмкіншілік береді.
Павлодар облысында Екібастұз тас көмір, Майкүбі қоңыр көмір, Бозшакөл мыс, Коряковск, Таволжан, Қалқаманда ас тұзы кездеседі. Солтүстік Қазақстанның әр жерінде, Жітіқара (Қостанай), Майқайын (Павлодар), Жолымбет, Ақбейіт, Степняк, Васильков, Бестөбеде (Ақмола) алтын кені кездеседі.
Аудан аумағында известняк, шыны құмы, отқа төзімді маз т. б. құрылыс материалдары бар.
Климаттың құрғақтығы, жазық жер бедерінің басымдығы Солтүстік Қазақстан аумағында су байлығының таралу ерекшелігін анықтап, өзен жүйесінің нашар дамып, ал көлдердің мол болуына мүмкіндік береді. Ертіс өзені, оның тек Есіл, Тобыл сияқты сол жақ салалары ғана мұхитқа құяды. Ал қармен қоректенетін Торғай, Сілеті, Шідерті, Шағалалы сияқты ұсақ өзендері ағынсыз көлдерге құяды. Олардың ағыны біркелкі болмай, кеме қатынасы, су электр стансалары салуға қолайсыз болып негізінде шабындық пен жайылымдарды лимандап (жайып жіберу) суаруға пайдаланылады.
Су ресурстарына жеткілікті аймақ. Аудан аймағында көлдер мен көптеген өзендер кездеседі. Ауданда бірнеше су қоймалары салынған. Оның ішінде ең ірілері Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасы (Есіл өзені, ауданы 117 км²) және Қостанай облысындағы жоғарғы Тобыл су қоймасы (Тобыл өзені, ауданы 87, 4 км²) . Аудандағы табиғаттың керікті жерлеріне Шортанды-Бурабай курорттық зонасы Қорғалжын және Наурызым қорықтары, Баянауыл және Көкшетау ұлттық саябақтары жатады. Табиғатының осындай әсем жерлерінде рекреациялық ресурс түрінде пайдалану үшін демалыс үйлері, санаторий, туристік базалар жұмыс істеп, туристердің сұранысына ие болып отыр.
3 ӘКІМШІЛІК БӨЛІНІСІ
Солтүстік Қазақстан негізінен 14 ауданға бөлінеді. Ал енді сол аудандарды көрсетіп, ол ауданның географиялық орны, халқы мен экономикасына жеке-жек тоқталып кететін болсам:
- Айыртау ауданы
- Ақжар ауданы
- Аққайың ауданы
- Мағжан Жұмабаев ауданы
- Есiл ауданы
- Жамбыл ауданы
- Қызылжар ауданы
- Мамлют ауданы
- Ғабит Мүсірепов ауданы
- Тайынша ауданы
- Тимирязев ауданы
- Уәлиханов ауданы
- Шал ақын ауданы
- Петропавл қ.
1. Айыртау ауданы - Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысындағы әкімшілік аудан. 1928 жылы құрылған.
Ауданның аумағы 9, 6 мың шаршы километр. Аудан орталығы - Саумалкөл ауылы. Аудан батысында Ғабит Мүсірепов және Шал ақын аудандарымен, солтүстiгiнде - Есiл ауданымен, шығысында Ақмола облысымен шектесiп жатыр.
Аудан тұрғындары негізінен егіншілікпен, мал өсірумен айналысады. Ауыл шаруашылығына пайдаланатын жер көлемі 735, 5 мың га, оның ішінде егістік жері 437, 1 мың, шабындығы 13, 4 мың, жайылымы 285, 0 мың. Орманды алқап 142, 0 мың га, 29, 9 мың га жерді өзен-көл алып жатыр. Саумалкөл ауылы арқылы Қостанай - Көкшетау - Қарасу темір жолы өтеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz