Орманды отырғызу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Күні: 22.02.2021 ж
Тобы: 2 ОЗ-4 тобы
Сабақтың тақырыбы: Екпелердің орман алқабын өсірудегі маңызы .
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Студенттерге жоғарғы сатыдағы тұқымды өсімдіктерінің және орман ағаштарының ерекшеліктері туралы білім беру.
2. Дамытушылық: Студенттердің танымдық, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Сабақ барысында жаңа технологияларды пайдалана отырып тез әрекет жасауға, тез ойлауға, нақты жауап беруге баулу.
3. Тәрбиелік: студенттерге эстетикалық тәрбие бере отырып, болашақтағы өз мамандықтарына деген жауапкершіліктерін арттыру және өз кәсібіне деген қызығушылқтарын ояту, қазақтың салт дәстүрлерін насихаттау
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ жауап, жарыс сабағы, АКТ мүмкіндіктерін пайдалану, СТО стратегияларын қолдану.
Көрнекіліктер: Екпе көшеттерінің суреттері, қылқан жапырақты ағаштардың тұқымы ( кәдімгі қарағай, бал қарағай) слайд, бейне материал.
Пәнаралық байланыс: биология, экология
Әдебиеттер Б.В. Гроздов технология лесовыращивани ,20012 год
А.Н. Громцев Подготовка лесных семян 2009 год
В.Ф.Абаимов Дендрология 2009 год
Т.А.Соколова Декоративное растениеводство и древоводство 2012год
Е.Г.Мозолевская Лесная эктология 2011 год
П.Л. Богданов Дендрология 2003 год
А.И. Колесиков Декоративная дендрология 2006 год
Б.В. Гроздов Дендрология 2012 год

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру 1-2 мин
II. Үй тапсырмасын сұрау -15 мин
ІІI. Жаңа сабақ 15 мин
IV. Жаңа сабақты бекіту 5 мин
V. Сабақты қорытындылау 2-3 мин
VI. Білімдерін бағалау 2-3 мин
VII. Үйге тапсырма беру 1-2 мин
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіздер ме, балалар? Студенттерді түгендеу.
II. Балалар үйге қандай тапсырма берілді Орман ағаштарының топтасуы.
1.Үйге берілген тапсырма бойынша Жауабын тап ойынын ойнату
Бұл кезеңнің шарты бойынша студенттер қойылған сұрақтарға байланысты әр түрлі балдағы сұрақтар жасырылған ұяшықтарды таңдайды. Егер сол сұраққа жауап берсе, ұпай саны болып есептеледі.
Студенттердің қызығушылықтарын ояту.
III. Жаңа сабақ (жаңа тақырыпқа байланысты ой қозғау)
Жаңа сабақ мақсаты: Екпелердің орманды қайта қалпына келтіруге және орман мәдениетін құрудағы алатын ролі .
Сұрақ-жауап:
1. Отырғызудың жақсы мерзімі - ерте көктем. Бұл кезеңде топырақта ылғал
жеткілікті болып, жаңа тамырлардың өсуі басталады. Жылы кезең ақырындап
басталып, өсімдіктің физиологиялық жағдайы жақсарады.
Орман алқабына екпелерді қай мезгілде отырғызу басталады?

2. Тұқым арқылы орман ағаштарын ажырата аламызба?
Иа, формасы жане типі арқылы

3. Қылқан жапырақты ағаштар қандай тұқымдыларға жатады?
Карагай тукымдыларга жатады
4. Қылқан жапырақты ағаштарының тұқымының ерекшелігі қандай?
Тукымы бурдин ишинде орналаскан

Жаңа сабақтың жоспары: 15 мин
1. Тұқым себу арқылы екпе ормандарды құру
2. Орман ағаштарын отырғызу
3. Орман ағаштарын отырғызу тәсілдері

1. Тұқым себу арқылы екпе ормандарды құру. Екпелерді тұқым себу арқылы
құру тиімді әрі жұмысы аз, питомник құруды қажет етпейді, жас екпелердің
ауыстырылып отырғызылатын тамыр жүйесі болмағандықтан механикалық
зақымданбайды. Бірақ екпелерді себу әдісі арқылы табысты өсіру бірнеше
факторларға байланысты болады:
:: тұқымның шығу тегі мен сапасына;
:: топырақ дайындау сапасына;
:: экологиялық факторлардың бар болуы мен маңызына;
:: агротехникалық күтімнің жиілігі мен мұқият жүргізілуіне.
Өскіндер пайда болғаннан кейін, ылғал, жылу мен ауадан басқа, жас
өсімдіктің өсуіне шартты түрде жарық пен топырақтағы қоректік заттар қажет.
Қарағай,шырша және балқарағайдың жас өскіндеріне күн көзінің толық түсуі
қауіпті болғандықтан, олар көлеңкелеуді қажет етеді.
Қазақстанда екпелерді себу арқылы құру ірі тұқымды ағаш түрлеріне
(емен, жаңғақ) жүргізіледі, сонымен бірге пістелер, тамыр жүйесі ауыстырып
отырғызуды көтермейтін ағаштар жатады. Емен мен грек жаңғағында кіндік
тамыр жүйесі жақсы дамыған. Сондықтан, олардың
екпелерін себу арқылы құру олардың биологиясына сәйкес келеді. Отырғызу
кезінде тамыр жүйесін кесу кіндік тамыр жүйесінің қалыптасу тенденциясын
бұзады.
Шөлді жерлерде сексеуіл екпелері себу арқылы құрылады, үсіктерден
қорғау үшін тұқымдар 5см дейінгі әр түрлі тереңдікте көміледі, бірақ
отырғызу жұмысы да жақсы нәтиже береді. Бұл үлкен көлемді екпе орман
жұмысын қажет етіп, қатаң қуаңшылық жағдайында ауыл шаруашылық
техникаларымен нашар қамтамасыз етілген орман шаруашылығы мекемелеріне
сексеуіл сеппелерін отырғызу қиынға тиеді.
Әуеден сексеуіл тұқымдарын себу кезінде 5-7кг тұқымды аумағы 300 га
кем емес учаскеге сеуіп, ұшу жолағының арақашықтығы 20-24 м болып алынады.
Тұқымдарды көму жүргізілмейді.
2. Орманды отырғызу. Екпе ормандарды құруды отырғызу әдісі арқылы
жүргізу себумен салыстырғанда, көп жағдайда сенімді әрі экономикалық
жағынан өзін ақтайды. Отырғызудың артықшылығы сол, екпе орман отырғызылатын
аумаққа жас өсімдіктер егіліп, тамыр жүйесі аз зақымдалып, топырақ
қабатына терең отырғызылады.
Екпеледі өсірудің отырғызу әдісі барлық орман өсетін аймақтарда жақсы
нәтиже береді. Қазақстан жағдайында отырғызу әдісімен екпелерді құру барлық
ағаш және бұта түрлеріне жүргізіліп, пісте, грек жаңғағы мен кәдімгі емен
ағаштарын да қамтиды.
Екпелерді құру кезінде әр түрлі көшет материалдары қолданылады, бірақ
негізгі түр ретінде екпе орман өндірісінде сеппелер көп қолданылады:
самырсын, май қарағай, шыршаның - 3-4-жылдықтары; қарағай, балқарағайдың -
2-жылдықтары; жапырақты ағаштардың - 1-2-жылдықтары.
Отырғызудың жақсы мерзімі - ерте көктем. Бұл кезеңде топырақта ылғал
жеткілікті болып, жаңа тамырлардың өсуі басталады. Жылы кезең ақырындап
басталып, өсімдіктің физиологиялық жағдайы жақсарады.
Күзде қылқанды ағаш түрлерін отырғызу жоғарғы бүршіктері
жинақталғанда, ал жапырақты ағаш түрлерін жапырағы сарғайған соң
отырғызады.
Сеппелер мен тікпелерді топыраққа отырғызу тереңдігін белгілеу үшін
егілетін ағаш түрінің ерекшелігін білу керек. Мысалы, қарағай, емен, өрік
ағаштары терең отырғызуды жеңіл көтереді, ал самырсын, шырша, майқарағай,
қайың, алма, алмұрт ағаштарына қиын тиеді.
Емен, жаңғақ, сексеуілді себу арқылы ормансыз алаңдарда екпе құрған
кезде, олардың жақсы өсуін қамтамасыз ету үшін тиімді шара ретінде табиғи
екпе ағаштардан алынған топырақ микорезін енгізу болып табылады.
3. Отырғызу тәсілдері. Отырғызудың негізгі екі тәсілі қолданылады -
қолмен және механикаландырылған. Қолмен отырғызу тәсілі топырақты
жарым-жартылай алаңшалап өңдегенде Колесов семсері арқылы тамырды
қысу, күрекпен, Розанов бұрғысы арқылы жүргізіледі.
Қазіргі кезде екпе орман өндірісінде көбіне механикаландырылған
отырғызу қолданылады. Бұл үшін орман отырғызу машиналары қолданылады.

IV.Жаңа сабақты бекіту. 5 мин
Веен диограмма әдісі, кластер арқылы

V.Қорытындылау. 2-3 мин Рефлексия
VI.Білімдерін бағалау. 2-3 мин
VII. Үйге тапсырма беру. 1-2 мин
oo Үйге: Екпелердің орман алқабын өсірудегі маңызы .
oo Кітапханамен жұмыс .
oo Қолданылатын әдебиеттер:
oo Б.В. Гроздов (технология лесовыращивания), 2012год. А.Н. Громцев 2009 год (Подготовка лесных семян)

4. Орман тұқымдарын сақтау тәртібі
20. Егістік мақсаттағы арналған орман тұқымдары арнайы қоймаларда (тұқым қоймаларында), ал олар болмаған кезде - осыған лайықталған құрғақ үй-жайларда осы Қағидалардың 5-қосымшасында көрсетілген ағаштар мен бұталардың алуан түрлерінің бүрлерін, жемістерін және тұқымдарын жинау, өңдеу және сақтау ерекшеліктеріне сәйкес сақталады.
21. Орман тұқымдарын сақтайтын үй-жайлар ауа сору-тарту желдеткіштерімен, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы мен температурасын тіркеуге арналған приборлармен жабдықталады. Бұл ретте үй-жай ішіндегі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 70%-дан аспауға тиіс. Үй-жай орман тұқымдарын сақтайтын қажетті ыдыспен және үлгілер сұрыптауға арналған құрал-сайманмен қамтамасыз етіледі.
22. Орман тұқымдарын цемент, асфальт, тас немесе жер едендерде ашық күйінде сақтауға, сондай-ақ тұқымды қант, тұз және химиялық препараттар салынған ыдыстарда сақтауға болмайды.
23. Қоймаларда орман тұқымдарын сақтауға қатысы жоқ бөтен заттарды, материалдарды және мүкәммалды сақтауға болмайды.
5. Орман тұқымдарын пайдалану тәртібі
24. Орман тұқымдарын пайдалану ормандарды молықтыру мен орман өсіру кезінде орман тұқымдарын пайдаланудың географиялық және экологиялық аймағын (пайдалану шекарасын) регламенттейтін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 19 наурыздағы № 25-02-02110 "Орман тұқымдарын аудандастыруын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7581 тіркелген) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орман қорларын қалпына келтірудің негізгі жолдын басқару ісі
Бұрын орман өспеген аумақта орман өсіру
Орман екпелерінің жағдайын бағалау
Жалпы питомник туралы түсінік
Орман және өсімдіктер дүниесін оптимальды түрде молайту жұмыстары
Экологиялық құқық. Орман ресурстары
Орман кәсіпорнының орман өсімдіктері жағдайының және аумағының қысқаша мінездемесі
Шырша ормандарының көрінісі
Орман ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану
Ақмола облысының кейбір орман шаруашылықтарының экологиялық жағдайы
Пәндер